Шағын және орта бизнес үшін қаржы ұйымдастыру ерекшеліктері


Курстық жұмыс
Пән: «Ұйым қаржысы»
Тақырыбы: «Шағын және орта бизнес үшін қаржы ұйымдастыру ерекшеліктері»
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім . . . 6
1 тарау. Өтпелі кезең жағдайында шағын және орта бизнесті дамытудың объективті қажеттілігі.
1. 1 Шағын және орта бизнес түсінігі . . . 7
1. 2 Шағын және орта бизнестің артықшылықтары мен кемшіліктері . . . 9
2 тарау. Шағын және орта бизнестің қаржы менеджментін ұйымдастыруды дамыту жолдары
2. 1. Шағын және орта бизнестің тұрақтылығын қалыптастырудағы қаржы менеджментінің рөлі . . . 11
2. 2. Шағын және орта бизнесті реттеу тетіктерін жетілдіру . . . 19
2. 3 2009 - 2011 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасындағы
шағын және орта бизнесті несиелендіруді талдау . . . 23
3 тарау. Шағын және орта бизнестерін ұйымдастырудың қазіргі жағдайы
3. 1 Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қаржы ресурстарының қалыптасу ерекшеліктері . . . 27
3. 2 «Форум Трэйдинг»ЖШС қаржылық жағдайын талдау . . . 29
Қорытынды . . . 33
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 36
Қосымшалар . . . 37
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаев 2008 жылғы жолдауында бизнесті дамыту мәселелеріне аса маңызды көңіл бөлген. Дамыған кәсіпкерлік сектор қандайда болсын мемлекеттің экономикасының негізі. Өткен жылғы экономикамыздың өсу қарқыны 8, 5 процентті құрап отыр. Жалпы алғанда ел экономикасы 2006 жылдан бастап жылына орта есеппен 10 процентке өсіп отырған. Бұл өте үлкен де жедел өсу болып саналады. Бүгінгі күнге дейін еліміздің айтарлықтай резерві қалыптастырылып, Ұлттық қор қаражатын қоса есептегенде ол шамамен 40 млрд. АҚШ долларын құрап отыр. Осындай елеулі жинақтаулардың болуы еліміздің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде өзекті рөл атқарды.
Жолдауда кәсіпкерлікті жетілдіру мәселелерінің бірі жаңа Салық кодексін дайындау, ол салық төлеушілер мен әкімшілік сапасының сәйкес болуын талап етеді. Ең маңыздысы ол кодекс салық ауыртпалығын экономиканың шикізат емес салаларында, аса маңызды шағын және орта бизнес үшін төмендетуді қарастыруы керек. Бұл себептен пайда болған жоғалтулар кен өндіру салаларының экономикалық қайтарымдылығымен толықтырылады.
Бәсеке қабілеттілікті дамыту үшін арнайы бәсекені қорғау агенттігі құрылады. Осыған байланысты заңдар қабылданады.
Сонымен қатар, «30 корпоративтік көш басшылары» бағдараламасының дамуы экономиканың шикізат емес саласының дамуына әсер етеді.
Бүгінгі күні 100 астам белсенді жобалар атқарылуда. Экономика үшін аса маңызды жобалардың ішінде үшінші Жаңа жол газөңдеуші зауыты, тау-кен өңдеуші комбинаты және мыс балқыту зауыттарын салу, алюминий зауытын жәнеде көптеген жобаларды іске асыру қарастырылуда. «30 корпоративтік көш басшылары» Бағдараламасының даму шаралары бизнесті дамытудың жаңа деңгейіне көшу үшін жүргізіледі.
Үкімет шағын және орта бизнестің бәсеке қеабілеттігін белсендіру бағытында жұмыс жасауға тиісті. Микрокредиттер мәселесіне көңіл бөлуі қажет, өйткені олар азаматтарға өз бизнесін бастап жүргізуге көмек береді.
Жоғарыда аталған себептер бойынша, Президент Үкімет алдында бизнестің алдында әкімшіліктік ауыртпалықты азайтып, лицензиялау, сертификаттау және аккредитациялау мәселелін шешу жүйесін жеңілдету талабын қойды. Әлемдік банктің «Бизнесті жүргізу» есебі бойынша, Қазақстанда экспорттық процедураларын жүргізу үшін 89 күн керек екен, ал ол ушін Эстонияда тек 5 күн жеткілікті.
Ел басының жолдауына сәйкес, шағын және орта бизнесті дамытуды шешу мәселелерінің бірі олардың қаржылық жағдайының тұрақтандырылуы. Ал бұл мәселені шешу үшін қаржы менеджментін осы салаға енгізу қажетті болып табылады.
Сонымен, жоғарыда аталған себептерге байланысты зерттеу тақырыбының өзектілігі күмән туғызбасы анық.
Курстық жұмысты орындау мақсаты шағын және орта бизнестегі қаржы менеджментінің ерекшеліктеріне сүйеніп, қызметіне талдау жасау.
Курстық жұмыстың тақырыбын зерттеу барысында оған мынадай талаптар қойылды:
- қаржы менеджментінің мазмұны және тұжырымдамаларын зерттеу;
- шағын және орта бизнестің экономикалық маңызы мен мазмұнын анықтау;
- шағын және орта бизнестің ұйымдастырылу ерекшеліктерін зерттеу;
- Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің негізгі көрсеткіштерін зерттеп талдау;
- қаржы менеджменті негізгі көрсеткіштерін зерттеу объектісі бойынша талдау;
- Қойылған талаптарға сай мынандай мәселелер қалыптастырылды:
- қаржы менеджментінің мазмұнын және тұжырымдамаларын отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми жұмыстарымен, іс тәжірибесімен танысып анықтау;
- шағын және орта бизнестің ұйымдастырылу ерекшеліктерін зерттеу барысында заңнамалық нормативтік актілермен танысу;
- Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің негізгі көрсеткіштерін статистика мәліметтері негізінде талдау;
- қаржы менеджменті негізгі көрсеткіштерін зерттеу объектісі бойынша талдау.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі - «Форум Трэйдинг» ЖШС қаржы шаруашылық қызметі.
Курстық жұмыстың құрамы келесідей: кіріспе, негізгі бөлім, ол 3 бөлімнен тұрады, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі. Бірінші бөлімде, шағын және орта бизнес түсінігі, артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылған. Екінші бөлімде, шағын және орта бизнестің қаржы менеджментін ұйымдастыруды дамыту жолдары қарастырылған. Мұнда шағын және орта бизнестің тұрақтылығын қалыптастырудағы қаржы менеджментінің ролі мен реттеу тетіктерін жетілдіру мәселелері қарастырылып, сонымен қатар 2009 - 2011 жылдар аралығындағы Қ. Р - ғы шағын және орта бизнесті несиелендіруді талдау қарастырылды. Үшінші бөлімде шағын және орта бизнестерін ұйымдастырудың қазіргі жағдайын қарастыру барысында ЖШС «Форум Трэйдинг» қызметінің 2006-2007 жж. негізгі көрсеткіштеріне талдау жүргізіліп қаржылық жағдайы анықталған.
Курстық жұмысты жазу барысында методикалық негіз ретінде ҚР-сының заңнамалық нормативтік актілер, отандық және шетелдік ғалым экономисттердің жұмыстары, оқулықтар және мерзімді басылымдар мен статистика агенттігінің мәліметтері қарастырылды.
Курстық жұмыстың практикалық мәні шағын және орта бизнесті дамыту шараларын жүзеге асыру барысында қаржы менеджментінің қажеттілігін көрсетуде.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Өтпелі кезең жағдайында шағын және орта бизнесті дамытудың объективті қажеттілігі.
1. 1 Шағын және орта бизнес түсінігі.
Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның қалыптасу көздерін анықтап алу керек. Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің шығуын француз экономисті Р. Контильион есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функйионалдық негізі ретінде тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып келетін адамдардың қызметі. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, «касб» түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген. Кейбіреулері болса, шағын бизнес барлық ежелгі мәдениетте дамыған деп тұжырымдайды. Бұл істе арабтар, вавилондықтар, египеттіктер, иудилер, гректер, финикшілер және римдіктер ерекшеленген. Мұнын дәлелі тұтынушылар мен кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған Хамураппи заңдары болып табылады. Қазіргі уақыттағы алдынғы қатарлы ғылыми-техника дамудың теоретигі Кристофер Фример және менеджмент теоретигі Питер Друпердің айтулары бойынша кәсіпкерліктің кезектілік теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген Иозеор Шулепеттер болып табылады. Теорияның мәні келесіде, кәсіпкерлік-экономикалық дамуда қозғалтатын өзіндік элемент. Сонымен, қазіргі ұрпақ теоретиктеріне кәсіпкерліктің алғашқы пайда болу төңірегіндегі сұрақтарын бірнеше рет қарастыруларына тура келеді, бұл бір қатар экономистер мен студенттерді дұрыс емес бағытта талқылауды қорғайды. Кәсіпкерліктің анықтамасынан тоқталмас бұрын кәсіпкерлікті қандай категорияға жатқызу керек екендігін нақтылап алайық.
Одақтық Республикалардың тәжірибесінде экономиканы құрамдас элементтерге шартты бөлудің дәстүрлі жүйесі кеңінен қолданылған, ол халық шаруашылығының даму бағытын және заңдылығын жан-жақты танып білуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңадан қаклыптасқан мәселелерді өз кезеңінде байқауға және олардың жедел шешілуі бойынша шаралар қолдануға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі. Сонымен кәсіпорындардың үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды.
Ірі кәсіпорындар - нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады. Ірі кәсіпорындар - эконамика «қаңқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисі.
Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассартиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикі затты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ - түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нолдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау керек. Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасында үстемдік етпейтін фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұмысшылар бар және сату көлемі 20 млн доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады. Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады. Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару сипаты икемділігімен, форьмалділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласындада, басқару саласындада жұмысшылардың өз-ара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді. Нарықтық экономиканың шаруашылық жүргізуші субъектілерде «кәсіпкерлік» және «бизнес» ұғымдары өзара тығыз байланысты. Кәсіпкерлік пен бизнесті экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қарастыра отырып, отандық және шетелдік зерттеушілердің айтулары бойынша, бұл терминдер - өндіру немесе алу және тауарларды сату, басқа тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету немесе жай қызмет көрсету, серіктестіктер арасында екі жақты пайда табу негізіндегі ақшалар арқылы пайда табуға бағытталған, жеке тұлғалармен, кәсінорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын ( тек заңмен тыйым салынбаған ) еркін шаруашылықты білдіреді. Бірақ «кәсіпкерлік» және «бизнес» түсініктері экономикалық тұрғыдан қарастырғанда синонимдер болып табылады. « Бизнес » түсінігі экономикалық тұрғыдан қарағанда кеңірек. Шетелдік әдебиеттерде нарықтық экономика бойынша бизнес қағамның қажеттілігін қамтамасыз ететуге қажетті өндіріс жүйесі ретінде анықталады. Бизнес нарықтық экономиканы барлық қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және тек қана жалдамалы жұмысшылардың да, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің де қызметтерін қамтиды. Жалпы түрде бизнес - бұл нарықтық қатыныстар жүйесіндегі адамдардың іскерлік белсенділіктері. Ал, кәсіпкерлік қызмет бизнестің бір формасы ретінде қарастырылады және оның әр түрлі сфераларында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес ( жалпы бөлім ) : « кәсіпкерлік - азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табуға бағытталған, жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің өз атынан, өз тәуекелімен және өзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады». Соған қарамастан, тәжірибеде « кәсіпкерлік » пен « бизнес » терминдері бірін - бірі алмастыруды. Нақтылап кететін жағдай, « кәсіпкерлік » және « шағын бизнес » бірі - біріне синоним бола алады. Өйткені, шағын бизнес кәсіпкерлік пен айналысатын шағын кәсіпорындардың қызметін қарастырады. Әрі қарай, мен, осы дәстүрлі қалыптасқан көзқарасты ұстанатын боламын. Бәрімізге белгілі, шағын және орта бизнесте жеке секторлар басшылық етеді. Өзінің кәсіпорынын ашу барысында адамдарды не қозғайды? Келесідей себептерді бөліп көрсетеді пайда табу, қоғамның әлеуметтік, экономикалықжәне материалдық жағдайын жақсарту. Басқалардың ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысудың мативі ретінде келесілерді көрсету керек: тұлғалардың өзін - өзі қалыптастыру мүмкіндігі, шаруашылық процеске халық қаржысының бір бөлігін қосу, қосымша және басқада ресурстарды қосу, азаматтардың өз табыстарын заңды жолмен арттыруға ұмтылу.
1. 2 Шағын және орта бизнестің артықшылықтары мен кемшіліктері.
Көптеген адамдардың ойы бойынша, нарыққа тек ірі капиталы бар кәсіпорындар ғана қол жеткізулері мүмкін, ал шағын және орта кәсіпорындар үшін орын жоқ. Басты аргумент ретінде шағын бизнестің қуатты ірі компаниялармен бәсекелестікке түсе алмаитындығы. Ал, егер дұрыс тұрғыдан қарастырсақ, шағын бизнестің тиімді бәсекелес болуының бірнеше себебін көрсетуге болады. Біріншіден, шағын кәсіпорындыр үшін 0, 5 - 1 жыл ішінде өздерінің стратегияларын өзгерту қиындық тудырмаиды, ал ірі кәсіпорындар үшін 5 - 6 жыл қажет. Екіншіден көпшілігі қателесіп инновация ірі кәсіпорындардан жүреді деп ойлайды, ал статистика болса, Екінші Дүние Жүзілік соғыстан кейін 95 % инновациялық технология шағын және орта бизнес сфераларынан шыққанын көрсетіп отыр. Шағын кәсіпорындардың ірі кәсіпорындарға қарағанда капиталының күйіп кету тәуекелі төменірек, жәнеде әртүрлі инновациялық технологияларды енгізуден қорықпайды.
Шағын және орта бизнестің артықшылықтары:
- -қоғамның және халықтың қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға мүмкіндік береті, өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың қалыптасуы;
- ассортименттің кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы. Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын бизнес қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады;
- тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы;
- экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік экономикаға өтімділік, икемділік береді;
- өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады;
- қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы;
- адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, дарындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің дамуына ықпал етеді;
Шағын және орта бизнестің кемшіліктері:
- Қазақстан Республикасындағы күрделі экономикалық жағдай (инфляция, өндірістің құлдырауы, шаруашылық байланыстардың үзілуі, төлемеушілік, несиені пайдаланудағы жоғары пайыз, кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуы) .
- кәсіптіліктің төменгі деңгейі, кәсіпкерлердің өз өздерін теңгеруі.
- халықтың кәсіпкерлерге толық сенімнің болмауы.
- шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың әлсіздігі, тіпті, керісінше мемлекеттік органдардың жиі араласуы.
- қазіргі заманға сай ақпаратардың жеткізілуі, құрал - жабдық, технологияның болмауы, күрделі есеп беру жүйесінің және арендалық төлем құнының жоғары болуы.
2. Шағын және орта бизнестің қаржы менеджментін ұйымдастыруды дамыту жолдары
2. 1. Шағын және орта бизнестің тұрақтылығын қалыптастырудағы қаржы менеджментінің рөлі
Экономиканың қайсысы болмасын өндірістен, экономикалық өнім жасаудан құралады. Өндіріссіз тұтыну болмайды, тек шығарылған өнімді ішіп-жеп қою болады. Атап айтқанда, кәсіпорын өнім шығарады, жұмыстар және қызмет көрсетеді, яғни тұтыну және ұлттық байлықты молайтудың негізін қалайды.
Қаншалықты кәсіпорын тиімді жұмыс істейді, оның қаржылық жағдайы қандай екені экономиканың барлық саулығына және мемлекеттің индустриалдық қуатына байланысты болады.
Кәсіпорынға басшылық ету әдістері нарықтық экономиканың даму дәрежесіне сәйкес болуы тиіс. Олардың өзгерусіз, бір орында қатып қалуларына болмайды. Кәсіпорынды басқару икемді, әрқашан басты мақсатқа жетуге және сонымен бірге әрбір нақты кезеңнің ерекшеліктерін ескеріп отыруға тиіс. Кәсіпорынға басшылық етудің міндеттері де практиканы терең зерттеудің негізінде өндірістің одан әрі даму тенденциясын анықтап, бұл дамуды шапшаңдату үшін өндіріске әсер етудің сол кезең үшін аса маңызды экономикалық тұтқаларын пайдалану болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, кез келген кәсіпорынның нарықтық жағдайдағы ең маңызды мақсаты - өз жұмысындағы қаржылық тұрақталақты қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетудің күрделі жолы, бұған қосылатын, тек пайда тауып қана қоймай, сонымен қатар, пайда табуды тұрақтандыру, ал бұған жету оңай мәселе емес.
Кәсіпорын, егер де өзінің жұмысында белгілі бір қағидаларға сүйенсе және қажетті пернесін орындаса, алдына қойған мақсатына жетеді. Осыған орай кәсіпорындардың негізгі міндеттеріне келесілер жатады:
- жоғары сапалы өнімдер өндіру, оларды жүйелі түрде жаңалау және қолда бар өндірістік мүмкіншіліктеріне, сұраныстарына сай қызмет көрсету;
- өзара алмасушыларын ескере отырып, өндірістік ресурстарды ұқыпты пайдалану;
- кәсіпорынның бет алысының стратегиясы мен тактикасын әзірлеу және жағдайлардың өзгеруіне байланысты оларды өзгертіп отыру;
- ғылыми-техникалық жетістіктер мен озық тәжірибені, еңбекті ұйымдастыру және басқаларды өндіріске кеңінен енгізу;
- өздерінің қызметкерлеріне жағдай жасау, олардың сыныптамаларының өсуін және еңбектерінің үлкен маңыздылығы, олардың тіршілік деңгейлерін арттыру, еңбек ұжымдарында қолайлы саяси-психологиялық ахуалды жақсарту;
- кәсіпорынның шығарған өнімінің бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету, кәсіпорынның жақсы атағын қолдау;
- баға саясатын икемді жүргізу және басқа да функцияларды іске асыру.
Қорыта айтқанда, ең маңыздысы, кәсіпорындардың барлық функциялары межелеген стратегияны іске асыруға және алдарына қойған мақсаттарына жетуге бағытталғаны жөн.
Кәсіпорынның мақсаты оның қызметінің соңында қандай нәтижені көздейтінің көрсетсе, стратегиясы осы нәтижеге жету жолдарын, бағыттарын анықтайды. Әрбір кәсіпорынның стратегиясы өзгеріп отырған нарық жағдайын ескеріп, кәсіпорынға жаңа шешімдер қабылдауға еркіндік береді.
Кәсіпорынның стратегиясы оның нақты жағдайына қызмет ету ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Бірақ барлық кәсіпорындар стратегиясын анықтау барысында мынандай мәселелерді шешкені жөн:
- Қандай өндірісті тоқтату керек?
- Қандай өндірісті жалғастыра беру керек?
- Алдағы уақытта қандай өндіріске көшу қажет?
Кәсіпорынның рыноктағы іс-әрекетінің негігі үш бағыты бар:
- өндіріс шығындарын барынша азайту. Өндіріс шығындары неғұрлым аз болған сайын кәсіпорын өз өнімінің бағасын бәсекелестерге қарағанда төмендете алады. Соның нәтижесінде бұл өнімнің рыноктағы үлесі артады. Бұл үшін кәсіпорын стратегиясын жоспарлағанда өндірісті және жабдықтауды жақсарту шараларын жаңа технологияны игеруді, өнімнің өзіндік құнын арзандату жолдарын қарастырады;
- өнім өндіруде мамандандыруды жоғарылату. Бұл бағыттың негізгі мақсаты - өндіріс өнімінің сапасын жақсарту, тұтынушылар бағасы жоғары болса да, сапалы өнімді таңдайды. Сондықтан да бұл бағытты таңдаған кәсіпорындар қалай да өз өнімінің сапасын жоғарылатуды көздейді. Бұл үшін жақсы дизайнерлер, жақсы дамыған маркетинг жүйесі болуы керек;
- кәсіпорын өз қызметін рыноктың белгілі бір бөлігіне ғана арнайды. Бұл бағытты таңдаған кәсіпорын рыноктағы бір өнім түріне деген сұранысты зерттеп, соған сай өндірісті ұйымдастырады, яғни осы өнім өндіруіне жеке мамандану саясатын жүзеге асырады. Кәсіпорын бүкіл рынокқа ғана емес, тек оның бір бөлігіне нақты тұтынушыға, оның сұранысына қызмет етеді.
Нарықтық жағдайда кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің ерекшеліктері келесілерді қамтиды:
- кәсіпорын қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру және пайда табу мақсатында өнім өндіретін, қызмет істейтін және қызмет көрсететін экономиканың дербес шаруашылық субъектісі;
- кәсіпорын дербес жүйе ретінде қоғамдық өндірістің бас буыны болып саналады. Онда ұлттық экономиканың негізгі экономикалық міндеттерінің шешімдері тікелей жүзеге асырылады;
- кәсіпорынның мақсаты өзінің өндіретін өніміне немесе қызмет көрсетуіне дер кезінде тапсырыстар алудағы жүйені нығайту қажет. Осы ретте ескеретін жай, межелеген өнімді өндіру немесе қызмет көрсету үшін барлық қажетті еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілу қажет;
- нарықтық жағдайдың қозғаушы күші - бәсеке. Ол өндірісті ұлғайтуды, сапасын жақсартуды және өнімнің бағасын арзандатуды ынталандырады, ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріске толық енгізуді, отандық техниканы, технологияны, өндірісті және еңбекті ұйымдастыруда үдемелі әдістерді толық қолдануына үлкен ықпалын тигізеді;
- ірі фирмалармен салыстырғанда кіші кәсіпорындар өздерінің елеулі артықшылығымен көзге көрінеді. Оларға жоғары серпінділік, ықшамдылық, өндірістің бәсекелестік сипаты және демократияландырулары тән. Кіші кәсіпорындар жаңа жұмыс орындарын ашады, халық кәсіпшілігі жасғастырады, кіші қалалардың экономикалық және әлеуметтік дамуларына ықпал етеді.
Кәсiпорынның қызметi - бұл байланысқан шаруашылық үдерістердiң кешенi, олар көптеген әртүрлi факторларға байланысты. Егер қандай да бiр факторды қарастырмай қалдырса, онда басқа да факторларды бағалауда нәтижесi дұрыс болмауы мүмкiн.
Олар өзара тығыз байланыста болғандықтан, кәсiпорынның қызметiне әртүрлi әсер етедi: бiреулерi - жағымды, басқалары - жағымсыз. Кейбiр факторлардың жағымсыз әсер етуi жағымды факторлардың төмендеуiне әкелiп соғады.
Әсер ететiн факторлар көп болғандықтан, оларды топтастыру қажет. Факторларды жiктеуде әртүрлi нысандары бойынша қарастыруға болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz