Табиғатпен таныстыру арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
І КІРІСПЕ..
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І.ТАРАУ. ТАБИҒАТПЕН ТАНЫСТЫРУ АРҚЫЛЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ
1.1 Адамгершілік тәрбиесінің мәні және оның құрамдас бөліктері.
1.2 Адамгершілікке тәрбиелеудің он алты ережесі...
1.3 Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат туралы ұғымды қалыптастыру маңыздылығы..
ІІ.ТАРАУ. ТАБИҒАТПЕН ТАНЫСТЫРУ АРҚЫЛЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ
ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ..
2.1 Табиғатпен таныстыру арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің
маңыздылығы мен мазмұны.
2.2 Табиғатпен таныстыру арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
әдістемесі.
2.3 Табиғатпен таныстыру негiзiнде балалардың адамгершiлiк
мәдениетiн қалыптастыру әдістері..
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ...
ІV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Ұрпақ тәрбиесі – ата-бабамыздан келе жатқан рухани мұралардың бірі. Қай елдің болсын бірлігінің қалыптасуы мен өркендеуі дәстүрлі ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарымен сабақтасып жүзеге асатындығы белгілі. Сол себептен де бүлдіршіндердің бойына ұлттық құндылықтарды дарытып, рухани бай мұрамызды бойларына сіңіре тәрбиелеу ─ алда тұрған басты міндеттердің бірі. Елбасымыз жариялаған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының көздегені де осы, яғни, төл дәстүрімізді, әдебиетіміз бен мәдениетімізді жаңғырту, дініміз бен тілімізді өркендету.
«Мәңгілік Ел» Патриоттық Актісін жүзеге асыратын жастар болғандықтан оларды бала кезінен бастап, ең алдымен, білімді, ұлттық құндылықтар мен заманауи игіліктерді өз бойына біріктіріп, ұштастыра білетін, өз елінің нағыз жанашыр азаматтары ретінде қалыптасуға тәрбиелеу біздің міндетіміз.
Адамгершілік тұрғыдағы құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай тұлғаны қалыптастыру оның бала кезінен бастау алады. Халықта «Ағаш түзу, әдемі болып өсу үшін оны көшет кезінде баптау керек, ал қисық ағаш болып өскенде оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан, баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық сынды қасиеттерді саналарына сіңіріп, жаһандану заманында өз елін қорғайтын, үлкенді сыйлайтын «Мәңгілік Ел» ұрпағын тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиеші зор рөл атқарады.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне жүгінсек, «Адамгершілік» сөзі: ар-ұждан тазалығы, адамшылық.
Адамгершілікке тәрбиелеу, бауырмалдыққа үндеу – қазақ халқы ертегілерінің басты арқауы. Ертегілерде халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары мен мінез-құлықтары, еңбексүйгіштігі, Өз Отанына, халқына, туып өскен жеріне, табиғатқа деген сүйіспеншілік тәрізді адам бойындағы ең жақсы қасиеттер бейнеленеді. Ертегілер қазақ фольклорының бай мұрасы ретінде балаларға жан жақты білім мен тәрбие беруде маңызды роль атқарады.

1. «Мәңгілік Ел» мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілік тәрбиелеу бойынша ұлттық идея мәнмәтінінде әдістемелік ұсынымдар. –Астана: 2016. – 28 бет.
2. «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi N 160 Заңы,
3. Рухани тәрбие сабақтары. Алматы. 2003. 70.
4. Нұрғалиева О. Адамгершілік асыл қасиет. 1978.
5. Мұхамбетова С.Қ. Педагогика және педагогикалық технологиялар. – Ақтөбе, 2001.-118б.
6. Айтжанова З. Салауаттылық - өмір салты. Адамгершілікке тәрбиелеу. //Бастауыш мектеп. 2004, №1.
7. Әбдіжапарова Ж. Мектеп балаларына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. Алматы: Рауан, 1998.
8. Бала тәрбиесі. Мұғалімдерге арналған құрал. Іс тәжірибесі. Алматы: Мектеп, 1985.
9. Дүйсембекова Ш.Д. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде педагогикалық жағдаяттар. Семей, 1999.
10. Қарсыбаева Р. Адамгершілік қасиетті бала бойына дарыту. Алматы: Мектеп, 2001.
11. Рахимова Э. Педагогикалық зерттеу. Адамгершілікті ұрпақ тәрбиелеу. Алматы: Абай атындағы ҚҰПУ, 2004.
12. Сламбекова Т., Сыдықова З. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу. //Бастауыш мектеп. 2004, №5.
13. Төлеубеков А.Р. Адамгершілік тәрбиенің негіздері. Алматы, Атамұра, 1999.
14. Нүсіпбекова М.И., Жүнісова Қ.Ш. Педагогикалық сыр-сандық. Алматы: Кітап, 2003.
15. Силыбаева О.Қ. Қазақ мектебінің ұлттық тәрбие жүйесі // Білім беру жүйесіндегі этнопедагогика, №5, 2006.
16. Аймағанбетова К. Айналамен балаларды таныстыру. «Балауса баспасы» Алматы, 2003ж.
17. Павлович С.А. Табиғат тану негіздері мен методикасы. «Мектеп» Алматы 1973ж.
18. Ж.Н. Мукашев. Жалпы жер тану. Оқу құралы. Алматы. «Қазақ университеті» 2002ж.
19. Керiмбаева Р. Табиғат. Бала. Тәрбие.\\ Отбасы және балабақша. – 1997. № 1 – 3. 50 – 52б.
20. Қалықбаева З. Табиғат – тал бесiгiң. \\ Отбасы және балалақша. – 1995. № 6. 30б.
21. Қоқанбаева Р. И. Экологиялық тәрбие беру. \\ Отбасы және балабақша. – 2006. № 5. 20 – 22б.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қарағанды Болашақ маңызды білім беру колледжі
Жеке пәндер әдістемесі пәнінен
Курстық жұмыс
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Табиғатпен таныстыру арқылы
адамгершілікке тәрбиелеу
Орындаған:
Тексерген:
Қарағанды - 2017ж
ЖОспар
І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІ Негізгі бөлім
І-Тарау. Табиғатпен таныстыру арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің
теориялық негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Адамгершілік тәрбиесінің мәні және оның құрамдас бөліктері ... ... .
1.2 Адамгершілікке тәрбиелеудің он алты ережесі ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат туралы ұғымды
қалыптастыру маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ-Тарау. Табиғатпен таныстыру арқылы адамгершілікке
тәрбиелеудің әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Табиғатпен таныстыру арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің
маңыздылығы мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Табиғатпен таныстыру арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Табиғатпен таныстыру негiзiнде балалардың адамгершiлiк
мәдениетiн қалыптастыру әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
іІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ІV Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
3
5
5
12
14
20
20
23
28
31
33
Кіріспе
Ұрпақ тәрбиесі - ата-бабамыздан келе жатқан рухани мұралардың бірі. Қай елдің болсын бірлігінің қалыптасуы мен өркендеуі дәстүрлі ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарымен сабақтасып жүзеге асатындығы белгілі. Сол себептен де бүлдіршіндердің бойына ұлттық құндылықтарды дарытып, рухани бай мұрамызды бойларына сіңіре тәрбиелеу ─ алда тұрған басты міндеттердің бірі. Елбасымыз жариялаған Мәңгілік Ел ұлттық идеясының көздегені де осы, яғни, төл дәстүрімізді, әдебиетіміз бен мәдениетімізді жаңғырту, дініміз бен тілімізді өркендету.
Мәңгілік Ел Патриоттық Актісін жүзеге асыратын жастар болғандықтан оларды бала кезінен бастап, ең алдымен, білімді, ұлттық құндылықтар мен заманауи игіліктерді өз бойына біріктіріп, ұштастыра білетін, өз елінің нағыз жанашыр азаматтары ретінде қалыптасуға тәрбиелеу біздің міндетіміз.
Адамгершілік тұрғыдағы құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай тұлғаны қалыптастыру оның бала кезінен бастау алады. Халықта Ағаш түзу, әдемі болып өсу үшін оны көшет кезінде баптау керек, ал қисық ағаш болып өскенде оны түзете алмайсың деп бекер айтылмаған. Сондықтан, баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық сынды қасиеттерді саналарына сіңіріп, жаһандану заманында өз елін қорғайтын, үлкенді сыйлайтын Мәңгілік Ел ұрпағын тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиеші зор рөл атқарады.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне жүгінсек, Адамгершілік сөзі: ар-ұждан тазалығы, адамшылық.
Адамгершілікке тәрбиелеу, бауырмалдыққа үндеу - қазақ халқы ертегілерінің басты арқауы. Ертегілерде халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары мен мінез-құлықтары, еңбексүйгіштігі, Өз Отанына, халқына, туып өскен жеріне, табиғатқа деген сүйіспеншілік тәрізді адам бойындағы ең жақсы қасиеттер бейнеленеді. Ертегілер қазақ фольклорының бай мұрасы ретінде балаларға жан жақты білім мен тәрбие беруде маңызды роль атқарады.
Курстық жұмыстың өзектілігі мынада, қоғамның ең жоғарғы құндылығы - адам. Қазақстан Республикасында жүріп жатқан саяси, әлеуметтік, экономикалық демократиялық өзгерістер сол құндылық деп бағаланып отырған адамның деп қайта түлеуі, игілігі үшін жасалуда.
Адамгершілік құндылықтар ғасырлар бойы халық- тәлім тәрбиесінің өзегінің бірі бола отырып, адамдық келбетін сақтау, дамытуға өзек болды.
Қазіргі кездегі адамгершіліктің, құндылықтың кемуі жаман мінез-құлықтың өрістеуіне, әділетсіз істер мен қатыгездік сияқты белең алды.
Қазақстан Республикасының Білім беру заңында ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін арнайы жағдайлар жасау білім беру жүйесінің басты міндеті деп көрсетілген. Сондықтан, бүгінгі таңда рухани-адамгершіліктер арқылы адамгершілітер арқылы адамгершіліктік сана, сезім, мінез-құлықтарды тәрбиелеуде адамгершіліктің құндылықтарда орнықтыру әрбір мектеп нысанасына айналады.
Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі жіберіп алған олқылықтар адамгершілік аспектілерінің дұрыс белгіленбегендігін көрсетеді. Осыған сай курстық жұмысымның тақырыбын: Табиғатпен таныстыру арқылы адамгершілікке тәрбиелеу деп алуымызға негіз болды.
Курстық жұмыстың мақсаты - табиғатпен таныстыру арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мүмкіндіктерін негіздеу.
Зерттеу мақсатына жету үшін курстық жұмыстың құрылымы мен зерттеу логикасын анықтайтын мынадай міндеттер қойылған:
- адамгершілік тәрбиесінің мәні және оның құрамдас бөліктерін анықтау;
- адамгершілікке тәрбиелеудің он алты ережесіне тоқталу;
- мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат туралы ұғымды қалыптастыру;
-табиғатпен таныстыру арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің маңыздылығы мен мазмұнын ашу;
-табиғатпен таныстыру арқылы адамгершілікке тәрбиелеу әдістемесін қарастыру;
- табиғатпен таныстыру негiзiнде балалардың адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру әдістеріне тоқталу болмақ.
Зерттеу объектісі: балаларды адамгершілікке табиғатпен таныстыру арқылы тәрбиелеу процесі.
Зерттеу пәні: Адамгершіліктің педагогикалық аспектілерін айқындап алу.
Курстық жұмыстың әдіснамалық негіздері ретінде Мәңгілік Ел мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілік тәрбиелеу бойынша ұлттық идея мәнмәтінінде әдістемелік ұсынымдар, Қоршаған ортаны қорғау туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi N 160 Заңы алынды. Адамгершілікке тәрбиелеу мәселелері Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, С. Көбеев, М. Дулатов, А. Байтұрсынов секілді қазақ ойшылдарының, К. Д. Ушинский, В. А. Сухомлинский, А.С Макаренко сияқты көрнекті педогогтардың еңбектерінде кең талданған.
Жұмыстың теориялық мәні. Табиғатпен таныстыру арқылы бала бойында адамгершілік қасиеттерді оятудың әдіс-тәсілдерін үйренесің.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы, аталған әдістемелік ұсынымдар Мәңгілік Ел ұлттық идеясын мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысына енгізуге, мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу сапасын көтеруге, тәрбиешілердің біліктілігін арттыруға бағытталған.
І-Тарау. Табиғатпен таныстыру арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық негізі
1.1 Адамгершілік тәрбиесінің мәні және оның құрамдас бөліктері
Адамзаттық күштің маңыздысының бірі - адамгершілікке тәрбиелеу. Осыдан біздің ішкі тұрақтылығымыз бен тіршілік етуіміз басталады. Адамгершілік қана біздің қылықтарымызға әсемдік пен сенімділікті береді. Оны жігерлендіру мен оның мағынасын анық түсінуге көмектесу - білім берудің басты мақсаты.
Альберт Эйнштейн
Балаларға адамгершілік тәрбиесі - тәрбие бағыттарының ішіндегі ең күрделісінің бірі. Ол - мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыруға және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым-қатынасты дамытуға, құндылықты тиімді пайдалануға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі. Қазақ энциклопедиясында, адамгершілік тәрбиесі - тәлім-тәрбиенің ықпалды әсері мен моральдық сананы қалыптастырудың, этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы,- деп ұғындырылады.
Адамгершілік тәрбиесі балаларды адамгершілік ұғымы, принциптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдендіреді. Балалар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады. Л.С.Выготский мектепке дейінгі шақта баланың нақты адамгершілік негіздері бекиді деген. Дер кезінде адамгершілік құндылықтары қалыптаспағанда, бұл қасиеттер адам дамуына тек қана кедергі болып қана қоймай, сонымен қатар жас өспірімдік шақта бала дамуында әлеуметке қарсы мінез-құлықтың болуына әсерін тигізеді.
Балаға адамгершілік тәрбие беру туралы педагогикалық-психологиялық, философиялық ойлар көптеген педагогтердің еңбектерінен кездестіруге болады. Бала бойындағы адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда арнайы тәрбие жұмыстарын жүргізуді өз еңбектерінде Ш.А.Амоношвили, О.С.Богданов, Е.В.Бондаревская, Н.И.Болдырев, Н.К.Гончеров, А.А.Гусейнов зерттеулерінен де көруге болады. Адамгершілік құндылықтарды танып, өзін-өзі айқындау әртүрлі бағытта ғылыми салаларда зерттелген. Мәселен, педагогикада О.С.Богданов, Д.М.Гришин, Г.К.Нурғалиева, Р.К.Төлеубекова сияқты ғалымдардың еңбектеріне талдау жасау арқылы тәрбие процесінде адамгершіліктің қажеттілігін айқындай келе, адамгершілік дегеніміз адамның жалпы игілік, жақсылық және тұлғаның еркін дамуы сияқты адамгершілік мақсаттарға жетуге бағытталған және адамгершілік мотивтер бойынша, адамгершілігі жағынан дәлелденген тәсілдер арқылы жүзеге асқан іс-әрекетті реттейтін адамның белсенділігінің, оның қоршаған дүниемен өзара қатынасының өзіндік түрі, формасы екендігін көреміз.
Көне грек философы Аристотель адамгершілік пен ғылымның арасындағы айырмашылықты Ғылым нақты бір затты, оның табиғатын зерттесе, адамгершілік сол затпен, яғни қоршаған ортамен қарым-қатынас жасаудың жолдарын үйретеді деп тұжырымдады,- деп көрсетті. Бір сөзбен айтқанда адамзат баласының, яғни балалардың қоғамдағы әрбір қарым-қатынасы тек адамгершілік құндылықтармен ғана нәтижелі болады. Бұл дегеніміз қоғамдағы адамдар өмірінің мәнді-мағыналы болуы адамның ой парасаты мен адамгершілік іс-әрекетіне байланысты. Демек, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда баланың өзін-өзі тануына, өз әрекетін бағалауына үлкен мән беріледі.
Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде адамгершілік халықтың әдет-ғұрыптарымен, дағдылы дәстүрлерімен тығыз байланысты екенін түсіну маңызды. Ол жеке адамға сыртқы дүние сияқты болса да, сайып келгенде онымен бірдей қоян-қолтық қосыла кетеді. Ал мораль болса адамның ішкі сенімділігі, рухани куәландырылуы. Адам баласының қоғамда бағалануы, дәріптелуі, ардақталуы -- тікелей оның адамгершілік қасиеттеріне байланысты. Ол егер айналасындағыларға қайырымды да адал болып, бүкіл қарым-қатынастарын адамдық тұрғысынан реттейтін болса, нағыз адамгершілігі мол жан болып шыға келеді де, қоғамдағы сыйлы бағасын да, орнын да иемденеді. Жақсылық пен жамандық адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Ал, бұл іс-әрекеттерден моральдық қасиеттер туындайды. Осы моральдық қасиеттерге ие болған адам адамгершіліктің не екенін жақсы түсінеді. Халқымыз қайырымды жанды адамгершіл деп дәріптеген. Өйткені адамгершіл болу қайырымдылықты керек етеді. Қайырымды жан -- өзгені, яғни, өзінен басқа адамдарды ойлаушы және соларға қол ұшын беруші жан.
Кейбір еңбектердегі аңықтамалар адамгершілік тәрбиесінің негізгі бөліктерін атап көрсетумен шектелген. Мәселен, В.В.Макаев адамгершілік тәрбиесі мынадай негізгі бөліктерден тұрады дегенді айтады: а) адамгершілік түсініктерді, ұғымдарды, идеяларды қалыптастыру; ә) адамгершілік сезімдерді дамыту; б) адамгершілік сенімдерді қалыптастыру; в) мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыру; г) өзін-өзі тәрбиелеу; д) жағымсыз ықпалдарға, теріс әсерлерге қарсы тұра білу іскерлігін қалыптастыру.
Бұл көзқарастың құндылығы адамгершіліктің бірі ретінде өзін-өзі тәрбиелеу мәселесіне мән берілген. Сонымен бірге Б.Т.Лихачевтың адамгершілік сезімдер негізін қалаушы басты категория болып табылады деген пікіріне де қосылуға болады. Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады. Әр адамның бойында жастайынан мынадай қасиеттер қалыптасуы керек. Олар:
Балаларды отан сүйгiштiкке тәрбиелеу. Халқымыз кiр жуып, кiндiк кескен атамекенiн аялап, елiнiң тiлi мен мәдениетiн, әдебиетi мен тарихын, бiртуар аяулы перзенттерiн мақтан тұтып, қадiрлеп, қастерлеудi ұрпағына аманат еткен.
Қазақ елi - бiздiң Отанымыз, атамекенiмiз. Оны қастерлеп, қадiрлеп қадiр тұтқан адам ғана есейе келе туған халқы мен ел-жұртын, атамекенiн шын көңiлiмен сүйетiн болады. Өйткенi халқымыз "Отан - от басынан басталады" деп бекерге айтпаған. Ата-анасын, өз үрiм-бұтағын жанындай жақсы көрiп сүймеген баланың ел-жұртын, халқы мен ұлтын сүйетiн толыққанды азамат болуы екiталай. Ұлтжанды кiсiнiң имандылық - адамгершiлiк қасиеттерi, сондай-ақ, оның достарына, ата-анасына деген көзқарасынан да жақсы байқалады. Қазақ елiнiң кез-келген перзентi жұмыр жердiң қай бұрышында жүрсе де өзiнiң iс-әрекетi мен мiнез-құлқынан өз ұлты мен халқына деген сүйiспеншiлiк қасиеттерiн тайға таңба басқандай айқын байқатып отыруы тиiс.
Балаларды әдептiлiкке тәрбиелеу. Бұл халқымыздың ұлттық психологиясының өзегi, имандылық пен адамгершiлiктiң басты белгiсi, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрiнiсi, барлық кiсiлiк қасиеттердiң жиынтығы. Әдеп сақтаудың экологиялық астары да бар. Әдептi адам табиғаттың досы, оны қызғыштай қорғай да бiледi. Табиғаттың әсемдiгi мен сұлулығына, әдемiлiгiне әрбiр адам зиян келтiрмеуге тиiс. Мәселен, суды ластау, талды кесу, қайнардың көзiн ашпау, жолдағы тасты алып тастамау, көктi жұлу, құстарды ату, құдыққа түкiру - барып тұрған әдепсiздiк. Әдеп сақтау - халықтық рәсiмге, жол-жоралғыға, тәртiпке бағыну, ерiксiз бағыну емес, бұл ата дәстүрдi құрметтеу, қастерлеу, дәл айтқанда адамгершiлiк борышты өтеу. "Әдептiлiк -- әдемiлiк" дейдi халық. Яғни, әдептiлiк: iзеттiлiк, кiшiпейiлдiлiк, көпшiлдiк деген сөз.
Балаларды бауырмалдыққа тәрбиелеу. Халқымыздың бауырмалдығы "Бала бауыр еттен жаралған" деп, оны ерекше қастерлеп, әлпештеуден бастаған. Осы туралы қасиеттi кiтап: ешбiр адам баласы жат емес, барлық адамзат баласы бiр-бiрiне дос, бауыр дейдi. Олай болса балаларды бастауыш сатыдан бастап бауырмалдық қасиетке баулуымыз қажет.
Балаларды қайырымдылыққа тәрбиелеу. "Қазақтардың" - деп жазды, осы халықтың өмiрiн, тұрмыс-салтын зерттеушiлердiң бiрi А.И.Левшин: "(1799-1879) - басқа Азия халықтарына қарағанда, қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға құрмет көрсету, баланы аялап, жанындай жақсы көруі - айрықша қасиет. Яғни, қайырымдылық - кең мағыналы ұғым екенiн балаларға түсiндiруiмiз қажет".
Тәрбие адам тағдырын ойластырады, болжайды, алдын- ала адамның рухани өмiрiнiң көптеген негiздерiн сақтайды, тәрбие алыс пен жақын адамдарға және өзiн қоршаған ортаға қатынас орнатады. Тәрбие ұлылар өсиетiн сақтата отырып, олардың адамгершiлiк құндылықтарын ұрпақтан- ұрпаққа жеткiзедi. Адам тiршiлiгiне тек қана материалдық жағдайлар ғана емес, тәрбие -- адамзат тiршiлiгiнiң мiндеттi шарты.
В.Соловьев: "Адамгершiлiк бiр адамның екiншi адамға сыйлай салатын заты емес, ол өзiнiң тәжiрибесi арқылы ғана жететiн адамның iшкi жағдайы"- деп адамгершiлiктiң құндылығына ерекше тоқталған. Тәрбие мәдениетi -- өмiрдiң өзi сияқты күрделi де көп қырлы. Еңбекке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие, эстетикалық тәрбие, адамгершiлiк тәрбиесi, экологиялық тәрбие, дене тәрбиесi. Осы барлық тәрбиенiң өзегi - адамгершiлiк тәрбиесi, бiрақ ол жападан жалғыз әрекет етпейдi, ол осы аталған тәрбие түрлерiмен бiрлiкте, демек адамгершiлiкпен қоса барлық тәрбие түрлерiмен бiрiге келе адамгершiлiк мәдениетi мен сапалары қалыптасады. Адамгершiлiк сапаларын тұлғаның өзi анықтап, адамгершiлiк ұстанымын да өзi қалыптастырады.
Адамгершiлiк - қоғамдық өмiрдiң объективтiк заңдылығына сәйкес, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негiз болып табылатын талапқа сай белгiлi бiр имандылық шарттарын бiлдiретiн ұғым. Халыққа бiлiм беру iсiнiң зор қарқынмен дамуы бүгiнде мектептерде жылдан-жылға оқу-тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюды талап етедi. Ата-бабаларымыз өздерiнiң сан ғасырлар бойғы ұлы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудiң бай тәжiрибесiн жинақтап, өзiндiк салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр рәсiмдерiн қалыптастырған.
Әдеттер физиологиялық тұрғыдан ми қабатындағы динамикалық стереотиптiң бiр көрiнiсi. Бұлар ми сыңарларының тек оптимальдық қозуы бар алаптарында ғана емес, сонымен бiрге тежелуге ұшыраған алаптарында да пайда болады. Сондықтан да адамның жеке басында жағымды қасиеттердi тәрбиелеуде әдеттiң ерекше маңызы зор. Ежелгi үндi мақалында былай деген: "Қылық ексең -- әдет орасың, әдет ексең - мiнез орасың, мiнез ексең - тағдыр орасың". Әдет адамның мiнез - құлқының фундаментi болып табылады. Әдет негiзiнде мiнез қалыптасатынын А.С. Макаренко мiнез-құлықта дұрыс әдет қалыптастыру қажет екенiн атап көрсеткен.
Әдеп адамның ешбiр күш салуынсыз пайда бола бередi. Әдептердi белгiлi бiр мағынада бiрнеше топқа бөлуге болады. Олар: адамгершiлiк немесе моральдық (әрқашан шын сөйлеу, достарына адал болу, үлкендер тiлiн алу, т.б.). Мәдени мiнез- құлықтары (сыпайы болу, үлкендерi-кiшiнi сыйлап- құрметтеу, дұрыс сөйлеу, т.б). Гигиеналық әдептер: (таза жүру, қол жуу т.б) еңбек, ақыл- ой әдеттерi. Атақты ағылшын драматургы В. Шекспир: "Жақсы әдет жақсылыққа бастайтын перiште" десе, орыс педагогы К. Д. Ушинский: "Жақсы әдет өсiмге берген ақша, адам өмiр бойы соның жемiсiн пайдаланады, жаман әдет- борыш, адам өмiр бойы сол борыштың өсiмiнен азап шегедi" дейдi.
Адамгершiлiк әдеттерде бiрiне- бiрi қарсы екi күш болады. Бiрi жақсылық жаққа, екiншiсi жамандық жаққа тартады. Ал оқуға деген әдет адамның әдет-дағдыларының күрделi бiр түрi болып табылады. Ол адамның қызметi мен мiнез- құлқының әдеттегi формаларының құрамына енедi. Олар балалардың бiлiм алуына және балаларды практикалық қызметке дайындауға зор әсерiн тигiзедi. Сол әдеттенудiң арқасында оқушы жинақы, тәртiптi бола түседi. Егер оқушы өз-өзiне сенбесе, оған оқуда болсын, жұмыста болсын, кездескен кедергiлердi жеңу қиын болады. Оқушының пайдалы әдеттерiн қалыптастыру, оларды адамгершiлiкке тәрбиелеуге зор әсерiн тигiзедi. Бастауыш сынып балаларының адамгершiлiк мәдениетiн тәрбиелеудiң iс-жүзiнде тексерiлген ең сенiмдi әдiстерiнiң бiрi - мұғалiмнiң балаларға жүргiзiлетiн түсiндiру жұмысы болып табылады. Түсiндiру жұмысын тек теория жүзiнде ғана уағыздамай, пайдалы әдеттердi тәжiрибеде тiкелей көрсетумен ұштастыру керек. "Әдет -- дейдi А.Макаренко әрдайым жаттығып отырудың нәтижесiнде калыптасады, сондықтан жаттығуды дұрыс ұйымдастыру қажет". Бұл проблема жан-жақты қарастырылып, үнемi iзденiстер жүргiзiлсе де, қаншама концепциялар ұсынылса да бүгiнгi күнге дейiн нақты жауап таба алмай келедi. Бұның шындыққа сай ең негiзгi қиыншылығы, бiздiң, яғни адамдардың арасындағы үлкен айырмашылықтардың болуында. Болашақта өмiр сапасы, мүмкiн адамзат цивилизациясының өзiнiң өмiр сүруi. Бiздiң қаншалықты өзiмiздi және өзгенi түсiнетiмiзге байланысты болады. Жаңарған бiлiм беру жүйесiнiң анықтаушы белгiлерiне мыналар жатады: басты мақсат-бiлiм негiздерiн, әлеуметтiк тәжiрибелер жиынтығын беру емес, жеке адамдарды қалыптастыру, әлеуметтiк бағдарлы қоғамдық қатынасқа тәрбиелеу. Мұның өзi бүкiл оқудың мазмұнын қайта қарауды талап етедi. Бұған дейiн неғұрлым бiлiм негiздерiн көбiрек жинаса, соғұрлым жеке адамдық қасиет мол болады деген тұжырымды басшылыққа алып келдiк. Ендiгi мiндет қандай бiлiмнiң жеке адамдық қасиеттердi қалыптастыра алатынын болжау. Балаларды адамгершiлiкке тәрбиелеу мақсатында жоспарлы түрде әр қилы әрекеттердi ұйымдастыру керек. Дәстүрдi қолданудағы жаттығудың мәнi әрекет пен қылықтарды бiрнеше рет қайталату арқылы жеке бастың адамгершiлiк мотивi мен мiнез- құлқындағы қажеттiлiктi қалыптастыруға әсер етедi. Тәрбие әдiсiн балалардың моральдiк мiнез- құлқын (әдет) механизмдерiн, адамгершiлiк сапаларын стимулдандыру тәсiлi деп түсіндіреді. Оны сұрыптай отырып топтарға жiктеуге болады. Американдық психолог Л.Кольберг адамгершiлiк тәрбиелеудiң басты мақсаты мiнез- құлықты қалыптастыру емес, ұтымды пiкiр айту қабiлетi деп түсiндiредi. Дәстүр туралы мәлiмет беруде түсiндiру, ақыл-кеңес, нұсқау, бағыт- бағдар беру тәсiлдерiн қолдану адамгершiлiктi тұлға қалыптастыруға негiз бола алады.
Біз осы кезеңге дейін қалыптасқан рухани қазынамызды түгендеп, оның шынайы құндылығын әлі де анықтап біткен жоқпыз. Кеңес Одағы идеологиялық саясатының көлеңкесінде қалып қойған дүниелердің ішінде ұлттық тәрбие де бар. Ал қазіргі таңда оның біртұтас жүйесін жасап шығу алдымызда тұрған мақсаттардың бірі болып отыр.
Н.Назарбаев: "Қазақтың сана-сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы тарихтың толқынында өзінің ұлттық "МЕН" дегізерлік қасиетін түсінуге тұңғыш рет енді ғана мүмкіндік алып отыр...", -- деді. Осы күнге дейін мәдениеттің құрылымын негізінен материалдық және рухани - салалардан турады деп қарастыру басымдық алып келді де, ал жеке адамның келбеті көлеңкеде қалып қойды. Жеке адамның келбеті оның руханн күшімен анықталмақ. Рухани күшінің кайнар көзі моральдық-адамгершілік қасиетінде. Адам қасиетін құрайтын элементтерді ұштауға бағытталған мақсатты жұмыс -- тәрбиелеу жұмысының басты нысанасы.
Бүкіләлемдік өркениет тарихынан ерекше орын алатын ұлағатты ұстаз әл-Фараби: "Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім -- адамзаттың қас жауы", -- деген. Сондықтан да жеке тұлғаны өмірге бейімдеп, Отанын, елін, жерін, тілін қадірлейтін, рухани дүниесі бай, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеуде халқымызды алдағы мақсат-мұраттарға жетелейтін, тарих қойнауынан бастау алатын дәстүр философиясына, ақыл мен парасатқа, мәдениетімізге жүгінген қазақ идеясының қажеті туралы айтылып жүр. Еліміздің көрнекгі ғалымдары, зиялылары осы мәселе төңірегінде өз ойларын білдіруде. Ғарифолла Есім: "Идея дегеніміз -- бастаушы, негізгі рухани ізденіс" болып табылатындығын айтады. Бірақ әлі де болса, ол идея қандай тұжырымдарға сай құрылып, қандай құндылықтар жүйесіне сүйенетінін бірауыздан құптай алмай отырмыз. Ол қалыпты жағдай. Себебі, дамудың өзінде Шығыстың білім беру парадигмасы руханилықсыз бастаса, Батыста керісінше, ол құндылық шетке ығыстырылып қойылады. Ал біздің жағдайда адамзат мәдениетінің екі тарихи типі -- Шығыс пен Батыстың да үлес салмағы бар. Сондықтан: "Қазақстандық жаңа философия үшінші мыңжылдықтың буырқаныстарына жауап беретіндей жаңа онталогаялық стратегия қалыптастырып үлгерді. Оның негізгі Темірқазығы Шығыс пен Батыстың дүниетанымдық типтерін оңтайлы синтездеу болып табылады, яғни батыстық өркениеттің ресурстары мен жетістіктерін, қазіргі заманғы ғылыми және технологиялық қуатын сақтай отырып, ол жоғалтқан рухани дәстүрлерді қайта қалпына келтіру, Шығыстың рухани тағылымын, "Адам -- Әлем" қарым-қатынасының біртұтастығын қайта жаңғырту" -дейді Ә. Нысанбаев. Бірақ біздің ойымызша, идеяға халықтың шүбә келтірмес сенімі керек. Болашаққа сенімсіз өмір сүру қиын. Ол ұрпақтан ұрпаққа жетелейтін, биік те құнды, рухты болуы тиіс. "Менің ойымша, көп этносты, көп конфессиялды тәуелсіз Қазақстан жағдайында ұлттық идеяның көрінісі Қазақстандық өркениет болуы керек. Өркениетгі болу деген -- әркімнің болғысы келетін - психологиялық әрі мәдени ынта. Кімнің өркениетті болғысы келмейді. Тәрбие негізінің өзі еркениеттілік емес пе?" -- дейді Ғ. Есім.
Осы жерден тәрбиенің мазмұны, бағыт-бағдары қандай болуы қажеттігі шығады. Өнегелі тәрбие беру қанша жерден құнды болғанымен, ол өмірлік іс-әрекеттен өз орнын таппаса, оның нәтижесі жоқтың қасы деуге болады. Сондықтан да біз өнегелі тәрбие берудің ең негізгі принципі ретінде тарих қойнауында пісіп-жетілген салт-дәстүрлерімізді, құндылықтарымызды, озық ойшылдарымыздың дана пікірлерінен туындайтын қағидаларды негіз етіп алуымыз керек.
Әл-Фараби екі адамды мысалға ала отырып, философияның өмірмен тығыз байланысын келтіреді. Біріншісі -- өмірлік тәжірибеден гөрі барынша ілімге жақын адам, ал екіншісі -- ғылымды меңгерумен қатар өмірлік тәжірибеге көп сүйенеді. Осы екі адамның қайсысы философ болуға мүмкіндігі мол деген сұраққа екіншісі екенін айтады: "Егер де адам тек теориялық ғылыммен айналысып, жалпы өмір тәжірибесімен алынған істерге мән бермесе, ол адамның сол бұрынғы дағдысы жақсы істермен айналысуға мүмкіндік бермейді" (Әлеуметтік-этикалық трактаттар, 270-бет). Фараби жақсылық істерге бейім адамдарды ғана ақылды деп санады. Ақыл деген ұғымды түсіндіруде халық түсінігіне сүйенді.
Фарабидің ерекше бағалайтын этикалық принциптері мен нормалары "Қайырымды қалаң деп аталатын еңбегінде баяндалады. Жеке адамның өз кемеліне жетуі тек осы қайырымды қалада ғана мүмкін. Ондай қала адамдары, яғни әр қоғам мүшесінің мақсаты, рухани іс-әрекеті сол өзі өмір сүріп отырған ортаның қайырымды болуына бағытталуға тиіс деп түсіндірді.
Біздің адамгершілік деп жургеніміз моральдық баламасы. Біздің түсінігімізде, адамгершілікті адамнан бөліп қарамайды. Батыс еуропалық дүниетанымда, философияда айтылатын мораль ұғымының орнына Абай адамгершілік ұғымын пайдаланған. Ғ. Есім батысеуропалық дүниетанымында мораль -- қоғамдық сананың формасы ретінде жеке адам еркінен тыс өмір сүретін феномен, ал қазақша ойлау жүйесінде нақты адамнан бөлініп қаралмайтындығын айтады: "Қазақ тұрмысында адамшылық адамнан тыс болмай, ол оның іс-әрекетінен, мінез-құлкынан көрінген. оның түрлерін халық ізеттілік, әдеп-тілік, сыпайылық, көрегендік, білімділік деп атаған. Бұлардың қарсы антиподтары: ізетсіздік, әдепсіздік, тұрпайылық, көргенсіздік, надандық"
Мораль -- социумдағы арақатынастың негізі. Ол -- адамның өзін өзі ұстау ережесінің жиынтығы. Мораль ненің жақсы, ненің жаман немесе қай жағдайда ұят, не болмаса ұят емес екенін анықтайды. Моральға халықтың қалыптасқан салт-санасы, мәдени дәстүрлері, тілі, әдет-ғұрпы әсер етеді. Кұндылықтар жүйесі де осыдан бастау алады. Қазақ мақалында айтылғандай, "Елу жылда ел жаңа" демекші, О. Сүлейменовтың пікірінше: "Психология и философия народа изменяются, но сохраняют свои самые выразительные черты. Моральный кодекс выражается в пословицах и притчах, которые играют важную роль в воспитании, начиная с детства и до старости".
Адамгершіліктің мұндай жоғары дәстүрлері адамдардың күнделікті өмірі мен болмысында, тұрмысыңда берік қалыптасуы керек. Адамдар бір-бірін бауыр тұтып қана қоймай, достықты нығайта түседі. Достық -- басқаның жанын түсініп, қайғысы мен қуанышына ортақтасу кезі. Абай халқының рухани баюының негіздерінің бірі достық екенін айтты: "Өсіп-өну жолыңдағы адамның талап қылып ізденер қарызды ісінің алды -- әуелі дос көбейтсек. Ол досын көбейтпектің табылмағы өзінің өзгелерге қолынан келгенінше достық мақсатында болмақ. Кімге достығың болса, достық достықты шақырады".
"Адам баласына адам баласының бәрі -- дос. Не үшін десең, дүниеде жүргенде туысың, есуің, тоюың, ашығуың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ жерің -- бәрі бірдей... Біріңе бірің қонақ екенсің, өзің дүниеге де қонақ екенсің, біреудің білгендігіне білместігін таластырып, біреудің бағына, малына күндестік қылып я көрсеқызарлық қылып, көз алартыспақ лайық па?...Оның несі адам?". Шынайы достық бар жерде бір-бірін көре алмаушылық, тіс қайраушылық, іштарлық болмақ емес. Оның орнын сүйіспеншілік, мейірімділік, бауырластық, кішіпейілділік, махаббат пен жанашырлық басады. Абай осы қасиеттердің ешуақытта жоғалмай, ұрпақтан -ұрпаққа берілер құндылықтар боларын аңсап, өсиет етеді.
1.2 Адамгершілікке тәрбиелеудің он алты ережесі
Адамгершілік тәрбиесін егудің өнері он алты түрлі негізгі ережеге келіп тіреледі, - дейді атақты чех педагогы Я.А.Коменский.
I. Ізгілік мінезі барлық балаға бірдей егіледі. Жас буынға не нәрсе және адал деп табылса, соның бәрін де жүйелі гармониядан алып, толық қалдықсыз және бұомалаусыз дарыта білу қажет.
II. Соның ішінде алдымен, ізгі мінездің ең негізгілерін, яғни жұр айтқандай, өте-мөте іргелілерін басым етеміз, оны данышпандық, ықшамдылық, ерлік және әділдік мінездері деп атаймыз.
Үйді іргесіз салуға болмайды, жаман салынған үйдің тіректері мен бөлшектері шайқалып, тез қаусайды.
III. Жас буын данышпандық мінезін заттардың шын айырмасы мен қасиеттерін зерттей отырып, жақсы тағылым өнеге алады. Өйткені, заттар жайындағы шынайы ой-пікірдің пайда болуы қандай да болса, ізгіліктің негізі сондай болып табылады.
IV. Қанағатшылдық мінезі жас буынға олардың оқып жүрген шығанда үздіксіз егіледі. Ондай қанағатшылдық ас-суға қомағай болмау, ұйқы мен тынығуға, ойын мен жұмысты, сөйлеу мен тұйықтықты тең ұстау түрінде егілмек.
V. Жас буын ерлікке өзгеше зейін қойып оқитын болсын. Оның өзі қиындықты жеңе білу , мерзімін сақтамайтын артық жүгірістен, яки ойыннан аман болу, шыдамсыздыққа, күйгелектікке, ашуға жол бермей, өзін тізгіндеп ұстай білу түрінде егілмек. Мұндай мінезге жетудің негізі - барлық нәрсені ойланып істеуге әдеттену, құмарлық немесе қызбалықпен ештеңеге кіріспеу әдеттері болмақ.
VI. Әділдікке үйрену үшін бала ешкімге зәбір көрсетпейді, тілдемейді, кім де болса қадірлей біледі. Өтірік алдау-айлаға салынбайды, тілалғыш, адамға мейірімді болады. Жастарды мұның бәріне және жоғарыда айтылған мінездерге тәрбиелеу үшін төменде көрсетілген тәсіл мен құралдарды қолдану қажет.
VII. Ерлік мінезі ішінен жас буынға өзгеше қымбатты, бүкпесіз ақпейіл болу, еңбекке төзімділік.
VIII. Бүкпесіз ақпейілділіке жету үшін бала ақыл иесі жақсы адамдармен көбірек істес болады. Солардың көз алдында түрліше тапсырмаларды орындай білуге үйренеді. Аристотель Ескендірді солай тәрбиелеген еді. Ол 12 жасқа толғанда қандай ортаның адамдарымен болса да тілдесе, ұғыса білген, соның ішінде патшалар түрлі елдің немесе патшалықтардың елшілері, ғалымдар, оқымаған адамдар, қыстақ тұрғындары, қолөнершілер болған. Оның үстіне жас Ескендір сөз болған мәселе жөнінде ақылды сұрақтар қойып, оған дұрыс жауап бере білген.
IX. Еңбекке үйрені үшін жас балалар белгіліл бір келелі кәсіп немесе қызықты жұмыспен айналысуы тиіс.
X. Балаларға әділдік мінезімен тікелей байланысты ізгілік мінезін айрықша дарыту қажет, оның өзі басқаларға қызмет көрсетуден немесе соған пейілді болудан туады.
Баланың табиғатын кір шалып, бұзылған болса, ол өзімшілдікке беріле бастайды. Ондай өзімшіл бала жұрт менің ығымда болса деген жағымсыз мінезге салынады. Адам өміріндегі үйлесімсіздіктер осыдан туып, өріс алады. Өйткені ондай адамдар тек өзім болсам дейді, жұрттың елдің қамын аяққа басады.
XI. Ізгілік мінездерін балаға сәби кезден бастап егу керек, жаны кірлеп, кемшілікке белшесінен батқан соң. Ол ізгілік мінезін қабылдай алмайды.
XII. Қайырымдылыққа үйрену үшін бала үздіксіз адалдықпен ауыздануға тиіс. Көп жүгіріп үйренбей - жүгіру жоқ, адамдармен тілдеспей - шешендік жоқ, көп жазып, жаттықпай - жақсы жазу жоқ. Көп тыңдаған құйма құлақ болады, сабырлы болу үшін сол сезімді ғана көбірек баптау керек, шыншыл адам өтірікті сүймейді, табандылық қажыр-қайраттан туады, т.т мұндай мінездерді дарытамын дегендердің сөзінде, ісінде қылаудай да мін болмауға тиіс, өнеге - сол.
XIII. Ата - ана, тәрбиеші, ұстаз, дос - жарандарының өмірінен алынған өнегелер жас баланың көз алдынан шамдай жарқырап, әсте өшпестей болсын. Өйткені, бала нені көрсе де жақсылық болсын, жамандық болсын, соның бәріне өздігінше санасыз түрде еліктейді. Олар барлық істі танымнан емес, еліктеуден бастайды. Бұл жерде мен бір ғана өмірден ғана емес, тарихтан алынған мысалдарға да сүйеніп отырмын. Бала тәрбиесінде өмір мысалдары мәндірек, өйткені, ол бізге жақын және адамға күшті әсер етеді.
XIV. Өнегелерді өмірден алынған өсиет және ережелермен әрдайым ұштастыра білу керек. Сонда еліктеуге түзету қосып, соны толықтырып, нығайтуға жол ашылады.
XV. Айрықша сақтанатын бір іс - оқушы балалардың бұзылған балалармен жақындасуына жол бермеу, әйтпесе оқушы олардан жаман мінез үйренеді.
XVI. Алайда жаман мінездердің балаларға жұқпасына адам қырағылығы кейде кепіл бола алмайды десек, бұзық мінездерге жол бермеу үшін мектепке келелі тәртіп қажет.
1.3 Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат туралы ұғымды қалыптастыру маңыздылығы
Табиғат әлемi таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерiнiң алуандығын көре бiлмейдi. Табиғат балаға күнделiктi әсер етедi. Бiрақ балалар көп нәрсенi байқай бермейдi, үстiрт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейiрiмдiлiкке, адамгершiлiкке, жақын адамдарға қамқор бола бiлуге көмектеседi. Балар үшiн табиғат - бұл әр түрлi табиғат құбылыстарды танудың және сөздiк қорын байыту көзi. Бұл - балалардың сөйлеу және ойлау қабiлетiнiң дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етедi. Баланың қандай болып өсуi - бiзге, ерексектерге байланысты. Балалар үйi балаларының экологиялық тәрбиесi алуан түрлi ықпал ету құралдарының көмегi арқылы iске асырылады:
1. саяхат;
2. мұражайларға бару;
3. мақсаттық серуендеу;
4. телебағдарламалар, бейнефильмдер;
5. табиғат туралы көркем әдебиеттер;
6. суреттердi, фотосуреттердi, иллюстрацияларды тамашалау;
7. музыка тыңдау;
8. дидактикалық ойындар, мақалдар, мәтелдер;
9. "Экознайка" қалалық жарысына қатысу.
Ересек және даярлық жастағы балалар "тiрi" және "өлi" табиғат деген түсiнiктермен таныс. Экологиялық тәрбиелеу бойынша балалармен жұмыста экологиялық қауiпсiздiкке көп көңiл бөлiнедi. Педагогтармен "Балаларымыздың қауiпсiздiгi мен денсаулығы" тақырыбында педагогикалық кеңес жүргiзiлдi. Педагогикалық кеңеске даярлық тобының педагогтары бiздi қоршаған ортада балалардың қауiпсiздiгiн сақтау бойынша сабақтар жүргiздi. Әрбiр топта әр түрлi жағдайларды модельдеу үшiн құралдар дайындалып ресiмделген болатын. Балалар экологиялық ертегiлердi, тақпақтарды, әңгiмелердi, жұмбақтарды тыңдауды, өз ойларымен бөлiсудi жақсы көредi. Балалармен сабақ баланы бiздi қоршаған ортаның жағдайы әрбiр адамға байланысты екендiгiн сендiруге көмектеседi. [3]
Мектепке дейiнгi жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейiнгi тәрбие мекемелердiң алдында негiзiнен мына төмендегi мiндеттер тұр. Атап айтқанда:
-педагогикалық мамандардың экологиялық тәрбие беру жөнiнде бiлiм деңгейiн көтеру;
-балаларды айналамен таныстырудың бағдарламасын олардың ата-аналарына насихаттау;
-әртүрлi жастағы балалар топтарындағы оқу-тәрбиелiк жұмыстар;
Қоршаған ортаны аялауға деген адамның саналы көзқарасын қалыптастыру оның бала кезiнен ерте басталуы тиiс.
Баланың дүниеге келгеннен кейiнгi алғашқы 7 жылы оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты кезең болғандықтан оны ескерусiз өткiзiп алуға болмайды. Баланың болашағы сол кезеңде алған тәрбиесiне өте байланысты. Олай болса, адамзаттың рухани және материалдық жағдайы осы кезеңде алған тәрбие негiздерiне тәуелдi.
Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегi, адамгершiлiгi бар, шығармашылықпен жұмыс iстейтiн адамды қалыптастыру мүмкiн емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезiмдердi тудыра отырып, баланың белсендi түрде шығармашылықпен жұмыс iстеуi мен денсаулығына оң ықпалын тигiзедi. Бiрақ бала мұның бәрiн сезiну үшiн сұлулықты өз көзiмен көрiп, оны қабылдай бiлуi керек.
Балалар тәрбие арқылы, ересектердiң өнегесi арқылы дүниенi таниды, көрудi, сезiнудi, тыңдауды үйренедi... Тәрбиелеушi жақсы өнегенi беруге неғұрлым қабiлеттi болсақ, балада соғырлым көбiрек үйренедi.
Баланың өмiрiндегi алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өмiрiне жағымды бағыт бере отырып, өмiр бойы есiнде қалады.
Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеудi көз алдымызға елестете аламыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие iсiнiң негiзгi мiндеттерiнiң бiрi - Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру болып табылады. Баланы өз туған өлкесiнiң табиғатын сүюге, оны аялай бiлуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершiлiгiн күшейтуге, табиғатпен бiрге өмiр сүретiнiн сезiнуге үйрету мақсат.
Балалармен жұмыс iстеу барысында сабақ өтiлетiн бөлме ғана емес, сонымен қатар мекеме ораласқан ғимарат та әсем болуы керек. Егер балалар сұлулықты өмiрден өз көздерiмен көре отырып, оның өмiрiмен байланысын сезiне бiлсе, онда олар сұлулықтың бар екенiне сенедi.
Балаларды табиғатқа деген сүйiспеншiлiкке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көрiп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене бiлуге үйретудiң маңызы зор.
Бiз табиғи факторлар - су, ауа, күндi қолдана отырып экологиялык тәрбие меселелерiн шешемiз.
Балаларды өсiмдiктер және жануарлар әлемiмен таныстыру арқылы, оларды күтiп-баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай бiлуге тәрбиеленмiз. Балалар тiрi және өлi табиғат арасында, тiрi организм мен олардың өмiр сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренедi.
Бала дүниеге келгеннен бастап табиғатпен байланыста болады.
Табиғат - баланың ақыл-ойының балалық деңгейден нақты түсiнiктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткiзетiн қор болып табылады. Ол әртүрлi табиғи құбылыстарды жете түсiнудi өз ойын жеткiзе бiлу өнерiн бiрге дамытады.
Табиғатты танып, бiлу - мектепке дейiнгi жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиенi бере отырып, сонымен бiрге оны қорғай, аялай бiлуге үйретедi.
Мектепке дейiнгi жастағы балаға экологиялық мәдениеттiң алғашқы түсiнiктерiн қалыптастыру үшiн:
1. Мектепке дейiнгi мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудiң алғы шарттарын құру;
2. Балалардың экологиялық сауығуының дамуы үшiн атқарылатын жұмыстарға көгалдандырылған зоналар құру және ұйымдастыру;
З. Тiрi объектiлердi күтiп-баптауға қолайлы ортаны iс жүзiнде құру үшiн iс-шаралар ұйымдастыру;
4. Сабақта көркем құралдарды, әдiстемелiк және материалдық құралдарды, ойындарды, ойыншықтарды, түрлi ертегiлер кейiпкерлерiн жүйелi түрде қолдану;
5. Педагог мамандардың бiлiм деңгейi мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру. Тәрбиешi - педагогикалық үрдiстiң ең басты тұлғасы және экологиялык тәрбие берудегi шешушi фактор болып табылады. Ол экологиялык ақпараттар және арнайы материалдармен кең көлемде таныс болуы тиiс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсiлдерiн қолдана бiлуi керек. [4. 20]
Бала жүрегiне табиғаттың әсерi өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу мен дамыту әрекетiнде кеңiнен пайдаланылады. Дегенмен, табиғат өздiгiнен бала бойына қажеттi жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыра алмайды, оған мiндеттi түрде ересектер тарапынан басшылық жасау қажет. Балалардың табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары арасындағы өзара байланыс пен олардың пайдасын жете түсiнгенде ғана арта бастайды.
Мектеп жасына дейiнгi ересек топ балаларының табиғатқа қарым-қатынасын бақылау барысында бiздiң байқағанымыз: табиғат құбылыстарының барлығы тең дәрежеде балаларды қызықтыра алмайды. Мысалы: табиғаттың кейбiр құбылыстары, өзiнiң қабылдауға жеңiлдiгiне қарамастан, балалардың сәндiк ою-өрнектерiн жасау әрекетiндегi еңбектерiнде мүлдем көрiнiс таппады деуге болады. Сондай-ақ солар шеңберi, жұлдыздар, найзағай, толқын, ай т. б. бейнелеуге де жете көңiл бөлмегенi байқалды. Табиғаттың нақ осы құбылыстары мен обьектiлерi қазақ халқының күнтiзбесiнiң негiзiне жатады, ал жұлдызды аспан сырын жете ұғыну көшпелi өмiр тiршiлiгi үшiн аса кажет болды.
Қиырсыз кең байтақ далада үнемi көшiп-қонып өмiр сүру адамдардан кеңiстiктi жақсы бағдарлай бiлудi және жұлдыздар көмегiмен құдықтар мен қоныс жайылымдар жолдарын дәл таба бiлудi талап еттi. Көптеген көшпендiлер негiзгi аспан жұлдыздарын бiлумен қатар, ауа-райын да алдын-ала болжай алды. Бұл маусымдық жұмыстармен дұрыс жоспарлауға көп септiгiн тигiздi. Айдың тууы мен аяқталуына орай күндiзгi уакыт аспанда күннiң орналасуына қарай бағдарланды.
Бұдан шығар қорытынды - бiздiң ата-бабаларымызды өмiрдiң өзi табиғатты, оның құбылыстарын жетiк танып бiлуге тәуелдi етсе, ал балалардың табиғат заттары мен құбылыстарын сәндiк бейнелеу әрекетiнде пайдалана алмауы тәрбиешiлер жұмысының кемшiлiгiнiң көрiнiсi болып табылады. Сол себептi ересектер тобы балаларының жас ерекшелiгiн есепке ала отырып, қазақтың халыктық сәндiк-қолданбалы өнерiмен таныстыру барысында өлi табиғатқа қызығушылығын қалыптастыру қажет. Халықтық өнердiң ою-өрнектiк негiзi мектеп жасына дейiнгi балалардың қабылдауына және шығармашылық iс-әрекетiнде бейнелеуiне ыңғайлы да лайықты.
Қазiргi уакытта Қазақстан Республикасының ' 'Мектепке дейiнгi тәрбие тұжырымдамасында" және жаңа бағдарламаларға сәйкес ересек топ балаларының алдына iскерлiк-дағдыларды одан әрi жетiлдiре түсу, оны халықтық сәндiк ою-өрнектi бейнелеу әрекетiне пайдалану, сәндiк-қолданбалы өнермен таныстыру, оның негiзiнде табиғатпен тығыз қарым-қатынасқа тәрбиелеу мiндеттерi қойылып отыр.
Балалармен жүргiзiлетiн негiзгi жұмыстарды төмендегiше топтауға болады:
- балаларды сәндiк - қолданбалы өнермен таныстыруда берiлетiн табиғат заттары мен құбылыстары элементтерiнiң алуан түрлiлiгiн анықтау арқылы ұйымдастыру;
- өлi табиғат заттары мен құбылыстарының мәнi, сондай-ақ олардың адам өмiрiндегi маңызы жайлы бала түсiнiгiн қалыптастыру;
-мектеп жасына дейiнгi балаларды ұлттық әшекей элементтерiмен таныстырудың бiрiздi жүйесiн жасау;
-сәндiк әшекейлердi жасау әрекетiнде - практикалық iскерлiк пен дағдыларды қалыптастыру.
Балаларды табиғат құбылыстарымен және оны сәндiк әшекейлер жасау әрекетiнде бейнелеу iсi тиiмдi әдiс-тәсiлдердi пайдалану жолдары арқылы жүзеге асады. Оның iшiнде белгiлi бiр түсiнiктi бала санасына бейнелi жеткiзетiн көркем сөздiң алар маңызы ерекше. Бұл орайда, баланың қабылдауына қызғылықты да жеңiл тиетiнi - жұмбак.
Тақпақ, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды тиiмдi пайдалану жаңа бiлiмдi игеру үрдiсiн жеңiлдете түседi.
Табиғатқа қызығушылықты қалыптастыру ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz