Ауа, су, топырақ құрамы өзгеруінің өсімдіктердің биоалуантүрлілігіне әсерін зерттеу
І КІРІСПЕ.
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І.ТАРАУ. «ҚР ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ МИНИСТРЛІГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ» РММ.НІҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.
1.1 «ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық
реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша
экология департаменті» РММ.НІҢ атқаратын қызметі..
1.2 Департаменттің негізгі құқықтары және міндеттері..
1.3 Мекемнің техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері. Техника және
еңбек қауіпсіздігімен танысу ... ... .
ІІ.ТАРАУ. ЖЕКЕ ТАПСЫРМА БОЙЫНША ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ МЕН
ҚЫСҚАША СИПАТЫ...
2.1. Биоалуантүрлілік жəне ортаның биологиялық ластануы. Ғаламдық
мәселелердің биоалуантүрлілікке әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Су құрамы өзгеруінің өсімдіктердің биоалуантүрлілігіне әсері ... ... .
2.3 Топырақ құрамы өзгеруінің өсімдіктердің биоалуантүрлілігіне әсері
ІІ ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ..
ІІІ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... .

Тәжірибенің басты мақсаты - теориялық білімді тәжірибе жүзінде көрсету. Өндірістік қызметтің негізгі бағыттарын меңгеру. Өз ісіңе жауапты, еңбекқор, жоғары теориялық білімі жеткілікті жұмыскер ретінде ұсыну. Ұжымда жұмыс істеуді үйрену.
Тәжірибеден өту барысында алдыма мынадай міндеттер қойдым:
оқу барысында алған теориялық кәсіби білімдерін тәжірибеде пайдалану дағдыларын тереңдету және бекіту;
ұжымда жұмыс істеуге үйрену;
«Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің негізгі қызметі және оның құрылымымен танысу;
«Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің құрылымы және оның бөлімшелерімен танысу;
дипломалды тәжірибесінің есебін жазуға материалдар жинақтап, оларды талдау;
Биоалуантүрлілік жəне ортаның биологиялық ластануы. Ғаламдық мәселелердің биоалуантүрлілікке әсерін зерттеу;
суды өндірістік қалдықтармен ластанудан қорғау шараларымен танысу.
Тәжірибе – теориялық негізде алынған білімді іс жүзіндегі нақты қимылдармен салыстыру болып табылады. Сол мақсатта мен «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне тәжірибеге жіберілдім. Тәжірибеде зерттеу обьектісі болып – департаменттің нақты атқаратын қызметі, департаменттің мемлекеттік экологиялық реттеу және бақылау саласындағы нақты рөлі және басқа да бөлімдермен, органдармен, субъектілермен қатынасы болды.

1. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің тиісті облыстағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органы – Экология департаменті туралы ереже. Корпоративтік əлеуметтік жауапкершілік бойынша есеп. 2015ж.
2. Мустахимов Б.Қ. Химия өндірісінің негізгі үдерістері және аппараттары: Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2013. – 275 б.
3. Болбас М.М. Основы промышленной экологии. – М.: Высшая школа, 1998. – С. 55-58.
4. Нұрсейітов, Ш. Ш. Химия өндірісінің негізгі процестері мен аппараттары. Оқу құралы / Ш. Ш. Нұрсейітов, Е. Т. Шертаев, Қ. Ж. Керімқұлов. - Алматы : "Эверо", 2014. - 184 с
5. Экологические проблемы Казахстана связанные с хранением и утелизацией промышленных и бытовых отходов. Омаркулов Т.О., Кошербаева Л.М., Сейтжанов А.Ф. //Вестник КазНПУ им. АбаяМОН РК, Алматы, 2008, №2 (16), с.69-73
6. Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістеме. http://egov.kz/cms/kk/law/list/V15000 Су табиғи қор ретінде пайдалану және қолдану
7. ҚР СТ ИСО 14001-2006 Экологиялық менеджмент жүйелері. Қолдану жөніндегі талаптар мен басшылық.

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Қазақ технология және бизнес университеті
Технология факультеті
Химия, химиялық технология мен экология кафедрасы
Диплом алдындағы іс-тәжірибе бойынша
ЕСЕБІ
5В060800-Экология мамандығы бойынша
Жеке тапсырманың тақырыбы:
Ауа, су, топырақ құрамы өзгеруінің өсімдіктердің биоалуантүрлілігіне әсерін зерттеу
Орындаған: Бекбол А.
Тәжірибе жетекшісі
э.ғ.к., доцент:
Астана, 2017
ЖОспар
І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІ Негізгі бөлім
І-Тарау. ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша экология департаменті РММ-нің қызметінің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1 ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық
реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша
экология департаменті РММ-нің атқаратын қызметі ... ... ... ... ... ...
1.2 Департаменттің негізгі құқықтары және міндеттері ... ... ... ... ... ... . ...
1.3 Мекемнің техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері. Техника және
еңбек қауіпсіздігімен танысу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ІІ-Тарау. Жеке тапсырма бойынша жұмыстың негізгі мазмұны мен
қысқаша сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1. Биоалуантүрлілік жəне ортаның биологиялық ластануы. Ғаламдық
мәселелердің биоалуантүрлілікке әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..
2.2 Су құрамы өзгеруінің өсімдіктердің биоалуантүрлілігіне әсері ... ... .
2.3 Топырақ құрамы өзгеруінің өсімдіктердің биоалуантүрлілігіне
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІІ Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
3
5
5
8
11
13
13
15
29
29
30
Кіріспе
Мен ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5В060800-Экология мамандығының 4-курс студенті дипломалды іс-тәжірибемді 2017 жылдың қаңтардың 9-нан осы жылдың ақпан айының 12-сі аралығында Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша экология департаменті республикалық мемлекеттік мекемесінде өттім. Бұл кәсіпорынды таңдаған себебім дипломдық жұмысымның тақырыбына сәйкес ұйымдық құрылым болғандықтан таңдадым. Дипломдық жұмысымның тақырыбы: Ауа, су, топырақ құрамы өзгеруінің өсімдіктердің биоалуантүрлілігіне әсерін зерттеу.
Тәжірибенің басты мақсаты - теориялық білімді тәжірибе жүзінде көрсету. Өндірістік қызметтің негізгі бағыттарын меңгеру. Өз ісіңе жауапты, еңбекқор, жоғары теориялық білімі жеткілікті жұмыскер ретінде ұсыну. Ұжымда жұмыс істеуді үйрену.
Тәжірибеден өту барысында алдыма мынадай міндеттер қойдым:
+ оқу барысында алған теориялық кәсіби білімдерін тәжірибеде пайдалану дағдыларын тереңдету және бекіту;
+ ұжымда жұмыс істеуге үйрену;
+ Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша экология департаменті республикалық мемлекеттік мекемесінің негізгі қызметі және оның құрылымымен танысу;
+ Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша экология департаменті республикалық мемлекеттік мекемесінің құрылымы және оның бөлімшелерімен танысу;
+ дипломалды тәжірибесінің есебін жазуға материалдар жинақтап, оларды талдау;
+ Биоалуантүрлілік жəне ортаның биологиялық ластануы. Ғаламдық мәселелердің биоалуантүрлілікке әсерін зерттеу;
+ суды өндірістік қалдықтармен ластанудан қорғау шараларымен танысу.
Тәжірибе - теориялық негізде алынған білімді іс жүзіндегі нақты қимылдармен салыстыру болып табылады. Сол мақсатта мен Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша экология департаменті республикалық мемлекеттік мекемесіне тәжірибеге жіберілдім. Тәжірибеде зерттеу обьектісі болып - департаменттің нақты атқаратын қызметі, департаменттің мемлекеттік экологиялық реттеу және бақылау саласындағы нақты рөлі және басқа да бөлімдермен, органдармен, субъектілермен қатынасы болды. Тәжірибе өту барысында мен оқу орнының қатаң тәртіпте ескерткен этикалық ережелерін сақтадым:
oo кәсіпорын қызметкерлерінің, мекеменің ішкі тәртіп ережелеріне бағыну, мәдениетті болу;
oo өндірістік тазалықты, техникалық қауіпсіздікті, еңбек қорғау ережелерін қатаң сақтау және білу;
oo орындалатын жұмысқа және оның қорытындыларына жауапты болу;
oo тәжірибе бағдарламасында қарастырылған тапсырмаларды толық орындау;
oo мекеменің мәдени-шаралық, қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысу.
Өз кезегінде тәжірибе уақытында тәжірибеге жіберу туралы екіжақты келісімшартта көрсетілгендей келесідей міндеттерді орындауға тырыстым:
oo экология департаментінің жұмыс істеу уақытын бұзбауға;
oo жұмыс орнында өзіме тапсырылған жұмысты орындауға, оның нәтижесі мен орындалу сапасына жауап беруге;
oo бекітілген қалып бойынша күнделік жүргізуге және оны күн сайын тәжірибе жетекшісіне тексеріске және қол қоюға тапсыруға;
oo оқу орнына сәйкес келетін қосымшалары мен тәжірибе нәтижесі туралы жазбаша есеп беруге.
Бұл тәжірибе есебінде ең алдымен бөлімнің атқаратын қызметінің мәні, басқарылу құрылымы, Экологиялық реттеу және бақылау комитеті ішінде алатын орны, мемлекеттің экологиялық саясатын жүзеге асыруда маңыздылығы қарастырылған. Мақсатым - жинақтаған мәліметтерді теориялық негізде жинаған мағлұматтармен салыстырып, түйсігімде қалыптасқан қателіктерді түзете отырып, бөлімнің жұмысын толық атқаруды үйрену.
І-Тарау. ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша экология департаменті РММ-нің қызметінің жалпы сипаттамасы
1.1 ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша экология департаменті РММ-нің атқаратын қызметі
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органы болып Экология департаменті (бұдан әрі - Департамент) табылады, ол қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау саласындағы реттеу мен мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Комитеттің бұйрықтары мен ұйғарымдарына, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, тиісті үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.
Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан және егер уәкілеттік берілсе Комитеттің атынан түседі.
Департамент өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бұйрықтар түріндегі актілер шығарады.
Аумақтық органның құрылымы мен штаттық саны Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Жауапты хатшысымен Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрімен келісе отырып бекітіледі.
Департамент Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіпте, өзінің орналасқан жерінен тыс орналасқан және Департаменттің атынан және оның тапсырмасы бойынша олар туралы ереженің негізінде әрекет ететін заңды тұлға болып табылмайтын филиалдар құруға құқылы.
Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы ретінде мемлекет атынан Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 172 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің ережесі және осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаттары болып табылады.
Департаменттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Егер Департаментке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Департаментке кәсіпкерлiк субъектiлерiмен Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Департаментінің негізгі міндеттері:
- қоршаған орта сапасын жақсарту, экологиялық қаупсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды сақтау және қоғамның экологиялық орнықты дамуының қолайлы деңгейіне жету;
- қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік бақылауды, шаруашылық қызметті жүзеге асрыу барысында экологиялық талаптар нормативтерінің сақтауын өз құзыреті шегінде қамтамасыз ету;
-табиғат пайдаланушылардың өндірістік экологиялық бақылау жүргізуін үйлестіруді өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;
- өз құзыреті шегінде экологиялық ақпараттарды жинау және таратуды ұйымдастыру және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ағарту жүйесін дамыту;
- өз құзыреті шегінде аумақтық деңгейде мемлекттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыруды, заңнамада белгіленген тәртіпте экологиялық рұқсаттарды беру.
Мекеменің (РММ Астана қаласы бойынша Экология департаментінің) атқаратын қызметі :
- Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының, қоршаған орта сапасы нормативтерінің және экологиялық талаптардың сақталуын жүзеге асырады;
- өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді;
- өз құзыреті шегінде қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешiмдер қабылдау беру, тіркеу, қайтарып алу және қайта ресімдеу жасайды;
- қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес сыналған (әдістері, стандарттары, т.б.).
Қалада қоршаған ортаның ластануы және экологиялық заңнама талаптарының бұзылғаны жағдайында мониторинг жасау.
Департаменттің қызметін ұйымдастыру
Департаментті Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрімен келісе отырып, Төрағаның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Жауапты хатшысымен лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын Басшы басқарады.
Департамент Басшысы болмаған жағдайда оның міндетін орындау, Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің жауапты хатшысының бұйрығы негізінде Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің келісе отырып, орынбасарына немесе Комитеттің жәненемесе оның аумақтық бөлімшесінің басқа да қызметкеріне жүктеледі.
Департаменттің Басшысына демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстеме ақылар төлеу және сыйлық ақы беру мәселелері Комитет Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Жауапты хатшысының бұйрығымен рәсімделеді.
Басшының, Комитет Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Жауапты хатшысымен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары бар.
Тиісті облыстардыңАстана және Алматы Бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары Департамент Басшысының орынбарлары болып табылады.
Департамент Басшысы Департаменттің қызметін ұйымдастырады және басшылық етеді және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өзінің функцияларын жүзеге асыруға жеке жауаптылықта болады.
Департамент Басшысы осы мақсаттарда:
1) өзінің орынбасарының және Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен жауапкершіліктерін анықтайды;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Департамент қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) заңнамамен белгіленген тәртіпте Департамент қызметкерлерін тәртіптік жазаға тартады және мадақтау шараларын қолданады;
4) өзге де мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Департаменттін мүддесін ұсынады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
6) Департаменттің бұйрықтарына қол қояды.
1.2 Департаменттің негізгі құқықтары және міндеттері
Департаменттің негізгі міндеттері болып келесілер табылады:
1) қоршаған орта сапасын жақсарту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды сақтау және қоғамның экологиялық орнықты дамуының қолайлы деңгейіне жету;
2) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды, шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында табиғатты қорғау заңнамасының және экологиялық талаптар нормативтерінің сақталуын қамтамасыз ету;
3) қоршаған ортаны өндірістік экологиялық бақылау жүргізуді аумақтық деңгейде үйлестіру;
4) аумақтық табиғатты қорғау бағдарламаларын және әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары аясындағы іс-шараларды келісу және олардың жүзеге асырылуына бақылау жасау;
5) экологиялық ақпараттарды жинау және таратуды ұйымдастыру және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ағарту жүйесін дамыту;
6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктермен өзара әрекеттесу және ынтымақтастық орнату;
7) аумақтық деңгейде мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыруды, заңнамада белгіленген тәртіпте экологиялық рұқсаттарды беру.
Департамент заңнамада белгіленген тәртіпте келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) өз құзыреті шегінде экологиялық рұқсаттарды береді, тоқтата тұрады, кері шақырып алады және жояды;
2) өндірістік мониторинг бағдарламаларын, өндірістік бақылау бағдарламаларын келіседі;
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастырады және жүргізеді;
4) өз құзыреті шегінде лицензияланатын қызметтердің жекелеген түрлеріне лицензия алуға қорытындылар береді;
5) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының сақталуына мемлекеттік экологиялық бақылауды жүргізеді;
6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтер туралы есептік мәліметтер мен ақпараттарды әзірлейді және бекітілген тәртіпте Комитетке ұсынады;
7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады;
8) қоршаған ортаны қорғау саласындағы перспективті және ағымдағы жұмыс жоспарларын әзірлейді және бекітеді, сонымен қатар мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру мәселелері бойынша жұмыс жоспарларын Комитетпен келіседі;
9) өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және өткізу бойынша жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының қызметіне бақылауды жүзеге асырады;
10) қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы халықаралық конвенциялар мен келісімдерді, бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруға қатысады;
11) өңірдің өзекті экологиялық проблемаларын республикалық қаражат есебінен шешу үшін қажетті іс-шараларды жүргізу бойынша негізделген ұсыныстарды дайындайды және Комитетке ұсынады;
12) құпиялық режимді, құпия іс қағаздар жүргізуді қамтамасыз етеді және өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды техникалық қорғауды ұйымдастырады;
13) объектілердің қызметін реттейтін құжаттарды, онда қолданыстағы заңнамаға сәйкес экологиялық талаптардың мүмкіндігінше толық ескерілуі бөлігінде келісуге қатысады;
14) өз құзыреті шегінде Департаменттің сараптамалық комиссияларын құрамын анықтайды;
15) мобилизациялық дайындық және мобилизациялау бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
16) арнайы су пайдалануға рұқсаттар беруді келіседі;
17) қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және белгіленіп отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне қатысты экологиялық ақпаратқа қоғамның қол жетімділігін қамтамасыз етеді;
18) экологиялық рұқсаттарда (қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат және кешенді экологиялық рұқсат) қоршаған ортаға эмиссиялардың лимитін белгілейді;
19) өз құзыреті шегінде табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы лицензияларды, рұқсаттарды беруді, шарттарды (келісім шарттарды) келіседі;
20) қоршаған ортаның ластанған учаскілерінің мемлекеттік есебін, сонымен қатар қоршаған ортаның ластанған учаскілерінің тізілімін жүргізуге қатысады;
21) зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көму мен сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттік кадастрын жүргізуге қатысады;
22) өндіріс пен тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрын жүргізуге қатысады;
23) өз құзыреті шегінде экологиялық насихаттау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады;
24) су объектілерін кешенді пайдалану мен қорғаудың бассейндік схемаларын келісуге, бассейндік келісімдерді дайындауға, су объектілерін пайдалану, молықтыру және қорғау жөніндегі мемлекеттік (өңірлік және бассейндік) бағдарламалар әзірлеуге, сондай-ақ өз құзыреті шегінде су ресурстарын басқарудың бассейндік принципін іске асыруға қатысады.
Департамент өз құзыреті шегінде құқылы:
1) барлық ұйымдармен, лауазымды тұлғалармен және азаматтармен орындауға міндетті өз құзыреті шегінде шешімдерді қабылдауға;
2) белгіленген тәртіпте ұйымдар мен өзге де объектілерге меншік және бағыныстылық нысанына қарамастан кедергісіз кіруге (сонымен қатар әскери және қорғаныс объектілеріне);
3) өз құзыреті шегіндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттарды мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғалардан сұраттыруға, алуға;
4) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының бұзылуы анықталған жағдайларда жергілікті атқарушы органдардың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменттерінің мемлекеттік экологиялық сараптама бөлімдері берген мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын кері шақыруға ұсыныс енгізуге;
5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарастыруға, тиісті органдарға тұлғаларды әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы материалдарды жолдауға;
6) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығаруға;
7) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметті шектеу, тоқтата тұру және тыйым салу туралы талап-арыздар ұсынуға;
8) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу салдарынан қоршаған ортаға келтірілген залал мөлшерін айқындауға немесе анықтауға қатысуға, залалды өтеу туралы нұсқама шығаруға және сотқа талап-арыз ұсынуға;
9) банктер мен қаржы ұйымдарына мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болмаған құрылыс және шаруашылық және өзге де қызметтер жобаларын жүзеге асыруды қаржыландыруды тоқтату туралы нұсқамалар шығаруға.
Департаменттің міндеттемелері:
1) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;
2) өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде, бұл жөнінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдар ресми сұрау салған ретте қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсынуға;
3) Департмент қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілер этикасы нормаларын сақтауын қамтамасыз етуге;
4) Комитет басшылығына немесе құқық қорғау органдарына белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы жеткізу;
5) Департаменттің қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқарғанда гендерлік кемсітушілікке жол бермеу.
Департаменттің мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлері, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес мемлекеттік экологиялық инпектордың құқықтарын иеленеді.
1.3 Мекемнің техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері. Техника және еңбек қауіпсіздігімен танысу
Техникалық қауіпсіздік пен өрт сөндіру ережелерімен танысу күндері болды. Яғни бұл күндері техникалық қауіпсіздік ережелеріне сай, алғашқы көмек көрсете білу мақсатына арнайы екі сағат бөлінді және алғашқы өрт сөндіру кезінде қолданылатын жабдықтардың орнын көрсетіп шықты. Жалпы мекеменің техникалық қауыпсіздігі өрт сөндіруге қарсы алғашқы кезде қолданатын жабдықтармен жабдықталған. Оны мекеме ішіне кірген кезде байқауға болады. Жабдықтар қазіргі заман талабына сай, жоғары деңгейлі болып келеді. Мекемедегі әр қызметкер немесе іс - тәжірибеші ондай келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін, келесі техникалық қауыпсіздік ережелерін сақтау қажет:
Электрлік тоқпен зақымдалған адамды әрбір адам бірінші көмек яғни алғашқы көмек көрсете білу қажет:
1. электр тоғымен зақымдалған кезде тезірек тоқты өшіріп, зақымдалған адамды сымнан босату керек.
2. Егер тынысы тоқтаған жағдайда міндетті түрде дәрігер көмегін шақырып не жасанды тыныс алу жәрдемін көрсету қажет.Бұл әрекет тыныс пайда болғанша жасалу қажет.
3.Қызметкер өрт сөндіретін құралдарымен жұмыс істей білу қажет.
4.Өрт жағдайында қызметкер эвакуация жолдарын білу қажет.
5.Қызметкерлер электр қондырғыларының-сым өткізгіштеріне рұқсатсыз тимеу қажет.
6.Электр қондырғыларын су қолымен не ылғал киіммен жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.
7.Зақымдалған сымтетіктерді өз бетінше жөндеуге не жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.
8.Электр қондырғыларынмен жұмыс істеу барысында қолайсыз иіс, дыбыс немесе түтінделген сым байқалған болса, компьютерді өшіріп мекеме қызметкерлеріне хабарлау қажет.
9.Электр қондырғыларын ескерусіз қалдыруға не бөгде ададарды кіргізуге болмайды.
10.Электр қондырғыларынның үстіне кітап, дәптер, киім тағы басқа бөгде заттарды қоюға болмайды.
11.Зертханада реактивтермен жұмыс жасағанда өте сақ болу және ережелерді қатаң (қышқылмен, сілтімен, газбен) сақтау қажет.
ІІ-Тарау. Жеке тапсырма бойынша зерттеу жұмысының қысқаша сипаты
2.1 Биоалуантүрлілік жəне ортаның биологиялық ластануы. Ғаламдық мәселелердің биоалуантүрлілікке әсері
Биоалуантүрлілік - тек маңызды шаруашылық ресурсы ғана емес, ол биосфераның тіршілік етуінің шарты болып табылады. Рио-де-Жанейрода өткен (1992 ж) БҰҰ конференциясында қабылданған үш арнайы Мәлімдемелер мен Конвенциялардың екеуі биологиялық ресурстар мен биологиялық алуантүрлілікті сақтаусыз тұрақты даму мүмкін емес екенін көрсетті. Биоалуантүрлілік - адамзатты шексіз ұзақ уақыт энергетикалық, техникалық және басқа ресурстармен қамтамасыз етудің жалғыз көзі.Жалпы алғанда жердің геологиялық тарихында бір түрлер жойылып, басқалар олардың орнын басып отырған. Биосфераның жасы ұлғайған сайын түрлердің саны да артып отырады.
Адамның геологиялық күшке айналуынан бастап жеке түрлердің жойылу жылдамдығы экологиялық табиғи құбылыспен салыстыруға келмейтін жылдамдықпен жете бастады. Егер ертеректе бір түр орташа алғанда 2000 жылда жойылып отырса, соңғы 300 жылда әр 10 жыл сайын жойылып отыр,1600 жылдан бастап омыртқалы жануарлардың 173 түрі (109 құс, 64 сүтқоректілер) және өсімдіктердің 20 түрі жойлып кетті.
Адамның барлық ірі ауқымды іс әрекеті биологиялық алуантүрліліктің кемуіне әкеледі. Осының нәтижесінде бүкіл табиғи белдеулердің де жойылу фактілері белгілі. Адам рельефті, өзен аркаларын өзгертеді, батпақтарды құрғатады, ағаштарды кеседі және т.б.Экологиялық мәселелерді және биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың бір жолы - Қызыл кітап. Қызыл кітап - қауіптің жаршысы. Қалпына келтірілген түрлер тізімнен шығарылады, нашарланған түрлермен толықтырылады.Қазақстанның қызыл кітабінің бірінші томы 1978 ж. жарық көрді. Онда сүтқоректілердің 24 түрі мен 7 түр тармағы, 43 құстардың, бауырымен жорғалаушылардың 8 түрі, қос мекенділердің 1 түрі, жыртқыш жануардың 15 түрі, балықтың 4 түрі енгізіліп толық сипатталған.Халықаралық бірлестік адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін биосфераның биологиялық алуантүрлілігін сақтауға бағытталған іс әрекетін бір арнаға бағыттауы қажет.
БИОАЛУАНДЫЛЫҚ - ЕҢ НЕГІЗГІ БИОЛОГИЯЛЫҚ ИНДИКАТОР
Техносфераның биосфераға жасайтын қысымының ең маңызды көрінісі-табиғи экожүйелердің кедейленуі,яғни биоалуантүрліліктің кемуі болып табылады.
Биоалуантүрлілік тек маңызды шаруашылық ресурсы ғана емес,ол биосфераның тіршілік етуінің шарты болып табылады.
Рио-де-Жанейрода өткен (1992ж)БҰҰ конференциясында қабылданған үш арнайы Мәлімдемелер мен Конвенциялардың екеуі биологиялық ресурстар мен биологиялық алуантүрлілікті сақтаусыз тұрақты даму мүмкін емес екенін көрсетті.
Қазіргі адамның азық-түлігі ретінде қолдануға болатын бірнеше мың түрлер белгілі.Бірақ іс жүзінде өсімдіктер мен жануарлардың 200-250дене аспайтын түрлері пайдаланады.Ауылшаруашылық өнімдерінің басым көпшілігін т12-15 өсімдік береді.
Жабайы түрлер-табиғи экожүйелерден алынатын бағалы өнім көзі және әсіресе,ауылшаруашылық жануарлары мен өсімдіктерінің жаңа қолтұқымдары мен іріктемелерін шығаруда маңызы зор.
1960-1970 жылдардағы "Жасыл ревалюция",жоғары өнімді және ауруларға төзімді дәнді дақылдардың жаңа іріктемелерін жасауға жабайы түрлерді,мысалы Түркиядан әкелінген бидай шығарумен байланысты.Тек Азия елдерінің өзінде ғана "Жасыл ревалюция" нәтижесінде бидай өндіру 2 миллиард долларға,күріш -1,5миллиард АҚШ долларына артқан.
Жабайы түрлер-дәрі-дәрмектердің маңызды көзі.Қазіргі кезде осы мақсатта шамамен 5 мың өсімдіктердің түрлері қолданылады.Шипалы қасиеттері бар өсімдіктердің қөптеген түрлері әлі мидицинада қолданылмай келеді.
Биоалуантүрлік- адамзатты шексіз ұзақ уақыт энергетикалық,техникалық және басқа ресурстармен қамтамасыз етудің жалғыз көзі.
Биоалуантүрлілік экожүйелердегі баланыстардың толық болуының шарты негізгі факторы бола отырып,оның ең маңызды қасиеті-тұрақтылықты қамтамасыз етеді.Неғұрлым экожүйенің деңгейі жоғары болса,соғұрлым оны құрайтын элементтердің көпшілігі олардың алуан түрлілігін қамтамасыз етеді.Элементаралық(әс жүзінде бөлінбейтін) экожүйелердің көп түрлілігін ең алдымен олардың кіретін кіші деңгейдегі эко жүйелердің маңызы артады.
Мысалы,ғаламдық экожүйем ретінде биосфераның алантүрлілігі,олай болса оның тұрақтылығы т.б қасиеттері түрлердің,популяциямен экожүйелердің санына ғана емес,тіршілік ету орталарына,рельеф формаларына,климаттын типіне,табиғат белдеулеріне,геохимиялық аймақтар, ландшафттар және басқа да құрылымдық бірліктердің ерекшеліктерінеде байланысты.
Қарапайым үйелердің тіршілігін сақтау үшін көп энергия жұмсау қажет.Мысалы,қышқылдық жаңбырлардын әсерінен тіршілігі жойылған су қоймасы сырттан табиғи күйге келтіретін энергия жұмсалмаса қалдықтардың қоймасына айналады.
Биосфераның геологиялық тарихының барысында онда тіршілік ететін ағзалардың түрлерінің саны тұрақты болмаған.Әрбір белгілі бір уақытқа қана өмір сүреді.Шамамен 10-30млн. Жыл.Түрлердің ішінде өмірі өте қысқа
(бірнеше мың) және ұзақ өмір сүретін түрле тірі қазбалар да бар. Мысалы,мүктер өзгермеген қалпында шамамен 500млн. жыл (силур дәуірінен бері),жалаңаш тұқымды ағаш - гинкго дәуірнен бері 150 млн.жыл тіршілік етіп келеді.Жанурлардың ішінен тірі туатын балық латимерияны атауға болады.Ол 60 млн.жыл бұрын жойылып кеткен деп есептеліп келді.Бірақ 1938 жылы Комор аралдарының маңынан табылған.
2.2 Су құрамы өзгеруінің өсімдіктердің биоалуантүрлілігіне әсері
Табиғи сулардың құрамына тұщы (жер үсті, жер асты, су түбі және т. б.) және теңіз сулар кіреді. Ауыз сулар алдын ала тазартылған және залалсызданған табиғи (өзен және жер асты) сулардың туындысы болып табылады. Ақаба сулар, өз алдына, адамдардың шаруашылық әрекетінің нәтижесінде лайланған, лас сулар болып келеді. Сөйтіп, әртүрлі құрамды сулардың белгілі бір анализ деңгейі, табиғи сулардың анализ мәселелерімен тікелей байланысты.
Төменгі атмосфералық қысымда буландыру, мұздату, вакуумды қайнату жолымен негізгі компонентті кәдімгі жою мүмкіндігінің арқасында, су, анализдің қарапайым объектісі ретінде көрінеді. Бірақ құрамында элементтік позициясы жағынан су - элементтер арасындағы әсерге байланысты, бір-бірінен он мың есе айырмашылығы бар мәселе тудыратын, құрамына әртүрлі концентрациялы элементтер кіретін, өте күрделі жүйе. Мысалы, Ca, Mg, Na және K (0,001 - 0,01%) микроэлементтердің концентрациясы Ba, Zn және B микроэлементтердің концентрациясынан 100 есе үлкен болады; As, Cr, Pb, Cu, Mn - 1000 есе; V, Ni, Se, Hg және т. б. 10 000 - 100 000 есе, және де табиғаты әртүрлі сулар үшін элементтердің арақатынасы елеулі түрде ерекшеленуі мүмкін.
Ауыз су, содан кейін ақаба суларды алудың көздері тұщы (жер асты және жер беті) табиғи сулар болып табылады. Ауыз сулар алдын ала тазарту процесі кезінде, элементтік құрамы өзгермей, тотықтырылған өнімдермен элементарлы хлормен, озонмен немесе фторлы агенттерімен байытылуы мүмкін.
Ақаба сулардың құрамын сапалық деңгейде болжауға қиын, элементтік және заттық құрамы жағынан өте күрделі жүйені құрайды. Олар шаруашылық түрлерінің әрекетіне тәуелді, спецификалық қасиеттерге ие, табиғаты органикалық және бейорганикалық компоненттермен ластанады.
Табиғи сулардың негізгі қасиеттерінің бірі элементтердің көптүрлілігі болып табылады. Табиғи сулардағы элементтердің жағдайы - органикалық және бейорганикалық заттардың күрделі өзара әрекетінің нәтижесіне байланысты.
Табиғи, ауыз су, ақаба суларының бірден бір анализ мәселесі іріктеу техникасына, консервациясына, үлгілердің сақталуына және тасымалдануына ерекше талаптар қойылатын құрамның динамикалық сипаты болып табылады.
Су мониторингі жүйесінің шегінде жер үсті су көздерінің сапасын бақылаудың төмендегі түрлерін келтіруге болады:
жер үсті суларының ластану деңгейін физикалық, химиялық, гидрологиялық және гидробиологиялық көрсеткіштері бойынша бақылау;
арнайы міндеттерді шешу үшін арналған бақылау;
Осы бақылаулардың әрқайсысы келесі қызметтердің нәтижесінде жүсеге асады:
1) су нысандарында немесе олардың бөліктерінде алдын-ала бақылау және зерттеу жүргізу;
2) алдын-ала ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz