Ноқат дақылын өсіру



I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Ноқат өсімдігіне жалпы сипаттама
2. Тәлімді жерде ноқатты өсіру
III Қорытынды
IY Пайдаланылған әдебиеттер
Өсімдік шаруашылығы – ауыл шаруашылығының ең басты және маңызды саласы. Негізгі міндеті – өсімдік шаруашылығындағы өнімді шығару үшін мәдени өсімдіктерді өңдеу. Өсімдік шаруашылығынсыз адамзаттың толыққанды өмір сүруі мүмкін емес. Өсімдік өсірудің өзі тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығынсыз мал шаруашылығы да жүзеге аспайды, себебі өсімдіктерсіз малға азық болмайды. Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығы өндірістің көптеген салаларын өсімдік шикізатымен қамтамасыз етеді, мысалы, тағамдық, аралас құрамды, фармацевтикалық, тоқымалық, парфюмерлік және тағы басқалары. Өсімдік шаруашылығы егін шаруашылығы, жүзім шаруашылығы, орман шаруашылығы, шалғындық, гүл өсіру және жеміс өсіру сияқты кіші салаларды енгізеді. Ұғымдарды шатастырып алмас үшін, әрбір салаға түсінік беру керек. Терминдерінің түсініктемелері Үлкен Энциклопедиялық Сөздіктің тұжырымдамасы бойынша берілген. Егіншілік – өсімдік шаруашылығының бір саласы, ол егістіктік бір жылдық жаздық және күздік дақылдарды өндіреді (дәндік, технологиялық - қант қызылшасы, зығыр, мақта және т.б. азықтық, картоп). Көкөніс шаруашылығы – көкөніс өсімдіктерін өсірумен айналысатын ауыл шаруашылық саласы, оларға мысалы, бақшалық дақылдар – қарбыз, қауын, асқабақ жатады. Көкөніс шаруашылығы ашық немесе жабық жерлік болуы мүмкін, ол топырағына байланысты болады. Көкөніс шаруашылығының ашық түрінде көктемгі жазғы және күзгі мезгілдерде көкөністік дақылдарды өңдейді, жабық топырақта - маусымнан тыс кездері көкөністерді өсіреді, ол кезде климаттық жағдайлар бойынша егістіктерде көкөніс өнімін және ашық топырақ үшін көшетті екпелерді алу мүмкін болмайды.Көкөніс шаруашылығының ерекшелігі көшет отырғызу әдісін жаппай қолдану, сонымен қатар, өсімдіктерді аяғына дейін өсіру және шығару саналады.
1. Балашов, А.В. Особенности селекции, семеноводства и технологии возделывания сортов нута, адаптированные к засушливым условиям Нижнего Поволжья / А.В. Балашов. – Волгоград, 2011.
2. Қ.К. Әрінов, Қ.М. Мұсынов, Қ.Апушев, Н.А.Серекпаев, «Өсімдік шаруашылығы»
3.Интернет желісі www.goole.com.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Ноқат өсімдігіне жалпы сипаттама
2. Тәлімді жерде ноқатты өсіру
III Қорытынды
IY Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Өсімдік шаруашылығы - ауыл шаруашылығының ең басты және маңызды саласы. Негізгі міндеті - өсімдік шаруашылығындағы өнімді шығару үшін мәдени өсімдіктерді өңдеу. Өсімдік шаруашылығынсыз адамзаттың толыққанды өмір сүруі мүмкін емес. Өсімдік өсірудің өзі тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығынсыз мал шаруашылығы да жүзеге аспайды, себебі өсімдіктерсіз малға азық болмайды. Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығы өндірістің көптеген салаларын өсімдік шикізатымен қамтамасыз етеді, мысалы, тағамдық, аралас құрамды, фармацевтикалық, тоқымалық, парфюмерлік және тағы басқалары. Өсімдік шаруашылығы егін шаруашылығы, жүзім шаруашылығы, орман шаруашылығы, шалғындық, гүл өсіру және жеміс өсіру сияқты кіші салаларды енгізеді. Ұғымдарды шатастырып алмас үшін, әрбір салаға түсінік беру керек. Терминдерінің түсініктемелері Үлкен Энциклопедиялық Сөздіктің тұжырымдамасы бойынша берілген. Егіншілік - өсімдік шаруашылығының бір саласы, ол егістіктік бір жылдық жаздық және күздік дақылдарды өндіреді (дәндік, технологиялық - қант қызылшасы, зығыр, мақта және т.б. азықтық, картоп). Көкөніс шаруашылығы - көкөніс өсімдіктерін өсірумен айналысатын ауыл шаруашылық саласы, оларға мысалы, бақшалық дақылдар - қарбыз, қауын, асқабақ жатады. Көкөніс шаруашылығы ашық немесе жабық жерлік болуы мүмкін, ол топырағына байланысты болады. Көкөніс шаруашылығының ашық түрінде көктемгі жазғы және күзгі мезгілдерде көкөністік дақылдарды өңдейді, жабық топырақта - маусымнан тыс кездері көкөністерді өсіреді, ол кезде климаттық жағдайлар бойынша егістіктерде көкөніс өнімін және ашық топырақ үшін көшетті екпелерді алу мүмкін болмайды.Көкөніс шаруашылығының ерекшелігі көшет отырғызу әдісін жаппай қолдану, сонымен қатар, өсімдіктерді аяғына дейін өсіру және шығару саналады.

Негізгі бөлім

Ноқат (Cicer arietinum)- бұршақ тұқымдастардың біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдігі. Тек қана бір түрі мәдени ноқат (Сісег arietinum) өсіріледі. Тамыр жүйесі кіндікті, көптеген жақсы дамыған бүйір тамырлары болады, олар топыраққа терең бойлайды да ұштарында азот фиксациясын жасайтын түйнек бактерияларын қалыптастырады, даму қуаты жағынан ноғатық пен асбұршақтан асып түседі. Сабағы тік өседі, қырлы, бұтақты, жапырылмайды, биіктігі 20-60 см және одан да жоғары. Жапырақтары дара қауырсынды, ұсақ, эллипс немесе кері жұмыртқа пішінді. Өсімдігі балауызды түктермен көмкерілген, ал мұның өзі оны көптеген зиянкестердің зақымдануынан қорғайды. Гүлдері ұсақ, жекелеген түрде жапырақтардың қолтығында орналасқан. Олардың түстері ақ, ашық- қызғылт, қызғылт, қызыл, сары. Жемісі сопақша - ұзарған пішінді, сабан түстес сары немесе күңгірт-күлгін, жиі түрде түкті. Бұршаққаптары піскенде жарылмайды. Сондықтан егін жинағанда оның астық ысырабы асбұршақпен салыстырғанда шамалы. Ноқаттың тұқымдары аздап бұрышты, шығыңқы тұмсығымен ерекшеленеді, беті тегіс кейде әжімді. Тұқымның түсі негізінен гүлдерінің түсімен байланысты.

Биологиялық ерекшеліктері. Ноқат асбұршаққа қарағанда жылуға жоғары талап кояды, Әсіресе гүлдену және пісу кезеңдерінде, бозқырауға төзімді. Ноқаттың тұқымдары 3-4°С температурада өне бастайды, оңтайлы температура 16-18°С, мұндай температурада оның егін көгі 9-10 тәулікте пайда болады, орташа мерзімде пісетін сорттары үшін белсенді температура жиынтығы 1500-1700°С. Ноқаттың егін көгі 9-11°С бозқырауды көтеруге қабілетті, ал ересек өсімдіктері күзгі 7-8°С аязды көтере алады. Бұл дақылды Өзбекстан мен Тәжікстанда күзге салым себеді, өсімдіктері - 25°С-ға дейінгі аязды көтере алады. Ноқат тұқымдарының бөртуі мен өнуіне өз массасының әртүрлі мөлшеріндегі суды (110-120%) қажет етеді, ал бұл олардың мөлшері мен химиялық құрамына байланысты. Басқа дәнді бұршақ дақылдарымен салыстырғанда ноқат қуаңшылыққа жоғары деңгейде төзімділігімен ерекшеленеді. Оның қуаңшылыққа жоғары төзімділігі өсімдік тканіндегі көп мөлшерде байланысқан судың болуымен және жасуша шырынының жоғары осмостық қысымымен түсіндіріледі. Қуаңшылық кезеңде ноқат өсуін тоқтатады, қолайлы жағдайлар қалыптасқанда оны жалғастырады. Ылғалмен салыстырғандағы киын-қыстау кезеңі - бүрлену және гүлдену кезеңдері, басқаша айтқанда пәрменді өсу кезеңінде. Ноқат топыраққа жоғары талап қоймайды, мұның өзі оны Қазақстанның барлык топырақ аймақтарында өсіруге мүмкіндік береді. Топырақ ерітіндісінің реакциясы бейтарап немесе әлсіз сілтілі болғаны жөн. Ноқатқа жарамдылығы шамалы топырақтарға ауыр саздақты, қышқыл батпақтанған топырақтар жатады. Ноқат астығының сапасын арттыратын негізгі фактор - қоректену элементтері азот, фосфор, калий. Оларды өсімдіктер көп мөлшерде сіңіреді. Қоректену элементтерімен салыстырғандағы ноқаттың қиын-қыстау кезеңі - бұтақтану және бүрлену. Сорттары: Юбилейный - Ресейдің Краснокут селекциялық стансасында шығарылған. Сорт орташа мерзімде піседі, құрғақшылыққа төзімді, шашылмайды, жапырылмайды. 1000 тұқымның массасы 260-315 г. Ақмола, Ақтөбе, Батыс-Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Оңтүстік облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Краснокутсий 123. Ресейдің Краснокут селекциялық стансасында шығарылған. Сорт орташа мерзімде піседі, құрғақшылыққа жоғары төзімділігімен ерекшеленеді. 1000 тұқымның массасы 256-330 г. Солтүстік Қазақстан. Шығыс Қазақстан облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Камила 1255. В.Р.Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ҒЗИ мен Өзбекстанның астық ҒЗИ бірігіп шығарған. Вегетация кезеңінің ұзақтығы тәлімі жерлерде 100 тәулік, суармалыда - 120 тәулік, жапырылмайды. Алматы облысында өсіруге рұқсат етілген.
Красноградский4. Ресейдің Красноград тәжірибе стансасында шығарылған. Сорт орташа мерзімде піседі, кұрғақшылыққа жоғары төзімділігімен ерекшеленеді. 1000 тұқымның массасы 260-270 г. Қарағанды облысында өсіріледі.
Өсіру технологиясы. Ноқатты Қазақстанда негізінен суарылмайтын егіншілікте өсіреді. Оған барынша жақсы алғы дақылдар: Республиканың солтүстік және орталық облыстарында таза сүрі жер, жаздық бидай; оңтүстік аудандарда - сүріден кейінгі күздік бидай, тары. Ноқат топырақты терең өңдеуді қажетсінеді. Себу алдындағы топырақ өңдеу БИГ-3 немесе БМШ-15 (БМШ-20) кұралдарымен топырақ бетін тегістеу, КПШ-5, КПШ-9 ж.б. культиваторлармен себу алдындағы культивациялауды қарастырады.
Қазақстанның барлық аймақтарында ноқат фосфор тыңайтқыштарын қажетсінеді. Тұқымды бактериялық тыңайтқыш - нитрагинмен өңдеу жақсы нәтижелер береді. Себуден кем дегенде бір ай бұрын ноқат тұқымын 80% ТМТД улы химикатымен (3-4 кгт тұқымға) ылғалдандыру тәсілімен дәрілейді.
Себу мерзімі ноқат астығының өнімі мен сапасына айтарлықтай дәрежеде әсер етеді. Дер кезінде және сапалы жүргізілген себу жұмысы ең алдымен тұқымның танаптық өнгіштігін арттыратын маңызды фактор. Себу мерзімі мен тәсілін, тұқымның сіңіру тереңдігі мен мөлшерін өзгерте отырып тұқымның өнуі мен көктеу жағдайларын тиімді реттеуге болады. Көкшетау АШҒЗИ-ның төрт жылғы деректері бойынша (В.Л.Винокуров, 1999) қара топырақтарда себу мерзіміне байланысты мынадай астық өнімі жиналды: 10 мамырда - 16,2; 15 мамырда -12,5; 20 мамырда -9,1 және 25 мамырда себілгенде - 5,4 цга. Осы деректерге сәйкес айтылған институт ғалымдары ноқаттың оңтайлы себу мерзімі 10-15 мамыр (себу қабатының температурасы 8-10°С болғанда) аралығы деп есептейді. Бұл ерекшелік ноқаттың көктеуіне ұзақ уақыт қажеттілігімен түсіндіріледі, оның егін көгі бозқыраудан аз зардап шегеді, оның тұқымдары топырақтың сіңіру тереңдігіне 6-8°С жылы болғанда жаппай біркелкі көктейді. Еліміздің әр аймақтарында жүргізілген көпжылдарғы зерттеу деректеріне сәйкес ноқаттың мынадай оңтайлы себу мерзімдері ұсынылады:
- Қазақстанның Солтүстік және Орталық облыстарында - мамырдың екінші оңкүндігі (10-20 мамыр);
- Оңтүстік облыстарда (Алматы, Жамбыл) - ерте жаздық астық дақылдарымен бір мерзімде себу тиімдірек.
Себу тәсілі агроклиматтық аймақтар мен аудандарда әртүрлі: себу агрегатының құрамы мен жалпы күйіне байланысты жаппай қатардағы, кең қатарлы, жолақты болуы мүмкін; бұл агрошараға жүргізілген және жоспарланған шаралар да әсер етеді (гербицид қолдану, механикалық өңдеу ж.б. Барлық жағдайда да мәселені нақты шешкен жөн. Жаппай қатардағы себу тәсілінде 0,7-0,8 млнга өнгіш тұқым (175-200 кгга), кең қатарлы тәсілмен сепкенде - 0,4-0,5 млнга өнгіш тұқым (100-120 кгга) ұсынылады. Топырақта жеткілікті ылғал қоры болғанда себу мөлшерінің жоғарғы шегін, ал жеткіліксіз болғанда себу мөлшерінің төменгі көрсеткіштерін қолданған дұрыс.
Ноқаттың тұқымдары терең сіңіруді көтере алады, алайда топыраққа, оның ылғалдылығы мен себу мерзіміне байланысты оңтайлы сіңіру тереңдігі 5-7 см, топырақтың беткі қабаты кебіңкіреп кеткенде және кешірек себілгенде - 8 см. Сепкеннен кейін ноқаттың көктеуін жеделдету үшін танапты бұдырлы катоктармен тығыздау қажет. Себуден кейін топырақ қабыршағы, арамшөптер жіпшелері пайда болса, оларды құрту үшін себу бағытына көлденең тырмалау жүргізіледі (себуден 3-4 тәуліктен соң).
Арамшөптермен қатты ластанған танаптарға ноқатты себуге дейін гербицидтер қолданылады: себу алдындағы культивация астына Гезогард 50 (прометрин, 50%) гербицидімен (3-5 кгга) бүркіледі, немесе Пивот, 10% (имазетапир) гербицидімен себуден 2-3 тәуліктен соң, немесе ноқаттың 3-6 жапырақ кезеңінде егістік 0,5-1,0 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ноқат дақылының сорттары
Ноқат дақылының биологиясы
Дақылдың биологиялық ерекшелігі
Дақылдың өсіру технологиясы
Ноқат топырақтан қоректік заттарды мол алатын дақыл
Ноқат дақылының биологиясы және морфологиялық сипаттамасы
Жаздық рапс сорттарын таңдау негіздемесі
Бұршақты өсіру технологиясы
Күздік бидайдың халық шаруашылығындағы маңызы
Жоңышқаның тұқымға өсіру технологиясы
Пәндер