Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының банк жүйесі


МАЗМҰНЫ
ЖОСПАР
Кіріспе . . . 2
I Тарау . Қазақстан Республикасының банк жүйесі . . . 4
- Қазақстанда банк жүйесінің қолыптасуы және дамуы . . . 4
- Қазақстанда банк жүйесінің қызметін реформалау . . . 17
II Тарау. Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының банк жүйесі. . 24
- Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерді қайта қаржыландыру . . . 26
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктердің ресми мөлшерлемесін қарастыру . . . 39
Қорытынды . . . 37
Қолданылған әдебиеттер . . . 39
КІРІСПЕ
Банктік жүйе − нарықтық экономиканың құрылымының ең маңызды және айырылмайтын бөлігі. Банктердің және тауарлы өндіріспен айырбастың дамуы тарихи пераллельді жүрді және бір-бірімен тығыз байланыста болды. Банктер, ақшалай есеп айырысу жүргізе отырып, шаруашылықты несиелеп, капиталдарды қайта бөлудегі делдалдар болып, өндірістің жалпы тиімділігін көтереді, қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсуіне себеп болады.
Банк ісінің пайда болуы және дамуы капиталмен байланысты. Капиталдың басты формасы, проценттер әкелетін − ссудалық (қарыз капиталы) . Жеке меншіктің пайда болуымен, тауар-ақша қатынастарының дамуымен қоғамның меншіктік теңсіздігі күшейді. Ауқатты топтардың өкілдері кедейлерге қарызға ақша беру мүмкіндігін алды. Банк ісінің пайда болуы өсімқорлық капиталдың дамуымен өте тығыз байланысты.
Египетте банктік операциялар б. э. д. 2700 жылдары жүргізілген. Б. э. д. VIII ғасырда Вавилон банкісі белгілі болған. Ежелгі Римде және Грецияда банктік қызмет балған. Ал қазіргі түсініктегі бірінші банк 1407 жылы Генуяда пайда болған.
Өнеркәсіпте тауар-ақша айналысының дамуы ақша-сауда және банктік капиталдың құрылуына алып келді. Ақша-сауда капиталы, процент әкелетін капиталдың алғышарты болады. Ақшамен сауда жасау, әрине, банктердің жалғыз функциясы болып қалмайды.
Сонымен бірге банктердің пайда болуы экономиканың қолма-қол ақша артылып бара жатқан секторларының қаражаттарын жұмылдырып, қолма-қол ақша жетіспеушілігі бар секторларға жіберілуіне мүмкіндік береді.
Банктік несиелік опирациялардың негізі салымдар, немесе депозиттер, болып табылады, және де есеп айырысудағы делдалдықта. Сонымен бірге, несиелік операциялардың негізін банктің өзінің капиталы құрайды.
Капитализімнің монополиялық кезеңінде банктік және өнеркәсіптік капиалдың араласуының нәтижесінде банктер күшейді. Бұл кезеңде банктердің негізгі клиенттері ірі өнеркәсіптік компаниялар болды.
Банктердің несиелік опирацияларының кеңеюі салымдардың өсуіне, ақша айналысының дамуына, жарғы копиталдың мөлшерінің өсуіне себеп болды. Мұның барлығы банктік сферада меншіктің акционерлік формасының пайда болуына алып келеді. Ал бұл өз кезегінде баніктік капиталдың концентрациясы про Капитализімнің монополиялық кезеңінде банктік және өнеркәсіптік цессінің күшейюіне әкеліп соқты
Қазіргі кездегі банктік жүйелердің күрделі және көпбөліді құрылымы бар. Егер классификацияның негізіне мекемелердің өзінің клиенттеріне көрсететін қызметтердің сипатын қойсақ онда банк несие жүйесінің үш маңызды бөліп көрсетуге болады, олар:
- орталық (эмиссиондық) банк;
- коммерциялық банктер;
- арнайы қаржылық мекемелер.
Орталық банк - бұл “банктердің банкісі ”. Ол фирмалармен немесе халықпен опирациялар жүргізбейді. Оның клиентурасы - коммерциялық банктер және басқа да несиелік мекемелер, сонымен бірге үкіметтің мекемелері. Қазіргі кезде орталық банктің ең маңызды функцияларының бірі - жалпы ұлтық ақша несиелік саясатын жүргізу. Ол қаржылық сектордың жағдайына және түгелдей дерлік ұлттық шаруашылыққа күнделікті және терең ықпалын тигізіп отырады.
Коммерциялық банктер - қарыз капиталы нарығының әртүрлі секторында операциялар жүргізетін, конфункциялы мекемелер болып табылады. Ірі коммерциялық банктер клиенттеріне қаржылық қызмет көрсетудің толықкешенін ұсынады.
Коммерциялық банктер дәстүрлі түрде банктік-несиелік жүйенің негізгі ролін атқарады.
Арнайы қаржылық мекемелер - қарыз капиталы нарығының тар сфераларында опрацияларын жүргізеді. Бұл сфераларда қызмет көрсету үшін арнайы білім және арнайы техникалық амалдар керек. Бұл мекемелердің кейбір түрлері қаржылық қызмет көрсетудің белгілі бір түрлеріне сұранысты банктер жаба алмағаннан пайда болған. Мысалы, 20-ші жылдары коммерциялық банктер тұтынушылық несиені берумен айналыспаған, нәтижесінде қазіргі кезде ақша нарығында тұрақты орны бар, тұтыну несиесін берумен шұғылданатын бірқатар мекемелер тобы пайда болды.
Коммерциялық банктер және басқа қаржы-несие мекемелері өздерінің қызметін бір жерде - ынтымақтас болып, ол бір жерде - бәсекелес болды. Бұған сәйкес тарихи даму үстінде сегметтелген және универсальды банктік құрылымдар пайда болды.
Сегменттелген құрылым-қаржылық мекемелердің операциондық қызметтердің және функцияларын қатаң түрде заң жүзінде бөледі. Ал универсальды құрылымда қаржылық қызмет көрсету сферасына және бөлек операциялар түрлеріне қатысты заңды шектеулер жоқ. Барлық қаржы-несиелік институттар қандай болсын түрін жасаса да алады және клиенттеріне операциялардың барлық түрін көрсете алады.
Сонымен Банктік жүйе дегеніміз - екі деңгейден тұратын(біріншісі - орталық банк, екіншісі - комерциялық банктер), қаржы-несиелік қатынастардың нәтижесінде болған, ұлтық шаруашылыққа қаржы-несиелік қызмет көрсететін мекемелерден құрылатын біртұтас жүйе.
Ал, бұл жүйенің түйіні - орталық банктерге тоқталайық.
Жалпы орталық банктердің пайда болуы тікелей олардың эмиссиялық қызметімен байланысты. Ал банктердің эмиссиалық қызметі ақшаның эволюциясымен тікелей байланысты болады, яғни несие ақшалардың пайда болуы.
Метал ақшалар айналыста болған кезде, банктер өздерінің қызметін үнемі ақша дефициті жағдайында жүргізді. Банктердің дамуын осы металл ақшалар айналысы тоқтататын, кедергі жасап отырды (метал ақшалардың жоғалуы, алтынды өндірудің өте көп шығын талап етулігі және т. б. ) . Бұл жағдайды дұрыстау үшін мемлекеттер қағаз ақшаларды шығара бастады. ( XVII ғасырда Солтүстік Америкада) . Бірақ қағаз ақшалар эмиссиясы қатаң реттелініп, алтынмен қамтамасыз етілуі керек болды. Өйткені оларды кқп шығару құнсыздануға соғып отырды. Сондықтан алтын монополиясынан тәуелсіз және көлемі ұлттық капиталдық даму дәрежесімен регламенттелінетін ақша қатынастарының белгілері керек болды. Бұл талаптарға несие ақшалары сай келді.
Металл ақшалардың қызмет ету үшін арнайы институт керек болмады. Олардың айналысын мемлекеттермен шіркеулер қолдады. Ал несие ақшаларға арнайы институттар керек болды.
Несие ақшалардың эмиссиясының бастапқы негізгі - коммерциялық несиелеу үшін шығарылған вексельдердің айналысы болды. Ол қызмет етіп тұрған капиталдың өнімі бола тұрып, сол уақытта несие ақша болып көрінеді.
Вексельдің банкнотаға айналуы банктердің эмиссиондық операцияларымен байланысты болды. XVII ғасырда Англия банктерінде эмиссиондық пайда болды. Бұл стихиялы түрде пайда болған банктер жүйесіне ықпал ету үшін, мемлекет 1694 жылы Англия банксін құрды. Ал 1844 жылы Пиль заңы Англия банксының эмиссиялық қызметке монополиясын жариялады.
Сол уақыттан басталады. Орталық банктерді дұрыстап түсіну үшін - олардық міндеттеріне, мақсаттарына және ақша-несие саясатына көз жүгіртіп өткен жөн.
І Тарау Қазақстан Республикасының банк жүйесі
- Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы
Қазақстан тереториясында орта ғасырларда (VI-X ғғ. ) сауданың дамуымен бірге ақша және сәйкесінше ақшалай қатынастар. Сауда көбінесе, XVIII ғасырда негізгі қаланған шекаралық қорғандардағы айырбас аулаларында жүрді. Сауда ақша нысанында тез өсе бастады, сауда жәрмеңкелері дами бастады. Жәрмеңкелерде өз кезегінде экономикалық дамуға және тауар ақша қатынастарының кеңеюіне оң ықпалын тигізді. Сауданың даму нәтижесінде, әрине, саудагерлер байи бастады. Олар өздерінің қолына үлкен мөлшерде ақша қаражаттарын шоғырландырып, өсімқоршыларға айналды. XIX ғасырдың басынан Қазақстанға шетелдік және рессейлік банктік капитал енеді, бұл капитал аймақтың негізгі қаржылық рсурстарын монополизациялайды. 1889 ж. Рессей үкіметі Омск қаласында Семей, Ақмола және Жетісу облыстарында қаржылық істерді басқару үшін қазынашылық палатасын ұйымдастырады. Палатаның міндеті мынада болады: сауданы бақылау, қазынашылықтардың басқару, мемлелеттік табыстар бойынша жалпы есеп жүргізу. Қазақстанға банктік копиталдың өне бастауы және оның териториясында несиелік жүйесінің құрылуы XIX ғасырдың аяғында басталды. Осы уақыттан бастап несиенің жаңа нысандары пайда бола бастады. Қазақстанның несиелік жүйесі, Рессей империясының несиелік жүйесінің бір бөлігі ретінде, мемлекеттік банктің бөлімшелерінен, акционерлік коммерциялық банктерден, несиелік кооперциялардан және де басқа да майда несие мекемелерінен құрылды.
Рессей Мемлекетік банктің құрылуымен Қазақстан тереториясында оның мекемелері пайда бола бастады. Ресей Мемлекетік банкінің бірінші бөлімшелері Уральскта (1876 ж. ), Петропавловскте (1886 ж. ), Семейде (1887. ), Верныйда (1911. ) ашыла бастады. Ресей Мемлекеттік банкінің мекемелерінің ашылуынан кейін Қазақстан тереториясында коммерциялық банктер пайда болды.
1917 жылғы революциядан кейін Қазақстандағы барлық қаржылық шаралар, РФСРО -ның қаржылық органдарымен жүргізілетін қаржылық саясаттың принцептерімен сәйкес жүргізіледі. Кеңес үкіметінің бірінші жылдары бұрыңғы жүйемен несиелеу ережелері қала берді. 1919 жылдың бірінші жартысында бір-бірімен байланыспаған мекемелердің 2 түрі пайда болды: қаржылық бөлімдер (губерниялық, уездік және қалалық) және Халық банкінің мекемелері, РФСРО Халық банкіна бағынышты. Жергілікті қаржылық органдарын ұйымдастыру жұмыстары Азамат соғысының және әскери интервенция кесірінен созылып кетті. Несие ісін реттеу жұмыстары жеке банктерді национализациялау негізінде жүргізілді. 1920 жылы РФСРО Халық банкі жойылып оның функциялары РСФСРО -ның Халықтық қаржылық коммисариатының бюджетік-есептік басқармасына ерілді. 1921 жылдың қазан айында Мемлекетік банкті құру туралы шешім қабылданды. 1922-1925 жылдары бүкіл елде, Қазақстанда соның ішінде, шаруашылықтың бөлек салаларыны қызмет көрсететін коммерциялық және басқа банктерді ұйымдастыру процессі жүріп жатты. Одақ үкіметінің 1930 жылғы 30-ші қаңтарындағы үкімі бойынша елде несиелік реформа жүрді. Бұл реұорма коммерциялық несиелеуден тікелей банктік несиелеуге көшуді жүзеге асырды. Несиелік жүйені қайта құру 1932 жылғы 5-ші мамырдағы үкіметтің “Банктердің күрделі салымдарды қаржыландыруы және ұзақ мерзімді несиелеуі туралы” үкімімен аяқталуы.
Ұлы Отан Соғысы Қазақстанның экономикасының алдында келесі негізгі міндеттерді қойды: Ұлттық шаруашылықты әскери етіп қайта құру, әскери өнімді көбейту, армияны қарумен және азық-түлікпен қамтамасыз ету.
Соғыс өтуімен Қазақстандағы Мемлкеттік Банктің мекемерелі ақшаның айналысқа түсуі және алынуы ережелерін қатаң сақтады. Банктердің кассасына қолма-қол ақшаларды түсіру және олармен бүкіл халық шаруашылығын қамтамасыз етуіне байланысты үлкен жұмыс жүргізілді.
Соғыстан кейінгі кезеңде Қазақстанның банктік жүйесі өзінің қызметін белсенді белсенді жүргізуге шақырылды, экономиканың дамуы және қайта жандануына тиімді ықпалын тигізуі қажет болды 70-ші жылдары халық шаруашылығында экономикалық өсудің қарқынын төмендетеді. Оларды өту үшін өндірісті дамыту және салалық банктік мекемелер арқылы тиімді басқару тетіктерін құру көзделді. Банк ісі үш ірі несие институттарымен көрінді: КСРО Мемлекеттік банкі, КСРО Құрылыс банкісі, КСРО Сырты сауда банкісі. Бірақ қабылданған шаралар қалаған нәтижелерге алып келген жоқ
Ақша - несиелік жүйенің қызметін қайта құрудағы үлкен қадам болған үкіеттің 1987 ж. 17-ші шілдесінде қабылданған “Елдегі банк жүйесін жетілдіру және тиімділігін жоғарлату туралы” жарлығы.
Несиелік-кассалық қызмет етуге банктер жүйесі құрылған, оның құрамы мынадай: Мемлекеттік банк, Өнеркәсіп-құрылыс банкісі, Акро-өнеркәсіптік банк, Тұрғын-коммуналдық шаруашылық және әлеуметті даму банкісі, халықты несиелеу және еңбек қорлары банкісі. Кәсіпорындар мен ұйымдарды тікелей несиелеу арнайы банктерге жүктелді. 1987 жылы құрылған банк жүйесі оған жүктелген талаптарғ асай келмеді, несиені тиімді пайдалануды жүргізбеді, тауар-ақша қатынастарын жандандырмады, банкаралық бәсекелестікті жандандырмады. 1990-1991 жылдары банктік жүйені әрі қарай реформалау қажеттілігі пайда болды. “Қазақ КСР -нің банктері және банктік қызметі туралы” Заңмен 1990 жылдың аяғында банктік жүйенің қайта құрылуы болып өттіп, екі деңгейлі банк жүйесі құрылды. 1990 жылдың 25-ші қазанында Қазақ КСР -інда мелекеттік суверенитет туралы декларация қабылданды және 1991 ж. Қазақстан егеменді ел болды.
Біздің елде екідеңгейлі банктік жүйе 1991 жылы банктік қызмет жөнінде заңдылық қабылданып, мемлекеттік салалық банктердің қайта ұйымдастырылынып және бірінші коммерциялық банктердің пайда болуымен құрылды. Жаңа банктік жүйе бұрыңғы КСРО -ның арнайы банктер жүйесіне кіретін банктеден құралды, олар: Промстройбанк (Туранбанк), Казвнешэконом- банк (Алембанк), Жилсоцбанк (Кредсоцбанк), Казсбербанк, Агропромбанк.
Банктік қызмет жөніндегі мәселелер бойынша қабылданған заңдылық банктерді тек есептік-кассалық орталықтар қызметінен бастап, оларды әртүрлі банктік операцияларды жүргізетін қаржылық институттарға айналдырды. Ол заңдылық сонымен қатар арнайы банктердің банк ісі сферасындағы монополиясын жойды, банктердің екі деңгейі арасында функцияларды бөлді, банктердің қорлары және ресурстарының құрылуының жаңа принцптерін, сонымен қатар ақша-несие эмиссиясының жағдайын бақылауға алады.
Сол кезден бастап банк жүйесінің бірінші деңгейі ретінде - ҰБ және оның облыстардағы бөлімшлеріболды. Ал банк жүйесінің екінші деңгейлі - бұрыңғы болған арнайы банктердің негізінде қрылған коммерциялық банктер және заңдытұлғалармен жеке заңды тұлғалармен жеке тұлғалардың бастамасымен енді құрылған коммерциялық банк тер, сонымен бірге несиелік серіктестіктер болды. Бұл банктердің негізгі міндеті - заңды жеке тұлғалардың ақшалай қаражаттарын республикасының экономикасын ресиелеуге қажетті көлемде мобилизациялау болды.
Ұлттық Банкпен “ ҚРҰБ туралы ” және “ ҚР банктер және банк қызметі туралы” заңдардың жобаларын өңдеп жасалып шығарылды. Бұл заң жобалары Республиканың Жоғарғы Кеңесінің сессиясында 1993 жыдың сәуір айында қаралып қабылданған. Оларды ҰБ -мен коммерциялық банктерге бекітілетін экономткалық нормативтер шеңбері кеңейтілген, ҰБ -тің лицензия берудегі және алудағы құқықтары кеңеитілген және нақтылынған. Яғни ұлттық валютаны енгізу сәтіне - Қазақстанда банктік сфераны реформалау бойынша көп жұмыс атқарылған: екі деңгейлі банктік жүйе жұмыс істеп тұрды, барлық арнайы банктер акционерлі банктер болып қайта құрылды.
Теңгенің ену сәтінен бастап ҚҰБ ақша-несиелік сфераның қызмет етуіне және реттеу және механизмдерін берік қылумен банктік қызметті қадағалауға толық жауапты болды. Бұдан кейін банктік жүйенің дамуы түпкілікті жаңа этапқа көшті.
1993 жылғы банктік жүйесінің жағдайы.
1993 жылдың басында республикада 204 ком. Банк тіркелген - бұл банктердің 1023 филиалы болған. Сонымен қатар жинақ банкінің 4 мыңнан астам агентстволары болды.
1993 жылы банк жүйесінің әрі қарай дамуы банктердің салалық сомманың өсуімен де және олардың капиталының өсіруімен байланысты болды. Оған көбінсе коммерциялық банктердің жарғылық қорының минимальді мөлшерінің өзгеруімен байланысты шаралар өз ықпалын тигізді. 1992 жылдың аяғында коммерциялық банктердің жарғылық қорлары келесі көлемде белгіленеді:
- мемлекеттік банктер үшін. 10 млн. теңге
- бірлескен және шетелдік банктер үшін 1 млн. доллар АҚШ
- валютаның операцияларды жүргізуге
лицензиясы бар банктер үшін 5 млн. теңге
- жеке банктер үшін 500 мың теңге
1993 жылы комерциялық банктердің жарғылық қорларының жалпы соммасы 68 млн. теңгеден 527 млн. теңгеге өсті (7 есе) . Жарғылық қорлардың өсуімен бірге коммерциялық банктердің жеке ресурстарыда өсті, 25, 4 млрд. теңгеге (8, 9 есе) .
1993 жылы кейбір банктердің қызметін тоқтату процесі басталды - 15 коммерциялық банк жойылды. Бұл ең бірінші кезекте, ҰБ -тің олардың жұмысына қадағалауы және бақылауының күшеюімен байланысты болды.
1993 жылдың сәуірінде Республиканың Жоғары Кеңесімен “ ҚРҰБ туралы” Заңды қабылдады. Бұл заңға сәйкес басқарудың 2 деңгейі құрылды. Бірінші деңгейі - ҰБ -тің басқармасы. Екінші деңгейі - яғни оперативтік міндеттерді орындау, директоратқа жүктелді. Директораттық - Төрағаның бірінші орынбасарымен басқарылатын барлық департаменттердің директорларынан тұрды.
Сонымен бірге, Заңға сәйкес ҰБ неізгі міндеті - ҚР -сының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығы болды. Бұл міндетін орындау үшін ҰБ өзінің жұмысында ақша-несиелік реттеудің әртүрлі құралдарын қолданды, жекеше тоқталсақ, міндетті резервтерді және несиелер көлемін өзгерту арқылы ақша массасының құрылымы мен көлемін реттеу, бағалы қағаздар және шетел валютасымен операцияларды жүргізу, проценттік ставкаларды реттеу.
ҰБ -нің бақылау және қадағалау функцияларының негізгі мақсаты комерциялық банктердің кредиторлары және салымшыларының құқықтарын қорғау болып табылады. Қадағалау функциясын күшейту мақсатында ҰБ -нің құрылымында арнайы бөлім құрылды, ол бөлім - банктік қадағалаудың департаменті, облыстарда өзінің бөлімшелері бар. Депортамент республиканың бақылаушы органдарын тексеру жүргізгендерінде өзінің қызметінің үйлестірілуін жүзеге асырады.
Коммерциялық банктермен экономикалық нормативтерді орындаудағы жұмыстардың жағдайы 1993 жылы өте қанағаттандырмайтын халде болды. Жалпы банктердің сомының тек 10 %-ті ғана ҰБ нормативтік талаптарын орындауды қамтамасыз етті, бұл республиканың банктік жүйесінің жоғары деңгейлі тәуекелді екенін көрсетті. 1993 жыл банктік жүйенің автоматизациялануының даму облысында белгілі бір алдыға басушылықпен сипатталды. Бұл жылдың сәуірінде экономикалық жаңашарлықтар Ұлттық Кеңесімен ҰБ- тің банктік жүйені информатизацялау бағдарламасы қолдау тапты.
Республикадағы банкаралық есеп айырысулары тездету мақсатында 268 ЕКО- тар құрылды. Олар 1994 жылдың 1 қаңтарында барлық коммерциялық банктер мен олардың филиалдарына қызмет ете бастады.
1994 жыл.
1995 жылдың 1-ші қаңтарындағы жағдаймен ҚР -сының территориясында 184 банк және 1042 филиал, 8 мелекеттік емес ломбарт жұмыс істейді. Қазақстан, Қырғыстан және Өзбекстан арасындағы үкімет аралық келісімдерге байланысты Ынтымақтастық және даму Орта-Азия банкісі құрылды. Сонымен бірге 2 Рессей еншілес банкілері, Голландия АБН - Амро банкісінің еншілес банкісі, Сауд Аравиясымен Қазақстанның біріккен банкісі құрылды.
Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы негізінде үш мемлекеттік банк ашылды: “Жилистройбанк”, “Эксимбанк” және Қазақстан даму банкісі; Арал регионының проблемаларын шешу үшін “Арал Экобанк”ашылды, украиндық “Приватбанктің” өкілеттілігі ашылды.
1994 жылы жұмыс істеп тұрған банктердің ішінде 31 банктің (17%) 50-ден 200 млн. теігеге дейін жарғылық қоры болды. Ал жарғылық қоры 1 млн. теңгеден аз емес, сол кездегі банктердің жалпы санының 60%-де болған.
1994 жылы ҰБ -те банктік қадағалауды жүзеге асыру үшін негіздерді құру процессі жалғастырылынды. Ортақлық аппараттың банктік қадағалау штаты өсті және ұйымдастырушылық құрылымы жұмыстың талаптарына және әлемдік тәжірибеге сай сәйкестендірінді.
Пруденциалдық реттеудің нормативтік базасын құру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Банктердің жұмысын реттейтін экономикалық нормативтер, Банктік қадағалау бойынша Базельдік комитеттің және басқа халықаралық қаржылық ұйымдардың ұсыныстарына кезең-кезең бойынша сәйкестендірілді. Банктердің қаржылық тұрақтылықты, ақша-несие жүйесінің тұрақтылықты және депозиторлардың мүддесін қорғауды қамтамасыз ету мақсатымен банктердің миинмальды жарғылық капиталына талаптар жоғарыланды.
1994 жылы сәуірде экономикалық нормативтер бекітілді, оларға - жарғылық қордың минимальді мөлшері, тәуекелді активтерге қатынасы бойынша банктердің капиталына жеткіліктік коэффиценті, өтімділік коэффициенті, бір қарыз алушыға шаққандағы тәуекелділіктің максималады мөлшері минималады резерфтік талаптар кірді.
Банктердің меншік капиталының өтімділігін жоғарлату қажеттілігін ескере отырып, 1994 жылдың қыркүйегінде коммерциялық банктердің жағылық қорларына талаптар нақтыланды. Шетел валютасымен операциялар жүргізу үшін “Банктермен ашық волюталық позицияны жүргізу Ережелері” бекітілді.
1994 жылы ҰБ -тарда, барлық банктік жүйеде де, бухгалтерлік есеп және есептілікке көп көңіл бөлінді. Шілде айынан бастап екінші деңгейлі банктердің есептілігін реформалау басталды. Банктердің шоттар жоспарында және ҰБ -тің шоттар жоспарында бухгалтерлік есептің облысындағы соңғы халықаралық принциптер және стандарттар ескерілді. Өз кезінде есеп айырысу проблемаларының маңызды шешімі-төлем жүцелерінің қызмет етуінің сапалы жаңа деңгейін құру болды. Бұл бағытта ҰБ -пен төлем жүйесін модернизациялау саясатын жүргізді. Осы мақсатпен Ұлттық төлем Кеңесі құрылды, оның негізгі міндеті - төлем жүйесінің құру облысында банктердің қызметін үйлестіру болып табылады. Кеңестің құрамына ҚР -сының қаржы министрлігінің, ҰБ -тің және 9 ірі комерциялық банктердің өкілдері кірді. Төлем жүйесін құрудың әсерлі механизмі құрылған, оының жұмысының негізгі принциптері Қаржы министрлігінің, ҰБ -тің және комерциялық банктердің үйлесімде шешімдерді қабылдау болып табылды.
“Банкаралық клиринг туралы уақытша жағдай”, “Онкольді ссудаларды беру және өтеу туралы жағдай” жасалынып шығарылып бекітілген. Барлық коммерциялық банктермен коммерциялық банктерді бір корресподент шотқа көшіру жұмысы жүргізілді. Есеп айырысудың жаңа механизімдері өндіре бастады.
1995 жыл.
ҰБ -тің екінші деңгейдегі банктердің өтімділігінің және капитализациясының жоғарлауына талаптарының күшеюуі нәтижесінде банктердің жалпы саны 1995 жылы 191-ден 130-ға қысыарды, филиалдары бар банктер 48-ден 36-ға қысқарды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz