Коксохимия өндірісінде суды пайдалану және оның ластануын экологиялық зерттеу, ақаба суларды тазарту



І КІРІСПЕ.

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І.ТАРАУ. «АРСЕЛОРМИТТАЛ ТЕМІРТАУ» АҚ.НЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
1.1 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ.ның қалыптасу және даму тарихы..
1.2 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ.ның құрамы мен атқаратын қызметіне сипаттама...
1.3 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ.ның экологиялық даму тұжырымдамасы.

ІІ.ТАРАУ. ЖЕКЕ ТАПСЫРМА БОЙЫНША ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ МЕН
ҚЫСҚАША СИПАТЫ.
2.1. Кәсіпорыңдағы суды пайдалану, суды шығару және ақаба суды
тазалау жүйелерінің сипаттамалары..
2.2 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ.ы коксохимия өндірісіндегі ақаба
сулардың құрамы мен сипаттамасы ... .
2.3 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ.ның экологиялық менеджмент жүйесі...

ІІ ҚОРЫТЫНДЫ..

ІІІ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Дипломалды тәжірибе жоғары білім берудің негізгі білім беру бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады. Оқу үрдісіне интеграцияланған оқу жоспарларының модульдері ретінде тәжірибе оқытудың ақырғы кезеңі болып табылады және студенттердің теориялық және практикалық оқыту бағдарламаларын меңгергеннен кейін жүргізіледі. Тәжірибе мақсаты болып студенттердің коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің, банктердің, сақтандыру компанияларының, зейнетақы қорларының, салық органдарының қызметіне практикалық қатысуы негізінде алған теориялық білімдерін бекіту; мемлекеттік қаржылар мен ұйымдардың қаржысы сферасында кәсіби машықтар мен өз бетінше жұмыс істеу тәжірибесін меңгеру; банк ісі, салық салу, қаржылық менеджмент облысында дипломдық жұмыс жазу үшін материалдар жинау, талдау және жалпылау. Тәжірибе, оқыту және кәсіби біліктілікті қалыптастыру үрдісінің құрамдасы ретінде, мазмұндылық, нәтижелік, өз бетінше жұмыс істеу қағидаларына негізделеді.
«Экология» мамандануы бойынша дипломалды тәжірибе студенттердің шаруашылық жүргізуші субъектілердің экология сферасындағы практикалық дағдылары мен машықтарын тереңдетуге бағытталған.
Аталған мамандық бойынша дипломалды тәжірибе базасы болып меншіктің кез келген түріндегі және кез келген ұйымдастырушылық құқықтық түрдегі ұйымдар табылады.
Тәжірибе оқудың ең маңызды кезеңі болып табылады. Тәжірибе теориялық білім курсын бекіту мақсатында жүргізіледі, сонымен қатар өндірісте жұмыс істеу қабілеттерін практика арқылы қалыптастырып, білім беру және балаларды тәрбиелеу кәсібімен таныстырады.
Диплом алды тәжірибесі жоғары мамандандырылған мамандарды дайындаудың ең маңызды бөлімі болып табылады және ол ұйымдарда, барлық жеке мекемелерде жүргізіледі.
Диплом алды тәжірибесі бекітілген оқу жоспары мен бағдарламаға сәйкес, оқу процесіндегі теориялық білімдерін кеңейту мен бекітуге бағытталған, кәсіби және ұйымдастыру қызметтік қалыптастыру үшін жүргізіледі. Диплом алды тәжірибесі қарастырылған профильдік пәндер циклын қаншалықты меңгергенін және оларды кәсіби тұрғыда қолдануды ұйымдастырады.
1. Газета Темиртауский Металлург № 5, 2017ж
2. Корпоративтік əлеуметтік жауапкершілік бойынша есеп. 2015ж.
3. Мустахимов Б.Қ. Химия өндірісінің негізгі үдерістері және аппараттары: Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2013. – 275 б.
4. Жаркенов Е. Астана қаласының ақаба суларын тазарту технологияларын жетілдіру. Астана, 2014ж.
5. Болбас М.М. Основы промышленной экологии. – М.: Высшая школа, 1998. – С. 55-58.
6. Нұрсейітов, Ш. Ш. Химия өндірісінің негізгі процестері мен аппараттары. Оқу құралы / Ш. Ш. Нұрсейітов, Е. Т. Шертаев, Қ. Ж. Керімқұлов. - Алматы : "Эверо", 2014. - 184 с
7. Экологические проблемы Казахстана связанные с хранением и утелизацией промышленных и бытовых отходов. Омаркулов Т.О., Кошербаева Л.М., Сейтжанов А.Ф. //Вестник КазНПУ им. АбаяМОН РК, Алматы, 2008, №2 (16), с.69-73
8. Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістеме. http://egov.kz/cms/kk/law/list/V15000 Су табиғи қор ретінде пайдалану және қолдану
9. А.Ж.АҚБАСОВА. АҚАБА СУЛАРДЫҢ ӨНЕРКӘСІПТІК ТАЗАЛАУ ӘДІСТЕРІ
10. Түзелбаев Б.И. Сала экономикасы: оқу құралы. - Алматы, 2007.- 80б
11. ҚР СТ ИСО 14001-2006 Экологиялық менеджмент жүйелері. Қолдану жөніндегі талаптар мен басшылық.

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

Қазақ технология және бизнес университеті
Технология факультеті

Химия, химиялық технология мен экология кафедрасы

Диплом алдындағы іс-тәжірибе бойынша

ЕСЕБІ

5В060800-Экология мамандығы бойынша

Жеке тапсырманың тақырыбы:
Коксохимия өндірісінде суды пайдалану және оның ластануын экологиялық зерттеу, ақаба суларды тазарту

Орындаған:

Тәжірибе жетекшісі
э.ғ.к., доцент:

Астана, 2017
ЖОспар

І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІ Негізгі бөлім
І-Тарау. АрселорМиттал Теміртау АҚ-ның құрамы мен
қызметінің сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1 АрселорМиттал Теміртау АҚ-ның қалыптасу және даму тарихы..
1.2 АрселорМиттал Теміртау АҚ-ның құрамы мен атқаратын
қызметіне сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 АрселорМиттал Теміртау АҚ-ның экологиялық даму
тұжырымдамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ-Тарау. Жеке тапсырма бойынша жұмыстың негізгі мазмұны мен
қысқаша сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Кәсіпорыңдағы суды пайдалану, суды шығару және ақаба суды
тазалау жүйелерінің сипаттамалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 АрселорМиттал Теміртау АҚ-ы коксохимия өндірісіндегі ақаба
сулардың құрамы мен сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 АрселорМиттал Теміртау АҚ-ның экологиялық менеджмент
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
ІІІ Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3
5
5
8
9
10
10
12
19
21
22

Кіріспе
Дипломалды тәжірибе жоғары білім берудің негізгі білім беру бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады. Оқу үрдісіне интеграцияланған оқу жоспарларының модульдері ретінде тәжірибе оқытудың ақырғы кезеңі болып табылады және студенттердің теориялық және практикалық оқыту бағдарламаларын меңгергеннен кейін жүргізіледі. Тәжірибе мақсаты болып студенттердің коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің, банктердің, сақтандыру компанияларының, зейнетақы қорларының, салық органдарының қызметіне практикалық қатысуы негізінде алған теориялық білімдерін бекіту; мемлекеттік қаржылар мен ұйымдардың қаржысы сферасында кәсіби машықтар мен өз бетінше жұмыс істеу тәжірибесін меңгеру; банк ісі, салық салу, қаржылық менеджмент облысында дипломдық жұмыс жазу үшін материалдар жинау, талдау және жалпылау. Тәжірибе, оқыту және кәсіби біліктілікті қалыптастыру үрдісінің құрамдасы ретінде, мазмұндылық, нәтижелік, өз бетінше жұмыс істеу қағидаларына негізделеді.
Экология мамандануы бойынша дипломалды тәжірибе студенттердің шаруашылық жүргізуші субъектілердің экология сферасындағы практикалық дағдылары мен машықтарын тереңдетуге бағытталған.
Аталған мамандық бойынша дипломалды тәжірибе базасы болып меншіктің кез келген түріндегі және кез келген ұйымдастырушылық құқықтық түрдегі ұйымдар табылады.
Тәжірибе оқудың ең маңызды кезеңі болып табылады. Тәжірибе теориялық білім курсын бекіту мақсатында жүргізіледі, сонымен қатар өндірісте жұмыс істеу қабілеттерін практика арқылы қалыптастырып, білім беру және балаларды тәрбиелеу кәсібімен таныстырады.
Диплом алды тәжірибесі жоғары мамандандырылған мамандарды дайындаудың ең маңызды бөлімі болып табылады және ол ұйымдарда, барлық жеке мекемелерде жүргізіледі.
Диплом алды тәжірибесі бекітілген оқу жоспары мен бағдарламаға сәйкес, оқу процесіндегі теориялық білімдерін кеңейту мен бекітуге бағытталған, кәсіби және ұйымдастыру қызметтік қалыптастыру үшін жүргізіледі. Диплом алды тәжірибесі қарастырылған профильдік пәндер циклын қаншалықты меңгергенін және оларды кәсіби тұрғыда қолдануды ұйымдастырады.
Мен ... ... ... ... ... .5В060800-Эколо гия мамандығының 4-курс студенті дипломалды іс-тәжірибемді 2017 жылдың қаңтардың 9-нан осы жылдың ақпан айының 12-сі аралығында АрселорМиттал Теміртау АҚ-да өттім. Бұл кәсіпорынды таңдаған себебім дипломдық жұмысымның тақырыбына сәйкес ұйымдық құрылым болғандықтан таңдадым. Дипломдық жұмысымның тақырыбы: АрселорМиттал Теміртау АҚ коксохимия өндірісінде суды пайдалану және оның ластануын экологиялық зерттеу, ақаба суларды тазарту. Мен дипломалды тәжірибемде коксохимия өндірісінде суды пайдалану және оның ластануын экологиялық зерттеп, ақаба сулардан тазарту жағдайына тоқталып, кәсіпорындағы осы бағытта жүргізіліп жатқан іс-шаралармен таныстым.
Тәжірибенің басты мақсаты - теориялық білімді тәжірибе жүзінде көрсету. Өндірістік қызметтің негізгі бағыттарын меңгеру. Өз ісіңе жауапты, еңбекқор, жоғары теориялық білімі жеткілікті жұмыскер ретінде ұсыну. Ұжымда жұмыс істеуді үйрену.
Тәжірибеден өту барысында алдыма мынадай міндеттер қойдым:
+ оқу барысында алған теориялық кәсіби білімдерін тәжірибеде пайдалану дағдыларын тереңдету және бекіту;
+ ұжымда жұмыс істеуге үйрену;
+ АрселорМиттал Теміртау АҚ-нің негізгі қызметі және оның тарихымен танысу;
+ АрселорМиттал Теміртау АҚ-нің заңды және нормативті актілерімен танысу;
+ АрселорМиттал Теміртау АҚ-нің құрлымы және оның бөлімшелерімен танысу;
+ дипломалды тәжірибесінің есебін жазуға материалдар жинақтап, оларды талдау;
+ коксохимия өндірісінде суды пайдалану және оның ластануын экологиялық зерттеу;
+ суды өндірістік қалдықтармен ластанудан қорғау шараларымен танысу;
+ кәсіпорындағы ақаба сулардан тазарту технологиясымен танысу;
Дипломалды тәжірибе процесінде мен АрселорМиттал Теміртау АҚ-нің қызметімен танысып, нақты бөлімнің жұмыс нұсқауын оқып, тиісті бөлім мамандарымен тәжірибе есебіне байланысты сұрақтар бойынша жеке-жеке кеңесіп, оқу процесінде алған білімімді тәжірибеде бекіттім. Осының барлығы маған төменде ұсынып отырған тәжірибе есебіне қатысты материалдар жинақтауға көмектесті.
Тәжірибе бойынша есеп беру тәжірибе бағдарламасы мен студенттің жеке тапсырмасына сәйкес құрастырылды. Есеп беруде жеке тапсырмада қойылған барлық сұрақтарға жауаптар беруге тырыстым.

І-Тарау. АрселорМиттал Теміртау АҚ-ның құрамы мен қызметінің сипаттамасы

1.1 АрселорМиттал Теміртау АҚ-ның қалыптасу және даму тарихы

"Арселор Миттал Теміртау" АҚ. Қазақ металлургия зауыты - Қазақстан қара металының тұңғышы, Қарағанды металлургия комбинатының негізін қалаушысы болған.
Кәсіпорын тарихының қысқаша хронологиясы мынадай:
1942 жылы 1 қазанда КСРО халық комиссарлары Кеңесінің өкімімен Наркомчерметке темір кендерінің Атасу кен орны базасында Қарағанды металлургия зауытының жобасын жасақтау тапсырмасы ұсынылды.
1943 жылы 24 маусымда қара металлургия халық комиссары И. Ф. Тевосян Қарағанды металлургия зауытының бірінші жобасын бекітті.
Ол Ұлы Отан соғысы жылдары салынып эксплуатацияға берілген.
Қазақстан Магниткасы атанған осы Қарағанды металлургия зауыты 1960 жылы 3 шілде күні алғашқы шойынды берді.
1995 жылдың қараша айында комбинат жұмысы LNM-Qroup компаниясына берілді, компанияның негізін құрушы және басқарушы Лакшми Н Миттал мырза (LNM).
1955 жылы 7 қарашада зауыттың бірінші өнеркәсіптік объектісі ЖЭО-ПВС - нің құрылысы басталды.
1956 жылы 14-25 ақпанда КОКП ХХ съезді "Қарағанды металлургиялық зауытында қуаты 1 миллион 350 мың тонна шойын өндіретін екі домна пешін қолданысқа беру туралы" шешім қабылдады.
1957 жылы 3 желтоқсанда көлемі 1513м3 болатын №1 домна пешінің салтанатты іргетасын қалау болды. Пешке ВЛКСМ қырық жылдығы аты берілді.
1958 жылы 15-18 мамырда Қазақстандық Магнитка Бүкілодақтық екпінді комсомол құрылысы деп аталды.
1959 жылы 1 шілде ЖЭО-ПВС бірінші өнеркәсіптік қуат берді.
1960 жылы 30 мамырда Нижнетагиль металлургия комбинатының директоры СОциалистік Еңбек Ері А. Ф. Захарованың төрағалығымен мемлекеттік комиссия көлемі 1517 текше метр болатын №1 домна пешін пайдалануға қабылдап, үрлеуді 2 шілдеге белгіледі.
1960 жылы 3 шілде 15 сағат 7 минутта №1 домна пеші алғашқы қазақстандық шойынды шығарды. Бұл күн Қарағанды металлургия зауытының туған күні болып есептеледі.
Бұдан ары қарай өндірістік объектілер мен өндірістік қуаттар кезең-кезеңмен қатарға қосыла берді.
1960 жылы 1 желтоқсанда қазақстандық алғашқы кокс берілді.
1962 жылы 22 желтоқсанда кокс-химия өндірісінің бірінші кезегінің құрылысы аяқталды.
1963 жылы 23 маусымда бірінші қазақстандық агломерат алынды.
1964 жылы 1 қазанда №1 және №2 үлкенжүкті мартен пештерін пайдалануға беру туралы актіге қол қойылды. Бірінші шойын шығарылды.
1966 жылы 25 наурызда слябинг "1150" пайдалануға қабылданды, (күйдіру цехы).
1966 жылы 15 желтоқсанда №1 көмірмен байыту фабрикасы пайдалануға берілді.
1968 жылы 9 қаңтарда "1700" ыстықтай илектеу станы (ТТЦ-1) пайдалануға берілді.
1970 жылы 18 сәуірде КСРО-да 250-тонналық конвертер пайдалануға енгізу туралы актге қол қойылды.
1970 жылы 27 шілдеде Қарағанды металлургия зауытының базасында Қарағанды металлургия комбинаты құрылған, оның құрамына Қазақ металлургия зауыты, Атасу және Оңтүстік-Топар кен басқармасы және Алексеевский доломитовый карьері енген.
1973 жылы 22 маусымда суық илектеу парағының цехы (ТТЦ-2) пайдалануға берілді.
1983 жылы 31 желтоқсанда 445 мың тжыл өнімділікті қаңылтыр цехы (ТТЦ-3) пайдалануға берілді.
1985 жылы 27 қыркүйекте №2 мартеновском цехында жаңа тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғы көлденең дайындамаларды үздіксіз құю машинасы (ГМНЛЗ) пайдалануға қабылданды.
1995 жылы 17 қарашада Қарағанды металлургия комбинаты "LNM Group" меншігіне өтіп, одан әрі "Испат-Кармет" ААҚ ретінде әрекет ете бастады.
1996 жылы 17 сәуірде комбинат құрамына ЖЭО-2 кірді.
1996 жылы маусымда құрамында сегіз шахталар мен кешенді қосалқы кәсіпорындары бар көмір департаменті құрылды.
"Арселор Миттал Теміртау" Көмір департаменті 1996 жылы шілді айында Қарағанды көмір бассейнінің 15 шахтасы "Испат Қармет" ААҚ көмір департаментінің құрамына енген. (Қазір "Миттал Стил Теміртау" АҚ).
Қайта жаңартудан кейін департаментінің құрамында ірілендірілген 8 шахтасы және қосалқы қызмет орныдары бар. Қазір ол жер асты тәсілімен кокстелген көмкр өндіретін ең ірі кәсіпорын.
"Миттал Стил Теміртау" АҚ өндіріске қызмет көрсететін темір жолы және энергетика тораптары бар.
Департамент басшыларының стратегиялық бағыты өндірісті шоғырландырып шахталық құрылымдарды қайта қарау, сөйтіп әлемдік стандартқа сай келетін жаңа техникалық деңгейге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Тазарту забойлары тәулігіне 5-6 тонна көмір өндіретін жаңа техникалармен жабдықталуда.
2002 жыл 5 тамызда көмір департаментінің 5 өндіру участкесі "жылына әрбір участке - бір лавадан миллион тонна көмір өндіру" девизі мен жарыс шартын жасады. Бұл жарыс шахтерлер жылнамасының жаңа бетін ашады. Оның принципі - бұрын 5-6 лава берген көмірді қазір бір лавадан өндіру.
1998 жылы наурызда - "Mannesman Demag Metallurgy" фирмасымен ТТЦ-2 өңдеу желілерін жаңғырту жүргізілді.
1998 жылғы шілдеде ыстықтай мырыштау және жолақтарды алюминирлеу цех пайдалануға берілді.
1999 жылы қазанда меншікті "Өркен" ЖШС рудалық бөлімшесі құрылды.
2001 жылы 12 желтоқсанда ЦГЦА жолақтары құрамында үздіксіз ыстық мырыштау екінші желісі пайдалануға берілді.
2001 жылдың желтоқсаны - құбыр стан өндіріске енгізілді.
2004 жылы желтоқсанда "Испат-Кармет" ААҚ-ы "Миттал Стил Теміртау" АҚ- ы болып қайта аталды;
2005 жылы 18 қаңтарда 2005 ж. дайындамаларды үздіксіз құю машинада (МНЛЗ-1) бірінші сляб шығарылды.
2005 жыл қыркүйекте полимерлі жабындар түсіру бойынша желіде алғашқы өнім алынды.
2007 жылғы тамызда "Миттал Стил Теміртау" ААҚ-ы, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ы болып қайта аталды.
2008 жылы 1 шілдеде сорттық илек өндірісі іске қосылды.
2011 жылы №3 шаршы дайындамаларды алтытұтқалы үздіксіз құю машинасы (МНЛЗ-3) пайдалануға берілді.
2012 жылы "Линде Газ Казахстан" ЖШС-і салған ауа бөлудің жаңа блогы іске қосылды.
"Миттал Стил" компаниялар тобы мен "Арселор" бірлескеннен кейін жаңа корпорация жылына 120 млн. тонна болат өндіретін әлемдегі аса ірі өндірушілердің біріне айналды. Әлемнің 21 елінде 61 заводы бар "Арселор Митталдың" географиялық ауқымы мен өнімдерінің алуан түрлігі бойынша теңдесі жоқ. Компанияда барлығы 320 мың адам еңбек етсе, соның 50 мыңы Қазақстан азаматтары. Осы заманға дүниежүзілік деңгейдегі кәсіпорын, ірі металлургиялық комплекс, әлемде 75-тен астам ел оның өнімдерін пайдаланады.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ толық технологиялық циклді металлургиялық комбинат. Оның құрамына - химиялық кокс өндірісі, жалпы өндірістік қуаты жылына 5 млн. тонна шойын өндіретін домна пеші, болат балқытатын өндіріс, конвертелрі цех т.б. өндіріс орындары кіреді.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ жетілдірілген жабдықтармен толық қамтамасыз етілген, халықаралық стандартқа сай аттестациялық сынақтар өткізіп тұрады.
Әлем елдерінің 30-дан астамы комбинат өнімдерін сатып алады.

1.2 АрселорМиттал Теміртау АҚ-ның құрамы мен атқаратын қызметіне сипаттама

АрселорМиттал - əлемнің 60-тан астам елдерінің нарығында орын алған дүние жүзіндегі жетекші тау-кен металлургиялық компания.
АрселорМиттал Теміртау АҚ АрселорМиттал тобының құрамына кіреді жəне Қазақстан Республикасының тау-кен металлургиялық секторының ірі кəсіпорындарының бірі болып табылады. Кəсіпорын өзінің көмірі, темір кені жəне энергетикалық базасы бар интеграцияланған тау-кен металлургиялық кешеннен тұрады.
АрселорМиттал Теміртаудың құрамына:
Теміртау қаласында орналасқан металлургиялық комбинат,
Қарағанды облысындағы 8 көмір шахтасы,
Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарында орналасқан темір кенін өндіретін 4 кеніш кіреді.
2016 жылы АрселорМиттал Теміртау АҚ 36000 адамнан астам еңбек етті.
АрселорМиттал Теміртау АҚ жайпақ жəне сұрыпты илек, оның ішінде полимермен, мырышпен жəне алюминий мен қапталған илек өндіруге мамандандырылған, сонымен қатар агломерат, темір кенді жəне көмір концентратын, кокс, шойын, болат, оның ішінде үздіксіз құйылған слябтар, штрипс, лонжерон жолағын электр дəнекерленген құбырлар жəне домна, кокс химия өндірістерінің ілеспе өнімдерін өндіреді.
Кəсіпорын ISO 9001 сапа менеджмент жүйесіне, ISO 14001 экологиялық менеджмент жүйесіне жəне OHSAS 18001 еңбек қауіпсіздігі жүйесіне, сондай-ақ мемлекеттің заңнамалық талаптарына сəйкестікке сертификатталған.
АрелорМиттал Теміртау АҚ əлеуметтік бағытталған компания болып табылады. Кəсіпорынның теңгерімінде демалыс үйлері, санаторийлер, балалардың жазғы сауықтыру лагерьлері, спорт кешендері жəне медициналық мекемелері бар.
Компания Теміртау қаласының тұрғындарына коммуналдық қызметтерді (ыстық жəне суық су, жылыту, электр энергиясы) жеткізуші болып табылады.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ құрамына мыналар кіреді:
- болат департаменті;
- көмір департаменті;
- теміркенді департаменті
Коксхимия өндірісі болат департаментінің құрамында жұмыс істейді. Кокс-химия өндірісі қуаты жылына 3,5 млн. тонна кокс шығаратын алты коксты батареялардан құралған.
Кокс-химия өндірісіне шикізат ретінде Қарағанды көмір бассейнінің кокстелетін көмірі алынады.
Кокс-химиялық өндірісінің құрамына химиялық ұстау цехы, кокс цехы кіреді.
1.3 АрселорМиттал Теміртау АҚ-ның экологиялық даму тұжырымдамасы

Біздің негізгі құндылықтарымыз - тұрақтылық, сапа жəне көшбасшылық, өз жұмыскерлеріміздің, мердігерлеріміздің жəне біз жұмыс істейтін аймақтардағы қауымдастықтардың денсаулықтарына, қауіпсіздіктеріне жəне əл-ауқаттарына байланысты барынша жауапты жұмыс істеуге компанияға жауапкершілік жүктейді.
Сондай-ақ, АрселорМиттал болат өндірісінде үздік технологияларды жəне климаттың өзгеруімен күресуге бағытталған ілеспелі зерттеулерді жүргізуде жетекші рөл атқара отырып, қоршаған ортаға өз əсерін барынша азайтуға ұмтылады. Экологиялық болат өндірісі Біз қоршаған ортаға тигізетін əсерімізді төмендетеміз жəне жаңа технологияларды ендіреміз.
Қазақстанның АрселорМиттал үшін маңызы зор. 1995 жылы Қазақстанда металлургиялық жəне кен өндіруші активтерін сатып алу компанияның шын мəнінде ғаламдық корпорацияға айналу жолында маңызды кезеңге айналды. Жаңашаландыруға жəне Қазақстанда өз əрекетіміздің өрісін кеңейту жолындағы біздің əдіс-тəсілдерімізді келесі сөздермен сипаттауға болады, олар - болатты қауіпсіз жəне тұрақты өндіру. Соңғы бірнеше жылдар ішінде Қазақстандағы АрселорМиттал компаниясының кəсіпорындары еңбек қорғау жəне қауіпсіздік техникасы саласындағы нəтижелерін айтарлықтай жақсартты. Бірақ жұмыс аяқталды деуге əлі ерте. Жақсарту барысы үздіксіз - компанияда металлургия жəне тау-кен өндіру жабдықтарын жаңашаландыру, өндірістік үрдістерді автоматтандыру, жаңа технологияларды меңгеру үздіксіз жүріп жатыр. Біз өндірісті əлемдік деңгейде ұстауға ұмтыламыз жəне біздің əрекетіміз Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы үшін өңірлік жəне мемлекеттік деңгейде маңызды мүмкіншіліктер тудырады деп санаймыз.
Тұрақты дамуды үш элементке: экологиялық тұрақтылыққа, тұрақты экономикаға жəне қоғамның тұрақты дамуына бөлген уақытта, ақырғы нəтиженің ең жақсысына жету үшін, аталған үш элементтің үшеуін де назардан тыс қалдырмау керек. Осылайша, біз бизнеске жауапты көзқарасымызды сақтай отырып, өзіміздің көшбасшы күйімізді сақтап қалуға міндеттіміз. Қазақстандағы АрселорМиттал кəсіпорындары болашақта да өндірістік əрекетін қауіпсіз, топтың стратегиясына жəне бизнес-мақсаттарына сəйкес, сондай-ақ ҚР-ның заңнамасына сəйкес жүргізеді. Біз əлеуметтік, мəдени жəне спорттық жобаларды қолдаймыз, ардагерлерге, балаларға жəне жастарға көмек көрсетеміз, қала инфрақұрылымының дамуына инвестициялар саламыз, шағын жəне орта бизнестің дамуына, аймақта жəне мемлекетте іскерлік белсенділіктің даму шарттарын қалыптастыруға қолдау көрсетеміз. Сонымен қатар, мен өз əріптестерімді компанияның ішінде, сондай-ақ одан тысқары жерлерде де прогресс пен жергілікті қауымдастықтардың өркендеуі біздің табысымыздың кілті деген қағиданы басшылыққа алуға үздіксіз шақыруды тоқтатпаймын.

ІІ-Тарау. Жеке тапсырма бойынша жұмыстың негізгі мазмұны мен қысқаша сипаты
2.1 Кәсіпорыңдағы суды пайдалану, суды шығару және ақаба суды тазалау жүйелерінің сипаттамалары

Ақаба сулар -- тұрмыстық қоқыстар және өндірістік қалдықтармен ластанып, елді мекендер аумағынан арнаулы канал жүйелері арқылы сыртқа шығарылатын сулар.
Ол тұрмыстық (мысалы: аурухана, асхана, монша, жеке пәтерлерден тағы басқа шығарылған сулар), өндірістік (мысалы: кен байлықтарын өндіру кезінде жер астынан айдап шығарылған, жылу агрегаттарын суыту кезінде пайдаланылған тағы басқа сулар) және атмосфералық (жаңбыр және қар мен мұздан еріген тағы басқа сулар) болып бөлінеді. Қоршаған табиғи ортаны ластайтын болғандықтан мұндай суларды дер кезінде тазарту қажет. Ақаба суларды тазарту механикалық (судағы тез тұнатын немесе су бетіне қалқып шығатын заттарды техникалық құралдармен арылту, ол үшін көбіне қиыршық тасты, құмды сүзгіні пайдаланады), биологиялық (микроорганизмдердің көмегімен органикалық заттарды суда жақсы еритін минералды не қарапайым затқа дейін ыдырату), физикалы-химиялық (ақаба суды ластағыш заттардан коагуляция, адсорбция және хлорлау арқылы тазарту) сияқты әдістермен жүзеге асырылады.
Ақаба су - 1) бұрын өндірісте, тұрмыста немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылған, сондай-ақ қандай да бір ластанган аймақ, соның ішінде (өнеркәсіп, ауылшаруашылық, коммуналдық-тұрмыстық, нөсер, т.б ағындылары) елді мекен арқылы өткен су;
2) адамның тұрмыста және өндірістік іс әрекетінде пайдаланылғаннан кейінгі су.
Ақаба судың әрбір текше метрі таза судыц 60 м3-ін ластайды. Ақаба су шаруашылық тұрмыстық, өндірістік және атмосфералық болып бөлінеді. Акаба судың шаруашылық-тұрмыстық ластағыш түріне байланысты физиологиялық қоқыстармен және шаруашылық ағындыларымен ластанған түрлері ажыратылады. Өндірістік ақаба су кұрамы ақаба су түзілетін технологиялық процестермен, сондай-ақ материал мен шикізаттың химиялык қасиеттерімен анықталады. Ластанған және нормативті таза (яғни, тазалауды қажет ететін) өндірістік ақаба су болып ажыратылады. Атмосфералық ақаба су нөсер (жаңбыр) және қар суы болып бөлінеді
Өндірістік ақаба суларды тазалу әдістері төрт топқа бөлінеді (кесте-1)
- механикалық;
- физика-химиялық ( адсорбция, абсорбия, электрохимиялық);
- биологиялық;
- химиялық.
Мұнай және мұнай өнімдері бар ақаба суларды тазалау үшін, концентрациясы 100 мгл астам емес жағдайда, мұнай қақпандары қолданылады. Бұл құрылғылар тік бұрышты резервуардан тұрады, онда тығыздыққа байланысты мұнайды судан бөлу процессі жүзеге асады. Мұнай және мұнай өнімдері бетіне қалқып шығады, онда жиналып мұнай қақпанынан пайдалануға жіберіледі.
Қазіргі уақытта қоршаған ортаның химиялық ластануы, осы энергия тасушыларын өндіру, тасмалдау және өңдеудің орасандығына байланысты, соның ішінде мұнаймен, одан өндірілген өнімдерімен ластану ерекше қауіп төндіреді.
Жалпы ластану қаупі мұнайлық ластанудан тазарту әдістерін әзірлеуді ынталандырады. Мұнай апаттарыда судың, ауаның ластануына орасан зор зиянын келтіреді. Нәтижесінде, ағынды сулар ластанып, ішке тұтынған тірі ағзалар әр түрлі дертке шалдығады.
Соңғы уақытта микробиологиялық әдіске көп көңіл бөлінуде. Бұл әдістің сөзсіз артықшылығы-тиімділік, үнемділік, экологиялық қауіпсіздік, технологиялық бейімділік және екінші рет ластанбау. Осы әдістерге тазарту үрдісінде түрлі заттардың гельдерін қолдану жатады.

Кесте 1. Ағынды суларды өңдеу әдістері

Механикалық
Химиялық
Физика-химиялық
Биохимиялық
1.Тұндыру
2.Гидроциклонды тазалау
3.Центрифугирлеу
4.Фильтрлеу
1. Тотықтыру
2.Тотықсыздандыру
3.Бейтараптандыру
4.Тұнбалау
1.Флокуляция, коагуляция
2.Флотация, электрофлотация
3.Экстракция
4.Электролиз
5.Сорбция
1. Фильтрация өрісі
2. Биофильтрлер
3.Тотықтырғыш каналдар

Гельдің ісіну қабілеттілігі гельдің торларының арасындағы эффектілі тебісу қабілеттілігіне байланысты. Тебісу және тартысу күшінің бәсекелестігі салдарынан, гельдің күйін макродеңгейге өзгерту мүмкіншілігі туады. Бұл гидрогельдің жүйесінің күйін манипуляциялау мүмкіншілігін береді. Манипуляциялау келесі жолмен жүзеге асады: гидрогельдің құрамына әр түрлі функционалды топтарды енгізеді, топтардың әрқайсысының өзіне тән қасиеті болады. Гидрогельді белгілі бағытта қолдануына байланысты оның құрамына қажетті функционалды топты енгізеді( негіздік, қышқылдық, спирттік және т.б.). Бұл топтарды енгізу арқылы гидрогельдерді әр түрлі салада қолдануға мүмкіндік туады: медицина, фармацевтика, мұнайөңдеу, ағынды суларды мұнай өнімдерінен тазалау, өсімдік өсіру, биотехнология және т.б.
Гидрогельдердің физика-химиялық қасиеттерін зерттеудің нәтижелеріне сүйенсек, гидрогельдерді ақаба суларды мұнайөнімдерінен тазартуға жарамды екені анықталған.

2.2 АрселорМиттал Теміртау АҚ-ы коксохимия өндірісіндегі ақаба сулардың құрамы мен сипаттамасы

Өндірістік ақаба суларды тазарту айналымды, кері, тұйықталған сумен жабдықталу жүйелерін қолдану мақсатында қолданылып, қалалық кешендердің сумен қамтылуы мен су нысандарына құйылуын қамтамасыз етеді. Технологиялық үрдісте қолданылатын су келесідей қоспалардан тұрады: мөлшері 0,1 мкм және одан жоғары бөлшектер су - спензиялар құрайды, ал ерімеген суда басқа сұйықтықтардың тамшысы эмульсия құрайды. Коллоидты жүйелердің еріген суында өлшемі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АрселорМиталл Теміртау АҚ-ның экологиялық жағдайына шолу
Өзендер мен көлдердің ластануы
Ашық тау өндірімдері
Әлемдік мұхит туралы ақпарат
Қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды өндірісте пайдалану өзектілігі
Ақаба суларды биологиялық тазарту
Көкшетау қаласының ағынды суларын тазарту жөніндегі имараттарға талдау жүргізу және олардың тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды ұйымдастыру
Судың радиоактивтік ластануы
Мұнай өңдеу зауыттарындағы ақаба суларын өңдеудің кешенді схемалары
Өндіріс әдістерімен суды тазарту
Пәндер