Шоқанның еңбектері
1 Шоқанның еңбектері
2 Шоқан Уәлихановтың шығыс зерттеулері
3 ШОҚАН УӘЛИХАНОВТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІ

Шоқан тарихи маңызы бар шығармаларға айырықша назар аударды. Мәселен, ол қырғыз халқының "Манас", "Семетей" туралы дастандарының біраз тарауын тұңғыш орыс тіліне аударып, оған ғылыми тұрғыдан толық тарихи және әдеби талдаулар жасады. Бірінші рет баспаға ұсынды. Көлемі жағынан, оқиға құру, адам образдарын бейнелеу жағынан әлемдік әдебиеттің озық үлгілерімен теңдес, аса құнды туынды ретінде бағалаған. "Манас" – қырғыздардың ескі мифтерінен, аңыздарынан, ертегілерінен жиналып, бір адам Манастың төңірегінде топталған энциклопедия. Бұл жағынан, ол "Илиада" тәрізді. Бұл аса зор эпопеяда қырғыз халқының өмірі, діні дәрігерлік ұғымдары шетелдермен қарым-қатынасы түгел қамтылған. Екінші эпос – "Семетей" – "Манастың" жалғасы. Бұл қырғыздың "Одиссеясы", – деп көрсетеді Шоқан. Шоқан әдебиет, оның теориясы мәселелері жөнінде сол кездің өзінде-ақ, көптеген тың пікірлер, тұжырымдар жасап, өз халқының тіршілігі мен мәдени дамуының жағдайларына лайық дамытады. Сондай-ақ, әр халықтың әдебиетін оның қоғамдық, әлеуметтік өмірімен тығыз байланыста қарастырады. Қазақ поэзиясының халықтық сипаттары жайлы тың ой-пікір білдіреді. Халықтың рухани серігі болған поэзия туралы ол: "Бұл халықтың ертеден өзіне тән тұрмысында есте қалдырмаған бірде-бір маңызды оқиғасы, бірде-бір тамаша адамы жоқ деуге болады. Олардың бірін суырыпсалма ақындар не жыршылар жыр етсе, екінші біреулерінің атын кейінгі ұрпақ естерінде ұмтылмастай етіп белгілі бір сыбызғышы не қобызшы музыканттар тастап кеткен", – деп жазады. Қазақ өлеңдерінің халықтығы жайлы құнды пікірлер білдіруде, Шоқан халық әдебиетінің бағалы нұсқаларын жасаған және ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілерін жырлаған. Орынбай, Шөже, Жанақ, Арыстанбай, Құрымбай сияқты ақындардың еңбектеріне жүгінеді, мысалдар келтіреді. Сонымен бірге қазақ поэзиясының жанр, түр, өлең құрылысын зерттей келе, мұны орыс ғалымдарына таныстыруды мақсат тұтқан. Ол қазақ, өлеңдерін: жыр, жоқтау, қара өлең, қайым өлең, өлең деп беске бөледі. Өлең құрылысын жыршылардың қобыз не домбыраға қосып айтуына қарап жүйелеген. Өлеңге, әсіресе, суырып салма өлеңге бейімділік барлық көшпелі елдердің өзіне тән ерекшелігі екенін анықтаған.
Шоқанның еңбектері
Шоқан тарихи маңызы бар шығармаларға айырықша назар аударды. Мәселен, ол
қырғыз халқының "Манас", "Семетей" туралы дастандарының біраз тарауын
тұңғыш орыс тіліне аударып, оған ғылыми тұрғыдан толық тарихи және әдеби
талдаулар жасады. Бірінші рет баспаға ұсынды. Көлемі жағынан, оқиға құру,
адам образдарын бейнелеу жағынан әлемдік әдебиеттің озық үлгілерімен
теңдес, аса құнды туынды ретінде бағалаған. "Манас" – қырғыздардың ескі
мифтерінен, аңыздарынан, ертегілерінен жиналып, бір адам Манастың
төңірегінде топталған энциклопедия. Бұл жағынан, ол "Илиада" тәрізді. Бұл
аса зор эпопеяда қырғыз халқының өмірі, діні дәрігерлік ұғымдары
шетелдермен қарым-қатынасы түгел қамтылған. Екінші эпос – "Семетей" –
"Манастың" жалғасы. Бұл қырғыздың "Одиссеясы", – деп көрсетеді Шоқан. Шоқан
әдебиет, оның теориясы мәселелері жөнінде сол кездің өзінде-ақ, көптеген
тың пікірлер, тұжырымдар жасап, өз халқының тіршілігі мен мәдени дамуының
жағдайларына лайық дамытады. Сондай-ақ, әр халықтың әдебиетін оның
қоғамдық, әлеуметтік өмірімен тығыз байланыста қарастырады. Қазақ
поэзиясының халықтық сипаттары жайлы тың ой-пікір білдіреді. Халықтың
рухани серігі болған поэзия туралы ол: "Бұл халықтың ертеден өзіне тән
тұрмысында есте қалдырмаған бірде-бір маңызды оқиғасы, бірде-бір тамаша
адамы жоқ деуге болады. Олардың бірін суырыпсалма ақындар не жыршылар жыр
етсе, екінші біреулерінің атын кейінгі ұрпақ естерінде ұмтылмастай етіп
белгілі бір сыбызғышы не қобызшы музыканттар тастап кеткен", – деп жазады.
Қазақ өлеңдерінің халықтығы жайлы құнды пікірлер білдіруде, Шоқан халық
әдебиетінің бағалы нұсқаларын жасаған және ауыз әдебиетінің таңдаулы
үлгілерін жырлаған. Орынбай, Шөже, Жанақ, Арыстанбай, Құрымбай сияқты
ақындардың еңбектеріне жүгінеді, мысалдар келтіреді. Сонымен бірге қазақ
поэзиясының жанр, түр, өлең құрылысын зерттей келе, мұны орыс ғалымдарына
таныстыруды мақсат тұтқан. Ол қазақ, өлеңдерін: жыр, жоқтау, қара өлең,
қайым өлең, өлең деп беске бөледі. Өлең құрылысын жыршылардың қобыз не
домбыраға қосып айтуына қарап жүйелеген. Өлеңге, әсіресе, суырып салма
өлеңге бейімділік барлық көшпелі елдердің өзіне тән ерекшелігі екенін
анықтаған. Қазақ халқының ауыз әдебиеті мұраларын жинап, зерттей келе Шоқан
олардың славян халықтарының, әсіресе, орыстардың ауыз әдебиетімен
байланысын ашып дәлелді мысалдар келтіреді. "Жоңғария очерктерінде" "Көп
уақыттан бері қазақтың ертегілерін, мифтерін, этникалық жырлары мен
аңыздарын жинаумен шұғылдана жүріп, мен олардың Еуропа халықтарының,
әсіресе, славяндардың осы тектес шығармаларымен бір сарындастығына қайран
қалдым", – деп көрсетеді. Орыс-қазақ ертегілерін, мақал-мәтелдерін
салыстыра отырып нақты дәлелдейді. Мысалы: өмір шындығының сәйкестігі
әдебиетте де тақырып, сюжет ұқсастығын туғызатынын Шоқан қазақ пен араб
поэзиясын салыстыра отырып, дала өмірін жырлаған екі елдің поэзиясының бір-
біріне ұқсастығын, көшпелі ел тұрмысы сұлу табиғат, рулық тартыс,
қайшылықтарды суреттеуінен анық көрінетінін айтады. Әсіресе, бұл халықтарда
өлеңді суырып салып айту өнерінің ерекшелігіне назар аударған. Қазақтың
шешен билері жайында құнды пікір білдіреді. Ш.Уәлихановтың тарих,
география, әдебиет саласындағы зерттеу еңбектері Петербург ғалымдарының
назарына ілігіп, құнды ықылас-ілтипаттарына ие болады. П.П.Семенов-Тянь-
Шанский өзінің Жетісу бойындағы зерттеулерін жүргізген кезде Шоқан пікіріне
үнемі ден қойып, ақылдасып отырған. Ыстықкөл сапарында біраз жерлерді бірге
аралаған. Семенов-Тянь-Шанскийдің ұсынуымен 1857 жылы 27 ақпанда Шоқан Орыс
География қоғамының толық мүшелігіне сайланады. Бұл орыс қоғамы
зиялыларының, орыс ғылымының жас ғалым еңбектерін зор бағалағандығы, ғылым
мен мәдениетке қосқан үлесін мойындағандығы екенінің дәлелі. 1858-1859
жылдары Шоқанның "Жарық жұлдыз", "Қашқария сапары" оны ғылыми-зерттеушілік,
ағартушылық саласында жаңа биікке көтерді. Ол кезде Қашқария Ресей
тарапынан зерттелмеген өлке болатын. Еуропа ғылымы үшін белгісіз, құпиясы
мол ел болатын. Себебі, XII ғасырдың соңғы ширегінде Марко Поло, 1603 жылы
саяхатшы Голе Қашқария жерінде болғаннан кейін, бұл өлкеге ешкім аяқ
баспаған Шоқаннан бір жыл бұрын Қашқарияға Үндістан арқылы барған немістің
белгілі географы Адольф Шлагинвейтті жергілікті билеушілер басын кестіріп
өлтірткен. Адольфтің бұл қайғылы тағдыры жөнінде алғаш мәліметті жеткізген
Шоқан болды. 1870 жылдары Петербургте Шоқанның "Жонғария очерктері". "Алты
шаһардың немесе Қытайдың Хан-Лу провинциясының шығыстағы алты қаласынын
жағдайы туралы", "Адольф Шлагинтвейттің өлімін әкелген жағдайлар туралы
мәліметтер" туралы еңбектері жарияланды. Қашқарда болған кезінде Шоқан
ұйғыр тілін жақсы меңгереді. Оның архивінде Қашқардағы ұйғыр тілінде жазған
жазбалары да сақталған. Кіші Бұқарада жаңа ұйғыр тіліндегі әдебиеттің
едәуір бай аударма әдебиеті бар. Кіші Бұқараның әдебиеті аудармаға неғұрлым
бай болғанымен, өзіндік қолтума шығармаларға соғұрлым кедей. Олардың өз
іштерінен шыққан бір де бір ақыны және белгілі бір жазушысы болған емес деп
көрсетеді. Қытай тарихында Хой-ху, Хой-хор, Қой-ғой деген атпен белгілі
болған халқының Хой-хор әулетін берген және кейіннен осы күнгі Шығыс
Түркістанға келіп қоныс тепкен жат жерлік халық елге мәлім. Шығыс
мәліметтерінде бұл халық ұйғыр деп аталады. Бүгінгі жеті шаһар тұрғындарын
қытайлар чапту деп атайды. Чапту түрік тілінің ұйғыр деп Клапрот (осы
тілдің сөздігін құраған адам) атаған диалектісінде сөйлейді. Ұйғыр тілінде
моңғол сөздері көп кездеседі. Ұйғырлар сонау Шыңғыс хан заманының
өзінде-ақ, мұсылман дініндегі сол кезде өзінің жазу өнері бар халық
болған. Оларды моңғолдар сауатты халық болғандықтан хатшы есебінде іс
жүргізушінің қызметтеріне пайдаланған. Сондай-ақ, Шоқан Ұйғыр деген атымен
белгілі болған ертедегі монғол жазуының үлгілерін қанша іздегенмен таба
алмағанын қынжыла жазады. Бұл аймақтың өткені мен сол кездің қалпын жақсы
білетін адамдарымен, ғалымдарымен, ақындарымен де кездесіп мағлұматтар
жинаған, шығыс қолжазбаларының бірсыпырасын қолға түсірген. Тау
жыныстарының коллекциясы, гербарий жасаған. Солардың бірінде Мирджай тауы
мен Қарақаш өзені аңғарынан шығатын нефрит асыл тасының текшелері болған
мүлде бейтаныс елді жан-жақты сипаттайтын, әскери, саяси, экономикалық,
сауда-саттық жағынан үкіметке де, ғылымға да пайдалы бай материал мен сирек
деректерді жинап, қиыншылықтар мен қауіп-қатерді көп көріп, Шоқан керуенмен
1859 жылы сәуір айында елге оралған. Қашқария сапарының нәтижелі жемісі –
Ш.Уәлихановтың "Алты шаһардың, яғни Қытайдың Нан-Лу провинциясының
шығыстағы алты қаланың жайы" атты еңбектерінде жан-жақты мәлімделді.
Қашқария сапарының ғылыми нәтижелері туралы Орыс География қоғамында
мәлімдеме жасағаннан кейін-ақ, оның материалын Германияда неміс тілінде
басып шығарды. 1865 жылы Лондонда ағылшын тілінде жарияланды. Демек,
Қашқария сапарындағы айқындалған мәліметтер Шоқан Уәлихановтың дүниежүзілік
география ғылымына қосқан маңызы зор жаңалығы болып есептеледі. Қашқария
экспедициясы үкімет тарапынан да ресми түрде аталып өтті.
Шоқан Уәлихановтың шығыс зерттеулері
Тамаша білім алып шыққан жас ғалым түрлі ғылыми
экспедицияларға белсене қатысты. Бұл жөнінде ол Омбыда оқып жүрген
жылдарында армандайтын. Қазақ даласын және онымен шекаралас жатқан
елдердің аумағын, ондағы халықтардың тарихы мен жағдайын жаксы білетін
Шоқанға орыс зерттеушілері де қатты қызығып, оның көмегіне мұқтаж болатын.
1855 жылы Шоқан Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Х. Гасфорттың Орталық
Қазақстан, Тарбағатай мен Жетісу жеріне жасаған сапарына қатысады. Бұл
сапарда қарапайым халықтың өмірімен танысып, қырғыздардын тарихи аңыз-
әңгімелері мен жырларын жазып алды.[5] Ш. Уәлиханов 1856 жылы аса көрнекті
ғалым, белгілі географ П.С. Семенов-Тян-Шанскиймен танысты. Ол жас қазақ
ғалымның қабілетіне шын ниетімен сүйсіне қайран қалды. 1857 жылы П.С.
Семенов-Тян-Шанскийдің ұсынуымен Ш. Уәлиханов Орыс географиялық қоғамының
толық мүшелігіне қабылданды. Шығыс Қазақстан мен Жетісуға, қырғыз еліне
жасаған сапары Шоқанның ғалым ретіндегі даңқын арттырды. 1857 жылы Шоқан
Алатау қырғыздарына сапар шегіп, оның тарихын, этнографиясын және халықтық
поэзиясын зерттеді. Кырғыз халқының энциклопедиялық дастаны Манасты жазып
алды.
1858-1859 жылдары Шоқан атақты Қашғария сапарына барып қайтты.
Шоқанға дейін ол өлкеде бірде-бір зерттеушінің болып қайтуының сәті
түспеген еді. Неміс ғалымы Р. Шлагингвейттің еуропалықтар үшін мүлде жабық
өлкеге барып қайтпақ болған сапары қайғылы аяқталып, ол қатыгездікпен өлім
жазасына душар болған-ды. Шоқан аса қиын құпия жағдайда өз өміріне қатер
төндіре жүріп, Қашғария өлкесінің тарихы, этнографиясы, мәдениеті мен
геологиясы, географиялық жағдайы жайлы Бұған дейін мүлде белгісіз аса құнды
деректер жинап қайтты. Соның негізінде Алтышардың немесе Қытайдың Нан-JIy
провинциясының (Кіші Бұхараның) шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы
деген атақты еңбегін жазды. Еңбекті Ресейде де, одан тыс жерлерде де
шығысты зерттеуші ғалымдар жоғары бағалады.
Патша үкіметі жас ғалымның ғылыми ерлік еңбегін жоғары бағалады. 1860 жылы
Санкт-Петербургте ол орденмен марапатталып, әскери шені де жоғарылатылды.
Оны орыс патшасы II Александрдің өзі қабылдады. Осы кездесу кезінде Шоқан
патшаға орыс шенеуніктерінің қазақ халқына жақсы қарауы жайлы өз өтінішін
батыл жеткізді.
Петербургте болған кезінде (1859—1861 жылдары) Шоқан Уәлиханов әр түрлі
әскери және ғылыми мекемелерде жұмыс істеді. Ол ресейлік шығыстанушылар мен
дипломаттардың, жазушылар мен ақындардың сиынатын нағыз піріне айналды.
Шоқан Қазақстан мен Орта Азияның және Шығыс Түркістанның карталарын
жасаумен айналысып, қажымай-талмай еңбек етті. Шығыс елдерінің
қолжазбаларын мұқият зерттеуді де жалғастырды. Оны Орыс географиялық қоғамы
Шығыс тарихы туралы лекциялар оқуға шақырып тұрды.
Алайда Петербургтың ылғалды ауа райы оның денсаулығына жақпады.
Денсаулығының нашарлауына байланысты Отанына оралуға мәжбүр болды. Ол
Омбыға барып, даладағы жергілікті баскару ісін қайта ұйымдастыру жөніндегі
шараларға қатысты. Оның негізгі ойлары Қырдағы мұсылманшылық туралы,
Қырғыздардың кө- ші-қоны туралы, Сот реформасы туралы жазбаларда
баяндалады.
1864 жылы Шоқан генерал Черняевтың Оңтүстік
Қазақстанға жасаған әскери экспедиц иясына қатысады. Бірақ әскери қызметі
ұзаққа созылмады, генералдың жергілікті халыққа шектен тыс
қатыгездік жасауы салдарынан әскер қатарынан өз еркімен кетті.
ШОҚАН УӘЛИХАНОВТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Әр ұлттың тарихында үздік шығатын ғажайып таланттар болады.
Ғасырлар санап та, әйтеуір ұзақ сағындырып дүниеге келетін ондай
перзентін қазақ халқы біртуар деп атайды. Қазақ халқының ой дүниесінде аз
жасап, көп іс тындырған Шоқан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz