Маркетинг жүйесіндегі тауар ұғымы


Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Маркетинг жүйесіндегі тауар

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1 Маркетингтегі тауар түсінігі

2Маркетингтегі қызмет

3Маркетингтегі тауар саясаты

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

1) Пайдалану мерзімі бойынша тауарлар қысқа мерзімде және ұзақ мерзімде қолданылатын тауарлар деп бөлінеді. Қысқа мерзімде қолданылатын тауарларды бір немесе бірнеше рет пайдалануға болады. Оған материалдық бұйымдар (сабын, нан, сыра, т. б. ) жатады. Ал ұзақ мерзімдік тауарлар бірнеше жылдар бойына қолданылады. Мысалы, тоңазытқыш, автомобиль, кір жуғыш машиналар және т. б.

Түпкі тұтынылуына қарай тауарлар тұтыну тауарлары және өндіріске арналған тауарлар деп бөлінеді. Тұтыну тауарларына негізгі тұтынушы қолдануы үшін сатып алатын тауарлар жатады. Олар - күнделікті сұранымдағы, алдын ала таңдалынатын, ерекше сұраныстағы және пассивті (бәсең) сұраныстағы тауарлар деп бөлінеді. Күнделікті сұраныстағы тауарлар - бұл тұтынушылар еш қиындықсыз, ойланбай-ақ, жиі сатып алатын кең тұтынудағы тауарлар мен қызметтер. Оларға нан, сабын, тіс пастасы сияқты тауарлар жатады. Әдетте бұл тауарлар арзан, әрi оларды күнделiктi сатып алуға болады. Алдын ала таңдалынатын тауарлар күнделікті сұранымдағы тауарларға қарағанда жиі сатып алынбайды, тұтынушы тауарды таңдау және сатып алу процесінде олардың безендірілуіне баса назар аударып, қасиеттерінің өзара үйлесімділігін салыстыра қарайды. Мұндай тауарларға жиһаздар, киімдер, электроника түрлері және т. б. жатады. Ерекше сұраныстағы тауарлар аса сирек сипатқа ие және тұтынушылар бұл тауарларды сатып алу үшін айтарлықтай күш жұмсайды. Оларға кейбір автомобиль маркалары, электрондық, электрлі-тұрмыстық техникалар жатады. Ал пассивті (бәсең) сұранымдағы тауарлар - тұтынушы білмейтін, білсе де, әдетте оны сатып алу туралы әрқашан ойлана бермейтін кең тұтынудағы тауарлар (жаңа енгізулер, сақтандыру түрлері, күзет жүйесі және т. б. ) .

Өндірістік мақсатқа арналған тауарлар - кейін қайта өңдеуге немесе өндіріске пайдалану үшін алынатын тауарлар, яғни, шикізат, материалдар, жабдықтар, қосалқы бөлшектер және тағы басқа заттар.

Тауарлық ассортимент дегеніміз функционалды және тұтынушылық сипаттамасы, сондай-ақ бөлу арналары бойынша ұқсас тауарлардың тобы.

Тауар ассортиментінің кеңдігін және тереңдігін бөліп көрсетуге болады.

Тауар номенклатурасы - нақты сатушылардың сатып алушыларға ұсынатын тауарлар мен тауар бiрлiктерiнiң барлық ассортименттiк топтарының жиынтығы.

2) Тауар саясаты дегеніміз - тауар ассортиментiн қалыптастыру бойынша олардың жаңа түрлерiн жасау, сапа және бәсекеге қабiлеттiлiгiн жоғарылату, өмiрлiк циклiн талдау, тауарлық белгiлердi пайдалану, буып-түю, орау, таңбалау және сервистiк қызмет көрсету бойынша шешiм қабылдауды қажет ететiн фирманың көп факторлы қызмет көрсету аумағы .

Тауар стратегиясы - тауар өндiрiсiнiң ресурстық мүмкiндiктерi мен нарықтық конъюнктура жағдайына сай болашақта даму бағытын анықтайтын құралы.

Фирма өндiретiн тауарлар түрiнiң ұйымдастыру саласына: оның сапасы, қызметі, сыртқы түрi, таңбалануы, буып-түю, орауы және сервисi жатады.

Егер өнiм сапасы оны жасайтын материал құрамы, мөлшері, дәмi сияқты физикалық және химиялық құрамдарының қасиеттерiне байланысты болса, оның сыртқы түрiне әр түрлi геометриялық фигуралар жиынтығынан (комбинациясынан) тұратын түрі, түсi, дизайны әсер етедi.

Сапа - бұл тұтынушы сұранысы мен қажеттілігіне жауап беретін тауардың қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы.

Тауар сапасын көтеру бұрын өндірген өнімдердің ескіруіне әкеліп соғады. Кейбір жағдайда өндiрушiлер тауарды жасанды түрде ескіртедi. Мысалы, шұлық бұйымдары мен электр лампаларын өндірушілер тауарлары тез айналымда болуы үшiн олардың сапасын әдейi төмендетуi мүмкiн.

Тауар сапасы, көбінесе «өнім өзегiне», яғни, оның физикалық және химиялық қасиеттеріне, дайындалған материалдар құрамына, салмағына, дәміне, иісіне, икемділігіне, құрастырылуына, қуаттылығына, өнімділігіне байланысты болады. Өнімнің қызметі көбінесе оның белгілеуімен байланыстырып түсіндіріледі.

Өнiмнiң сыртқы түрі тұтынушының тауарды сатып алуына әсер ететін маңызды фактор болып саналады. Ол өнім түрінің, түсінің, дизайнының, мөлшері мен буып-түюінің сәттi болуына байланысты.

Түс - өнімді түрлендіру үшін қолданылатын қарапайым құрал. Әлемде 7, 5 млн-ға жуық түс және 2800-ге жуық олардың атауы белгілі .

Дизайн - нарықта тауарды саралауға қолданатын негізгі мықты құралдардың бірі. Сәтті дизайн бұйым формасы мен тауар функциясының сәйкестігін бейнелейді. қабылдау керек.

3) Уақыт ағымына қарай тұтынушылардың талғамы мен сұранысы өзгереді. Өнім ұзақ уақыт бойы нарықта қалуы үшін фирма тауарының ассортиментін жаңалап, тұтынушы талаптарына сай олардың сапасын жақсартып отыруы қажет.

«Жаңа тауар» түсінігінiң ондаған ұғымдары бар. Жаңа тауарға жаңа принципті қажеттіліктерді қанағаттандыратын фирманың қайта шығарған бұйымдары жатады.

Жаңа өнім - бұл өнімнің модификациясы, жаңалық енгiзу және жаңартпасы.

Жаңғыртып, жетілдіру (модификация) - бұл тауарлар сипаттамасының сапалық немесе физикалық өзгерісі.

Жаңа енгізулер - ол фирмада бұрын өндірілмеген және сатылмаған өнім.

Инновациялық тауар - бұл нарықта бұрын болмаған, алғашқы түпнұсқадағы тауарлар.

Тауар нарыққа көңіл аудару, пайдалану немесе тұтыну үшін ұсынылатын
және мұқтаждылықтарды қанағаттандыратын барлық іс-әрекеттер. Тауар
бiрлiгi дегеніміз түрі, құны, шамасы және тағы басқаларды сипаттайтын
бірлік. Тауарды жасауда фирма үш деңгейдегі пікірді қабылдайды:
1-ші пікір бойынша тауар деңгейі сатып алушы қандай тауар сатып алады
деген сұрақтарға жауап береді. Нарық жетекшілерінің негізгі міндеттері кез
келген тауардағы мұқтаждылықты алу, ашу және оның тауарлық қасиеттерді
емес тұтынушыға тигізер көмегін сату;

2-ші пікір бойыншы тауарларды нақты тауарға айналдыру, нақты тауарды
сипаттағанда не болады, сапа деңгейі, қасиеті, безендірілуі, маркалық аталуы
және орамасы;

3-ші пікір нығайтылған тауар бұл қосымша қызметтермен көмектер
қосылған тауарлар. Нарық жетекшілері тауар үшін маркетинг стратегиясын
таңдау кезінде сол тауарға тән сипаттамасын реті бойынша тауарға
классификация жасайды.

2. Тауардың өмiрлiк циклiнiң (ТӨЦ ) тұжырымдамасы

ТӨЦ - бұл тауардың нарықта болу уақыты. ТӨЦ тұжырымдамасын американдық ғалым Теодор Левитт 1965 жылы әзірлеген болатын. Тауардың нарықта өмір сұру кезеңдерін сипаттайтын өзіндік өмірлік циклі болады. Тауар ерте ме, кеш пе, жетілген немесе қымбат емес басқа тауардың нарыққа келуіне байланысты нарықтан ығысады. ТӨЦ өнімге деген нарықтағы сұранысты, фирма табысын, тауар ассортиментін, нарық сегментін, бәсекелестердің іс-қимылын және оның әр кезеңдегі маркетингтің стратегиясын зерттеуге мүмкіндік береді. ТӨЦ тұжырымдамасы тауар түріне (ет тартқыш), типіне (тоқпен істейтін еттартқыш ) қатысты, сондай-ақ сауда маркасына ( «Braun» электрлі еттартқыш) қарай қолданылуы мүмкін. Тауар типі, әдетте, тауар түрі мен сауда маркасына қарағанда дәстүрлі өмірлік циклін нақтырақ орындайды. ТӨЦ - тің құрылымы бірнеше кезеңмен сипатталады. Оның саны әр авторда әрқалай 4-тен 6-ға дейін арада ауытқиды
Әдетте, ТӨЦ-тің енгізу (нарыққа шығару), өсу, кемелдену және
құлдырау сияқты 4 кезеңін бөліп қарастырады. Олар жеке фирмалар
үшін нақты мақсаттары, ресурстары, маркетингтік жоспары, бәсекелік
ортасы, табыс деңгейі, және енгізу кезеңі бойынша ерекшеленуі мүмкін.
Әр түрлі тауарлар үшін ТӨЦ кезеңдерінің ұзақтылығы әр қилы, ол
бірнеше күннен бірнеше жылға дейін созылуы мүмкін.
ТӨЦ кезеңдері қажеттілік пен сұраныс шамасы, халықтың өмір
сүру деңгейі (ол жоғары болған сайын тауарды жиі ауыстыру тенденциясы
да жоғары), ҒТП - тің даму қарқыны, нарық коньюнктурасы сияқты
факторларға байланысты сараналады. ТӨЦ туралы мынадай тұжырымдар
анықталған:
ТӨЦ-тің әр кезеңінде экономикалық және бәсекелік орта өзгеріп
отырады:

  • оның әр кезеңі үшін басымды стратегиялық мақсаттаранықталады;
  • ТӨЦ-тің әр кезеңінде шығындар мен пайда құрылымы әрқалай;
  • маркентингтік бағдарлама ТӨЦ-тің кезеңіне бағытталуы қажет.

Маркентингтің міндеті - нарықтағы тауардың өмір ұзақтығын ұтымды
түрде ұзарту.

Бұл кезеңдегі маркентингтің басты мақсаттары:

· сұраныс өсуіне байланысты нарықты кеңейту;
· бәсекелестерден құтылу үшін тауардың жаңғыртып, жетілдіруін ұлғайту;

· тауарларды үлкен көлемде сату үшін кең өткізу желісін қолдану;

· ұтынушылардың жаңа тобын табу үшін бағаны төмендету.

Мұндай нарықта даму үшін фирманың қаржылық базасы болуы қажет.

Тауарлық ассортимент

Тауарлық ассортимент - бұл бір-бірімен пайдалануының ұқсастығымен немесе бір клиенттер тобына өткізуімен немесе бағаның бір аралығында сатылуымен тығыз байланысты тауарлар тобы. Тауар ассортиментінің кеңдігі туралы шешім қабылдайтын бір адамға тауар ассортиментімен жұмыс істеуді тапсырады. Бұл шешімдер мыналар:

нарықты ұлғайту мақсаттарымен төмен қарай кеңейту (нарықтың жоғарғы эшолонынан төменгі эшолондарды басып алу үшін) ;

жоғары қарай кеңейту, бұл бәсекелестердің кері соққысына және тәуекелге әкелуі мүмкін;

екі жақты кеңейту.

Тауарлық ассортиментті толықтыру туралы шешімдер қосымша пайда немесе қолданыстан шыққан қуаттарды іске қосуды көздейді. Бірақ ассортиментті шектен тыс кеңейту жалпы пайданың азаюына соқтырады.

Тауардың өмірлік циклі

Экономика ғылымында көлемдердiң кезең түрiндегi толқуын және өнiм өмiрiнiң кезеңдерiн экономикалық циклi, немесе тауардың өмiр циклi деп аталады. Тауардың өмiрлiк циклі (ТӨЦ) дегенiмiз тауардың рыноктағы өмiр сүру мерзiмi, өмiр сатылары болады. Өнiмнiң өтiмiне, пайданың көлемiне, тұтынушылардың мiнез-құлқына, бәсекелестiктерiне, маркетинг стратегиясына тауардың өмiр циклi аса күштi ықпал жасайды.

  • нарыққа енгiзу,
  • өсу,
  • кемелiне жету,
  • құлдырау.

Нарыққа енгiзу фазасында - жаңа тауарға нарық қалыптасады. Сату көлемi, маркетинг шығындары шамалы болады. Бұл фазада пайда алынбайды, керiсiнше шығын болуы мүмкiн.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маркетинг тауар
Маркетингтің теориясы және тұжырымдамалары жайлы
Банктердің маркетингтік қызметіндегі көрсеткіштер жүйесі
Маркетинг пайда болуының және дамуының алғы шарттары
Икемді және тиімді банктік маркетинг
Маркетингтің әлеуметтік-экономикалық мәні
Маркетинг жүйесіндегі тауар түсінігі
Халықаралық сапа
Маркетинг ұғымы және нысандары (объектілері)
Алматы қаласындағы 1 Сыра зауытының тауар саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz