Өсімдік аурулары туралы түсінік



I. Кіріспе бөлім ... ... ... ... ... ...3
II. Негізгі бөлім
а) Өсімдік аурулары туралы түсінік ... ... ... ... .4.5
б) Паразиттілік типтері ... ...5.9
в) Аурудың даму динамикасы . эпифитотияның негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
III. Қорытынды бөлім ... ... ... 11
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Фитопатология – гректің «phyton» - өсімдік және «patos» - ауру немесе патология, яғни онда орын алатын өзгерістер деген сөз тіркестерінен тұрады. Өсімдіктерде кездесетін патологиялық өзгерістердің бірнеше себептері бар, негізінен оны екі үлкен топқа бөлуге болады. Біріншіден, өсімдіктердің қалыпты өсіп-дамуына қоршаған ортаның қолайсыздығынан болатын ауытқулар немесе инфекциясыз, яғни жұқпайтын аурулар. Бұған абиотикалық әсерлер немесе температураның қолайсыздығы, ылғал мөлшері мен қоректік заттардың жетіспеуі, немесе шамадан тыс артық болуы, қоршаған орта мен топырақтың өндіріс қалдықтары мен радиоак- тивті заттар, ауыр металдармен ластануы және тағы басқа жатады. Өсімдік ауруларының екінші себебі – бұл фитопатогенді микроағзалардың әсерінен туындайтын патологиялық өзгерістер немесе жұқпалы аурулар. Олардың қоздырғыштары ретінде алғаш микроскоп арқылы көрінетін саңырауқұлақтар белгілі болса, кейінірек бактериялар мен микоплазмалар, вирустар мен вириондар ашылды. Осы себептен де фитопатология ғылымы микология, микробиология және вирусология деп аталатын бірнеше ғылым салаларымен үзеңгілес дамыды
1. Фитопатология
Абиев С.А Эпиграф 2015
2. Фитопатология
Карбозова Р.Д Туленгутова К.Н Алматы 2014
3. Фитопатология
Қойшыбаев М.Қ Алматы 2014
4. Интернет желісі.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
I. Кіріспе бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
II. Негізгі бөлім
а) Өсімдік аурулары туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4-5
б) Паразиттілік типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5-9
в) Аурудың даму динамикасы - эпифитотияның негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 10
III. Қорытынды бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Фитопатология - гректің phyton - өсімдік және patos - ауру немесе патология, яғни онда орын алатын өзгерістер деген сөз тіркестерінен тұрады. Өсімдіктерде кездесетін патологиялық өзгерістердің бірнеше себептері бар, негізінен оны екі үлкен топқа бөлуге болады. Біріншіден, өсімдіктердің қалыпты өсіп-дамуына қоршаған ортаның қолайсыздығынан болатын ауытқулар немесе инфекциясыз, яғни жұқпайтын аурулар. Бұған абиотикалық әсерлер немесе температураның қолайсыздығы, ылғал мөлшері мен қоректік заттардың жетіспеуі, немесе шамадан тыс артық болуы, қоршаған орта мен топырақтың өндіріс қалдықтары мен радиоак- тивті заттар, ауыр металдармен ластануы және тағы басқа жатады. Өсімдік ауруларының екінші себебі - бұл фитопатогенді микроағзалардың әсерінен туындайтын патологиялық өзгерістер немесе жұқпалы аурулар. Олардың қоздырғыштары ретінде алғаш микроскоп арқылы көрінетін саңырауқұлақтар белгілі болса, кейінірек бактериялар мен микоплазмалар, вирустар мен вириондар ашылды. Осы себептен де фитопатология ғылымы микология, микробиология және вирусология деп аталатын бірнеше ғылым салаларымен үзеңгілес дамыды.

Өсімдік аурулары туралы түсінік
Өсімдік ауруы дегеніміз патогенді ағзалардың әсерінен немесе қоршаған ортаның қолайсыз жағдайынан, механикалық жарақаттанудан және т.б себептерден туындайтын, жасушалар мен ұлпалар, өсу және жыныс мүшелерінде байқалатын анатомиялық және физиологиялық өзгерістер. Өсімдік ауруларының негізгі бір ерекшелігі - теңбілдену, шіру, солу, таттану, қаракүйе түйіршіктері сияқты өзгере қоймайтын тұрақты белгілердің болуы. Фитопатогенді ағзаларға тән бір қасиет - гетеротрофты қоректену, яғни олардың тіршілік ететін ортасында дайын органикалық заттардың болуы. Паразиттердің тіршілік ету қабілеттілігі зат алмасу ерекшеліктеріне тығыз байланысты келеді. Олар гетеротрофты қоректенеді, яғни ие-өсімдіктің жасушыларындағы дайын органикалық қосылыстарды өзіне қоректік зат ретінде пайдаланады.
Өсімдік ауруларын жүйелеу немесе классификациялау оларды спецификалық ерекшеліктеріне қарай топтарға жіктеу болып табылады. Ол шаруашылық тұрғыда өсімдік қорғау жұмыстарын жоспарлауға және уақтылы, әрі тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Ең алдымен, өсімдік ауруларын пайда болу себебіне байланысты инфекциялық және инфекциялық емес деп екі топқа бөледі. Инфекциялық аурулар фитопатогенді ауру қоздырғыш организмдердің әсерінен пайда болып, өз кезегінде вирустық, бактериялық және саңырауқұлақтық ауруларға жіктеледі. Содан соң өсімдіктің ауруға шалдыққан органдарына, даму фазасына, тіршілік формасына байланысты аурулары деп бөледі.
Инфекциялық емес аурулар өсімдікте қолайсыз, абиоттық сыртқы ортаның әсерлерінен пайда болады. Абиоттық факторларға сыртқы қоршаған ортаның органикалық емес дүниеге жататын факторлар жиынтығы жатады. Олар: топыравқ және оның элементтік құрамы, ылғал, температура, жарық, ауа және оның газдық құрамы мен қысымы, рельеф т.б. абиоттық факторлардың әсерінен болатын аурулардың топтары төмендегідей:
1. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың әсерінен болаын аурулар.
2. Қолайсыз топырақ жағдайының әсерінен болатын аурулар.
3. Механикалық зақымдалудан болатын аурулар.
4. Қоршаған ортаның химиялық және физикалық ластануынан болатын аурулар.
5. Ауаның әртүрлі қоспаларымен ластануынан болатын аурулар.
Жоғарыда келтірілген өсімдік ауруларыныңтоптары өз кезегінде майда спецификалық категорияларға жіктеледі. Қолайсыз топырақ жағдайларының әсерлерінен болатын аурулар қоректік заттардың, ылғалдың, қышқылдықтың кем-артық болуынан туындайтын аурулар болып жіктеледі.
Ауру қоздырғыштарының паразиттілік типтері
Қоректену әдісіне байланысты әлемдегі барлық организмдер екі топқа автотрофтар және гетеротрофтарға бөлінеді. Автотрофтар (өсімдіктер) фотосинтез үдерісі нәтижесінде органикалық заттарды синтездеу қабілетіне ие болған. Гетеротрофтар (фитопатогендер) органикалық заттарды түзу қабілеті болмағандықтан, олар қоректік заттарды автотрофтардан дайын күйде алады.
Әрбір паразит өзін қоректік затпен қамтамасыз ететін өсімдіктер түрін ғана залалдайды.
Паразиттілік - екі организм арасындағы байланыстың қоректік кезінде пайда болған құбылысы. Микроорганизмдер тірі және өлі ұлпаларда дамуына байланысты сапрофиттер және паразиттер болып бөлінеді. Өсімдік әлемінде паразиттілік эволюциясы облигатты сапрофиттіліктен облигатты паразиттілік бағытында дамыған.
Паразит гректің parasitos, жатып ішер немесе тоғышар деген сөздің мағынасын береді. Паразиттілік немесе тоғышарлық арақатынасқа тән қасиет - бір ағзаның, мәселен патогеннің - екінші тірі ағза (ие-өсімдік) жасушаларындағы немесе ұлпаларындағы дайын органикалық заттармен қоректенуі. Осы себептен біріншісінің тіршілігі екіншісіне тығыз байланысты келеді. Паразиттік қасиеттің қалыптасу деңгейіне байланысты, өсімдік патогендері биотрофты немесе облигатты және факультативті (шартты паразиттер) , облигатты сапрофиттер және факультативті сапрофиттер деп аталатын топқа бөлінеді.
Облигатты немесе биотрофты паразиттер. Бұлар тек тірі ағзада ғана тіршілік ете алады, жасанды орталарда өспейді. Бұл топқа тат, ақұнтақ, жалған ақұнтақ және қаракүйе ауруларын қоздыратын саңырауқұлақтар жатады. Олар тек ие-өсімдіктің жасушасындағы дайын органикалық заттармен қоректенеді. Осының салдарынан өсімдік ұлпаларында патологиялық өзгерістер байқалады. Мәселен, қолайлы жағдай болғанда, тат ауруы қоздырғышы споралары ие-өсімдіктің жапырағы немесе сабағы үстінде өніп, инфекция жіпшесі ішкі ұлпаларға еніп, гаусторийлер береді. Олар өсімдік жасушаларындағы дайын органикалық заттарды соруға арналған. Саңырауқұлақ жіпшелері өсімдік ұлпаларында, кейін жапырақтың немесе сабақтың жабынды қабықшасы астында шоғырланып, 5-10 тәуліктен кейін оны жарып шығатын пустулалар (күлдіреуіктер) түзеді. Патогеннің ие-өсімдікпен қатынасы мұнымен бітпейді, ол бидай масақтанып, дән толысатын мерзімге дейін жалғасады. Алдымен жапырақ немесе сабақ үстінде урединиоспоралар түзілсе, кейіннен олардың орнында телиоспоралар пайда болады. Патологиялық үрдіс 1-2 айға дейін созылуы мүмкін. Нәтижесінде өсімдікте фотосинтез екпінділігі төмендейді, судың тасымалдануы артады, біраз физиологиялық және биохимиялық өзгерістер болады. Осының бәрі дақыл түсімділігіне әсер етпей қоймайды. Масақта дән байлануы, оның салмағымен қатар сапасы да төмендейді. Астық дақылдарының өсу кезеңі соңына қарай жапырақтар мен сабақтарда түзілетін телиоспоралар өсімдік қалдықтарында келесі жылға дейін тіршілік қабілеттігін жоймай, тыныштық қалпында сақталады. Ие-өсімдік апат болса, патогеннің де тіршілігі тоқталады. Жетілген паразитизмнің екінші мысалы ретінде астық дақылдарының қаракүйе ауруларын қоздыратын саңырауқұлақтарды келтіруге болады. Ұзақ эволюция нәтижесінде олардың арасындағы қарым-қатынас әбден жетілген. Мәселен, тұқым үстіне қонған телиоспоралар немесе ұрықта сақталатын мицелий топыраққа себілген тұқыммен бірге өніп, оның өскініне енеді. Патогеннің жіпшелері тарамдалып, өсу нүктесіне жетіп, сонда шоғырланады. Олар да ие-өсімдіктің дайын органикалық заттарымен қоректенеді. Дәнді дақылдардың масақтануына дейін ауру қоздырғышының бар - жоғы сырттай білінбейді. Бірақ, ол жаңадан пайда болып келе жатқан болашақ масақта шоғырланып, толықтай торлайды, өздерінің көбею мүшелерін - телиоспорларды түзе бастайды. Патоген үшін ие-өсімдіктің апат болуы тиімсіз, өйткені онда, өзі де өледі, сондықтан да ол себелесе тіршілік еткендей болады. Өсімдіктер масақтанған кезде өзекшесінен басқа барлық мүшелері мұржа күйесі тәріздес қаракүйе спораларына айналғанын байқаймыз. Қатты қаракүйеге шалдыққан масақтарда дән орнына миллиондаған споралардан тұратын түйіршіктер түзіледі. Облигатты паразиттер, көбінесе, жақсы күтіп бапталған өсім- діктерді таңдайды. Олардың ферменттері ие-өсімдіктің жасушаларын бүлдірмей, соңғылары ұзақ мерзімге дейін өзіне тән қызметтерін істей береді. Вирустар да облигатты паразитті ағзаларға жатады. Басқа тірі ағзалардан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер жайлы
Инфекциялық ауру туралы түсінік
Ашық және қорғаулы жерлерде өсімдіктер ауруларымен күресуге қарсы, антибиотиктер мен микроорганизмдерді қолдану мүмкіндігі
Сабақ түрлерін биология сабақтарында қолдану
Қант қызылшасын сақтау мен қант алу технологиясы
Көкөніс дақылдарын аурулар мен зиянкестерден қорғау шаралары
Күріш дақылы жайлы
Биопестицидтер, олардың артықшылықтары
Өсімдік ауруы туралы түсінік
Арамшөптер — адамдардын қатысуынсыз мәдени дақылдармен бірге өсуге бейімделген ерекше өсімдіктер тобы
Пәндер