Жекешелендіру — меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
II. Негізгі бөлім
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жекешелендіру – меншікті мемлекет иелігінен алу бағыт¬тарының бірі, ал оның мәні – меншікті жеке және заңды тұлғалардың жекеменшігіне беруде. Мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру – азаматтар мен акционерлік қоғамдардың мемлекеттен және жергілікті билік органдарынан, кәсіпорындарды және олардың кәсіпорындар ретінде бөліп шығаратын бөлім-шелерін, кәсіпорындардың материалдық және материалдық емес активтерін, акционерлік қоғамдарының капиталындағы мемлекет пен жергілікті билік органдарының үлестерін, жеке¬шеленетін кәсіпорындардың басқа кәсіпорындар капита¬лындағы үлестерін меншікке алуын білдіреді.
Мұнда бастысы елімізде қомақты бос жатқан қаржысы бар адамдарға мемлекет меншігін алуға мүмкіндік беріледі. Бұл жерде отандық кәсіпкер болсын, қарапайым адам болсын, елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық өзгерістердің белсенді қатысушысына айналуы тиіс. Сөйтіп, жаңа бизнес-саясаттың үлкен мүмкіндіктерін мүлт жібермей пайдалануы керек. Себебі, аталған бағдарламаның негізгі мақсатының өзі – қара¬пайым азаматтарды қор нары¬ғына тартып, бағалы қағаз¬дарға инвестиция салуды жан¬дандыру. Сонымен қатар, бұл жекешелендірудің арқа¬сында қазірде мемлекеттің қал-тасына қарап отырған, осылайша мемлекеттің қаншама қаржысын иемденіп, оны не игере алмай, не ұқсата алмай отырған компаниялардың саны азаяды. Мәселен, республика бойынша бюджеттен қаржыландырылатын, бірақ мемлекеттік кәсіпорын саналмайтын ұйымдардың бірден 782-сін бәсекелестік ортаға тапсыру, тағы 380 ұйымын қайта құру немесе жою көзделуде екен. Шамамен 850 нысан жеке секторға өтпек. Мұның өзі мемлекет қаржысына қаншама үнем болары анық.
Жекешелендіру дегенде, бұл – жерде мемлекет барлығын тұтастай жекенің қолына ұстата салады деген сөз емес. Тек екшелеп, зерттеп, таразылап барып, бақылау пакетінің қандай да бір бөлігін мемлекет қарамағында қалдырып осындай қадамға барады. Жекешелендіру аясында жеке тұлғаның қолына өткен нысандар 5 жыл мемлекет бақы¬лауында болады. Қазір еліміз сауда-саттықтың жаңа нысанына көшті, бұл нысандардың одан әрі пайдаланылуын бақылауға мүмкіндік бермек. Яғни, сату-сатып алу келісімшартына қол қойылғаннан кейін, олар сатушы орган тарабынан бақыланатын болады. Демек, республикалық меншіктің, әкімдіктердің немесе ұлттық компаниялардың нысандарына қатысты келісімшарттағы міндеттемелері орындалмайтын болса, онда шарт жойылып, мүлік қайтарылады.

1. Дереккөз: www. aktobegazeti.kz Бекзат МОЛДИН
2. «Егемен Қазақстан». Динара БІТІКОВА,
3. Камаева В.Д. «Основы экономической теории» , - Москва, 1996 год
4. Әубәкіров Я. «Экономикалық теория негіздері»- Алматы, 1998 жыл
5. www.halyk-gazeti.kz Жазира ӘШІРБЕК

Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жекешелендіру - меншікті мемлекет иелігінен алу бағыт - тарының бірі, ал оның мәні - меншікті жеке және заңды тұлғалардың жекеменшігіне беруде. Мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру - азаматтар мен акционерлік қоғамдардың мемлекеттен және жергілікті билік органдарынан, кәсіпорындарды және олардың кәсіпорындар ретінде бөліп шығаратын бөлім - шелерін, кәсіпорындардың материалдық және материалдық емес активтерін, акционерлік қоғамдарының капиталындағы мемлекет пен жергілікті билік органдарының үлестерін, жеке - шеленетін кәсіпорындардың басқа кәсіпорындар капита - лындағы үлестерін меншікке алуын білдіреді.
Мұнда бастысы елімізде қомақты бос жатқан қаржысы бар адамдарға мемлекет меншігін алуға мүмкіндік беріледі. Бұл жерде отандық кәсіпкер болсын, қарапайым адам болсын, елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық өзгерістердің белсенді қатысушысына айналуы тиіс. Сөйтіп, жаңа бизнес-саясаттың үлкен мүмкіндіктерін мүлт жібермей пайдалануы керек. Себебі, аталған бағдарламаның негізгі мақсатының өзі - қара - пайым азаматтарды қор нары - ғына тартып, бағалы қағаз - дарға инвестиция салуды жан - дандыру. Сонымен қатар, бұл жекешелендірудің арқа - сында қазірде мемлекеттің қал - тасына қарап отырған, осылайша мемлекеттің қаншама қаржысын иемденіп, оны не игере алмай, не ұқсата алмай отырған компаниялардың саны азаяды. Мәселен, республика бойынша бюджеттен қаржыландырылатын, бірақ мемлекеттік кәсіпорын саналмайтын ұйымдардың бірден 782-сін бәсекелестік ортаға тапсыру, тағы 380 ұйымын қайта құру немесе жою көзделуде екен. Шамамен 850 нысан жеке секторға өтпек. Мұның өзі мемлекет қаржысына қаншама үнем болары анық.
Жекешелендіру дегенде, бұл - жерде мемлекет барлығын тұтастай жекенің қолына ұстата салады деген сөз емес. Тек екшелеп, зерттеп, таразылап барып, бақылау пакетінің қандай да бір бөлігін мемлекет қарамағында қалдырып осындай қадамға барады. Жекешелендіру аясында жеке тұлғаның қолына өткен нысандар 5 жыл мемлекет бақы - лауында болады. Қазір еліміз сауда-саттықтың жаңа нысанына көшті, бұл нысандардың одан әрі пайдаланылуын бақылауға мүмкіндік бермек. Яғни, сату-сатып алу келісімшартына қол қойылғаннан кейін, олар сатушы орган тарабынан бақыланатын болады. Демек, республикалық меншіктің, әкімдіктердің немесе ұлттық компаниялардың нысандарына қатысты келісімшарттағы міндеттемелері орындалмайтын болса, онда шарт жойылып, мүлік қайтарылады.
Негізгі бөлім
Жекешелендіру -- меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Ол бұрынғы социалисттік жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өзекті шарты болып табылады, шаруашылық субъектілерінің іс белсенділігін күрт арттыру үшін, экономикалық бәсекелестікті жандандыру үшін жүргізіледі. Мемлекеттік өндіріс орындарын жекешелендіру -- күрделі мәселе, ол әсіресе халықтың менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу қиын. Әсіресе, жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты талап етеді. Сол сияқты кейбір стратегиялық маңызды салаларда (қару-жарақ, ядролық заттар, тағы басқа өндірістер), не болмаса нарыққа көшіруге әлі толық негіз болмаған жағдайларда (іргелі ғылым, кейбір білім,мәдениет, өнер, тағы басқа орталықтар) жекешелендіру жүргізілмейді, олар мемлекет меншігінде қала береді. Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процесі шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар жөнінде заңдар жүйесімен, нормативтік актілер арқылы және мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүргізілді.
Жекешелендіру келесі мақсаттарға жету үшін бағытталған:
* Мемлекеттік шығындарды қысқарту;
* Жеке меншік иелерінің қауымын қалыптастыру;
* Белсенділігі бар ортаны қалыптастыру;
* Кәсіпрынның өнімділігін ұлғайту;
* Шетелдік инвесторларды қызықтыру.
Жекешеліндіруді мемлекеттік меншік туралы ҚР Мемлекеттік Комитеті және территориялық органдар қарастырады.
Жекешелендірудің келесідей әдістері бар:
1. Аукциондағы бәйге бойынша сату-сатып алу
2. Кәсіпорын капиталындағы акциямен бөлісу
3. Жалға берілген кәсіпорын мүлкін сатып алу
Қазақстанда жекешеліндіру процесі Жекешелендіру мен мемлекетсіздендірудің ұлттық жобасы бойынша жүргізілді. Жекешелендірудің негізгі 3 бағыты (түрі) :
1. Ұсақ жекешелендіру - 200 адамға дейінгі жұмыскері бар
2. Массалық жекешелендіру - орта және ірі кәсіпорындарға (200 адамнан көп) есептелген
3. Жеке бас жобалары бойынша жекешелендіру (5000 адамнан көп) - өнеркәсіптің ірі, стратегиялық салалары
Жекешелендiру дегенiмiз - меншiк иесi ретiнде мемлекеттiң еркiмен осы Заңда белгiленген арнайы рәсiмдер шеңберiнде немесе ол анықтайтын тәртiппен жүргiзiлетiн, мемлекеттiк мүлiктi жеке тұлғалардың, мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың және шетелдiк заңды тұлғалардың меншiгiне сату. Жекешелендiрудi жүргiзген кезде негiзгi принциптер жариялылық, бәсекелестiк, құқықтық сабақтастық, лауазым иелерiнiң жекешелендiрудi жүргiзудiң заңдылығына жауапкершiлiгi және сатуға шығарылатын объектiлер туралы берiлген мағлұматтардың растығы болып табылады. Жекешелендiру мынадай түрлерде:
1) аукцион, тендер, қор биржасындағы сауда-саттық, екі кезеңді рәсiмдер жолымен өтетiн конкурс, туынды бағалы қағаздарды сату нысанындағы сауда-саттықта сату;
2) тiкелей бәсiрелi сату түрлерінде жүзеге асырылады.
Жекешелендірудің субъектісі физикалық мағынада - жеке азаматтарды, заңдық мағынада - кәсіпорындар мен ұйымдар. Бірінші жағдайда мемлекет меншігі жеке меншікке ауысады. Дамыған елдерде жеке меншік негізгі өндірістік қорлардың 5-13пайызына иелік етеді.
Елдегі дербес экономикалық саясатты жүргізудің басталуы құлдыраған тауар рыногы жағдайындағы кәсіпорындар арасында бірыңғай экономикалық кеңістіктің құлдырау, өндірістік байланыстың құру салдарына әкелген жүйелі дағдарыспен тұспа-тұс келді. Сол уақыттағы экономикалық жағдайға тән ерекшеліктер кәсіпорындардың өз жұмысын тоқтатуы, төлемдердің төленбеуі, дүкендердің босауы, инфляцияның басталуы болды. Халықтың саясаттандырылуы жоғары болды. Социализм кезеңінде ондаған жылдар бойы қалыптасқан халық менталитеті жеке меншікті теріске шығарды. Бұл ретте, көп деңгейлі нарықтық экономиканың негізін құратын процес ретінде мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруді халық ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы ретінде танылған басқарушы элита да қабылдаған жоқ.
Осы дағдарыс кезеңінде қоғамды, қоғамдық прогресті дамытудың диалектика заңдылықтары білімі бар Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жеке ерлігі, саяси даналығы, қайтпас жігері республикамызда мемлекет иелігіне алу мен жекешелендірудің жоспарлы, кезең-кезеңді процесін бастауға мүмкіндік берді.
Мемлекеттік меншік реформасын өткізу үшін ұйымдық негізі - 1990 жылдың 20 желтоқсанында уәкілетті мемлекеттік орган - Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Қазақ ССР Мемлекеттік комитетінің құрылуы болды, кейіннен Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Қазақ ССР Мемлекеттік комитетінің мәселелері туралы Қазақ ССР Президентінің 1991 жылы 22 сәуірдегі Жарлығымен комитеттің өкілеттіктері нақтыланды және анықталды, ал 1991 жылғы тамызда мемлекеттік мүлік жөніндегі аумақтық органдар ұйымдастырылды. Кейіннен республикадағы экономиканы қалыптастырудың әртүрлі кезеңдерінде және тиісінше мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың әртүрлі кезеңдерінде орта мерзімді бағдарламалар мен Үкімет міндеттемелеріне байланысты мемлекеттік басқару органдарының жүйесіндегі құрылымдық өзгерістер кезінде Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитет қайта ұйымдастырылды. 1995 жылы сәуірде оның базасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру жөніндегі Мемлекеттік комитеті құрылды. 1997 жылдың аяғына дейінгі кезеңде мемлекеттік басқару органы жүйесінде республикамызда мемлекеттік мүлікті басқару және оны жекешелендіру жөніндегі 2 Мемлекеттік комитет жұмыс істеп тұрды. 1997 жылдың күзінде Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитет пен Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комитет Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне біріктіру арқылы қайта ұйымдастырылды. Аталған құрылым қазірде жұмыс істеп тұр.
1991 жылдан бастап мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін қамтамасыз ету және оны жекешелендіру процестеріндегі заңдық және нормативтік-әдістемелік базаны реторспективті талдау олардың заңды және нормавтивтікәдістемелік актілермен біршама ретке келтірілгендігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Бұл мемлекеттік меншікті құруда, жеке меншік институтын, нарықтық экономика негіздерін құру мен дамытуда және мемлекеттік меншікті басқару тиімділігін одан әрі арттыруға ықпал ететін базалық реформаларды жүргізуде өз өкілеттіктерін қамтамасыз еткен заңды және атқарушы билік тармағы ретінде жүйелі жұмыс нәтижесі болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарды дамыта отырып, мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесін заңды қамтамасыз етуде бірінші негіз 1991 жылы 22 маусымда қабылданған Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру туралы Қазақ ССР-нің Заңы болғандығын атап өткен жөн, ол республикадағы мемлекеттік меншікті қайта құрудың құқықтық негіздерін, ережесі мен процедурасын анықтады. Осы Заңды іске асыру мақсатында Қазақ ССР Президентінің қаулысымен бірінші бағдарлама - 1991-1992 жылдарға арналған Қазақ ССР-да мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру бағдарламасы (1991 жылғы 13 қйркүйектегі № 444) әзірленді және бекітілді.
Келесі кезеңде 1993 жылы наурызда қабылданған 1993-1995 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы қабылданды.
1996 жылы ақпанда бекітілген 1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікті жекешелендіру мен құрылымын өзгерту бағдарламасына сәйкес жекешелендірудің жаңа, үшінші кезеңінің бастауы болған, Жекешелендіру процесінің қолданыстағы заңды базасын дамытуда 1995 жылы желтоқсанда заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жекешелендіру туралы Жарлығы қабылданды. Бұл кезеңнің ерекшелігі экономиканың әлеуметтік, сондай-ақ стратегиялық салаларында секторлық бағдарламаларды іске асыруға өту болды.
1999-2000 жылдарға арналған жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін арттыру бағдарламасы жекешелендіру саясатын іске асырудағы кезекті, төртінші кезеңін білдірді.
Бұл жерде мемлекеттік мүлікті басқару және оны жекешелендіру процесінің нормативтік базасы жаңа экономикалық шындықтарды ескере отырып тұрақты жетілдірілгендігін, дамытылғандығын және толықтырылғандығын атап кеткен дұрыс. Бұдан басқа, барлық заңды және нормативтік-әдістемелік база 6 томдық жинаққа жүйелендірілді және шығарылды, ол республикадағы мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру мәселелерімен айналысатын барлық қызметкерлер үшін оқу және әдістемелік құралға айналды, онда Қазақстандағы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің бірегей және теңдессіз тәжірибесінің барлық кезеңдері көрсетілген.
2000 жылдан бастап республикамызда жүргізіліп отырған реформалардың қайта орнына келмейтіндігі айқын болғанда және позитивтік экономикалық дамулар орын алғанда реформаларды одан әрі тереңдету қажет болды, оның ішінде мемлекеттік меншік мәселелерінде. Бұл оларды қосымша заңды, нормативтік-құқықтық және әдістемелік қамтамасыз етуді талап етті.
2000 жылдан бастап қазіргі күнге дейін Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру тұжырымдамасы, 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігі және жекешелендірудің салалық бағдарламасы бірінші рет әзірленді және бекітілді, Мемлекеттік мүлік мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы Қазақстан Республикасының заңдары қабылданды. Бұл ретте Мониторинг туралы заң республикадағы жекешелендірудің барлық жылдарында бірінші рет қабылданғандығын атап өткен жөн, ол стратегиялық маңызы бар салаларда меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды ретке келтіреді, сондай-ақ оны өткізу негізі мен шарттарын анықтайды. Заң елдің экономикалық даму процестерін ретке келтіру мен болжауда мемлекет рөлін күшейту үшін, республика экономикасын басқаруда тиімді шешімдер қабылдау үшін объективті ақпаратпен мемлекеттік басқару органдарын қамтамасыз ету үшін құқықтық негіз болып табылады.
Ал енді әрбір жылға жеке тоқтала кетсем. 1993 жылдың соңына қарай жекешелендірудің бірінші кезеңі аяқталды.10 мыңдаған қазақстандықтар жеке меншік шаруашылықтарын жүргізді.1993 жылдың қазанында республикада 3,5 мыңнан астам кооператив,15 мыңнан астам шағын кəсіпорын, 11 мың жеке кəсіпорын, 15 мыңға жуық фермерлік жəне шаруа қожалықтары құрылды. 160 коммерциялық банктер, 37 түрлі биржалар болды. 7 мың кəсіпорын жекешелендірілді. Оның 5 мыңға жуығы сауда жəне қызмет көрсету саласы болды.
1994 жылдың көктемінде жекешелендірудің екінші кезеңі басталып, тұрғындарға жекешелендіру купондары таратылды. Азаматтар жан басына 100 купоннан алып, орта жəне ірі кəсіпорындардың иесіне айналу мүмкіндігіне ие болды. Азаматтар мен кәсіпорындар арасында делдалдық қызмет көрсету үшін қаржы салымының қорлары құрылды. Азаматтардың жекешелендіру чектерінің сатып алған акциялары енді жыл сайын белгілі бір мөлшерде үлеспайда түсіріп тұруға тиіс болды.
Жекешелендіру купондары қағаз күйінде қалып қойды.
Ұлттық валютаның айналысқа енгізілуі мен жекешелендіру үдерісінің аяқталуы халықтың əлеуметтік-психологиялық бейнесін өзгертті. Халықтың тұрмысы мүлдем нашарлап кетті. Қазақстан əлемнің 174 елінің арасында 93-орында, ал КСРО құрамында болған елдер арасында
7-орында (1997 ж.). 1990-1995 жылдар арасында қазақстандықтардың өмір жасының ұзақтығы 4,7 жасқа қысқарған. Білім алушылардың мөлшері 39%-ға азайған. Ұлттық табыс мөлшері 7 есе кеміп, 1995 жылы республика бұл көрсеткіш бойынша 129- орында болған.
1997жылдың соңына қарай республика тұрғындарының жартысынан астамы кедейлікте өмір сүрді. Тұрғындар арасында әлеуметтік аурулар меңдей бастады.Үлкен əлеуметтік келеңсіздіктердің бірі-жұмыссыздық. Осының бәрі бұқараның наразылығын туғызды. Наразылық түрлері: ереуілге, пикеттерге шығу, аштық жариялау. Наразылықтар Жаңатас, Кентау, Шымкент, Тараз қалаларында жиі қайталанды.
1997 жылдың соңында үкімет зейнеткерлер алдындағы қарызын түгел өтеуге мүмкіндік алды. Жұмыссыздар үшін шағын несие бөлінді.
Баға біршама тұрақтанып, құнсыздану ауыздықталды.
1998 жылдың соңында экономиканың 90%-ы жеке сектордың қолында болды. 500 мыңға жуық кәсіпкерлер тобы дүниеге келді. Қазақстан шетелдерден инвестиция тарту жөнінен ТМД елдері ішінде алдыңғы орында болды.
1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап "ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" заң күшіне енді. Азаматтар еңбекақыларынан зейнетақы қорына қаражат аудару арқылы қартайған кезін қамтамасыз етуге тиіс болды.
1991 жылдан Қазақстанда белсенді көші- қон (миграция)үдерістері басталды. "Көші-қон туралы" заң қабылданды. Көші-қон жəне демография жөніндегі агенттік құрылды.
Көші-қон үдерісі екі бағытта жүрді. Республика аумағынан еріксіз кеткен жергілікті халықтың тарихи отанына қайтып оралуы. Екінші бағыт, Қазақстанда тұратын орыс, украин, беларусь, неміс диаспораларының өздерінің тарихи отандарына кетуі.
Республика тұрғындарының жалпы саны кеми бастады. 5 жыл ішінде əр 1000 адамға шаққандағы туу коэффициенті 19,1-ден 14,7-ге түсті.
1997 жылдың 1 шілдесінде жергілікті халық үлесі 50%-дан асты. Кеңес кезінде өз жерінде ұлттық азшылық жағдайында болған қазақ халқы қайтадан сандық және үлестік басымдыққа жетті.
1999 жылы ақпан, наурыз айларында әр он жыл сайын жүргізілетін халық санағы өткізілді. Қазақстанда 14 млн 952,7 мың адам тұратыны анықталды. 1989 жылы тұрғындар саны 16 млн 199,2 мың болған еді.
2009 жылы 25 ақпан - 6 наурыз аралығында кезекті халық санағы өтті. Халық саны 16 млн 402 мың адамға жеткен. Қазақтардың үлесі 67%-дан асқан.
2000 жылдан кейінгі кезеңде ел экономикасы біртіндеп дағдарыстан шықты, онда өрлеу нышандары байқала бастады. Павлодарда жобалық қуаты 250 мың т алюминий құймасын шығаратын электролиз зауыты және жіксіз болат құбырларын шығаратын 10 мың жұмыс орны бар зауыт іске қосылды. Ақтөбеде қуаты 6 млрд текше метр газ өңдейтін Жаңажол зауыты салынды. 2008 жылы 70млн т-ға жуық мұнай өндірілді.
Дүниежүзілік қаржы дағдарысы басталғанға дейін Қазақстанда ішкі жиынтық өнім (ІЖӨ) жылына 9-10% өсім беріп тұрды. Соның нәтижесінде 2007 жылы ІЖӨ жан басына шаққанда жылына 7000 АҚШ долларын құрады. Орташа номиналды еңбекақы 50800 теңгеге жетті.
Жас отбасылары мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қол жететін бағамен ипотекалық несие арқылы пәтер алуын қамтамасыз ететін мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Үш жыл ішінде (2005-2007жж.) 160 мың отбасы немесе жарты млн-нан астам қазақстандықтар жаңа пәтердің кілтін алды.
Мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру мәселелері жөніндегі бағдарламалық, заң актілерін қабылдау осы процестерді реттейтін заңнамалық нормативтік құжаттардың бірқатар комплексін әзірлеу арқылы жүргізілді. Жоғарыда айтылғандар Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлікті басқару мен оны жекешелендіру мәселелері ең басынан бастап уақыт шындықтары мен елдің әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын ескере отырып республика дамуының стратегиялық жоспарларына сәйкес тексерілген негізді, кешенді концептуалды, бағдарламалық, заңдық, нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуі бар екендігіне сену үшін негіз береді.
Өтпелі кезеңде нарықтық экономикаға өту мемлекет үшін қиын мәселелерді көлденең тартады: меншік қатынастарын өзгерте, қайта құру, жалпы жаппай мемлекеттік меншіктен өндіруші мен меншіккердің жақындасу түрлерін табу, тіпті олардың толық бірігуін қамтамасыз ету. Демек, мемлекеттік меншікті реформалау, оны жекешелендіру, мемлекеттік мүліктің жеке обьект және жеке ұжымдық (ұжымдық - топтық) иелігіне ауыстыру мәселесі туындайды. Мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру ғана кәсіпорынның экономикалық еркіндігі мен жауапкершілігін органикалық түрде ымырластыра алады.
Бұрынғы кейбір социалистік елдерде мемлекеттік меншік басқа меншік түрлерінің жалпы құрылымына қарағанда артықтау болады. Осы жағдай ел экономикасында бәсекелестіктің болмауына, алып келіп, өндіріс тиімділігін төмендеуіне, өндіруші кәсіпорындар тұтынушыны билеп төстеуіне және тапшылық экономикасының пайда болуына алып келді.
Осылардың барлығы бәсекелестік нарықтық ортаны құру үшін мемлекеттік меншікті реформалау қажеттілігін анықтады. Осыны жүзеге асыру өндірушінің тұтынушыға өктемділігін жоюға, өндіріс тиімділігін арттыруға, нарықты жоғары сапалы тауар мен қызмет көрсетумен барынша толтыра түседі.
Өтпелі экономика кезіндегі мемлекеттік қатынастарды басқаша құрудың халықаралық тәжірибесі меншік түрлерін өзгертудің эволюция - реформаторлық тәсілін, жекешелендіру тәсілін кеңірек қолдануды дәріптейді.
Экономикалық әдебиеттерде мына екі терминді: мемлекеттен алу мен жекешелендіруді бір-біріне теңестіріп қарайды.Алайда мемлекетсіздендіру термині мемлекеттен тікелей басқару қызметін алып тастауды түсіндіреді. Басқаша айтқанда, мемлекеттік кәсіпорынға өзінше еркіндік беру меншік түрін ауыстырумен байланысты емес. Мемлекетсіздендіру мемлекеттік кәсіпорындардың толық коммерциялық есепке көшуін білдіреді. Мемлекетсіздендіру - жекешелендіруге дейінгі аралық баспалдақ.
Ал жекешелендіру мемлекеттік меншіктің жеке меншікке өтуін білдіреді.
Жекешелендірудің мақсаты:
- өтпелілік мақсатты алға тартып, жеке меншік топтарын құру;
- мемлекеттік кәсіпорын мүліктерін жеке адам мен коммерциялық
құрылымдарға мемлекеттік бюджеттітолтыру үшін сату.
Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің халықаралық практикасы көрсеткендей, жекешелендірудің екі варианты бар:
- қатаң вариантты жекешелендіруді қарқынды жүргізу;
- жұмсақ вариантты жекешелендіруді ақырындап жүргізу.
Жекешелендіру - мемлекеттік меншіктің жеке меншікке өзгеру ретінде өтпелі экономика кезінде ТМД елдерінде ғана, Шығыс Еуропа және нарықтық экономикасы дамыған елдерде: Ұлыбритания, Франция, Германия мен АҚШ- та кеңінен қолданылады. Алайда, жекешелендірудің мақсаты нарықтық экономикасы дамыған елдер мен нарықтық экономикаға түскен елдерде әртүрлі. Егер нарықтық экономикасы дамыған елдерде жекешелендіру мемлекеттік бюджетке қосымша қаржы тартуды мақсат етсе, өтпелі экономика елдерінде жеке меншікті құру құралы болып, соның негізінде бәсекелестік нарықтық ортаны қалыптастырады.
Дамыған елдерде жекешелендіру негізінен жекешелендірудің бір моделінде жүзеге асты. Ол модель мемлекеттік кәсіпорындарды банк, сақтандыру компаниялары, кейде тұрғындардың сатып алуына негізделген еді.
АҚШ-да мемлекеттік кәсіпорындарды сату ұзақ мерзімде - 5 жылдың аумағында жүргізіледі. Бір мезгілдегі (бірден төленетін ) төлем жалпы төленетін соманың 20 пайызынан аспауы керек. ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінде жекешелендірудің өте күрделі моделі қолданылды.
Венгрияда кәсіпорындарды олардың жұмыскерлері сатып алды. Онда жұмыскерлердің қаржылары ғана емес, кәсіпорынның тапқан пайдасы мен банк несиелері қолданылад.
Чехославакияда шағын кәсілорындар аукцион арқылы сатылса, ірі кәсіпорындар тұрғындар қаржысын, банк несиелерін және шетел капиталын тарту арқылы жекешелендірді. Сондай - ақ Чехославакияда кәсіпорындар сатп алу үшін тұрғындарға купон мен чектер тегін таратылады. Чек пен купондар жекешелендірілген кәсіпорынның акциясына айырбастау үшін берілген.
Ресейдегі жекешелендірудің басты мақсаты - мемлекеттік мүлікті сатып алу негізінде меншіккер топтарын тезірек қалыптастыру болды. Тұрғындар үшін біркелкі мүмкіндіктер жасалды.Осыны жүзеге асыру үшін барлық тұрғындарға жекешелендіру чегі ваучерді берді Олардың әрқайсысының құны 100 рубль болды. Иегелері оны еркін қолдана алды: ваучерді сатуға, жекешелендірілетін обьект акциясын сатып алуға, өз ваучерін 600 - дей жекешелендіру қорының кез келген салуға мүмкіндік жасады.
Қазақстандағы жекешелендіру процесі Чехославакияда қолданылған моделге ұқсастықпен жүзеге асырылды.
Жекешелендіру екі кезеңмен жүргізілді: бірінші кезеңде тұрғындардан қайтаруды қажет етпейтін тұрғын - үй купонын қолдана отырып, үйлерді (пәтерді ) жекешелендіру жүзеге асты; екінші кезеңде тұрғындар қайтарылмайтын жекешелендіру купонын алды. Оларды тек қана инвестициялық жекешелендіру қоры арқылы қолдану мүмкіндігі жасалды. Ондай қор Қазақстанда 120 - дай болды.
Жекешелендірудің бұл тәсілінің кемшілігі сонда, жекешелендіру инвестициялық купон иесінің өз бетінше шешім қабылдау құқы жоқ, тек қана оны инвестициялық қорына сала алды. Бұл адамның нақты кәсіпорынды жекешелендіруге қатысуына тікелей кедергі жасады.
Жекешелендіру процесі кәсіпорынды жұмыскерлердің сатып алу мүмкіндігін қарастырып, ашық және жабық типтегі акционерлік қоғамда, акционерлік қоғам - шаруашылығын құрып, олардың акциясының 51 процентін мемлекетке жатты.
Бірақ мемлекеттің холдинг типіндегі акционерлік қоғамға қатысуы айтырлықтай нәтиже бермеді, әлсіз, банкрот болған кәсіпорындар тіріле алмады. Мемлекеттің координациялық, басқару қызметі кәсіпорын басшыларын бекітумен, өндіріс өнімін үйлестірумен және пайданы холдинг қажеттілігіне қолданумен шектелді. Бұл айналым қорын жоюға және кәсіпорынды банкроттыққа алып келді.
Жекешелендіру бағдарламаларында ерекше орын шетел инвесторларына беріледі.
Өткен уақыт ішінде жеке проектілер арқылы жекешелендірілді 170 объекті өтіп, оның 4-уі жекешелендірілді. Олардың қатарына Алматы темекі комбинаты, Алматы және Қарағанды май зауыттары және Шымкент кондитер фабрикасы жатады.
Сонымен, Қазақстандағы жекешелендіру процесі күрделі әрі ұзақ процестерге жатады. Оның мақсаты еркін кәсіпкершілікті жанданту ғана емес, сонымен бірге, экономикалық жіне әлеуметтік процестердің жаңа талаптарына сай келетін жаңа жүйе құру да болып табылады.
Елбасы Н.Назарбаев халыққа арнаған Қазақстан жолы -- 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты жолдауында жекешелендірудің қажеттілігі туралы баса айтқаны мәлім. Содан кейін Үкімет арнайы бағдарлама аясында 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендіру бойынша кешенді жоспарды бекітті. Соған сай елдегі мемлекет - тік компанияларға талдау жүргізілді. Нәтижесінде мемлекет меншігіндегі мүліктер, ұлттық компания мен холдингтердің ғимараттары жалпыға ортақ саты - лым - ға түсетін болды.
Жекешелендірудің екінші толқыны! Бұл шара қолға алынғалы көпшілік арасында бұл ұғым туралы түсіндірме жұмыстары көптеп жүргізілуде. Соған қарамастан жекеше - лендіру дегеннен жүрегі шайлығып қалған халық бұл үрдістен үркіп отырғаны да жасырын емес. Жекешелендірудің екінші толқыны дегеніміз не? Оның мақсаты, елге пайдасы қандай? Мемлекет меншігіндегі нысан - дарды кімдер, қалай иелігіне алады? Біз осы сауалдар төңірегінде Қызылорда облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары Ринат Құдайбергеновпен сұхбаттасуды жөн санадық.
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына жолдауында берілген жекешелендірудің екінші толқынын іске асыру тапсырмасына сәйкес, жалпыұлттық іс-шаралар жоспары жасалып, онда жекелеген мемлекеттік кәсіпорындарды, квазимемлекеттік компаниялар мен стратегиялық емес сипаттағы өзге де ұйымдарды жекешелендіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу жұмыстары басталған болатын. Бұл ауқымды шараның негізгі мақсаты елдегі жеке бизнестің дамуына жаңа серпін беру, экономикадағы мемлекет үлесін дамыған елдер деңгейіне дейін азайту болып табылады. Сондай-ақ, Үкімет бұл жекешелендіру аясында ішкі рыноктан бюджетке қаржы тартып қана қоймай, ел экономикасына жағымсыз әсер ететін факторларды жұмсарту мақсатында мемлекеттік шығындарды азайтуды да көздеп отыр.
Жалпы, экономика министрлігінің мәлімдеуінше, тек республикалық меншіктегі ұйымдардың тізімі бойынша ірі 29 ұйым мен 3 нысанды жекешелендіру ұсынылып отыр. Тағы республикалық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz