Шоқан еңбектерінің тарихи маңызы



1 ШОҚАННЫҢ ӨЗГЕ ӘЛЕМІ
2 ШОҚАН ШЫҚҚАН ШЫҢ
Қазақ халқының ұлы перзенті, аса көрнекті ойшыл, ағартушы-демократ Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың (1835-1865) заңғар тұлғасы мен шығармашылық мұрасы әр қы-рынан сараланып, өз бағасын алып келеді. Оның дүниетанымы, әлеуметтік-саяси және эко¬но-микалық көзқарастары, шығыстанушы, тарихшы, географ, этнограф ретіндегі бітімі, әдебиет, тіл мен өнер мәселелері жөніндегі мұралары сан алуан еңбектердің арқауы болды.
Кеңес өкіметі тұсында академик Ә.Марғұланның құрастыруымен Ш. Уәлихановтың "Бес томдық шығармалар жинағы" жарық көрді. Басылым материалдары тақырыптық принцип негізінде орналастырылып, әр томның соңында көлемді түсіндірмелер берілді. Сонымен бірге еңбек жоласты ескертулермен, есімдік, географиялық, этностық көрсеткіштермен жабдықталды. Қысқаша сөзбен айтқанда, Ә.Марғұлан нұсқасы археографиялық ережелер талаптарына толық сәйкес жасалды. Жинақтың алғашқы төрт томы мәтіндік материалдарды құрады, ал бесінші томы ғалымның эпистолярлық мұрасына арналды.
Ш.Уәлихановтың шығармашылық мұрасын жоғары бағалаудың шырқау шегі оның туғанына 150 жыл толуына орай орын алған шаралар кезінде жеткен секілді. ЮНЕСКО-ның Орталық Азия мәдениетін зерттеу жөніндегі халықаралық ассоциациясының КСРО Ғылым академиясы мен Қазақ КСР Ғылым академиясы бірлесе ұйымдастырған халықаралық конференция аясында өткізілген дөңгелек үстел мәжілісінде Тәжік КСР Ғылым академиясының президенті М.С.Асимов қазақ перзентінің "әлемдік өркениетке қосқан зор үлесін" атап көрсетіп: "Шоқан өз халқының және Орта Азия халықтарының этногенезі мен этностық тарихи проблемаларын зерттеудің негізін салушылардың бірі, ... әлем халқын үлкен жүрегімен аялай сүйген ұлы гуманист, терең ғұлама", деп жүрекжарды сөздерін айтты.
Пәкстандық ғалым Ахмад Хасан Дани, Тегеран мемлекеттік университетінің профессоры Реза Шебани Самгхабарди Ш.Уәлихановты "адамзатқа ортақ тұлға" деп атады.
1985 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бір топ ғалымдары "Бес томдық шығармалар жинағын", материалдарын хронологиялық принцип негізінде орналастырып, қайта бастырып шығарды. Осы жылы қазақ ғалымының таңдамалы еңбектерінің қазақ тіліндегі екінші басылымы жарық көрді. Оған Ш.Уәлихановтың маңызды-маңызды деп танылған шығармалары енгенімен, басылым оқырмандар сұранысын өтеді деуге негіз жоқ. Сол себепті биыл шығармалар жинағының 1985 жылғы нұсқасын ҚР Мәдени саясат және өнер институты қазақ тіліне аударып оқырмандарға ұсынды.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Шоқан еңбектерінің тарихи
маңызы
Қазақ халқының ұлы перзенті, аса көрнекті ойшыл, ағартушы-демократ Шоқан
Шыңғысұлы Уәлихановтың (1835-1865) заңғар тұлғасы мен шығармашылық мұрасы
әр қырынан сараланып, өз бағасын алып келеді. Оның дүниетанымы, әлеуметтік-
саяси және экономикалық көзқарастары, шығыстанушы, тарихшы, географ,
этнограф ретіндегі бітімі, әдебиет, тіл мен өнер мәселелері жөніндегі
мұралары сан алуан еңбектердің арқауы болды.
Кеңес өкіметі тұсында академик Ә.Марғұланның құрастыруымен Ш. Уәлихановтың
"Бес томдық шығармалар жинағы" жарық көрді. Басылым материалдары тақырыптық
принцип негізінде орналастырылып, әр томның соңында көлемді түсіндірмелер
берілді.  Сонымен бірге еңбек жоласты ескертулермен, есімдік, географиялық,
этностық көрсеткіштермен жабдықталды. Қысқаша сөзбен айтқанда, Ә.Марғұлан
нұсқасы археографиялық ережелер талаптарына толық сәйкес жасалды. Жинақтың
алғашқы төрт томы мәтіндік материалдарды құрады, ал бесінші томы ғалымның
эпистолярлық мұрасына арналды.
Ш.Уәлихановтың шығармашылық мұрасын жоғары бағалаудың шырқау шегі оның
туғанына 150 жыл толуына орай орын алған шаралар кезінде жеткен секілді.
ЮНЕСКО-ның Орталық Азия мәдениетін зерттеу жөніндегі халықаралық
ассоциациясының КСРО Ғылым академиясы мен Қазақ КСР Ғылым академиясы
бірлесе ұйымдастырған халықаралық конференция аясында өткізілген дөңгелек
үстел мәжілісінде Тәжік КСР Ғылым академиясының президенті М.С.Асимов қазақ
перзентінің "әлемдік өркениетке қосқан зор үлесін" атап көрсетіп: "Шоқан өз
халқының және Орта Азия халықтарының этногенезі мен этностық тарихи
проблемаларын зерттеудің негізін салушылардың бірі, ... әлем халқын үлкен
жүрегімен аялай сүйген ұлы гуманист, терең ғұлама", деп жүрекжарды сөздерін
айтты.
Пәкстандық ғалым Ахмад Хасан Дани, Тегеран мемлекеттік университетінің
профессоры Реза Шебани Самгхабарди Ш.Уәлихановты "адамзатқа ортақ тұлға"
деп атады.
1985 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бір топ
ғалымдары "Бес томдық шығармалар жинағын", материалдарын хронологиялық
принцип негізінде орналастырып, қайта бастырып шығарды. Осы жылы қазақ
ғалымының таңдамалы еңбектерінің қазақ тіліндегі екінші басылымы жарық
көрді. Оған Ш.Уәлихановтың маңызды-маңызды деп танылған шығармалары
енгенімен, басылым оқырмандар сұранысын өтеді деуге негіз жоқ. Сол себепті
биыл шығармалар жинағының 1985 жылғы нұсқасын ҚР Мәдени саясат және өнер
институты қазақ тіліне аударып оқырмандарға ұсынды.
Ғалымның туғанына биыл 175 жыл толуына орай республикада және одан тыс
жерлерде басқа да шаралар өткізіліп жатыр. Бірақ осылардың көпшілігінде
бұрынғы кеңес заманында қалыптасқан үрдістер арылған жоқ. Шоқанды "қазақ
халқын Ресейдің қоластында ғана өмір сүруге шақырған", "ислам дініне үзілді-
кесілді қарсы шыққан" тұлға ретінде танушылық та, оның баға жетпес бай
мұрасын барлаушылық қызметімен шатастырушылық та қылаң беріп келеді.
Иә, Шоқан Уәлиханов Ресей империясы сыртқы барлауының офицері болды, осыған
орай әрекет етті, хаттарында орыс зиялыларына "өз халқының болашағы
Ресеймен байланысты" деп жазғаны да рас. Барлаушылық жұмыстың үнемі
бақылауда болатынын жақсы ұққан ол басқа не айта алатын еді?! Бірақ ол
талай сырын айтып та, жазып та кетті. Еліміздің тәуелсіздігі жағдайында
Шоқан "құпиясының" ашылатын, шығармашылық мұрасының қайта пайымдалатын кезі
келді.
ШОҚАННЫҢ ӨЗГЕ ӘЛЕМІ
Ш. Уәлиханов - өз халқы мен орыс мәдениетінің перзенті ғана емес, әлемдік
өркениеттің озық ой-пікірлері, рухани қазынасы негізінде қалыптасқан ұлы
тұлға.
Өз дамуында алға кеткен елдердің оқу-білім, ғылым саласындағы
жетістіктерімен жете танысу үшін Шоқан кадет корпусында жүргенінің өзінде
шет тілдерді оқып үйренуге зер салды. П.П.Семенов - Тянь-Шанский Шоқанның
тілдерді үйренудегі аса қабілеттілігін, француз, неміс тілдерін жақсы
меңгергендігін жазады.
Түрік және қытай тілдері арасындағы байланыстар мен бұл тілдердегі кейбір
сөздердің этимологиясы туралы Шоқанның ескертулері оның қытай тілін де оқи
бастағанын көрсетеді. Ол құрастырған "Қытай, монғол және түрік сөздерінің
сөздігі" осыны меңзейді. Сыртқы істер министрлігі мұрағатында сақталған
Шоқан Уәлихановтың жеке қорында қазақ ғалымының өз қолымен монғол тілінде
жазылған оншақты бет материалдың ұшырасуы кездейсоқ нәрсе емес.

Ғалымдар Шоқанның араб тілін білгендігі жөнінде де жорамал жасайды. Оған
қазақ, татар, өзбек, қырғыз, ұйғыр және басқа да туыстас тілдерде түсінісу
де, жаза білу де қиынға соқпаған.
Ш.Уәлихановтың еңбектерінде хакас, чулым, якут тілдері жөнінде де
мәліметтер ұшырасады.
Қазақ ғалымының дүние жүзі халықтарының тілін білуге құштарлығы оның әлем
өркениетін танып-білуге ұмтылысынан туындаған еді. Себебі ол халықтың тілін
білмей, оның тарихы мен мәдениетін шынайы зерттеу мүмкін емес деп есептеді.
Басқа тілдерді білу Шоқанға батыс елдерінің тарихы және мәдениетімен
танысуға жол ашады. Студенттік кезінің өзінде ол ағылшын, француз, неміс
әдебиетінің үздік туындыларын оқи бастайды. Кейінірек Г.Н.Потанин: "Ағылшын
әдебиеті жөнінде, көбіне аудармалар бойынша, әрине Шоқаннан
құлақтанатынбыз. Ол Англия және ағылшын өмірі туралы оқуды жақсы көретін",
- деп еске алады. Шоқан әсіресе, Чарльз Диккенс (1812-1870) пен Уильям
Теккерейдің (1811-1863) шығармаларын ерекше ұнатады. Нақтылы мәліметтер
болмағанымен, өз табиғатына орай Шоқан Ч.Диккенстің "Пиквик клубының
өлгеннен кейінгі жазбалары" (1837) атты юморлық сарында жазылған, "Оливер
Твистің басынан кешкендері (1838), "Николас Никльби" (1839) деген өзекті
қоғамдық тақырыптарды қозғайтын романдарын, У.Теккерейдің буржуазиялық
қоғамдағы екіжүзділік пен дүниеқоңыздықты әшкерелейтін "Даңққұмарлар
жәрмеңкесі" (1848) деген романын оқығанға ұқсайды.
Шоқан Батыстың әдеби есімдері ішінен Джордж Байрон (1788-1824) мен
Генрих Гейнені (1797-1856) құрмет тұтады. Ағылшын ақынының шығыс
тақырыптарына жазылған поэмалары да, "Дон Жуан" сатиралық поэмасы да
Шоқанды бей-жай қалдырмаса керек. В.А.Обручевтің: "Потаниннің саяси ой-
өрісін кеңейту мақсатында Шоқан оны "1848 жылғы революция дабылшысы"
Гейненің шығармаларымен таныстырды" (Уәлиханов Ш. Көп томдық шығармалар
жинағы. Алматы, 2010. Бесінші том. 433-б.) деуіне қарағанда, лирикалық және
саяси поэзияның асқан шебері есептелетін неміс ақынының еркіндік сүйгіштік
пен кекесінге толы "Өлеңдер кітабы" (1827), феодалдық-монархиялық
Германияны мысқыл жебесіне алған, сонымен бірге революциялық-демократиялық
ой ұшқындары да орын алған "Атта Троль" (1843) және "Германия. Қысқы
ертегі" поэмалары қазақ ғалымының дүниетанымы көкжиегін кеңейте түскен.
Шоқанның назарынан Г.Гейненің "Германиядағы дін мен философия тарихына"
деген публицистикалық кітабы да тыс қалмаса керек.
Ш.Уәлиханов дүниетанымының қалыптасуына батыс философтарының еңбектері
ерекше ықпал еткен. Оның назарына ең алдымен француз философы Жан Жак
Руссоның (1712-1778) "Ғылым мен өнер жайындағы пайымдаулар", "Адамдар
арасындағы теңсіздіктің шығуы мен негіздері жөніндегі" еңбектері ілігеді.
"Қоғамдық шарт" туралы ілімдегі француз философының әділетті қоғамға көшу
жолдарын іздестіруі де Шоқанның көңіл-күй ауанына қозғалыс береді. Кейін
Шоқан шығармаларының бір арнасын қазақ қоғамындағы теңдік, теңсіздік
мәселелері құрайды.
Ш.Уәлихановтың еңбектерінде неміс ақыны, ағартушы И.В.Гетенің (1749-1832),
неміс философы М. Канттың (1724-1804), француз жазушысы Жорж Сандтың (1804-
1876), ағылшын философы, экономист және қоғам қайраткері Джон Стюарт
Милльдің (1806-1873) есімдері кездеседі. Соңғы автордың "Бостандық туралы",
"Мазмұнды басқару туралы" еңбектерінде буржуазиялық реформизм жөніндегі
пайымдауларына зейін қойса, ағылшын тарихшысы, әрі философы Генри Томас
Бокльдің (1821-1862) "Англиядағы өркениет тарихы" (1857-1861) деген еңбегін
оқып, ондағы адамзат тарихындағы ақыл-ой дамуының мән-маңызын жоғары қойған
тұжырымдары өзінің де оқу-білім арқылы отандастарын өз дамуында алға кеткен
халықтар қатарына қосуды армандаған пікірлеріне үндес келеді.
Ағылшын философы, әрі тарихшысы Томас Карлейльдің (1795-1881) 1837 жылы
жарық көрген "Франция революциясының тарихы" деген үш томдық кітабын Шоқан
түпнұсқада, ағылшын тілінде оқыған секілді. Шоқан көптеген елдердің
қоғамдық өміріне ықпал етіп келе жатқан ұлы Француз революциясының
тарихымен танысуды аса қажеттілік ретінде санап, кітапты оқып қана қоймай,
оны конспектілеп, өз еңбектерінде бірнеше жерде пайдаланады. Қазақтар
арасындағы шамандық туралы еңбегінде Ш. Уәлиханов "Көк тәңіріне табынатын
шамандық жөніндегі тамаша түсініктемені біз Карлейльдің жауабынан табамыз"
деп жазады.
Шоқан Карлейльдің еңбектерінен "Тұлға және тарихтағы тұлғалық" деген
туындысындағы кейбір ой-пікірлеріне сілтеме жасайды. Қазақ ғалымының
еңбектерін парақтай отырып, оның Берлин университетінің профессоры Генрих
Гнейстің (1816-1895) "Англия мемлекеттік мекемелерінің тарихы", Оксфорд
университетінің профессоры Блэкстон Уильямның "Ағылшын заңдарына түсінік"
деген, француз ғалымы Шарль Конттың (1782-1832) Француз революциясы
идеяларын қуаттаған еңбектерімен таныс болғанын көреміз.
Жаңа реформалық теориялар, олардың ішінде француз ғалымы Жорж Кювьенің
(1769-1832) эволюциялық теориясы Шоқанды қоғам мен табиғаттағы
өзгерістердің ұзақ мерзімді дамудың нәтижесі екендігі, олардың заңдылықтары
мен сипаты туралы түсініктермен байытады. Қоғам дамуындағы түрлі
факторлардың, олардың ішінде қоршаған ортаның рөлі жөніндегі тұжырымдарымен
қанығады.
"Алтышар немесе Қашқария туралы" деген еңбегінде Шоқан: "Шығыс Түркістанда
мұсылмандық фанатизмнің күшті болуының себебі, әрине, елдің географиялық
жағдайына байланысты", - деп жазады. Бұған қарағанда, қазақ ғалымының
материалистік көзқарастарына "географиялық мектеп" өкілдерінің еңбектері
біршама әсер еткен секілді. Алайда оның пікірінше, адамзат өз дамуында
жоғары сатыларға көтерілген сайын географиялық фактордың қоғамға ықпалы
әлсірей түседі. "Тайпалық организм жағдайында оны қоршаған орта, ауа райы,
жер жағдайы бірінші кезекке қойылуы керек, себебі адамның ояну сезімі,
керекті физикалық құбылыс пен әлеуметтік жағдайдың біртұтас әсеріне
байланысты емес пе", - деп жазады. "Сот реформасы туралы жазба" (28 ақпан,
1864 ж.) деген еңбегінде Ш. Уәлихановтың қоғам дамуы теорияларымен және
Француз буржуазиялық революциясы тарихымен жете танысуы оның ой өрісін
өлшеусіз кеңейтеді. Соның нәтижесінде ол осы еңбегінде: "1793 жылдан бері
Еуропада болған барлық төңкерістер өкіметтің бостандық үшін болған халық
қозғалысын басып тастауға деген жалғыз-ақ ұмтылысы салдарынан орын алды", -
деп ашық айтады( Сонда. Төртінші том. 85-86 б.).
"Ағартушылық" - прогресшіл идеялық қозғалыс болғандығы, оның оқу-білім
арқылы қоғамда әділеттілік орнатқысы келгендігі мәлім. Шоқан XVІІІ
ғасырдағы батыс ағартушылары болсын, не XІX ғасырдың бірінші жартысындағы
орыс ағартушылары болсын - бәріне де өзінің ой өрісі тұрғысынан қарады.
Қуатты талантының арқасында бұл идеялық ағымның күнгей де, көлеңкелі
тұстарын көре білді. Ол "халықшылардың" оқу-білім саласындағы ұстанымдарына
қарсы шығып, ақыл-ой жеке бір халықтың монополиясы емес деп санады. Біз
"тар шеңберлі" халықшылдар теориясын қабылдай алмаймыз, "еуропалық,
адамзаттық білімді игеру және оған жету жолындағы барлық кедергілермен
батыл күресу даму мен мәдениетке қабілетті әр халықтың түпкі мақсаты болуы
керек", - дейді.
Ағартушылық ісінде ұлттық, мемлекеттік, не болмаса басқа да шектеушілікке
жол берілмеуі жөніндегі Шоқан ұстанымы жаңа ғана Қазақстанды өзіне қаратқан
Ресей империясының "өркениеттік рөлі" жөніндегі ресми идеологияға қарсы
бағытталған еді.
Ш.Уәлихановтың өз халқын батысеуропалық және адамзаттық мәдени құндылықтар
негізінде өсіп жетілуін қалағандығы - талассыз ақиқат. Шоқан дүниетанымының
бастауларын тек "орыстық ортадан" іздестіру, оны бірде А. И. Герценнің,
бірде Н.Г.Чернышевскийдің идеялық ұстанымдарына қарай жетелеп, одан
"революционер" жасауға тырысушылық қазақ ғалымының интеллектуалдық әлемін,
арман-тілегін толық сипаттап бере алмайды.
Қазақ перзентінің феодалдық-крепостниктік Ресейдің қоғамдық ой-пікірі
аясынан шығып, әлемдік деңгейге көтерілгені, жанамалап болса да, орыс
зиялылыры тарапынан да мойындалған. Әдебиеттанушы, Петербург Ғылым
академиясының академигі, Н.Г.Чернышевскийдің жақын досы А. Н. Пыпин (1833-
1904): "Уәлихановты жақын білген адамдар өзінің көңіл ауаны, ойлау бағыт-
бағдары жағынан оның орыс батысшылы болғандығын айтады", - деп баға берген
(Сонда. Бірінші том. 73-б.). Н.М.Ядринцев те Шоқанның өз халқын өмірінің
соңына дейін сүйіп өткендігін, оның еуропалық білім бұлағынан сусындауын
армандағанын еске алады (Сонда. 31-бет). Осы сарындас пікірді П.П.Семенов
Тянь-Шанский де айтады: "Уәлиханов өз еліне жан-тәнімен берілген еді, ол
қазақ өмірін сүйетін, сонымен бірге батыс өркениетін жоғары бағалай алды",
- дейді. Осы сөйлемді орыс ғалымы: "Ш.Уәлиханов өз халқының жарқын болашағы
Ресейдің қамқорлығына ғана байланысты екенін қиядан болжады", деп
жалғастырады. Бұл тұжырымның қазақ жерлері мен Орта Азия хандықтарының
Ресей қоластына алынып, орыс қаруының "даңқы" шырқап тұрған кездегі
империялық идеологияның көрінісі екендігі, оны Кауфман мен Черняев те,
Чернышевский мен Достоевский де бөліскенігі құпия емес.
Ал Ш. Уәлиханов үшін әскери антының жалғасы іспеттес бұл сөздер-
метрополияға (Ресейге) адалдығын айғақтайтын өзге ұлт өкілінің аузынан
міндетті түрде айтылуға тиісті сөздер екендігі, бірақ оның шынайы наным-
сенімнен туындамағаны белгілі. Ресей армиясы Бас штабының, Сыртқы істер
министрлігі мен басқа да ведомстволардың жіті бақылауында жүрген,
П.П.Семенов-Тянь-Шанскийдің де, Ф.М.Достоевскийдің де қазақ, өзбек, т.б.
"жатжұрттықтар" жөніндегі көзқарастарын тым жақсы білетін Ш.Уәлиханов
секілді ғұлама ғалымның оларға басқа не айтуы мүмкін?! Орыс зиялыларынан
түрік-мұсылман халықтарын тарих субъектісі ретінде танып, олардың жеке дара
өмір сүруін, бөлек мемлекет болуын қолдаған, тіпті, бірлі-жарым өкілдерін
тап басып айту қиын.
Сол кездің өзінде-ақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шоқан Уәлиханов Шығарма
Қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
Ш.Уәлихановтың өмірі, қызметі, саяхаттары, ғылыми еңбектері
Шоқанның жеке және қызметтік хаттары
Ғалым еңбектерін қарастыру
Ш. Уәлиханов көрнекті тұлға және ғалым
Шоқан Уәлиханов - ұлы ағартушы
Шоқанның саясат тұрғасандағы ой – пікірлері
Шоқан және оның шығыстанулық зерттеулері
Уәлиханов Шоқан (шын аты-Мұхаммедханафия) Шыңғыс ұлы
Пәндер