Диплом алдындағы іс-тәжірибе бойынша есебі



І КІРІСПЕ..

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І.ТАРАУ. «ҚР ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ МИНИСТРЛІГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ» РММ.НІҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.
1.1 «ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша экология департаменті» РММ.НІҢ атқаратын қызметі..
1.2 Департаменттің негізгі құқықтары және міндеттері.
1.3 Мекемнің техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері. Техника және еңбек қауіпсіздігімен танысу..

ІІ.ТАРАУ. ЖЕКЕ ТАПСЫРМА БОЙЫНША ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ МЕН
ҚЫСҚАША СИПАТЫ.
2.1 Ауыр металдарға және олардың зиянына жалпы сипаттама ... ... ... ...
2.2 Ауыр металдар өндірісінің географиясы: шикізат көздеріне бағытталуы.
2.3 Техногенді ластану және оның қоршаған ортаға тигізетін әсерін көрсетіңіз.
2.4 Ауыр металдардың өсімдіктерге әсері.
2.5 Ауыр металдармен ластанған қоршаған ортада қолданылатын физико.химиялық әдістерді келтіру.
ІІ ҚОРЫТЫНДЫ ...
ІІІ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...
Тәжірибе оқудың ең маңызды кезеңі болып табылады. Тәжірибе теориялық білім курсын бекіту мақсатында жүргізіледі, сонымен қатар өндірісте жұмыс істеу қабілеттерін практика арқылы қалыптастырып, білім беру және балаларды тәрбиелеу кәсібімен таныстырады.
Диплом алды тәжірибесі жоғары мамандандырылған мамандарды дайындаудың ең маңызды бөлімі болып табылады және ол ұйымдарда, барлық жеке мекемелерде жүргізіледі.
Мен .......................................... 5В060800-Экология мамандығының 4-курс студенті дипломалды іс-тәжірибемді 2017 жылдың қаңтардың 9-нан осы жылдың ақпан айының 12-сі аралығында «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде өткіздім. Мен онда 2016-шы жылдың 26-ші қаңтары мен 26-ші ақпаны аралығында іс-тәжірибеден өттім. Мен іс-тәжірибеге күн сайын қалмай бардым. Жалпы мен іс-тәжірибемді өткізген мекеме, яғни «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі: 29 мамыр ҚазАқпарат-ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 22 мамырындағы «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» № 656 қаулысымен Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің экология департаменттері қайта ұйымдастырылды.
1. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің тиісті облыстағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органы – Экология департаменті туралы ереже. Корпоративтік əлеуметтік жауапкершілік бойынша есеп. 2015ж.
2. Мустахимов Б.Қ. Химия өндірісінің негізгі үдерістері және аппараттары: Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2013. – 275 б.
3. Болбас М.М. Основы промышленной экологии. – М.: Высшая школа, 1998. – С. 55-58.
4. Нұрсейітов, Ш. Ш. Химия өндірісінің негізгі процестері мен аппараттары. Оқу құралы / Ш. Ш. Нұрсейітов, Е. Т. Шертаев, Қ. Ж. Керімқұлов. - Алматы : "Эверо", 2014. - 184 с
5. Экологические проблемы Казахстана связанные с хранением и утелизацией промышленных и бытовых отходов. Омаркулов Т.О., Кошербаева Л.М., Сейтжанов А.Ф. //Вестник КазНПУ им. АбаяМОН РК, Алматы, 2008, №2 (16), с.69-73
6. Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістеме. http://egov.kz/cms/kk/law/list/V15000 Су табиғи қор ретінде пайдалану және қолдану
7. ҚР СТ ИСО 14001-2006 Экологиялық менеджмент жүйелері. Қолдану жөніндегі талаптар мен басшылық.

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

Қазақ технология және бизнес университеті
Технология факультеті

Химия, химиялық технология мен экология кафедрасы

Диплом алдындағы іс-тәжірибе бойынша

ЕСЕБІ

5В060800-Экология мамандығы бойынша

Жеке тапсырманың тақырыбы:
Ауыр металдар миграциясының өсімдіктердің өсу параметріне әсерін анықтау

Орындаған:
Тәжірибе жетекшісі:

Астана, 2017
ЖОспар

І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІ Негізгі бөлім
І-Тарау. ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша экология департаменті РММ-нің қызметінің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1 ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық
реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша
экология департаменті РММ-нің атқаратын қызметі ... ... ... ... ... ...
1.2 Департаменттің негізгі құқықтары және міндеттері ... ... ... ... ... ... . ...
1.3 Мекемнің техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері. Техника және
еңбек қауіпсіздігімен танысу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ІІ-Тарау. Жеке тапсырма бойынша жұмыстың негізгі мазмұны мен
қысқаша сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Ауыр металдарға және олардың зиянына жалпы сипаттама ... ... ... ...
2.2 Ауыр металдар өндірісінің географиясы: шикізат көздеріне
бағытталуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Техногенді ластану және оның қоршаған ортаға тигізетін әсерін
көрсетіңіз ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4 Ауыр металдардың өсімдіктерге әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .
2.5 Ауыр металдармен ластанған қоршаған ортада қолданылатын
физико-химиялық әдістерді келтіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІІ Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
3
5
5
8
11
13
13
17
18
21
24
26
27

Кіріспе
Тәжірибе оқудың ең маңызды кезеңі болып табылады. Тәжірибе теориялық білім курсын бекіту мақсатында жүргізіледі, сонымен қатар өндірісте жұмыс істеу қабілеттерін практика арқылы қалыптастырып, білім беру және балаларды тәрбиелеу кәсібімен таныстырады.
Диплом алды тәжірибесі жоғары мамандандырылған мамандарды дайындаудың ең маңызды бөлімі болып табылады және ол ұйымдарда, барлық жеке мекемелерде жүргізіледі.
Мен ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5В060800-Экология мамандығының 4-курс студенті дипломалды іс-тәжірибемді 2017 жылдың қаңтардың 9-нан осы жылдың ақпан айының 12-сі аралығында Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша экология департаменті республикалық мемлекеттік мекемесінде өткіздім. Мен онда 2016-шы жылдың 26-ші қаңтары мен 26-ші ақпаны аралығында іс-тәжірибеден өттім. Мен іс-тәжірибеге күн сайын қалмай бардым. Жалпы мен іс-тәжірибемді өткізген мекеме, яғни Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша экология департаменті республикалық мемлекеттік мекемесі: 29 мамыр ҚазАқпарат-ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 22 мамырындағы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы № 656 қаулысымен Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің экология департаменттері қайта ұйымдастырылды.
Астана қаласы бойынша Экология департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитетінің аумақтық органы.
Мен онда жүріп, өзіме қажетті бағдарламаларды және осы мекеменің арнайы бағдарламалары және төмендегідей міндеттерімен, қызметтермен таныстым. Іс-тәжірибемді күнделікті сағат 9:00-дан бастап сағат 18:00-ге дейін өткізіп жүрдім.
Бұл кәсіпорынды таңдаған себебім дипломдық жұмысымның тақырыбына сәйкес ұйымдық құрылым болғандықтан таңдадым. Дипломдық жұмысымның тақырыбы: Ауыр металдардың миграциясының өсімдіктердің өсу параметріне әсерін анықтау.
Жалпы диплом алдындағы іс - тәжірибенің мазмұны мен маңыздылығы ол мекеменің жаңа үлгідегі зертханалық қондырғыларымен танысу, мекеме қолданатын жаңа бағдарламаларды үйрену, сол жердегі қызметкерлермен білім алмасу, дипломдық жұмысты оларға таныстыру және сол жерде оны қолдану және ең бастысы өзімнің 4 жылдық оқыған білімімді жинақтап жұмыста пайдалана білу болды.
Диплом алды тәжірибенің негізгі мақсаты- теория жүзінде алынған білім және дағдыларды жүзеге асыру, оқу үдерісі уақытында алынған және де таңдалынған ғылыми мәселе бойынша зерттеулерді практика жүзінде тексеруден өткізу, дипломдық жұмыстың қорытындысын шығару.
Диплом алды тәжірибенің міндеттері: теориялық білімді жетілдіру және бекіту, зерттеу жұмысының нәтижелерін тәжірибеде қолдану; дипломдық жұмысты орындауға қажетті инструктивтік-әдістемелік материалдарды оқу; оқу жылында қарастырылған ғылыми зерттеу материалдарын зерделеу.
Тәжірибеден өту барысында алдыма мынадай міндеттер қойдым:
+ оқу барысында алған теориялық кәсіби білімдерін тәжірибеде пайдалану дағдыларын тереңдету және бекіту;
+ ұжымда жұмыс істеуге үйрену;
+ Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша экология департаментідипломалды тәжірибесінің есебін жазуға материалдар жинақтап, оларды талдау.
Дипломалды тәжірибе процесінде мен Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша экология департаменті республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметімен танысып, нақты бөлімнің жұмыс нұсқауын оқып, тиісті бөлім мамандарымен тәжірибе есебіне байланысты сұрақтар бойынша жеке-жеке кеңесіп, оқу процесінде алған білімімді тәжірибеде бекіттім. Осының барлығы маған төменде ұсынып отырған тәжірибе есебіне қатысты материалдар жинақтауға көмектесті.
Тәжірибе бойынша есеп беру тәжірибе бағдарламасы мен студенттің жеке тапсырмасына сәйкес құрастырылды. Есеп беруде жеке тапсырмада қойылған барлық сұрақтарға жауаптар беруге тырыстым.

І-Тарау. ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша экология департаменті РММ-нің қызметінің жалпы сипаттамасы

1.1 ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша экология департаменті РММ-нің атқаратын қызметі

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органы болып Экология департаменті (бұдан әрі - Департамент) табылады, ол қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау саласындағы реттеу мен мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Комитеттің бұйрықтары мен ұйғарымдарына, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, тиісті үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.
Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан және егер уәкілеттік берілсе Комитеттің атынан түседі.
Департамент өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бұйрықтар түріндегі актілер шығарады.
Аумақтық органның құрылымы мен штаттық саны Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Жауапты хатшысымен Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрімен келісе отырып бекітіледі.
Департамент Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіпте, өзінің орналасқан жерінен тыс орналасқан және Департаменттің атынан және оның тапсырмасы бойынша олар туралы ереженің негізінде әрекет ететін заңды тұлға болып табылмайтын филиалдар құруға құқылы.
Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы ретінде мемлекет атынан Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 172 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің ережесі және осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаттары болып табылады.
Департаменттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Егер Департаментке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Департаментке кәсіпкерлiк субъектiлерiмен Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Департаментінің негізгі міндеттері:
- қоршаған орта сапасын жақсарту, экологиялық қаупсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды сақтау және қоғамның экологиялық орнықты дамуының қолайлы деңгейіне жету;
- қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік бақылауды, шаруашылық қызметті жүзеге асрыу барысында экологиялық талаптар нормативтерінің сақтауын өз құзыреті шегінде қамтамасыз ету;
-табиғат пайдаланушылардың өндірістік экологиялық бақылау жүргізуін үйлестіруді өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;
- өз құзыреті шегінде экологиялық ақпараттарды жинау және таратуды ұйымдастыру және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ағарту жүйесін дамыту;
- өз құзыреті шегінде аумақтық деңгейде мемлекттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыруды, заңнамада белгіленген тәртіпте экологиялық рұқсаттарды беру.
Мекеменің (РММ Астана қаласы бойынша Экология департаментінің) атқаратын қызметі :
- Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының, қоршаған орта сапасы нормативтерінің және экологиялық талаптардың сақталуын жүзеге асырады;
- өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді;
- өз құзыреті шегінде қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешiмдер қабылдау беру, тіркеу, қайтарып алу және қайта ресімдеу жасайды;
- қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес сыналған (әдістері, стандарттары, т.б.).
Қалада қоршаған ортаның ластануы және экологиялық заңнама талаптарының бұзылғаны жағдайында мониторинг жасау.
Департаменттің қызметін ұйымдастыру
Департаментті Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрімен келісе отырып, Төрағаның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Жауапты хатшысымен лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын Басшы басқарады.
Департамент Басшысы болмаған жағдайда оның міндетін орындау, Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің жауапты хатшысының бұйрығы негізінде Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің келісе отырып, орынбасарына немесе Комитеттің жәненемесе оның аумақтық бөлімшесінің басқа да қызметкеріне жүктеледі.
Департаменттің Басшысына демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстеме ақылар төлеу және сыйлық ақы беру мәселелері Комитет Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Жауапты хатшысының бұйрығымен рәсімделеді.
Басшының, Комитет Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Жауапты хатшысымен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары бар.
Тиісті облыстардыңАстана және Алматы Бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары Департамент Басшысының орынбарлары болып табылады.
Департамент Басшысы Департаменттің қызметін ұйымдастырады және басшылық етеді және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өзінің функцияларын жүзеге асыруға жеке жауаптылықта болады.
Департамент Басшысы осы мақсаттарда:
1) өзінің орынбасарының және Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен жауапкершіліктерін анықтайды;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Департамент қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) заңнамамен белгіленген тәртіпте Департамент қызметкерлерін тәртіптік жазаға тартады және мадақтау шараларын қолданады;
4) өзге де мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Департаменттін мүддесін ұсынады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
6) Департаменттің бұйрықтарына қол қояды.

1.2 Департаменттің негізгі құқықтары және міндеттері

Департаменттің негізгі міндеттері болып келесілер табылады:
1) қоршаған орта сапасын жақсарту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды сақтау және қоғамның экологиялық орнықты дамуының қолайлы деңгейіне жету;
2) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды, шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында табиғатты қорғау заңнамасының және экологиялық талаптар нормативтерінің сақталуын қамтамасыз ету;
3) қоршаған ортаны өндірістік экологиялық бақылау жүргізуді аумақтық деңгейде үйлестіру;
4) аумақтық табиғатты қорғау бағдарламаларын және әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары аясындағы іс-шараларды келісу және олардың жүзеге асырылуына бақылау жасау;
5) экологиялық ақпараттарды жинау және таратуды ұйымдастыру және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ағарту жүйесін дамыту;
6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктермен өзара әрекеттесу және ынтымақтастық орнату;
7) аумақтық деңгейде мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыруды, заңнамада белгіленген тәртіпте экологиялық рұқсаттарды беру.
Департамент заңнамада белгіленген тәртіпте келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) өз құзыреті шегінде экологиялық рұқсаттарды береді, тоқтата тұрады, кері шақырып алады және жояды;
2) өндірістік мониторинг бағдарламаларын, өндірістік бақылау бағдарламаларын келіседі;
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастырады және жүргізеді;
4) өз құзыреті шегінде лицензияланатын қызметтердің жекелеген түрлеріне лицензия алуға қорытындылар береді;
5) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының сақталуына мемлекеттік экологиялық бақылауды жүргізеді;
6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтер туралы есептік мәліметтер мен ақпараттарды әзірлейді және бекітілген тәртіпте Комитетке ұсынады;
7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады;
8) қоршаған ортаны қорғау саласындағы перспективті және ағымдағы жұмыс жоспарларын әзірлейді және бекітеді, сонымен қатар мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру мәселелері бойынша жұмыс жоспарларын Комитетпен келіседі;
9) өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және өткізу бойынша жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының қызметіне бақылауды жүзеге асырады;
10) қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы халықаралық конвенциялар мен келісімдерді, бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруға қатысады;
11) өңірдің өзекті экологиялық проблемаларын республикалық қаражат есебінен шешу үшін қажетті іс-шараларды жүргізу бойынша негізделген ұсыныстарды дайындайды және Комитетке ұсынады;
12) құпиялық режимді, құпия іс қағаздар жүргізуді қамтамасыз етеді және өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды техникалық қорғауды ұйымдастырады;
13) объектілердің қызметін реттейтін құжаттарды, онда қолданыстағы заңнамаға сәйкес экологиялық талаптардың мүмкіндігінше толық ескерілуі бөлігінде келісуге қатысады;
14) өз құзыреті шегінде Департаменттің сараптамалық комиссияларын құрамын анықтайды;
15) мобилизациялық дайындық және мобилизациялау бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
16) арнайы су пайдалануға рұқсаттар беруді келіседі;
17) қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және белгіленіп отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне қатысты экологиялық ақпаратқа қоғамның қол жетімділігін қамтамасыз етеді;
18) экологиялық рұқсаттарда (қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат және кешенді экологиялық рұқсат) қоршаған ортаға эмиссиялардың лимитін белгілейді;
19) өз құзыреті шегінде табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы лицензияларды, рұқсаттарды беруді, шарттарды (келісім шарттарды) келіседі;
20) қоршаған ортаның ластанған учаскілерінің мемлекеттік есебін, сонымен қатар қоршаған ортаның ластанған учаскілерінің тізілімін жүргізуге қатысады;
21) зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көму мен сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттік кадастрын жүргізуге қатысады;
22) өндіріс пен тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрын жүргізуге қатысады;
23) өз құзыреті шегінде экологиялық насихаттау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады;
24) су объектілерін кешенді пайдалану мен қорғаудың бассейндік схемаларын келісуге, бассейндік келісімдерді дайындауға, су объектілерін пайдалану, молықтыру және қорғау жөніндегі мемлекеттік (өңірлік және бассейндік) бағдарламалар әзірлеуге, сондай-ақ өз құзыреті шегінде су ресурстарын басқарудың бассейндік принципін іске асыруға қатысады.
Департамент өз құзыреті шегінде құқылы:
1) барлық ұйымдармен, лауазымды тұлғалармен және азаматтармен орындауға міндетті өз құзыреті шегінде шешімдерді қабылдауға;
2) белгіленген тәртіпте ұйымдар мен өзге де объектілерге меншік және бағыныстылық нысанына қарамастан кедергісіз кіруге (сонымен қатар әскери және қорғаныс объектілеріне);
3) өз құзыреті шегіндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттарды мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғалардан сұраттыруға, алуға;
4) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының бұзылуы анықталған жағдайларда жергілікті атқарушы органдардың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменттерінің мемлекеттік экологиялық сараптама бөлімдері берген мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын кері шақыруға ұсыныс енгізуге;
5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарастыруға, тиісті органдарға тұлғаларды әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы материалдарды жолдауға;
6) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығаруға;
7) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметті шектеу, тоқтата тұру және тыйым салу туралы талап-арыздар ұсынуға;
8) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу салдарынан қоршаған ортаға келтірілген залал мөлшерін айқындауға немесе анықтауға қатысуға, залалды өтеу туралы нұсқама шығаруға және сотқа талап-арыз ұсынуға;
9) банктер мен қаржы ұйымдарына мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болмаған құрылыс және шаруашылық және өзге де қызметтер жобаларын жүзеге асыруды қаржыландыруды тоқтату туралы нұсқамалар шығаруға.
Департаменттің міндеттемелері:
1) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;
2) өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде, бұл жөнінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдар ресми сұрау салған ретте қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсынуға;
3) Департмент қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілер этикасы нормаларын сақтауын қамтамасыз етуге;
4) Комитет басшылығына немесе құқық қорғау органдарына белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы жеткізу;
5) Департаменттің қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқарғанда гендерлік кемсітушілікке жол бермеу.
Департаменттің мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлері, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес мемлекеттік экологиялық инпектордың құқықтарын иеленеді.

1.3 Мекемнің техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері. Техника және еңбек қауіпсіздігімен танысу

Техникалық қауіпсіздік пен өрт сөндіру ережелерімен танысу күндері болды. Яғни бұл күндері техникалық қауіпсіздік ережелеріне сай, алғашқы көмек көрсете білу мақсатына арнайы екі сағат бөлінді және алғашқы өрт сөндіру кезінде қолданылатын жабдықтардың орнын көрсетіп шықты. Жалпы мекеменің техникалық қауыпсіздігі өрт сөндіруге қарсы алғашқы кезде қолданатын жабдықтармен жабдықталған. Оны мекеме ішіне кірген кезде байқауға болады. Жабдықтар қазіргі заман талабына сай, жоғары деңгейлі болып келеді. Мекемедегі әр қызметкер немесе іс - тәжірибеші ондай келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін, келесі техникалық қауыпсіздік ережелерін сақтау қажет:
Электрлік тоқпен зақымдалған адамды әрбір адам бірінші көмек яғни алғашқы көмек көрсете білу қажет:
1. электр тоғымен зақымдалған кезде тезірек тоқты өшіріп, зақымдалған адамды сымнан босату керек.
2. Егер тынысы тоқтаған жағдайда міндетті түрде дәрігер көмегін шақырып не жасанды тыныс алу жәрдемін көрсету қажет.Бұл әрекет тыныс пайда болғанша жасалу қажет.
3.Қызметкер өрт сөндіретін құралдарымен жұмыс істей білу қажет.
4.Өрт жағдайында қызметкер эвакуация жолдарын білу қажет.
5.Қызметкерлер электр қондырғыларының-сым өткізгіштеріне рұқсатсыз тимеу қажет.
6.Электр қондырғыларын су қолымен не ылғал киіммен жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.
7.Зақымдалған сымтетіктерді өз бетінше жөндеуге не жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.
8.Электр қондырғыларынмен жұмыс істеу барысында қолайсыз иіс, дыбыс немесе түтінделген сым байқалған болса, компьютерді өшіріп мекеме қызметкерлеріне хабарлау қажет.
9.Электр қондырғыларын ескерусіз қалдыруға не бөгде ададарды кіргізуге болмайды.
10.Электр қондырғыларынның үстіне кітап, дәптер, киім тағы басқа бөгде заттарды қоюға болмайды.
11.Зертханада реактивтермен жұмыс жасағанда өте сақ болу және ережелерді қатаң (қышқылмен, сілтімен, газбен) сақтау қажет.

ІІ-Тарау. Жеке тапсырма бойынша жұмыстың негізгі мазмұны мен қысқаша сипаты

2.1 Ауыр металдарға және олардың зиянына жалпы сипаттама

Ауыр металдар - тығыздығы темірдің тығыздығынан (7,874 гсм3) артық болатын түсті металдар тобы. Оларға мырыш, қорғасын, қалайы, марганец, висмут, мыс, сынап, сүрме, никель, кадмий жатады. Ауыр металдардың көптеген қосылыстары, әсіресе, тұздары организм үшін зиянды. Олар тағам, су, ауа арқылы ағзаға түскенде ыдырамайды, кейбір органдарды (бүйрек, бауыр, буын, т.б.) жиналып, денсаулыққа қауіп төндіреді. Сондықтан Ауыр металдардың қоршаған ортадағы мөлшері белгіленген шамадан аспауы керек.
Ауыр металдар - тығыздығы темірдің тығыздығынан (7,874 гсм3) артық болатын түсті металдар тобы.
Оларға мырыш,қорғасын, қалайы, марганец, висмут, мыс, сынап, сүрме, никель, кадмий жатады. Ауыр металдардың көптеген қосылыстары, әсіресе, тұздары организм үшін зиянды. Олар тағам, су, ауа арқылы ағзаға түскенде ыдырамайды, кейбір органдарды (бүйрек, бауыр, буын, т.б.) жиналып, денсаулыққа қауіп төндіреді. Сондықтан Ауыр металдардың қоршаған ортадағы мөлшері белгіленген шамадан аспауы керек.
Ауыр металдарға атомдық массасы 50 атом бірлігінен асатын немесе алтыдан аса тығыздықтағы қырық элемент жатады. Қауіпті ластаушылардың саны сыртқы ортадағы токсиндік, тұрақтылығын, жинақталуы мен аталған металдардың таралу масштабын ескергенде айтарлықтай аз. Ауыр металдар көптеген ферменттер құрамына кіріп биологиялық процестерге белсенді қатысады. Ауыр металдар тобы көбіне микроэлементтер түсінігімен сәйкес келеді. элементтердің экзогендік, жоғары концентрациясына микроэлементтер термині жарамайды. Ең алдымен өндірісте кең ауқымда және көп мөлшерде қолданылатын металдар зиянды. Олар биологиялық белсенді және токсинді.
Ауыр металдардың табиғи ортаға түсуі табиғи (тау жыныстары мен минералдардың үгілуі, эрозиялық процестер,жанартау атқылауы) және техногенді (пайдалы қазбаларды өндіру, өңдеу, жанармай жағу, көлік, ауылшаруашылығының әсері) болып екіге бөлінеді.
Өндіру мен өңдеу табиғи ортаның металдармен ластанудың күшті көзіне жатпайды. Бұл өндірістердегі ластанушы заттардың қалдығы жылуэнергетика қалдықтарынана әлдеқайда аз. Металлургиялық емес өндіріс, нақты айтқанда көмірдің жануы биосфераға ауыр металадардың түсуінің басты көзі. Жанармай жануынан атмосфераға тасталатын қалдықтар ерекше маңыды. Мыс: сынап, кадмий, кобальт, мышьяктың мөлшері өдірілетін металдардан 3-8 есе көп. ЖЭС-ның бір қазаношағы көмірмен жұмыс істеп, атмосфераға жылына 1-1,5 т сынап буын шығарады.
Атмосфера ауасында ауыр металдар органикалық және бейорганикалық қосылыс,шаң-тозаң және газ тәріздес түрінде болады. Осы орайда қорғасын, кадмий,мыс,мырыш аэрозольдері субмикронды диаметрі 0,5-1 мкм б-лшектерден6никель және кобальт аэрозольі ірі дисперсті бөлшектерден тұрады (1 мкм аса).
Металлургия өндірісінде Ауыр металдар қалдықтарыкөбіне ерімеген күйде болады.
Ластаушы көзден жою мөлшеріне қарай ірі бөлшектер шөгіп,еритін металл қосылыстарының үлесі жоғарылайды. Металдардың максималды мөлшері белдемі ластау көзінен 2мкм жоғарыда болады
ХХ ғасырдың басында, ғылым мен техниканың дамуы өндіріс орындарының жедел өсуіне ықпал етті. Осыған орай алғаш рет қоршаған ортаға химиялық элементтердің түсуі мен таралуы, және олардың тірі ағзаларға зиянды әсерін жүйелі түрде зерттеу өзекті мәселелер қатарынан орын алды.
Қазіргі кездегі дүние жүзі ғалымдарының басты мәселелердің бірі-пестицидтерден кейін ауыр металдардың тірі ағзаларға әсерін әлсірету болып табылады. Ауыр металдардың қоршаған ортаға таралуы тек табиғи жағдайда ғана емес, сонымен қатар антропогенді жолмен де қарқынды түрде жүзеге асуда. Олардың қатарына өндіріс қалдықтары, тау-кен өндірісі, транспорт, түсті және қара металл өндіру, құрамында ауыр металдар кездесетін тыңайтқыштарды ретсіз пайдалану, жылу-электр орталықтары (ЖЭО) немесе жалпы урбанизацияны жатқызуға болады.
Овчаренко М. М. (1995) мәліметтері бойынша жоғарыда келтірілген түсті металл балқыту заводтардан әр жыл сайын қоршаған ортаға - 154650 т. мыс, 121500 т. мырыш, 89000 т. қорғасын, 12000 т. никель, 765 т. кобальт, 1500 т. молибден, 30,5 т. сынап, ал көмір және мұнай өнімдерін жағудан 1600 т. сынап, 3600 т. қорғасын, 2100 т. мыс, 700 т. мырыш, 3700 т. никель және автотранспорт газынан 260000 тонна қорғасын бөлінеді [2], ал Новосибирскідегі Қоршаған ортаны қорғау комитетінің анықтауы бойынша ауаның ластануының 70 %-дан көбі автотранспорттан болса, 11 %-дайы ЖЭО үлесіне тиеді.
Жалпы ауыр металл дегеніміз, салыстырмалы атомдық салмағы 40-тан, тығыздығы 5 гтекше см-ден жоғары химиялық элементтер [6]. Ауыр металдарды улы элементтермен қоса есептегенде Менделеев таблицасының 23-дей бөлігі кіреді. Олардың ішінде кадмий, қорғасын және сынап элементтері ең улы ауыр металл болып саналады. 1980 жылғы UNESCO-нің шешімі бойынша бұған тағы сегіз элемент (V, Co, Mn, Cu, Mo, Nі, Zn, Cr) және үш металлоид (As, Se, Sb) қосылған болатын. Сонан соң олардың қатары тағы екі металмен толықтырылды (Tі, Sr) [6]. Осы элементтер тірі ағзаларға улы әсері жағынан мынадай кластарға жіктелген.
Ауыр металдарға атомдық массасы 50 атом бірлігінен асатын немесе алтыдан аса тығыздықтағы қырық элемент жатады. Қауіпті ластаушылардың саны сыртқы ортадағы токсиндік, тұрақтылығын, жинақталуы мен аталған металдардың таралу масштабын ескергенде айтарлықтай аз. Ауыр металдар көптеген ферменттер құрамына кіріп биологиялық процестерге белсенді қатысады. Ауыр металдар тобы көбіне микроэлементтер түсінігімен сәйкес келеді. элементтердің экзогендік, жоғары концентрациясына микроэлементтер термині жарамайды. Ең алдымен өндірісте кең ауқымда және көп мөлшерде қолданылатын металдар зиянды. Олар биологиялық белсенді және токсинді.
Ауыр металдардың табиғи ортаға түсуі табиғи (тау жыныстары мен минералдардың үгілуі, эрозиялық процестер,жанартау атқылауы) және техногенді (пайдалы қазбаларды өндіру, өңдеу, жанармай жағу, көлік, ауылшаруашылығының әсері) болып екіге бөлінеді. Өндіру мен өңдеу табиғи ортаның металдармен ластанудың күшті көзіне жатпайды. Бұл өндірістердегі ластанушы заттардың қалдығы жылуэнергетика қалдықтарынана әлдеқайда аз. Металлургиялық емес өндіріс, нақты айтқанда көмірдің жануы биосфераға ауыр металадардың түсуінің басты көзі. Жанармай жануынан атмосфераға тасталатын қалдықтар ерекше маңыды. Мыс: сынап, кадмий, кобальт, мышьяктың мөлшері өдірілетін металдардан 3-8 есе көп. ЖЭС-ның бір қазаношағы көмірмен жұмыс істеп, атмосфераға жылына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нақты жұмыс орнында қызмет атқару барысында студенттің теориялық білімдерін белсенді пайдалану
Студенттердің іс-тәжірибе базасы мен жұмыс орны
Өндірістік тәжірибенің өту орны
Тәжірибе жетекшілерінің міндеттері
Астана қаласының Алматы аудандық соты - Оқу-танысу тәжірибесі
Дипломалды практика бағдарламасы
Өндірістік практика бағдарламасы
Биология пәнін оқытуда жүгері өсімдігінің биологиялық және өнімділік ерекшеліктері
Еңбек ақы бойынша диплом алды іс – тәжірибе
Зерттеу пәні - кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Пәндер