Қазақстан мемлекеті – Мәңгілік ел!


Қазақстан мемлекеті - Мәңгілік ел!
«…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты
уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді.
Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге
келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге
ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең
қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл
қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің
еңсесі биіктей беретініне сенемін. »
Н. Ә. Назарбаев.
Жоспар:
I. Жаңа ғасырға аяқ басқан жаңа Қазақстан.
II. Тарих беттерін парақтасақ…
1. Ұлт санасын жаңғыртқан өткен жылдар
2. Өткен жылдардың жаңғырығы
III. Қазақстан тәуелсіздігі мәңгілік.
Қазақстан - менің туған тілім, ата салт- дәстүрім, тарихым, байлығым, мектебім, үйім, бәрі-бәрі осы. Ал бұларсыз өмір сүру мүмкін емес. Жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдыққа аяқ бастық. Осы ғасырдың қызығын көріп өмір сүріп жатқан біз бір пендеміз. Ең бастысы, жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдыққа егемен ел, тәуелсіз ұлт болып аттандық. Бұған жеткен де бар, жетпеген де бар. Біреуді көріп шүкір етіп, біреуді көріп пікір ету үшін де өткенге ой, бүгінге көз жіберуге тура келді. Ол үшін, ең алдымен, бұл күнге қалай жеттік? - деген сауалға жауап іздеуіміз қажет сияқты.
Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесіне көз жүгіртіп байқасақ, ежелден-ақ ата-бабаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмағай, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының Отанына деген ыстық ықыласының көрінісін көреміз.
Алла Тағала бізге ұшқан құстың қанаты талатындай осынау ұлан ғайыр Алтай мен Атырау аралығын ата-бабларыдың ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғауын нәсіп етіпті. Ата жауымыз болған сан жылдық қарсылас жоңғарлардан даламызды арашалап қалған батырлардың ерлігі туралы дәстүрлі тарихи жырлар Исатай, Махамбетке байланысты мұралар, Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы көтерілген ұлт-азаттық қозғалыстың басты кейіпкерлері туралы жыр-дастандар біздің ұлттық сана-сезімін көтерді.
Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық мүддесі жолында, табандылығын да, тапқырлығын да таныта білген хан Абылай. Қазақ халқының күшін тасытты, мәртебесін көтерді, Қазақ елін аса іргелі елге айналдырды. Батырларын, елін сүйген ерлерін, ақын-жырау өнерпаздарын достық -бірлікте ұстап, оларды жүзге бөліп жармады. Жауын торғайдай тоздырып, тарыдай шашып, ірімшіктей іріткен, қоқаңдап қаңқылдаған Қоқанмен де, қалың қара Қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқан бабамыздың даналығының арқасында, осы біз өмір сүріп отырған аяулы Отан - Қазақстан жері. Сол бабалардың сақтап қалған, бізге қалдырған асыл мұрасы екені сөзсіз.
XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басын ала бере тарих сахнасына қазақтың оқығандары шықты. Ол кезде Отанымызда кеңестік кезең орнаған еді.
Ахмет, Әлихан, Міржақып, Мағжан, Мұстафалар алаш туы астында ел болуға, мемлекет құруға шақырды. Сұлтанмахмұттың «Өлер жерден кеттік біз, бұл заманға жеттік біз» деп жапанға жар салатын кезінде ұлт зиялылары не істеу керек, қайтеміз, қалай ел боламыз?- деп ойын он жерге, қиялын қырық жерге жүгіртіп еді. Сонда Әлихан Бөкейхан «Автономия, бізге керегі - автономия!» деп қайта-қайта шырылдап, телеграмма салумен болды. Сондағы ойы «мемлекет құрып алайық, мемлекетіміз болса, қалғанының бәрі болады» деген асыл арман-ды. Қазақ автономиясын жариялағанда алаштың арыстары «міне, ел болдық, еркіндік өз қолымызға тиді» деп бөркін аспанға атты. Алайда, бұл қуаныш ұзаққа бармады. Қазақтың еркіндігінен қорыққан қызыл империя көсемдері алаш туы астына бірікендердің бәрін біртіндеп құртты. Ең алдымен Жүсіпбек Аймауытовты атты. Қалғандарын, қияндағы Шәкәрімнен бастап қаладағы Қазақ оқығандарын түгел қырды. Мұстафа Шоқай шетел асты… Алаш деген сөзді тарихи санадан өшіру әрекеті басталды. Дүниедегі ең жек көрінішті сөзге айналдыруға тырысушылардың еңбегі зая кеткен жоқ. Қазақтың өз билігі өз еркінен кеткен соң қара халықты қалай қорлаймыз деп қызыл империя аса қиналған жоқ.
… 32-33-тің ашаршылығы қолдан жасалды.
… 36-37-нің қырғыны әдейі істелді.
1937-1938 жылдары яғни, бір жылдың ішінде 125 мың Қазақ зиялысы қырылған. Жоғары білімді қазақтың бетке ұстайтын азаматтарының бар кінәсі - көзі ашық болғаны, өз ұлтының намыс-сезімін жақтағандары ғана. Бүгінгі ұлттық сана-сезіміміздің құны осыншама құрбандықпен келгенін есте сақтағанымыз жөн болар еді. Осы асыл азаматтардың үзілген жас, қыршын өмірлері, орындалмаған үміттері, армандары бізге аманат сияқты болып көрінеді.
«Мен үшін Отаныма адал солдат болудан артық бақыт жоқ», - деп Ислам Жеменей айтқандай, Отан қорғау жолында 1941-45 -ші жылдары ең көп қырылған Қазақ солдаттары еді. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 миллион 196 мың адам қару асынып, майданға аттанды. 700 мың адам еңбек армиясының сапында болды. Соғыстан тек 410 мың Қазақстандық жауынгер ғана оралды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz