Информатика пәнін оқытуда оқушылардың жобалық жұмыстарын ұйымдастыру
Кіріспе
1. Оқушылардың зерттеу мәдениеті
2. Жоба әдісі және оның туындау тарихы
3. Зерттеу іс.әрекетінің жобалау мен конструктивтік іс.әрекеттерінен айырмашылығы
4. Оқу жұмысын орындауда жоба әдісін қолдану
5. Жобаны орындау кезеңдері
6. Жобаны орындау нәтижесі
7. Оқушылардың жобамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруда интернет.технологиялардың қолданылуы
8. Мектептің информатика курсында аудиовизуалды құралдар тақырыбы бойынша оқушылардың жоба жұмысын ұйымдастыру
Пайдаланылған әдебиеттер

Оқушылардың функционалдық дамуы туралы мәселе алғаш рет Елбасының 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстанның дамуының негізгі бағыты» жолдауында көтерілген болатын. Онда осы мәселе бойынша бес жылдық ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдау туралы нақты тапсырма қойылған. Осы стратегиялық маңызды мәселені шешу тұлғаның негізгі функционалдық сапасын: белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру және бейтаныс жағдайда мәселенің шешімін таба білуін, кәсіптік даму жолдарын таба білуін, өмір бойы оқуын қалыптастыруға тікелей байланысты. Білім алушылардың функционалдық қабілеттері мектеп жағдайында қалыптасуға тиісті.
Білім алушылардың жобалау іс-әрекеті – оқушылардың бір мақсаттағы, келісілген әдістемесі бар жалпы жетістікке қол жеткізуге бағытталған оқу- танымдылық, шығармашылық және ойын әрекеті. Жобалау әрекетінің негізгі шарты ретінде әрекеттің алдын ала келісілген нәтижесінің, жобалаудың кезеңдерінің (жобалаудың мақсаты мен мәселелерін анықтау, жоспар құру, жобалауды іске асыруды ұйымдастыру), жобалауды іске асыру кезеңдерінің болуы айтылады. Білім саласындағы зерттеудің негізгі түйіні ол оқу мақсатындағы зерттеу болып табылады. Оқу зерттеуінің негізгі мақсаты «үлкен» ғылымдағыдай объективтік жаңа нәтиже алу емес, тұлғаларды дамыту болып табылады.
Осы әдістемелік құралда қазіргі мектеп жағдайында жобалық жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктері қарастырылған. Информатика пәнінің ерекшелігіне байланысты "жоба" ұғымы бұл пәнде жиі қарастырылады, мысалы белгілі бір программалау ортасында дайындалған қосымшаны жоба деп атайды және ол белгілі бір жұмыстың нәтижесі ретінде алынады. Сондықтан оқушылардың жоба жұмыстары информатика пәніне енгізіліп отыр. Осы әдістемелік құрал информатика мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде ұсынылады және "Аудивизуалды құралдар" тақырыбы мысалында жоба жұмысын ұйымдастыруды қарастырады.

1. Қазақстан Республикасының Президенті -Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». www.akorda.kz.
2. Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту –Қазақстан дамуының басты бағыты» www.akorda.kz.
3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 –2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы No 1118 қаулысымен бекітілген).
4. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 -2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысымен бекітілген).
5. Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы No 1080 қаулысы.
6. Результаты международного исследования TIMSS-2011 (Оценки учебных достижений учащихся 4-х и 8-х классов общеобразовательных школ Казахстана). Национальный отчет. –Астана: НЦОСО, 2013. -237с.
7. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау (12 жылдық оқытудың құрылымы мен мазмұнын жетілдіру бойынша экспериментке қатысушылар үшін әдістемелік ұсынымдар). –Астана, 2006.-29 б.
8. Педагогические технологии: Учебное пособие для студентов педагогических специальностей / Под общей редакцией В.С.Кукушкина. -М.: ИКЦ «МарТ»: -Ростов н/Д Издательский центр «МарТ», 2006. -336 с.
9. Исследовательская деятельность учащихся. Научно-методический сборник М.: 2007. –С.35–46.
10. Организация проектной учебно-исследовательской деятельности школьников. / Авт.-сост. И.И.Белова, С.М.Гетманцева, Ю.Н.Гребенникова, О.А.Гущина. –Великий Новгород, 2002. –63 с.
11. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования /Подред. Е.С. Полат. – М.: Академия, 2001. – 271 с;
12. Макотрова Г.В. Интернет-технологии в школе исследовательской культуры личности// Фундаментальные исследования. –2007. –№11.

Мазмұны
Кіріспе
1. Оқушылардың зерттеу мәдениеті
2. Жоба әдісі және оның туындау тарихы
3. Зерттеу іс-әрекетінің жобалау мен конструктивтік іс-әрекеттерінен айырмашылығы
4. Оқу жұмысын орындауда жоба әдісін қолдану
5. Жобаны орындау кезеңдері
6. Жобаны орындау нәтижесі
7. Оқушылардың жобамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруда интернет-технологиялардың қолданылуы
8. Мектептің информатика курсында аудиовизуалды құралдар тақырыбы бойынша оқушылардың жоба жұмысын ұйымдастыру
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Оқушылардың функционалдық дамуы туралы мәселе алғаш рет Елбасының 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстанның дамуының негізгі бағыты жолдауында көтерілген болатын. Онда осы мәселе бойынша бес жылдық ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдау туралы нақты тапсырма қойылған. Осы стратегиялық маңызды мәселені шешу тұлғаның негізгі функционалдық сапасын: белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру және бейтаныс жағдайда мәселенің шешімін таба білуін, кәсіптік даму жолдарын таба білуін, өмір бойы оқуын қалыптастыруға тікелей байланысты. Білім алушылардың функционалдық қабілеттері мектеп жағдайында қалыптасуға тиісті.
Білім алушылардың жобалау іс-әрекеті - оқушылардың бір мақсаттағы, келісілген әдістемесі бар жалпы жетістікке қол жеткізуге бағытталған оқу- танымдылық, шығармашылық және ойын әрекеті. Жобалау әрекетінің негізгі шарты ретінде әрекеттің алдын ала келісілген нәтижесінің, жобалаудың кезеңдерінің (жобалаудың мақсаты мен мәселелерін анықтау, жоспар құру, жобалауды іске асыруды ұйымдастыру), жобалауды іске асыру кезеңдерінің болуы айтылады. Білім саласындағы зерттеудің негізгі түйіні ол оқу мақсатындағы зерттеу болып табылады. Оқу зерттеуінің негізгі мақсаты үлкен ғылымдағыдай объективтік жаңа нәтиже алу емес, тұлғаларды дамыту болып табылады.
Осы әдістемелік құралда қазіргі мектеп жағдайында жобалық жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктері қарастырылған. Информатика пәнінің ерекшелігіне байланысты "жоба" ұғымы бұл пәнде жиі қарастырылады, мысалы белгілі бір программалау ортасында дайындалған қосымшаны жоба деп атайды және ол белгілі бір жұмыстың нәтижесі ретінде алынады. Сондықтан оқушылардың жоба жұмыстары информатика пәніне енгізіліп отыр. Осы әдістемелік құрал информатика мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде ұсынылады және "Аудивизуалды құралдар" тақырыбы мысалында жоба жұмысын ұйымдастыруды қарастырады.
1. Оқушылардың зерттеу мәдениеті
Қазіргі кезде білімнің жаңа парадигмасына байланысты оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін зерттеу мәдениетін меңгерудің маңызы зор. Ғылыми әдебиетте зерттеу мәдениетін түсіндіретін әртүрлі анықтамалар бар. Зерттеу мәдениеті деп зерттеу қызметін жүргізуге қажет білім, ептілік, дағды және құзыретті және теориялық және практикалық мәні бар зерттеу әрекетінің стратегиясы мен тактикасын анықтайтын көзқарасты айтады. Зерттеу мәдениетінің жалпы құрылымында үш инварианттық: когнитивтік-бағалау, операциялық-әрекеттік және бағалық-мотивациялық компонент бар.
Оқушылардың зерттеу мәдениеті негізінде жоғары сыныптарда қалыптасады. Осы анықтамаға сүйене отырып, оны жобалау іс-әрекеті мәдениетіне бейімдеу арқылы оқушылардың жобалау және зерттеу жұмысының мәдениеті мынадай негізгі критерийлермен сипатталатынын байқауға болады: зерттеу мотивациясы, ойлаудың ғылыми стилі, зерттеуге ақпараттық және технологиялық дайындық, шығармашылық белсенділік. Аталған критерийлер оқушылардың жобалау іс-әрекетінің табыстылығын анықтауға бағытталған. Білім беру ұйымдарындағы оқушылардың жобалау және зерттеу жұмыстары психологиялық-педагогикалық, оқу-әдістемелік, ұйымдастырушылық және басқа да проблемаларды кешенді шешудің сауатты ғылыми тәсілінің болуын талап етеді. Мұғалімдерде жобалау және зерттеу технологияларын меңгеру үшін тиісті деңгейде ғылыми-әдістемелік даярлықтарының болуы қажет.
Білім алушылардың зерттеу іс-әрекеті -- шешімі алдын-ала белгісіз (табиғаттың заңдарын көрсету тәжіріибесінен өзге) шығармашылық, зерттеу мәселелерін шешуге байланысты және ғылым саласындағы зерттеулерге тән негізгі кезеңдердің (мәселені қоя білу, осы проблематиканы шешуге байланысты теорияны зерделеу, зерттеу әдісін таңдай ала білу және оны өз мақсатында қолдана білу, өз материалдарын жинау, оны талдау және жинақтау, өзіндік қорытынды) болуын ескеретін оқушылардың әрекеті болып табылады.
2. Жоба әдісі және оның туындау тарихы
Білім алушылардың жобалау іс-әрекеті - оқушылардың бір мақсаттағы, келісілген әдістемесі бар жалпы жетістікке қол жеткізуге бағытталған оқу- танымдылық, шығармашылық және ойын әрекеті. Жобалау әрекетінің негізгі шарты ретінде әрекеттің алдын ала келісілген нәтижесінің, жобалаудың кезеңдерінің (жобалаудың мақсаты мен мәселелерін анықтау, жоспар құру, жобалауды іске асыруды ұйымдастыру), жобалауды іске асыру кезеңдерінің болуы айтылады. Жобалау-зерттеу іс-әрекеті - жобалау бойынша мақсат пен мәселелерді анықтауға, әдістемелерді таңдау ұстанымдарын анықтауға, зерттеу барысын жоспарлауға, күтілетін нәтижені анықтауға, зерттеуді жүзеге асыруды бағалауға, керек ресурстарды анықтауға бағытталған іс-әрекет. Зерттеудің ұйымдастыру шеңбері болып табылады. Оқу зерттеуі және ғылыми зерттеу. Білім саласындағы зерттеудің негізгі түйіні ол оқулық зерттеу болып табылады. Оқу зерттеуінің негізгі мақсаты үлкен ғылымдағыдай объективтік жаңа нәтиже алу емес, тұлғаларды дамыту болып табылады. Егер ғылымдағы негізгі мақсат жаңа білім өндіру болса, білім саласындағы зерттеудің мақсаты - оқушылардың функционалдық дағдыларын жетілдіру, зерттеу түрінде ойлау қабілетін дамыту, субъективтік жаңа білімге (әр оқушыға маңызды да жаңа болып табылатын, өзіндік іс-әрекеттермен жинақталған білім) байланысты білім процесіндегі оқушылардың тұлғалық позициясын жандандыру. Сондықтан зерттеу іс-әрекетінің негізінде білім беру процесін ұйымдастыруда бірінші орынға зерттеуді жобалау мәселесі шығады. Оқушылардың зерттеу жұмысын жобалаудың негізіне соңғы жүздеген жылдарда қалыптасқан зерттеудің моделі мен әдіснамасы алынады. Бұл модельде кез келген зерттеуге тән бірнеше қалыптасқан кезеңдер бар. Алайда оқушылардың зерттеу жұмыстары оқулық зерттеу жұмыстарына ғана тән, ғылыми қоғам дайындаған дәстүрлер негізінде жүргізіледі және дамиды.
Оқу зерттеуі іс-әрекетіндегі субъект-субъект қатынасының дамуы. Қалыптасқан оқу процесінде стандарттық позициялық схема мұғалім -- оқушы жүзеге асырылады. Мұғалім білім береді, оқушы білім алады, ол процесс қалыптасқан дәстүрлі сынып-сабақ тәсімі түрінде өткізіледі. Зерттеу іс-әрекетін дамыту барысында аталған тәсімде қарама-қайшылықтар туады: сынып тақтасында көрсетіліп берілетін білімнің дайын эталоны жоқ, табиғатта көрінетін құбылыстар дайын тәсімдермен түсіндіруге жатпайды, нақты жағдайларға байланысты өзіндік талдауды қажет етеді. Бұл қоршаған ортадағы түсінудегі білім саласындағы объект-субъектілік парадигманың эволюциялық өзгеруіне, біртіндеп әріптес-әріптес бірлестігінің туындауына әкеліп тірейді. Мұғалім жетекші-кіші жолдас жұбы тәсімі бойынша практикалық әрекеттегі дағдыларды оқушыларда қалыптастырады. Мұндай ұстаз бен шәкірт аралығындағы қатынас жетекшінің жоғары беделі арқылы жүзеге асырылады.
Жоба әдісінің туындау (дәлірек айтқанда, ғылыми рәсімдеу мен сипаттау) тарихы ХІХ ғасырдың екінші жартысына тиесілі. Ол АҚШ-та пайда болып, "жасау арқылы оқу" принципін басшылыққа алған прагматикалық педагогика деп аталған педагогиканың теориялық тұжырымдамаларына негізделген (Дж. И. Э. Дьюи, Х. Килпатрик, Э. Коллингс). Осы ғылыми мектептің жетекші ойы оқушының орындайтын іс-әрекетінің "Барлығы өмірден алынған, бәрі де өмір үшін" принципі бойынша құрылғандығында болды. Егер сабаққа жеке қызығушылығы болса, егер оқу мазмұны шынайы бала өмірінен болса, мұндай іс-әрекеттің нәтижесін міндетті түрде қолдануға болса, сонда бала қызығушылықпен оқитын болады.
ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында жоба әдісі кеңестік педагогтардың назарын аударды. Кеңес одағындағы осы әдістің жақтаушылары В.Н. Шульгин, М.В. Крупенина, Б.В.Игнатьевтар оны білім алу оқушылардың еңбегі негізінде және байланысы арқылы жүзеге асатын оқу мектебін өмір мектебіне айналдырудың жалғыз құралы деп атады. Оқу жобаларының мазмұны жасөспірімдер мен балалардың қоғамдық пайдалы істерінен тұруы керек болған еді.
Кейбір ТМД елдерінде оқушылардың зерттеу іс-әрекетінде бұрыннан қалыптасқан дәстүрі бар. Мысалы, бір кездерде жасөспірімдердің ғылыми- техникалық қоғамдары, кіші ғылым академиялары жұмыс істеген болатын.
Бұл іс-әрекеттердің негізгі мақсаттары мектеп бітірушілерін жоғары оқу орындарына түсуге және болашақта ғылыми-зерттеу институттарына жас кадрларды даярлау болып табылатын. Қазіргі жағдайда балалардың оқу жүктемесін азайту мәселесі өзекті болып тұрғанда оқушылардың зерттеу іс- әрекеті деген терминнің мағынасы аздап өзгеріске ұшырады. Онда кәсіптік бағдарлау компоненті, зерттеу жұмысының жаңалық факторлары азайып, білім беру сапасын арттыру аспабы ретінде ғылыми іс-әрекет түсінігіне байланысты білім беру мазмұнының маңызы артты.

Зерттеу іс-әрекетінің негізгі нәтижесі зерттеу рәсімінің негізінде әртүрлі шындықты анықтайтын интеллектуалдық өнім болып табылады. Зерттеудің негізгі жетістігі - шындықты анықтау екенін баса көрсету қажет. Конкурстар мен конференцияларда практикалық мәні бар талаптар, зерттеу нәтижесін практикалық жағдайда қолдану мүмкіндігі, зерттеудің әлеуметтік мәні (мысалы табиғатты қорғаудың мәні) ғана айтылады. Мұндай іс-әрекет (әрине, өзіндік мәні бар) зерттеу іс-әрекетінің құралымен әлеуметтік-практикалық атқарымдарды іске асыруды көздейді.
Зерттеу мәселелерін іске асырудың ерекшеліктері. Зерттеу тақырыбына жастардың жасына, психологиясына байланысты белгілі бір талаптар қойылады. Жасөспірімдердің білім деңгейінің әлі де жеткіліксіздігіне, көзқарастың толық қалыптаспағанына, өзіндік талдау деңгейлерінің толық дамымауына байланысты оларға зерттеу саласында көп тапсырма беру олардың жалпы білім деңгейіне, дамуына нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан ғылымның кейбір мәселелерін зерттеуді мектептерде жүргізу тиімді болмауы да мүмкін. Мұндай ғылыми мәселелер оқушылардың жобалау, зерттеу жұмыстарын жүргізудің жалпы талаптарын қанағаттандыруы қажет.
Күрделігі бойынша мәселелерді жіктеу. Мұндай мәселелерге қойылатын талаптарға эксперименттік материалдардың көлемінің, математикалық аппараттардың, пәнаралық талдаудың шектеулігі жатады. Эксперименттік деректерді талдау күрделігі бойынша мәселелер практикалық, зерттеулік және ғылыми болып бөлінеді. Практикалық мәселелер нақты құбылысты суреттеу үшін қолданылады. Бұл жағдайда нақты параметрдің (мысалы, температураның) өзгеруі, соған байланысты басқа параметрдің (мысалы көлемнің) өзгеруі зерттеледі. Егер, нәтиже тұрақты болса, онда талдауды қажет етпейді. Зерттеу мәселелері білім беру ұйымдарында қолданылатын мәселелердің жиынтығын анықтайды. Оларда зерттелетін шама бірнеше қиын емес факторлардан тұрады (мысалы, жердің ластануының зауыт құбырына дейінгі ара қашықтыққа, метеожағдайға, желдің бағытына тәуелділігі). Факторлардың зерттеу нысанына әсері оқушылардың шамасы келетін талдауының жақсы мысалы бола алады. Ғылыми мәселелерде зерттеу шамаларына әсер ететін факторлар көп және күрделі болады. Мұндай мәселелерді талдау кең білімді және ғылыми интуицияны қажет етеді, оларды білім процесінде қолдану аса қиындықты тудырады, сондықтан тиімді болмауы мүмкін. Зерттеу нәтижесін көрсете білу. Қазіргі кезеңде зерттеу нәтижесін көрсете білудің маңызы барлық жұмыстар үшін аса зор.
Зерттеу жұмысының нәтижесін көрсетудің бірнеше қалыпты көрсеткіштері бар: тезистер, ғылыми мақала, ауызша баяндама, диссертация, монография, мақала. Осы әр көрсеткіштің тілі, көлемі, құрылымы анықталған. Нәтижелерді көрсетуде жетекші мен оқушы алдын ала қай жанрда жұмыс істейтінін анықтап алулары керек, содан кейін сол жанрдың талаптарына сәйкес жұмыс істеулері тиіс. Қазіргі кездегі жастар конференцияларында қолданылатын жанрлар: тезистер, мақалалар, баяндамалар. Жанрлардың бұл түрінде зерттеу жұмыстарының нәтижелелері ғана емес, сонымен қатар рефераттар немесе сипаттау жұмыстары да берілуі мүмкін.

Жоба әдісі - оқушылармен оқу жұмысын орындау формаларының бірі. "Жоба" сөзі жоғарғы оқу орындарының техникалық ғылым оқытушылары мен информатика мұғалімдеріне үйреншіктірек сияқты. Басқа мектеп пәндері мұғалімдері оқу үрдісін ұйымдастырудың мұндай формасымен бетпе-бет келе бермейді. Информатикада жоба қандай-да бір мәселені өзбетімен, түбегейлі оқып-біліп, жұмыс нәтижесінің презентациясымен ұсыну болып табылады - әдетте бұл компьютерлік программалар болады. Дегемен, қоғам мектеп түлектерінің тек білім деңгейлеріне ғана емес, олардың өзбетімен жұмыс істеу дағдыларына, мәселені немесе құбылысты әртүрлі ғылымдар тұрғысынан қарастыра алу қабілеттеріне де жоғарғы талап қойып отырған қазіргі шарттарда барлығымыз да оқу іс-әрекетінің жаңа формасын іздеу қажеттілігімен бетпе-бет келеміз. Бізге мектеп оқушыларын өзбетімен іздену және зерттеушілікпен жұмыс істеу дағдыларына үйретуге, оқуға деген мотивациясын арттыруға және балаларда әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік беретін тәсіл қажет. Жобалық іс-әрекет -- осы мақсаттарға қол жеткізудің мүмкін тәсілдерінің бірі.
Оқушыларда әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыруды пәнаралық байланыс арқылы жүзеге асыруға болады. Осыны түсінетін мұғалімдердің алдарынан үнемі әртүрлі білім беру аумағының пәндерін біріктіру қажеттілігі шығады және осындай пәнаралық байланыстарды сынып-сабақтық жүйе аясында қала отырып, іске асырудың қиындығын көреді. Жобалық іс-әрекет сабақтың аясынан шығуға және қарастырылатын мәселені "көлемдірек", әртүрлі пән тұрғысынан көрсетуге мүмкіндік береді.
Оқушылармен оқу жұмысын ұйымдастырудың көптеген формалары бар, және ең тиімдірегі жоба әдісі болып табылады.
Жоба әдісі біртіндеп және тізбекі түрде күрделенетін практикалық тапсырмалар - жобаларды жоспарлау және орындау барысында оқушылардың білім алып, дағдыланатын оқыту жүйесі ретінде қарастырылады.
Жобалық іс-әрекеттің мақсаты мен міндеттері
1) өткен материал бойынша білімдері мен дағдыларын бақылау;
2) оқушының санасында әлемнің ақпараттық бейнесін қалыптастыру;
3) компьютермен жұмыс істеу мүмкіндігі;
4) ақпаратты іздеу және өңдеу дағдыларын қалыптастыру;
5) жаңа технологиялармен жұмыс істеу;
6) өзбетімен жұмысты дамыту;
7) оқушылардың көзқарастарын тыңдау және сыйлау дағдысы;
8) әрбір жобалық оқуға қатысушының жеке сенімділікке қабілеті;
9) зерттеу дағдыларын дамыту.
Жобамен жұмыс істеу оқушылардың шығармашылық белсенділігін, зерттеу жұмыстарын орындау, орындалған жұмысты талдау дағдыларын дамытады.
Оқытудың осы формасы бүкіл ұжымды біріктіруді талап ететін бір мақсатты ұғынатын оқушылардың ұжымдық оқу әрекетінің дамуына ықпал етеді. Бұл кезде:
oo іс-әрекет үрдісінде ұжым мүшелерінің арасында өзара жауапкершілік қатынасы орнайды;
oo мәліметтерді көрсетудің әртүрлі формалары мен тәсілдерін түсіну мен саналы түрде қолдануға дағдыланады;
oo бар материалды көрнекі түрде көрсетуге, өнімді әрі мазмұнды коммуникацияны ұйымдастыруға дағдыланады;
oo жобаны орындау жұмысын бақылауды ұжым мүшелерінің өздері атқарады.
Қазіргі білім беруде жеке басының бағдарлануына, оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін ескеру әдістемесіне, оқушының тәжірибесін қолдануға және зерттеу әдістеріне үйретуге көп көңіл бөлінеді.
Заманауи білім берудің мазмұнына қойылатын осындай талаптарға сөзсіз оқытудың жобалық формасы жауап береді. Оқытудың жобалық әдісі -- бұл нәтижесінде жаңа бір нарсе туындайтын оқу-танымдық практикалық іс-әрекетке балаларды баулу.
Сонымен қатар, жобалық іс-әрекет мұғалімге әрбір оқушыға жеке әдістеме қолдануды жүзеге асыруға, балалардың ерекшеліктері мен қызығушылықтарына байланысты топтарда міндеттерді бөліп беруге мүмкіндік береді.
Жобалау барысында мұғалім кеңес беруші болуы керек: ақпаратты дайындау, жинау бойынша ұсыныстар айтады, егер оқушылар тақырыптан ауытқып кеткен болса, уақытында дұрыс арнаға бағыттайды, жобаны іске асыру кезеңдерін талқылайды.
Оқушыларда жобаны орындау барысында туындауы мүмкін қиыншылықтар:
oo тақырып таңдау;
oo жобаның мақсаты мен міндеттерін қою;
oo оларды шешу жолдары;
oo алынған нәтижені жоспарланған нәтижемен салыстыру.
Жобамен жұмысты орындау барысында оқушылардың келесі қабілеттері дамиды:
oo коммуникативік - қарым-қатынас қабілеті;
oo мәселелік - іздеу - өмірлік мәселелерді шешу қабілеті;
oo рефлексивтік - жасалған іс-әрекетін талдай алу қабілеті.
Қазіргі уақытта талаптар информатиканы және басқа пәндерді де оқу барысында ақпараттық технологияларды оқып-үйрену мүмкіндігіне және коммуникациялық құзіреттілікті қалыптастыруға бағдарланған.
Информатика курсын оқушылардың меңгеруін бақылау формасы болып компьютерлік презентация жасау жобасы таңдалып алынды. Жобалық іс-әрекетпен оқушылар қараша айынан бастап айналыса бастайды. Қыркүйекте информатика сабағында 8-9 сынып оқушылары өз беттерімен немесе пән мұғалімінің көмегімен екі ай бойы жұмыс істейтін тақырыпты таңдайды, осы сабақта жобаның қысқаша сипаттамасы мен безендірілуі туралы нұсқау беріледі. Оқушылар өзбетімен ақпарат жинайды, суреттерді сканерлейді, музыканы таңдайды. Жобалар Power Point программасының көмегімен орындалады. Жұмысты орындау барысында оқушылар келесі дағдыларды меңгереді:
oo сканермен жұмыс;
oo микрофонмен жұмыс;
oo компакт - дискілермен жұмыс;
oo цифрлық фотоаппаратпен жұмыс;
oo видеокамерамен жұмыс;
oo Adobe Photoshop программасымен жұмыс және т.б.
Жоба 15 және одан да артық слайдттан тұрады:
oo 1 слайд - тақырыбы;
oo 2 слайд - мақсаты мен міндеттері;
oo 3 слайд -- автор туралы парақша;
oo 4 -- 14 слайдтар тақырыпты ашу;
oo 15 слайд - жобаны көрушілерге тілектер.
Жұмысты орындау барысында класс құзіреттілік деңгейлері әртүрлі, жеке ұнатуларын ескере отырып, 2 оқушыдан топтарға бөлінеді және әр топ жеке тақырып бойынша жұмыс істейді.
Жолдастарымен және мұғаліммен ресми емес қарым-қатынасқа түсу баланың шығармашылық әлеуетін ашады және оған жобаны сәтті орындап шығуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, осындай ұжымдық іс-әрекет өзінің ұжымдағы маңызын сезінуге мүмкіндік береді және де ортақ істегі басқа да адамдардың қосқан үлесін бағалауға үйретеді. Осылайша жоба тек білім берушілік қана емес, сонымен қатар әлеуметтік маңызға да ие болады.
Мектептегі жобаның негізгі міндеті - дәл осы пәнаралық байланысты жүзеге асыру және оқушылардың бір-бірімен және мұғаліммен өзара қарым-қатынас жасау арқылы білім алу (бағдарлама бойынша және одан тыс) болып табылады. Жоба әдетте ұжымдық іс-әрекет болып табылады. Сұрақтар тізімін жасау, жұмыстың міндеттерін анықтау, осы тақырыпты оқып-үйрену, жобаны презентациялау тәсілін таңдау ұжымдық талқылау барысында жүзеге асырылады. Сол кезде жобаның әрбір қатысушысының ортақ міндеттерді шешудегі жеке ролі белгіленеді. Мұғалім талқылауға кеңес беруші ретінде қатысады, ол нұсқау бермей, ұсыныс айтады. Бұл мұғалім жұмысты өзбетімен жібереді дегенді білдірмейді.
5. Жобаны орындау кезеңдері
Жұмыстың әр кезеңі мұқият және қатаң бақылануы керек. Жоба жұмысы үрдісінде бақылау жеткіліксіз болса қойылған мақсатар байқаусызда, кездейсоқ ауысып кетуі мүмкін, және осының салдарынан жоспарланбаған нәтиже алынуы мүмкін. Бұл әуресі көп, бірақ өрескел емес қателік, себебі жоба бәрібір өз функциясын атқарады: оқушылар жұмысқа әртүрлі оқу пәндерін қоса отырып, өзбетімен ізденіс жұмыстарын жүргізеді. Міндетті ауыстырған жағдайда мұғалім оқушыларға оның ауысқан мезетін анықтауға көмектесіп, оны ауыстыру себебін мұқият бағалау керек. Бұл келесі жобамен жұмыс істеу кезінде оқушылардың өзін-өзі бақылауын күшейтіп, болашақта осындай қателікті болдырмауына көмектеседі.
Жобамен жұмыс бірнеше кезеңде жүреді:
1) Жобамен жұмыс істеуге дайындық.
2) Тақырыпты таңдау.
3) Жобаның мақсаты мен міндеттерінің қойылымы.
4) Әртүрлі тәсілдермен ақпаратты іздеу.
5) Суреттерді іздеу.
6) Презентация құрылымын дайындау.
7) Кадрлар дизайнын дайындау.
8) Жобаны қорғауға дайындау.
9) Жоба презентацясы. (Қорғау)
10) Жобалық жұмысты талдау.
Жобамен жұмыс істеудің бірнеше кезеңдерін қарастырайық.
Кезең 1. Жобаның тақырыптарын (сұрақтарын) ұсыну
Жобаның тақырыбы "Миға шабуыл" әдісімен анықталады. Бұлжобаныңең демократиялық кезеңі деп айтуға болады, себебі әр қатысушы өз тақырыбынұсына алады, және де барлық ұсыныстар қарастыруға алынады, ешкім (мұғалім де, оқушылар да) ұсынысты кері қайтара алмайды, тіпті оларға ұнамаса да. Әдетте "Миға шабуыл" барысында көп ұсыныстар (сұрақтар) айтылатындықтан және оқушылардың барлығы бірмезетте сөйлеуге ұмтылатындықтан (әсіресе бұл алғашқы жобалардың бірі болса), жұмысты бастамас бұрын 1-2 адам - туындаған ойларды тақтада жазып отыру үшін "хатшыларды" таңдап алу керек. Бұл кезең 10 -- 15 минутқа созылады.
Кезең 2. Жобаның бір тақырыбын таңдау
Бұл кезең мұғалім үшін бірқатар қиынға соғады, себебі мұғалім мектептің техникалық мүмкіндіктері тұрғысынан және мұғалімнің (немесе мұғалімдердің) ойластыруы бойынша жобаға енгізілетін оқу материалдары тұрғысынан қолайлы тақырыпты таңдауларына оқушыларды бағыттау керек болады. Және де бұл кезде мұғалімнің оқушыларға белгілі бір тақырыпты таңдауын қатты талап етіп немесе тиым салу арқылы ықпал етуге болмайды. Кері жағдайда біріншікезеңнің мағынасы жойылады. Жобаныңтақырыбын таңдау 15 -- 20 минутқа созылады. Осы сыныпта бірінші рет өткізіліп отырған жоба болса мұғалім тақырыпты өзі ұсынуына болады, бұл жағдайда алғашқы екі кезең болмайды.
Кезең 3. Жобамен жұмыс істеуге арналған әдістер мен ресурстарды таңдау, жоба нәтижесін презентаіиялау формасын таңдау.
Әдістер мен ресурстарды таңдау. Жобаны орындау әдістерінің спекторы өте кең -- бұл эксперимент, интервью, социологиялық сұрақ алу, экскурсия, әдебиеттерді қарастыру, Интернет желісінде ақпарат іздеу бола алады. Мұғалім оқушылардың таңдау еркіндігін өздеріне бере отырып, бар мүмкіндіктермен таныстыруы өте маңызды. Егер осы сыныпта жоба алғаш рет өткізіліп тұрған болса, оқушыларға аңдау қиын болады, сондықтан талқылқылау "сұрақ-жауап" формасында болады (сұрақ мұғалімге бағытталады). Пікірталасты жүргізуге және ұжымдық шешім қабылдауға үйрету күрделі және кропотливая жұмыс, сондықтан бұл сұрақ жеке зертеуді талап етеді. "Хатшылардың міндеттері" -- нәижені бекітіп отыру.
Презентация формасы. Жоба қабырғалық баяндамалар, ауызша немесе жазбаша жауаптар, семинар, видеофильм, конкурс, театрландырылған қойылым, компьютерлік программа түрлерінде көрсетіле алады. Тек бір тәсілді ғана таңдаудың қажеттілігі жоқ, оларды комбнацилауға араластыруға болады. Кез-келген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz