Оттегінің маңызы



1 Биологиялық процесс үшін оттегінің маңызы
2 Ауаның өндіріс халықтарымен зиянды газдармен ластануы
Биологиялық процесс үшін оттегінің маңызы өте зор, ал көмірқышқыл газы фотосинтез процесіне өте қажет. Адам тамақ ішпеуге бар, бірақ тыныс алмай өмір сүре алмайды, себебі адам организмінде оттегі қоры шектеулі. Ол 2 – 3 минут қана тыныс алуына жетеді, ал бес минут өткен соң, ауа келмегендіктен адам организмінде орнына келмейтін процесс басталады, ми қабаты жұмысын тоқтатады, биологиялық өлім келеді.
Атмосфералық ауаның әр түрлі зиянды заттармен былғануы, адамдар органының ауруына, оның ішінде тыныс мүшелерінің ауруына әкеліп соғады.
Мысалы, түрлі түсті металлургияның кәсіпорындарының ауаға жіберетін зиянды заттары жүрек – тамыр ауруларының өсуіне, жүйкенің бұзылуына, қатерлі ісік ауруларының пайда болуына әкеледі. Қара метал мен электр қуаты кәсіпорындарының ауаға шығаратын заттары өкпе ауруларына шалдықтырады. Химия өнеркәсібінің ауаға шығаратын зиянды заттары аллергияның, без және жыныс ауруларының пайда болуына әсер етеді.
Атмосферада табиғи және антропогендік көздерден қосылатын әр түрлі қосындылыр әр кездерде де болады. Ондай табиғи қосындыларға шаңдар жатады, олар, негізінен, өсімдіктер түрлерінен, вулкандардан, эрозияға ұшыраған топырақтан, ғарыш шаңдарынан тұрады және өрт түтіндері, газдар да жатады. Атмосфераның ауасын ластайтын негізгі антропогендік көздер қатарына өнеркәсіп орындарының кейбір салалары, автокөлік, және жылу энергетикасы жатады. Қазақстанда тұрақты өнеркәсіп орындарының көздерінен атмосфераға жыл сайын (1995 ж – 3,1млн. г,1997 ж – 2,37; 1998 ж – 2,33) зиянды заттар шығады атмосфераға кететін зиянды қосындылардың жартысына жуығын энергетика, ал түсті металдар – 22,7%, қара металдар – 15,7% береді.
Атмосфераға зиянды заттарды шығаруда автокөліктер үлкен орын алады.
Қазақстанның үлкен қалаларында автокөліктердің зиянды заттарды шығарудағы үлесі 60 – 80 пайыз құрайды. Ал Алматы қаласында — 90 пайыз. Ең көп тарайтын улы заттар – углеродтың оксиді (СО), күкірттің диоксиді (SO2) азоттың оксиды (МОх) көмірсутегі (Cn Hm) және қатаң заттар (шаң). Атмосфераға одан да гөрі улы заттар шығады, мысалы, фтордың қосындысы, хлор, қорғасын, сынап және бензапирен. Осы күндері атмосфераға 500-ден астам улы заттар шығады екен, оның саны күннен күнге ұлғаюда. Қазақстан Республикасының қалаларындағы ауа бассейнін бақылау қалаларда ластану деңгейінің өте жоғары екенін көрсетіп отыр.

Биологиялық процесс үшін оттегінің маңызы өте зор, ал көмірқышқыл газы фотосинтез процесіне өте қажет. Адам тамақ ішпеуге бар, бірақ тыныс алмай өмір сүре алмайды, себебі адам организмінде оттегі қоры шектеулі. Ол 2 - 3 минут қана тыныс алуына жетеді, ал бес минут өткен соң, ауа келмегендіктен адам организмінде орнына келмейтін процесс басталады, ми қабаты жұмысын тоқтатады, биологиялық өлім келеді.
Атмосфералық ауаның әр түрлі зиянды заттармен былғануы, адамдар органының ауруына, оның ішінде тыныс мүшелерінің ауруына әкеліп соғады.
Мысалы, түрлі түсті металлургияның кәсіпорындарының ауаға жіберетін зиянды заттары жүрек - тамыр ауруларының өсуіне, жүйкенің бұзылуына, қатерлі ісік ауруларының пайда болуына әкеледі. Қара метал мен электр қуаты кәсіпорындарының ауаға шығаратын заттары өкпе ауруларына шалдықтырады. Химия өнеркәсібінің ауаға шығаратын зиянды заттары аллергияның, без және жыныс ауруларының пайда болуына әсер етеді.
Атмосферада табиғи және антропогендік көздерден қосылатын әр түрлі қосындылыр әр кездерде де болады. Ондай табиғи қосындыларға шаңдар жатады, олар, негізінен, өсімдіктер түрлерінен, вулкандардан, эрозияға ұшыраған топырақтан, ғарыш шаңдарынан тұрады және өрт түтіндері, газдар да жатады. Атмосфераның ауасын ластайтын негізгі антропогендік көздер қатарына өнеркәсіп орындарының кейбір салалары, автокөлік, және жылу энергетикасы жатады. Қазақстанда тұрақты өнеркәсіп орындарының көздерінен атмосфераға жыл сайын (1995 ж - 3,1млн. г,1997 ж - 2,37; 1998 ж - 2,33) зиянды заттар шығады атмосфераға кететін зиянды қосындылардың жартысына жуығын энергетика, ал түсті металдар - 22,7%, қара металдар - 15,7% береді.
Атмосфераға зиянды заттарды шығаруда автокөліктер үлкен орын алады.
Қазақстанның үлкен қалаларында автокөліктердің зиянды заттарды шығарудағы үлесі 60 - 80 пайыз құрайды. Ал Алматы қаласында -- 90 пайыз. Ең көп тарайтын улы заттар - углеродтың оксиді (СО), күкірттің диоксиді (SO2) азоттың оксиды (МОх) көмірсутегі (Cn Hm) және қатаң заттар (шаң). Атмосфераға одан да гөрі улы заттар шығады, мысалы, фтордың қосындысы, хлор, қорғасын, сынап және бензапирен. Осы күндері атмосфераға 500-ден астам улы заттар шығады екен, оның саны күннен күнге ұлғаюда. Қазақстан Республикасының қалаларындағы ауа бассейнін бақылау қалаларда ластану деңгейінің өте жоғары екенін көрсетіп отыр. Орташа алғанда қалалардағы шаңның, аммиактың, фенолдың, фторлық сутегінің, формальдегидтің, қорғасынның, азот диоксидінің және күкірттің жиынтығы шекті нормадан әлде қайда артық болып тұр. Мысалы, Шымкент және Лениногорск қалаларында күкірт жиынтығы шекті нормадан 100 есе артып кеткен. Атмосферадағы қоспалардың және олардың қозғалысы екінші дейгейдегі өте улы қосылыстардың пайда болуына әкеліп соғады (қара түтін(смог), қышқыл (кислота) және олар азон қабатын бірден - бір қосындылар. Негізінен атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі жоғары Атмофера - бұкіл әлемді таза ауамен қамтамасыз ете отырып, тіршілікке қажетті газ элементтерімен ( оттегі, азот, көмір қышқыл газы, аргон т.б) байытады және жерді метеорит әсерлерінен, күн және ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден қорғайды, зат және энергиялық алмасуларды, ауа райының кызметін реттеп, жалпы жер шарындағы тұрақтылықты үйлестіріп отырады.
Бірақ, адам баласы үшін орасан зор пайдалы ауа бассейіні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Ең басты себеп ауаның ластануы. Атмосфера ауасының сапалық күйінің көршеткіштері оның ластану дәрежесі болып саналады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың шекті мөлшерлі концентрациясы ШМК қалыпты құрамынан асып кетіп сай келмесе, онда ауаны ластанған деп саналады.
Ластағыш заттардың негізгі көздері - өнеркәсіп, автокөліктер, зауаттар, жылу энергетикасы, қару жарақтарды сынау, ғарыш кемелер мен ұшақтар т.б. Жоғарыда аталған объектілерден атмосфераға түскен заттар ауа құрамындағы компоненттерінің қатысумен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Содан соң пайда болған химиялық өнімдер суға, топыраққа түсіп, барлық тірі организімдерді, ғимараттарды, құрлыс материалдарын бүлдіреді.
Атмосфера құрамындағы оттегі мен көмірқышқыл газының тұрақты болуы жалпы ауа бассейінің тепе-теңдігіне әсер етеді. Мысалы, оттегі тірі организімдер үшін тыныс алуды қамтамасыз ете отырып, топырақ пен судағы бүкіл химиялық реакцияға қатысады. Оттегі жетіспеген жағдайда жануарлар мен адамдар тұншыға бастайды.
Оның өндіруші көзі - жасыл өсімдіктер әлемінде жүріп жатқан фотосинтез процесі. Көмірқышқыл газының да ауадағы шекті мөлшері көбейсе адамдар мен жануарлардың тыныс алуы нашарлайды. Сондықтан ауа құрамындағы негізгі екі газдың тепе -* теңдік мөлшері қатаң сақталуы тиіс. Міне, осы жағдайлардан бүкіл әлемдік атмосфера экологиялық дағдарысқа ұшырап отыр. Ауаны ластауға жер шарындағы мемлекеттер өзінің экономикалық даму деңгейіне қарай түрліше үлес қосып келеді.
Біздің республикамызда атмосфера ауасына шығарылатын зинды заттар мен газдар, т.б. бөгде химиялық қосылыстар Казгидромет ғылыми-зерттеу институтының үнемі бақылауында болып отырады. Ол көршеткіштер әр жылға және тоқсанға жіктеліп Ақпараттық экологиялық бюллетень журналы арқылы көпшілікті хабардар етеді.
Атмосфераның ластану индексін (АЛИ) бағалау бойынша 1995-2000 жылдар аралығында ауасы ең көп ластанатын қалаларға Ленингор, Зырян, Алматы, қалалары кіреді. Әрине бұл үнемі өзгеріп отырады.
Урбандалған аймақты сапалық жағынан бағалағанда, қаланың орналасуының физика климаттық факторлары да ескеріледі. Алматы қаласы үлкен мегаполистің бірінде, теңіз деңгейінен биік орналасқан. Алматы қаласы өзінің физика-географиялық және табиғи-климаттық сипатымен ерекшеленеді. Бұл қасиеттер оның экологиялық ерекшеліктеріне әсер етеді. Алматы қаласы Тянь-Шань тау жүйесінің бір сілемі болып саналатын Іле Алатауының солтүстік баурайының бөктері мен Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің шатқалдарында орналасқан. Дүниежүзіндегі ең биік орналасқан қалалардың біріне жатады. Оның солтүстік нүктесі теңіз деңгейінен 670 м, ал оңтүстік нүктесі - 970 м белгісін көрсетеді.
Күрделі ландшафты географиялық жағдайлар, қаланың қазіргі заманғы жоспарлы құрылысын анықтады. Тұрғызылған территориялардың көпшілігін тұрғын үй кешендері алып жатыр, ал аз ғана территорияны алып жатқан бір қабатты ғимараттар, кейбір аудандарда ғана орналасқан. Өндіріс территориясының 70 %-дан астамы, қаланың орталық және солтүстік бөліктерінде орналасқан. Райымбек даңғылынан солтүстікке қарай өндірістік және аз қабатты ғимараттар тұрғызылған. Соңғы он жылдықта түрлі ғимараттардың, тұрғын үйлердің, кешендердің салыну тығыздығының арту тенденциясы көп байқалады. Сонымен бірге, тау ауасының ағымы өтетін қаламыздың оңтүстік бөлігінде ғимараттар да көптеп салынуда. Іс жүзінде осыған дейін құрылған табиғат қорғау жобалары мен қаламыздың оңтүстік бөлігінен негізгі ауа ағымының кедергісіз өту үшін, ғимараттардың салыну жоспары да орындалмай, іс жүзінде қалып отыр. Су қорғау мен өзен жағалау аймақтарына құрылыс нышандары жүргізілмейді және кейбір зиянды өнеркәсіптер қала ішінен көшірілген десек те, бұл айтылған мәселелер бүгінге дейін өзекті мәселелер қатарында қалып отыр.
Қалалық электро көліктер жылжымалы құрамымен жабдықталуы жағынан, маршрутты жүйенің дамуы жағынан артта. Экологиялық көзқарас тұрғысынан, көше-жол жүйелерінде орын алған кемшіліктерге, магистральды көшелердің үздіксіз қозғалысының және қала сыртындағы автожолдар мен айналып өту жолдарының бір жүйелі болмауын жатқызуға болады. Алматы қаласының бас жоспарының даму концепциясына алдын ала қоршаған ортаға әсерін бағалау бойынша, қаламыздың қоршаған орта жағдайына кері әсер ететін факторларға мыналар жатады:
- қаланың орталық бөлігіндегі өндіріс кәсіпорындарының көп мөлшердегі концентрация мен қоршаған ортаны қорғау бойынша нормативтік талаптардың орындалмауы;
- қала құрылымындағы өндірістік білім туралы және өндіріс шығарындылары бар аймақтарда тұрғын үйлердің орналастырылуы, өндірістерде толық жүйелендірілмеген;
- санитарлы-қорғау зоналарының әлсіздігі немесе мүлде болмауы және осы аймақтарды басқа да қалалық қажеттіліктерге қолданылуы, өндіріс территорияларының қолданылу тиімділігі мен оларды көгалдандыру жұмыстарының төменділігін айтуға болады.
Алматы территориясының қоршаған ортасын негізгі ластау көзіне - өндірістік кәсіпорындар мен көліктер жатады. Олардың қатарына үш ірі жылу энергетика орнату стансиялары (1-ЖЭС,2-ЖЭС және ГРЭС) мен оншақты қазандықтар, Поршень, АЗТМ, Кітап фабрикасының өндірістік комплексі, т.б. кәсіпорындар жатады. Қоршаған ортаның экологиялық тұрақсыздығына автокөліктік ұйымдары мен автокөліктер көп әсер етеді .
Ластаушы заттар, қоршаған ортаға түрлі жолдармен түседі. Олардың негізгілеріне - өндірістердегі газды және шаңды шығарындылар, өндірістік, тұрмыстық ақаба сулар, тұрмыстық қалдықтар тастайтын жерлер жатады. Осы жолдар арқылы қоршаған ортаға аса көп мөлшерде ластаушы заттар шығарылады. Олардың арасында улылығы жоғары заттар да болады.
Автокөлік мәселесі. Қала көшелеріндегі автокөліктерден бөлінген зиянды заттар, қоршаған ортаға кері әсерін тигізуде. Қалаға жылу беретін кәсіпорындардан бөлінетін зиянды заттардың алдын алу. Мысалы, Алматыда 1-ЖЭС, 2-ЖЭС, сол секілді ГРЭС, бұдан басқа140-тан аса ірілі-ұсақты қазандықтар бар. Қаладағы тұрғын үйлерден, жылу орталықтарынан бөлінетін тұрмыстық қалдықтар мәселесі. Негізінен, қаладан бөлінген күл-қоқыстар Қаскелең бағытына кететін жолдың бойындағы арнайы жерлерге апарылып төгіледі. Кейінгі кездері қоқыс таситын көліктердің көнеруіне байланысты, т.б. себептер бар, осы жағынан біраз қиындықтар туындауда.
Су мәселесі. Осы күні қала тұрғындары ішіп отырған ауыз-су 120 м тереңдіктен алынып отыр. Соншама терең алынып отырғанның өзінде ауыз судың құрамында әр түрлі органикалық заттардың бар екені байқалады. Сол секілді, жерасты суымен бірге жер үсті суының да көптеген шешілмеген түйіндері бар. Бұл бағытта да атқаратын жұмыстар шаш етектен.
Жасыл желек мәселесі. Алматы қаласының жер-жағдайы, климаты өте ерекше. Оның үстіне аға ұрпақтың өз қолдарымен жасап кеткен демалыс орындары өз алдына. Мысалы, Бауым бағы, Орталық демалыс бағы, 28-панфиловшылар бағы ауаның тазарып тұруына белгілі мөлшерде пайдалы әсерін тигізеді. Жасыл желек мәселесіне - ағаш отырғызу да кіреді. Ағаш та қартаяды, дауылдан құлайтыны да бар. Оларды қадағалап, осылардың орнын толтырып отыру керек. Сонымен қоса, кейінгі кездері бой көтерген Ақсай, Мамыр,Жетісу секілді ықшам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оттегімен емдеу әдістері туралы мәлімет
Баланың тыныс алу жүйесінің маңызы, құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері
Тыныс алу мүшелері және олардың қызметінін жас ерекшеліктері. баланың тыныс алу жүйесінің маңызы, құрылығы мен қызметінің ерекшеліктері
Тыныс алу және оның өсімдік организмі басқа функциялармен байланыстылығы
Оттегімен емдеу туралы
Тыныс алудың ферменттік жүйелері
Оттегімен емдеу әдістері. Дем алу процесі
Оттегімен емдеу әдістері туралы
Кессон және биіктік аурулары
Атмосферадағы оттегі эволюциясы.фотосинтез
Пәндер