Тасада қалған тарих



1 Қазақтар әскерге неге алынбады?
2 Күнкөріс қамымен...
3 Ұрыс даласында
XV ғасырдың орта кезінде өз алдына отау тігіп, өзге жұрттардан бөлініп шық¬қан кезден бастап қазақ халқы жүздеген жылдарға созылған жаугершілік заманды басынан кешірді. Жері мен елінің бос¬тан¬дығы үшін жан берісіп, жан алысқан ұрыс¬тар барысында әлемнің бірде-бір халқында жоқ батырлар институты қалыптасты. Жан-жағынан анталаған жауларға қарсы тұруда қазақтар отбасы, ошақ қасында қалмай, ту астында жинала білді. Ұранға шық¬пай, өз үйінде бұғып қалу қазақ үшін өлімге теңелді.
XIX ғасырдың 70-жылдарында қазақ даласы арқылы Хиуаға орыс әскерлерімен бірге сапар шеккен америкалық дипломат Ю.Скайлер: «Ерен, ерлік пен тәуелсіздікті жоғары ұстаған қазақтар қай кезеңде де Сырым, Арынғазы немесе Кенесары сияқ¬ты дала төсінде атқа қонған батырлар туы астында жиналуға дайын тұратын», – деп жазған болатын.
Сол себепті кезінде патша өкіметі ең алдымен елдіктің, қазақ жерінің азаттығы мен бүтіндігінің жоқшысы – батырлардан құтылуға, осы арқылы қазақ халқын рух¬сыз¬дандыруға, құлақкесті құлға айнал¬ды¬ру¬ға тырысты. 1806 жылдың 31 мамырында Бөкей ордасы үшін бекітілген «Хан ке¬ңесі ережелерінде» «батырлар пайда болмасын және күшеймесін» деген нақтылы нұсқау берілуі осының дәлелі.
Алайда, батырлардың ерлік істерін ха¬лық жадынан өшіріп тастау мүмкін емес еді. Қазақ баласы белі бесіктен шыға салып батырлар жырын тыңдап, жауын¬гер¬лік рухта тәрбиеленді емес пе?!
Осыған қарамастан, мүмкін, осы себептен патша өкіметі қазақтарды әскерге алмады, олардың өздері де бұл іске құл¬шы¬ныс танытпады. Мұның себебі неде еді? Бұл сұраққа жауаптың кілті үстем ұлт пен оған бағынышты «жатжұрттықтардың» ара¬сындағы сенімсіздік тамырының терең¬ді¬гінде болса керек. Сонау XVIII ғасырдың басында I Петр: «Мунгал в солдаты не брать», деп жарлық шығарады. «Мунгал» деп орыс патшасы моңғолды да, қазақтар мен буряттарды, басқа да шығыс халық¬тарын атады.
I Петрдің қазақ, қырғыз секілді халық¬тар¬ға сенбеушілік саясаты алға қарай заңи тұрғыдан негізделіп, орыс қайрат¬кер¬лері¬нің еңбектерінде жан-жақты қарастырыл¬ды. 1822 жылы граф М.Сперанский Сібір жатжұрттықтарының қолына қару бермеу және оларды орыс әскерлері қатарына алмау туралы ереже Сібірді жаулап алған кезден бастап саяси сақтық шарасы ре¬тін¬де қабылданды деп көрсетті (М.Венюков. Краткие исторические сведения о сибирских инородцах по отношению их к всеобщей воинской повинности. СПб, 1874.С.4).
1834 жылы Ақмола округінің аға сұл¬та¬ны Қоңырқұлжа Құдаймендеұлы Санкт-Петербургке барған кезінде көшпелі қа¬зақ¬тардың рекруттан босатылғаны жөнінде анық хабарының жоқтығына байланысты жасаған сауалына сол жылы 31 мамырда Ішкі істер министрі Д.Блудовтан Көк¬ше¬тау, Қарқаралы, Аягөз, Баянауыл, Үшбұлақ қазақтарымен бірге Ақмола округінің қа¬зақ¬тары да әскерге мәңгі-бақи алын¬бай¬тын¬¬дығы туралы құжат алады.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Тасада қалған тарих
Қазақтар әскерге неге алынбады?

Әлқиса
XV ғасырдың орта кезінде өз алдына отау тігіп, өзге жұрттардан бөлініп
шыққан кезден бастап қазақ халқы жүздеген жылдарға созылған жаугершілік
заманды басынан кешірді. Жері мен елінің бостандығы үшін жан берісіп, жан
алысқан ұрыстар барысында әлемнің бірде-бір халқында жоқ батырлар институты
қалыптасты. Жан-жағынан анталаған жауларға қарсы тұруда қазақтар отбасы,
ошақ қасында қалмай, ту астында жинала білді. Ұранға шықпай, өз үйінде
бұғып қалу қазақ үшін өлімге теңелді.
XIX ғасырдың 70-жылдарында қазақ даласы арқылы Хиуаға орыс әскерлерімен
бірге сапар шеккен америкалық дипломат Ю.Скайлер: Ерен, ерлік пен
тәуелсіздікті жоғары ұстаған қазақтар қай кезеңде де Сырым, Арынғазы немесе
Кенесары сияқты дала төсінде атқа қонған батырлар туы астында жиналуға
дайын тұратын, – деп жазған болатын.
Сол себепті кезінде патша өкіметі ең алдымен елдіктің, қазақ жерінің
азаттығы мен бүтіндігінің жоқшысы – батырлардан құтылуға, осы арқылы қазақ
халқын рухсыздандыруға, құлақкесті құлға айналдыруға тырысты. 1806 жылдың
31 мамырында Бөкей ордасы үшін бекітілген Хан кеңесі ережелерінде
батырлар пайда болмасын және күшеймесін деген нақтылы нұсқау берілуі
осының дәлелі.
Алайда, батырлардың ерлік істерін халық жадынан өшіріп тастау мүмкін емес
еді. Қазақ баласы белі бесіктен шыға салып батырлар жырын тыңдап,
жауынгерлік рухта тәрбиеленді емес пе?!
Осыған қарамастан, мүмкін, осы себептен патша өкіметі қазақтарды әскерге
алмады, олардың өздері де бұл іске құлшыныс танытпады. Мұның себебі неде
еді? Бұл сұраққа жауаптың кілті үстем ұлт пен оған бағынышты
жатжұрттықтардың арасындағы сенімсіздік тамырының тереңдігінде болса
керек. Сонау XVIII ғасырдың басында I Петр: Мунгал в солдаты не брать,
деп жарлық шығарады. Мунгал деп орыс патшасы моңғолды да, қазақтар мен
буряттарды, басқа да шығыс халықтарын атады.
I Петрдің қазақ, қырғыз секілді халықтарға сенбеушілік саясаты алға қарай
заңи тұрғыдан негізделіп, орыс қайраткерлерінің еңбектерінде жан-жақты
қарастырылды. 1822 жылы граф М.Сперанский Сібір жатжұрттықтарының қолына
қару бермеу және оларды орыс әскерлері қатарына алмау туралы ереже Сібірді
жаулап алған кезден бастап саяси сақтық шарасы ретінде қабылданды деп
көрсетті (М.Венюков. Краткие исторические сведения о сибирских инородцах по
отношению их к всеобщей воинской повинности. СПб, 1874.С.4).
1834 жылы Ақмола округінің аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендеұлы Санкт-
Петербургке барған кезінде көшпелі қазақтардың рекруттан босатылғаны
жөнінде анық хабарының жоқтығына байланысты жасаған сауалына сол жылы 31
мамырда Ішкі істер министрі Д.Блудовтан Көкшетау, Қарқаралы, Аягөз,
Баянауыл, Үшбұлақ қазақтарымен бірге Ақмола округінің қазақтары да әскерге
мәңгі-бақи алынбайтындығы туралы құжат алады. Отандық мұрағат қорында
сақталған құжат нұсқасының соңында Верно: полковник султан Чингиз
Валиханов деп жазылған (Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік
мұрағаты,1-қор. 1-тізбе. 8-іс. 105-106-пп.).
