Қазақ халқының өткені мен бүгінгі күннің шындығы?


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ халқының өткені мен бүгінгі күннің шындығын?

Әлем тарихында талай империялар өзгелерге өз үстемдігін көрсетіп, озбыр отаршылдар болды- ғой, солардың ішіндегі ең сорақысы 70-жылға созылған коммунистік идеология еді, шынтуайында қазақ халықына қарсы жасалған геноцид болды дегім келеді.

Сұрқия сұм саясаттың жалаң, сұмпайы ұрандардың бәрін көтерді. Билік басында отырғандар «азын-аулақ малы бардың бәрі сендердің жауларың» деп халықты бір-біріне айдап салып қырғызды. Әке балаға, қызы анасының жағасына жармасты. Сауатсыз, қараңғы ауылдағы қазақ солардың Қарсы шыққандардың ұртына ұрды. Ғасырлар бойы жазылған араб алфавитіндегі рухани құндылықтарымызбен бүкіл мәдениетімізді рахаттанып тұрып өртеп жіберді. Олар құранның үстінде биледі. Ел отаршылдыққа мойын ұсынды. Бірақ тәуелсіздікті аңсау тоқтамады. Іштен тыну, заманның өзгерісін көріп торығу-зар заман сарынын туғызды.

Қарсы шыққандардың ұртына ұрды. Ғасырлар бойы жазылған араб алфавитіндегі рухани құндылықтарымызбен бүкіл мәдениетімізді рахаттанып тұрып өртеп жіберді. Олар құранның үстінде биледі. Ел отаршылдыққа мойын ұсынды. Бірақ тәуелсіздікті аңсау тоқтамады. Іштен тыну, заманның өзгерісін көріп торығу-зар заман сарынын туғызды.

қолшоқпарына айналды.

Бөгенбай, Қабанбай, Баян, Наурызбай, Райымбек, Есет, Еспембет сияқты батырлардың өтіп кеткенін, енді ондай ел қорғар арыстардың жоқтығын күңіріне жырлады. Жергілікті халықты орыстандыру, шабындық, егіндік, шұрайлы жерлерді тартып алып, Орталық Ресейден әкелінген жерсіз шаруаларды қоныстандыру саясаты жедел жүрді. Дамудың мешеу күйінде тұрған елді отаршылдық пен ұлттық езгі екі жақты қыспаққа алды. Қазақ елінің болашағына қауіп төнді. Аспан зәулім, биіктік шыңырау, тереңдік. Іштерінде алтын ер-тоқымды арғымақ жатса да титтей сыр бермейтін беріктікке, бір ауыз әділ сөзге тоқтайтын мәрттікті, қажет жерінде румен у ішетін ынтымақты қосыңыз. Қас-қабақ, ым-жым, емеурін, жүріс-тұрыс, киім-киіс, сөз саптау, билік айту, ел басқару-мұның бәрінде мыңжылдық көшпелі мәдениет қалыптастырған тапжылмайтын, әбден орныққан берік салт-дәстүрдің шаңырағын жерге түсірді.

1918-20 жылдары Түркістан өлкесінде қолдан ұйымдастырған аштықтан өлген 1-миллионнан астам қазақтарды күні бүгінге дейін жоқтаусыз қалды. Бандылар мен халық жауларының есебіне әлі де жете алмай жатырмыз.

1931-32 жылдары Голощекиннің жасаған ашаршылықтан 4-миллион қазақ аштан өлді, қазақ даласы өлік сасыды, қалғандары шет елге қашты, үз-түссіз жоғалғандар қаншама «балапан басына тұрғауыл тұсына» демекші, кім қайда кетті бір Аллаға аян. Яғни, рухани моральдік бел омыртқасы қақ айырылды, халық еңсесін көтере алмай сынды. Содан кейін қалай айдаса солай жүретін малға ұқсап қалды. Ары қарай тілін, дінін қорғамақ түгіл, өзін-өзі жатырқады, жатсұнды ұмытты кім екенін.

1950-60 жылдары «Тың игеру» деген желеумен 2 миллион келімсектерді әкеліп қоныстандырды. Келімсектердің басым көпшілігі түрмеде отырғандар еш сөзіңді ұқпайтындар еді. Олар келіп Ұлы Отан соғысынан ес жия алмай, есеңкіреп қалған қазақты ұрып-соғып барлық жерді жайпады. «Отырса опақ, тұрса сопақ» етті.

Тіпті, 16-түрінен салық салдырған, түкке керегі жоқ мүйіз салығы болыпты, қазақтар мүйіз іздеп сандалып кетіп, ақыры малдарын мүйізге айырбастапты, кейін мүйіздерді бірнеше шақырымға апарып жағып отырған. Кейбір қазақ ауылдарын быт-шытын шығарып, басқа бас көтермесін көрген адам үрейі шықсын деген ниетпен шал-кемпірді, бала-шаға, қатын-қалашқа дейін сыйрағынан немесе басынан керегеге іліп кеткен, көметін адам болмай ит құсқа жем болған.

Әкелінген келімсектермен қазақтар ию-қию араласып бұрынғы мінез-құлық қазақ ұлтына тән адамгершілік қасиеттерден жұрдай болды, барлық құнды салт-дәстүрден түгелдей айырылды. Мұндай жолмен будандастырылған ұрпақ «ұлт» деген сөзден қорқатын, зәресі ұшып қоянжүрек қалпына түсті, ұлтсыздандыра түсу саясатының заңды нәтижесі осы болатын.

Одақтық экономикасының қара қазанын қайнатқан кемелденген социализм заманында мұндай әлеуметтік теңсіздік қазақ топырағында елден ала бөтен кең орнын алған ешкімге құпия сыр емес.

Соның салдарынан тәуелділіктен құтылып 1991жылы тәуелсіз өмір сүрудің қалай болатынын және оған қалай қол жеткізу керектігін ел болып ойласып, нақты шешкен, ортақ мүддені көздеген ұлттық бағдарламамыз болмады. Сондықтан, әлге дейін Ресейге құлдық ұрған, сонымен күн көріп қалыптасқан жалтақ қазақ элитасы бар бүгінгі таңда.

Саналық сілкініс жасап, серги алған халық қана төңірегінде не болып жатқанын бағдарлап, бағалай алады. Бүгінгі аға ұрпақ сол іргетасты қалай қаласа, ертеңгі бала ұрпақ дәл сол үйде тұратын болады. Сол себепті қазіргі мың құбылып тұрған саяси самал-желге бейтарап болуға біздің құқымыз жоқ.

Ресейден талауға түскен мал, тонауға бұйырған қазына байлық, тартып алынған қоныс пен жер әлі қайтарылған жоқ. Осындай кемсітулер мен жерге ұру тәсілдері әлі жалғасын тауып жатыр. Кеңес одағы жетпіс жыл бойы Қазақ елінің құрлысына көк тиын бөлмей, бөлген күнде де жарымжан завод фабрикаларды ұлғайтуға жұмсады. Осының бәрін ұмытса, расында бұл қазақ егемендігінің қадырын білмегендігі, осыдан сабақ алмаса, расында бұл қазақ ел болмайтын шығар сірә!

Өткенге салауат дей берсек, тарихымызға обал. Тарихы бардың жеңісі де, жеңілісі де бар, ұтысы да ұтылысы да бар. Бұл да бөксеге басып отырып болмайтын түбі айтылуға тиіс ақиқат еді. Себебі кезінде ақиқатты айтқанымыз үшін айыпты болып, алдымыз атылып, артындағылар итжекенге айдалып көмусіз шіріген. Қазір құдайға шүкір, тәуба не жазамын, не айтамын десең өзің білесің.

Әлем тарихында талай

империялар өзгелерге өз үстемдігін

көрсетіп, озбыр отаршылдар болды- ғой,

солардың ішіндегі ең

сорақысы 70-жылға созылған

коммунистік идеология еді,

шынтуайында қазақ

халықына қарсы жасалған

геноцид болды дегім келеді.

Құттымбетұлы Наурызбай (1706-1781) Үлы

жүз Шапырашты тайпасының Асыл руынан,

қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Жалпақтас,

Серіктас деген жерлерде туған. Абылай ханның ту ұстаушы

үш батырының бірі (Қаракерей Қабанбай,

Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай) .
Наурызбайдың өмірі жоңғарларға қарсы соғыспен өткен.

Жоңғарлармен соғыста оның Қүдайберген,

Шолпан, Дүйсен деген үш

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыраулар XV – XVII ғғ. әдебиеті
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы: Тарихи шындық және көркемдік шешім
Түркология және Қазақстан
Қазіргі қазақ прозасындағы тақырыптық, жанрлық ізденістері
Қазақтың кәсіби әдебиеті
Тарихи романдардың басты идеялық-көркемдік ерекшелігі. Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» романына әдеби талдау (образдар жүйесі, портреттер, мінездеу, жазушының тіл шеберлігі, жазушы стилі)
СЕЙСЕН МҰҚТАРҰЛЫНЫҢ ПОЭМАЛАРЫ
Көшпенділер трилогиясы хронолгиялық жүйеге құрылған тарихи шығарма
Соғыстан кейінгі жылдары очерктерден құрастырылған жинақ
М.Дулатов поэзиясындағы фольклорлық дәстүр
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz