Маркетингті бақылау және жоспарлау


Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Маркетингті бақылау және жоспарлау

Жоспар

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

1. Маркетингті жоспарлау, оның рөлі мен артықщылықтары.

2. Маркетингтік стратегия және оның жоспарлау процесі.

3. Маркетингтегі стратегиялық жоспарлаудың ерекшеліктері мен міндеттері.

4. Маркетингтік бақылау.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының экономикасы түбегейлі жүйелік өзгерістер кезеңін басынан өткеріп жатыр. Кәсіпорындар мен ұйымдарда басқарудың жаңа жүйесі қалыптасып келе жатқан кезеңнің негізгі құрамдарының бірі - маркетинг жүйесі. Қазақстанның маркетингтің қалыптасуының қажеттілігі жалпы әлемдік басқарудың теориясы мен практикасының тенденцияларымен анықталады. Қазақстанда маркетинг жүйесінің қалыптасуы бағыттары мен мүмкіндіктерін, шарттарын анықтау мақсатында маркетингтің дамуының теориялық тұжырымдамаларын құру және оның тәжірибесін талдау маңызды мәселелердің бірі. Нарықтық эканомиканың эвалюциялық жолына түскен Қазақстандағы маркетингтің дамуы нарық заңдары мен қағидаларынан туындайды. Маркетингті игеру және оның кәсіпорындағы басқару жүйесімен бірігуі нарықтық экономиканың даму деңгейін көрсетеді. Нарықтағы қатаң бәсеке, халықтың төлем қабілеттілігінің төменділігі, кәсіпорынның айналым құралдарының жеткіліксіздігі, өндірістік шығындардың үнемі өсуі отандық өнімнің бәсеке қабілеттілігін төмендетіп, өткізуді қиындатуда. Бүгінгі таңда қалыптасқан экономикалық жағдайларда кәсіпорындар алдында тұрған жаңа мәселелерді пайымды шешу маркетинг принциптері мен әдістерін қолдану арқылы жүзеге асады. Осы тұрғыда маркетинг өндіруші көзқарасындағы тиімді шығын мен пайда кезінде сұранысты табу, болжау және оны қанағаттандыруға байланысты тұтынушыға негізделген тауар өндіру және басқару жүйесі ретінде сипатталады. Қазақстан Республикасында өндірілетін тауарлар мен қызметтердің көпшілігі бойынша тұтынушылар мұқтаждығының қанағаттандырылуы деңгейі әлі де төмен, осы кезде өндіріс құралдары мен жекелей түрлерінің дамуы әр түрлі қарқынды жүруі салдарынан айтарлықтай ішкі салалық және аймақтық диспропорциялардың болуына әкелді. Қазақстан Республикасы экономикасында болып жатқан құнсыздану үрдісі, жалпы өндірістік қуаттылықтар құнының қымбаттауы, сонымен қатар кәсіпорындардың қалыптасқан қаржылық жағдайындағы өз қоры есебінен дамыту және жаңғырту айтарлықтай ауыртпалықтар туғызады.

Кәсіпорынның маркетингілік қызметінің барлық бағыттары бойынша тәптіштелген жоспарлар әзірлеу. Мұндай маркетинг-жоспарлардың құрылымында негізгі көрсеткіштердің тізбесі, рыноктардың, олардың негізгі бөліктерінің, тұтынушылардың (сатып алушылардың), бәсекелестердің сипаттамасы, бәсекенің салдарынан болатын ықтимал қиындықтарды талдау, бәсекелестік артықшылықтар, жоспарлы кезеңде фирма қол жеткізуге тиіс тұжырымдалған мақсаттар, маркетинг стратегиясын - оның барлық кешені, мақсатты рыноктар, шығындардың деңгейі бойынша қызметінің бағдарламалары, оның барлық ұстанымдары бойынша нақты іс-қимылдары, болжалды пайданың есебі, жоспардың орындалуы барысына бақылау жасау қамтылады. Фирма өнімнің (тауарлардың) бірнеше түрлерін, алуан түрлі сұрыпталымдық топтарды өндіретін, түрлі рыноктарда жұмыс істейтін жағдайда әрбір жайғасым бойынша жеке маркетинг-жоспар жасалады. Осы жұмыстымда маркетинг жоспарлау жолдарын оның мақсаттары жөнінде және т. б. маркетинг қызметтері жүзеге асыру барысында қолданылатын жоспарлау түрлерімен және оларды бақылау процесімен танысамыз.

1. Маркетингті жоспарлау, оның рөлі мен артықшылықтары

Маркетингтік жоспар -маркетингтік қызметтің мақсаттар, стратегиялар, осымен қатар олардың нақты уақыт аралығында іске асыру шараларының жиынтығы.

Маркетингтік жоспардың мақсаты- стратегиялық жоспарда көздеген өндірістің, сатудың, табыстың өсуін іске асыру

Маркетингтік жоспарға өндіріс жоспарлары, тауарлар шығарудың, нарықтық қызметтің, маркалы бұйымдарды шығарудың жоспарлары да жатады.

Әдетте, маркетингтік жоспарлаудың уақыт мерзіміне байланысты 3 түрі болады:

Ұзақ мерзімді жоспар

Орта мерзімді жоспар

Жылдық жоспарлау

Ұзақ мерзімді жоспарда(5-10 жыл) әрбір нақтылы тауар бойынша осы тауардың нарығына ықпал жасай алатын факторлар анықталады, жоспарлы кезеңнің мақсаты, пайдаға жеткізетін стратегиялық тәсілдер байыпталады. Әрбір жылдың нәтижесі бойынша ұзақ мерзімді жоспар өзгертіледі және толықтырылады.

Орта мерзімді жоспарда (2-5жыл) нақтылы жағдайдағы кезеңге байланысты болып келеді, өйткені ол өте алыс болашақты қамтымаған. Бұл жоспарлауда ұзақ мерзімді жоспардағыдай болып келеді.

Жылдық жоспарлау -бұл ұзақ мерзімді жоспардың сол жылда іске асыруға міндеттілерінің тарамдалған нұсқасы. Жылдық жоспарда маркетингтік жағдайлардың, мүмкіндіктер мен қатерлердің, әрбір өндірілетін тауар тарапынан туатын мақсаттар мен міндеттердің толық сипаттары берілді, маркетинг стратегиясы және осы жылдық іс-қимылдың бағдарламасы баяндалады.

Маркетинг жоспарын тиімді құруға әсер ететін факторлар мыналар болып табылады:

Өткен мерзімдегі жасалған маркетинг жоспарының орындалуын талдау

Ағымдағы нарықтық жағдайды талдау, оның өзгерісінің динамикасы

Ұйымның іскерлік тұрақтылығының факторларын талдау, ұйым шығаратын тауарлардың нарықтағы сұраныс факторлары

Әрбір компания өзінің мақсаты мен саясатын анықтап, болашаққа жоспар құру тиіс.

Маркетинг жоспары - бұл құжаттар жоспарларының мамандандыруы, ол белгілі бір уақыт кезеңінде маркетингтің мақсатын іске асырушы үшін құрылған. Маркетинг жоспары әрбір стратегиялық шаруашылық бөлімшелер (СШБ) үшін құрылады және оған азық - түлік желілер үшін жоспарлар және бөлек базалар бойынша өнімдер түрі үшін жоспарлар кіреді. Әдетте компаниялар: жылдық, ұзақ мерзімді және стратегиялық жоспарлар құрады.

Ұзақ мерзімді жоспар - негізгі факторлар мен күштерді бейнелейді, олар келесі жылдар бойында ұйымдастыруға әсер етеді. Оған ұзақ мерзімді мақсаттар, негізгі маркетингтік стратегиялар, ресурстар жатады.

Стратегиялық жоспар - әрдайым өзгергіш ортада компанияға өз мүддесіне көмек көрсету үшін құрылады. Ол терең мақсаттар мен компанияның борышын анықтаудан басталады, содан кейін SWOT-талдаудың нақты мақсаттары белгіленеді (компанияның мықты және әлсіз жақтары жайлы және мүмкін қауіп-қатер туралы есептеме) .

Қазақстандық кәсіпорындар үшін ең алдымен қызметтің басқа түрлерінің қаражат үнемдеуіне әкелетін тауарларды қаржыландыру беталысы мінезді, оларға маркетинг те кіреді.

Маркетингтік жоспарлар оны құрастыратын менеджерлердің міндеттері бөлінбегендіктен, жүзеге асырудың бағдарламасы мен жұмсалатын шығындары анықталмағандықтан, тәжірибе жүзінде іске аспайды.

Маркетинг жоспарларын ұтымды етіп жасап, оны зор табыспен жүзеге асыру үшін нысанды амалдар (процедуралар), ұйымдастыру жүйесі, сауатты әдістеме, жазбаша жоспардың болуы қажет.

Маркетингтік жоспар айқын көрсетіліп, ұжымда талқылануы керек. Жоспарлауға қатысушы менеджерлер маркетинг жоспарын әзірлеудің мәнін, рөлін, мақсаттарын, талдау мен жасау тәсілдерін білгені жөн. Жоспардың табысты орындалуы үшін менеджерлер арасында міндеттерді дұрыс бөліп, оның жасау мерзімін, бюджетін белгілеу қажет.

Маркентингтік жоспарлар корпорация және оның бөлімшелері, стратегиялық шаруалық бөлімшелер /СШБ/, компания, өнім түрлері және жеке өнім, жеке нарықтар және маркетинг кешенінің әрбір элементі бойынша жасалынады.

Маркетинг жоспарлары мынадай белгілер бойынша бөлінеді:

• қамту ауқымы;

• іс-әрекет ету мерзімі;

• мәнділігі;

• әзірлеу әдістері.

2. Маркетингтік стратегия және оның жоспарлау процесі.

Маркетинг стратегиясы - бұл кәсіпорынның стратегиялық басқарудың құрамды бөлігі.

Стратегия мақсаты: ұзақ мерзімді бәсекелестік артықшылықтарға жету, олар компанияның жоғары үнемділігін қамтамасыздандырады.

Маркетинг теориясында маркетингтің түрлі стратегиялары қарастырылады, оларды таңдау үшін матрицалар мен бәсекеге қабілетті индикаторлары қолданылған талдаулар әдістері құрастырылған.

Стратегиялық жоспарлау деп - басқармамен ерекше маманданған жоспарлауға негіз болатын іс-әрекеттер мен шешімдердің жиынтығын айтады. Әдетте компаниялар жылдық, ұзақ мерзімді және стратегиялық жоспарлар құрады.

Жылдық жоспар- қысқа мерзімге өңделіп, ағымдық ситуацияны, компания мақсаттарын, алдыңғы жылға қоылған стратегия мен бюджетті, бақылау формасын анықтайды.

Ұзақ мерзімді жоспар- болашақтағы ұзақ жылдар бойы компанияға әсе ететін негізгі факторлар мен күштерді анықтайды. Онда негізгі ұзақ мерзімді мақсаттар, негізгі маркетингтік стратегиялар көрсетіледі. Бұл жоспарға жыл сайын өзгертулер мен түзктулер енгізіліп отырады.

Стратегиялық жоспар- компанияға өз мүддесі үшін өзергмелі сыртқы ортаның барлық мүмкіндіктерін қолдануға бағытталған. Бұл- компанияның мүмкіндіктері мен мақсаттары арасында стратегиялық байланыстар орнатуға бағытталған.

Қауіптер:

Бәсекелестердің белсенділігі. Нарықтағы бәсеке интенсивтілігі мен әлуетті бәсекелестердің келуі талданады.
Демографиялық өзгерістер- днмографиялық жағдайлардың кері әсер етуі.

Мықты жақтары мен әлсіз жақтары анықталады.

Мұнда табыстың шешуші факторлары анықталуы тиіс.

Стратегияны қалыптастыруда сала өмір циклының қандай кезеңінде екенін ескеру қажет (туындау, тез өсу, құлдырау) . Салада жағдайдың 5 классикалық түрі бар:

Жаңа және тез дамып келе жатқан салалардағы бәсеке;

Тоқыраушылық және төмендеу жағдайдағы салалардың бәсекесі;

Жеткен сатыда тұрған салалардың бәсекесі

Бөлектенген салалардағы бәсеке

Халықаралық рыноктардағы бәсеке және фирмалардың үш классикалық ахуалы-рыноктағы модерн-фирмалар ; екі рөл атқаратын фирмалар, әлсіз немесе дағдарыстан азап шеккен компаниялар.

Маркетинг стратегияларын талдау нәтижесінде оларды бір аз белгілер арқылы жіктеуге мүмкіндік бар:

Фирманың шыққан негізі, даму логикасы және басқару дәстүрі

Сұранысытң қалыптасқан және әлеуеттілік ерекшеліктері, рынок коньюнктурасы

Фирманың сипаттамасы:оның клемі, нарықтағы абсолюттік және салыстырмалы үлесі, нарықтағы белсенділік дәрежесі.

Фирма үшін дәстүрлі басымдықтар

Фирманың құрылған негізі және даму қисынының белгісі бойынша стратегиялық маркетингтің келесідей үлгілерін көрсетуге болады:

Жоспарлық

Кәсіпкерлік

Тәжірибелік

Салалардың тоқырау кезінде жетістікке жеткен компаниялар негізінде келесідей стратегияларды ұстанады:

1) болашағы бар нарықтық бөлшектерді жасау және әзірлеу стратегиясын ұстану

2) сапаны жақсарту және инновациялар арқылы дифференциялау жолы

3) шығынның деңгейін түсіру үшін үздіксіз ынталы жұмыс істеу

3. Маркетингтегі стратегиялық жоспарлаудың ерекшеліктері мен міндеттері.

Компанияның жалпы стратегиялары әдетте маркетингтік стратегиялармен тұспа-тұс келеді. Маркетинг тұтынушылардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруды көздесе осы факторлар дәл компания миссиясын да анықтады. Әдетте стратегиялық жоспалауда:

Нарық үлесі;
Нарықтың дамуы;
Өсім;

Сияқты көрсеткіштер қарастырылады. Практикада көптеген жетекшілер стратегиялық жоспарлауды «стратегиялық маркетингтік жоспарлаумен» теңестіреді.

4. Маркетингтік бақылау

Маркетинг мақсаттарына жету үшін кәсіпорынның маркетингтік қызметі бақылануы керек. Маркетингтік бақылаудың үш негізгі типі бар, олар:

1. Жылдық жоспардың орындалуы бақылау;

2. Пайдалылықты бақылау;

3. Стратегиялық бақылау.

Қорытынды

Маркетинг жоспары - бұл белгілі бір уақытта маркетинг мақсатына жету үшін әзірленген жүйелік және біртұтас бағдарламалар жиынтығы нысандырылған құжат.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маркетингiлiк жоспарлау
Қазақстандағы кәсіпорындарда маркетингті ұйымдастыру
Маркетингті басқарудың функционалдық құрылымы
Маркетингті стратегиялық жоспарлау
Маркетинг жоспарының құрылымы
Тауарды жетілдіру тұжырымдамасы
Стратегиялық жоспарлау процесі
Баспа өнімдері саласындағы кәсіпорындағы маркетингтік қызметті ұйымдастырудың теориялық негіздері
Кәсіпорынды басқару процесі
Маркетинг процесін басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz