Ұдайы өндірістік тұжырымдамасын жақтаушылар
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. ҚАРЖЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ ... ... ... ... ...5
1.1Қаржылардың қалыптасуы мен дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Қаржылардың нысандарының сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ҚАРЖЫЛАРДЫҢ АТҚАРАТЫН РӨЛІ ... ... ... .11
2.1 Қаржылардың функциялары ... ... 15
2.2 ҚАРЖЫНЫҢ БАСҚА ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРМЕН ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ ... ... ... 17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ...21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... .25

Қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сан алуан өзара байланыстар ақша арқылы қауышып, жүзеге асып жатады. Сонымен бірге ақша тауарлар айналысынан бөлектеніп, біршама өз алдына қозғалыс жасайды. Осы қозғалыстың нәтижесінде, біріншіден, мемлекеттің, кәсіпорындардың, фирмалардың және халықтың ақша қорлары құрылады, екіншіден, ақша айналысының өзі түзіледі. Экономикалық қатынастардың айрықша нысаны ретіндегі қаржы ұғымы осы ақша қорларының қозғалысымен тікелей байланысты және ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлу процесінде пайда болатын экономикалық қатынастардың кең көлемін қамтиды.Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіре отырып, экономикалық категория ретінде көрінеді. Құн категориясының жүйесінде (ақша, баға, несие, пайда, жалақы т.б.) тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен ұдайы өндірістегі өзгешелік рөлімен сипатталады.
Қаржы ұғымы мемлекетпен бірге бір уақытта қоғамның таптарға жіктелу кезінде, мемлекеттің дамуы мен оның ресурстарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты жүйелі тауар- ақша айырбасы жағдайында пайда болып, дамыды. Қаржы аталымы тұңғыш рет «ақшалай төлем» мағынасымен ХІІ-XV ғасырларда Италияда кең қолданылды. Кейін ол халықаралық дәрежеде таралып кетті және ақша қатынастары жүйесімен, мемлекет өзінің әлеуметтік-экономикалық функцияларын орындауға жұмылдырылатын ақша ресурстарын жасаумен байланысты ұғым ретінде қолданыла бастады. Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайындағы қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын ақша тасқынын бейнелеп көрсетеді.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарының қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.Экономикалық өмірде қоғамның сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушының қаражаттарының қозғалысы түрінде бейнеленеді. Құбылыстарда бұл құбылыстар нақты ақшамен немесе нақты ақшасыз есеп айырысу түрінде көрінеді. Алайда ақшаның кез-келген қозғалысы қаржы операциясына жата бермейді, өйткені ақша түрлі экономикалық категориялардың-бағаның, еңбекке ақы төлеудің, қаржының, несиенің көмегімен болатын қоғамдық өнімнің барлық құнының қозғалысын қауыштырады.

1.«Қаржы,ақша айналысы, несие» Смағұлов Р.О., Медиханова Қ.Ә,Тусаева Ә.Қ. Алматы 2008ж.
2.«Ақша, несие,банктер» С.М.Биханұлы. Алматы 2006 ж.
3.«Қаржы» С. Құлпыбаев Алматы 2007 ж.
4.“Қаржы нарығын жəне қаржылық ұйымдарды мелекеттік реттеу жəне қадағалау туралы” тұжырымдама. 2010ж
5.Дюсембаев К.Ш.,Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қар-жылық жағдайын талдау, А., Экономика. 2009ж
6.Ілиясов Қ., Құлпыбаева С. "Қаржы" 2005 ж.
7.Елемесов Қ. "Экономиканы мемлекеттік реттеу" Алматы “Дәнекер” 2006 ж.
8. Қазақстан Республикасының Экономикасы, — Алматы: 2010 ж. .
9.Қазақстан Респудликасының Бюджет кодексі Алматы: 2004 ж.
10.Құлпыбаев С. Қаржы теориясы , Оқу құрал – Алматы: 2011ж.
11.Зйнельгабдин А.Б.Қаржы – қаражат, Алматы: 2007 ж.
12.Илиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы негіздері – Алматы, 2005ж
13.Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007
14.“Қаржылық теория негіздері” - Алматы: 2014ж.
15.АС. Булатова. “Қаржы принціптері” - Алматы 2007ж.

МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. ҚАРЖЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ ... ... ... ... ...5
1.1Қаржылардың қалыптасуы мен
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 7
1.2 Қаржылардың нысандарының
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ҚАРЖЫЛАРДЫҢ АТҚАРАТЫН
РӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 11
2.1 Қаржылардың
функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2 ҚАРЖЫНЫҢ БАСҚА ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРМЕН ӨЗАРА
БАЙЛАНЫСЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
КІРІСПЕ
Қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сан алуан өзара байланыстар
ақша арқылы қауышып, жүзеге асып жатады. Сонымен бірге ақша тауарлар
айналысынан бөлектеніп, біршама өз алдына қозғалыс жасайды. Осы қозғалыстың
нәтижесінде, біріншіден, мемлекеттің, кәсіпорындардың, фирмалардың және
халықтың ақша қорлары құрылады, екіншіден, ақша айналысының өзі түзіледі.
Экономикалық қатынастардың айрықша нысаны ретіндегі қаржы ұғымы осы ақша
қорларының қозғалысымен тікелей байланысты және ақша нысанындағы қоғамдық
өнімді бөлу процесінде пайда болатын экономикалық қатынастардың кең көлемін
қамтиды.Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша
қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіре отырып, экономикалық
категория ретінде көрінеді. Құн категориясының жүйесінде (ақша, баға,
несие, пайда, жалақы т.б.) тарихи қалыптасқан экономикалық категория
ретінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен ұдайы
өндірістегі өзгешелік рөлімен сипатталады.
Қаржы ұғымы мемлекетпен бірге бір уақытта қоғамның таптарға жіктелу
кезінде, мемлекеттің дамуы мен оның ресурстарға деген қажеттіліктерін
қанағаттандыруға байланысты жүйелі тауар- ақша айырбасы жағдайында пайда
болып, дамыды. Қаржы аталымы тұңғыш рет ақшалай төлем мағынасымен ХІІ-XV
ғасырларда Италияда кең қолданылды. Кейін ол халықаралық дәрежеде таралып
кетті және ақша қатынастары жүйесімен, мемлекет өзінің әлеуметтік-
экономикалық функцияларын орындауға жұмылдырылатын ақша ресурстарын
жасаумен байланысты ұғым ретінде қолданыла бастады. Тауар-ақша
қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық
экономика жағдайындағы қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша
айналымын ақша тасқынын бейнелеп көрсетеді.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарының қамту
сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық
құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен
айқындалады.Экономикалық өмірде қоғамның сыртқы көрінісі қоғамдық
өндірістегі әр түрлі қатысушының қаражаттарының қозғалысы түрінде
бейнеленеді. Құбылыстарда бұл құбылыстар нақты ақшамен немесе нақты ақшасыз
есеп айырысу түрінде көрінеді. Алайда ақшаның кез-келген қозғалысы қаржы
операциясына жата бермейді, өйткені ақша түрлі экономикалық
категориялардың-бағаның, еңбекке ақы төлеудің, қаржының, несиенің көмегімен
болатын қоғамдық өнімнің барлық құнының қозғалысын қауыштырады.
Тікелей қаржы операцияларына мыналарды жатқызуға болады: кәсіпорынның,
фирманың бір-бірімен нақты ақшасыз жасасатын есеп айырулары; негізгі
капиталға жұмсалатын амартизациялық соманы есептеу; пайданы бөлу және
кәсіпорындарда, фирмаларда ішкі шаруашылық арналымының қорларын
қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің, кірістеріне салық төлемдерін аудару;
қайырымдылық қорларына қаражаттар төлеу; экспортталатын тауарлар үшін кеден
баждарын төлеу және тағы басқа операцияларҚаржының қажеттігі тауар-ақша
қатынастарының болуымен байланысты. Тауар өндірісі иен дамыған нарықтық
айырбас кезінде өндіріп, оны бөлу екі нысанда натуралды-заттық және құндық
нысанда жүргізіледі. Қозғалыстың құндық нысаны натуралды-заттық нысандағы
өнім қозғалысын жүзеге асыратын белгілі ақша қорларын жасау, бөлу және
пайдалану арқылы болады. Ақша қорлары қозғалысының процесінде пайда болатын
ақша қатынастары, экономикалық қатынастар қаржының мәнін құрайды. Бұдан
қаржыны өндірістің объективті түрдегі қажеттілігі категориясы деп айтуға
болады.
Менің курстық жұмысымның мақсаты - қаржы қатынастарын ұйымдастырудың
нысандары мен амалдарының өзара байланысы мен өзара іс-қимылдарын, қоғамның
әлеуметтік- экономикалық дамуының түрлі кезеңдерінде оларды қолданудың
әдістерін түсіну негізінде қаржы категорияларын игеру, ақша қорларының
қозғалысымен тікелей байланысты және ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлу
процесінде пайда болатын экономикалық қатынастардың кең көлемін қамту және
қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара іс - әрекетін және өзара
байланысын қарастыру.
Менің курстық жұмысымның міндеті - қаржының мәні, оның даму
заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарының қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы
өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің
табиғатымен және функцияларын айқындау және экономикалық
қатынастардың айрықша нысаны ретіндегі қаржы ұғымын толықтай қамту.
1.ҚАРЖЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ
1.1Қаржылардың қалыптасуы мен дамуы
1.2 Қаржылардың нысандарының сипаттамасы
Материалдық игіліктерді игеру, олардың үздіксізділігін қамтамасыз
ету яғни ұлғалмалы ұдайы өндіріс үрдістерінің жүзеге асырылуы ақшалай
түрдегі құн қозғалысынсыз мүмкін емес. Ақша айналымының негізінде қаржы
немесе ақша сомасының бір адамнан екіншісіне өту үрдісі жүзеге асады. Бүл
ерекше үрдіс нәтижесінде қаржы термині қалыптасты. Қаржы термині
латынның finis деген сөзінен, түсінігі –соңы, табысқа жету, қолма
қол ақшадеген ұғымдарды яғни төлемнің соңы, төленуі деген мағыны береді.
Кейінірек бұл термин француздың financia түрінде беріліп, кең мағынада
ақшалай төлемдер түсінігін және мемлекеттің табыстарының жиынтығы түсінігін
берді.
Құндылықты категория ретінде қаржы мемлекеттік шаруашылық
субъектлерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған ақшалай қорлар
мен кірістердің қалыптасуымен, қоғамдық өнімді бөлістірумен байланысты
экономикалық қатынастарды береді.Қаржы тек орталықтандырылмаған және
орталықтандырылған қорларды қалыптастыру мен пайдалануға байланысты
экономикалық қатынастарды ғана қамтиды. Осыған сәйкес қаржы ғылымының
нысанына қоғамдық өнімді бөлістірумен байланысты экономикалық қатынастар
жатады.
Қаржының объектісіне мақсатты ақша қорлары мен кірістер жатады.
Қаржының субъектісіне кәсіпорындардар, ұйымдар, халық және мемлекет
жатады.Кәсіпорынның қажеттілігін қанағаттандыра отырып қаржы құнның
санаттарын(ақшалай және тауарлы түрдегі) ауыстыру үрдісін қамтамасыз
етеді. Тек тауарлардың қозғалысының құндылықты санаты(категориясы) ғана
ақша айналымы мен бөлістірушілік сипаттағы экономикалық қатынастарды
туындатады. Жоғарыда келтірілгендерді қорытындылайтын болсақ, қаржының
мазмұны тауар-ақша қатынастарының қалыптасуы және құндылық заңының жүзеге
асырылуымен айқындалады.
Қаржының мәнін тереңірек түсіну үшін өнімнің дайындалу мен
бөлістірілу уақыты аралығындағы ақшалай нысандағы қозғалысты,
қатынастарды қарастыру қажет. Жеке кәсіпорынның өнімінің өндірістік құны
келесі элементтермен анықталады —
C+V+m
(1)
Мұндағы : С- өндірістік материалдық шығындар
V- еңбек ақы
m- қосалқы өнім
Келтірілген элементтер ақшалай қорларды қалыптастырып, жинақтап,
тұтынуды қарастырады. Алынған кірістің бір бөлігі кәсіпорын қарамағында
қалып,екінші бір бөлігі мемлекетке аударылады.Осының нәтижесінде ақша
қаражаттарының орталықтандырылған қорлары қалыптасады. Қаржылар ақша
қорларының әртүрлі мақсаттағы қозғалысы барысында пайда болады. Тауарлардың
құндылықты нысандағы қозғалысы ақша айналымын және ІЖӨ бөлістіруде орын
алатын экономикалық қатынастырды туындатады.Қаржы – бұл ұлттық табыс пен
ІЖӨ бөлістіру мен қайта бөлістірудің экономикалыққұралы.Қаржы — бұл
мемлекеттің функцияларын жүзеге асыру мақсатында және шаруашылық
субъектлердің ұдайы өндірісін жүзеге асыруда қолданылатын ақшалай
қаражаттардың қорын қалыптастыру мен пайдаланумен байланысты ақшалай
қатынастар жиынтығы болып табылады.Қаржының қажеттілік деңгейі қоғамның
даму қажеттілігіне байланысты болады. Қоғамды материалдық игіліктермен
қамтамасыз ету үшін өндірісті дамыту қажет. Ал мемлекеттің функцияларын
жүзеге асыру үшін ақша қаражаттарының қорлары қажет.
Қаржылық қатынастар екі аяны қамтиды:
-мемлекеттік бюджет жүйесіне қажетті орталықтандырылған ақша
қаражаттарының қорларын қалыптастыру мен пайдалануға байланысты
экономикалық ақша қатынастарын;
-кәсіпорынның орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру мен
пайдаланумен байланысты экономикалық ақша қатынастарын;
Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің
ішкі ерекшеліктерімен, сонымен бірге ұдайы өндірістегі өзгешілік ролімен
айшықталады. Қаржының құндық болу стадиясындажұмыс істейтін басқа
экономикалық категориялардан - кредиттен, жалақыдан және бағадан
айтарлықтай айырмашылығы бар.Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша
қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.Тауар
өндірісінің негізі тауар ондірушілердің экономикалық оқшауланушылығын
шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Олардың әрқайсысы
өндірістің материалдық-заттай факторларының айырмашылығы, олардың әр түрлі
деңгейі жағдайында онім жасайды, ал сол себепті тіпті ұқсас тауарлар
нақтылы және заттальшған еңбектің өр түрлі шығыңдарымен өндіріледі. Бұл
теңсіздіктің салдарынан шығындар мен еңбек нәтижелерін олшеудің қажырлы
еңбектің және жұмсалынған күш-жігерге баламалы тұтынудың олшемін ескере
алатын айhықша механизмнің объективті қажеттігі туады.
Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіз жалғасып жататын белгілі өндіру,
бөлу, айырбастау және тұтыну стадиялары оның қатысушылары арасында тауар
қатынастарының болуын айқындайды, ойткені оңдірілген онімдер сатьш алу-
сатуға жататын тауарлар ретіңце болады: онім оны тұтынудан бүрын айырбастау
және болу стадияларынан отеді. Сонымен бірге материалдық өндіріс
қатысушыларының ғана емес, қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының
қажеттіліктері мен мүлделері қанағаттандырылуы тиіс. Осыған орай олар
мамандандырылған еңбектің, орындалатын қызметтердің нәтижелерімен, өр түрлі
өндірілетін игіліктермен олардың саны мен сапасына сөйкес айырбасталуы
тиіс.
Тек өңдірілген еңбек онімдері айырбасталғанда, оларды белгілі бір
ақшалай баламамен өткізгенде ондірушілердің ақшалай түсімі (табысы)
жасалады. Жасалынған игіліктер мен құндылықтарды олшеу құн өлшемі мен
жалпыга ортақ балама ретіндегі ақшаның көмегімен жүзеге асады. Сондықтан
материалдық және материалдық емес игіліктер, қызметтердің өндірілген
массасы - қоғамдық өнімнің - натуралдық-заттай көрінісімен бірге оның
ақшалай көрінісі де болады.
Қозғалыстың құндық нысаны натуралдық-заттай нысандағы өнімнің
қозғалысын ортақтастыратын белгілі бір ақша қорларын тудырады. Басқаша
айтқанда, өнімнің өндірістен тұтынуға өтуі тек тиісті ақша қорларын жасау,
бөлу және пайдалану арқылы болады. Осы кезде пайда болатын ақша,
экономикалық қатынастар қаржының ұғымын құрады. Қаржы тауар қатынастарынан
тыс өмір суре алмайды.Қоғамдық өнімнің нақтылы іске асырылуының екі
нысанының болуы қоғамдық өндірістің әрбір қатысушыларының қажеттіліктеріне
сәйкес оны түпкілікті тұтынуға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл үшін құндық
категориялар - ақша, бага, қаржы, еңбекащы, кредит жоне басқалары
пайдаланылады.Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан
нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде
ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр
түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар
бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-
бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; негізгі капиталға
жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу; табысты (пайданы) бөлу және
кәсіпорындарда, фирмаларда ішкішаруашылық арналымның қорларын қалыптастыру;
мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық
қорларына қаражат төлеу; экспортталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу
және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп
айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады.
Осының барлығында және осыған ұқсас қаржы операцияларында ақша
қатынастарының қозғалысы болып жатады.
"Қаржы" ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты
болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтңды. Тауар-ақша

экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша
айналымын - ақша агынын бейнелеп корсетеді.Экономиканың жұмыс істеуінің
нарык жағдайында мемлекет тауар-ақша қатынастарын өлде қайда аз дәрежеде
реттейді, негізгі реттеуіш тауарлардың, жұмыстардың және қызметтер
көрсетудің сұранымы мен ұсынымы болып табылады.Қаржы -ақша қатынастарының
жиынтыгы, олардың ажыратысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе
шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл
ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан
оның ролі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай
орын алатындығына байланысты.Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау,
болу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті
пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар болігінің ақшалай тұлғалануы
больш табылады. Қаржьшың басты белгілерінің бірі - оның тұлғалануының ақша
нысаны және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі.
Демек, қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақтылы
қозғалысымен аңғартып отырады.
Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау
дүрыс болмас еді. Ақша қатынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның
аумақтық болімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің
жасалатын ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады. Ақша
қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап
айтқанда табыстар мен қорланымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша
қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберінен шығып
кетеді.
Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы, шығындардың барлық түрлерін
ақшалай есепке алу мен бақылау жасау, өндірілген өнімді ақша нысанында
өлшеу, езіндік құнды калькуляциялау және онімнің бағасын анықтау, ақшалай
түсімді есепке алу мен сақтау, ақша айналысын реттеу және басқалары
кірмейді. Сауда жүйесі арқылы тауарларды сатып алу және сату (тіпті
мемлекет болшек сауда бағаларын реттеп отырған жағдайда да) кезінде пайда
болатын ақша қатынастарын да қаржыға жатқызуға болмайды. Себебі мемлекет
бұл жерде ақша қатынастарын азаматтық-құқықтық өдіспен реттеп отырады. Ақша
қатынастарымен бірігіп кеткен субъектілердің тендігі (олардың құқықтары мен
міндеттеріндегі тепе-теңдік) бұл әдіске тәң өзгеше нышан болып табылады.
Сонымен бірге қалыптасатын ақша қатынастарының өзіндік қаржылық емес
озгешелігі болады. Кез келген ақша қатынастары қаржы қатынастарын білдіре
бермейді.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да
айырмашылығы бар. Ақша-бұл ең алдымен ассоциацияландырылған ондірушілердің
еңбек шығындары олшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы - жалпы ішкі өнім
мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша
қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге
және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады.
Ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында жеке экономикалық
категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес.Ақшаның нақтылы қозғалысы ұдайы
өндіріс процесінің екінші және Қаржының іс-әрекет етуінің жиынтық қоғамдық
өнімді бөлу стадиясында асқан дөрежеде көрінетіндігі қаржы үшін көпшілікке
танылған болып саналады. Сонымен қаржы мен қаржы қатынаста-рының пайда
болып, іс-әрекет ететін орны ақшаның нақтылы қозғалысы болатын ұдайы
өндіріс процесінің бөлу стадиясы болып табылады. Мүнда жалпы қоғамдық
өнімнің құны және оның маңызды бөлігі - ұлттық табыс алғашқы бөлу процесіне
үшырап, мақсатты арналым мен субъектілер бойынша бөлінеді.
Экономикалық зандармен анықталатын қоғамдағы өндірістік қатынастар
категориялар арқылы көрінеді. Экономикалық категориялар - бұл біркелкі
экономикалық қатынастардың көрінісі, бұл қатынастар экономикалық өмірдің
бір жағын сипаттайды және абстрактты, қорытынды түрде керінеді; оларға
баға, қаржы, сақтандыру, кредит, табыс (пайда) және т.б. жатады.
Қаржы, экономикалық категория ретінде, экономикалық, заңдардың (құн
заңының, сұраным мен ұсыным заңының, қажеттіліктердің жоғарлау заңының,
өндірістік қатынастардың өндіргіштік күштердің сипаты мен даму деңгейіне
сәйкестік заңының, уақытты үнемдеу заңының) іс-әрекетіне
негізделеді.Қатьшастардың иерархиялық субординациясын ескере отырып,
"жалпыдан - жекеге" қағидаты бойынша олардың мынадай дәйекті қатарын
жасауға болады: жалпы қоғамдық қатынастар, өндірістік қатынастар, ақша
қатынастары және қаржы қатынастары (салық, бюджет, мемлекеттік кредит,
сыртқы экономикалық, қатынастар және т.б.)Әр түрлі қоғамдық-саяси құрылымы
бар осы заманғы мемлекеттерде қаржымен қатар басқа экономикалық,
категорияларда - ақша, табыс (пайда), өзіндік құн және басқалары
пайдаланылады.
Олардың әрқайсысы өзінің функцияларын (тауардың құнын немесе бағасын
білдіру, айналыс құралы, еңбек олшемі мен тұтыну өлшемін анықтау, өндірісті
ынталандыру, кәсіпорындар қызметінің нәтижелерін бағалау) орындайды, оларда
қоғам дамуындағы бұл категориялардың мәні мен маңызы көрінеді. Қаржының
олардың барлығынан өзінің айрықшалықты белгілері бойынша айырмашылығы бар.
Орталық Европадағы алғашқы буржуазиялық төңкерістің нәтижесінде
мемлекет басшысының қазынадан айыру үрдісі орын алды. Осының нәтижесінде
жалпы мемлекеттік ақша қорлары – бюджет қалыптасты.
Мемлекеттік бюджеттік қалыптасуы мен дамуы жүйелі сипатта орын алып,
мемлекеттік кірістер мен шығыстардың жүйесі қалыптасты. Мемлекеттің
қаржылық қызметі – бұл мемлекеттің ақша қорларын ұйымдастыру, бөлу және
пайдаланумен байланысты қызметі болып табылады. Мемлекет өзінің қаржылық
қызметін жүзеге асыра отырып, бір уақытта бір уақытта екі сипатта көріне
алады: саяси жүйенің субъектісі ретінде және белгілі бір қорларға
бағытталған ақша қорларының иегері ретінде. Осыған сәйкес мемлекеттің
меншік иесі ретінде атқаратын ролі оның саяси субъект ретіндегі роліне
тәуелді болуы тиіс.
Қаржылық қызметтің басты мақсатына қоғамның әлеуметтік-экономикалық
құрылымының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау болып табылады.
Мемлекеттің кірістері заттай түрдегі еңбек өнімдерінен емес, ақшалай
нысандағы салықтардан құрала бастады.Қаржы бұл тарихи категорияны
сипаттайды. Олар мемлекеттің қалыптасуынан бастап, қоғамда сыныптарға
бөліну қалыптасқан уақыттан бері орын алып келеді. Капиталистік құрылымға
дейін мемлекеттің қажеттілігінің басым бөлігі натуралды түрде жинақтар мен
алымдардың әр түрін бекіту арқылы қанағаттандырылды. Тауар-ақша қатынастары
жалпы қоғамдық сипатта болған капитализм жағдайында қаржы- ұлттық табысты
бөлістіру, ақша қаражаттарының қорларын қалыптастыру мен бөлістірумен
байланысты экономикалық қатынастарды сипаттайды.
Қаржылық қатынастар 20 ғасырда Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін кең
дами бастады. Барлық мемлекеттерде ұлттық табыстың көп бөлігін мемлекет
иелігінде пайдалану жүзеге асырылды. ( 30 дан 50%-ға дейін). Ақшалай
қаражаттардың ірі көлемін иелене отырып, мемлекет ұлғалмалы ұдайы өндіріс
үрдісіне өз әсерін тигізе бастады. Осы уақытта әр түрлі меншік нысанындағы
кәсіпорындардың қаржысы кең ауқымда дами түсті. Дамыған шет мемлекеттерде
ұйымның акционерлік қоғам нысанындағы түрі кең етек жайды.
Оған акцияны шығарудың капиталды жинақтаудың түрі ретінде
қолданылуы өз әсерін тигізді.
Қаржының дамуын екі негізгі кезеңге бөліп көрсетуге болады:
1 кезең – Қаржының жетілмеген нысаны. Капиталистік құрылымға

алымдардың әр түрін бекіту арқылы қанағаттандырылды.
Қаржылар өндірістен тыс сипатта орын алды. Осы кезеңде шығындар
негізінен тек қорғаныс саласына жұмсалынды
2 кезең – Қаржының жетілген нысаны. Тауар-ақша қатынастары жалпы
қоғамдық сипатта болған капитализм жағдайында қаржы- ұлттық табысты

байланысты экономикалық қатынастарды сипаттайды. Қаржының қажеттігі тауар-
ақша қатынастарының болуымен байланысты. Тауар өндірісі иен дамыған
нарықтық айырбас кезінде өндіріп, оны бөлу екі нысанда натуралды-заттық
және құндық нысанда жүргізіледі. Қозғалыстың құндық нысаны натуралды-заттық
нысандағы өнім қозғалысын жүзеге асыратын белгілі ақша қорларын жасау, бөлу
және пайдалану арқылы болады. Ақша қорлары қозғалысының процесінде пайда
болатын ақша қатынастары, экономикалық қатынастар қаржының мәнін құрайды.
Бұдан қаржыны өндірістің объективті түрдегі қажеттілігі категориясы
деп айтуға болады.Алайда, қаржы ақша қатынастарының бүкіл жиынтығын қамтиды
деп санау дұрыс болмас еді. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең
қаржы тек, ақша қорларының қозғалысымен байланысты болатын ақша

кетеді. Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы, шығындардың барлық
түрлерін ақшалай есепке алу мен оларға бақылау жасау, өндірілген өнімді
ақша нысанында өлшеу, өзіндік құнды калькуляциялау және өнімнің бағасын
анықтау, ақшалай түсімді есепке алу мен сақтау, ақша айналасын реттеу және
басқалары кірмейді. Сауда жүйесі арқылы тауарларды сатып алу және сату
(тіпті мемлекет бөлшек сауда бағаларын реттеп отырған жағдайда да) кезінде
пайда болатын ақша қатынастарында да қаржыға жатқызуға болмайды. Себебі
мемлекет бұл жерде ақша қатынастарын азаматтық-құқықтық әдіспен реттеп
отырады. Ақша қатынастарымен бірігіп кеткен субъектілердің теңдігі
(олардың құқықтары мен міндеттеріндегі теп — теңдік) бұл әдіске тең
өзгеше нышан болып табылады. Сонымен бірге қалыптасқан ақша
қатынасының қаржылық емес, өзіндік өзгешелігі болады.
Қаржы— бұл ең алдымен бөлгіштік категория. Қаржының пайда болып, іс-
әрекет етуінің айтарлықтай дәрежеде қоғамдық өнімді бөлу стадиясында
көрінетіндігі көпшілікке мәлім. Мұнда қоғамдық өнімнің құны мақсаты арналым
мен шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша бөлінеді, олардың әрқайсысы
өзінің үлесін алуға тиіс қаржының қатысуынсыз қоғамдық өнімнің жеке
бөліктерге бөлінуі мүмкін емес. Қаржы қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану
арасындағы ажырағысыз байланыстырушы буын. Жалпы қоғамдық өнім мен
ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып,
қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға жіберетін метериалдық ресурстар
бөлігінің ақшалай көрінісі болып табылады.Қаржының қажеттігі қоғамдық
дамудың қажеттіліктерін қанағаттандырып отыруға байланысты оның басты
арналымы- табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаражаттарға деген қажеттіліктерін
қамтамасыз ету және қаржы ресурстарын жұмсауға бақылау жасау.

айырмашылығы бар. Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік
тәрізді екі тұжырымдамасы танылып отыр. Бірінші тұжырымдаманың жақтаушылары
қаржы қоғамдық өндірістің екінші стадиясында – ақша нысанындағы қоғамдық
өнімнің құнын бөлу процесінде пайда болады, қаржының бөлгіштік сипаты оның
іс- әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды.
Бұл тұжырымдамаға сәйкес қаржы қаржы екі функция орындайды: бөлу
және бақылау. Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның
аса маңызды бөлігі – ұлттық табысты, сондай –ақ ұлттық байлықтың бір
бөлігін (мысалы, айналым қаражаттарын, мемлекеттік мүлік сату операцияларын
шығарып тастағанда) бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде
көрінеді. Бұл функцияны қаржы өнімді өздігінше бөле бөле береді деген
мағнада 36 емес, қаржы тек жасалған өнімді бөлуді ғана ортақтастырып,
жүзеге асырады деп түсіну керек. Былай деп айтқан дұрыс: өнімнің натуралды
– заттық құрамын бөлу ақша қорларын бөлу арқылы жасалады.
2.НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА
ҚАРЖЫЛАРДЫҢ АТҚАРАТЫН РӨЛІ
2.1 Қаржылардың функциялары
2.2Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара
байланысы
Мемлекет, кәсіпорын, фирма және халық арасында ақша қорларынбөлуге
сәйкес жасалған натуралды өнім де бөлінеді. Қаржының бөлгіштік функциясының
іс- қимылы оның мәнінен: жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза
табысты бөлумен және қайта бөлумен байланысты қатынастарды қамтамасыз
етуден; табыстар мен қорланымдарды қалыптастырудан; ақша қорларын жасаудан
туындайды. Қоғамдық өнімді бөлу алғашқы және кейінгі, немесе қайта бөлу
болып ажыратылады. Алғашқы бөлу кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы
көлемінен орнын толтыру қоры (материалдық шығындар мен амортизациалық
аударымдар) шығарып тасталады және жаңадан жасалған құн – ұлттық табысты
бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, өндірістік сфераның және халықтың алғашқы
табыстары қалыптасады, олар бөлудің және қайта бөлудің күрделі процестеріне
ұшырайды, бұл процестерде маңызды рөлді қаржы атқарады. Қоғамдық өнім
мен ұлттық табысты алғашқы бөлу кезінде қаржы еңбекке ақы төлеу және баға
сияқты экономикалық категориялармен тығыз байланысты дамиды Қаржы бұл
ақша қатынастарының құрамдас бөлігі болып табылады. Олардың атқаратын ролі
экономикалық қатынастар жағдайындағы ақша қатынастарының орнына байланысты
болып табылады. Бірақ барлық ақша қатынастары қаржылық қатынастарды
сипаттамайды. Қаржылардың ақшадан айырмашылығы олардың мазмұнында
емес, атқаратын функциялары бойынша ерекшеленеді.Қаржылар негізінен ақшалай
кірістер мен қорларды қалыптастыра отырып, мемлекет пен кәсіпорындарды ақша
қаражаттарымен қамтамасыз етуге бағытталған.Қаржы ұлттық табысты
қалыптастыру мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.
Олар өндіріске, бөлістіруге және тұтынуға тікелей әсер етеді. Өндірісті
дамытумен байланысты қажеттіліктерді, жұмысшы мен оның жанұясының
қажеттіліктерін, үй шаруашылығы мен кәсіпорынның қажеттіліктерін
қанағаттандыра отырып, қаржы құнның нысанын алмастыру үрдісін (тауарлы,
ақшалай) қамтамасыз етеді.Мемлекеттің қаржысы қоғамдық қажеттіліктерді
(қорғаныс, білім, басқару, мәдениет және т.б.) және халықтың жеке топтарын
әлеуметтік қорғауды (жұмыссыздық бойынша жәрдемақы, жүктілігі бойынша
жәрдем және т.б.) қамтамасыз ете отырып, меншік нысанының алмасу үрдісін
жалпы мемлекеттік деңгейде қамтамасыз етеді.Мемлекеттің дәстүрлі
функцияларынан басқа мемлекеттің шаруашылық үрдістерді реттеу функциясын
атқарады яғни республикалық бюджет арқылы жиынтық қоғамдық өнімнің 10
пайызы және ІЖӨ 20 пайыздан астамы бөлістіріледі.
Бұл өз кезегінде ұлғалмалы ұдайы өндіріс үрдісін жоспарлауға және
экономиканың басым бағыттарын қаржыландыруға мүмкіндік береді. Сонымен
қатар субъективті жеке шешім қабылдаған жағдайда қаржыландыру тиімсіз болуы
мүмкін. Сондықтан да нарықтық экономика жағдайы қаржының атқаратын ролінің
арта түскенін айта кеткен жөн. Ол төмендегі жағдайларға байланысты орын
алды:
Біріншіден, дәстүрлі кәсіпорын топтарымен қатар шаруашылық
субъектлер қалыптасқан жағдайда қаржылық қатынастардың жаңа топтары
қалыптасады. Осы уақытта олардың арасындағы байланыс шиеленісе түседі.
Екіншіден, – қаржылар ақша қатынастарының жеке аясы болып
табылады. Қажеттіліктерді қамтамасыз ете отырып ақшалар қаржының
материалдық негізі болып, айналыс құралы функциясын атқарады яғни
капиталға айналады.
Үшіншіден, микро деңгейде қаржылардың ролі төмендеп,
макродеңгейде олардың мәні артады.
-Еліміздің жаңа экономикалық қатынастарға көшуі өндірісті едәуір
төмендетіп, жұмыссыздықтың қалыптасуына жол беріп, әлеуметтік және
экономикалық тұрақсыздықтың және инфляцияның қалыптасуын туындатты. Осы
кезеңде мемлекеттің қаржы саясаты тұрақсыз болып, жиі өзгереді. Сонымен
қатар сәйкес келесі жағдайлар орын алады:
-Қаржылық ресурстар тек мемлекеттік бюджетте ғана емес, басқада
қорларда- зейнетақы, еңбекпен қамту және медициналық сақтандыру қорларында
шоғаырланады;
-Бюдже, негізінен салықтық түсімдер арқылы толықтырылады. Салықты
көбейтуге бағытталу өндірістің құлдырауына әкеледі. Сол себептен салық
жүйесін жетілдіру қажеттілігі туындайды;
-Экономикаға мемлекетттің араласпауының нәтижесінде халық
шаруашылығын бюджеттен қаржыландыру көлемі –60% -12%-ға дейін
төмендейтіндігі.
Қаржы (санатын) категориясы басқа құндылықты категориялардан
ерекшеленеді. Қаржылардың айрықша ерекшеліктеріне келесілер жатады:
Қаржының қор түрінде пайдаланылуы. Қаржылар ақшалай қорлардың
қозғалысында қалыптасады. Ал ақшалай қорлар қаржылық қатынастардың
объектісіне жатады.
-Қаржының бір мақсатқа пайдаланылуы. Олардың нақты бір шығындарға
жұмсалуы.
-Қаржылардың міндеттілігі. Бұл қаржы ресурстары мен экономиканың
қажеттіліктерімен байланысты.
-Қаржылар эквивалентсіз болып табылады. Қаржылық кірістер құнның
біржақтылық қозғалысының негізінде қалыптасады.
Қаржылардың құнның басқа да категорияларымен қарастырғанда (баға,
еңбекақы, несие) бірге жалпы ерекшеліктері бар:
-қаржы ақшалай нысанда болады
-қаржылық қатынастардың бөлістірушілік қатынастардың жатуы
Осыған орай кез-келген қаржылық қатынастар бұл ақша қатынастары
болып табылады.Азаматтар арасындағы саудадағы ақшалай қатынастар қаржыға
жатпайды. Қаржылар ақшалардан мазмұны бойынша да, атқаратын функциялары
бойынша да ерекшеледі. Қаржылық қатынастар ақшалай нысанда болғанымен
барлық ақшалай қатынастар қаржылық қатынастарға жатпайды.
Қаржының мәні оларды функцияларында айқын байқалады. Функция
дегеніміздің өзі қаржының атқаратын жұмысы. Бүгінгі таңда шет елдерде
қаржылардың функцияларының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz