Халықаралық маркетинг жүйесі



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Халықаралық маркетингтік стратегиялардың жалпы түсінігі және оларды құрастыру схемасы
2. Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметіне маркетингті пайдалану ерекшеліктері.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Халықаралық маркетинг – бұл компанияның бас өкілдігі орналасқан елдің ұлттық шекарасынан тыс жердегі тауарлар мен қызметтер маркетингі.Ішкі және халықаралық маркетинг арасында айтарлықтай принципиалды айырмашылықтар жоқ. Екі жағдайда да бірдей қызмет ету принциптері пайдаланылады. Алайда халықаралық сауданың өзіндік спецификасына байланысты сыртқы елдердің нарықтық, экономикалық, саяси-құқықтық, әлеуметтік, мәдени ортасын ескермеуге болмайды. Халықаралық сауданың ерекшеліктерін, халықаралық келісім-шарттар мен саудалық практиканы, салт-дәстүрді де есте сақтау керек. Шетелдік нарықта қызмет етуді көздеген фирмалардың негізгі міндеттерінің шешілу реті мынадай: халықаралық маркетинг ортасын зерттеу; сыртқы нарыққа шығудың саналылығы туралы шешім қабылдау; нақты нарықтарды таңдау; сыртқы нарыққа шығу тәсілдерін дайындау; маркетинг кешенін қалыптастыру; маркетинг қызметін дайындау.
Халықаралық экономикалық қатынастар саласында маркетинг ұғымының трансформациялануы байқалады. Фирманың сыртқы экономикалық қызметіне байланысты айтатын болсақ, маркетингті -
сыртқы нарықта тиімді өткізу саясатын дайындауға және белсенді жүзеге асыруға бағытталған қызмет түрі деп түсінген жөн. Оның негізгі 3 даму сатысын бөліп қарастыруға болады:
1. Дәстүрлі маркетинг. Тауарды шекарадан тыс елге, ары қарай шығарып салусыз сату. Экспортер сатып алушы алдында тек тауарды жеткізу немесе сату мезетіне дейін жауапкершілікті сақтайды және, әдетте,тауардың одан арғы жағдайына қызығушылық білдірмейді.
2. Экспорттық маркетинг. Бұл жағдайда экспортер шетелдік нарықты жүйелі түрде өңдеуден өткізіп, өз өндірісін осы нарық талаптарына сай қалыптастырады. Сонымен қатар, бұл нарықты үнемі зерттейді және ақырғы тұтынушыға дейінгі тауардың бүкіл жолын бақылауға алуға тырысады.
3. Халықаралық маркетинг. Экспортер нарықты терең зерттейді және оны өңдеу үшін маркетингтің барлық құралдар жиынтығын, сонымен қоса тек экспорт қана емес, сыртқы экономикалық байланыстардың әр түрлі нысандарын пайдаланады: ғылыми-техникалық айырбас, біріккен кәсіпорындар, контрактілік өндірістер, еншілес кәсіпорындар, т.б.
• Армстронг Г., Котлер Ф. Введение в

Бронникова Т. С., Чернявский А. Г.
Куртц Д. Четыре эры в истории

Котлер Ф. Основы маркетинга. Краткий курс
Котлер Ф. Маркетинг и менеджмент. —
Ламбен Ж.-Ж. Стратегический маркетинг Маркетинг:
Сэндидж Ч. И. Реклама: теория и
Эванс Дж. Р., Берман Б. Маркетинг.

Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Халықаралық маркетинг

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.  Халықаралық маркетингтік стратегиялардың жалпы түсінігі және оларды
құрастыру схемасы
2. Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметіне маркетингті пайдалану
ерекшеліктері.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Халықаралық маркетинг – бұл компанияның бас өкілдігі орналасқан елдің
ұлттық шекарасынан тыс жердегі тауарлар мен қызметтер маркетингі.Ішкі және
халықаралық маркетинг арасында айтарлықтай принципиалды айырмашылықтар жоқ.
Екі жағдайда да бірдей қызмет ету принциптері пайдаланылады. Алайда
халықаралық сауданың өзіндік спецификасына байланысты сыртқы елдердің
нарықтық, экономикалық, саяси-құқықтық, әлеуметтік, мәдени ортасын
ескермеуге болмайды. Халықаралық сауданың ерекшеліктерін, халықаралық
келісім-шарттар мен саудалық практиканы, салт-дәстүрді де есте сақтау
керек. Шетелдік нарықта қызмет етуді көздеген фирмалардың негізгі
міндеттерінің шешілу реті мынадай: халықаралық маркетинг ортасын зерттеу;
сыртқы нарыққа шығудың саналылығы туралы шешім қабылдау; нақты нарықтарды
таңдау; сыртқы нарыққа шығу тәсілдерін дайындау; маркетинг кешенін
қалыптастыру; маркетинг қызметін дайындау.
Халықаралық экономикалық қатынастар саласында маркетинг ұғымының
трансформациялануы байқалады. Фирманың сыртқы экономикалық қызметіне
байланысты айтатын болсақ, маркетингті -
сыртқы нарықта тиімді өткізу саясатын дайындауға және белсенді жүзеге
асыруға бағытталған қызмет түрі деп түсінген жөн. Оның негізгі 3 даму
сатысын бөліп қарастыруға болады:
1. Дәстүрлі маркетинг. Тауарды шекарадан тыс елге, ары қарай шығарып
салусыз сату. Экспортер сатып алушы алдында тек тауарды жеткізу немесе
сату мезетіне дейін жауапкершілікті сақтайды және, әдетте,тауардың
одан арғы жағдайына қызығушылық білдірмейді.
2. Экспорттық маркетинг. Бұл жағдайда экспортер шетелдік нарықты жүйелі
түрде өңдеуден өткізіп, өз өндірісін осы нарық талаптарына сай
қалыптастырады. Сонымен қатар, бұл нарықты үнемі зерттейді және ақырғы
тұтынушыға дейінгі тауардың бүкіл жолын бақылауға алуға тырысады.
3. Халықаралық маркетинг. Экспортер нарықты терең зерттейді және оны
өңдеу үшін маркетингтің барлық құралдар жиынтығын, сонымен қоса тек
экспорт қана емес, сыртқы экономикалық байланыстардың әр түрлі
нысандарын пайдаланады: ғылыми-техникалық айырбас, біріккен
кәсіпорындар, контрактілік өндірістер, еншілес кәсіпорындар, т.б.
Шекара сыртындағы маркетингтік қызмет өткізуді ғана емес, сонымен қатар
барлық функционалды қызмет салаларын қамтиды: қамтамасыз ету, ғылыми-
зерттеулік дайындаулар, өндіріс, қаржы, т.б. Шын мәнісінде бұл – шетелдік
жағдайдағы нарыққа бағытталған кәсіпорынды басқару болып табылады.
Халықаралық маркетингтің жоғарғы формасы - көпұлттық маркетинг – бұл
маркетингтік операцияларды тұтас әлемдік шаруашылықдеңгейінде жүзеге асыру.
Маркетингтік операциялардың бұл соңғы түрі трансұлттық корпорацияларға тән.
Егер халықаралық маркетинг жағдайында кәсіпорындар бір немесе бірнеше
шетелдік нарықтарға бағытталып, тауарды өз елінде шығарып, соңынан басқа
елдерде өткізсе, трансұлттық корпорациялар түрлі елдерде әрекет ете отырып,
тұтас әлемдік нарыққа қызмет ететін шетелдік өндірістік және өткізу
бөлімшелерін пайдаланады.

 Халықаралық маркетингтік стратегиялардың жалпы түсінігі және оларды
құрастыру схемасы
Халықаралық маркетинг концепциясының пайда болуы мен дамуы XX ғасырдың
60-70 жылдарына сәйкес келеді. Дәл осы периодта маркетинг принциптері
негізінде халықаралық масштабта нарықтық қарекеттің қайта құрылуына қажетті
алғышарттар қалыптасып, маркетинг корпоративтік басқару мен ұлттық
нарықтарда бәсекелік күрес құралы ретінде танылды. Әлемдік нарықтардағы
бәсекелестіктің қарқындалуымен, өндірістің күрделі технологиялық және
ұйымдастырушылық үлгілерімен, ақпараттық қанықтылықпен сипатталатын
қоғамдағы шаруашылықтың бүгінгі даму жағдайында сыртқыэкономикалық
қызметтің эффективтілігі, жалпы экономикалық белсенділік сияқты, маркетинг
құралдарын пайдалану әдістемесімен және оның мақсаттарымен тығыз
байланысты.Сонымен қатар әлемдік экономиканың интернационализациялануы,
халықаралық сауданың кеңеюі, капитал мен жұмыс күшінің динамикалық және
массалық орын ауыстыруына сәйкес, оның халықаралық аспектілері біршама
актуалданады.

Маркетингтік стратегиялар ұйым мақсаттары мен оған жету жолындағы
түрлі проблемалар арасындағы байланыстырушы жүйе болып табылады.
Маркетингтік стратегиялардың түрлері өте көп, бірақ оларды дайындаудың
универсалды ортақ схемасы жоқ. Сондықтан олардың мазмұны мен бағыты әр
түрлі болады: нарықтар мен нарықтық сегменттерді қамту стратегиясы,
бәсекелестік стратегиялары, жаңа нарыққа шығу стратегиясы,
бағалық стратегия, сондай-ақ нарықтық сұраныс пен тауарлық саясатқа
байланысты қолданылатын стратегиялар. Әрбір фирма өз қызмет түрінің
ерекшеліктеріне байланысты өз маркетингтік қарекетінің жеке әдітемесін,
қызметінің жалпы концепциясын жасайды. Ең бастысы, жоспарлау кезінде
маркетингтің өндірісті ұйымдастыру және өнімді өткізудің кешендік жүйесі
екенін естен шығармаған жөн.

Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметіне маркетингті пайдалану
ерекшеліктері.
Сыртқы экономикалық байланыстар барған сайын мекемелер мен ұйымдардың
шаруашылық қызметінің маңызды құрамдас бөлігіне айналып отыр. Шет елдерден
шыққан серіктестермен біріге отырып, экономикалық, өндірістік және ғылыми-
техникалық мәселелерге ат салыса қатынасуға қызығушылық артуда. Осындай
жағдайда көптеген өндірістік салалардың, шағын кәсіпорындар мен мемлекеттік
мекемелердің қызметкерлері әлемдік нарық туралы, оның құрылымы,
коммерциялық операцияларды жүзеге асыру техникасы жайында объективті
ақпаратты қажет етеді. Осы орайда халықаралық маркетингті қолдану сыртқы
нарықтарға қатысты ашықтықтың артуына байланысты өте маңызды рөлге ие болып
отыр.
Маркетинг басқарудың нарықтық бағытталу концепциясы ретінде
кәсіпорынның өзгермелі жағдайға тез жауап беруімен шартталатын
болғандықтан, маркетингтік қызметтің ең негізгі сатыларының бірі –
маркетингтік стратегиялар мен жоспарларды дайындау болып табылады. Бұл
мәселенің мәні қазіргі ұйымдар әрекет ететін орта жағдайы барынша
агрессивті және белгісіз болған сайын артып отыр.Кейде кәсіпкерлер осындай
тұрақсыздыққа байланысты стратегиялық жоспарлауды тек бос әуре деп
түсінеді. Бірақ жетістікке жеткен тез дамитын ұйым басқарушылары күні бүгін
қызметті қандай бағытта дамыту керектігі туралы нақты мәліметтер қажеттігін
біледі.Осы бағыттың ұзақ мерзімдегі пайдалылығы мен ұйымның мәніне ықпал
ететіні жоспарларда анық көрсетілуге тиіс.
Кез-келген кәсіпорынның жетістігі шығарылатын өнімдердің
номенклатурасын нарық динамикасымен оптималды түрде сәйкестендіре алу
қабілетіне тәуелді. Сондықтан маркетингтік мақсаттарға жетуге
көмектесетіндей әрбір нарық немесе оның жеке сегменті, сонымен қоса әрбір
жеке өнім үшін бір уақытта бірнеше стратегия дайындалуы мүмкін.
Маркетингтік стратегияларды дайындау – бұл негізгі міндеті алға
қойылған мақсаттарға жету болып табылатын және де кері байланысты
білдіретін үздіксіз, циклдық процесс. Маркетингтік жоспарлау үрдісі жай
қарапайым ресми жоспар жасаудан гөрі маңыздырақ.Бұл үрдіс ұйымда және оның
сыртында қалыптасқан жағдайға қарамастан универсалды болып табылады.
Жоспарлау процесінің ресмилік деңгейі компанияның көлемі мен оның тауарлық-
нарықтық диверсификациялану дәрежесіне тәуелді.
Сонымен, ақырында жоғарғы басшылықтың қатысуымен дайындалып, жоспар-
кестелермен бекітілген дұрыс маркетингтік стратегиялар ғана қысқа мерзімді
және ұзақ мерзімді перспективада компания қызметінің барлық жетістігін
анықтай алады.

Халықаралық маркетинг — маркетингтің жоғарғы мектебі. Былайша айтқанда,
фирманың жəне кəсіпорынның əлемдік нарыққа шығып, орнығуына қажетті іс-
шаралар жиынтығы. Оның негізінде тұжырымдамалық база, ішкі нарықта
қолданылатын əдістер мен құралдар бар.

Халықаралық маркетинг ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық маркетинг ерекшеліктері
Халықаралық сапа
Халықаралық маркетинг функциялары мен ұғымы, халықаралық маркетингтің мәні
Маркетинг түрлері
Кәсіпорын процестерін басқарудағы маркетинг қызметі
Халықаралық маркетинг ортасы
Халықаралық маркетингтің теориялық ерекшеліктері
New face модель мектебіндегі маркетингтік қызметті ұйымдастыру және басқаруын талдау
Маркетинг негіздері
Маркетингтің теориясы және тұжырымдамалары
Пәндер