Жаппай қырып жою қаруларының түрлері



1 Жаппай қырып жою қаруларының түрлері
2 Ядролық қару
3 Талқандау факторлары
4 Ядролық жарылыстың зақымдау әрекетінің сипаттамасы
5 Химиялық қару
6 Бактериологиялық қару
7 Биологиялық қарудың зақымдау әрекетінің сипаттамасы
Жаппай қырып жою қаруы — жаппай шығынға ұшырату немесе қирату үшін қолданылатын жою қабілеті жоғары қару. Жаппай жою қаруының жою факторлары оны қолданудан кейін белгілі бір уақытта қарсыласты шығынға ұшыратуы және оған күшті моральдық, психологиялық әсер етуі мүмкін. Жаппай жою қаруының объектілері тек қарулы күштер топтары ғана емес, сонымен бірге қарсыластың алыстағы тылы, саяси әкімшілік орталықтары, ірі қалалары мен өнеркәсіп орындары, адамдар, олардың еңбек өнімдері және өмір сүрудің табиғи ортасы (топырақ жамылғы, өсімдіктер мен жануарлар, климаттық және геофизикалық элементтер) болып табылады. Жаппай зақымдаудың қазіргі заманғы құралдарына ядролық (Жаппай жою қаруының негізгі түрі), химиялық және бактериологиялық (биологиялық) қару жатады. Жаппай жою қаруы ракеталар, авиация мен артиллерия арқылы жеткізіледі.
1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
2. "Қазақ Энциклопедиясы"
3. http://kodeksy-kz.com/ugolovnyj_kodeks/158.htm
4. Оқу құралы “Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері” , М.К.Дюсебаев, Ж.С.Абдимуратов
5. Ядерный взрыв в космосе, на земле и под землей. Сб. ст., М., 1974;
6. Уразов Е.Л., Аманжолов К.Р., Муханбеткалиев Х.С., На страже независимости Казахстана, А., 2003.

Кіріспе
Жаппай қырып жою қаруы -- жаппай шығынға ұшырату немесе қирату үшін қолданылатын жою қабілеті жоғары қару. Жаппай жою қаруының жою факторлары оны қолданудан кейін белгілі бір уақытта қарсыласты шығынға ұшыратуы және оған күшті моральдық, психологиялық әсер етуі мүмкін. Жаппай жою қаруының объектілері тек қарулы күштер топтары ғана емес, сонымен бірге қарсыластың алыстағы тылы, саяси әкімшілік орталықтары, ірі қалалары мен өнеркәсіп орындары, адамдар, олардың еңбек өнімдері және өмір сүрудің табиғи ортасы (топырақ жамылғы, өсімдіктер мен жануарлар, климаттық және геофизикалық элементтер) болып табылады. Жаппай зақымдаудың қазіргі заманғы құралдарына ядролық (Жаппай жою қаруының негізгі түрі), химиялық және бактериологиялық (биологиялық) қару жатады. Жаппай жою қаруы ракеталар, авиация мен артиллерия арқылы жеткізіледі.

Жаппай қырып жою қаруларының түрлері
Жаппай қырып жою қаруларының 3 түрі бар. Олар:
Ядролық қару
Химиялық қару
Бактериологиялық қару
Ядролық қару
Ядролық қару деп жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қаруды айтады. Ол барлық белгілі зақымдау құралының ішіндегі ең қуаттысы. Ядролық қару жаппай қырып-жою құралы ретінде қысқа мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру, суға батыру, т.б. мақсаттар үшін қолданылады. Ядролық жарылысының қуаты тротилдық эквивалентпен өлшенеді. Тротилдық эквивалент тоннамен (т), килотоннамен (Кт) және мегатоннамен (Мт) өлшенеді.
Ядролық қару өзінен, оны жеткізетін құралдардан (зымыран, торпедо, ұшақ, артиллериялық атыс), сондай-ақ қарудың нысанаға дәл тиюін қамтамасыз ететін әр түрлі басқару құралдарынан тұрады. Ол - ядролық және термоядролық болып бөлінеді. Бұл қаруды қарулы күштердің барлық түрлері қолдана алады. Ядролық қару қуаттылығы бойынша стратегиялық, оперативті-тактикалық және тактикалық болып бөлінеді.

Талқандау факторлары
Ядролық жарылыс ауада, жер (су) бетінде және жер (су)астында болуы мүмкін. Оның талқандау факторлары мынадай топқа бөлінеді:
Соққы толқыны
Жарықты сәуле бөлу
Өткір радиация
Электрлі-магниттік импульс
Соққы толқыны ауаның бірден қысылысынан пайда болады және дыбыс жылдамдығынан жоғарғы жылдамдықпен тарайды. Соққы толқынының пайда болу көзі жарылыстың ортасында өте жоғары қысымның пайда болуы. Соққы толқын өзінің жойқын күшіне байланысты жолындағының бәрін қирата талқандап өтеді. Соққы толқынның күші эпицентрінен қашықтаған сайын бәсеңдей береді. Адамдар соққы толқыннан тек арнайы панаханаларға, шұңқырларға т.с.с. таса жерлерге жасырынып, сақтанады.
Соққы толқыны өз жолында кездескен барлық нысандарға әсер етеді. Мысалы, 100 кт тротилдік эквиваленті бар ядролық жарақ ауада жарылған кезде екпінді толқын жасырынатын орыннан сыртқа, жарылыс эпицентрінен 1,6 км қашықтықтағы адамдарды апатқа ұшыратып, 4,5 км радиустағы көп қабатты тас ғимараттарды толықтай қиратады. Жарылыс кезіндегі жарықтық сәулелену әр түрлі материалдарды балқытады, тұтандырады, түрін өзгертіп, көмірлендіреді. Жанды тіндер әр түрлі дәрежедегі күйіктерге ұшырайды; 1,4 км қашықтықта жасырынған адамдар жарықтық сәулеленуге ұшырайды, 3,5 км-де ауыр дәрежедегі, 3,8 км-де орташа дәрежедегі, 5 км-ге дейін жеңіл дәрежедегі күйікке ұшырайды, 7 км радиуста өрттер шығады.
Жарықты сәуле болу ядролық қарудың жарылысының әсерінен пайда болады. Оның құрамында ультракүлгін, инфрақызыл және көрінетін сәулелер болады. Жарықты сәуле бөлу жарылыстың күшіне байланысты бірнеше секундқа ғана созылады. Бұл сәулелердің ішіндегі қауіптісі инфрақызыл сәулесі. Жарықты сәуле бөлу үлкен өрттердің пайда болуына әсер етеді, адамдар күйеді, көзді жандырып жібереді.
Өткір радиация - гамма-сәуленің және нейтрондардың ағымы. Ядролық жарылыстың нәтижесінде, оның айналасына жоғары көтеріліп бұлт құраған радиоактивті заттар жерге түсіп, айналаны, суды, ауаны радиоактивті заттармен ластайды. Радиоактивті заттар адамдарға екі жолмен әсер етеді: гамма-сәуленің бета-бөлшектерімен бөлініп адамның ашық жеріне, терісіне қонады, екіншіден, олар адамның ішіне кетеді. Осыдан адамдар сәуле ауруына шалдығады. Егер теріге радиоактивті заттар көп қонса, адамдар радиоактивті күйік алуы мүмкін. Ішке түскен радиоактивті заттар қан арқылы адам бойына толық тарайды. Өтпелі радиация (ядролық жарылыс кезіндегі гамма-сәулелену мен нейтрондар ағыны-әсері 10 - 15 с-қа созылады) сәуле ауруының пайда болуына әкеп соғады. 100 кт тротилдік эквивалентті ядролық жарық жер үстінде жарылған кезде жасырынатын жерден тыс орналасқан адамдар 1 км радиуста өлімге ұшырап, 1,7 км-де ауыр дәрежедегі, 1,9 км-де орташа, 2 км-ге дейін жеңіл дәрежедегі күйікке ұшырайды. Қоршаған орта мен онда орналасқан нысандардың радиоактивті зақымдануы ядролық жарылыс бұлтынан және радиоактивтік заттардың түсуінен пайда болады.
Электр-магниттік импульс ядролық жарылыстар кезінде пайда болатын қысқа мерзімдік электр және магниттік өрістер. Электрлік-магниттік импульс жарылыстан кейін электрлік және магниттік алаңның пайда болуына әсер етеді. Бұндай алаңның көлемі бірнеше мыңдаған шаршы километр аумақ болуы мүмкін, ол жарылыстың қуатына тікелей байланысты. Электрлік магниттік импульс үлкен антенналы өте сезімтал электрондық элементтерді күйдіріп жібереді, приборларды, конденсаторларды, вакуумды қондырғыларды және т.с.с. электрондық қондырғыларды істен шығарады. Яғни бұл фактордың әсерінен байланыс аппараттарды, электрондық есеп машиналарды жарамсыз болып қалады. Ядролық қарудың жасалуы 20 ғасырдағы ядролық физиканың дамуымен байланысты болды. 20-ғасырдың 40-жылдарының бас кезінде АҚШ ғалымдарының тобы ядролық жарылысты жүзеге асырудың физика қағидаларын дайындады.

Ядролық жарылыстың зақымдау әрекетінің сипаттамасы.
Ядролық жарылыстар зақымдау әрекетінің сипаты мен көлемі бойынша кәдімгі оқ-дәрілер жарылысынан едәуір ерекшеленеді. Соққы толқын, зиянды сәулеге шалдығу және өткір радиацияның бір уақытта әсер етулері адамдарға, қару-жарақ, әскери техника мен құрылыстар бетіне ядролық оқ-дәрілер жарылысы зақымдау әрекетінің сипатын қамтамасыз етеді. Жеке құрамның түйдектелген зақымдану кезінде соққы толқын әсерінен пайда болған жарақат пен зақымға зиянды сәулеге шалдығудан жасалған күйіктер, өткір радиация мен радиоактивті зақымдану әсерінен болған сәуле ауруы қосылуы мүмкін.
Түйдектелген зақымдану адам үшін мейлінше ауыр болып табылады. Мысалы: сәуле ауруы жарақаттар мен күйіктердің жазылуын қиындатады, ол, өз кезегінде, сәуле ауруы барысын асқындырады. Сонымен қатар жұқпалы ауруларға адам ағзасының қарсыласуы төмендейді. Зақымдануды оның ауырлығына қарай өлтіретін, өте ауыр, орташа және жеңіл деп бөледі. Өте ауыр және орташа ауырлықтағы зақымданулар адам өміріне өте қауіпті болады, көбінесе өлімге әкеп соғады. Орташа және жеңіл ауырлықтағы зақымдану адам өміріне қауіпті емес, бірақ жеке құрамның ұрысқа қабілеттілігін төмендетеді. Ядролық жарылыстың зақымдау факторлары әсерінен жеке құрамның шығыны қайтарылмайтын және санитарлық болып бөлінеді. Қайтарылмайтын шығындарға медициналық жәрдем көрсетуге дейінгі қаза тапқандарды; санитарлық шығындарға ұрысқа қабілеттілігін кем дегенде бір тәулікке жоғалтқан және медициналық пункттер немесе емдеу мекемелеріне түскен науқастарды жатқызады. Қару-жарақ пен әскери техниканың істен шығуы көбінесе соққы толқын әсерінен болады да ұшақтар мен тікұшақтар жеңіл бүлінуі, ал қалған техника үшін орташа бүлінумен айқындалады. Қару-жарақ пен әскери техниканың әлсіз зақымдануына объектінің ұрысқа қабілетін онша төмендетпейтін және экипаж күшімен оны жоюға болатын зақымдану жатады. Орташа зақымдануға әскери жөндеу мен бөлімшелерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет ететін қару-жарақ пен әскери техниканың зақымдануы жатады. Күшті зақымдану кезінде объект түгелдей жарамсыз болады. Толық зақымдану кезінде объектіні орнына келтіру мүмкін болмайды. Фортификациялық құрылыстар негізінен соққылы толқыннан зақымданады. Ол үш түрлі қирау дәрежесімен сипатталады: әлсіз, орташа және толық. Әлсіз қираудан кейін құрылыстар ұрысқа қолдануға жарамды, бірақ соңынан жөндеуді қажет етеді. Орташа қирау кезінде құрылыстардың тікелей мақсатта қолданылуы шектеулі болады да, ол қатардан шығарылады. Толық қирау кезінде құрылыстарды тікелей мақсатқа қолдану мен оны қалпына келтіру мүмкін болмайды. Зақымданудың координаталық заңы. Жекеленген зақымдаушы факторлардың нысанаға тигізетін әсері кездейсоқ сипатта болғандықтан, жарылыс әрекетінің нәтижесі де кездейсоқ болады, сондықтан ядролық оқ-дәрі жарылысының зақымдау әрекетінің толық сипаттамасы объектілерді зақымдаудың координаталық заңы болып табылады.
Жарылыстың зақымдау факторының оның орталығына (эпицентріне) қатысты симметриялы болатынына сәйкес орташа қиылысқан жердегі зақымданудың координаталық заңы шеңберлі болады. Координаттың басы жарылыс орталығымен біріктіріледі, абцисса осьінде жарылыс орталығынан қашықтығы R ордината осьінде - берілген салмақ дәрежесіндегі нысананың белгілі бір зақымдану дәрежесі V (R) көрсетіледі. Зақымданудың координаталық заңын қарастырғанда жарылыс орталығы айналасында орналасқан үш аймақты көрсетеді. Жарылыс орталығына тікелей жақын аймағы радиусында R нысананы зақымдау мүмкіндігі тұрақты және ол 1-ге тең; бұл аймақты сөзсіз зақымдалу аймағы деп атайды. Одан кейін жарылыс орталығынан қашықтаған сайын зақымдану мүмкіндігі 1-ден 0-ге дейін кемитін радиусы Rа аймағы орналасады, бұл аймақты зақымданудың мүмкін аймағы деп атайды. Одан кейін орташа дәрежелі зақымдану байқалатын аймақ орналасады.; бұл облысты толық қауіпсіздік аймағы деп атайды.
Зақымдау объектілерін топтастыру. Жалпы жағдайда зақымдау объектісіне шектеулі алаңда орналасқан қарапайым нысаналардың жиынтығы енеді. Қарапайым нысанаға дара нысандар жатады. Объекті құрамына кіретін қарапайым нысаналар сипатына қарай біртектес және әртектес болып бөлінеді. Құрамына қарапайым нысаналардың бір ғана түрі енетін объект біртектес объект деп, ал объектіге әр түрлі сипаттағы нысаналар кіретін болса әртектес объект деп аталады. Объект өлшеміне қарай нүктелі және өлшемді болып бөлінеді. Нүктелі объектіге зақымдануы жартылай бола алмайтын, яғни ядролық оқ-дәрі жарылысы кезінде түгелдей зақымданатын, немесе мүлде зақымданбайтын объектілер жатады. Өлшемді объектілер ауданды немесе сызықты болып бөлінеді.

Химиялық қару
Химиялық қару - дегеніміз жалпылай улау заттарын қолданатын әскери қару. Химиялық улау заттарын жеткізу үшін зымырандар, бомбалар, снарядтар және т.с.с. құралдар пайдаланылады. Улау заттары адамдарды, мал-жануарды, тірі организмдерді, өзен-көлдерді, су қоймаларын, сол ошақ төңіректерін, егіндерді, өсімдіктерді жояды, қатты зақымдайды.
Химиялық қару -- уландырғыш заттар мен құралдарды қолдануға арналған машиналар, приборлар, қару-жарақтар. Химиялық қару жаудың адам күшін жаппай қырып-жоюға арналған. Химиялық қарудың қырып-жоятын әсерінің негізін уландырғыш заттар құрайды. Уландырғыш заттар дегеніміз химиялық түзілістерді білдіреді, олар қолданылған кезде қорғанышсыз тірі жандарды қырады немесе олардың соғыс қабілетін әлсіретеді. Уландырғыш заттар өзінің қырып-жою қасиеті бойынша басқа соғыс құралдарынан ерекшеленеді: олар ауамен бірге әртүрлі ғимараттарға, танкке және басқа әскери техникаға енуге қабілетті және олардың ішіндегі адамдарды қырады; олар өзінің жойғыш қасиетін ауада, жерде және әртүрлі жерлерде бірқатар уақыт, кей жағдайда ұзақ уақыт сақтайды; ауада және ауқымды аумақты ірі көлемде тарай отырып, ол қорғау құралдары жоқ сол жерлердегі барлық адамдарға әсер етеді. Уландырғыш заттар сол сияқты ауа райына байланысты таралады. Мысалы ауа райы желді болса, уландырғыш заттардың таралатын аймағы ұлғайып, жел тымық болса, уландырғыш заттар бір жерде ұзақ тұрып қалады. Химиялық қаруды алғаш немістер 1915 жылы 22 сәуірде Шпредегі (Бельгия) шайқаста қолданды. Содан кейін басқа армиялар да қолдана бастады. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында тек ағылшын, француз және АҚШ армияларында ғана Химиялық қарудан 450 мыңдай адам шығын болды. 1925 жылы Женева хаттамасы бойынша Химиялық қаруды қолдануға тыйым салынып, оған бірнеше мемлекеттер қосылды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Соғыс уақытындағы ТЖ зақымдаушы факторлары
Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қорғаныс жүйесі туралы
Азаматтық қорғаныстың міндеттері мен қолданатын шаралары
Адам өмір қауіпсіздігінің негіздері
Химиялық қарулардың түрлері
Химиялық қару
Соғыс және бейбіт уақытындағы азаматтық қорғаныстың міндеті мен рөлі
«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» курсынан дәрістер кешені
Қылмыстың заттары - тауарлармен басқадай заттар
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түсінігі мен түрлері
Пәндер