Қазақтардың әскерге алынбауы Ресейдің түрлі қоғамдық жіктерінің арасында
талас-тартыстар туғызады. Полковник М.Венюков Орал, Торғай, Ақмола, Семей,
Жетісу, Сырдария облыстарында тұратын қазақтар саны 2 403 800 адамды
құрайтыны, бірақ мұншама халықтың әскери міндетке тартылмауының түсініксіз
жағдай екендігі туралы 1873 жылы арнайы еңбек жазып, қазақтарды тұрақты
әскер қатарына алмағанмен, милиция мен казак әскерлері сапында әскери
қызметке дайындау қажеттілігін дәлелдеуге тырысады (ҚР Орталық мемлекеттік
мұрағаты. 25- қор. 1-т. 2280- іс. 2-19-пп.).
Әрине, қазақтардың барлығын бірдей әскерге шақыру жөнінде ойлауға да
болмайды; мұның саяси қателікке апарып ұрындыратынын, олардың ХІХ ғасырдың
өзінде алты рет орыс билігіне қарсы қару көтергенін ескеруіміз қажет.
Дегенмен, қазақтарды генерал-губернаторлардың құрметті қарауылдарында,
далалық істер мен кордондарда пайдаланып, жаңа қаруларды игеруге үйретсек,
сол арқылы олардың өз іштерінде бәсекелестік туғызамыз, сонымен бірге
оларды орыстандыруда маңызды қадам жасаймыз дейді. Бұл орайда Венюков Омбы,
Орынбор мен Ташкенттегі жергілікті орыс билеушілерінің ең беделді деген
қазақ сұлтандары мен батырларын өз жағында ұстап отырғанын, Кенесары
заманының өткендігін, қазақ даласының шығыстан және оңтүстіктен тізілген
орыс селолары мен бекіністерінің қоршауына алынғанын есепке алу керектігін
айтады. Сонымен бірге қазақтарды әскери қызметтің жеңілдетілген түрлерімен
қамтуда олардың шенқұмарлығын, бірін-бірі көре алмайтындығын, мадақтау-
мақтауды жақсы көретіндігін ұтымды пайдалану туралы тәптіштейді.
Венюковтың бұл ұсыныстары жөнінде Торғай уезінің бастығы осы облыстың
әскери губернаторына былай деп түсіндірме жолдайды. Осы уақытқа дейін
қазақтардың әскери міндетпен қамтылмауының себебі олардың өмір салтына,
бірақ, шындап келгенде, мұндай ауыртпалықты енгізудің уақыты
тумағандығына байланысты. Сондықтан Далалық облыстар туралы Уақытша Ереже
бойынша қазақтар әскерге алынудан босатылған. Қазақтардың дүниетанымын,
даму деңгейін білетін кімде-кім олардың қандай да міндеткерлікті ауырсынбай
қабылдайтындығын, бірақ өз еркіндігін шектеуге көнбейтіндігін түсінуі
қажет. Қазақтардың екі жанды жері бар: бірі – дініне қиянат, екіншісі –
балаларын әскерге алу. Бұл екі жағдайдан қорқыныш халықта осы күнге дейін
сақталған. Сондықтан олардың арасында жаңа толқуларға жол бермеу үшін
қазақтарды қандай да болсын әскер қатарына шақырудан бас тарту керек. Бұл
мәселеге 15-20 жылдан кейін ғана оралған жөн, – дейді (Сонда. 21-24-пп.).
Торғай уезі бастығының бұл пікірлерімен келіспеушілер Түркістанда орыс
билігінің орнауынан кейін өлкеде саяси жағдайдың өзгергенін алға тартады.
Далалық генерал-губернатор 1883 жылғы өз есебінде қазақтарды, әрине,
сақтықты сақтай отырып, шағындап әскерге алу олардың тарапынан қарсылық
туғыза қоймас деп жазса, Жетісудың генерал-губернаторы әскерге отырықшы
ғана емес, көшпелі қазақтарды да алып, олардан Қытай мен Орта Азия
шекараларындағы әскерлер құрамында қызмет ететін атты жүздіктер құруды
ұсынады (ҚР ОММ. 64-қ.1-т.125-іс.26-п.).
Мұнан кейінгі уақытта да қазақтарды атты әскер құрамына алу керектігі
туралы ұсыныстар толастамады. 1903 жылы Н.А. Обручев Военный сборник (№8)
журналында қазақтар алыстан көретін қырағы, жер бағдарын жақсы білетін,
табиғи шабандоз ретінде атты әскер үшін бай материал болып табылады, ең
алдымен әскери қызметке Бөкей ордасының қазақтары дайын (178-бет) деп
көрсетті.
Ресей империясы заңдары жинағының 42-бабында: Түркістан халқы hәм
Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Торғай қазақтары әскери қызметтен азат (4-
том) деп тайға таңба басқандай етіп жазылғанымен, қазақтарға мұндай
жеңілдіктер берілуі орыс билеуші топтарына маза бермейді. 1904 жылдың 15
наурызында әскери міндетті өтеуді заттай салықпен алмастыру жөнінде Қаржы
министрлігінің басқарма бастығы А.Коковцев қол қойған құжат қабылданады
(Сонда. 25-қ. 1-т. 2803 – іс. 21-22-пп.). Бірақ бұл шешімге Ішкі істер
министрі күмәнмен қарап, жатжұрттықтарды әскер қатарына шақыру мәселесі
жөнінде аса құпия жағдайда қажетті мәліметтер жинау үшін Орынборға
бірнеше лауазымды адамдарды іссапарға жібереді (Сонда. 340-іс. 1-2-пп.).
1911 жылдан қазақты әскер қатарына шақыру мәселесі Мемлекеттік думада
талқылана бастайды (Сонда. 1549-іс. 62-82–пп.). Бұл жөнінде Биржевые
ведомости (СПб) газеті: Қазірде қазақтан солдат алу мәселесі ең алдымен
қойылатын істің бірі болып тұр... Талай рет әскери министр бұл туралы жоба
жасап, Думаның күн тәртібіне кіргізбек болып, уәде берген...1914 жылы шілде
айында бұл мәселе туралы арнайы баяндама тыңдалып, қазақ солдат бола
алмайды деген қарар қабылданған. Себебі, қазақ – көшпелі. Көшпелілік пен
мемлекеттілік бір-біріне үйлеспейді. Қазақтың мәдениеті төмен. Орысша
білмейді. Жазу танымайды. Солдат тамағын тамақсынбайды, әскери қызметке
шыдамайды, – деп жазды.
Ресей Соғыс министрлігі Бас штабының бастығы генерал Михневич мұндай
пікірмен келіспей, осы газетке былай деп сұхбат береді: Қазақ – жауынгер
халық. Талай қилы замандарды басынан өткерген... Қазақтар – 12 миллион шамалы
жұрт. Оның алты миллионы Түркістан мен шеткі облыстарда. Алты миллионы
Бұхар жерінде. Санына қарағанда қазақтан жақсы әскер шығады. Қазаққа
мемлекеттілік ісі жат, әскер болуға олар жарамайды деген пікір, менің
ойымша, негізсіз.
Газетте басқа да мемлекеттік мекемелер өкілдерінің пікірлері берілді.
Бұлар: Қазақтар дұрыстықпен әскери қызметті атқармас деп ойлау оларды
орынсыз кемсітіп, қорлау болады. Қазақ – талай істі атқарған халық. Бұлар
соғыста айрықша пайдалы болып табылар, дегенді айтады (Қазақ газеті.
Алматы, 1998. 235-бет). Ал, Оренбургская слобода газеті қазақтар туралы:
Момын, тыныштықты сүйетін халық. Бірақ біреу намысына тисе, кек алуды
біледі, ерлігі бар... олардың бір артықшылығы – бастарына қандай ауырлық
түссе де аспай-саспай, әдіспен, ақыл-айламен іс қылады. Атқа берік,
шыдамды, көнбіс, қырағы, жершіл, ауаның өзгерісін сезгіш. Осыған қарағанда
қазақ халқынан жақсы әскер құрауға болады, – деп ойлайды.
Қазақтың әскерге алынуы мәселесі төңірегінде қазақ зиялылары да бір
ұстанымда болмайды. Бірақ олардың араларындағы келіспеушіліктер, қазақтарға
сенімсіздігін олардың жабайылығымен, көшпелілігімен бүркемелеуге
тырысқан орыс отаршыларының жымысқы қылықтарынан емес, халықтың мұң-
мүдделерін қорғау жолдарын іздестіруден туындап жатты.
Мемлекеттік думадағы мұсылман депутаттары қазақтардың әскер қатарында
қызмет етуі олардың ұлттық мүддесіне сай келеді, солдаттыққа барған жастар
дүние көріп, ысылады дегенді айтады.
Алайда, бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайында әскери дайындықтан өтпеген
қазақ жастарына бұлайша үндеу тастау өлімге айдап салумен тең еді. Осыны
меңзеген Қазақ газетінде: Қазақтан солдат алса, құқығы ұлғаяды, салмағы
молаяды, мәдениеті жоғарылайды деген – мұның бәрі әдемі сөз, қазақтан
солдат алуды қуаттау – зор лағу, – деп жазылды.
Империя тағдыры ұрыс даласында шешіліп жатқанның өзінде Ресей Соғыс
министрлігі заманауи қаруларды және әскери білімі мен тәжірибесін патша
өкіметіне қарсы жұмсауы мүмкін деген қорқыныштан қазақ жастарын әскер
қатарына шақырмаудан бас тарта алмайды. Бірақ қалай болғанда да қазақтарды
ұрыс майданында орыс армиясына көмекші ретінде пайдалануға тырысқан өкімет
1916 жылы қару орнына күрек пен кетпен беріп, оларды тыл жұмысына алу
жөнінде жарлық шығарады. Осы жарлық жөнінде 8 шілдеде Қазақ газеті мындай
мәлімдеме жасайды: Қазақ секілді іргелі жұрт өзгелер қатарында соғыс
майданында қару-жарақ асынып мемлекетті қорғауға лайық еді, қатарда жоқ
қара жұмысқа байлануды кемшілік санаймыз. Орал, Торғай қазақтары:
Мемлекетті қорғау жұмысында қазақ халқы ор қазатын жұмыскер болып баруға
да ризалығын білдіреді, бірақ ... қазақтар әскер берген басқа халықтар
қатарында мемлекет үшін қан төгіп, әскерлік қызметке баруды артық көреді,
– деп Петроградқа хат жолдайды (Қазақ газеті. 311-бет).
Қазақтан әскер алу жөніндегі патша жарлығы жөнінде айта келіп,
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов халыққа үндеу жолдайды. Онда олар:
Біздің жұртқа айтатынымыз, бұған көнбеске болмайды ...көнбейміз дегеннің
сүйенгені жан тәттілік болса, салыстырып қаралық. Көнгенде: жұртқа қандай
ауырлық бар, көнбегенде қандай ауырлық бар? Көнгенде: шаруаға кемшілік те
келер, барған жігіт қазаға да, бейнетке де ұшырар, бірақ елдің іргесі
бұзылмас... Көнбегенде көретін ауырлық: ...елдің берекесі кетеді, бас пен малға
әлегі тиеді, елдің іргесі бұзылады, – деп түсіндіреді (Қазақ газеті. 322-
бет).
Сонымен алаш көсемдері, кеңестік тарихнама жорамалындай, қазақтардың патша
жарлығына көнуін қолдағанда, патшаға қызмет етуді емес, қазақ қоғамына оның
салдарларының жеңілірек болатындығын көздеген.
Патша жарлығы шықпай тұрған кезде қазақ зиялыларының біразы қазақтан солдат
алу жағында болмағанымен, заңға көнбеушіліктің халықты қырғынға
ұшырататынын түсінген олар енді қазақтардың, тыл жұмысына болса да, баруын
қолдап, өз ұстанымдарын өзгертеді.
1916 жылы қазақтардың көпшілігінің патша жарлығына қарсы шыққаны, біразының
тыл жұмысына аттағаны белгілі. Бірақ осы орайда ұлттық езгіге ұшыраған
халықтың ұрыс майданына сұрануы ерекше назар аударуды қажет етеді. Қалай
десек те, әскери дайындықтан өтпесе де, мұнысы солдаттыққа алынған басқа
халықтармен тең тұруға, өлімге бас тігіп, намысын таптатпауға
тырысушылықтың белгісі еді. Халық отарлық үстемдікке ғана емес, ұлттық
кемсітушіліктің бір түрі ретіндегі көрінген, қазақ жастарын тыл жұмысына
реквизициялауға қарсы көтеріледі.

Күнкөріс қамымен...
Сонда: 1917 жылға дейін қазақта ешқандай солдат болмады ма, ел қатарлы
ұрыстарға қатыспады ма? – деген сауалдар бүгінгі жастарды мазаламауы
мүмкін емес.
Патша өкіметінің заңдарына қарамастан қазақтар аз мөлшерде болса да орыс
армиясына құрамына XVI ғасырдан бастап тартыла бастаған. 1590 жылы Ораз
Мұхамед сұлтан орыс-швед соғысына қатысып ерлік көрсетеді, подполковник
дәрежесіне көтеріледі. Әсіресе, Ресейдің қазақтармен аралас-құралас жатқан
татар, башқұрт, ноғай, Сібір халықтары жерлерін басып алуы, XVIII ғасырдың
30-жылдары Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының бір бөлігін өзіне қаратуы,
казак-орыстардың бұрын қазақтар мекендеген өңірлерді иемденуі, Еділ мен
Жайық арасындағы аумаққа орналасып алған қалмақтардың жиі-жиі қазақ
ауылдарына шабуылдары Еділден Батыс Сібірге дейінгі біртұтас этно-
экономикалық кеңістікке орасан зор дағдарыс әкелді. Түрлі жағдайлармен
қазақтардың Жайық, Орынбор казак әскерлері қатарында қызмет етуі жиіленді.
Орыс үстемдігі орнағаннан кейін Астрахань, Орынбор, Тобыл, Саратов
губерниялары, Алтай таулы округі атанған аумақтарда қазақтар ежелден көшіп-
қонып жүретін. Бұл өңірлердегі қазақтар да отырықшылыққа көшіп, орыс
селолары мен хуторларында жұмысқа жалданды. Мұнда мещандар мен крестьяндар
сословиесіне жазылуына байланысты олар, Ресей империясының заңы бойынша,
тұрақты әскер қатарында қызмет етуге міндетті болды.
Бұл жағдай батыс еуропалық баспасөз беттерінде де көрініс табады. London
Chronicle газеті (1758 ж. 9-12 желтоқсан): 1758 жылғы Ресейдің Пруссияға
қарсы соғысында орыс емес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Телжан Шонанұлының сын мақалалары
Әулиелі Түркістан өңірі:Тәуелсіздік жылдарында жаңартылған әулие кесенелері
Болмыс және онтология
Діни сана
Қаржылық емес агенттерге берілетін несие
Мұхамед Хайдар Дулати «Тарихи-Рашиди» атты еңбегі
Каспий экологиясы
Ауылым - алтын тұғырым
ТӘУЕЛСIЗДIК ҰҒЫМЫ ҰЛТ ҰҒЫМЫНАН АЖЫРАТЫЛМАУЫ ТИIС
Қазақстан Республикасының 15 жылдығы
Пәндер