Организмдердің қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым



І
1. Организмдердің қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым . экология туралы түсінік.
2. Қазіргі таңдағы экологияның мақсатын айқындау.
3. Экология құрлымдарын сипаттау.
4. Тұрақты даму концепциясына сипаттама
5. Антропогендік факторларды жіктеу.
6. Тірі жүйенің абиотикалық және биотикалық компоненттері.
6. Тірі жүйенің абиотикалық және биотикалық компоненттері.
ІІ
1. Тірі жүйенің абиотикалық және биотикалық компоненттері.
2. Абиотикалық факторлар. Температуралық факторларын сипаттау.
3. Абиотикалық факторлар. Топырақ факторларының қасиеттері
4. Гомойотерімділер туралы түсінік
5. Пойкилотерімділерге сипаттама
6. Биотикалық байланыстар туралы түсінік
7. Антропогендік факторлар туралы түсінік
Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Экология терминін ғылымға енгізген Э.Геккель (1866). Экология ғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда болды. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың, әсіресе климаттық факторлардың, организмдердің таралуы мен сан динамикасына әсерін зерттеді. Бірімен-бірі тығыз байланысқан, біртұтас құрылымдық бірлік түзетін организмдер қауымдастықтары (қ. Биоценоз) туралы ұғым да осы кезде қалыптаса бастады (К.Мәбиус, 1877; С.Форбс, 1887). 20 ғасырдың басында Экология жеке ғылым бағыт ретінде таныла бастады, ал “экологияның алтын ғасыры” аталған 20 – 40-жылдары популяциялар мен қа-уымдастықтарды зерттеудің басты бағыттары айқындалып, Экологияның негізгі ережелері мен заңдары тұжырымдалды: Ф.Клементс (1916) биоценоздардың өзгеріп, дамитынын және бұл бейімделушілік сипатындағы құбылыс екендігін көрсетті; А.Тинеманн (1925) өнім ұғымын енгізді, ал Ч.Элтонның Э. бойынша алғашқы оқулығында (1927) биоценоздарда жүріп жатқан процестердің заңдылықтары көрсетіліп, трофикалық қуыс ұғымына анықтама берілді, Экология ғылымының даму кезеңдері: *І кезеңде (1707–1924 жж.) экология ғылымының алғышарттары қалыптасты; *ІІ кезеңде (1924–1980 жж.) экология ғылымы дара ғылым деңгейіне көтеріліп, өзінің зерттеу салаларын, мақсат-міндеттерін жетілдіре түсті; *ІІІ кезеңде (1980–2000 жж.) экология әлеуметтік, саяси-экономикалық, нарықтық жағдайлар мен мәселелерді зерттейтін деңгейіне жетті. Экологияның дербес ғылым болып қалыптасуы 19 ғ. 2-ші жартысына сәйкес келеді. «Экология» гректің oicos - үй және logos – ғылым сөзінен шыққан, яғни дәлме-дәл мағынасы экология – «өз үйіңдегі ағзалар» туралы ғылым. «Экономика» сөзі де (гректің oiconomike) oicos түбірінен шыққан, яғни үй шаруасын жүргізу.

1. Организмдердің қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым – экология
туралы түсінік.
Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің
қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ
организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің –
популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның
ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Экология
терминін ғылымға енгізген Э.Геккель (1866). Экология ғылымы жедел дамып,
көптеген жаңа салалары пайда болды. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында
ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың, әсіресе климаттық факторлардың,
организмдердің таралуы мен сан динамикасына әсерін зерттеді. Бірімен-бірі
тығыз байланысқан, біртұтас құрылымдық бірлік түзетін организмдер
қауымдастықтары (қ. Биоценоз) туралы ұғым да осы кезде қалыптаса бастады
(К.Мәбиус, 1877; С.Форбс, 1887). 20 ғасырдың басында Экология жеке ғылым
бағыт ретінде таныла бастады, ал “экологияның алтын ғасыры” аталған 20 – 40-
жылдары популяциялар мен қа-уымдастықтарды зерттеудің басты бағыттары
айқындалып, Экологияның негізгі ережелері мен заңдары тұжырымдалды:
Ф.Клементс (1916) биоценоздардың өзгеріп, дамитынын және бұл бейімделушілік
сипатындағы құбылыс екендігін көрсетті; А.Тинеманн (1925) өнім ұғымын
енгізді, ал Ч.Элтонның Э. бойынша алғашқы оқулығында (1927) биоценоздарда
жүріп жатқан процестердің заңдылықтары көрсетіліп, трофикалық қуыс ұғымына
анықтама берілді, Экология ғылымының даму кезеңдері: *І кезеңде (1707–1924
жж.) экология ғылымының алғышарттары қалыптасты; *ІІ кезеңде (1924–1980
жж.) экология ғылымы дара ғылым деңгейіне көтеріліп, өзінің зерттеу
салаларын, мақсат-міндеттерін жетілдіре түсті; *ІІІ кезеңде (1980–2000 жж.)
экология әлеуметтік, саяси-экономикалық, нарықтық жағдайлар мен мәселелерді
зерттейтін деңгейіне жетті. Экологияның дербес ғылым болып қалыптасуы 19 ғ.
2-ші жартысына сәйкес келеді. Экология гректің oicos - үй және logos –
ғылым сөзінен шыққан, яғни дәлме-дәл мағынасы экология – өз үйіңдегі
ағзалар туралы ғылым. Экономика сөзі де (гректің oiconomike) oicos
түбірінен шыққан, яғни үй шаруасын жүргізу. Бұл екі пән өте тығыз
байланысты, бірақ соңғы кезде бұл көзқарас мағынасын жойған. Популяция
санының ауытқуларын, популяциялар арасындағы әсерлесулерді сипаттайтын
матем. модельдер құру (А.Лотка, В.Вольтерра, 1925, 1926), сол модельдерді
эксперимент барысында тексеру (Г.Ф. Гаузе, 1934) сияқты, қазіргі теория
Экологияның негізін құрайтын зерттеулер де сол жылдары қалыптаса бастады.
Экология – организмдердің бір-бірімен және қоршаған табиғи ортамен әсерлесу
заңдылықтарын зерттейтін іргелі табиғаттану ғылымы деп анықтама беруге
болады. Жедел дамып келе жатқан және шекарасы көмескі Экология салаларының
қатарында адамның қоршаған ортамен қарым қатынасын зерттейтін әлеуметтік
экологияны атап өткен жөн: 1) ең жалпылама түрде – қоғамның география,
әлеуметтік және мәдени ортамен, яғни адамды қоршаған ортамен ара салмағын
зерттейтін ғылыми пән; 2) адамзат қоғамының табиғи ортамен әсерлесуін және
өзара байланыстылығын зерттеу арқылы табиғатты ұтымды пайдаланудың ғылым
негіздерін жасайтын, сол арқылы табиғатты сақтап, адамның тіршілік ету
ортасын оңтайландыруды көздейтін ғылыми пән. Әлеуметтіу Экологияның негізгі
міндеті – адамзат қоғамының және оның жекелеген аймақтық топтарының
табиғатпен әсерлесу заңдылықтарын зерттеу негізінде жаңа табиғи-
мәдениеттендірілген ортаны жобалау; 3) жекелеген әлеуметтік топтардың
табиғатпен қарым-қатынасын қарастыратын адам экологиясының бір бөлігі;
4) адамдардың іс-әрекеттерін және сол іс әрекеттерді өзге адамдардың
түсінуін, жеке тұлға немесе ұжым ретінде әлеуметтік-психология тұрғыдан
баға беруін зерттеу.

2. Қазіргі таңдағы экологияның мақсатын айқындау.
Экология ғылымының казіргі басты стратегиялық міндеті Экология ғылымының
казіргі басты стратегиялық міндеті — биосфераның құрамды бөлігі ретінде
адамзат қоғамының табиғатпен өзара карым-қатынасының үйлесімділігін
сақтауға негізделген ғылыми теорияларды дамыту.Тіршілік өрісінің маңызды
қыры климат және топография секілді фақторлармен катар шеқтеулі аумақ
немесе басқа ресурстар үшін бәсеке күресіне түсе алатын басқа тұрлердің
болуы. Сонымен бірге экологияның кезек күттірмейтін іргелі міндеттері
мыналар: а) табиғат байлықтарының қорын азайтпай-ак экологиялық
кауіпсіздікті қамтамасыз ету;
ә) өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірістерінің экологиялық негіздерін
жетілдіре түсу; б) экологиялық мәселелерді шешуде әлеуметтік және
экономикалық механизмдердің тиімді жолдарын жасап шығару;
в) табиғатты пайдалануды басқарудың ұйымдастыру-құкықтық мәселелерін дұрыс
шешу; г) әлеуметтік-экологиялық болжаулардың әдістерін дамыта түсу.
Экологиялық қауіпсіздіктің мақсаты
Экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты табиғи
жүйелердің, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен жеке тұлға құқығының
қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсерлердің нәтижесінде туындайтын
қатерлерден қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады. Экологиялық
қауіпсіздіктің негізгі міндеттері Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай
міндеттерді шешу қажет:
*климаттың өзгеруі мен Жердің озон қабатының бұзылуына душар ететін
антропогендік әсерді азайту; *биоәртүрлілікті сақтау және жердің
шөлейттенуі мен тозуының алдын алу; *экологиялық апат аймақтарын, әскери-
ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалту; *Каспий теңізі қайраңының
ластануының алдын алу; *су ресурстарының тозуының және ластануының алдын
алу; *табиғи ластануларды, әуе бассейнінің ластануын, радиоактивті,
бактериологиялық және химиялық, оның ішінде трансшекаралық *ластануларды
жою және олардың алдын алу; *өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың
жинақталу көлемдерін қысқарту;
*табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу. Қойылған
міндеттерді шешуге: *Қазақстан Республикасының заңдарын, табиғат
пайдаланудың, мемлекеттік экологиялық бақылаудың және экологиялық
мониторингтің экономикалық тетіктерін жетілдіру және жүйеге келтіру;
*табиғат пайдаланудың және экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесін
оңтайландыру;
*қоршаған ортаны қорғау, экологиялық статистика, экологиялық білім беру,
экологиялық үгіт-насихат және жұртшылықтың қатысуы *саласындағы ғылыми-
зерттеу жұмыстарын дамыту;
*халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен қол жеткізіледі.

3. Экология құрлымдарын сипаттау.

Түрлері *Теориялық экология — тірі организмдердің әр түрлі құрылымдық
деңгейлерінің жалпы зандылықтарын зерттейді.  *Іргелі экология —
биосферадағы тірі организмдер мен сыртқы орта жағдайларының адамның іс-
әрекеттері арқылы бүлінуін, оларды болдырмау және табиғат байлықтарын
ұқыпты пайдалану жолдарын зерттейді.Жаңа ғылым салалары Қазіргі кезде
экология ғылымы көптеген басқа да ғылымдармен тығыз байланыста дамып, жаңа
ғылым салалары мен бағыттары пайда болуда. Мысалы, әлеуметтік экология,
өнеркәсіптік экология, геоэкология, инженерлік экология, ауыл шаруашылығы
экологиясы, ғаламдық экология және т.б.:[3] *Әлеуметтік экология — табиғат
пен қоғам арасындағы өзара карым-қатынас заңдылықтарын "табиғат + адам +
қоғам" жүйесі негізінде зерттейді. *Өнеркәсіптік экология — өнеркәсіптік
нысандардың тірі организмдерге және қоршаған орта жағдайларына әсерін
зерттейді. *Геоэкология — жер бетіндегі экожүйелердегі және биосфералық
деңгейдегі сыртқы орта құбылыстарының өзара байланысын және олардың тірі
организмдермен қарым-қатынасын зерттейді. *Ауыл шаруашылығы экологиясы —
ауыл шаруашылығы салаларының сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасын
агроценоздардың даму өзгеру заңдылықтарын және ауыл шаруашылығы салаларының
бір-біріне әсерін зерттейді. *Ғаламдық экология — биосфера деңгейіндегі,
тіпті Күн жүйесіндегі әлемдік құбылыстарды, табиғи өзгерістерді зерттейді.
Мысалы, эпидемиялық аурулар, климаттың жаппай жылынуы, азон қабатының
жұқаруы, ядролық қауіп катерлер, шөлейттенудің алдын алу, т.б.

4. Тұрақты даму концепциясына сипаттама

Орнықты даму қазіргі уақыт қажеттіктерін қанағаттандыратын, бірақ болашақ
ұрпақтардың өз қажеттіктерін қанағаттандыру қабілеттілігіне қауіп
төндірмейтін даму болып табылады. (Брундтланд комиссиясы, БҰҰ, 1987ж.) Жаңа
өркениеттің басым құндылықтарының біріне орнықты даму концепциясы жатады.
Ең алдымен, орнықты даму концепциясын адамзат тарихында алғашқы рет Рим
клубының өкілдерінің тұжырымдап бергенін еске алған жөн. Рим клубының он
баяндамаларында қазіргі экологиялық жағдайды талдау негізінде Батыс
өркениетінің ғылыми-техникалық экспансиясының нәтижесінен туындаған қазіргі
әлемнің жүйелік дағдарысы туралы қорытынды жасалды. Қазір, — деп жазады Ф.
Сен-Мара, — біз, табиғи кеңістіктің жетіспеуінен және өлсіздігінен болашақ
адамзаттың өмір сүру қауіпсіздігін пайымдау арқылы түсінілген табиғат
ғасырына — жаңа заманға аяқ бастық {Сен-Мара Ф. Социализация природы. —
М., 1977. — С. 54). Рим клубының бірінші баяндамасының авторлары бойынша,
өркениеттілік дағдарыс шекті кеңістікте экспоненциалдық дамудан туындайды.
Егер өткен ғасырларда ғылыми-техникалық прогресс индустриалдық қоғамды
дамыту арқылы адамзат алдында тұрған қиындықтар мен мәселелерді шешуге
себебін тигізсе, онда бұл күндерді прогрестің өзі адамзат үшін қауіп
төңдіріп түр. 1 – қағида Адам жөнінде қамдану орнықты дамуды жүзеге
асырудағы әрекеттерде орталық орын алады. Адамдардың табиғатпен үйлесімді,
салауатты, жасампаз өмір сүруге құқығы бар...

3 – қағида Даму құқығы бүгінгі және болашақ ұрпақтардың даму және қоршаған
орта салаларындағы негізгі қажеттіктерін әділетті түрде жүзеге асыруы
керек. 6 – қағида Дамушы елдердің, солардың арасында, бірінші кезекте, ең
төмен дамыған және экологиялық жағдайы қауіптілерінің ерекшеліктері мен
қажеттіліктеріне басты назар аудару керек. 25 – қағида Әлем, даму және
қоршаған ортаны қорғау бір-біріне байланысты және бөлінбейді (Ноосфера —
устойчивое развитие. — Алматы, 1996. — № 1. — С. 22—28). Тұрақты даму
дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ
ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму
деп түсіну керек. Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз
оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық (БҰҰ материалынан). 1992жылдың
маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму
бойынша өткен конференциясы Тұрақты даму концепциясын және ХХІ ғасырдың
күн тәртібіне атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада
шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер
қарастырылған. Оның нәтижесі төмендегі кестеде көрсетілген.

5. Антропогендік факторларды жіктеу.
Антропогендік фактор (грек. anthropos – адам, genos – тегі, пайда болуы,
лат. factor – іс-әрекет) – адамның барлық тірі организмдердің мекен ортасы
ретіндегі табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне
тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері. Антропогендік факторға қоршаған
ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде атмосфера, өзен-көл және
мұхит құрамының өзгеруі, сондай-ақ технология қалдықтар мен радиоактивтік
заттардың әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп, жалпы экожүйенің құрамы мен
құрылысының бұзылуы жатады. Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде
бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер шарының барлық аймақтарында айқын
байқалуда. Бүкіләлемдік бақылау институтының (АҚШ, Вашингтон қ.)
мәліметтері бойынша табиғи орта жылдан-жылға нашарлап барады. Интернет
жариялаған негізгі мәліметтерде жыл сайын 16,8 млн. га тропиктік ылғалды
орман жойылатыны, жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан жыл сайын 6 млн. га
шөл пайда болатыны, қышқыл жаңбырдан 50 млн. га орманның зақымдалғаны, жыл
сайын біздің планетамызда жыртылатын жердің 26 млрд. т құнарлы қабаты
жойылатыны, өсімдіктердің 25 – 30 мың түрі жойылып кету қаупінде тұрғаны
атап көрсетілген. Кейінгі кезде атмосфераға жыл сайын 400 млн. т күкірт
диоксиді, азот және көміртек оксидтері, қатты бөлшектер шығарылатыны
анықталды. Қазақстанда Арал өңірінің, Семей жерінің, Балқаш маңының, Каспий
алқабының экол. апатты аймақтарға айналуына Антропогендік факторлар негіз
болып отыр.

6. Тірі жүйенің абиотикалық және биотикалық компоненттері.
Абиотикалық компоненттер (гр. 'a' — теріс және bіotіkos — тірішілік, өмір)
— бейорганикалық ортаның тірі организмдерге жасайтын тікелей немесе жанама
әсерлерінің жиынтығы; сыртқы ортаның бейорганикалық, физикалық және
химиялық жағдайлары. Ол ф и з и к а л ы қ абиотикалық фактор (темпиратура,
жарық, жел, ылғалдылық, атмосфераның қысымы, ағыстар, радиациялық деңгей,
радиоактивті сәуле шығару т.б.), х и м и я л ы қ Абиотикалық фактор
(атмосфера, су, қалдықтар, топырақ, шөгінді құрамы және олардағы қоспалар
т.б.), к л и м а т т ы қ абиотикалық фактор (күн радиациясы, атмосфералық
жауын-шашын, гидросфералық қысым т.б.) болып бөлінеді. Өсімдік пен
жануарлардың ыстыққа, суыққа, ауа қысымына, су тереңдігіне, хим. құрамына
қарай бейімделуі, кейбір жануарлардың қысқы, жазғы ұйқыға кетуі т.б.
Абиотикалық факторға байланысты. Жер бетінің, ауаның, судың химиялық және
физикалық құрамының өзгеруі тірі организмдерге де әсер етеді. Мысалы, 20
ғасырда Арал теңізінің тартылып, ауада тұз концентрациясының көбеюіне
байланысты, миллиондаған тонна тұзды шаң тірі организмдерге үлкен әсерін
тигізді. Абиоталық факторды химиялық (атмосфераның, теңіздің, тұщы судың
құрамы және тағы да басқалары) және физикалық (климат, орография) деп екіге
бөледі. Абиоталық фактор биоталық және антропогендік факторлармен
қосылғанда экологиялық факторлар құрайды Биотикалық компоненттер — басқа
организмдер мен биоценоздардың жеке организмге (жануарға немесе өсімдікке)
я биоценозга әсер ететін жиынтығы. Жануарлардың бір түрінің екінші түрімен
немесе жануарлардың өсімдікпен қоректенуін биотикалық фактор деп атайды.
Биотикалық факторлар организмге тура немесе жанама түрде әсер етіп отырады
(мысалы: жануарлардың топырақты қазып өзгертуі, немесе бактериялардың
ортаға химизмдік әсері тағы басқалар

7. Биотикалық байланыстарды сипаттау.
Биотикалық қарым-қатынастар типтері Биотикалық факторлар - бір
организмдердің тіршілік етуі барысында басқа организмдерге әсері.
Биотикалық қарым- қатынастардың негізгі типтері: бәсекелестік, жыртқыштық,
комменсализм, мутуализм, симбиоз, синойкия, паразитизм. Биоңенозда әртүрлі
түрлер арасында белгілі бір қарым- қатынастар қалыптасады. Оның негізі
қоректік тізбектерге байланысты екені белгілі. Десе де, организмдер
арасындағы кеңістіктік қарым-қатынастар да негізгі роль атқарады. Қоректік
тізбектер өсімдік, құстар және жануарлар арасында болады. Паразитизм - бір
түр өкілінің екінші бір түр өкілін қорек немесе тіршілік ортасы ретінде
пайдалану арқылы тіршілік етуі. Паразиттік құбылыс организмдер арасында
тікелей жанасу арқылы бірте-бірте пайда болған. Бұл процестер бактериядан
бастагі жоғары сатыдағы организмдер арасында кездеседі. Әсіресе бұл қарым-
қатынас вирус, бактерия, саңырауқұлақ, қарапайымдылар, құрттар арасында жиі
кездеседі. Сол сияқты өсімдік пен өсімдік, жануар мен жануар, өсімдік пен
жануар арасында да паразиттік құбылыс жақсы дамыған. Симбиоз - екі түрге
жататын организмдердің кеңістікте бір- біріне еиібір зиянын тигізбей,
керісінше селбесіп пайдалы тіршілік етуі. Мәселен, құмырсқа мен өсімдік
биті, шаян мен актиния, акулалар мен жабысқақ балықтар арасындағы селбесіп
тіршілік ету осы қарым-қатынасқа жатады. Қыналар - балдыр мен
саңырауқұлақтың селбесіп тіршілік етудің көрінісі болып табылады.
Өсімдіктердің тамыр жүйесінде, ағашты өсімдіктерде майда тамырлардың сыртын
орап (эктомикориза), шөптесін өсімдіктерде тамырлардың ішіне еніп
(эндомикориза) селбесіп тіршілік ететін саңырауқұлақтар бар. Олар
өсімдіктерді ылғалмен, минералды заттармен қамтамасыз ете отырып, өз
кезегінде олардан өздеріне қажетті органикалық заттарды алады. Комменсализм
- бір түрдің қоректік қалдыгымен екінші организм қоректене отырып оған
ешбір зиян келтірмеуі. Бұл симбиоздың бір формасы ретінде белгілі. Ал кейде
екінші организм біріншісін қозғау құралы немесе қорганысы ретінде де
пайдаланады. Мәселен, ірі балықтардың желбезегінде ұсақ балықтар еркін
тіршілік етуге бейімделген. Егер де комменсалдар бір-біріне зиян келтіре
бастаса оның біреуі паразиттік немесе бәсекелестік жолға түседі. Мутуализм
- әр түрге жататьш организмдердің бір-біріне қолайлы жагдай тұғыза отырып
селбесіп тіршілік етуі. Мәселен , тақуа шаян (рак отшельник) мен актиния
арасындағы қарым - қатынас немесе құмырсқа мен өсімдік биті арасындағы
байланыс осының мысалы. Зоохария - жануарлардьщ орын ауыстыруы арқылы
өсімдіктер туқымдарын кеңістікке тарату құбылысы. Зоохария - өсімдіктер мен
жануарлар дүниесінің бір тобының ұзақ жылдар бойы бірлестікте тіршілік
етуінің жемісі нәтижесінде өсімдіктер тұқымында жабысқыш ілгектер пайда
болып олар құстар, сұтқоректілердің және басқ а да жануарлардың денесіне
жабысуға бейімделіп осы арқылы алые кеңістіктерге тарауы.

8. Абиотикалық факторлар. Температуралық факторларын сипаттау.
Абиотикалық факторлар (гр. 'a' — теріс және bіotіkos — тірішілік, өмір) —
бейорганикалық ортаның тірі организмдерге жасайтын тікелей немесе жанама
әсерлерінің жиынтығы; сыртқы ортаның бейорганикалық, физикалық және
химиялық жағдайлары. Ол ф и з и к а л ы қ абиотикалық фактор (темпиратура,
жарық, жел, ылғалдылық, атмосфераның қысымы, ағыстар, радиациялық деңгей,
радиоактивті сәуле шығару т.б.), х и м и я л ы қ Абиотикалық фактор
(атмосфера, су, қалдықтар, топырақ, шөгінді құрамы және олардағы қоспалар
т.б.), к л и м а т т ы қ абиотикалық фактор (күн радиациясы, атмосфералық
жауын-шашын, гидросфералық қысым т.б.) болып бөлінеді. Өсімдік пен
жануарлардың ыстыққа, суыққа, ауа қысымына, су тереңдігіне, хим. құрамына
қарай бейімделуі, кейбір жануарлардың қысқы, жазғы ұйқыға кетуі т.б.
Абиотикалық факторға байланысты. Жер бетінің, ауаның, судың химиялық және
физикалық құрамының өзгеруі тірі организмдерге де әсер етеді. Мысалы, 20
ғасырда Арал теңізінің тартылып, ауада тұз концентрациясының көбеюіне
байланысты, миллиондаған тонна тұзды шаң тірі организмдерге үлкен әсерін
тигізді. Абиоталық факторды химиялық (атмосфераның, теңіздің, тұщы судың
құрамы және тағы да басқалары) және физикалық (климат, орография) деп екіге
бөледі. Абиоталық фактор биоталық және антропогендік факторлармен
қосылғанда экологиялық факторлар құрайды Температура - күннің ұзын
толқынды инфрақызылсәулелерінен бөлінетін және организмдер үшін аса
қажетті, тіршілік иелері үшін манызды экологиялық фактор. Тірі организмдер
жылу энергиясын әртүрлі жолмен алады. Көптеген тірі организмдер
температураның 0°С және 50°С арасында тіршілік ете алады. Өйткені зат
алмасу процесі осы температурада жақсы жүреді. Өсу және тіршілік ету үшін
қолайлы температура (-10°С +30°С) оптималды деп аталады. Бірақ кейбір
организмдер жоғары температурада тіршілік етуге бейімделген. Мысалы, ыстық
су көздеріндегі цианобактериялар +80°С -қа дейін, бактериялар +88°С -қа
дейін тіршілік ете береді. Салқын жерде тіршілік ететін организмдерді
криофилдер тобына жатқызады. Олар белсенділігін клеткалардын температурасы
-8°С...-10°С жағдайда да жоғалтпайды. Криофилия төменгі температура
жағдайында (тундрада, арктикалық және антарктикалық шөлдерде, биік
тауларда, салқын теңіздерде) тіршілік ететін көптеген организмдерге -
бактерияларға, саңырауқұлақтарға, қыналарға, мүктерге және т.б. тән.

9. Абиотикалық факторлар. Топырақ факторларының қасиеттері
Абиотикалық факторлар (гр. 'a' — теріс және bіotіkos — тірішілік, өмір) —
бейорганикалық ортаның тірі организмдерге жасайтын тікелей немесе жанама
әсерлерінің жиынтығы; сыртқы ортаның бейорганикалық, физикалық және
химиялық жағдайлары. Ол ф и з и к а л ы қ абиотикалық фактор (темпиратура,
жарық, жел, ылғалдылық, атмосфераның қысымы, ағыстар, радиациялық деңгей,
радиоактивті сәуле шығару т.б.), х и м и я л ы қ Абиотикалық фактор
(атмосфера, су, қалдықтар, топырақ, шөгінді құрамы және олардағы қоспалар
т.б.), к л и м а т т ы қ абиотикалық фактор (күн радиациясы, атмосфералық
жауын-шашын, гидросфералық қысым т.б.) болып бөлінеді. Өсімдік пен
жануарлардың ыстыққа, суыққа, ауа қысымына, су тереңдігіне, хим. құрамына
қарай бейімделуі, кейбір жануарлардың қысқы, жазғы ұйқыға кетуі т.б.
Абиотикалық факторға байланысты. Жер бетінің, ауаның, судың химиялық және
физикалық құрамының өзгеруі тірі организмдерге де әсер етеді. Мысалы, 20
ғасырда Арал теңізінің тартылып, ауада тұз концентрациясының көбеюіне
байланысты, миллиондаған тонна тұзды шаң тірі организмдерге үлкен әсерін
тигізді. Абиоталық факторды химиялық (атмосфераның, теңіздің, тұщы судың
құрамы және тағы да басқалары) және физикалық (климат, орография) деп екіге
бөледі. Абиоталық фактор биоталық және антропогендік факторлармен
қосылғанда экологиялық факторлар құрайды Топырақ — табиғат
компоненттерінің бірі. Жердің геологиялық тарихында алдымен пайда болған
топырақ. Палеогеографиялық зерттеулердің деректері бойынша алғашқы жұқа
топырақ қабаты 500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде пайда болыпты. Бұл кезде
әлі өсімдік жамылғысы қалыптаспаған. Топырақ жамылғысын зерттейтін
топырақтану ғылымы - жас ғылым. Оның негізін салған XIX ғасырдың 80-жылдары
орыс ғалымы В. В. Докучаев - топырақтың табиғи және тарихи дене екенін
анықтады. Топырақтың пайда болуының, дамуының өзінше заңдылықтары бар.
Топырақ - су, ауа, жылу, өсімдік және тірі ағзалардың әсерінен, тау
жыныстарының үгілуі нәтижесінде жер қыртысының беткі қабатында пайда болған
ерекше табиғи құрылым. Міне, осы факторлардың көп жылдық үздіксіз әсерінің
нәтижесінде құнарлы топырақ қабаты пайда болады. Абиогендік фактор
Табиғатта топырақ жамылғысының түзілуі - өте ұзаққа созылатын құбылыс. Ұзақ
геологиялық мерзімде таулар үгітіліп, мүжіліп, шыңдар аласарады. Құм мен
саздар суға шайылып, желдің күшімен ауаға ұшады, шаңданады. Бұл процестер
ғасырлар бойы жалғасады. Жаңбыр, жел қатты болса, жер беті өзгеріп тұрады.
Топырақтың ең негізгі қасиеті табиғи құнарлылығы, яғни құрамында өсімдіктің
тез әрі жақсы өсуіне жағдай жасайтын қоректік заттардың мол болуы. Сөйтіп,
аналық тау жыныстарынан кейін топырақ түзуші жетекші фактор ағзалардың
тіршілік әрекеті. Олар тасты бұзатын қышқылдар шығарады. Қышқылдар тау
жыныстарын ерітуінен, одан шірінді (гуммус) пайда болған. Шірінді үгілген
майда жыныстармен араласып кіріккен. Осылайша топырақ қалыптаса бастаған.
Жануарлар дүниесі Жануарлар дүниесі өздерінің тіршілік әрекетінің
нәтижесінде топырақты байытады, өлгендері шірінді мөлшерін көбейте түседі.
Шұбалшындар топырақ пен органикалық қалдықтарды асқазан шырынымен шылап
өзгертіп, өңдеп шығарады. Климат Топырақ жамылғысын түзуде климаттың да зор
маңызы бар. Бұл процеске қатысатын өсімдіктердің, жануарлардың және
микроағзалардың тіршілігі климатқа байланысты. Аязды кезеңде топырақтың
түзілуі тоқтайды, ал қуаңшылық кезеңде баяулайды. Климат табиғаттың басқа
компоненттері сияқты, топырақтың ендік зоналық, биіктік белдеулілік
заңдылықтары бойынша таралуына әсерін тигізеді. Жер бедері Жер бедерінің
топырақ түзудегі рөлі жергілікті жердің жер бедеріне байланысты. Олардың
аналық жыныстарда әр түрлі, ылғалдың топыраққа сіңуі де әр түрлі. Солтүстік
беткейден оңтүстік беткейге түсетін жылу мен ылғал да әр түрлі болады.
Антропогендік фактор Адам баласының топырақтың түзілуіне тигізетін әсері әр
түрлі. Бір жағынан топырақты тыңайтқыштар пайдаланып құнарлылығын арттырса,
жерді суарып, батпақтарды құрғатып жатса, екінші жағынан тыңайтылған
жерлерді үсті-үстіне пайдаланып, жел эрозиясына ұшыратуда. Адамдардың
қызмет әрекеті әрдайым топырақтың құнарлылығын арттыра бермейді.

10. Гомойотерімділер туралы түсінік
Жылу алмасу ерекшелiктерiн ескергенде жануарларды салқын қанды-
пойкилотермді және ыстық қанды - гомойотермдi деп екiге бөледi.
Біріншілердің дене температурасы орта температурасының өзгеруiне қарай
өзгередi, ал екiншiлерiнде дене температурасы тұрақты сақталады.
Гомойотермдi оргамизмдер түрлерi саны жағынан болсын, жеке тұлғалар саны
жағынан болсын, жануарлар әлемiнің аз бөлігін құрайды: оларға сүтқоректiлер
мен құстар жатады. Гомойотермдердiд ыстық пен суыққа дене температурасын
тұрақты сактай отырып төтеп бере алуыньң шекарасы бар. Сыртқы орта
жағдайларының аса колайсыздығы (өте жоғары немесе өте төмен ауа
температурасы, жоғары ылғалдылықпен қабаттаса), гомойотермияны бұзады.
Шамадан тыс жоғары немесе төмен орта температурасы жағдайында, қорғаушы
термореттеу механизмдерi жетiмсiз болады да, гомойотермдi организмнiң
температурасы не жоғарылап, не болмаса төмендейді. Бiрiншi жағдайда
гипертермия, екiншi жағдайда гипотермия байкалады. Гомойотермдi организмде
екi температура зонасын айырады:бiрiншісі-сырткы, екiншісi - iшкi.
Сыртқысын “қабығы” деп, iшкiсiн “ядросы” деп атайды. Тек “ядросы” тұрақты
температурамен сипатталады. Оларға ми, кеуде мушелерi, құрсақ және кiшi
жамбас мүшелерi жатады. Шетте жатқан мүшелер мен ұлпалар (терi, қаңқа
еттерiнiң көпшiлiгi және сүйектер), “қабықты” курайды. Соңғылардың
температурасы белгiлi бір дәрежеде сыртқы орта температурасы көтерiлсе
көтерiледi, төмендесе төмендейдi, “Қабық” температурасының тербелiсi
гомойотермия “ядросын” ұстап тұруға бағытталған. Кызып кету қаупi
төмендегенде “қабық” температурасының көтерiлуi жылуды сыртқы ортаға беруге
септігін тигiзедi, тоңазып кету қаупi төнгенде “қабық” температурасының
төмендеуi, жылуды берудi шектейдi.

11. Пойкилотерімділерге сипаттама
Жылу алмасу ерекшелiктерiн ескергенде жануарларды салқын қанды-
пойкилотермді және ыстық қанды - гомойотермдi деп екiге бөледi.
Біріншілердің дене температурасы орта температурасының өзгеруiне қарай
өзгередi, ал екiншiлерiнде дене температурасы тұрақты сақталады.
Гомойотермдi оргамизмдер түрлерi саны жағынан болсын, жеке тұлғалар саны
жағынан болсын, жануарлар әлемiнің аз бөлігін құрайды: оларға сүтқоректiлер
мен құстар жатады. Басқа организмдер қарапайымдардан бастап жер бауырлап
жүрушiлерге дейiнгiлер - пойкилотермдер. Дене температурасыньң тұрақтылығы
- жануарлар әлемiндегi жоғарғы өкілдерінде эволюция барысында қалыптасқан
өте маңызды биологиялық константа. Сыртқы орта температурасынан едәуiр
артып тұрған гомойотермдердiң дене температурасы, организмдегi химиялық
реакциялардың өте жоғары жылдамдығьн камтамасыз етедi, сөйтiп барлық
тiршiлiк процестерiнiң жоғары қарқындылығына септiгiн тигiзедi. Кеңiнен
колданылып жүрген “дене температурасы” деген термин, дененiң iшкi
аймақтарының температурасы, немесе “ядросы” жөнiнде айтылады. Осыған
қарамастан “ядро” участоктерiнiң температурасы бiрдей емес. Мысалы, iшкi
мушелерден қанды жинаушы көктамырларда әртурлi температура болады.
Басқалармен салыстырғанда, төс ойық көктамыр канының температурасы ең
жоғары, екiнші орында - бауыр көктамырыньң қаны, сонан соң тәж синусының,
бүйрек көктамырының, оң жүрекше қаны келедi. Мұндай айырмашылықтар әртурлi
мушелердегi энергия алмасуы әртүрлi пәрмендiлiкпен жүретiндiгiн көрсетедi.
Осымен қатар, жергiлiктi қанайналымы екпінділігінің маңызы бар. Әдетте,
тамырлармен ағып отырып қан “ядродан” жылуды алып, “қабықтар” тамырларымен
жүрiп ұлпаларға бередi.

12. Биотикалық байланыстар туралы түсінік
Биотикалық факторларға жоғарыда айтылғандай зоогенді (жануарлар әсері),
фитогенді (өсімдіктер әсері ) және микробогенді (микроорганизмдердің әсері)
факторлар жатады. Мысалы, кейбір өсімдіктер газ тәрізді заттар
(фитонцидтер) бөліп шығарады. Ол микроорганизмдерге (бактериялар, саңырау-
құлақтар) жойғыш әсер етумен қатар табиғи ортаны сауық- тырады. Ал әртүрлі
вирустар мен микроорганизмдер өсімдік- тердің жұқпалы ауруларын кең
таратады. Оған мысал ретінде астық дақылдарының тат кеселі мен қаракүйесін,
картоп фитофторозын және т.б. келтіруге болады. Сондай-ақ ауру малдар
арқылы жануарлар арасында да жұқпалы аурудың кенеттен тарайтын жағдайлары
болады. Организмдер арасьшдагы қарым-қатынастар өте күрделі және алуан
түрлі. Оларды шартты түрде тікелей және жанама деп белуге болады. Тікелей
байланыс қоректену жолымен анықталады, яғни, өзінің тіршілігіне энергияны
кейбір жануарлар өсімдіктерді немесе басқа жануарларды қорек ету арқылы
алады. Өз кезегінде олармен басқа организмдер қоректенеді. Жыртқыш-қорек
немесе иесі-паразит жүйелеріндегі қарым-қатынас нәтижесі табиғи іріктелуді
және бейімделуші қасиеттердің сақталуын қамтамасыз етеді, сөйтіп популяция
санының динамикасын анықтайды. Жанамалық қарым-қатынаста бір организмдер
екінші бір организмдерге орта түзушілік, субстрат ролін атқарады. Мысалы,
ормандарға жергілікті және Әлемдік орта түзуші қызметі тән. Олар топырақты
және суды қорғап отырады. Сонымен қатар ормандарда ағаштардың сыртқы
құрылысына байланысты пайда болатын ерекше микроклимат орман жануарларының,
өсімдіктерінің өсіп-дамуына жағдай туғызып отырады.

13. Антропогендік факторлар туралы түсінік
Антропогендік фактор (грек. anthropos – адам, genos – тегі, пайда болуы,
лат. factor – іс-әрекет) – адамның барлық тірі организмдердің мекен ортасы
ретіндегі табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне
тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері. Антропогендік факторға қоршаған
ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде атмосфера, өзен-көл және
мұхит құрамының өзгеруі, сондай-ақ технология қалдықтар мен радиоактивтік
заттардың әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп, жалпы экожүйенің құрамы мен
құрылысының бұзылуы жатады. Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде
бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер шарының барлық аймақтарында айқын
байқалуда. Бүкіләлемдік бақылау институтының (АҚШ, Вашингтон қ.)
мәліметтері бойынша табиғи орта жылдан-жылға нашарлап барады. Интернет
жариялаған негізгі мәліметтерде жыл сайын 16,8 млн. га тропиктік ылғалды
орман жойылатыны, жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан жыл сайын 6 млн. га
шөл пайда болатыны, қышқыл жаңбырдан 50 млн. га орманның зақымдалғаны, жыл
сайын біздің планетамызда жыртылатын жердің 26 млрд. т құнарлы қабаты
жойылатыны, өсімдіктердің 25 – 30 мың түрі жойылып кету қаупінде тұрғаны
атап көрсетілген. Кейінгі кезде атмосфераға жыл сайын 400 млн. т күкірт
диоксиді, азот және көміртек оксидтері, қатты бөлшектер шығарылатыны
анықталды. Қазақстанда Арал өңірінің, Семей жерінің, Балқаш маңының, Каспий
алқабының экол. апатты аймақтарға айналуына Антропогендік факторлар негіз
болып отыр.

14. Популяцияға туралы ұғым.
Популяция[1] (латын тілінде populus — халық, тұрғын халық) — белгілі бір
кеңістікте генетикалық жүйе түзетін, бір түрге жататын және көбею арқылы
өзін-өзі жаңғыртып отыратын организмдер тобы. Осы топтың популяция болып
есептелуі үшін: тарихи қалыптасқан ареалы және үздіксіз өзгеріп тұратын
сыртқы орта жағдайында өзінің саны мен құрылымын сақтауға қабілетті болуы;
сол түрдің өзге топтарынан қандай да бір табиғи кедергілермен ажыратылып
тұруы; бір немесе бірнеше экожүйенің құрамына кіріп, олардағы зат алмасу,
энергия тасымалдау процестеріне қатысуы тиіс. Әр популяция өзіне ғана тән
статиктикалық сипаттамалары (саны, тығыздығы, ареалы, орналасуы, жас
ерекшелігі, жыныстық құрамы) және динамикалық сипаттамалары (саны мен
тығыздығының уақытқа қатысты өзгеруі) бойынша ерекшеленеді. Популяцияның
статиктикалық сипаттамалары популяцияның белгілі бір сәттегі күйін
көрсетіп, өлшеу, санау арқылы қысқа мерзімде анықталады. Популяцияның
динамикалық сипатамаларын анықтау ұзақ мерзімді (бір ұрпақ жаңаратындай)
қажет етеді. Популяция санының динамикасы белгілі бір уақыт аралығындағы
тірі организмдердің өмірге келуі мен өлімі көрсеткіштерінің ара салмағы
бойынша анықталады. Сондай-ақ, популяция санының өзгеруіне иммиграция және
эмиграция процестері де әсер етеді. Популяция саны өсуінің біртіндеп
тежелуі логистикалық теңдеу арқылы өрнектеледі. Әдетте, жануарлар мен
өсімдіктер популяциясының саны біршама тұрақты болғанымен, олар әлсін-әлсін
күрт өзгеріп отырады (мысалы, тоқалтіс тышқандар, леммингтер, т.б.). Кейбір
жануарлардың (шегіртке, бөкендер, т.б.) санының немесе тығыздығының қауырт
өсуі олардың қоныс аударуына әкеледі. Жануарлар популяцияларының саны мен
тығыздығы күрделі мінез-құлықтық (аумағын белгілеу, қору, көші-қон),
физиологиялық механизмдер арқылы (гормондар қызметі, стресс) және
популяцияның генетикалық құрылымының өзгеруі арқылы реттеліп отырады.
Популяция терминін 1903 ж. Дания биологы В.Иогансен (1857 — 1927) енгізді.
Эволюция заңдылықтарын, түрлердің пайда болуын зерттейтін ғалымдар
популяцияны микроэволюциялық процестің ең шағын бірлігі ретінде қарастырса,
ал экологтар популяцияны түр аралық әсерлесу мен өнімділік тұрғысынан
зерттейді. Популяцияны зерттеудегі микроэволюциялық, генетикалық,
экологиялық бағыттарды біріктіретін биологияның жаңа саласы — популяциялық
биология қалыптасты. Жойылып кету қаупі төнген түрлерді сақтап қалу, зиянды
түрлердің санын тежеу, экожүйе құрамына жаңа түрлерді енгізуде
(интродукция) популяцияны зерттеудің маңызы зор.

15. Популяцияға динамикалық сипаттама
Топтық бірігу ретіндегі популяция өзіне ғана тән қасиеттермен қатар әрбір
жеке дарақтардың өзіне тән қасиеттерге де ие. Топтық ерекшеліктер дегеніміз
- бұл популяциялардың негізгі сипаты. Оған мыналар жатады:
1) жалпы есебі (сан) - болінген аумақтағы дарақтардьщ жалпы саны;2)
тығыздық - популяция мекендеген кеңістіктің ауданына немесе көлеміне
келетін дарақтардың орташа саны;3) өсімталдық - кебею нәтижесінде уақыт
бірлігінде пайда болған жаңа дарақтар саны;4) өлім-жітім - белгілі уақыттың
бір бөлігінде дарақтар популяциясында өлгендердің мөлшерін көрсететін
көрсеткіш;5) популяция өсімі - туу мен өлім-жітім арасындағы айырма;
өсімнің пайдалы да, пайдасыз да болуы мүмкін;6) өсу қарқыны - уақыт
бірлігіндегі орташа өсім;7) жыныстық құрам — берілген популяциядағы еркек
және әйел жынысты дарақтар арақатынасы; 8) жас құрамы - бұл дарақтарды жасы
бойынша бөліп тарату.[2]

16. Популяцияға статистикалық сипаттама
Демография дегеніміз халық туралы ғылым. Халық санының өзгеруін, оның
территориялық ауысуы мен құрамын осы өзгерістерін себептері мен салдарын
олардың әлеуметтік экономикалық факторлармен байланыстарын зерттейді.
*Демографиялық тарихтағы ерекше феноменге демографиялық жарылыс (60-80 ж.
ж) жатады. Әлемдегі жыл сайынғы халық   санының өсуі: 1000 жыл бұрын-101
бөлігінің %. XX ғасыр басында-0,7 %. *-1 %. *60 ж. аяғында-2,1 %.
*1970-1975 ж.-2,0 %. *1980-1985 ж.-1,7 %. *1979-1981 ж. ж. 40 жасқа
дейінгі орта әйелдің бала саны 4,4 тен 2,2 дейін түсті. Ауылда 2,6
жоғары, ал қалада 1,8 төмен көрсеткіштерді береді.
*Адамдарда жас кезінен бастап, демографиялық мінез-құлық қалыптасады, ол
өмірінің барысында ереже болып қалады. *Демографиялық жағдайларға
келесідей факторлар кіреді: әлемде 3,3 млрд. адам күн сайын тоймайды және
5000 млн. ашығады. *1 млрд. астам- кедейшілік шегінде тұ *0,5 млрд.-
жартылайә немесе толық жұмыссыз. *0,8 млрд. астам ересектер сауатсыз.
*0,2 млрд.-бала мектепке бармайды.

17. Популяцияның жастық және генетикалық құрлымы
Популяцияның жыныстық құрылымы Жыныстық құрылым – популяциядағы особтардың
жыныстық ара салмағы. Жыныстық арасалмағы түрлердің генетикалық заңдары мен
қоршаған орта ықпалына байланысты құрылады. Жыныстық құрылым бейімдеушілік
сипатта. Популяцияның жастық құрылымы Популяциядағы жастық топтардың
қосындысы (жоғарғы,орташа,кіші). Өсімдіктің тіршілік ауысуында ауысым мен
жас жағдайын бөлуге болады.Түрлердің жас ерекшеліктеріне байланысты бөлінуі
оның жастық спекуторы болады. Жас жануарларда әртүрлі генерация және
ұрпақтар болады. Генерация – бір жылдағы және бір мезгілдегі туған
бауырлар мен сіңлілер қосындысы. Ұрпақтар – бір жылдағы барлық
генерацияның барлық қосындысы. Популяцияның кеңістік құрылымы Особьтардың
белгілі бір территорияда немесе акваторияда сандық және популяцияның
құрамының сапалық таралуы оның кеңістіктік құрылымы деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік экология туралы жалпы түсінік
Экология даму тарихы
Аналитикалық химия және экология.
Экология ғылымы жайлы мәлімет
Экологиялық дүниетаным
Экологиялық жүйе
Осы күнгі экологияның негізгі бөлімдері. экологияның қатысуымен шешілетін теориялық және қолданбалы мәселелер
Экология
Экологиялық пирамидалар
Экология түрлері
Пәндер