Топырақ гельминтоздары



1 Гельминтоздардың таралуы
2 Гельминтоздар
3 Топырақты санитарлық қорғау жөніндегі шаралар.
Топырақ гельминтоздардың таралуында ерекше роль атқарады. Ауру адам мен жануарлардың нәжісімен бірге топыраққа гельминттердің жетілмеген жұмыртқалары – аскаридалар, қылбастар, тағы басқалардың орасан зор мөлшері түседі. Олар топырақта инвазиялық қасиеттерге ие болуына мүмкіндік беретін өздерінің даму циклын аяқтайды, осыған байланысты бұндай гельминттер геогельминттердеп аталады. Топырақ бетіндегі гельминттердің жұмыртқалары инсоляция мен кебуден өледі, ал 2-10 см тереңдікте жатқандар өз тіршілігін 7-10 жылға дейін сақтап қалады (Е.И.Гончарук, 2006). Гельминттер нәжіс-оралды жолмен, ал анкилостомалар – жараланбаған тері арқылы жұғады. Аскариданың жұмыртқалары алуан түрлі объектілерде, әсіресе климаты орташа ылғалды және ылғалды климатты аймақтарда кездеседі. Аскаридоз бен трихоцефалезді көбінесе, жеке бас гигиенасының ережелерімен жеткілікті дәрежеде дағдыланбаған балалар жұқтырады. Адам ит аскаридасын да жұқтыруы мүмкін. Қалаларда иттердің көптігі және оларды ұстау ережелерін сақтамау топырақтың гельминт жұмыртқаларымен ластануына әкеп соғады. Токсокароз – иттер аскаридасының личинкалары тудыратын ауру, ол анық аллергиялық белгілермен (есекжем, тұншығу және тағы басқа) және қарқынды өтуімен сипатталады. Топырақ ортасы патогендік микрофлораның тіршілігін сақтап қалуына қолайлы болып табылмайды, алайда оның эпидемиологиялық қауіптілігі жоғары, өйткені елді мекендердің топырақтарына жұқпалы аурулар мен ивазиялардың қоздырғыштары үнемі түсіп отырады, олардың дамуы үшін қолайлы жағдайлар болмағанда да, олар ұзақ уақыт бойы өздерінің тіршілік қасиеттері мен вируленттігін сақтап қала алады.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Топырақ гельминтоздардың таралуында ерекше роль атқарады. Ауру адам мен жануарлардың нәжісімен бірге топыраққа гельминттердің жетілмеген жұмыртқалары - аскаридалар, қылбастар, тағы басқалардың орасан зор мөлшері түседі. Олар топырақта инвазиялық қасиеттерге ие болуына мүмкіндік беретін өздерінің даму циклын аяқтайды, осыған байланысты бұндай гельминттер геогельминттердеп аталады. Топырақ бетіндегі гельминттердің жұмыртқалары инсоляция мен кебуден өледі, ал 2-10 см тереңдікте жатқандар өз тіршілігін 7-10 жылға дейін сақтап қалады (Е.И.Гончарук, 2006). Гельминттер нәжіс-оралды жолмен, ал анкилостомалар - жараланбаған тері арқылы жұғады. Аскариданың жұмыртқалары алуан түрлі объектілерде, әсіресе климаты орташа ылғалды және ылғалды климатты аймақтарда кездеседі. Аскаридоз бен трихоцефалезді көбінесе, жеке бас гигиенасының ережелерімен жеткілікті дәрежеде дағдыланбаған балалар жұқтырады. Адам ит аскаридасын да жұқтыруы мүмкін. Қалаларда иттердің көптігі және оларды ұстау ережелерін сақтамау топырақтың гельминт жұмыртқаларымен ластануына әкеп соғады. Токсокароз - иттер аскаридасының личинкалары тудыратын ауру, ол анық аллергиялық белгілермен (есекжем, тұншығу және тағы басқа) және қарқынды өтуімен сипатталады. Топырақ ортасы патогендік микрофлораның тіршілігін сақтап қалуына қолайлы болып табылмайды, алайда оның эпидемиологиялық қауіптілігі жоғары, өйткені елді мекендердің топырақтарына жұқпалы аурулар мен ивазиялардың қоздырғыштары үнемі түсіп отырады, олардың дамуы үшін қолайлы жағдайлар болмағанда да, олар ұзақ уақыт бойы өздерінің тіршілік қасиеттері мен вируленттігін сақтап қала алады. Топырақты ластаушы көздер - нәжіс, зәр, қи, қоқыс, өліктер, ағынды сулар және басқалар болып табылады. Топыраққа түскен көптеген микроорганизмдер күн сәулесінің әсерінен тіршілігін жояды, сондықтан тіршілікке қабілетті қоздырғыштардың негізгі бөлігі топырақтың бетінде емес, 1 см-ден 10 см-ге дейінгі тереңдігінде болады. Мұнда да олар белгілі уақыттан кейін өздерінің жойылуына әкеп соғатын қолайсыз факторлардың әсеріне ұшырайды. Бұл қолайсыз әсерлер -- топырақ микрофлорасы, бактериофагтар мен топырақтағы антибиотиктік заттардың антагонистік әсері, қоректік субстраттың жоқтығы, температуралық-ылғалдылық режимнің тұрақсыздығы және т.б. Алайда, тіршілікке қабілетті патогенді микроорганизмдердің топырақта аз уақыт болуының өзі, олардың топырақтағы сумен бірге жер асты және жер бетіндегі су көздеріне, топырақ шаңымен бірге ауаға түсу, көкөністер мен жидектердің, адамның қолы мен терісінің басқа бөліктерінің ластануы, кеміргіштер, шыбындар мен басқа насекомдар арқылы олардың таралу қаупін туғызады. Осыған байланысты жұқпалы аурулар мен инвазиялардың топырақ арқылы берілуі мүмкін жолдары: нәжіс -- оралды, жанасу, ауа-шаң арқылы. Топырақ арқылы әр түрлі аурулар берілуі мүмкін, атап айтқанда: ішек инфекциялары, антропозооноздар, аса қауіпті инфекциялар, гельминтоздар, сіреспе, газды гангрена, ботулизм, энтеровирусты инфекциялар, микозды аурулар. Бұл инфекциялардың көпшілігі нәжіс -- оралды жолмен: кір қол, азық-түлік өнімдері, су, көкөністер, жемістер, жидектер арқылы беріледі. Түйнеме ауруының споралары, туберкулез микобактериялары, полиомиелит, Коксаки мен ЕСНО вирустары, актиномицеттер де ауа-шаң арқылы беріле алады. Түйнеме ауруын, газды гангрена, сіреспе, анкилостомидозды жұқтыру жанасу жолмен де -- адам ағзасына терінің жараланған бөлігі, немесе шырышты қабықтар арқылы жүреді. Ботулизм азық-түлік өнімдерінде CI.Botulinum спораларымен ластанғанда және одан кейін олардың ары қарай өсіп, көбеюі кезінде пайда болады. Гельминтоздар (грекше helmіns, helmіnthos - іш құрт) - паразит құрттардың адаммен, жануармен және өсімдіктердің организміне еніп, көбеюі салдарынан пайда болатын ауру түрлері. Гельминтоздар адамда сорғыш, таспа, жұмыр, т.б. құрттардың паразиттік тіршілігі салдарынан пайда болады. Гельминтоздардың аталуы ауру туғызатын құрттардың түріне қарай. Олардың тек адамда (аскаридоз, энтеробиоз, т.б.) немесе адам мен малда қатар кездесетін гельминтозооноздар (фасциолез, трихинеллез, эхинококкоз) түрлері белгілі.Гельминтоздарға қарсы арнайы дәрілер - антгельминттер қолданылады.Гельминтоздар ауыл шаруашылығы малдарында көп кездеседі, қазір оның 2000-нан астам түрі белгілі. Мыс., қойларда мониезиоз, эхинококкоз, протостронгилез, т.б. ірі қара малда - фасциолез, эхиноккоз, т.б.; жылқыда - стронгилятоз, құстарда - аскаридиоз, полиморфоз, т.б.; балықтарда - ботриоцефалез, диплостомоз, т.б. кездеседі. Гельминтоздар ауруларын сақтану шаралары: тазалық сақтау. Іш тазартатын дәрілер ішу. Үй жануарларын малдәрігерлік тексеруден өткізіп, ауырған малды бөліп алып, дәрі-дәрмекпен емдеу, мал қалдықтарын биотермиялық жолмен өңдеу, ортаны қоздырғыштарынан тазарту. Контагиозды гельминтоздар деген не?

Сурет 1.Контогиозды гельминтоздар
Гименолепидоз ауруының қоздырғышы карлик цепені, ал энтеробиоз ауруының қоздырғышы острица құрты болып табылады. Контагиозды гельминтоздар жеке бас тазалығын сақтамаған жағдайда, жақсылап жуып тазартылмаған көкөністер, науқас ұстаған сүлгі, есік тұтқасы, ойыншықтар арқылы жұғады. Науқасты көбіне тамақ ішкеннен соң кіндігінің оң жақ бөлігінің төменгі жағы ауыруы, асқа тәбетінің төмендеуі мазалайды. Басы айналып, құсқысы келеді, ештеңе жақтырмай, ұйқысы бұзылады, ал нәжісі біресе сұйық, біресе қатты болады және көтеншегінің айналасында қышу мазалайды. Контагиозды гельминтоздарды алдын алу шараларын барлық адамдар, яғни, ересектер мен балалар білуі қажет.
Ол үшін:
-- көкөністерді жақсылап жуып-тазалап қолдану қажет;
-- жеке бас тазалығын сақтау;
-- дәретханадан шыққаннан, далада ойнап келгеннен соң қолды сабындап жуу;
-- қолданған ойыншықтарды сабынды содалы сумен жуу;
-- балалар ойнайтын алаңның құмын қайта-қайта аударыстырып, әр 10 күнде ыстық сумен залалсыздандырып тұру керек.
Егер контагиозды гельминтоздармен ауыра қалған жағдайда, дер кезінде дәрігерге көрініп, арнайы ем қабылдау қажет. Қазақстан Республикасы Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жөніндегі кодекс бойынша айналадағы орта мен халықтың денсаулығын сақтау жөніндегі өзге де заң құжаттары санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы қатынастарды реттеудің құқықтық негізі болып табылады. Ұйымдық экономикалық, құқықтық және тәрбиелік сипаттағы шаралар кешенін жүргізілуімен қамтамасыз етілетін азаматтардың денсаулығын, тіршілік ортасының қолайлылығы мен санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қорғауды жүзеге асыру қажет. Жұқпалы аурулармен ауырғандар, жұқпалы аурулармен ауырады деп күдік туғызатындар және бактерия таратушылар оқшауландырылуға және ауруханада емделуге жатады , жұқпалы аурулармен қарым-қатынаста болған адам медициналық қадағалауға алынады, қажет болған жағдайда оқшауландырылады және емделеді. Халықтың денсаулығын қорғау жұқпалы және паразиттік ауруларды болдырмау кәсіптәк аурулар мен уланулардың, бақытсыз оқиғалардың алдын алу, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорындардың, мекемелердің , ұйымдардың қызметкерлері мен азаматтары алдын ала және мерзімдік бақылаулардан ,арнайы медициналық тексерулерден өтеді Паразиттік аурулар паразиттердің сан алуан түрлерінен туындайтын аурулар. Паразитті тасымалдаушы - аурудың клиникалық белгілерісіз паразиттік аурулар қоздырғыштарын тасымалдаушылар. Гельминтозд ар -- әр түрлі гельминттер түрлерінен туындайтын инвазиялық аурулар. Паразиттік аурулармен ауырғандарды және олардың қоздырғыштарын тасымалдаушыларды анықтауды, медициналық көмекке жүгінгенде, алдын ала және мерзімдік медициналық қараулар кезінде меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдар жүзеге асырады. Барлық паразиттік аурулар мен паразитті тасымалдау жағдайы олардың анықталған жері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында тіркелуге, мемлекеттік есепке алуға жатады және Қазақстан Республикасы санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік органдары мен ұйымдары олардың есебін жүргізеді. Энтеребиоз ауруы мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларда жиі кездеседі. Сондықтан мектепке дейінге және бастауыш мектеп жасындағы балалар ұжымдарында балаларды контагиозды гельминтоздар мен ішек протооздарына алдын ала тексеру жылына бір рет жоспар бойынша жүргізілуі тиіс. Медициналық ұйымдар тиісті аумақтағы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық органдарының басқармаларына анықталған науқастар мен паразиттік аурулар қоздырғыштарын тасымалдаушылардың нәтижелері жөнінде ақпарат береді. Энтеребиоз ауруы тіркелгені жөнінде ақпарат түскеннен соң біздің бөлімше тарапынан тиісті санитарлық-эпидемиологиялық шаралар жүргізіледі. Тиісті аймақтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эхинококкоз адамдар мен жануарлар арасында кең тараған ауру
Инвазиялық аурулар
Санитарлық паразитология - ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Шошқа аскаридозы
Жануарларда паразиттық ауруларды болдырмау үшін бірінші атқаратын жұмыс профилактика, яғни осы аурулардың алдын алу жолдары
Жануарлардың ауруын бақылау
Телязиоз ауруының таралуы
Аурудың диагностикасы
Бұзауларды оқшаулап бағу
Қазақстанның шығысындағы көгершіндердің паразитоздары және оларға қарсы шаралар
Пәндер