Бағалы қағаздарды сату және сатып алу


Бағалы қағаздарды сату және сатып алу
Бағалы қағаздар - ең алдымен мүлікті иемденуде құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі. Бағалы қағаздар нарығы сауда-саттық және өсімқорлық операциялардың іс-тәжірибесімен байланысты пайда болды. Олар алғашқы бағалы қағаздар - вексельдер мен коносаменттердің пайда болуына себепкер болды. Ал олар одан әрі мемлекеттің эмиссиялық қызметі мен акционерлік қоғамдардың пайда болуымен байланысты дамыды. Капиталдың бағалы қағаздарға кең ауқымды инвестициялануы XIX ғасырдың ортасында басталды. Бұл уақыт аралағында бағалы қағаздардың нарығы айтарлықтай дамыған болатын. Оның қатысушы топтары да анықталып үлгерді. Оның алғашқы қатысушылары - банк иелері мен жеке трейдерлер ретінде алға шыққан жеке тұлғалар, содан кейінгісі заңды тұлғалар. Бүгінгі таңда бір мезгілде эмитент және трейдер болып табылатын бағалы қағаздар нарығының қатысушыларын бірнеше негізгі топқа бөлуге болады.
Мемлекеттік бағалы қағаздар - бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақсатан Республикасының заң актілеріне мемлекеттік сыртқы және ішкі қарыздарын қайтару мақсатында шығарылған. Сонымен қатар бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Мемлекеттік бағалы қағаздардың мынадай түрлері бар:
- Ұлттық жинақ облигациялары; Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕККАМ) Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕОКАМ)
Муниципалдық бағалы қағаздар - бұл бағалы қағаздардың мұндай түрі жергілікті бюджеттен эмиссиланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен шығарылады. Бағалы қағаздардың бұл түрін шығарудағы басты мақсат - құрылыс, яғни ауыруханалар салу үшін, бала бақшалар мен мектептер, тұрғын үйлер, жолдардың жағдайын жақсарту және тағы басқадай аймақтың әлеуметтік мәселелерін шешу болып табылады.
Корпоративтік бағалы қағаздар - кәсіпорындар мен ұйымдардыдың заң күшіне сүйене отырып, өзінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық қызыметін жүзеге асыру үшін шығарылатын бағалы қағаздарын корпоративтік бағалы қағаздар деп атайды. Бағалы қағаздардың бұл түрін көп жағдайларда акционерлік қоғамдар шығарып және олар эмитент болып табылады.
Бағалы қағаздарды жалпы мынадай екі топқа бөлуге болады:
а) ақшалай бағалы қағаздар;
б) капиталды бағалы қағаздар.
Инвестициялық бағалы қағаздар - бағалы қағаздың бұл түрі иемденуші активтің бір бөлігін иемденуге құқық береді. Бағалы қағаздардың бұл түріне акцияны жатқызуға болады.
Бағалы қағаздар шығарылу мақсатына байланысты мынадай екі түрге бөлінеді:
- қорлы бағалы қағаздар;
- саудалық бағалы қазаздар.
Қорлы бағалы қағаздар - мұндай бағалы қағаздар қор биржаларында айналысқан түсіеді және көп мөлшерде эммиссияланады. Бағалы қағаздардың бұл түріне акциялар және облигациялар жатқызылады.
Саудалық бағалы қазаздар - бағалы қағаздың бұл түрі белгілі бір коммерциялық бағытпен сауда операциялары кезінде есеп айырысуға арналған.
Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне қарай олардың нарығы бастапқы және қайталама болып бөлінеді. Бастапқы нарықта бағалы қағаздардың бастапқы иеленушілердің жаңа шығарылған бағалы қағаздары сатылады; қайталама рынокта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың иелерінің ауысуы болады. Баға номиналдық, эмиссиялық, нарықтық бағасы болады. Қайталама нарық екі бөліктен тұрады: ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы мәмілелер сауда саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналыс сферасы және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығы - бағалы қағаздар айналысының бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер қаржы құралдарымен сауда ─ саттықты ұйымдастырушысының ішкі құжаттарында мәміле объектісіне және оның қатысушыларына белгіленген талаптар сақталмай жүзеге асырылатын сферасы. Биржадан тыс айналым рыногының ұйымдастырылған рыноктан айырмашылығы онда операцияларды жүзеге асыратын бірыңғай орталық жоқ, мәмілелерді олардың офистерінде дилерлер мен брокерлер жүргізеді. Ұйымдастырылған нарықта операциялар қатаң регламенттелген, ал ұйымдастырылмаған нарықта операциялар шамалы қатаң ережелер бойынша жүргізіледі.
Нарықтағы айналымдағы ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздар мынадай болып екіге бөлінеді:
- нарықтық бағалы қағаздар;
- нарықтық емес бағалы қағаздар.
Нарықтық бағалы қағаздар - мұндай бағалы қағаздар айналыста еркін сатылып немесе сатып отырылды.
Нарықтық емес бағалы қағаздар - бұл аталған бағалы қағаздар қолдан - қолға еркін жүре бермейді, яғни олар екінші айналымға түсепейді.
Атқаратын қызметіне және рөліне байланысты бағалы қағаздар мынадай үш топқа бөлінеді:
- негізгі (акция, облигация) ;
- көмекші (чектер, вексельдер, депозиттік сертификаттар;
- туынды (варранттар, опциондар, фьючерстер, бондар тағы да басқалар)
Акция дегеніміз кәсіпорындар мен ұйымдардың қандайда бір акционерлік қоғамды дамыту үшін қаржы салғандығын куәландыратын және иесіне акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігін дивидент түрінде (табыс ретінде) алуға құқылы беретін бағалы қағаз болып табылады. Акциялар айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарыла береді.
Облигация дегеніміз оның иесінің ақша салғандығын куәландыратын және оған көрсетілген мерзім ішінде осы бағалы қағаздың атауы (номиналды) құнына белгіленген пайызды (процентті) төлей отырып, өтеу міндеттемесін мақұлдайтын бағалы қағаз болып табылады.
Бағалы қағазды сату кезінде компания әдетте табыс алады немесе зиян шегеді. Бұл жағдайда табыс пен баланстық құн арасындағы айырма табыс немесе зиян ретінде, ал «қосымша төленбеген капитал» шотында есептелдег ұзақ мерзімді инвестицияларды қайта бағалаудан шыққан соммалар табыс ретінде танылады немесе қабылданған есеп саясатына сәйкес бухгалтерлік баланста бөлінбеген табыс ретінде көрсетіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz