Қазақстаннның банк жйесінің дамуына және ондағы мәселелер мен оларды шешу жолдары



Кіріспе ... ... ... ... ...3

I Банк жүйесінің теориялық негізі
1.1 Банк жүйесінің даму тарихы ... ... ... ..5
1.2 Банк жүйесінің құрылымы мен қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

II Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары
2.1 Орталық банк және оның қызметтері талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.2 Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.3 Банктік операциялар ... ... ... ..20

ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі проблемалар және жетілдіру жолдары

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ..33

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... 37
Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.
Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық тұлғалар арасындағы әр-қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды.Ондай тұлғалар – халықтың өзі,одан кейінгісі: мемлекет және банк,басқа қаржылық делдалдар.
Банктің мазмұны мен атқарылымы оның экономикадаы маңызын көрсетеді. Банктің маңызы оған жүктелген міндеттермен айқындалады. Банкке жүктелген міндеттер мыналарды қамтамасыз етеді:
- өндірістің үздіксіздігін және оны жеделдетуін қамтамасыз етуге керекті, бос ақша капиталды, ресурстарды шоғырландыру;
- ақша айналымын тәртіпке келтіріп, оны рационализациялау болып табылады.
Банк -өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қараатын тарту, орналастыру және басқа банктік операцияла жүргізетін мекеме.
Уақытша бос ақша ресурстарды шоғырландыру атқарымынан, бір жағынан банк уақытша бос ақша ресурстарын жинаушы, екінші жағынан, оларды басқа уақытша қосымша қаражатқа мұқтаж шаруашылық жүргізуші субъектілерге беруші.
Банктердің ақша қаражатын шоғырландыру, кейіннен оларды қайта бөлу, өндіріс пен айналымның үздіксіздігін қатамасыз етіп қана қоймай, бүкіл ұдайы өндірістің процессін жеделдетеді.
Банк ісінің ерте сатысының өзінде банктер ақша қаржысын сақтауды, оларды, ішкі және сыртқы экономикалық, айналымдардан сауда операцияларына сәйкес аударуды қамтамасыз еткен және олар елдің ақша белгісін, екінші елдің валютасына айырбастаушы болып көрінген. Одан бері банктің ісінің техологиясы айтарлықтай өзгерген.
Қазігі кезеңде нарықтық типпен дамыған едердің барығында дерлік екі денгейлі банк жүйесі құрылып, белсенді түрде одан әрі өрістеуде.
Қазақстан Республикасында «Қазақстан Респубикасы банктер жәе банк қызметі туралы» республика Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші бар жарлығында «Қазақстанның екі денгейлі банк жүйесі бар бірінші денгейдегі мемлекеттің Ұлттық банкі, ал басқа бактердің барлығы екінші денгейлі яғни коммерциялық банктер» делінген.
1) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауы //Егемен Қазақстан, 2006-2 наурыз.
2) Қазақстан Республикасының “Банктер мен банк қызметі” туралы заңы, 1995-31 тамыз.
3) Әубәкіров Я.Ә. және т.б. Экономикалық теория негіздері: Оқулық, – Алматы: “Санат”, 1998.
4) Лаврушин О.И. Банковское дело, – Москва, 2000г.
5) Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие: Оқулық, – Алматы: “ИздатМаркет”, 2004.
6) Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары: Оқулық, – Алматы: “ИздатМаркет”, 2004.
7) Райымқұлұлы С.Р., Утемисова Г.Т., Жұманова Г.М. Экономика- лық теория негіздері: Көрнекі әдістемелік оқу құралы, – Шымкент: “М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің баспасы”, 2006.
8) Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер: Оқулық. – Алматы: “Экономика”, 2005.
9) Шеденов О.Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория: Оқулық, – Алматы-Ақтөбе, 2002.
10) Ілиясов К.К., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық, – Алматы, 2003.

МЕРЗІМДІК БАСЫЛЫМДАР ТІЗІМІ:

1) Бүкіләлемдік банктің басты қадамы //Қаржы-қаражат.-1998-№11.
2) Екінші деңгейдегі банктер бойынша монетарлық шолу //Статистикалық бюллетень.- 2002-№1.
3) “Цеснабанк” АҚ-тың 2007 жылғы 1 қаңтарға Бухгалтерлік балансы //Егемен Қазақстан.-2007-13 қаңтар.
4) “Цеснабанк” АҚ-тың 2007 жылғы 1 қаңтарға табыстары мен шығыстары туралы есебі //Егемен Қазақстан.-2007-13 қаңтар.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I Банк жүйесінің теориялық негізі
1.1 Банк жүйесінің даму тарихы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Банк жүйесінің құрылымы мен қызметтері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

II Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру
жолдары
2.1 Орталық банк және оның қызметтері
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..12
2.2 Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау
... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.3 Банктік операциялар------------------------ -----------------------------
-------------20

ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі проблемалар және
жетілдіру жолдары

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .33

Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..37

К І Р І С П Е

Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және
орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің
қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.
Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат
құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық тұлғалар арасындағы әр-
қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды.Ондай тұлғалар – халықтың өзі,одан
кейінгісі: мемлекет және банк,басқа қаржылық делдалдар.
Банктің мазмұны мен атқарылымы оның экономикадаы маңызын көрсетеді.
Банктің маңызы оған жүктелген міндеттермен айқындалады. Банкке жүктелген
міндеттер мыналарды қамтамасыз етеді:
- өндірістің үздіксіздігін және оны жеделдетуін қамтамасыз етуге керекті,
бос ақша капиталды, ресурстарды шоғырландыру;
- ақша айналымын тәртіпке келтіріп, оны рационализациялау болып табылады.
Банк -өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін өзі
қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қараатын тарту,
орналастыру және басқа банктік операцияла жүргізетін мекеме.
Уақытша бос ақша ресурстарды шоғырландыру атқарымынан, бір жағынан
банк уақытша бос ақша ресурстарын жинаушы, екінші жағынан, оларды басқа
уақытша қосымша қаражатқа мұқтаж шаруашылық жүргізуші субъектілерге беруші.

Банктердің ақша қаражатын шоғырландыру, кейіннен оларды қайта бөлу,
өндіріс пен айналымның үздіксіздігін қатамасыз етіп қана қоймай, бүкіл
ұдайы өндірістің процессін жеделдетеді.
Банк ісінің ерте сатысының өзінде банктер ақша қаржысын сақтауды,
оларды, ішкі және сыртқы экономикалық, айналымдардан сауда операцияларына
сәйкес аударуды қамтамасыз еткен және олар елдің ақша белгісін, екінші
елдің валютасына айырбастаушы болып көрінген. Одан бері банктің ісінің
техологиясы айтарлықтай өзгерген.
Қазігі кезеңде нарықтық типпен дамыған едердің барығында дерлік екі
денгейлі банк жүйесі құрылып, белсенді түрде одан әрі өрістеуде.
Қазақстан Республикасында Қазақстан Респубикасы банктер жәе банк
қызметі туралы республика Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші
бар жарлығында Қазақстанның екі денгейлі банк жүйесі бар бірінші
денгейдегі мемлекеттің Ұлттық банкі, ал басқа бактердің барлығы екінші
денгейлі яғни коммерциялық банктер делінген.
Банк және тауарлы, ақшалай қарым қатынастардың даму тарихы тұрғыдан
қатарлас жүреді және өзара тығыз байланыста болады. Банктік шаруашылық
өмірдің орталығы барлық эконмиканың негізгі түйіні болып табылады.
Соңғы жылдары Қазақстан Республкасының экономикалық ахуалының
дамуына қарамастан, ҚР дамушы мемлекеттердің белгілерімен сипатталады. Бұл
белгілер ұлттық валютаның әрекет етумен шектелмейді және ол мемлекет
тарапынан тыс еркін конвертацияланбайды, бағалы қағаздар нарығының төмен
денгейіндегі өтімділігімен сипатталуда.
Қазақстан Республикасы Үкіметі жалпы экономикалық тұрақтылық және
инвесторлар сенімін өсіруді қамтаасыз ету үшін бірқатар шараларды
қолдануда. Бірақ, Қазақстандағы болашақ экономикаық тұрақтылықтың
перспективалары мәнді түрде Үкіметпен, Қаржы Министрлігімен, Ұлттық Банкпен
және басқа да мекемеердің қабылдаған бірқатар экономикалық шараларға
тіклей тәуелді.
Курстық жұмыстың мақсаты- банк ісінің және банк жүйесінің дамуына,
шыу тегіне сипатама бере отырып, Қазақстаннның банк жйесінің дамуына және
ондағы мәселелер мен оларды шешу жолдарына тоқталу болып табылады.
Жұмыстың міндеттері болып:
- Қазақстанның банк жүйесі мен банк жүйесінің даму тарихына тоқталу;
- Орталық банктің дамуы мен қызметтерін қарастыру;
- коммерциялық банктердің дамуы мен қызметтерін қарастыру.
Курстық жұмыс екі бөлімнен: бірінші бөлімде банк жүйесінің теориялық
негізі онда:банк жүйесінің даму тарихы мен банк жүйесінің құрылымы мен
қызметтері, ал екінші бөлімде Қазақстан Республикасының банк жүйесінің
дамуын талдау және жетілдіру жолдары онда: Орталық банк және оның
қызметтері талдау, коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау жасай
отырып, Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі проблемалар және
жетілдіру жолдары қарастырылған және қорытынды мен пайдаланылған
әдебиеттерден тұрады.

I Банк жүйесінің теориялық негізі
1.1 Банк жүйесінің даму тарихы

Банктер несие жүйесiнiң негiзгi буыны. Себебi банк мемлекетпен
кәсiпорындардың . Акционерлiк Қоғамның және шаруашылық субъектiлердiң
халықтың бос ақшасын шоғырландырып iс жәзiндегi капиталға айналдырады. Осы
айтып өткен бағытына байланысты банк төлем есептеу, несие беру, сақтандыру
және т.б. операцияны жәргiзедi.
Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны
туралы ғана емес, сондай ақ олардың қандай операцияларды орындағаны туралы
да толық мәліметтер қалдырмаған.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банкттер капитализмнің
мануфактура тұсында және ең бастысы Италияның жекелеген қалаларында
(Венеция, Генуе) ХIV-ХV ғасырларда пайда болған. Олардың еңбектерінде банк
тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте
кезеңінде, яғни тауар ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша
айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.
XVI-XVII ғасырларда Венецияда, Генуеде, Миланда, Амстердамда,
Гамбургте, Нюркбергте саудагер клиентте арасында қолма қол ақшасыз есеп
айырысуды жүзеге асыру үшін Жиробанктер құрылды. Жиробанктер өздерінің
клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалан ақша
бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздеінің ос ақша қаражаттарын
жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияарға ссудаға
берді.
Ал кейбір мамандар банкті одан да ерте мерзімде феодализм тұсында,
пайда болған деп атайды. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктегі
төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттілігінен пайда болғанын айтады.
Дегенмен осы декектерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі
мың жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.
Банк италян сөзiнен Bank – орындық мағынада “Айырбас орындағы-Айырбас
орны” дегендi бiлдiредi. Бұл айырбас орыны туарлармен сауда жасалатын
алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттермен қалалардың жекелеген тұлғалардың
әртүрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі
болмағандықтан, олардың сауда саттық барысында әртүрлі формадағы монетаар
кедескен. Банктер пайда болар алдын ақша сауда капиталының өкілдері
саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әртүрлі елдің
ақшаларын айырбастуға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар
бұл салымдарды, сондай ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз
алу үшін пайдалана бастады. Сөйтіп айырбастаушылар біртінде, банкирлерге
айналды,
Біздің түсінігімізше банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың
айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда
пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы
болғандығы ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай
ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты
түсіндіріледі. Тарихшылардың пікірінше, б.э.д. 2300 жыл бұрын холдейлердің
сауда компаниялары пайда болып, оар өздерінің тікелей қызметтерімен
қатар, ссудалар берген. Олар б.э.д. IV ғасырда Ежелгі Грецияда да жасалған.
Бір айта кететіні, ежелгі гректер салым қабылдай отырып, белгілі бір ақы
төлеу арқылы ақшалар айырбасын жүргізіпи отырған.
Тарихшылардың пайымдауынша алғашқы банктік операцияларды жекелеген
тұлғалар және қолында ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері жүргізген
екен.
Шіркеулер құндылықтарды сақтайтын ең сенімді орындар болған. Сол
уақыттары елгілі гректің шіркеулері (Дельфа, Дело, Само, Эфсе) ақша
сақтаумен айналысқан. Эфседегі Артемид шіркеуінде кіші Азия жағалауындағы
елдердің салымдары, ал Дельфада Аполлон шіркеуіне барлық еуропалық
Грецияның бос ақша қаражаттары шоғырланыпты.
Сөйтіп, алғашқы банктер жинақталған ақша қаражаттарын қозғалыссыз
жатуға болмайтындығын, оарды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу
қажеттігін түсінеді.
Банктер несиелік оерациялар жүргізумен қатар, салым иелеріне біртіндеп
есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктегі салым иелерінің
бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізіледі.
Есеп айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің
банктік билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста
жүрді. Алғашы акционерлік банк Ағылшын банкі 1964 жылы құрылып, үкіметтен
банкнота шығаруға құқық алды.
Мұның өзі алғашқы бактердің капитализмнің мануфакиура жағдайында,
банкирлер үйлері ретінде пайда блғанын куәландырады. Мұндағы несие беруші
мен қарыз алушылардың болуы банктердің пайда болуының тек алғышарттарын
ғана сипаттайды.
Анықтамалық басылымдарда банк ірі несиелік мекеме ретінде
сипатталады. Несиелік істің даму денгейіне байланысты және несие
берушілердің несиелік операциялары бір жүйеге айналдыру нәтижесінде жеке
несие беруші өзінің несие беуін тоқтатады. Несие теке қана тұтыну
мақсатына ғана берілмей, шаруашылық операциялардың қажеттілігін де
қанағаттандыра бастайды. Несиелік мәмілелер жасаумен бірге несие беруші
өзінің клиентінің тапсырмалары бойынша есеп айырысу және басқа да
операцияларды жзеге асырады. Сөйтіп, банктер ақша шаруашылығының осы даму
сатысына өте отырып, барлық операцияларды бірдей көрсететін бітұтас
орталыққа айналды. Демек, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура
сатысынан да бұрын яғни мемлекеттің құрылу кезеңінде пайда болған дегенге
негіз бар. Мұндай қатынастардың құл иеленушілік қоғамында болғандықтан
тарих куә.
Ежелгі Римде нормалары болан, ол нормаларға сәйкес б.э.д. III ғ.
айырбас ісіне мамандандырылған Римдік банкирлерде кумулияр деп атады.
Оларға несиелік операцияларды жүргізуге рұқсат етілмеген. Тарихшылардың
айтуынша, Ежелгі Вавилон банктері тек қана несие беріп қана қоймай, сондай
ақ жер бөлімшелерін сатып алу сату, және басқа да операцияларды орындаған.
Жоғарыдағыларды ескере отырып біз банктердің жалпы операциялары мен
қызметтерінің банктедің дамуына тоқталдық. Енді Қазақстанда банктердің
дамуына кееті болсақ, Қазақстанда банк жүйесінің дамуы келесі кезеңдерден
тұрды:
Бірінші кезең; 1917 ж.мен 1930 жылдар араығында патшалық Ресейден
қалған банк жүйесін жаңадан қалыптастыру, бұл кезде әртүрлі меншіктегі
банктер мен несие мекемелері қатар қызмет істеді.
Екінші кезең: 1930 жылдар мен 1987 жылдар аралығы елде КСРО
Мемлекеттік банкі әмбебеп қызмет атқарады, яғни ол мемлекеттің Орталық
банкі ретінде эмиссиялау және несие беру қызметімен қоса клиенттерге де
қызмет көрсеті.
Үшінші кезең: 1988-1991 жылдар аралығында елде мемлекеттік
мамандандырылған банктердің құрылуы, яғни КСРО мемлекеттік банкі
банктердің банкісі ретінде эмиссиялық, ереже, нұсқау және тағы басқа
қызметтермен шұғылданып, ал маманданған банктер экономиканың әртүрлі
салаларына қызмет көрсетті. Сонымен бірге 1990 жылы басыда кооперативтік
әне коммерциялық банктер де құрыла бастады.
Төртінші кезең, 1991 жылдан қазірі уақытқа дейін нарықтық банк
жүйесінің қалыптасу кезеңі, яғни тәуелсіз республиканың нарықтық
қатынастарға өту жағдайында екі денгейлік банк жүйесінің пайда болуы және
дамуы.
Осы кезеңдерді сипаттаманы келе келесі кестеден көруімізге болады.
Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері

1930 жылға дейінгі1930-1987 1988-1990 жылдар 1991 жылдан бастап
банк жүйесі жылдар (одақтық(одақтық бірденгейлі(дербес екі
бір денгейлі маманданған банктер денгейі банк
банк жүйесі) жүйесі) жүйесі)
Ресей Мемлекеттік 1КСРО Мембанкі 1банк жүйесін қайта Егемен Қазақстанда
банкі және (оның ішінде ұйымдаст-ыру:КСРО өзінің банк
көптеген несие КСРО Мем-банкі және жүйесінің
банк мекемелері мемлекеттік маманданды-рылған құрылуы. Екі
еңбек жинақ банктер: КСРО денгейлі банк
кассалары Өнеркәсіп құрылыс жүйесі Ұлттық банк
жүйесі). банкі, КСРО және коммерциялық
2КСРО Агроөнеркәсіп банкі,банктер.
Мемлекеттік КСРО Тұрғын үй
Құрылыс банкі. әлеуметтік банкі.
3 КСРО Сыртқы КСРО Жинақ банкі.
сауда банкі. КСРО Сыртқы
экономика банкі.
2 Жаңадан
кооперативтік және
коммерциялық
банктердің құрыла
бастауы.

Қазіргі уақытта экономикасы нарықтық типпен дамыға мемлекеттердің
барлығында дерлік екі денгейлі банк жүйесі қалыптасқан. Оның бірінші
денгейінде эмиссиялық, қадағалау, нұсқау ереже шығару, рұқсат ету тағы
басқа қызметтер, ал екінші денгейіне клиентерге қызмет көрсету негізделген.
Бұл елдердің тәжірибесі дәлелдегендей олардың арлық жүйесі ақша айналымын
ұйымдастыратын орталық банкпен, ал кәсіпорындарды, ұйымдарды және халықты
несиелейтін коммерциялық банктерден құрылған.
Банктерді эмиссиялық және коммерциялық деп бөлу Қазақстан
мемлекеттінің жаңа экономикалық механизімін құруға септігін тигізеді.
1.2 Банк жүйесінің құрылымы мен қызметтері

Қазақсатн республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
республика Президентінің Жарлығында 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші бар
жарлығындағы Қазақстанда екі денгейлі банк жйесі бар деліген. Ұлттық
банк –мемлекеттің орталық банкі, ол банк жүйесінің жоғарғы (бірінші
денгейіндегі) банк. Басқа банктердің барлығы банк жүйесінің төмегі
(екінші) денгейіндегі банктер делінген.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында нарықтық банк жүйесінде әр
түрлі меншік формасындағы банктер мен несие мекемелері қызмет істеуде.
Олардың ішінде:
Мемлекеттік банк – үкімет қаулысымен құрылған екінші денгейлі банк,
оның жарғылық қорының иеленушісі үкімет.
Инвестициялық банк – негізінен тікелей және порфельдік инвестиция
тартумен шұғылданатын екінші енгейлі банк.
5. Шетелдер қатысушы банк - орналастырылған акцияларының үштен
бiрiнен астамы: 
     а) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң; 
     б) орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу
үлестерiнiң үштен бірiнен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi
еместердiң не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды
тұлғаларының иелiгiнде, меншiгiнде жәненемесе басқаруында болатын
Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының; 
     в) Қазақстан Республикасының резиденттерi емес тұлғалардың
қаражаттарына билiк етушiлер (сенiм бiлдiрiлген адамдар) болып табылатын
Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң иелiгiнде, меншiгiнде жәненемесе
басқаруында болатын екiншi деңгейдегi банк. 
      Мемлекетаралық банк - халықаралық шарт (келiсiм) негiзiнде құрылып,
жұмыс iстеп тұрған, құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Үкiметi
(немесе ол уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган) мен сол шартқа (келiсiмге)
қол қойған мемлекеттердiң үкiметтерi болып табылатын банк.
Банктік емес несие қаржы мекемелері Ұлттық банктің лицензиясы
негізінде кейбір банктік операция жүргізуге құқы бар банктік емес заңды
тұлғалар.
      Банк - осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы
коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға. 
      Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны әділет органдарында (тіркеуші
органдарда) (бұдан әрі - әділет органдары) банк ретiнде мемлекеттiк
тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге қаржы рыногы мен қаржылық
ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті органның (бұдан әрi -
уәкiлеттi орган) лицензиясы болуымен белгiленедi. 
     Банкiнiң ресми мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды тұлға "банк" деп атала
алмайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды.
      Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша мекен-жайы) банк тұрған жер
деп танылады.
Коммерциялық банктер – кәсіорындармен ұйымдарға, ондай ақ халыққа
тікелей және жан жақты кешенді қызмет көрсеттін банктер. Бұл олардың басқа
арнаулы несие мекемелерінен айырмашылығы. Ал банктік емес несие
мекемелерінің банктерден өзгешелігі олар тек кейбір банктік операциялар
жүргізумен және кейбір қызмет түрін көрсетумен шұғылданады. Коммерциялық
банктердің негізгі мақсаты неғұрлым жоғарғы пайда табу.
Банктің жарғылық қоры оның міндеттемелерін қамтамасыз етіп, банктік
опреациялар жүргізудің негізгі көзі олып саналады. Алғашқыда ол
(мемлекеттік банкті қоспағанда) акция сату есебінен, немесе
құрылтайшылардың жарнасы есебінен қалыптасады. Банктің құрылтайшылары мен
акционерлері сатып алған акцияларына тек ақша төлеуге міндетті. Жабық
акционерлік қоғам түріндегі банктің акциясын төлеуге оның несиеге алған,
кепілге алған және басқа да тартылған қаражатты қолдануға болмайды. Банктің
акциясы алғашқы нарықта барлық құрылтайыларға бірдей құнмен, яғни акцияның
көрсетілген құнымен сатылады. Жаңадан құрылған банктің оның құрылтайы
қаражаттарында жарияланған жарғылық қорының елу процентін акционерлері
банк тіркеден өткен кезге дейін, ал тіркеуден өткен кезеңнен басап бір жыл
ішінде түгел төлеуі қажет.
Жарғылық қорды молайту екі жолмен жүргізіледі:
Біріншіден, қосымша акцияларды шығару, оның ішінде банктің пайдасын
капталдандыру және банктің облигациясын оның акциясына айырбастау
есебінен.
Жалпы банктердің қызметтерi:
- уақытша бос ақша қаражатын тарту жинақтау және оны қарыз капиталына
айналдыру;
- кәсiпорындарға мемлекетке жеке тұлғаға несие беру, бағалы қағазбен
операция жүргiзу;
- ақша айналымын реттеу;
- айналымға несие құралын шығару;
- экономикалық, қаржылық кеңес беру;
- эмиссиялық қызмет атқару.
Банк өзiнiң жарғысы бар толық шаруашылық есеп және өзiн-өзi
қаржыландыру негiзiнде қызмет жасайтын заңды тұлға болып табылады.
Мемлекеттiк банк осы заң бойынша қызмет атқарып жоғарғы кеңесiне есеп
бередi. ҚР заңына сай мемлекеттiк банк деп капиталы толығынан әкiмет
иелiгiнде немесе акционерлiк капиталдың басым бөлiгi мемлекеттiк
құрылтайшылардың акциясы болғанда есептеледi. Коммерциялық банктер ол
өздерiнiң акционерлер жиналысында қабылданған жарғысы бойынша қызмет
iстейдi.
Екіншіден акцияның көрсетілген құнын өсіру жолымен.
Банктің жоғары асқаушы органы акционерлердің жалпы жиналысы, оның
ағымдағы қызметін банктің басқармасы жүргізеді. Банктің басқарушы
қызметкерлері болып, қадағалау кеңесінің төрағасы және оның мүшелері,
Басқарманың төрсағасы және оның орынбасарлары, банктің бас бухгалтері
және оның орынбасарлары, банк бөлімшесінің бірінші басшысы және
басбугалтері мен олардың орыбасарлары саналады. Банктің заңға сәйкес
банктің Басқармасының төрағасы және оның орынбасарлары, банк
бөлімшесінің бірінші басшысы және бас бухгалтері қызметке Ұлттық банктің
келісімімен тағайындалады. әдетте оладың банк үйесіндегі: төраға мен бас
бухгалтер үш жылдан кем емес, ал олардың орынбасарлары екі жылдан кем емес
қызмет стажы болуы шарт. Осы айтылған қыметкерлер Ұлттық бактің келісімін
үш айға дейін алмаса, өз міндеттерін әрі қарай орындауға құқы жоқ.
Акционелердін жиналысы кезекті және кезектен тыс блып бөлінеді.
Кезекті жиналыс жылма жыл есепті жылдағы банк балансы жасалғаннан кейін бір
айдан аспай шақырылуы керек, ал кезектен тыс жиналыс құрылтайшылардың ,
қадағалау кеңесінің , Тексеру комиссиясының талабы бойынша шақырылады.
Банктің Ұйымдық құрылымы әрқайсысы белгілі бір міндетер мен
талаптарды атқаратын қызмет тараулары мен бөлімшелерден тұрады.
Жалпы кез келген банктің ұйымдық құрылымы банктік оерацияларды
атқаратын міндеттерін ескеріп қалыптасады.

II Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру
жолдары
2.1 Орталық банк және оның қызметтері талдау

Ұлттық банкінің республикадағы банк жүйесінің жоғары (бірінші)
деңгейіндегі банк,өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995
жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заң
күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп
береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының
Конституциясын және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді
басшылыққа алады.
Ұлттық банк - заңды тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей
бағынатын төменгі бөлімшелері мен бірге тіке бағыныстағы біртұтас
орталықтандырылған құрылым,іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде
жүргізеді.Әр түрлі салық жинаудан,баж салығғын және кеден салығын төлеуден
босатылады. Ол республиканың кез келген жерінде және одан тыс жерлерде
өзінің басқармасын және басқада бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын
үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді.Үкімет Ұлттық банктің
міндеттемелері бойынша жауапты емес,дәл сол сияқты,егер өзіне белгілі бір
жауапкершілік алмаса, Ұлттық банк те үкіметтің міндеттемелері бойынша жауап
бермейді.Үкіметтің өкілдік және атқарушы органдарының Ұлттық банк пен
оның құрылымдық бөлімшелерінің заңды қызметтерін атқаруқа араласуқа
құқығы жоқ.
Орталық банктiң қызметтерi:
- ежелден қалыптасқан мемлекеттiк өкiлi ретiнде заңды тұрде банкнота
шығару;
- орталық банктiң ақша несие реттеу қызметi ол экономиканы ақша несие
айналымына әсер ету жолымен реттеу, яғни әкiметтiң экономикалық саясаттың
құрамдас элементi;
- орталық банктiң сыртқы экономикалық қызметi. Мемлекеттiк валюталық
саясатын жүргiзетiн және валюталық бақылау органы болып табылады.
- орталық банктiң банк iсi қызметi- негiзгi клиентi коммерциялық банкер
(бұл дегенiмiз коммерциялық банктерден айырмашылығы);
- орталық банк үкiмет банк iсi қызметi. Ол әрi кассирi, несие берушiсi,
қаржылық кеңесшiсi;
Мемлекеттiк борышты басқару деп- орталық банктiң зайымдарын
орналастыру және конверсия операциясын жәргiзу.
Орталық банктiң операциялары:
Олар екi тұрге бөлiнедi: актив-ол осы қаражатты орналастыру
операциялары. Пассив- ол операциялар банктiң ақша қаражатын тартып банктер
ресурстарын құру операциялары.
Сонымен:
- мемлекет орталық банкпен тығыз байланысты. Оның саясатына шексiз ықпал
етедi;
- орталық банк- ол дербес заңды тұлға;
- ақша несиелiк валюталық тұрақтылықты сақтаудағы iс-әрекетiнiң
тиiмдiлiгiне қажеттi жағдай жасау;
- әкiметтiң экономикалық саясатының негiзгi элементi ақша несиелiк қаржы
саясатын орындау орталық банкiнiң қызметiнiң тәйiнi болады.
Орталық банктiң мiндетi- ол Ұлттық ақша өлшемiнiң төлем
қабiлеттiлiгiмен валюталық курсын банк жүйесiнiң тиiмдiлiгiмен
сенiмдiлiгiмен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы
Республика Президентiнiң 1995 жылғы 31-шi тамыздағы заң кәшi бар жарлығында
Қазақстандағы 2-шi деңгейлi банк жүйесi бар дедi. Олар:
Ұлттық банк- мемлекеттiк орталық банк.
Басқа барлық банктердi заңда төменгi деңгейлi банк деп жазылған.
Ұлттық статистика көрсеткiшi бойынша 2000 жылдың басында 55 екiншi
деңгейлi банк анықталған. Оның iшiнде бiреуi мемлекеттiк, бiреуi мемлекет
аралық 22 шетелдiк қатысуымен, 17 шетел өкiлдiгi ашылған. республикада
тiркеуден өткен 44 ломбард, 7 несиелiк серiптестiгi және кейбiр банктiк
операция жәргiзетiн 46 басқа мекеме бар.
Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде
өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір банктік
операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің ,бактік емес қаржы
мекемелерінің міндетті түрде орындауы үшін нормативтік актілер шығарады.Ол
нормативтік актілер Қазақстан Ұлттық Банкінің хабаршысың , Вестник
Национального Банка Казахстанаң атты қазақ және орыс тілдерінде шығатын
ресми басылымдарда жарияланады.
Ұлттық банктің негізгі міндеті - ұлттық валютаның ішкі және сыртқы
тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Сондықтан ол:
• ақша айналымы,несие,банктік есеп айырысу мен валюталық қатынастарды
ұйымдастырады;
• ақша,несие және банк жүйелерінің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді;
• несие берушілер мен салымшалардың ,сондай-ақ шетел валютасын сатып алу-
сату және басқа ұйымдардың мүддесін қорғау және олардың жұмысын
бақылау сияқты мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізеді.
Ұлттық банктің міндеті оның атқаратын қызметтері арқылы орындалады :
Біріншіден,Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын
жүргізу, яғни Ұлттық банк айналымдағы ақша массасының көлемін реттеумен
және ресми проценттік мөлшердің деңгейін өзгертумен шұғылданады.Егер ақша-
несиелік реттеу әдісімен инфляция деңгейін тежеу мүмкіндігі болмаған
жағдайда Ұлттық банктің несие салымдарын шектеуге және банк операциялары
бойынша проценттік мөлшерді өзгертуге құқығы бар. Сондай –ақ алты айға
дейінгі мерзімге шығарылған бірінші кластық жай және айналмалы
вексельдерді,чектерді сатып алып және қайта сатады.
Ұлттық банк өзінің бағалы қағаздарын шығарады, сонымен қатар
мемлекеттік бағалы қағаздарды, облигацияларды, депозиттік сертификаттарды,
дисконттық және өтер мерзімі бір жылға дейінгі проценттік бағалы қағаздарды
сатып алу және сатумен шұғылданады.Ұлттық банкте сақталатын міндетті
резервтердің нормативін белгілеп, айналымда жүретін төлем құралдарының
түрлерін анықтайды.
Екіншіден, Қазақстан Республикасында қолданылатын банкнота және
монетаны (теңге мен тиынды) эмиссиялау.Ол үшін Ұлттық банк номиналдардың
құрылымын,теңге мен тиындардың пішінін (дизайн), олардың қажетмөлшерін
анықтап,дайындығын қамтамасыз етеді.
Ұлттық банктің қолмаөқол ақша қаражатын шығаратын,теңге мен тиынның
қолма-қол ақшасыз эквивалентін алып сату арқылы айналысқа түсуді
ұйымдастыратын айырықша құқығы бар.Сондай-ақ қолданылған ақша белгілерін
айналымнан шығарып,оларды жаңасымен айырбастап,тозығы жеткендерін жоюмен
шұғылданады.
Үшіншіден, банктердің банкісі қызметін атқару. Ол үшін Ұлттық банк
республикадағы қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырып,бірінші класты (
жоғары өтімді,қауіпсіз) бағалы қағаздармен және басқа активтермен
қамтамасыз етілген несиені алты ай мерзімге береді.Ұлттық банк- екінші
деңгейдегі банктер үшін соңғы сатыдағы несие беруші.Несиені ұлттық
валютамен де, шетел валютасымен де, сондай-ақ қамтамасыз етілген,ия болмаса
қамтамасыз етілмеген несиені Ұлттық банктің басқармасы белгіленген
тұртіппен және мерзімге береді.Қазақстан Республикасындағы есеп айырысу
формалары мен тұртібін анықтап,қазақстандық теңгемен жүргізілетін
банкаралық есептесуді өз уақытымен және тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ететін
төлем жүйесінің қызметін ұйымдастырады.
Төртіншіден,үкіметтің және мемлекеттік органдардың банкі және
агенті қызметін атқару үшін кепілшісі үкімет болған республиканың ішкі және
сыртқы қарызын өтеуге қатысады, Қаржы министрлігінің шоттары бойынша
дебеттік қалдықты (сальдо) болдырмау үшін қажетті іс-шараларды
қабылдайды.Қаржы министрлігімен келісілген шарт негізінде мемлекеттік
бағалы қағаздарды орналастырып,олардың депозиторлық ісін жүзеге асырады.
Бесіншіден,банктердің ісін бақылау және қадағалау қызметі. Ол үшін
Қазақстан территориясында,сондай-ақ одан шет жерлерде банктермен олардың
филиалдарын ашуға рұқсат және банктік операциялар жүргізуге лицензия
береді.Барлық банктер,банк емес қаржы мекемелері және олардың клиенттері
міндетті түрде орындауы үшін банк ісі,есептеу,есептесу,валюта операцияларын
жүргізу мәселелері бойынша нормативтік актілер шығарып,олардың орындалуын
қадағалайды.
Банктердегі бухгалтерлік есеп айырысудың ,бухгалтерлік,банктік және
басқа есептін мерзімін,формасын,тұртібін және әдісін бекітіп, сондай-ак
олардың орындалуын бақылайды. Банктер мен олардың филиалдарының қызметін
жергілікті жерде немесе аудиторлық ұйымдарды шакырып бакылайды. Ұлттық банк
өзінің бақылау қызметін атқару үшін банктердің балансын, есебін және басқа
құжаттарын тексереді.
Алтыншыдан, ваюталық реттеу және валюталық бақылау қызметі. Оны атқару
үшін Ұлттық банк шетел валютасының және шетел валютасындағы бағалы
қағаздардың айналым аясын және тұртібін белгілеп , шетел валютасымен
жүргізілетін операцияларға қажетті кезде, оның ішінде проценттік мөлшер
деңгейіне шектеу қояды .
Резиденттер үшін шетел валютасын және шетел валютасындағы бағалы
қағаздарды Қазақстанға аудару , әкелу,әкету және салып жіберу тұртібін
белгілеп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденттерінің республикадан
тыс шетел валютасында шот ашуының мақсатын тұртібін және жағдайын анықтап,
шот ашуға рұқсат береді.
Ұлттық валютаның шетел валютасымен салыстырып, курсын
реттейді.Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырып, шетелдермен валюта-
қаржылық және несие-есеп қатынастарын жетілдіреді. Шетелден алынған банктік
несиенің есебін жургізеді.
Жетіншіден , елдің алтын валюта қорларын басқару қызметі. Оны атқару
үшін Ұлттық банк мемлекеттің алтын валюта қорларын қалыптастырып, олармен
операция жүргізеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Бағалы металдарға
және асыл тастарға байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралың
Заңкуші бар Жарлығына сай бағалы металдардың алғашқы саудасына бірінші
сатып алушы құқымен қатынасып, қазақстандық және басқа өндірушілерден
сатып алушылардан Ұлттық банктің алтын валюта қорын толтыру үшін бағалы
металдарды сатып алады. Оларды сақтауға қабылдап, одан әрі сақталуын
қамтамасыз етіп, қажет жағдайда заңға сәйкес сатады.
Президенттің немесе үкіметтің тапсырмасы бойынша Ұлттық банктің
қоймасында сақтау үшін үкіметтік бюджеттік резервке алынған қундылықтарды
қабылдайды.Алтын және басқа да бағалы металл құймаларын,
монеталарды,өңдеген және өңделмеген табиғи асыл тастарды ішкі және сыртқы
нарықта сатып алу және сату операцияларын жүргізеді.
Ұлттық банк өз шығындарын өз қаражатымен өтейді. Оның өз
қаражаты:жарғылық, резерв капиталынан , қайта бағалау шоттары және арнайы
провизияларынан резервтерінен құрылады.
Ұлттық банктің жарғылық капиталы 20 млрд теңгеден қалыптасады және
оның міндеттемелерін қамтамасыз етеді. Жарғылық капитал мемлекеттік
бюджеттен бөлінген қаржыдан , мемлекет берген негізгі қордың құнынан және
Ұлттық банктің алған пайдасынан құрылады.
Резерв капиталы жаргылық капиталы мөлшерінен тұрады. Таза табысы
есебінен толтырылып, жүргізілген операциялар бойынша шығындарды өтеуге
жұмсалады.
Алтын валюта активтерін қайта бағалау шоты оларды қайта бағалау
шоты оларды қайта бағалаудан тускен іске асырылмаған табысты есепке алуға
арналады. Бұл шоттың Ережесін Ұлттық банктің Басқармасы бекітеді. Алтын
валюталық резерв теңгенің ішкі және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету
үшін құрылып және мақсаттарға жұмсалады. Алтын валюталық резерв төмендегі
элементтерден құрылады:
. алтыннан:
. банкнота, монета түріндегі шетел валютасынан, шетелдердегі және
республикадағы Ұлттық банктің шоттарындағы қаржылардың қалдықтарынан:
. Ұлттық банкте сақтаулы валюталық құндылықтардан:
. шетел үкіметтері немесе халықаралық қаржы мекемелері
шығарып,кепілдік берген бағалы қағаздардан:
.шетел валютасындағы жай және аударым вексельден:
. өтімділігі және қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайдағы шетел
валютасындағы басқа сыртқы активтерден құрылады.
Арнайы провизиялар резервтер Ұлттық банктің шығыстары есебінен күмәнді
және үмітсіз талаптарынан, оған қоса несиелерден, депозиттерден, бағалы
қағаздардан, есеп айырысу кезіндегі шығындардан, шоттардағы қалдықтардан
және басқа да активтерден, сондай-ақ жалпы провизиялардан құрылып, оған
аяқталмаған құрылыс көлемі және Ұлттық банктің монетарлық емес талаптары
және әлеуметтік сипаттағы төлемдер кіреді.
Ұлттық банктің қаржылық жылдағы таза табысы оның іс жүзінде алған
кірістері мен осы жылғы шығын арасындағы айырмаға тең Шығынға шығарылып
тасталған күмәнді борыштар, активтердің , оның ішінде айналымға шығарылған
банкноталар мен монеталардың амортизациясы тозуы қосылады. Табыс
жоғарыда айтқанымыздай, жарғылық, резерв капиталын қалыптастыруға
жұмсалып, қалған бөлігі келесі қаржы жылының үлесіне жіберіледі.
Ұлттық банктің басқарушы органы болып Басқарма және директорлар
Кеңесі Директорат саналады. Оның жоғарғы органы-Басқарма, ол 9 адамнан
тұрады. Оған Ұлттық банктің төрағасы, бес лауазымды адамы және
Президенттен бір, Республика Үкіметінен екі өкіл кіреді. Президенттен,
Республика Үкіметінен және Ұлттық банктен кірген басқарма мушелерінен
тиісінше Президент, Үкімет және Ұлттық банктің төрағасы бекітеді және
қызметтен босатады.
Ұлттық банктің төрағасын республика Президенті Парламентпен келісе
отырып 6 жыл мерзімге тағайындайды.Егер төраға қызметтен кеткісі келсе 2 ай
бұрын алдын ала Президентке арыз жазуға құқылы.Оны қызметтен Президент
босатады.Төраға Ұлттық банктің қызметіне жауапты.Оның орынбасарларын
төрағаның ұсынысымен Республика Президенті төрағаның бекітілген мерзіміне
тәуелсіз 6 жылмерзімге бекітеді.Төрағаның орынбасарларын қызметінен
төрағаның ұсынысымен республика Президенті босатады.Сондай-ақ төрағаның
орынбасарлары өз еркінше қызметінен кеткісі келсе,онда 2 ай бұрын төраға
арқылы Президентке арыз береді.
Ұлттық банктің Басқармасының мәжілістері қажетті кезде,бірақ айында
кемінде 1 рет өткізіп,онда Ұлттық банктің ,жоғарыда айтылған қызметтерін
орындайды,ал Ұлттық банктің күнбе-күнгі қызметін басқаратын орган –
Директорлар Кеңесі. Директорлар Кеңесі Президенттің Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі туралың Заңкүші бар Жарлығына сай Ұлттық
банктің қарауындағы барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
Ұлттық банктің облыстық басқармалары өз қызметін Ұлттық банк
белгілеген уәкілдік шегінде атқарып,оған есеп беруге міндетті.

2.2 Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау
Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бс
ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бқл қаражаттар
есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әртүрлі қажеттіліктерін
қанағаттандыратын арнайы мекеме болып табылады.
Коммерциялық банктердің пассивтік операцялық негізіде оның қызметінің
жүзеге асырылуы үшін қажетті банктік ресурстары жинақталады.
Банктік ресурс – бұл несиелеу ресурсына қарағанда кең ұғымды
білдіреді. Банктік ресурстар тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқ да
акивтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.
Пассивьтік операцияларға банк ресурстарының мөлшері тәуелді және оның
көмегімен банкте нарықта несиелік ресурстарды сатып алады.
Пассивтік операцияларының төмендегідей формалары олады:
- коммерциялық банктердің бағаы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;
- банк пайдасынан капиталды немесе қорларды ұлғайту және құру;
- басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;
- депозиттік операцилар.
Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге
тартуға мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операйиялардың ірі формасы
негізінде банктік ресурстардың бірінші ірі тобы, яғни меншікті ресурстары
құрылады. Келесі екі фомасы негізінде екінші ірі топ заемдық немесе
тартылан ресурстар құрылады. Банктің меншікті ресурстар қатарына меншікті
капиталы мен оған сай келетін баптар кіреді. Коммерциялық банктердің
меншікті капиталының ролі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын
кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие. Банктің
меншікті капиталы арқылы оның барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің он
пайызы өтеледі. Шын мәнісінде, меншікті және тартылған қаражаттардың
арасында шекті ең төменгі мөлшерде шекарасы болады.
Банкті меншікті қаражаттарының банктің үнемі тұрақтылығын ұстап тұруа
маңызы бар. Банктің бастапқы құрылу барыында, осы меншікті қаражаттары
алғашқы шығындарды, яғни жерге ғимаратқа, жабдықтауға, жалақыға жұмсалатын
шығындарды жабады. Меншіктік қаражатсыз банктің қызметін бастау мүмкін
емес. Меншікті қаражаттар есебінен банкке қажетті резервтер құрылады. Ең
соңында,банктің меншікті қаражаты бқл ұзақ мерзімді активтерге
жұмсалымдардың басты көзі болып табылады.
Банктің тартылған қаражаттары актвтік операциялар, оның ішінде нсиелік
операцилардың тоқсан пайызға жуықтай ресурстарға деген қажетін
қанағаттандырады.
Жалпы коммерциялық банктердің қызметтері:
     2. Банк актив операцияларына:
      1) депозиттерді қабылдау, заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және
жүргізу;
      2) депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және
жүргізу;
      3) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
      4) жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу
жатады, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдардың және
бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты саны көрсетіледі;
      5) кассалық операциялар: қолма-қол ақшаны ұсатуды, айырбастауды,
қайта санауды, сұрыптауды, қаттап бууды және сақтауды қоса алғанда банк
операцияларының бірін жүзеге асыру кезінде оларды қабылдау және беру;
      6) аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың төлемдер және
ақша аударымдары бойынша тапсырмаларын орындау;
      7) есепке алу операциялары: жеке және заңды тұлғалардың вексельдері
мен өзге де борышкерлік міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
      8) банктік заем операциялары: банкке, ипотекалық ұйымға, номиналды
ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокерге және
(немесе) дилерге және акцияларының бақылау пакетi мемлекетке немесе ұлттық
холдингке не ұлттық басқарушы компанияға тиесiлi заңды тұлғаға төлемділік,
мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысандағы кредиттер
беру;
      9) шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
10) банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау;
      11) төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;
      12) аккредитив ашу (ұсыну) мен оны растау және ол бойынша
міндеттемелерді орындау;
      13) банктердің ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін
беруі;
      14) банктердің үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау
көзделетін банк кепілдемелерін және өзге де міндеттемелерді беруі
жатады.     
      15) тазартылған қымбат бағалы металдарды (алтын, күміс, платина,
платина тобына жататын металдар) құйма күйінде, тазартылған қымбат бағалы
металдардан жасалған монеталарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу,
сақтау және сату;
      16) құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар зергерлік
бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
      17) вексельдермен жасалатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктер жүйесі жайында
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары
Орталық банк және оның қызметтері талдау
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің орны мен рөлі
Қаржылық дағдарыс жағдайында Қазақстандағы қаржы мекемелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету
Банк жүйесі туралы
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау
Қазақстанның банктік жүйесі
Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеу ерекшеліктері
Банктік несиелік портфелін басқару мәселері мен оны шешу жолдары
Пәндер