Ұсақ малдардың сальмонеллез ауруы



КІРІСПЕ
1.САЛЬМОНЕЛЛЕЗ АУРУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОЗДЫРУШЫСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
1.1.Қоздырғыштың төзімділігі және індеттік ерекшеліктері
1.2.Аурудың өтуі мен симптомдары
1.3.Өлекседегі патологиялык.анатомиялык өзгерістер
1.4.Сальмоннелез кезіндегі балау және емі 1.5.Дауалау және күресу шаралары
ҚОРТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жұқпалы аурулар - жұқпалы (инфекциялық) аурулар ерте заманда-ак олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды (індет, жаппай аурулар). Бұл аурулар ерекше «миазма» — ауаның улы булануымен байланыстырылады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында өр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды. «Іnfесіо» деген латын сөзі «ластану» дегенді білдіреді. Жұкпалы аурулар жануар ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады. Қоздырғыш-микробтар ауру жануардан сау жануарға беріле алады. Белгілі бір жағдайларда ауру жаппай таралады (індет). Ауру туғызатын микробтар бактериялар, вирустар, спирохетар, саңырауқұлақтар болуы мүмкін.Ауру туғызатын микробтар, өдетте, сыртқы ортада тез өледі. Олардың өмір сүріп, көбейетін жері — адам немесе мал ағзасы, сондыктан адам жұқпалы көзі болып табылады. Зооноздардың көпшілігі табиғи-ошактық аурулар туғызады, яғни белгілі бір климаттык географиялык жағдайларда кездеседі, бұл жерде қоздырғыштарды табиғи сақтаушылары жабайы аңдар мен қоздырғыштардың ерекше тасымалдаушылары — жөндіктер мен кенелер өмір сүреді. Жүқпалы аурулардың қоздырғыштары паразиттік емір кешеді, белгілі бір уақытка дейін қажетті нөрсемен камтамасыз етіледі, осы уақыт біткеннен кейін қожайынды ауыстыру қажеттілігі туады. Бұл берілудің тиісті механизмі көмегімен жүзеге асырылады. Бұл жүйелі пайда болып отыратын жөне өзара байланысты жұқпалы (инфекциялы) жағдайдың үздіксіз тізбегі, ол клиникалық айқын немесе жасырын формада көрініп отырады, бұл әпидемиялық процесс деп аталады. Әпизоотологиялық процестін пайда болуы үшін фактордың өзара қимылы кажет: жұқпа қоздырғышының көзі, жұкпаның берілу механизмі жөне қабылдағыш ағза. Жоғарыда айтқандай, ауру адам немесе жұқпалы (залалданған) жануар жүқпа көзі болса, тағы бір жұкпа кезі — тасушы (бацилло — «таратушы»). Кейбір аурулар кезінде (тырысқак, іш сүзегі) ауру адамның айығуы ағзаның қоздырғыштан босауымен кабаттаса жүреді, яғни клиникалық тұрғыдан сау адам коздырғыштар бөлуі мүмкін, бұл «тасушы» деп аталады.
1. Сайдолдаұлы Т. « Індеттану» Алматы,1993ж. (230-234б);
2. Сайдулдин Т. «Ветеринариялық індеттану» Алматы, І999ж.(115-117б);
3. Қасымов Е. «Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы
ауруларды балау және күресу шаралары» Алматы 1992ж.(200-205б);
4. Қасымов Е. И., Лесова Қ.А., «Ағылшынша-қазақша-
орысша ветеринария сөздігі» Алматы 2005ж. (235 б);
5. Жамансарин Т.М. «Кеміргіштерге қарсы малдәрігерлік-
санитариялық шаралар» Алматы 2005ж. (249 б);
6. «Эпизоотология и инфекционные болезни» Учебник под ред.
А.А.Конопаткина- М. Колос, 1993ж.(140б);
7. Урбан В.П. « Практикум по эпизоотологии» Учебное пособие. Колос 1981ж.(125 б);
8. Сайдулин Т. «Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары» Алматы 2009ж.(226 б);
9. Жаңабай Төлеуіш «Малың аман болса, май ішесің» Шымкент-2007 ж.(40-43 б);
10. Қасымов Е. «Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы
ауруларды балау және күресу шаралары ». Алматы 1992 (17 б).

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Жұқпалы аурулар - жұқпалы (инфекциялық) аурулар ерте заманда-ак олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды (індет, жаппай аурулар). Бұл аурулар ерекше миазма -- ауаның улы булануымен байланыстырылады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында өр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды. Іnfесіо деген латын сөзі ластану дегенді білдіреді. Жұкпалы аурулар жануар ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады. Қоздырғыш-микробтар ауру жануардан сау жануарға беріле алады. Белгілі бір жағдайларда ауру жаппай таралады (індет). Ауру туғызатын микробтар бактериялар, вирустар, спирохетар, саңырауқұлақтар болуы мүмкін.Ауру туғызатын микробтар, өдетте, сыртқы ортада тез өледі. Олардың өмір сүріп, көбейетін жері -- адам немесе мал ағзасы, сондыктан адам жұқпалы көзі болып табылады. Зооноздардың көпшілігі табиғи-ошактық аурулар туғызады, яғни белгілі бір климаттык географиялык жағдайларда кездеседі, бұл жерде қоздырғыштарды табиғи сақтаушылары жабайы аңдар мен қоздырғыштардың ерекше тасымалдаушылары -- жөндіктер мен кенелер өмір сүреді. Жүқпалы аурулардың қоздырғыштары паразиттік емір кешеді, белгілі бір уақытка дейін қажетті нөрсемен камтамасыз етіледі, осы уақыт біткеннен кейін қожайынды ауыстыру қажеттілігі туады. Бұл берілудің тиісті механизмі көмегімен жүзеге асырылады. Бұл жүйелі пайда болып отыратын жөне өзара байланысты жұқпалы (инфекциялы) жағдайдың үздіксіз тізбегі, ол клиникалық айқын немесе жасырын формада көрініп отырады, бұл әпидемиялық процесс деп аталады. Әпизоотологиялық процестін пайда болуы үшін фактордың өзара қимылы кажет: жұқпа қоздырғышының көзі, жұкпаның берілу механизмі жөне қабылдағыш ағза. Жоғарыда айтқандай, ауру адам немесе жұқпалы (залалданған) жануар жүқпа көзі болса, тағы бір жұкпа кезі -- тасушы (бацилло -- таратушы). Кейбір аурулар кезінде (тырысқак, іш сүзегі) ауру адамның айығуы ағзаның қоздырғыштан босауымен кабаттаса жүреді, яғни клиникалық тұрғыдан сау адам коздырғыштар бөлуі мүмкін, бұл тасушы деп аталады. Қоздырғыштың залалданған ағзадан сау ағзаға өтуі әволюциялық қалыптасқан әдіспен өтеді. Бұл -- жұқпа қоздыргыштарыньщ берілу механизмі деп аталады. Ағзада коздырғыштың орналасуы мен жұкпаның берілу механизміне байланысты бар жүқпалы аурулар 4 топқа бөлінеді: ішек жұкпасы, тыныс алу жолдарының жұкпасы, қан жұкпасы жөне сыртқы кабат жұқпасы. Ішек жүқпасына қоздырғыштардың ішекте орнығуы мен соған сөйкес олардың сыртқы ортаға, негізінен, нәжіспен бөлінуі тән. Бұл аурулардың қоздырғыштары сау адамдарға ауыз аркылы азық-түлікпен, ауыз сумен немесе лас қолдармен ағзаға түсуі нәтижесінде жұғады. Оларға -- дифтерия, іш сүзек, тырысқақ, ішек уыты жұқпалары жатады.

1.Сальмонеллез ауруы және оның қоздырушысының сипаттамасы
Сальмонеллез, немесе қылау, (Salmonellosis, паратиф) - жіті өткенде қызбамен және іш өтумен, ал созылмалы өткенде өкпенің қабынуымен ерек- шеленетін төл ауруы.
Тарихи деректер. 1885 ж Сальмон мен Смит обадан өлген шошқаның өлексесінен микроб бөліп алып, оны Bact. suipestifer деп атады. 1934 ж ха- лықаралық микробиологтар коғамы бұл топтағы микробгарды сальмонелла- лар деп, ал олар коздыратын ауруды сальмонеллез деп атауды ұсынды. Ауру - дың ескі атауы - паратиф, қазақша байырғы агауы - қылау.
Қоздырушысы. Сальмонелла туыстастығын құрайтын бактериялар Enterobacteriaceae тұқымдастығына жатады. Соматикалық 0-, жіпшесіндегі Н-және қауашақтық К-антигердері арқылы Кауфман-Уайт жүйесі бойынша 2 200-ден астам серологиялық варианттарға бөлінеді. Олар әртүрлі түліктің төлінде сальмонеллез қоздырады, сонымен қатар буаз малдың іш тастауына себепші болады. Әртүрлі құстар да бұл микробтар тудыратын ауруларга шалдығады. Сальмонеллалар адамның тағамнан болатын токсикоинфекңияла- рының да себепкері. Сальмонеллалардың морфологиялык кұрылысы жағынан бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады. Олардың, барлығы да қысқаша таяқша (1-4 х 5 мкм), ұштары жұмыр, грамтеріс, спора түзбейді, кейбір варианттарынан баскаларында жіпшелері бар, қозғала алады. Кәдімгі қоректік орталарда жақсы өседі. Бір-бірімен ажырату үшін төсеніш шыныда моноре- ңепторлык 0- және Н- қан сарысуларымен агглютинация реакциясын қояды.
Сальмонеллалардың әрқайсысы белгілі бір жануарларға бейімделген: сиырға - S.dubbin, шошқаға - S cholerasuis және S. typhi suis, тауыққа S. gallinarum-pullorum, үйрекке - S. enteritidis, жылқыға - S. abortus equi, койға - S. abortus ovis, тышқанға, баска да кемірушілер мен су құстарына - S. typhi murium. Соңғы токсономиялық жіктелу бойынша сальмонеллалар екі ғана түрге бөлінеді: зардапты S. enterica және сапрофит S. eongori. S. enterica 6 түр тармақтарына (Subspecies) бөлінеді. Subsp. enterica (choleraesuis) - саль- монеллездің негізгі қоздырушысы оның түр тармақтары: Subsp. salamae, Subsp. arisonae (arisonae-a және arisonae- b), Subsp. diarisonae, Subsp. houtanae, Subsp. indica.

1.1.Қоздырғыштың төзімділігі және індеттік ерекшеліктері
Тозімділігі. Сыртқы ортада өте төзімді. Топырақта, көңде, суда 9-10 ай сақталады, 70-75°С-та 30 мин. қыздырғанда өледі. Дезинфектанттардың әсері - не басқа спора түзбейтін микробтарға қарағанда анағұрлым төзімді. Зарарсыздандыру үшін 1 саг. әкспозициямен 3% күйдіргіш натрий, 2% белсенді хлоры бар хлорлы әк, 20% жаңа сөндірілген әк, 5% ксилонафт әмульсиясы, 2% фор- малльдегид ерітіндісі қолданылады. Қылаумен барлық түліктердің төлдері ауырады. Бұзау 10 күндігінен 2 айлығына дейінгі аралықта, кейде одан да кейін, торай туа салысымен 4 айлығына дейін, әсіресе енесінен бөлген кезде, қозы туа салысымен, кейде есейгеңде, құлын негізінен туғаннан соң бірінші апта ішіңде, ал кейде 3 аптадан 3 айлығына дейінгі аралықта ауырады. Зертханалық жа- нуарлардан ақ тышқан бейім, оны биосынама қою үшін пайдаланады. Сальмо- неллаларды алып жүру жануарлар арасында кең тараған. Ересек жануарлар- дың копшілігінде, мал қораларында бұл микроб жиі кездеседі. Сондықтан сальмонеллез кез келген шаруашылықта орын алады да, малдың ауруга шал- дығуы оның күтімі мен ветеринариялық-санитариялық жағдайға байланысты, аурудың басты себебі - мал шаруашылығындағы ретсіздік. Мал өнімдерін өндіру технологиясы жедетілген сайын бұл аурудың таралу ауқымы арта түседі.
Сальмонеллезден буаз мал, әсіресе, жылқы мен қой, ешкі іш тастайды. Ӏш тастау буаздық мерзімі екінші жартысына ауган сәтте басталады. Ол кезде шарана суымен сыртқы ортаға коп мөлшерде сальмонеллалар болініп шыға- ды. Ауру белгісі жоқ микроб алып жүретін ересек жануарлар инфекция қоз- дырушысын сүтгіен және нәжіспен бөліп шығарады. Ауырған жас төл саль- монеллаларды нәжіспен, несеппен және мұрыннан аққан сорамен, сілекеймен бөліп шығарады. Бұл бөлінділер жемшөпті, суды, төсенішті, қорадағы әртүрлі заттарды ыластап, оларды аурудың жұқтыру факторларына айналдырады. Әр- түрлі жәндіктер (шыбын, таракан), кемірушілер (егеукұйрық, тышқан) қоз- дырушыны тасымалдаушы қызметін аткарады.
Бұзауға, козыға және торайға ауру негізінен алиментарлық жолмен, сирегірек тыныс ағзалары арқылы жұғады, ал құлын кейде қозы тумай тұрып, жатырда ауру жұқтырады. Ӏштен ауру болып туған төл көп тұрмай бірер күн ішінде өліп калады.
Төлдің қылаумен ауыруына жағымсыз факторлар: рационда белоктың, витаминдердің, минералдық заггардыц, әсіресе кальций мен фосфордың, жетісгіеуі, қысты күні қораның суық және дымқыл болуы, ал жазда ыстық өтуі себеп болады.
Төлдің ішегіне түскен сальмонеллалар өсіп-өніп, қабыну процесін тудырады. Ӏшектен қоздырушының өзі және оның өнімдері, әсіресе әндотоксиндері сол жүйесіне өтіп, одан қанға түседі. Мұндай жағдайда септицемия орын алады. Қоздырушының өсіп-өну қарқыны жоғарылағанда, оның уыттылығы да артып, көп мөлшерде улы заттар бөліп шығарады. Ми - кроб мұндай дәрежеге жеткенде әлсіреген жануарлардың ғана емес, төзім- ділігі жеткілікті дәрежедегі жануарладың да қорғаныс қабілетін жеңіп, ауру туғызады. Сальмонеллездің дерттену процесінде қоздырушы микробтың әндотоксині маңызды рол аткарады. Бұл улы заттар қан тамырларына әсер етіп, әкссудат бөлініп шығуына, қан тамырларынан әртроңиттердің сүзіліп өтіп, кілегейлі және сірі қабықтардың қанталауына жағдай туғызады. ішектің кілегейлі қабықтарындағы, бауырдағы, көк бауырдағы және бүйректегі дегенеративті гіроцестер өліеттенуге әкеп соғады. Өкпенің, мидың, буындар- дың зақымдануы мүмкін. Буаз жануарлардың жагыры мен оның ішіндегі төл дертке шалдығады. Сальмонеллалардың бүкіл денеге жайылуы жануардың өліміне себеп болады.

1.2.Аурудың өтуі мен симптомдары
Жасырын кезеңі 1-3 күн, кейде 7 күнге дейін жетеді. Ауру септицемия, жіті және созылмалы әнтерит түрінде өтеді. Жас төлдерде (бүзау, козы, торай) септицемия, ересек малда әдетте жіті әнтерит түрінде өтсе, жас шошкаларда, кейде сйырда созылмалы әнтерит ретінде байкалады.
Бұзауда қылау жіті, жітіден төмен, созылмалы және үзікті түрде өтеді. Жіті өткенде катты күйзеліп, дененің ыстығы көтеріліп, тұрақты 41- 42°С болады. Ауырған бұзау бір орыннан көп жылжымайды, көбінесе жата береді, жатқанда мойынын созыгі немесе кеудесіне бүғеді, тұрғанда бүгжиіп, көзін жартылай ғана ашады. Тамыры жиілеп, минутына 110-150 рет соғады. Ентігіп, бүйірімен дем алады, тынысы жиілеп, минутына 60-90-ға жетеді. Көздің конъюнктивасы қызарып, домбығып, жас ағады. Танауынан кілегейлі сұйық ағады. Жүні ұйпаланып, терісі тұла бойында қызынып, сирақгары мен құлактарында суынады. Егер бұзау өліп калмаса, 2-3 күн өткен соң іші өте бастайды. Нәжісі сұйылып, түсі коңыр-сарғыш, басында қоймалжың жалқақ, ал соңынан қан аралас болады. Нәжістің иісі жағымсыз, бара-бара іштің өтуі күшейіп, артқы тесіктен өзінен-өзі ағып тұрады. Кейбір бұзау дірілдеп, калты- рап, сирақтарының бұлшық еттері жыбырлап тұрады.
Ауру катты өткенде бүйректің закымданған белгілері байқалып, несептің бөлінуі жиілеп, несеп күңгірттеніп, реакциясы кышқылданып, құрамында белок, әпителий торшалары, гиалин цилиндрлері, әритроциттер ұшырасады. Токсикоздың салдарынан несептің көлемі азайыи, жүрек қызметінің бұзылу белгілері орши бастайды. Бұзау жүдеп, әлсірейді, ыңырсып, басын кегжитіп немесе мойынын созып, басын жерге тіреп, көңіл аудармай, селкос күйге түседі. 5-10 күн ауырғанда тамыр согуы ретсізденіп, тыныс алуы үздік-создык болып, есеңгіреп, өліп қалады.
Егер ауру жеңіл өтсе және уақыттылы дұрыс емделсе, дененің ыстығы бірте-бірте қайтын, ішек-қарынның қызметі қалпына келеді. Ӏштің өтуі тоқтап, бұзау жазылып кетеді. Баскаша болғанда ауру жітіден төмен неме - се созылмалы түрге ауысады.
Жітіден төмен өткенде клиникалык белгілері жіті өткеңдегідей, бірақ бәсеңірек білінеді. іші бір өтіп, бір тыйылады да, тыныс мүшелерінің зақым- дануы: ринит, конъюнктивит, жөтел байкалып, танаудан сулы-кілегейлі сора ағады. Жұтқыншақты басканда жөтеле бастайды. Аускультация кезінде өкпеден везикулярлық тыныс пен сырыл естіледі, перкуссия кезінде кейде өкпенің алдыңғы болігінде дыбыс бәсеңдеп шығады.
Созылмалы өтуі әдетте жіті және жітіден төмен өтуінен туындайды да, тыныс мүшелерінің басым зақымдануымен ерекшеленеді. Танаудан кілегейлі- іріңді сора ағып, жөтел пайда болады. Жөтел бастапқыда құрғақ, соңынан ылғалды болып, жөтелгенде бұзау қиналып, тынысы тарылады. Аускультация кезінде қатайған везикулярлық тыныс пен құрғақ сырыл естіледі. Дененің ыстығы тұрақсыз, айнымалы болып, пневмонияның белгілері күшейе түседі. Өкпенің зақымданған бөлігінде тыныс бронхалық сипат алып, ылғалды сырыл шығып, перкуссия дыбысы бәсеңдейді. Ауру бұзау селқостанып, жемшөп жеуі нашарлайды, жөтелгенде ауырсынып, ыңырсыған дыбыс шығарады.
Дененің температураеы кейде 40,5-41,5°С деңгейінде тұрып алады. Кейде созылмалы кылау кезінде буындары ісіп, алғашында тізе және тілерсек буын - дары ысыныгі, ауырсынып, бара-бара ұлғайып, тығыздалады да, мал аксайды. Бұзау арыктап, әлсіреп, ауру бірнеше айға созылып, ем колданылмаса өліп
қалады. Үзікті түрі кей жағдайда ересек бұзауларда байкалады. Олар әдеттеғіден тыс жеңіл ғана ауырады. Жемшөпке заукы төмеңдеп, ыстығы аздап көтері - леді. Кейде іші өтіп, бірер күн өткен соң сауығып кетеді. Торайда кылау жіті, жітіден төмен және созылмалы өтеді. Аурудың жіті өтуі сальмонеллездің шыккан кезінде жетілмеғен әлжуаз жас торайларда байкалады. Ауырған торайлар күйзеліп, төсенішке басын тығып жатады, оры- нынан зорға тұрады, тынысы жиілеп, ыстығы 41-42° ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сальмонеллез ауруының сипаттамасы және таралуы
Төлдің сальмонеллез ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Сальмонеллез ауруы жануарлар мен адамдар арасында болатын жіті ішек ауруы
Адам ауруын қоздырушы дрожжилар
Өлексені сою барысындағы анықталатын ауруды талдау
Құс пуллорозымен ауырған балапандар
Бұзаулардың сальмонеллез ауруы кезіндегі патоморфологиясы
Бұзаулардың ұлтабары мен ішектерінің қабаттаса қабынуы
Құс сальмонеллезі
Малдың ұшасын тексеру
Пәндер