Қазақстандағы банк реформасы


Ф. 4. 7. -006-05
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
«Экономика және қаржы» факультеті
«Экономикалық теория» кафедрасы
Бекітемін
кафедра меңгерушісі,
«___» 2007
Курстық жұмысты қорғауға
N_ ХАТТАМА
пәні бойынша
тобының студенті
Курстық жұмыстың тақырыбы
Қорғау барысында келесідей сұрақтарға жауап алынды
Курстық жұмыс орындау барысында жинаған балы /60 балдан/, қорғау бағаланады /40балдан/ балға. Қосынды балы
Жобаның бағасы
Курстық жұмыстың жетекшісі
Комиссия мүшесі
Комиссия мүшесі
Қорғалған күні2007ж.
Ф. 4. 7. -006-02
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік
Университеті
«Экономикалық теория» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
пәні бойынша
Мамандығы:
Тақырыбы:
Курстық жұмыстың
қорғалған бағасы Орындаған
студент (тобы) (бағасы, күні)
(аты-жөні, қолы)
Комиссия мүшелері
Садыбек Е. К.
(Аты-жөні қолы, қызмет) Жетекші Райымқұлұлы С
(аты-жөні, қолы)
Оразалиева Э. А.
(Аты-жөні қолы, қызмет)
Шымкент 2007 ж.
Ф. 4. 7. -006-03
М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
«Экономикалық теория» кафедрасы
Бекітемін
кафедра меңгерушісі,
«___» 2007
пәні бойынша курстық жұмысқа
тапсырма
Студент тобы
(аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы
Алғашқы деректер
көлемі
(парақ саны)
Әдебиеттер: 1
2
3
Тапсырма алған күні, жобаны қорғау күні
жоба жетекшісі
(қызметі, аты - жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға
қабылдадым (аты -жөні, студент қолы)
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . 5
- БАНК ЖӘНЕ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫ . . . 6
- БАНКТІК ОПЕРАЦИЯЛАР. 12
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІ. 21
ҚОРЫТЫНДЫ 31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. . . 32
ҚОСЫМШАЛАР. . 33
АННОТАЦИЯ
Курстық жұмыста Қазақстан Республикасының банк жүйесі, екі буынды банк жүйесінің қызметтері мен міндет- тері, Қазақстандағы банк реформасы қарастырылған.
Банк өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорын ретінде материал -дық өндіріс саласындағы өнімдерден көп өзгешілігі бар өнімді өндіреді, Ұлттық банк пен екінші деңгейдегі коммер- циялық банктер, банктік операциялар құрылымы келтіріледі.
Курстық жұмыс 35 бет көлемді қамтиды. Жұмыс өзінің мазмұнынан, аннотациядан, кіріспеден, үш бөлімнен тұратын жұмыстың негізгі мазмұнынан және қорытындыдан, қолда- нылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Сонымен бірге қосымшадағы 2 кесте, 2 слайд және 1 сурет те бар. Курстық жұмыс 14 қолданылған әдебиет көлемінде жазылған.
КІРІСПЕ
Берілген жұмыста нарықтық экономикадағы банк жүйесінің дамуы зерттеледі. Курстық жұмыста Қазақстандағы банк реформасы, екі буынды банк жүйесі: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі коммерциялық банктердің жаңа жағдайдағы операциялары мен міндеттемелерінің өзгерісі, банк жүйесінің жоғарғы және төменгі буын арасындағы қарым-қатынасы, банк және оның клиенттерінің өзара қарым-қатынасының принциптері, Ұлттық банктің ақша-несие саясаты талданады.
Банк жүйесі - нарықтық экономиканың ең маңызды әрі ажырағысыз құрылымы. Банктер мен ақша - тауар қатынасы тарихи тұрғыда қатар дамып, бір-бірімен тығыз байланыста болады. Банктер басқарудың барлық деңгейіндегі халық шаруашылығымен күн сайын тікелей байланысты. Банктер арқылы ұдайы өндіріс процесіне қатысушалардың экономикалық мүдделері қанағаттан- дырылып отырды. Бұл арада банктер қаржы делдалдары ретінде халықтың жинақ ақшасын, шаруашылық органдардың капиталын және басқа да шаруашылық процесінен босаған еркін ақшалай қаражатты тартып, оларды қарыз алушыларға уақытша пайдалануы үшін береді, бұл қаражатпен ақшалай есеп айырысуды жүргізеді, экономикаға басқа да көптеген қызмет түрлерін көрсетті.
Банк жүйелерінің дамуы елдегі саяси жағдай мен экономикалық қатынас- тың және т. б. даму деңгейіне тәуелді. Банк жүйесінің мақсаттары мен міндетте- рі негізінен тұтас экономиканы басқарудың мақсаттары мен міндеттеріне ұқсас. Алайда, банктер басқарудың қосалқы жүйесі ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін өзіндік ерекшелігі бар жеке міндеттерді орындайды. Банктердің рөлі экономиканы басқарудың органы ретінде өздерінің қызметтерін орындау процесінде және банк ісін ұйымдасты- рудың жалпы принциптері сақталғанда анықталады.
Бірінші бөлім. “Банк0 және банк жүйесінің пайда болуы мен дамуы”. Бұл бөлімде “банк” сөзінің шығу тарихы, банктің құрылуы, банк - банк жүйесінің элементі ретінде, банк жүйесінің даму үлгісі мен бірнеше мемлекеттің банк жүйелері қарастырылады.
Екінші бөлім. “Банктік операциялар”. Курстық жұмыстың осы бөлімінде Қазақстан Республикасның Ұлттық Банкі: қызметтері және операциялары, банктің тартылған қаражаттары мен коммерциялық банктердің пассивті және активті операциялары талданады.
Үшінші бөлім. “Қазақстан Республикасының банк жүйесі” бөлімінде Қазақстандағы банк жүйесінің даму тарихы, банктердің нарықтық экономика- дағы рөлі, еліміздегі банктік реформа, атап айтқанда, банк жүйесінің реформасын жүргізудің қажеттілігі, 1995 жылына арналған Қазақстанның банк жүйесін реформалаудың бағдарламасы мен банк жүйесін одан ары реформалау туралы жазылған.
1. Банк және банк жүйесінің пайда болуы мен дамуы
“Банк” сөзі “үстел” мағынасын бертін итальяндық “banco” сөзінен шық- қан. Банко - үстелдер тауарлардың сауда-саттығы қызу жүретін алаңдарға қойылатын. Сауда-саттық мемлекеттерде, қалаларда және жекелеген қалалар- да шақа соғылатын әр түрлі монеталармен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда көптеген монетаның әр түрлі айналысынан хабары бар, айырбас бағамы бойынша кеңестер беріп, бағалай алатын арнайы мамандар қажет болды. Бұл айырбастаушы мамандар әдетте өз үстелдерімен нарықтарда отырады. Х ға- сырда Италия әлемдік сауданың орталығына айналды, сол себепті де өздерінің ерекше банко-үстелдері бар айырбастаушы банкирлер әйгілі болады әрі олар Ежелгі Грецияда (трапезиттер деп аталған, “трапеза” - үстел), Ежелгі Вави- лонда және басқа да елдерде кеңінен тарайды.
Әр түрлі монеталарды бір-бірімен үзбей айырбастау мақсатында айырбас- таушы-үстелдер айырбастаушы-үйге айналды. Бұл үйде құны әр түрлі монета- лардың айырбасталуы жүзеге асырылды. Сауда-саттық агенттіктері және сауда үйлері жүзеге асырған барлық ақша операциялары банктердің қалыптасуына себепші болды. Банк - бұл аса ірі не- сие кәсіпорны. Несие операциялары қалай жүйеге айналады, солай өсімқорлық та тоқтайды, өйткені несие берушілердің арасында бәсекелестік пайда болады, өсімқор өз ссудасы үшін жоғары пайыз белгілей алмайды, егер жоғары пайыз белгілейтін болса, қарыз алушы одан бас тартады. Несие мәмілерін орындау- мен қатар несие беруші өз клиенттерінің өкімі бойынша есеп айырысу опера- цияларын бір орталыққа шоғырландыратын ақша шаруашылығының даму деңгейі. Мұндай мекемелер Солтүстік Италияда XVII ғасырда пайда болды.
1619 жылы Венеция қаласындағы қоғамдық серіктестік жиробанк (латын- ша giro - айналым) деп аталды. Металдық монеталар төлемі мен оны қағаз серіктестіктеріне ауыстыру олардың айналысатын негізгі операциялары болды. Еуропа мемлекет құрған экономикалық қызметке, банктердің пайда болуына тән ақшалай операциялардың тұрақты ену орталығына айналды. Банк ісінің шынайы мәні мемлекеттер арасындағы сауда-саттық байланыстың даму процесінде айқындалды. Банк ісін жүргізудің итальяндық тәжірибесі өзіндік банктерді құрудың тек ынталандырушы факторы ғана болды.
Амстердамда айырбастаушы банк құрылды, содан соң ол депозиттік банк- ке және жиробанкке, ақыр аяғында ссуда банкісіне айналды. Германияда итальяндық сауда үйлерінің филиалдары негізінде неміс сауда үйі құрылып, одан алғашқы неміс банктері, ал Францияда француз банктері пайда болды және т. б. XVII ғасырдың ішінде банктер Еуропаның бүкіл мемлекеттерінде пайда болып үлгерді.
Ежелгі банктердің несие операцияларымен қатар трансферит деп аталатын операцияның көмегімен есеп айырысу да біртіндеп дамыды, яғни ақшалай қаражатты бір шоттан екіншісіне ауыстыру кезінен қолданыла бастады. Банктер клиенттермен өзара және клиенттер арасында келісімшарттар бекітіліп, сауда мәмілесінде делдал ретінде алға шықты. Есеп айырысуды қамтамасыз ету үшін ежелгі банктер ақшамен тең дәрежеде айналыста жүретін банк билеттерін шығарды.
Осылайша, несие, ақша және есеп айырысу операциялары бір орталыққа, яғни банкке шоғырлана бастады. Ақша шаруашылығының бұл даму кезеңінде банк секілді аса ірі несие мекемелері пайда бола бастады.
XVII ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап, банктердегі эмиссиялық операциялар Англияда да жүзеге асатын болды және XIX ғасырдың басында оған елдің эмиссиялық банкісі деген атақ берілді. Оның банкноттары төлемнің әмбебап, заңды құралына айналды.
1846 жылы Германияда жергілікті 33 эмиссиялық банктерді біріктірген елдің орталық банкісі ретінде Пруссиялық банк құрылды.
Ресейде банк ісі мемлекеттік тұрғыдан дамыды, ал жекеше эмиссиялық банктер болған жоқ, тек 1894 жылы ғана орталық эмиссиялық банк ретінде Мемлекеттік банк пайда болды.
XX ғасырдағы 90-шы жылдардың басына дейін Қазақстанның банктері болған емес.
Банк оның (банк) жүйесінің негізгі элементі болып табылады. Бұл оның мынадай болу керектігін ұйғарады:
- оған біртұтастың органикалық бөлігі болуға, жалпы ойын ережесі бойынша әрекет етуіне мүмкіндік беретін өзіне ғана тән өзгешілікке ие болуы керек; бірыңғай заң аясында, қоғамның заң нормалары шегінде жұмыс істеуі қажет; өзін-өзі реттеуге, банк жүйесінің басқа элементтеріне (банктік емес институттармен) өзара әрекеттесуге икемді болуы керек.
Банк теориясының маңызды мәселесіне оның қызмет ету аясы туралы мәселе кіреді. Оны банк мәнін талдау барысында пайдаланылатын әдістемелік тәсілдемелердің көмегімен анықтау керек. Банктің қызмет ету аясы - бұл басқа экономикалық институттарға қарағанда тек банктің өзіне ғана тән қызметі.
Банктің мәні банктердің тұрпаттары мен түрлеріне қарамастан бірыңғай болады әрі оның мәні комерциялық банкке де, инвестициялық банкке де, эмиссиялық банкке де және т. б. барлық банктерге бірдей тән болып табылады. Бұл аталған банктердегі операциялар да, қызмет ету аясы да және т. б. бір-бірінен өзгеше болады, бірақ бұл арадағы банктің мәні өзгеріссіз қалады және олардың барлығына бірдей тән. Бұл ерекшеліктер біртұтас ретінде банктердің әр түрлілігін көрсетеді.
Банк жүйесі - несие жүйесінің негізгі буыны, нарықтық экономиканың маңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Ол несие және қаржы операцияла- рының негізгі массасын шоғырландырады.
Кез келген жүйе барлық қажетті элементтер мен қажетті пропорцияларды қамтуы керек, онда олар өзара әрекеттесіп, бір-бірін толықтыруы қажет, әдеттегіше, бір жүйе өзінен де ауқымды басқа жүйеге енеді.
Банк жүйесіне бұл принциптердің де тікелей қатысы бар. Мәселен, кез келген елдің банк жүйесінде оның негізгі элементтері кездеседі: әр түрлі тұрпаттағы банктер, банктік емес мекемелер, банктік инфрақұрылым, банктердің бірлестігі және т. б.
Бұл элементтер бір-бірімен өзара әрекеттеседі, бір-бірін органикалық тұрғыдан толықтырады және белгілі бір тұтастықты құрайды.
Банктің қызмет көрсету саласындағы негізгі өніміне заттай өндіріс, тұтыну заттары емес, несие ұсыну жатады.
Банк жүйесі құрамдық бөлік ретінде үлкен жүйе - елдің несие жүйесіне кіреді. Ал, несие жүйесі елдің экономикалық жүйесіне кіреді. Сол себепті де банктің қызметі мен дамуын қоғамның ұдайы өндірістік процесімен тығыз байланыстырып қарау қажет. Банктер мен банк жүйесі өзінің нақты кызметінде бюджеттік-салықтық және басқа да жүйелермен өзара тығыз әрекеттесіп, экономикалық өмірді басқару мен реттеудің жалпы тетігімен шектеліп, сабақтасады.
Банк жүйесі белгілі бір өзгешеліктер мен белгілерге ие. Бұған қысқаша тоқталамын. Сонымен, басқа жүйелерден айрықшалап көрсететін банк жүйесінің белгілері қандай:
1. Банк жүйесінің элементтері алғы шебін Орталық банк құрайтын нақты бірлікке бағына отырып өзара әрекеттеседі. Онда кездейсоқ элементтер болмайды.
2. Банк жүйесі өзінің құрамдық элементтерімен, олардың өзара әрекетімен анықталатын өзіндік ерекшелікке ие. Онда елдің Орталық банкі белгілеген қосымша міндеттерді, ережені орындайтын өзіне ғана тән тетік жұмыс істейді.
3. Банк жүйесі элементтерді өзара алмастыруға қабілетті. Оны біртұтас ретінде және бір бүтінге бағынатын әр түрлі бөліктер ретінде керсетуге болады. Бұл оның жекелеген бөліктерінің кажет болған жағдайда бір-бірін алмастыра алатындай етіп байланысқанын білдіреді. Мысалы, Жинақ ақша банкісінің депозиттік операцияларын коммерциялық банктер орындай алады, ал ауылдық жерлерде бұл істі пошталық жинақ ақша жүйесіне сеніп тапсыруға болады. Қандай да бір банк банкротқа ұшыраса да, банк жүйесі сақталып қалады.
4. Банк жүйесі динамикалық жүйе болып табылады. Ол ұдайы даму, қозғалыс үстінде болады. Ол жаңа элементтермен, жаңа байланыстармен толығуы мүмкін. Жаңа несие түрлері мен қаржы институттары пайда болады.
5. Банк жүйесі «жабық» тұрпаттағы жүйе ретінде де алға шығады. Олардың тек өздеріне ғана тән, осы жүйеге ғана арналған өз тәртібі, ережесі, нұсқауы бар және банктің өз құпиялары болады.
Алайда, оны толық мағынасында жабық деуге де болмайды, өйткені ол сыртқы ортамен, басқа жүйелермен өзара әрекеттеседі.
6. Банк жүйесі өзін-өзі реттейтін, «өзін-өзі ұйымдастыратын» жүйенің сипатына ие. Тұтастай алғанда жүйе өзінің әрекет ету саясатын экономикалық, әлеуметтік, саяси ахуалдарға қарай өзгертіп отырады. Экономикалық дағдарыс орын алса оған өзінше саясат ұстанады, экономиканың тұрақты даму жағдайында басқа саясатты жүргізеді.
7. Банк жүйесі - басқарылатын жүйе. Ол арнайы банк заңдарымен әрекет етеді әрі реттеледі және орталық атқару немесе өкілетті органдарға бағынады.
Осы аталған белгілердің барлығы Қазақстанның банк жүйесіне тән. ҚР «Банктер мен банк кызметі туралы» заңының 3-бабына сәйкес:
1. Қазақстан Республикасы екі деңгейлі банк жүйесіне ие.
2. Ұлттық банк мемлекеттің орталық банкісі болып табылады әрі банк жүйесінің бірінші деңгейін білдіреді.
3. ҚР Заң актілерімен анықталған айрықша құкықтық мәртебесі бар Қазақстан даму банкісін қоспағанда барлық басқа банктер банк жүйесінің екінші деңгейін білдіреді.
4. Шетелдік қатысушылар банкісі - екінші деңгейлі банк, меншігінде және басқаруында акцияның үштен бір бөлігіне ие:
а) ҚР бейрезиденттері;
ә) заңды тұлғалар - ҚР резиденттері.
ҚР бейрезиденттерінің меншігінде және басқаруында 50%-дан астам акция- сына ие (оқушылардың салым ақшасы) ; ҚР резиденттері ҚР бейрезиденттері- нің (сенімді тұлғалардың) қаражатына.
5. Мемлекетаралық банк - халықаралық келісімшарттың негізінде құрыл- ған әрі әрекет ететін банк.
Банк жүйесіне, сонымен бірге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес жеке мекемелер де, сондай-ақ, банк инфрақұрылымын қалыптастыратын әрі несие институттарының өмірлік әрекетін қамтамасыз ететін кейбір қосымша мекемелер де кіреді.
О. И. Лаврушин банк жүйесінің жеті белгісін былайша бөліп көрсетеді:
1) бірыңғай мақсатқа жауап беретін нақтыға бағынышты элементтерді қамтиды;
2) өзіндік ерекшелігі бар;
3) элементтерді өзара алмастыруға қабілетті;
4) динамикалық жүйе болып табылады;
5) «жабық тұрпат» жүйесі ретінде алға шығады;
6) өзін-өзі реттейтін жүйе сипатына ие;
7) басқарылатын жүйе болып табылады.
Әлемдік іс-тәжірибе тарихында банк жүйесінің бірнеше тұрпаты болған:
- банктің орталықтандырылған бөлу жүйесі;
- нарықтық банк жүйесі;
- өтпелі кезең жүйесі.
Банк орталықтандырылған бөлу жүйесі бұрынғы КСРО-да және социа- листік жүйедегі елдерде жұмыс істеді. КСРО-да ол КСРО Мемлекеттік банк- пен бір деңгейде болды, ал банктік емес мекемелер болған емес. Ол елдің бірден-бір эмиссиялық және несие институты болды. Онда барлық несие ресурстары орталықтандырылып, бөлінеді.
Осы жүйеге қарама-қарсы нарықтық банк жүйесі банктерге мемлекеттік монополияның болмауымен сипатталады. Нарықтық шаруашылықта орталық- сыздандырылған баскару жүйесімен көптеген банк түрлері жұмыс істейді. Олар эмиссиялық және несиелік қызметтерді өзара бөлісіп алған. Коммерциялық банктер мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сол сияқты мемлекет коммерциялық банктердің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Өтпелі кезеңнің банк жүйесіне Шығыс Еуропаның және посткеңестік мемлекеттердің, оның ішінде Қазақстанның осы заманғы банк жүйелерін жатқызуға болады. Оны нарықтық жүйеге де жатқызуға болады, алайда, ол алдындағы банк жүйесінің «меңдік дағынан» әлі арылып біткен жоқ, әлі де өтпелі кезең, даму жағдайында тұр. Бұл жүйені дамушы банк жүйесіне, дамыған тұрақты жүйедегі өнеркәсібі өркендеген елдердің банк жүйесіне де жатқызуға болады. Оның біріншісінде банк қызметінің нормативтік және заңдық базасы әрдайым өзгеріп отырады, банктердің саны, банк жүйесінің құрылымы ұдайы өзгереді. Мәселен, Қазақстанның да, Ресейдің де банк заңдары соңғы 10-15 - жылда кем дегенде 2 мәрте түбегейлі өзгерді, оларға ұдайы толықтырулар мен өзгерістер енгізілді.
Банктердің саны он және одан да көп есеге кемісе, кейде жаңа банктер, банктік емес мекемелер пайда болады, енді бірде олар банкротқа ұшырайды немесе бір-бірімен қосылады. Немесе банктен банктік емес мекемеге айналады. Бір сөзбен тұжырымдап айтқанда, өтпелі кезеңнің әлі тұрақтанбаған банк жүйесі даму сатысында тұр.
Банк жүйелерінің дамуы елдегі саяси жағдай мен экономикалық қатынастың және т. б. даму деңгейіне тәуелді. Банк қызметі қандай шамада реттелетініне қарай банк ісін ұйымдастырудың екі тұрпаты бөліп көрсетіледі:
1) мамандандырылған банк ісі, онда банктер мен банктік емес мекемелер операцияларының арасына қатаң шекара қойылады, соңғысы үшін заңға тыйымдар мен шектеулер енгізеді;
2) барлық несие институттарына әр түрлі қаржылық-несиелік қызмет көрсе- туін жүзеге асыруына мүмкіндік беретін әмбебап банк ісі.
Батыс және Орталық Еуропа елдерінде, АҚШ-та, Жапонияда және басқа да енеркәсібі дамыған елдерде несие институттарының арасындағы дәстүрлі шекараның жойылуынан байқалып отырған банктерді әмбебаптандыру тен- денциясына артықшылық береді. Функционалдық тұрғыдан мамандандыруды басқару осы заманғы банктерді өз клиенттеріне 200-ге дейінгі қызмет түрлерін ұсынуға қабілеті бар көп қызметті несие мекемесіне айналдыруға мүмкіндік береді. Бұл жағынан клиенттерге кызмет көрсетудің жоғары деңгейіне жетуге мүмкіндік беретін осы заманғы банк технологияларын қолдану, өз қызметін жан-жақты дамыту арқылы сенімділік пен инвестиция үшін үлкен қаржылық мүмкіндіктерге ие болу мақсатында банктер өздерін ірілендіруге әрі капитал- дандыруға ұмтылыс жасап отыр. Мұндай тенденция көптеген мемлекеттерге тән. Мәселен, XX ғасырдың 90-шы жылдары АҚШ-та коммерциялық банктер 15, 5 млрд. доллар пайда алып, 2, 5 трлн доллар сомасындағы активтерді бақылайды. 2000 жылы жуық шамамен 17 млрд доллар пайда алған, 5 трлн доллар сомасындағы активтерге ие 9500 коммерциялық банктер ғана қалды.
Банк жүйесінің даму үлгісімен бірнеше мемлекеттің банк жүйелерін келтірейін.
Ағылшын банк жүйесі - Англия Банкісінен, депозиттік банктерден, сауда банктерінен, достастық банктерінен, шетелдік банктерден, консорциумдік банктерден, есеп-қисап үйлерінен және бірқатар банктік емес мекемелерден тұрады.
Швейцария банктердің елі, әрбір 1, 5 мың тұрғынға бір банктен келеді. Оның банк жүйесі 500-ден де көп банктік ұйымдарды біріктіріп отыр. Бұл елде ұлттық банктерден басқа 3 банк категориясы бар:
1) 3 аса ірі банк - Швейцарияның Біріккен банкісі, Швейцариялық банк корпорациясы, Швейцариялық несие банкісі;
2) несиелеу мен есеп айырысуға маманданған, негізінен жергілікті салым- шылармен жұмыс істейтін контоналдық, жергілікті және жинақ ақша банктері;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz