Delphi ортасының графикалық мүмкіндіктерін көрсететін программа және теориялық материал дайындау


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:
ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 4
1 DELPHI ОРТАСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1. 1 Delphi-де жұмыс істеу . . . 5
1. 2. Delphi программалау ортасының графикалық мүмкіндіктері . . . 7
2ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРАЛАРДЫ ЖЫЛЖЫТУ
2. 1 Кескіндерді салу . . . 14
2. 2 Кескіндерді жылжыту . . . 17
3 АНИМАЦИЯ
3. 1 Графикалық кескіндерді дайындап алу . . . 19
3. 2 Графикалық кескіндерді жылжытуға арналған программа құру . . . 22
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 27
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі жоғарғы оқу орнындағы ақпаратты жүйелер немесе информатика мамандығы бойынша оқып жатырған студенттердің дипломдық жобасының өзі бір саланы автоматтандыруға немесе бір пән бойынша ақпараттандырылған жұмыс орны және тағы да сол сияқты үлкен жобаларды орындауды талап етеді. Бұл орайда менің де дипломдық жұмысымды айта кеткен жөн деп есептеймін. Ақпараттық технологияларды жұмыс орнында пайдалану өте тиімді екенін сезінген адамдар оны қолданысқа енгізуге үлкен құлшыныс білдіріп отыр. Апталап жасайтын жұмысты компьютер көмегімен жылдам жүзеге асыруға болады. Сол себепті де ақпараттық технологияларды пайдалану өте тиімді. Электронды мәлмет алмасу көптеген жолға кететін қаражатты үнемдейді. Оған қоса ақпараттың толық және жылдам жетуіне сенімді болуға болады. Есеп беру жүйесінің сол бойда берілуі ақпараттық технологияларға көшуге басқа мүмкіндік қалдырмай отыр. Себебін айтып жатудың өзі артық фирмалардың ашылу сәтінен бастап-ақ ақпараттық технологиялар бөлменің қайсі бір түпкірінде және көптеген отырып жұмыс жасайтын қызметкердің алдында болады. Тіпті мектептерде ақпараттық технологиялардың барлық түрі, атап айтар болсақ: компьютер, сканер, принтер, факс және басқа да технологиялармен қамтылған. Бір кездері бір мектепте бір ғана басу машинкасымен көптеген жұмыс орындалағна. Қазір ол заман кетті.
Курстық жұмыстың мақсаты. Бұл курстық жұмыстың мақсаты Delphi ортасының графикалық мүмкіндіктерін көрсететін программа және теориялық материал дайындау болды. Ізденістерімнің нәтижесінде мен көптеген қызықты жайттарға тап болыдым. Және де көп материалды игеріп қана қоймай, графикалық мүмкіндіреін үйрендім. Жалпы курстық жұмыс мен үшін өте пайдалы болды.
Қазіргі кезде жаңа информациялық технологияның жетістіктері, идеялары қолданбайтын саланы айту қиын. Ғылымның әр саласының есептері программалау тілдерінің көмегімен шешіліп, күрделі құбылыстарды зерттеу мен болжау мүмкіндіктері жаңа деңгейге көтерілді. Программалау технологияларының негізгі бағыттарының бірі - объекті бағытталған программалау тілі.
Курстық жұмыстың міндеті:
- Delphi интегралды ортасы объекті программалау принципіне негізделгені.
-Бұл ортада күрделі қосымшалар, анықтамалық және тестілеу жүйелерін, электрондық оқулықтар, мәліметтер қорын құруға болады.
Қазақстан Республикасында ақпараттандыру процессі басталған кезден бастап-ақ оны қолданудың тиімді жолдары іздестіріле басталды. Басында текст теру, электронды кестемен жұмыс жасау сияқты дайын программалардың көмегіне жүгінсе, қазіргі уақытта әр-түрлі салада өзіне әмбебап бағдарламалар дайындауға көшті. Оған дәлел қай жұмыс орнына қабылдаған кезде компьютерлік біліміңізді сұрайды, тексереді. Батыс Қазақстанда дәл осы жұмыспен айналысатын фирма жоқ, дегенмен де бағдарламашылар тобы осы жұмысты алысқа шаптырмай-ақ тындырып бағуда.
Дерек көзі. Интернет желісінен және әдебиеттер қолданылды.
Зерттелу деңгейі. Соңғы жылдары Қазақстанда қолданылатын бағдарламаларда Дельфи бағдарламасы ауқымды дамып келеді. Дельфи бағдарламалау тілімен көптеген бағдарламашылар өз үлестерін қосқан. Қазіргі жағдайда Delphi обьектілі-бағытталған программалау ортасы кең тараған программалық пакеттердің бірі болып табылады. Олардың негізі болып - OBJECT PASСAL тілі қалыптасқан. Ол әр түрлі дәрежелі қиындықты қосымшаларды өңдеп құруға, профессионалдық және ең қарапайым программа құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ДК жұмыстарын да орындайды. Программалау аймағында жай бастауыш қолданушыдан, кәсіпқой специалисттерге дейін осы программалау ортасын меңгерген.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Курстық жұмыс кіріспеден және үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 DELPHI ОРТАСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1. 1 Delphi-де жұмыс істеу
Әлемдегі миллиондаған программистер Delphi-де жұмыс жасайды және олардың көбісі Delphi-де мәліметтерді өңдеуге және сақтауға арналған программалар құрады. Күнбе-күн коммерциялық және жеке мәліметтерді санамағанда (адам аттары, мекен-жайлар, есепшоттар) визуальды интерфейс көмегімен жұмыс істеу керек болатын көптеген ақпараттар бар: дыбыс файлдары, видео көріністер, WEB -парақшалары және т. б. Осындай көп ақпарат арасында өзімізге керекті мәліметтерді алу үшін, оларды өңдейтін программалар қажет.
Программа құруға ыңғайлы тамаша ортаның бірі - Delphi ортасы таңдап алынды. Оны оқып үйрену, түсіну және логикалық ойлауға өте қарапайым, әрі жеңіл. Delphi программалаудың структуралық тәртібін және программалаудың басқа тілдерге қарағанда жалпы жақсы дамыған. Оның қызықты рекурсивті мүмкіндіктері, сонымен қатар қызықты есептер шығару мүмкіндіктері бар.
Delphi типті жүйені тез және визуальды құру ортасы деп атайды. Себебі ол өзіне компилятормен қоса редактор және көптеген дайын программалар жиынтығын қамтиды. Delphi - де шамамен 200 - ге жуық дайын компоненттер бар.
Delphi-де бағдарлама құру жақсы жабдықталған компьютерді қажет етеді.
DELPHI - бұл Borland International-дың қосымшаларды тез құруға арналған жеткілікті жаңа өнімі. Қосымшалармен мәліметтер қорымен “клиент-сервер “ архитектурасында, Internet/Intranet, сонымен қатар локальді машиналар және “ файл-серверлік “ архитектурасында жұмыс істейді.
DELPHI тілі объектілі - бағытталған Object Pascal тілінің жалғасы. DELPHI-ге InterBase локальді SQL сервері, есеп беру генераторлары, визуальді компоненттің және информациялық жүйені немесе Windows ортасының қарапайым программаларын кәсіби өндеуде өзінді сенімді сезіну үшін арналған тағы басқа құрылғылар жатады.
Delphi 6 Windows 95, Windows 98 немесе Windows NT операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істейді. Delphi 6 ерекшелігі: көптеген Delphi 6-да құрылған программалар негізінен өндіріс және бизнес есептерін шешуге бағытталған. Бұл мәлімметтер қорымен және есеп беру жұмыстары басты шешілу керек есептер болып табылады. [1]
Программалардың сәйкестендірілуі үлкен роль атқарылады. Бұл аппаратпен қамтамассыздандыру мен байланысты (HardWare) жекелеген жағдайда
- Мобильді компьютерлерді тарату кең ауқым алуымен байланысты.
Дыбыс, сурет, тексттік және цифрлық типтермен берілген информацияларды беру және оқыту, алу үшін арналған техникалық жабдықтардың әрі қарай дамуы.
Жоғарыда айтылғандай бизнеспен және өндіріспен тығыз байланысты болғандықтан қолданушылар Delphi 6-дан өздерінің есептерін шешу үшін идеал көмекші құрал тапты. Delphi 6-дің Visual Basic және C++ сияқты қолданушы интерфейсі бар. Қазіргі кезде көптеген фирмалар өз программа интерфейсінің стандарты ретінде қабылдады. Қолданушы интерфейсі визуалды құрылатын болғандықтан Delphi ортасында программалауды тез программа құру ортасы делінеді.
Құрудың графикалық ортасынан басқа аспектісі ол- көмекші жүйесінінің күштілігі.
Delphi 6-да басқа да қазіргі программалау ортасысияқты, объектілі бағытталған программаларға негізделген. Программа құру барысында дайын компоненттерді, олардың қасиетін, әдістерін және алдын-ала анықталған оқиғаларды пайдалану арқылы аз ғана программа кодымен айналып өтуге болады. Программа құрушыға бұл өзінің программасының қолданушы интерфейсін құру барысында көп уақыт үнемдеуді білдіреді.
Delphi 6 қолданушыға өте ыңғайлы, тез программа құруға мүмкіндік береді. Бұл ортаның құрал-саймандары өте көп және керек кезінде актив элемент үшін F1 пернесін басу арқылы көмек алуға болады. [2]
программалар атқаруға болатынын көрсетіп, ұсынып отырмын. Delphi -дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі жылдары оның бірте -бірте кеңейтілген 2, 3, 4, 5, 6-нұсқалары жарық көрді. Мысалы, 5-нұсқа 1999 жылы, 6-нұсқа 2001 жылдың мамыр айында жарыққа шықты. 5, 6-нұсқалардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де Windows 32 операциялық жүйесінің негізінде дайындалған. Тек, Delphi 6, оған қоса 1991 жылы жарық көрген, салыстырмалы арзан, Linex операциялық жүйесінің негізінде де жұмыс істей алады Delphi 6-да интернет үшін қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген және берілгендер қорымен жұмыс істеуге ұсынылып отырылған кітапқа қарастырылмаған кейбір өзгешіліктер енгізілген.
Бүгінгі таңда электрондық оқулықтар барлық мектеп пәндері үшін жасалуда және ол мемлекеттік, қорытынды емтихандарға дайындалуға көмектесетін мәліметтер қоры ретінде пайдаланылуда. Электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушымен студентті өз мүмкіндігін есепке ала отырып, пән мазмұнын оқып-үйрену барысында өз бетінше жұмыс істеуіне жол ашады. Бұл кезде олардың сабаққа деген кызығушылық пайда болып, белсенділігі арта бастайды. Оқытушы үшін электрондық оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық әдістемелік жүйе және оны әрбір оқытушы өзінің педагогикалық тәжірибесіндегі материалдарымен толықтыра отырып, жетілдіреді. Сонымен бірге, электрондық оқулықты пайдалану оқытушының ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі енбегін жеңілдетеді.
Осы мақсатпен мен өзімнің жұмысымда Delрhі программалау тілінде құрылған тестік программаны пайдаланып дайындаған “Функционалды анализдеу пәнінен электрондық оқулық құру” электрондық оқулығы қазіргі техниканың даму деңгейін қамтып, жүйеде жұмыс істеудің оқу құралы ретінде ұсынып отырмын.
Осы программаны пайдалануда студенттердің білімін жан - жақты көтеріп, есіне сақтау қабілетін жоғарылатуға жағдай жасау және олардың келешек жұмысында ЭЕМ - мен жұмыс істеуді күнделікті дағдыға айналдыру үшін де қажет. [3]
Сонымен қатар соңғы кездерді компьютерді пайдаланып студенттердің білім деңгейін тест түрінде тексеру пайдаланыла бастады. Сынақ, емтихандар алу кезінде компьютерде тестілеу мұғалімдердің уақытын тиімді пайдаланып, студенттердің артық жүктеме білім сапасын дұрыс бағалауға қол жеткізеді.
Delphi програмасын iске қосу үшiн бiз ең алдымен Delphi програмасын орнатуымыз керек. Егер программа орнатылған болса, онда оны әдеттегiдей Iске қосу (Пуск) - Программалар (Программы) - Borland Delphi 6 → Delphi 6 командалары арқылы iске қосамыз.
Бұл кезде Delphi 6 программасы iске қосылады, (Сурет 1) көрсетілген.
Сурет 1. Delphi 6 программасының ашылуы.
Бұл программаны iске қосқанда ең алдымен Delphi програмасының негiзгi үш терезесi экранда көрiнедi. Бұл терезелердiң 1-шiсi Delphi ортасының негiзгi терезесі болып саналады. Бұл терезеде стандарты батырмалар, аспаптар панелi бар және Delphi-дің барлық компоненттері орнатылған, ал 2-шiсi Delphi ортасының негізгі формасы (Form1) деп аталады. Бұл формада барлық компоненттер орналастырылады, ал 3-шiсi Delphi ортасының объект инспектор терезесi (Object Inspector) . Терезеде кез келген компонеттердің қасиеттері, шрифты, түсі, көлемі және компонеттерді бір-бірімен байланыстырады, тағы басқа қасиеттерін өзгертеді. (Сурет 2) .
Сурет 2. Delphi програмасының алғашқы көрiнiсi.
Жалпы, ортада программа құруға арналған 4-ші, модуль терезесi де iске қосылады (Unit1. pas) . Форма терезесiнiң астында орналасатындықтан, ол алғашқыда көрiнбейдi. Delphi-дiң негiзгi терезесiнiң құрамына мәзiр, аспаптар панелi және компоненттер палитрасы енгiзiлген (Сурет 3) .
Сурет 3. Delphi-дің негiзгi терезесi
Windows-тағы сияқты Delphi-де программалар оқиғалар арқылы басқарылады. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшiн алдымен формаға компонент орнатуы, форманы не формада орналастырылған компоненттi тышқан арқылы шертуi мүмкiн. Оның әр iс-әрекетi оқиға шақырады. Яғни, оқиға - программаның жұмыс iстеуi кезiнде объект жағдайының өзгеруi.
Delphi-де әр оқиғаға атау берiлiп қойылған. Мысалы, компоненттер палитрасының Button түймесi арқылы формада орнатылған Button1 компонентiн шерту Click (Шерту) оқиғасын шақырады.
Әр объектiге байланысты оқиғалар жеткiлiктi Мысалы, формаға байланысты оқиғалар саны - 35 (Сурет 4) . Олар қасиеттер терезесiнiң Events қосымша бетiне енгiзiлген. Терезеде оқиға атауларының алдына On префиксi (қосымшасы) тiркестiрiлiп жазылған. Ол - атаудың оқиға екендiгiн бiлдiретiн белгi.
Сурет 4. Форма оқиғалары
Delphi-де программа (проект) екi бөлiмнен тұрады: алғашқыда автоматты түрде project1 атауы берiлетiн проект файлы (негiзгi модуль) және unit1. pas атауы берiлетiн модуль. Олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге оқиғаларға сәйкес iс-әрекеттердi орындайтын программа мәтiнi (процедуралар) енгiзiледi. Программа мәтiнiн программалық код деп, терезенi программалық код терезесi не қысқаша редактор терезесi деп те атайды. Басында ескертiлгенiндей, Delphi iске қосылған кезде ол форма терезесiнiң астында көрiнбей тұрады. Оны экранға шығару тәсiлдерi:
форманы жабу (жабу түймесiн шерту) ;
код терезесiнiң бiр шетi форма астында көрiнiп тұрса, оны шерту.
Терезе белсендiрулi түрде ашылады да, онда процедура дайындамасы (үлгiсi) көрiнедi. Оның тақырыбы нүкте арқылы бөлiнген класс және процедура атауларынан тұрады (Сурет 5) т. б. [4]
Сурет 5. Код терезесi (Unit1)
Жалпы, формадан код терезесiне өту және код терезесiнен формаға өту үшiн F12 клавишiн басу жеткiлiктi. (Сурет 5) көрiнiп тұрғаны - код терезесiне енгiзiлген процедура дайындамасы. Оқиғаға байланысты құрылатын процедура оқиғаны өңдеуiш не оқиғаны өңдеу процедурасы делiнедi. Процедура дайындамасының жазылу түрi:
Procedure <атау> (Sender : TObject) ;
сипаттау бөлiмi
begin
процедура денесi
end;
мұндағы Sender параметрi құрылатын процедураның қай класқа тиiстiлiгiн анықтайды. Терезенiң сол бөлiгiндегi - браузер терезесi. Онда код терезесiнде барлық жарияланулардың құрылымын көрiп шығуға болады.
Тақташадағы батырмалар құрамын өзгерту үшін алдымен тақташаны оң жақ тышқан ьатырмасымен шертіп, шыққан терезедегі тақташалар тізімін және олардың статусын өзгертуге болады.
Пиктограммалық батырмалар арқылы негізгі меню жүйесінің маңызды опцияларына тез арада қол жеткізуге болады. Атқаратын жұмыстарына байланысты пиктограммалық батырмалар 6 топқа бөлінген . Әр топ жеке тақташада орналасады және олардың атқаратын жұмысы төменде көрсетілген.
STANDARD тобы
Объектілер репозитариясын ашу
Бұрыннан құрылған файл ашу
Файлды дискіге сақтау
Дискіге жазып барлық файлдарды сақтау
Бұрыннан құрылған прогамманың жобасын ашу
Жобаға жаңа файлды қосу
Жобадағы файлды жою
VIEW тобы
Екпінді жобаның құрамындағы модульдер тізімінен қажетті модулді таңдау.
Екпінді жобаның құрамындағы формалардың тізімінен керекті форманы таңдау
Форманың терезесінен программа кодының терезесіне және одан кері өту
Жаңа форманы құру
DEBUGтобы
Программаны компиляциялау және орындау
Түзету енгізіп жатқан программаның жұмысын уақытша тоқтату
Қадамдық тексеру ішкі программалардың жұмысын бақылау тәртіпте орындайды.
Қадамдық тексеру ішкі программалардың жұмысын бақыламайтын тәртіпте орындайды
CUSTOME тобы
Delphi ортасының құрамындағы анықтама жүйесін іске қосу
DESKTOPS тобы
Delphi ортасының екпінді күйін сақтау
Түзету тәртібіне сәйкестелген терезелерді орнату
Компоненттер жинағы-Delphi-дің негізгі ерекшелігі. Ол негізгі терезенің оң жағында орналасып, қажетті компонентті тез табуға арналған белгішілерден тұрады.
Компонент деп белгілі -бір қасиеттері бар және форма терезесінде кез келген объектіні орналастыру мүмкіндігін туғызатын функционалды элементті атайды. Delphi ортасының компоненттері 19 топқа бөлінген, ол топтарды парақтар деп атайды. Компоненттер көмегімен программаның негізгі қаңқасы құрылады.
1. 2 Delphi программалау ортасының графикалық мүмкіндіктері
Delphi ортасы схемаларды, сызбаларды, түрлі иллюстрацияларды экранға шығаратын программаларды неғұрлым қарапайым жолмен құруға мүмкіндік береді. [6]
Графикалық элементтер объекттің үстіңгі жағында шығарылады (формалар немесе Image компоненті), бұған Canvas қасиеттері сәйкес келеді. Объектінің бетіне графиктік элементтерді (түзу сызық, шеңбер және т. б) шығару үшін осы объектінің Canvas қасиетін қолдану әдісін пайдаланымыз.
Мысалы:
form1. Canvas. Reсtangle (10, 10, 100, 100) ;
Бет (Холст) ;
Қарапайым графиктерді шығару әдісінде сурет салуға болатын абстрактты бет (холст) ретінде Canvas қасиеттері қарастырылады. Бұлбет (холст) жеке нүктелерден-пикселдерден тұрады, олардың әрқайсысы көлденең (Х) және тік (Y) координаталар арқылы анықталады.
Қарандаш және қылқалам
Қарапайым графиктерді бет (холст) бетіне салуды қамтамасыз ететін әдістер үшін, қарандаш және қылқалам қолданылады: қарандашты түзулер мен контурларды сызуға қолданады, ал қылқаламды аймақтарды шекаралық контурмен бояуғақолданады.
Графиктерді бетке (холстқа) шығаратын арнайы қарандаш және қылқаламға Pen (қарандаш) Brush (қылқалам) қасиеттері сәйкес келеді, бұлар TPen және TBrush типтерін көрсетеді. Осы объектілердің қасиеттерінің мәні шығарылатын графикалық элементтердің түрін анықтайды.
TPen объектісінің мынадай қасиеттері бар:
Color - түзудің түсі (контуры)
Width - түзудің қалыңдығы (пиксель бойынша)
Style - түзудің түрі
Pen. Color - қасиетінің мәні ретінде мынадай атаулы тұрақтыларды қолдануға болады (TColor) : clBlack, clOlive, clGray, clBlue, clMaroon, clNavy clSilver, clAqua, clGreen, clPurple, clRed, clWhite.
Pen. Style қасиеті мынадай мәндерді қабылдайды:
psSolid - біркелкітүзу;
psDash - пункттирліктүзу, ұзын штрихтар;
psDot - пункттирлік түзу, қысқа штрихтар;
psClear - түзу көрінбейді.
ЕгерPen. Widthқасиетінің мәні бірден үлкен болса, онда пункттирлік түзулер біркелкі түзулер болып шығады.
Қылқалам (Canvas. Brush) тұйық аймақтарды сызатынжәне ететін әдіс ретінде қолданылады. Қылқалам объект сияқты екі қасиетке ие:
Color- ;
Style - аймақтытолықтырустилі (типі) .
Brush. color қасиетінің мәні ретіндежоғарыда айтылып өткен Tcolor типтіатаулы .
Brush. Style қасиеті мынадай мәндерді қабылдайды:
bsSolid - біркелкі бояу;
bsClear - облыс болмайды;
bsHorizontal - көлденең штрих;
bsVertical - тік штрих;
bsFDiogonal - ілгері қарай көлбеген диоганалдық штрих.
2 ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРАЛАРДЫ ЖЫЛЖЫТУ
2. 1 TShape компоненті
Компоненттер панелінің Additional бетіндегі TShape (Фигура) компонеті арқылы формада түрлі геометриялық фигуралар салуға болады. Компонентті формада орнатын, оның Shape қасиетінен қажетті мәнді таңдаса болғаны.
Shape қасиеті.
StCircile
StEllipse
StRestangle
StSquase
StRoundRect
stRoundSquare
Дөңгелек
Эллипс
Тіктөртбұрыш
Квадрат
Бұрыштары майысқан тіктөрт бұрыш
Бұрыштары майысқан квадрат
Сурет 6. Формада орнатылған ақ түске боялған эллипс
Фигура түсі объектінің Brush қасиетінің мәндері арқылы, фигура жиегінің түсі Pen қасиетінің мәндері арқылы анықталады. Мысалы, форманың ортасына Shape1 компоненті орнатылып, оның Shape қасиетінің stEllipse мәні Pen қасиетінің Color пунктінен clBlack, Brush қасиетінің Color пунктінен clWhite мәні таңдалған кездегі фигура көрінісі (Сурет 6) -те көрсетілген.
Формаға орнатылған соң Tbevel (Рамка- Жақтау) компоненті жеке объект түрінде қарастырылады. Ол арқылы жақтаулар орнатып, форманы безендіруге болады. Жақтаулар мәндері компоненттің Shape қасиетіне, панельді қоршайтын сызықтар стилі Style қасиетіне енгізілген.
Формаға суреттер салу үшін мынадай компонеттер арқылы пайдалануға болады. [7]
Растрлық кескін
Мета файлдар
PShape компоненті арқылы
Image Editor редакторы.
Tshape-stRectangle
TBitMap
Формаға графикалық кескін шығару үшін
2. 2 Шарды қозғалысқа келтіретін программа
Мәселенің тұжырымы. Жоба түрінде шетінен бастап көрсетіле отырып түсті шар түрінде TShape қозғалысы компонентін жүзеге асыру керек. Шардың қадамдары кездейсоқ алынсын.
Жүзеге асыру. Формаға Additional бетіндегі TBitBtn батырмасынан үшеуін қойамыз. Олар мыналар: Start(бастау), Retry(қайталау), Close(жабу) батырмалары.
Формаға TShape компонентін қоямыз. Түсін таңдаймыз. Содан соң System бетіндегі TTimer компонентін қоямыз.
Сурет 7. Қозғалыс
Var бөліміне сәйкесінше айнымалыларды жазамыз:
var cw, ch, dx, dy, r : integer;
Мұндағы cw , ch айнымалылары биіктігі мен енін сақтауға көмектеседі.
Төменде программаның коды жазылған. [8]
unit Unit1;
interface
uses
Windows, Messages, SysUtils, Variants, Classes, Graphics, Controls, Forms,
Dialogs, ExtCtrls, StdCtrls, Buttons;
type
TForm1 = class(TForm)
Panel1: TPanel;
BitBtn1: TBitBtn;
BitBtn2: TBitBtn;
BitBtn3: TBitBtn;
Shape1: TShape;
Timer1: TTimer;
procedure BitBtn1Click(Sender: TObject) ;
procedureFormCreate(Sender: TObject) ;
procedure Timer1Timer(Sender: TObject) ;
procedure BitBtn2Click(Sender: TObject) ;
procedure BitBtn3Click(Sender: TObject) ;
private
{ Private declarations }
public
{ Public declarations }
end;
var
Form1: TForm1;
dx, dy, cw, ch, r:integer;
implementation
{$R *. dfm}
procedure TForm1. BitBtn1Click(Sender: TObject) ;
begin // “Start”батырмасы
timer1. Enabled:=true;
end;
// Басты деректерді жазу
procedure TForm1. FormCreate(Sender: TObject) ;
begin
cw:=clientwidth;
ch:=clientheight;
randomize;
repeat
dx:=-10+random(21) ;
dy:=-10+random(21) ;
until (dx<>0) and(dy<>0) ;
r:=shape1. Width div 2; // Шардыңрадиусы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz