Ньюкасл құс ауруы кезіндегі балау қою әдістері және алдын алу шаралары



КІРІСПЕ
1.ҚҰСТАРДЫҢ НЬЮКАСЛ АУРУЫ
1.1 Нюкасл ауруы кезіндегі зертханалық балау
1.2 Ньюкасл ауруы вирусының індеттік штамдарының биологиялық қасиеттері
1.3 Құстардың ньюкасла ауруын алдын алу және жою шаралары туралы ережесі
1.4 Аурудан таза емес бекеттерде ауруды жою шаралары
ҚОРТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Адамның шаруашылық әрекеттерінде құстардың алуан түрлі және үлкен маңызы бар. Көптеген түрлерін үйретіп, үй құсына айналдырған, бұл әрекетті осы кезге дейін жетілдіріп келеді. Ет, жұмыртқа, мамық алу, байланыс мақсатына, әсемдік үшін құстардың жаңа тұқымдарын шығарады. Жабайы құстардың ауыл, орман, балық шаруашылығында, аң аулау кәсібінде және денсаулық сақтауда зор маңызы бар. Көпшілік құстар егін, бау-бақша, тоғайлы және далалы жердегі өсімдіктердің зиянкестері – омыртқасыз организмдерді қырып, пайдасын тигізеді. Орман зиянкестерімен қоректенетін құстарға: сары шымшық, пищухалар, түрлі славкалар, шыбын қаққыштар, қызыл құйрықтар, милиновкалар, көкектер, жағалтайлар, ешкіемерлер, тоқылдақтар, кішкене торғайлар, т.б. жатады. Дала мен шабындық жерлердегі зиянкестермен қоректенетін құстарға: кәдімгі қара торғай, түрлі қаратамақ торғай, боз торғайлар, ақсарылар, көк қарғалар, айдарлы көкектер, кәдімгі және дала бөктергісі, қырғилар, ақ тұмсық қарғалар, ұзақтар, кейбір жерлерде шағалар, т.б. жатады. Құстар ұсақ кемірушілерді жеп, ауыл шаруашылығында үлкен пайда келтіреді. Көптеген күндізгі жыртқыш құстар және жапалақтар көпшілігінде ұсақ кемірушілермен қоректеніп, оларды қырады. Ұсақ кемірушілермен қоректенетін құстарға кәдімгі жамансары, қорған жамансары, қыстақ жамансарысы, құладындар, қорған бүркіті, дала бүркіті, кәдімгі бөктергі, дала бөктергісі, күйкентайлар, ителгілер, батпақты жердің жапалағы, құлақты жапалақ және сұр неясыттар, т.б. жатады. Кейбір құстардың пайдасымен қатар зияны да айтарлықтай. Мысалы, ақ тұмсық қара қарғалар көктемде себілген тұқымды қазып жесе, жазда қиярды, қарбыз, қауынды, қартопты шоқып бүлдіреді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығының зиянкес насекомдарында жеп көп пайда келтіреді. Сол сияқты суық торғайларда балапаны ұшқанша насекомдармен олардың личинкаларымен, жұлдыз құрттармен қоректендірсе, олар ұшқасын, күзде дәнді дақылдармен қоректендіріп зиянын тигізеді. Сонымен қатар кейбір түрлері ементұмсықтар мен қара торғайлар шие жемісін жеп, үлкен зиян келтіреді [1].
1. Абдрахманов С.К. «Специфические биологические препараты, применяемые при инфекционных болезнях животных (принцип изготовления, контроля и применения)». Учебное пособие. Астана 2002, 66 с.
2. Бұлашев А.Қ. «Вирустық ауруларды балау әдістері». Астана 2008, 96 б.
3. Hanson R. P. Bzandly .C.A Jdentifi cation of vaccine strains of Newcastle disease virus // Science. 1955 Uol.22.p. 55-57
4. Асанов Н.Г.,Кыдырманов А.И., Даулбаев К. Д . и др. Изучение полевых изолятов вируса болезни Ньюкасла, выделенных в Южном Казахстане.//Матер.междн.науч.-прак.конф.-Астана.1999-c.97-103.
5. Reed L . Muench H . A simple method estimation fi fty persent and pints //.J. Amer Hyg . 1938 . № 127, P.493-497
6. Сюрин В.Н., Белоусов Р.В.,Фомина Н.В.Диагностика вирусных болезней животных.Москва 1991.528 с.
7. Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабы
8. Турсункулов Ш.Ж. Лабораторные исследования в ветеринарии. Научно методические указания. Астана: ГУ «Национальный центр мониторинга, референции, лабораторной диагностики и методологии в ветеринарии» МСХ РК, 2005. 372 с.
9. Троценко Н.И. Практикум по ветеринарной вирусологии // Москва. Агропромиздат. 1989. 286 с.
10. Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 27 бабы

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Адамның шаруашылық әрекеттерінде құстардың алуан түрлі және үлкен маңызы бар. Көптеген түрлерін үйретіп, үй құсына айналдырған, бұл әрекетті осы кезге дейін жетілдіріп келеді. Ет, жұмыртқа, мамық алу, байланыс мақсатына, әсемдік үшін құстардың жаңа тұқымдарын шығарады. Жабайы құстардың ауыл, орман, балық шаруашылығында, аң аулау кәсібінде және денсаулық сақтауда зор маңызы бар. Көпшілік құстар егін, бау-бақша, тоғайлы және далалы жердегі өсімдіктердің зиянкестері - омыртқасыз организмдерді қырып, пайдасын тигізеді. Орман зиянкестерімен қоректенетін құстарға: сары шымшық, пищухалар, түрлі славкалар, шыбын қаққыштар, қызыл құйрықтар, милиновкалар, көкектер, жағалтайлар, ешкіемерлер, тоқылдақтар, кішкене торғайлар, т.б. жатады. Дала мен шабындық жерлердегі зиянкестермен қоректенетін құстарға: кәдімгі қара торғай, түрлі қаратамақ торғай, боз торғайлар, ақсарылар, көк қарғалар, айдарлы көкектер, кәдімгі және дала бөктергісі, қырғилар, ақ тұмсық қарғалар, ұзақтар, кейбір жерлерде шағалар, т.б. жатады. Құстар ұсақ кемірушілерді жеп, ауыл шаруашылығында үлкен пайда келтіреді. Көптеген күндізгі жыртқыш құстар және жапалақтар көпшілігінде ұсақ кемірушілермен қоректеніп, оларды қырады. Ұсақ кемірушілермен қоректенетін құстарға кәдімгі жамансары, қорған жамансары, қыстақ жамансарысы, құладындар, қорған бүркіті, дала бүркіті, кәдімгі бөктергі, дала бөктергісі, күйкентайлар, ителгілер, батпақты жердің жапалағы, құлақты жапалақ және сұр неясыттар, т.б. жатады. Кейбір құстардың пайдасымен қатар зияны да айтарлықтай. Мысалы, ақ тұмсық қара қарғалар көктемде себілген тұқымды қазып жесе, жазда қиярды, қарбыз, қауынды, қартопты шоқып бүлдіреді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығының зиянкес насекомдарында жеп көп пайда келтіреді. Сол сияқты суық торғайларда балапаны ұшқанша насекомдармен олардың личинкаларымен, жұлдыз құрттармен қоректендірсе, олар ұшқасын, күзде дәнді дақылдармен қоректендіріп зиянын тигізеді. Сонымен қатар кейбір түрлері ементұмсықтар мен қара торғайлар шие жемісін жеп, үлкен зиян келтіреді [1]. Құстардың көпшілік түрлерінің кәсіптік маңызы соншалықты үлкен. Жабайы құстарды пайдалану шаруашылығымызға қосымша ет, жұмыртқа, мамық, қауырсын немесе қауырсыны бар құс елтірісін береді. Құс аулау кәсібінде тауық тәрізділер бірінші орын алады. Өйткені, олар барлық жерлерге кеңінен тараған, өте көп және олардың еті дәмді болады. Тауық тәрізділердің күзде және қыста бір жерге топтанып жиналуы, оларды көбірек ұстауға мүмкіндік туғызады. Бұл құстар (бөденеден басқасы) барлығы дерлік отырықшы құстар. Сондықтан бүкіл жыл бойы аулауға мүмкіндік болады. ТМД-да орта және оңтүстік аудандарындағы кәсіптік маңызы бар құстар: шіл, қырғауыл және бөдене. Үй құстарын өсіру ауыл шаруашылығының өркендетудің үлкен саласының бірі. Негізгі үй құстары: тауықтар, үйректер, қаздар, аз да болса күрке тауықтар, цесаркалар өсіріледі. Көгершіндердің де шаруашылықта өзіндік маңызы бар. Көгершін өсірудің үш тұқымдасына сәйкес үш түрлі бағытта: әсемдік, почташы, еті үшін өсіріледі [1].

1.Құстардың Ньюкасл ауруы
Ньюкасл ауруы - кеңінен тараған, экономикалық жағынан зиян әкелетін құс ауруы. Кейінгі кезде осы ауруға өте ұқсас ауру-құс тұмауы кездеседі. Осы ауруға қарсы күресу үшін міндетті түрде оларды дифференцирлеу қажет. Ньюкасл ауру қоздырғышысы РНҚ бар вирустар тобына, Paramyxoviridae тұқымына, Rubulavirus туысына жатады. Вирион күрделі, көлемі 120-180 нм, пішіні сфера тәрізді болып келеді. Ньюкасл ауру - тауық және күрке тауықтың жоғары контагиозды вирустық індет. Ауру тауықтардың тыныс алу, ас қорыту мүшелерінің және орталық жүйке жүйелерінің зақымдалуымен, ішкі мүшелерде көптеген нүктелі қан құйылулармен сипатталады. Вирустың ағзаға ену жолына, құстардың жасы мен күтіміне байланысты ауру ағымы инкубациялық кезеңі 2 - 15 күнге дейін созылады [2].

Сурет-1. Ньюкасл ауру жұқтырылған тауық
Вирустың антигендік бір қалыптылығы аурудың зертханалық балауын жеңілдетеді. Вирусының патогенді және апатогенді штамдарының барлықтарының құрамында 6 түрлі ақуыз болады. Вирус тауық,көгершін, күрке тауық, теңіз шошқасы, тышқан, адам эритоциттерін агглютинирлейді. Вирустың жеке штамдары одан басқа қой, ешкі, шошқа, ірі қара мен жылқы эритроциттерін агглютинирлейді. Ауру қоздырушының төзімділігі сыртқы орта факторларына байланысты. Күн сәулесі қоздырушының жұқпалылығы 3-4 сағатта жойылғанымен, олардың гемагглютининдік қасиеті ұзақ сақталады. Төменгі температурада және мұздатылған жағдайда вирустың белсенділігі 2 жыл бойы, ал қоршаған ортада күз және қыс айларында 140 күнге дейін сақталады. Ньюкасл аурудың жасырын даму барысында жыныс жолдарының өзгерісі байқалады, ол жұмыртқалауды 3 жұмаға дейін тоқтатуына әкеп соғады. Аурудың жіті даму жағдайында арасында өлім 90% дейін жетеді Құс тұмауы - үй және жабайы құстардың жіті, жоғары жұқпалы ауруы. Үй құстарының ішінен тұмауға сезімтал тауықтар, үйректер, күрке тауықтар және қаздар. Ауру респираторлы мүшелерінің, асқазан-ішек жолдарының және орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен сипатталады [2]. Тауық тұмауының клиникалық белгілері азыққа тәбеті болмайды, құстар тұмсықтарын ашып шиқылдап, қырылдап дыбыс шығарады, тыныс алуы қиындайды, ауыз және мұрын қуыстарынан сұйық ағады, қозғалыс координациясы бұзылады, дене қызуы жоғарылайды, конъюнктивит, түшкіреді, тұншығады, айдарлары мен сырғалары көгереді, оларда шешек тәрізді бөртпелер пайда болады, тұмсығының мүйізді қабаттары жарылады, мойындарын 180˚С бұрап шалқайтады немесе бүгіп алады, аяқтары гиперемияланып кетеді. Ауруға шалдыққан тауықтардың жұмыртқалауы төмендейді. Құстардың 90-100% өлімге ұшырайды. Өлімге ұшыраған құстарда некроз, іш өту (диарея) байқалады. Ньюкасл ауру қоздырушымен құс тұмау ауру қоздырушының балауы - эпизоотологиялық деректерге, клиникалық белгілеріне, патологоанатомиялық өзгерістеріне, зертханалық зерттеулеріне бөлінеді. Сонымен, Ньюкасл ауру қоздырушысы клиникалық белгілері және патологиялық анатомиялық өзгерістері өте ұқсас, оларды тек зертханалық әдістермен дифференцирлауға болады [2].
1.1 Нюкасл ауруы кезіндегі зертханалық балау
Патматериалды алу. Ол үшін зертханалық зерттеуге келесі патологиялық материал жіберіледі: жаңадан өлген немесе өлтірілген құстарды, құстардың бас миы, бауыр, көк бауыры, өкпесі, трахея, жілік майы, ішектері мен клоака шайындылары және қан сарысулары алынады. Алынған патологиялық материалдарды салқын мұздатылған термостарға салып зертханаға жеткізеді. Зерттеуге алынған ішкі ағзаларды залалсызданған 50% глицерин дистильденген судағы ерітіндісіне салады.

Зертханалық балауы. Антиденені вирусқа анықтау үшін зертханаға бір құс қамайтын күркеден 25 құс қанының сарысу сынамасын жібереді. 2 - 3 жұмадан кейін сол құстардан қайтадан 25 сынамасын жібереді. Тауықтардан қанды алғанда асептиканы сақтау керек. Сарысуды алғаннан кейін 1:20000 қатынаста мертиолат қосып консервирлейді. Ньюкасл ауруының (НА) вирустарының дифференциалды зертханалық балауы. Оны келесі жоба бойынша жүргізеді: вирусты тауық эмбрионында бөлу арқылы; гемагглютинация тежеу реакциясында құс тұмауының вирусын Ньюкасл ауруының вирусынан дифференциалдық балауы. Ньюкасл ауруына күмәнданғанда біріншіден вирусты гемагглютинация реакциясымен табуға әрекет жасайды. Ол үшін патологиялық материалдың суспензиясының бір тамшысына 5% тауық эритроцит суспензиясының тамшысын қосады. Патологиялық материалда гемагглютинирленетін вирус бар болса, гемагглютинация реакцияның нәтижесі оң көрсетеді. Вирустарды бөлу. Биосынамамен вирусты табу және оның суспензиясын патологиялық материалдан бөлу мақсатында 9 - 11 күндік тауық эмбрионының аллантоис қабатына енгізеді. Онда Ньюкасл ауруының вирусының немесе құс тұмауының вирусының көбеюінен, вирус штамының вируленттігіне байланысты эмбриондар 20 - 76 сағат соң өледі. Өлген эмбриондарды жарып қарағанда ұрықтың бас миында, денесінде және табанында көптеген нүктелі қан құйылуларын байқауға болады. Өлген эмбрионның аллантоис сұйығын сорып алады. Онда вирус барын гемагглютинация тамшы реакциясымен анықтайды және әрі қарай зерттеуге бөлінген вирус бар материалды қолданады. ГАТР ҚТ вирусын НА вирусынан дифференциялау. Тауық эмбрионының көмегімен анықтау және бөлу кезеңінде ҚТ вирусы НА вирусынан дифференциациялауға мүмкіндік болмайды, өйткені тауық эмбрионында вирустардың көбею белгілері ұқсас. Вирустар спецификалық әрекеттерін серологиялық реакцияларда көрсетеді. Осы вирустарды дифференциациалауға ең ыңғайлы тауық эритроциттер қолданылатын ГАТР - гемагглютинация тежеу реакциясы. Себебі екі вирустың да бұл эритроциттерді агглютинирлеу мүмкіндігі бар, ал тек спецификалық сарысумен бірлесіп әрекет жасауы оларды дәл дифференциациялауға мүмкіндік береді [2]. Спецификалық, яғни белгілі антиденесі бар, сарысуларды биофабрикалардан алып, зертханаларға жібереді. Ньюкасл ауруын вирусын ГАТР дифференциациалағанда екі спецификалық сарысуды қолданады, оның біреуі НА вирусына антиденесі бар, ал екіншісі - ҚТ вирусына. Дәлірек айтқанда, тұмау вирусының серологиялық вариантын белгілеп қою міндеттілігі, өйткені біреуімен ауырып болған құстар басқа серологиялық варианттарынан иммунологиялык қорғалынбайды. Вирустарды ГАТР дифференциациялау бірнеше модификацияның біреуімен қою арқылы өткізуге болуы мүмкін [2]. Сонымен бірінші бөлінген вирусты ГАР-мен титрлейды және ГАТР -на онын 4 ГАБ титрімен жұмыс сұйылтымдары дайындайды. Сосын биофабрикалык өндірістің екі спецификалық сарысуын алып, бөлінген вирустың қатысуымен екі сарысудағы антидене титрін анықтайды Ньюкасл ауруының вирусының индикациясы мен идентификациясында гемагглютинация, гемагглютинацияны тежеу, жанама иммунофлуоресценция, комплементті байланыстыру, вирустарды бейтараптау реакциялары, иммунды ферменттік талдау мен полимеразалы тізбекті реакция және т.б.қолданылады [2].
1.2 Ньюкасл ауруы вирусының індеттік штамдарының биологиялық қасиеттері
Құс шаруашылығында вирусологиялық зерттеулер нәтижесінде ньюкасл ауруы вирусының төрт штамы бөлінген, олар биологиялық қасиеттері жағынан эталондық штамнан өзгеше екендігі көрсетілген. Құс парамиксовирустарының (ПМВ) қазіргі кездегі белгілі 9 серотиптерінің ішінде ең кең таралғаны және індеттігі жағынан маңыздысы 1 серотипке қарайтын ньюкасл ауруының вирусы (НАВ) болып есептелінеді. Алғаш 1926 жылы анықталғаннан бері бұл вирустың зардаптылық қасиеті әр түрлі көптеген штамдары бөлінді. Зардаптылық қасиеті жағынан оларды велогенді, мезогенді және лентогенді болып аталатын үш топқа бөледі (Hanson,Brandly 1955) [3]. Қазақстанда жүргізілген зерттеулердің деректеріне сәйкес біздің республикамыздың құс шаруашылықтарында штамдардың үш түрі де кездеседі [4]. НАВ-ның зардаптылық деңгейінің тез өзгеріштік қасиеті, аурудың клиникалық белгілерінің сан алуан түрде байқалуы, сыртқы ортада кең ауқымда таралуы және ауру байқалған жағдайда құс шаруашылығына үлкен эканомикалық шығын келтіретіндіктен вирустың аиналымда кездесетін бөлінділерін мұқият зерттеп, оның биологиялық қасиеттерін үнемі бақылауда ұстау қажет. Соңғы жылдардағы зерттеулерге сүйенсек, НАВ-ын таратуда жабайы құстардың орны біршама жоғары екені байқалады. Бұл жағынан Қазақстан белгілі дәрежеде ғылыми қызығушылық туғызады. Себебі біздің республикамыз Евразия құрлығының ортасына орналасқан кең алқапты алып жатыр, оның үстінен табиғи қалыптасқан жабайы жыл құстарының көптеген жолдары өтеді, мұның өзі НАВ-ның жаңа штамдарының тасымалдауына қолайлы жағдай туғызады. Қазақстанның құс шарушылықтарында ньюкасл ауруы (НА) 1998-2002 жылдары жиі байқалды, ол жөнінен кезінде баспасөз бетінде деректер берілген, соңғы жылдары бұл жөнінде деректер жоқ. Бірақ құс шаруашылықтарында жүргізілген вирусологиялық зерттеулер НАВ-ның айналымында болатынын дәлелдейді. Осыған байланысты бөлініп алынған штамдарды зерттеп, олардың биологиялық қасиеттерін анықтау осы жұмыстың негізгі мақсаты болып есептеледі.

1.3 Құстардың ньюкасла ауруын алдын алу және жою шаралары туралы ережесі
Осы Құстардың ньюкасла ауруын алдын алу және жою шаралары туралы ережесі (бұдан әрі - Ереже) ветеринариялық шараларды ұйымдастыру және жүргізудің тәртібін анықтайды, Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалармен орындалуы үшін міндетті болып табылады. Құстардың Ньюкасл ауруы (жалған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ньюкасл ауруы - тауық тұқымдастығына жататын құстардың бәріне тән ауыр өтетін жұғымтал ауру
Тауықтың оба ауруы
Тауықтың марек ауруының классикалық түрінің клиникалық белгілері мен диагностикасы
Тауықтың марек ауруының жіті түрінің патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Тауықтардың ньюкасл ауруы
Ауру ағымы және клиникалық белгілері
Індетке қарсы шаралар
Ауру және ауруға күдікті жануарларға қатысты шаралар
Ньюкасл ауруы
Дәрілік заттар түрлері
Пәндер