Қазалы аграрлы – техникалық колледжі ақпаратында ҚР индустриялды-инновациялық дамуы үшін жұмысшы кадрларды дайындаудың тиімді механизмі


КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Егеменді еліміздің тірегі, болашағы - білімді ұрпақ және оны тәрбиелеу. Еліміздің стратегиялық бағдарламасында көрсетілгендей жоғары интеллектуалды жастарды жан - жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейін көтеру бүгінгі күннің басты талабы. Сондықтан жас ұрпаққа сапалы білім беру жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану арқылы жүзеге асады.
Бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылыстар, қоғам дамуында қалыптасып отырған жаңа жағдаяттар, тыңнан туындаған мәселелер, өзгеріп жатқан өмірге бейімделу қажеттілігі туындап отыр. Осыған мемлекетімізде білім беру мен жас ұрпақты тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінуде. Соның бірі «Елiмiздiң, ертеңі-бүгiнгi жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздың қолында» демекші елбасымыз бастаған «Нұрлы Жол» - Қазақстан дамуының даңғыл жолы екені баршамызға аян.
Мемлекетіміздің тек саясат пен экономика емес, білім беру жүйесінде де үнемі назар аударуы еліміздің болашағы жайындағы кемел ойлардан туындап отырғаны түсінікті. Өйткені, ел байлығы тек мұнай мен газ емес, адам екені белгілі. Қай қоғамда болмасын шешуші фактор - адам және жеке тұлға болып қала бермек.
Дамыған елімізде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияның қолданылуына байланысты жаңа технологиялық революция басталды. Сондықтан адамдардың алдына жаңа функцияналдық талаптар қойыла бастады. Жұмыскер өндірістік міндеттерді жақсы атқарып қана қоймай, оған қосымша жобалай алуы, шешім қабылдай білуі және шығармашылық жұмыстарды да орындай білуі керек. Осы қасиеттер баланың жас кезеңнен қалыптасып, оқу және еңбек әрекеттерін орындау кездерінде әрі қарай дамиды.
ХХІ ғасырда оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты да жан-жақты маман болу мүмкін емес. Ол үшін кәсіптік шеберлігін көтеруде әрбір оқытушы өз пәнінің аясында қалып қоймай, қандай да бір дәрежеде шығармашылықпен еңбек етуі және мұны саналы түрде сезінуі тиіс.
Зерттеудің нысаны: Қазалы аграрлы - техникалық колледжінің қалыптасу тарихы мен дамуына және онда жұмысшы маман даярлау барысына тарихи талдау жасау.
Зерттеудің пәні. Кәсіби лицейлер мен колледждердің нарықтық экономика, еңбек нарығы талабына сәйкес бәсекеге қабілетті жұмысшылар мен орта буынды мамандар дайындауын қорытындылау.
Диплом жұмысымның мақсаты мен міндеті: Қазалы аграрлы - техникалық колледжі ақпаратында ҚР индустриялды-инновациялық дамуы үшін жұмысшы кадрларды дайындаудың тиімді механизмі. Жұмысшы кадрларын даярлаудағы дуальдық оқыту жүйесін енгізу.
Дуалдық оқыту жүйесі білім мен бизнесті біріктіре отырып, білікті маманды дайындауда екі жақтың қарым-қатынасын нығайтып, жауапкершіліктерін көтереді. Бұл жүйенің нәтижесінде, ең алдымен білім алушылар кең көлемде қажетті практикалық тәжірибе алады, толығымен мамандығын меңгереді, яғни оқу орнын бітірген соң жұмысқа орналасуы пайызы көтеріледі, ал кәсіпорындар білікті мамандармен қамтамасыз етіледі.
Қазіргі таңда колледжде дуалдық оқыту технологиясы «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Пісіру ісі (түрлері бойынша) », «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) », «Үйлер мен құрылымдарды салу және пайдалану», «Ішкі санитарлық - техникалық құрылғылар мен вентиляцияны монтаждау және пайдалану (түрлері бойынша) », «Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану (түрлері бойынша) » «Ауылшаруашылығы техникаларына қызмет көрсету және жөндеу», «Ферма шаруашылығы (түрлері бойынша) », «Ветеринария», мамандықтары бойынша кадрлар даярлану үстінде.
Болашақ мандарды дайындауда оқу процесін өндіріспен байланыстыру - басты мәселе. Өйткені, оқу орындары мен өндірістік кәсіпорындармен байланыссыз білікті мамандар даярлау мүмкін емес. Осы мақсатты іске асыру үшін төмендегі міндеттер қойылды:
- еңбек нарығында дайындалатын мамандарға деген сұранысты ескеру;
- оқу орындарының материалдық -техникалық базасын және оқу -әдістемелік кешенді қазіргі заманауи талаптарға сәйкес нығайту;
- оқытушылардың кәсіби шеберлігін шыңдау;
- серіктес ұйымдармен, потенциалды жұмыс берушілермен байланыс орнату.
- мамандықтарды бойынша мемлекеттік стандарттардың сапасын арттыру;
Диплом жұмысымның құрылымы: кіріспеден, бес бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- Кәсіптік оқытудың психологиялық-педогогикалық аспектілері
1. 1 Кәсіби колледждердің оқу бағдарламасында психологиялық - педагогикалық негізі
Кәсіби колледждардың оқу бағдарламасында теориялық және кәсіби білім беру де қарастырылады. Ұйымның міндеттері, әдістері мен түрлері, осы білім берудің мазмұны, барлғы бір мақсатқа бағытталған - жоғары кәсіби біліктігі бар кіші жұмысшы кадрларды дайындау. Теориялық және кәсіби білім беру дербес түрде болады, бірақ арнайы орта оқу орталарындағы білім беру жүйесінің өзара байланысқан бөлігі.
Колледждерде тәжірибелік кәсіби білім беру білім алушылардың тұлғасының дамуына бағытталуы тиіс, яғни, білім алушылар өздерінің жеке құқықтарын, генетикалық-психологиялық мүмкіндіктерін, әлеуметтік-экономикалық қызығушылықтары мен қажеттіліктерін, және де кәсіптің (технологиялардың) талаптарын ескере отырып, алынған теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана алу дағдыларын қалыптастыру.
Колледжде кәсіби тәжірибелік білім берудің мазмұны мен кәсіби біліктілік негіздерінің құрылуы арасындағы қажетті байланысты ашу - негізгі мәселе болып табылады, яғни, берілген кәсіби білім берудің әдістемесіндегі қарам-қарсылықтардың негізі. Кәсіби білім берудің мазмұны деп - теориялық және тәжірибелік кәсіби білім берудің бірлігі, олардың функциялары өзара байланысқан.
Колледжде кәсіби тәжірибелік білім берудің негізгі мақсаты мен міндеттері - оқушылардың кәсіби біліктігін құруға және өздерінің таңдаған мамандығының болашақ еңбек қызметіне дайындауға бағытталған. Бұл дайындық тәжірибелік дағдылар мен іскерліктерді игеру арқылы жүзеге асады, бұл дағдылар теориялық білімдерді тәжірибеде қолдануға, өздерінің мамандығына тән кәсіби үрдістерді - дайындық, жүзеге асыру, басқары мен қызмет көрсетуді жоспарлау үшін қажет. Себебі «кіші маман» - кәсіби колледждардың білім беру жүйесінің теориялық және тәжірибелік бағдарламаларын меңгерген түлектеріне берілетін кәсіби дәреже. Кіші маман өзінің мамандығы бойынша компьютер және басқа құралдармен байланысты техникалық тапсырмаларды орындайды; инженерлік-техникалық жабдықтар мен құралдарды қызмет көрсетеді, оларды жөндейді; станоктарды (білдектерді), металл құрылымдарын орнатады, басқа ұқсас жұмыстарды орындайды.
Тәжірибелік кәсіби білім беру жалпы білім беруден өзінің мақсатымен, бағдарламасымен және бағдарлама мазмұнымен ерекшеленеді. Жалпы білім беру үрдісі және кәсіби теориялық білім берудің үрдісі негізінен ұқсас болып келеді, бірдей дидактикалық қағидалары мен әдістемелерін жүзеге асыру арқылы орындалады. Кәсіби тәжірибелік білім беру негізінен түпкі әдісері мен оқыту түрлерімен ерекшеленеді. Себебі бұл жерде оқыту өнеркәсіппен қатар жүргізіледі: оқушылар оқытылады, өндіріспен айналысады, еңбек қызметін жүзеге асырады. Кәсіби тәжірибелік білім берудің негізгі ерекшелігі - оқу үрдісі оқушылардың кәсіби еңбегімен қатар жүреді.
Кәсіби тәжірибелік білім беру - оқушылардың ақыл-ойы мен физикалық іс-әрекеттерінің нәтижесінде кәсіби білімдер мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған оқу үрдісі. Егер теориялық кәсіби білім беруде теориялық дағдылар мен білімдер жүйесі қалыптасса, онда тәжірибелік кәсіби білім беруде тәжірибелік дағдылары қалыптасады. Осы екі өзара байланысқан үрдістердің нәтижесінде, нақты мамандығы мен дағдылары бар, кіші маман тұлғасы қалыптасады.
Егер колледждерде кәсіби теориялық білім берудің үрдісінде теориялық қызметтің ерекшеліктері оқылса, онда тәжірибелік кәсіби білім беру үрдісінде тәжірибелік қызметтің ерекшеліктері оқылады. Сәйкесінше, егер теориялық кәсіби білім берудің негізгі құрылымын жалпы білім беретін және кәсіби пәндер кешені құраса, онда тәжірибелік білім берудің негізгі элементтері тәжірибелік қызметтің түрлерінен: зертханалық жұмыстар, оқу бағдарламалары, өндірістік тәжірибе, дипломға дейінгі тәжірибе т. б. тұрады.
Кәсіби колледждерде кәсіби білім берудің негізгі мазмұнын құрайтын құралдарды анықтау үшін, келесі жағдайларға сүйену қажет:
- Тәжірибелік білім берудің мазмұны кәсіби дағдыларды, кәсіби қызметтерді игеру арқылы жүзеге асады;
- Тәжірибелік білім берудің құрамды бөліктері игерілетін кәсіби қызметтің құрылымымен анықталады.
Кәсіби колледждерде тәжірибелік кәсіби дайындықтарды арнайы пәндердің мұғалімдері мен мамандары басқарады. Тәжірибелік кәсіби дайындық - бұл белгілі бір кәсіптің жұмыстарын жүргізуге арналған дағдылар мен білімдерді қалыптастыру үрдісі. Тәжірибелік кәсіби дайындық барысында дәрежесі мен екінші мамандық та қарастырылады.
Тәжірибелік кәсіби дайындықтың негізгі міндеті оқушыларды, яғни болашақ кіші мамандарды - өздерінің тікелей мамандықтарына дайындауға, теориялық білімдерді тәжірибеде қолдана алуға, кәсіби дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Кәсіби ілім берудің теориялық және тәжірибелік бөліктері салыстырмалы түрде дербес және өзара байлынысқан бөліктер болып табылады.
Тәжірибелік кәсіби білім беру кіші мамандарды дайындаудың бөлігі болып табылады, ол үшін барлық оқу үрдісінің (29, 1 %) үшінші бөлігі болып келеді. Егер бұл жерде көрсеткіштерді щетел елдерінің оқу орындарымен салыстырса, бұл жерде тәжірибенің аздығы білінеді.
Тәжірибелік кәсіби білім беру үрдісі - оқышуларды мамандыққа дайындайтын, кәсіби дағдыларды қалыптастыратын үрдіс. Сондықтан, бұл үрдісті басқару ыңғайлы, тиімді, шығармашылық болуы тиіс. Басқаша айтқанда, берілген үрдіс белгілі бір жүйеде ұйымдастырылуы тиіс және оқытушының ақыл-ой мен физикалық еңбегінің нәтижесінде оқушыда кәсіби дағдылар мен іскерлікті дамытуға бағытталған.
Колледждердің оқу жаспарынды теориялық және кәсіби білім беру сұрақтарын шешу қарастырылады. Білім берудің екі түрінде де міндеттер, әдістер мен түрлерінің өзіндік қасиеттері бар, бірақ мақсаты бер міндетті шешуге, яғни, жоғары білікті мамандарды дайындауға бағытталған.
Білім берудің осы екі түрі өзара байланысқан.
Оқу бағдарламаларында арнайы технологиялық пәндерді, тәжірибелік-кәсіби білім беру үрдістері қарастырылады.
Тәжірибелік-кәсіби білім беру - бұл оқушыны кәсіби қызметке үйрететін, кәсіби құлыптастыратын және дамытатын үрдіс.
Тәжірибелік-кәсіби білім беруді жүйелі талдау негізінен екі бағытта жүргізіледі:
- тәжірибелік-кәсіби білім берудің мақсаттарымен міндеттерін жүйелі талдау;
- тәжірибелік-кәсіби білім беру үрдісін жүйелі талдау.
Жүйелі талдау кезінде оның келесі құрылымды бөліктері анықталған:
- тәжірибелік - зертханалық сабақтар
Тәжірибелік-зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру үшін оқу-зертханалық жұмыстарды жоспарлап, зертхана бөлмелерін арнайы жабдықтап, оқушылардың білім алу деңгейлерін басқару тиіс. Тәжірибелік-зертханалық сабақтардың үрдісінің әдістемелік ұсыныстары дайындалады.
- оқу тәжірибесі
Оқу тәжірибесін жүйелі қамтамасыз ету үшін, оқу тәжірибелік жұмыстарды жоспарлап, оқу орындарын арнайы жабдықтау қажет, бұл жерде оларда дағдылары қалыптасып, игерген білімдерді бағалау жүргізіледі.
- өндірістік (технологиялық) тәжірибе
Өндірістік (технологиялық) тәжірибені кәсіпорындар мен ұйымдарда жүйелі ұйымдастырып, бөлмелерді арнайы жабдықтау қажет. Өндірістік (технологиялық) тәжірибені жүргізудің әдістемелік ұсыныстары дайындалады.
- кәсіби-шығарушылық тәжірибе
Кәсіби-шығарушылық (дипломға дейінгі) тәжірибені кәсіпорындар мен оқы зертханаларында арнайы дайындық жүргізу қажет, тәжірибелік-зерттеу жұмыстарын өткізу қарастырылады. Кәсіби-шығарушылық (дипломға дейінгі) тәжірибені жүргізудің әдістемелік ұсыныстары дайындалады.
Егер тәжірибелі-кәсіби оқытуға сол үрдістің көзқарасынан қараса, оның келесідей бөліктерін бөліп қарастыруға болады.
- тәжірибелі-кәсіби оқыту үрдісін жоспарлау. Аға мастердің басқаруымен жүргізіледі, және төрт құраушыдан тұрады: тәжірибелік-зертханалық жұмыстарды жүйелі жоспарлау және жүргізу, оқу тәжірибесі, оқу-өндірістік тәжірибе мен кәсіби білікті тәжірибе.
- тәжірибелі-кәсіби оқытуды жүргізуге дайындық.
Бұл жерде аталған үрдістің төрт құраушысын жүргізуге дайындықты ескеру қажет.
- тәжірибелі-зертханалық сабақтар - оқу зертханалары;
- оқу тәжірибесі - оқу орындары;
- өндірістік тәжірибе - кәсіпорындар мен ұйымдар;
- кәсіби білікті-шығаратын тәжірибе - кәсіпорындар мен оқу зертханалары метиралды-техникалық жадықталуы тиіс. және де шеберлердің арнайы дайындығы қажет.
- тәжірибелі-кәсіби оқыту үрдісін қамтамасыз ету. Бұнда да төрт құраушы қарастырылады.
Сондықтан, тәжірибелі-зертханалық жұмыстар оқу-зертхана оқыту технологияларының негізінде, оқу тәжірибесі оқу-тәжірибелік оқыту технологиялары негізінде, оқу-өндірістік тәжірибесі оқу- өндірістік тәжірибе негізінде және кәсіби білікті тәжірибе тәжірибелі-зерттеу технологияларының негізінде өткізіледі.
Оқу шеберлері мен оқытушылардан арнайы пәндік дайындықты, оқу үрдісіне технологияларды енгізуге және тәжірибелік кәсіби оқытудың үрдісін жоспарлауды талап етеді.
Тәжірибелік кәсіби оқыту үрдісін басқару.
Тәжірибелік кәсіби оқыту үрдісін басқару жүйелі түрде жүргізіледі, жеткен нәтижелерін талдау қажет, осы талдау негізіне жіберілген қателіктер мен олардың пайда болу себептері, және оқушылардың жаңа дағдыларды игеру деңгейі нақтыланады. Соның нәтижесінде оқушылардың білімдері бағаланады. Өткен материалды игеруді басқару үрдісі, бақылау немесе бақылау жұмыстарын орындаумен жүргізіледі.
Тәжірибелік-кәсіби оқыту әдістемесі.
Тәжірибелік-кәсіби оқыту мақсатына сәйкес, оны басқару жүйелі түрде жүргізіледі, сабақтарды жүргізудің жолдары мен педагогикалық шеберлікті тұрақты жоғарылату жолдары анықталады.
Осыған орай, жоғарыда аталған Тәжірибелік-кәсіби оқытудың төрт әдістерінің әдістемесін дайындауды қажет етеді.
Тәжірибелік-кәсіби оқытуға деген жүйелі көзқарас оқытушы мен оқушылардың кәсібилігі дамуына, орындалатын жұмыстардың мазмұнын анықтауға әкеледі.
Бүгін, көп бейінді колледж - жоғары білімдік, ғылыми-зерттеу мен тәрбиелеу потенциалы бар, көп деңгейлі, көп бейінді кәсіби жүйесін құруға қажетті барлық материалды-техникалық ресурстары бар білім беру жүйесі.
Көп деңгейлі көп бейінді кәсіби дайындық білім беру бағдарламасын дайындау арқылы жүзеге асырылады. Осындай білім беру жүйесінде білім беру модульдері бөлінеді, олардың арасында кәсіби бағдарламалар мен әдістерде, оқу сипатында сәйкестігі бар байланыстар байқалады.
Білім берудегі инновациялы қызмет - бұл жас маманның жоғары деңгейлі дайындығына қажетті шарт. Сапалы білім беру қызметін жүзеге асырудың басты шарттарының бірі - кәсіби педагогикалық қызметкерлердің болуы, олар өндірістік технологиялардың жүзеге асуына мүмкіндік береді.
Қызметкерлердің сапалы және кәсіби сипаттамалары, білім беру қызметтерін көрсетеді. Жаңа педагогикалық технологияларды дайындап, енгізу қажет, студенттерді оқытуға жаңа көзқарастар қажет, сондай ақ, түлектің кәсібилік жағынан жаңа үлгісін қалыптастыруға шарттар қажет.
Инновациялық өзгерістер, біріншіден, студенттерді оқыту мен тәрбиелеуге жаңа көзқарастарды енгізудің, және де оқытушы мен студенттердің, 80-90 жылдардан ерекшеленетін, қазіргі маманның түріне сәйкес келетін, жалпы және кәсіби құзырлықтары бар санасының өзгеруін білдіреді.
Білім беру мазмұны нұсқаулы бола бастағанда, оқытушы білім беру туралы құжаттарды жақсы біліп, колледждің білім беру жүйесіне инновациялы өзгерістерді енгізе алуы қажет. Инновациялық өзгерістер дегеніміз - студенттерге жеке білім беру ортасын қалыптастыруға мүмкіндік беру, оларда бастамалардың, еңбекке қабілеттіктерін, қауіпсіз және сау өмір сүру қалпына үйлестіру бойынша педагогикалық жұмыстар.
Колледж мұғалімдері арасында инновациялық қызметке дайындығы бірдей емес. Бұл, жоғары жастағы педагогтардың жаңа, дәстүрлі емес құбылыстардан қорқуының салдары. Оларға қарағанда, жас педагогтар жаңа педагогикалық технологияларды жылдам қаблдайды. Компьютермен және ақпараттық технологияларды игеру, желілік ақпаратты білім беру қызметтерін қолдану, кәсіби-тұлғалық дамуы - осының барлығы жас, жаңадан бастаған мамандарға жеңл беріледі. Бірақ жастарға қарғанда, жоғарғы жастағы педагогтар колледж қажеттіліктерін анықтауға жақын, оларда кәсіби жауапкершілік жоғары, педагогикалық жүйеде және әлеуметтік (өмірлік) тәжірибе деңгейі жоғары. Сондықтан, колледжда білім беру жүйесінің инновациялы дамуы жас педагогтардың әлеуеттерін және үлкен педагогтардың тәжірибесін үйлестіре отырып енгізу қажет.
Қазіргі кезде, көп бейінді колледждерде студенттермен жұмыс істеу кезінде оқытушылардың шыдамды көңіл бөлуі маңызды, себебі студенттердің көбінде психика тұрақсыз, көбісі ақпаратты қабылдау мен есте сақтау қабілеттіктері төмен. Колледжде білім беру сапасы педагогикалық қоғамның құрған шарттарына тікелей байланысты. Қазіргі кезде, білім беру сапасының түсінігі басқаша: егер бұрынғы кезде студенттер жақсы нәтижелерге жете алмауын өздерінің қабілеттіктері немесе оқуға деген қызығушылықтарының төмендігінен деп санаса, онда қазір мәселені шешу үшін алдымен педагогтың құрған шарттарына байланысты деп санайды, әрбір бала білім жүйесінде өз жолын табу үшін.
Дегенмен, тіпті қазіргі заманға сай білім беру ортасы да тиімсіз болуы мүмкін, егер оны қолдану мүмкіндіктерін педагогтар дайындамаса. Ол үшін, жаңа оқыту бағдарламаларымен қатар, студенттерді кәсіби дайындауға қажетті мастер-класстар, көріністер енгізіледі. Студенттер «ашық есік күндеріне», кәсіптердің жәрмеңкесіне, кәсіби шеберлік конкурстарына, кәсіби білім оқу орындарын сапарларға қатыстырылады.
Қазіргі заман, болашақ мамандар жылдам өзгеретін әлемде жұмыс істеп, дамуға, ақпаратты ресурстарды тиімді пайдалануға, жауапты шешімдер қабылдауға, құқықтық нормаларды сақтауға талап қояды. Бұл барлық дағдылар сәйкес білім беру стандарттарында көрсетілген. Жаңа заман стандарттары, орта кәсіби білім беру орындарының қызметкерлерін дайындауға негізгі әдістемелік көзқарастарды өзгертуді талап етеді.
Студенттердің көп бөлігі колледжде білім беру жүйесін, ұзақтығы мен сабақтардың әдістемесін толығымен өзгертуге қарсы емес. Студенттердің қалауынша, педагогтың баяндауы қысқа әрі созылмауы тиіс, және де тест жұмыстарын орындауды қалайды, себебі бұл кезде сабақтың ұзақтығы білінбейді. Бұның шыққан себебі, студент сабақ барысында не істерін білмейді, оның ойынша, оқытушы беріп жатқан ақпаратты ол қысқа мерзімде алуы мүмкін еді. Колледждің білім беру жүйесіне инновацияларды енгізудің қажеттігін көрсетеді, олар өткен материалдың ары қарай бекітілуіне септігін тигізеді. Бұлардың қатарына: компьютер технологияларын, интерактивті технологияларды (семинар-пікірталастар, мәселелік дәрістер, «миға шабуыл») белсенді қолдану, олар оқушылардың ойлауын белсендіреді, қойылған сұраққа өз бетінше жауап бере алуына септік тигізеді, материалға қызығушылық туғызады, оқушылардың назарын аударады.
Аталғандар, білім беру қызметінің жаңа деңгейіне өтуді білдіреді, падогогтың инновациялы қызметке және жаңа білім беру стандарттарын орындауға дайындығымен тығыз байланысты.
Мәселені шешу үшін колледждің инновациялы даму бағдарламасы дайындалған, оның міндеттері келесідей.
- Инновациялы даму талаптарына сәйкес, мамандарды дайындауға қолайлы шарттарды құру, кәсіби білім беру бағдарламаларын дайындау және енгізу.
- Педагогтардың кәсіби құзырлығын жоғарылату және оқушылардың кәсіби құзырлықтарын қалыптастыру, бұл үшін колледждің жұмыскерлері біліктілікті жоғарылату курстарына қатысуы, «педагогикалық шеберлік мектебін» құру және инженер-техникалық жұмыскерлердің біліктігін арттыру үшін мастер-класстар құрылады. Педагогтардың кәсіби шеберлігін жоғарылату үшін, қазіргі заманғы технологияларды енгізу, оның ішінде: ақпараттық, коммуникационды, блокты-модульды оқыту, денсаулық сақтау және т. б. технологияларды; білім беру саласында оқытатын семинарлар; әдістемелік жұмыстар, инновациялы сабақтар бойынша жарыстар жүргізу; колледж деңгейінде қалалық, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен мастер-класстар өткізу; тәжірибелер, тренинг пен семинарлар ұйымдастыру үрдістері қажет.
- ресурсты қамтудың және ақпаратты-білім беру ортасын дамыту, ол үшін білім беру үрдісін басқару мен реттеудің бірегей жүйесін, білім беру сапасының мониторингін құру; колледждің web-сайтын құры және дамыту; әдістемелік материалдары бар білім беру порталын құру; электронды оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау; материалды-техникалық базаны бекіту; спорт алаңын жаңалау қажет.
- білім беру сапасының менеджмент жүйесін енгізе отырып, колледжді басқару жүйесін дамыту.
- өздігінен дамитын ұйым ретінде колледждің қызметі - оның инновациялы дамуының басты факторы болып табылады. Қазіргі заманғы технологияларды енгізу, педагогтардың жаңа инновациялы жаңалықтар мен құбылыстар жайлы білуі, жаңартылған материалды-техникалық база, бұның барлығы инновациялы үрдістің маңызды белгілері болып келеді. Орта кәсіби білім беру орталарында, әсіресе көп бейінді колледждарда, инновациялы даму бағдарламасының міндетіне білім беру жүйесінің барлық субъектрілерін инновациялық қызмет үрдісіне қосу жатады.
Кәсіби білім беру жүйесін, еңбек нарығын, экономикалық саясатты, технологиялық өзгерістерді біріктіретін кең жүйенің бір бөлігі деп қарастыруға болады. Аталғандардың әрқайсысының өз тасушылары бар: жұмыс берушілер, еңбек қызметтері, кәсіби одақтар, олар әлеуметтік қызметтес ретінде бір-бірімен өзара әрекеттеседі. Өздерінің мақсаттарын орындай отырып, олар қоғамның әлеуметтік және экономикалық орталарында қызығушылықтар теңгерімін құрайды, кәсіби білім берудің ашық жұйесінің қалыптасуына ықпал етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz