ОҚО Мақтарал ауданында мақтаның зиянкестері және ауруларынан қорғау шаралары
Кіріспе
1.1 Мақтаның биологиялық ерекшеліктері
1.2 Мақта дақылында кездесетін зиянкестер мен аурулар
Негізгі бөлім
2.1 Жалпы қорғау шаралары
2.2 Химиялық қорғау шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Адамзат өсімдік шаруашылығымен айналысқаннан бастап, өсімдік зиянкестерімен, ауруларымен, арамшөптермен әр түрлі жолдармен күресуде. Ауылшаруашылық өнімдерін жоғарылату үшін - экстенсивті механикаландыру, топырақ қопсыту тәжірибесін жақсарту, жаңа сұрыптарды алу, т.б. шаралардың кешендері қолданылады. Өсімдікті химиялық әдіспен қорғау негізгісі болып саналады. Ол өзінің биологиялық және экономикалық тиімділігімен ерекшеленеді. Сондықтан өсімдікті қорғайтын химиялық заттардың өндірісі жылдан жылға артуда. Мысалы АҚШ-да 20 мың препарат тіркелген (675 әсер етуші заттар) оның ішінде 470-і ауылшаруашылықта қолданылады. Ресейде (194 әсер етуші заттар) 633 препарат тіркелген, ал Қазақстанда пестицидтер тізімін 249 дана құрайды. Өсімдікті қорғайтын химиялық заттар ауылшарушылық дақылдары өнімін арттырады, механикалық және адам қолымен жасалатын жұмыстарды жеңілдетеді. Өсімдікті химиялық қорғау курсының талаптары – ауылшаруашылық дақылдарын қорғау әдістерін жақсарту үшін, әр түрлі химиялық қорғағыш заттардың зиянды ағзаларға және мәдени өсімдіктерге әсерін зерттеу. Пестицидтерді ауылшаруашылығында қолдану негізгі мәселелердің бірі болғанымен, олардың қоршаған ортаға, адамзатқа кері әсерінің бар екенін ескеру қажет. Пестицидтерді экология жағынан қауіпсіз қолдану өте маңызды. Қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін пестицидтердің көпшілігі табиғатта кездеспейтін синтетикалық улағыш заттар. Пайдаланылған пестицидтердің қалдық мөлшерлері қоршаған орта нысандарында жиналып, пайдалы флора мен фаунаға кері әсерін тигізуі мүмкін. Пестицидтер – химиялық улы заттар, оларды дұрыс қолданбау қоршаған ортаның биологиялық нысандарына, адам өмірі мен жануарлар әлеміне қауіпті. Химиялық заттар - өсімдіктерді қорғауда, олардың сыртқы пішінін, дәм сапасын және азық-түлік құнарлылығын өзгертіп, өсімдік бойындағы зат алмасу процестеріне әсерін тигізеді. Өсімдікті химиялық қорғағыш заттардың барлығы адам ағзасына және жан-жануарларға зиянды болғандықтан, пестицидтермен жұмыс жасау кезінде сақталатын жеке және қоғамдық қауіпсіздік шаралары қарастырылған.
1. А.О. Сағитов, Г.Ж. Исенова, Г.О. Рвайдарова , Ө.С. Нұржанов, Т.Ж. Қалмақбаев. «Өсімдікті химиялық қорғау»- Алматы, Айтұмар баспасы-2013 жыл.
2. Щепетков Н.Г., Ысқақов М.А. Жеміс-көкөніс шаруашылығы .Алматы 2011
3. Карбозова Р.Д., Туленгутова К.Н. Фитопатология. Оқулық. Алматы 2014
4. Ә. Т. Тілменбаева., Г.Ә.Жармұхаметова Энтомология. Оқулық. Алматы «Қайнар» 1994
5. К.В. Попкова., Общая фитопатология. –Москва: Агропромиздат, 1989-Учебник.
6. Дәріс материалдары, Карбозова Р.Д және Туленгутова К.Н. Фитопатология 12-13 дәріс
7. Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген пестицидтердiң, 2013–2022 жж. ТIЗIМI

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
Қазақ ұлттық агарлық университеті
Курстық жұмыс
Тақырыбы: ОҚО Мақтарал ауданында мақтаның зиянкестері және ауруларынан қорғау шаралары
Орындаған:
Тексерген:
Алматы 2016
Жоспары:
Кіріспе
0.1 Мақтаның биологиялық ерекшеліктері
0.2 Мақта дақылында кездесетін зиянкестер мен аурулар
Негізгі бөлім
2.1 Жалпы қорғау шаралары
2.2 Химиялық қорғау шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Адамзат өсімдік шаруашылығымен айналысқаннан бастап, өсімдік зиянкестерімен, ауруларымен, арамшөптермен әр түрлі жолдармен күресуде. Ауылшаруашылық өнімдерін жоғарылату үшін - экстенсивті механикаландыру, топырақ қопсыту тәжірибесін жақсарту, жаңа сұрыптарды алу, т.б. шаралардың кешендері қолданылады. Өсімдікті химиялық әдіспен қорғау негізгісі болып саналады. Ол өзінің биологиялық және экономикалық тиімділігімен ерекшеленеді. Сондықтан өсімдікті қорғайтын химиялық заттардың өндірісі жылдан жылға артуда. Мысалы АҚШ-да 20 мың препарат тіркелген (675 әсер етуші заттар) оның ішінде 470-і ауылшаруашылықта қолданылады. Ресейде (194 әсер етуші заттар) 633 препарат тіркелген, ал Қазақстанда пестицидтер тізімін 249 дана құрайды. Өсімдікті қорғайтын химиялық заттар ауылшарушылық дақылдары өнімін арттырады, механикалық және адам қолымен жасалатын жұмыстарды жеңілдетеді. Өсімдікті химиялық қорғау курсының талаптары - ауылшаруашылық дақылдарын қорғау әдістерін жақсарту үшін, әр түрлі химиялық қорғағыш заттардың зиянды ағзаларға және мәдени өсімдіктерге әсерін зерттеу. Пестицидтерді ауылшаруашылығында қолдану негізгі мәселелердің бірі болғанымен, олардың қоршаған ортаға, адамзатқа кері әсерінің бар екенін ескеру қажет. Пестицидтерді экология жағынан қауіпсіз қолдану өте маңызды. Қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін пестицидтердің көпшілігі табиғатта кездеспейтін синтетикалық улағыш заттар. Пайдаланылған пестицидтердің қалдық мөлшерлері қоршаған орта нысандарында жиналып, пайдалы флора мен фаунаға кері әсерін тигізуі мүмкін. Пестицидтер - химиялық улы заттар, оларды дұрыс қолданбау қоршаған ортаның биологиялық нысандарына, адам өмірі мен жануарлар әлеміне қауіпті. Химиялық заттар - өсімдіктерді қорғауда, олардың сыртқы пішінін, дәм сапасын және азық-түлік құнарлылығын өзгертіп, өсімдік бойындағы зат алмасу процестеріне әсерін тигізеді. Өсімдікті химиялық қорғағыш заттардың барлығы адам ағзасына және жан-жануарларға зиянды болғандықтан, пестицидтермен жұмыс жасау кезінде сақталатын жеке және қоғамдық қауіпсіздік шаралары қарастырылған.
2.2 Мақтаның биологиялық ерекшеліктері
Мақта көп жылдық, биіктігі - 100-150 см жететін жартылай бұталы өсімдік. Ауа райы қоңыржай елдерде бір жылдық дақыл ретінде өсіріледі. Тамыр жүйесі жақсы дамыған, 2,5-3 м тереңдікке бойлайтын,жан-жағына 1,5-2 м шашыраған діңгекті болады. Сабағыныңтөменгі жағында түгі болады, ағаш сияқты бұтақтанады. Бұтақтарының екі түрі болады: бұтақтың басы өсу бүршігі және жапырағымен аяқталатын өсу бұтағы (моноподиалды)және бұтақ басында, ұзын бойында гүлдер, қауашақтар орналасқан жемісті бұтақ (симподиалды). Жемісті бұтақтар вегетация кезеңі аяқталғанға дейін пайда бола береді. Алғашқы гүл бүрі пайда болғаннан соң өсуін тоқтатса, оны шекті өнім бұтағы, ал гүл бүрі бұтақтың ұзаруына қарай одан әрі көбейе берсе оны шексіз өнім бұтағы деп атайды.Тозаңданған мақта гүлінен қауашақтың (жемісінің) дамуыбасталады. Мақта қауашағы жұмыртқа тәріздес, ұшы үшкірленген, бетікейде тегіс, кейде ойлы болып келеді. Қауашақтың әр ұясында 5-10 тұқымы болады. 1000 тұқымның массасы - 90-150 г.Мексикалық мақта тұқымы қысқа түктермен және ұзыншакелген талшықтармен қапталады.Жалаңаш тұқымды мақта түрлерінде қысқа түктер болмайды. Кептірілген бір қауашақтың массасы сортына жәнеөскен орта жағдайына байланысты 2-10 г аралығында болады.
Жылуға қоятын талаптары. Мақта тұқымдары топырақ температурасы 10-12оС-қа жеткенде бөртіп, өне бастайды, бірақ өнуге оңтайлы температура - 20-25оС. 0,5-1,0оС үсікте мақтаның егін көгі опат болуы мүмкін. Жалпы өсіп-дамуы үшін қолайлы температура - 25оС, одан жоғары температура (26-30оС) гүлдену және қауашақ түзу кезеңдерінде қажет. 10-12 оС температурада мақта талшықтары қысқа және жуан болып қалыптасады да, пісіп-жетілмейді.
Мақтаның толық пісіп-жетілуі үшін ерте пісетін сорттарына - 3000, орташа пісетіндеріне - 3400, кеш пісетіндеріне - 4000оС белсенді температура жиынтығы қажет.
Ылғалға қоятын талаптары. Мақта құрғақшылыққа төзімді өсімдік. Тереңге бойлайтын кіндік тамыры топырақтың төменгі қабатындағы ылғалды тиімді пайдаланады, сондықтан жылына 350-400 мм жауын-шашын түсетін аймақтарда өсіріле береді. Транспирациялық коэффициенті 500-600.
Суармалы жағдайларда мақта жоғары өнім түзеді, ол үшін гектарына 5-8 мың м3 су қажет.
Жарыққа қоятын талаптары. Мақта жарық сүйгіш өсімдік. Шашыраңқы күн сәулесі жағдайында мақтаның пісіп-жетілу кезеңі ұзарады.
Топыраққа қоятын талаптары. Орталық Азияда және Оңтүстік Қазақстанда мақта сұр, шалғынды сұр, шалғынды батпақты топырақтарда өсіріледі. Мақта үшін жер асты сулары жақын және қышқыл топырақтар жарамсыз.
Қолайлы ылғалдылық және температуралық жағдайда сепкеннен 5-күннен кейін жер бетіне тұқым жарнақтары көктеп шығады, ал одан 8-10 күннен соң бірінші нағыз жапырақ пайда болады. 7-8 нағыз жапырақ пайда болған кезде 4-5 жапырақтың қолтығынан бірінші бітегүлі бар жеміс бұтағы дамиды. Бұл кезең шанақтану кезеңі деп аталады. Бірінші жапырақ пайда болғаннан шанақтануға дейін 20-30 күн өтеді.
Бітегүлдер екі бағытта пайда бола бастайды - төменнен жоғары қарай (вертикаль) және жеміс бұтағының бойымен жан-жаққа (горизонталь).
Гүлдену де осы жүйемен спираль тәрізді жүреді. Гүлдер таңертең ашылады. Бұл кезде гүлдің күлте жапырақтары ашық-сары болады, түстен кейін қызарады, ал кешке қарай солып жабылады. Ертеңінде күлте жапырақтың түрі сыя көк болады да шашылып түсіп қалады.
Гүлдердің ашылуы төменнен жоғары қарай топпен немесе конус түрінде жүреді. Бірінші гүлдену конусы мақта бұтасы сабағына жақын орналасқан ең төменгі үш бұтағында пайда болады. Келесі кезекте бірінші үш бұтақта екінші гүлден, ал 4-ші, 5-ші, 6-шы бұтақтарда бірінші гүлден ашылады. Келесі конуста 1, 2, 3-ші бұтақтарда үшінші, 4, 5, 6-шы бұтақтарда екінші, ал 7, 8, 9-шы бұтақтарда бірінші гүлдер. Әрі қарай гүлдену осы жүйемен жалғаса береді.
Төменнен жоғарыға қарай бір бұтақпен екінші бұтақтың гүлденуі арасында 2-3 күн (қысқа кезек), ал бұтақ бойындағы бір гүл мен екінші гүлдің гүлденуі арасында 5-7 күн (ұзақ кезек) өтеді. Гүлдену кезектерінің ұзақтығы мақтаның сорттарына байланысты.
Гүлденуден қауашақтың ашылуына дейін 50-65 күн өтеді. Сепкеннен бірінші қауашақ ашылғанға дейін мақтаның орташа талшықты сорттарына 130-140 күн, жіңішке талшықты сорттарына 145-160 күн қажет.
2.2 Мақта дақылында кездесетін зиянкестер мен аурулар
Бақша бітесі - Aphis gossypii Hov.
Тең қанаттылар отрядының бітелер тұқымдасына жатады. Қазақстанның оңтүстік бөлігінде, соның ішінде мақта дақылы өсірілетін аймақтардың барлығында тегіс таралған. Полифаг, мақтадан басқа да көптеген өсімдіктерді зақымдайды. Тек партогенетикалық жолмен дамиды.
Қанатсыз аналық бітенің ұзындығы 2 мм шамасындай, түсі жасыл-сары немесе күңгір - жасыл, шырын түтікшелерінің түсі қара, түп бөлімі жуандау, мұртшалары ақшыл-сары, ең ұшындағы бунағы қара ,құрсағында қара түсті дақ бар. Қанатты бітелердің бас, көкірек бөлімдері және түтікшелері күңгірт-қара түсті болады.
Қазақстан жағдайында зиянкес ересек біте күйінде арам шөптерде қыстайды. Ерте көктемнен бастп сол қыстап шыққан өсімдіктермен қоректеніп көбейеді де, мамырдың бас кезінде қанатты аналық бітелер мақта және бақша дақылдарына көшеді. Оларда жаз бойы дернәсілдерін тірі табу жолымен өсіп-өніп, вегетациялық мерзім ішінде 18 генерацияға дейін береді. Бір генерацияның дамуы 7-10 күнге ғана созылады. Сөйтіп тез көбейіп, өсімдік бойында шоғырланып, яғни тығыз колония құрып, тіршілік етеді. Бітенің дамуы үшін ең үйлесімді температура 16-22С аралығы. Бұдан жоғары температура бітенің дамуын тежейді. Сондықтан жаз ортасында оны саны азаяды. Бірақ күзге қарай өніп-өсуі қайтадан өршіп, тез көбейеді.
Бітелердің көктемгі қоректенуі мәдени өсімдіктің жалпы күйін әлсіретеді, едәуір баяулатады. Ал жазда олар көбінесе мақтаның генеративті мүшелерімен қоректенеді. Нәтижесінде зақымданған өсімдіктердің түұым түйіні мезгілінен бұрын төгіліп қалады және бітлерден бөлінетін жабысқақ сұйық заттар ашылып келе жатқан мақата қауашығының талшықтарын ластап желімдейді. Ондай талшықтарда сапрофитті құрым саңырауқұлақтары мен бактериялардың дамуына қолайлы жағдай туады. Сөйтіп мақта талшықтарының сапасы төмендейді.
Темекі трипсі-Thrips tabaci Lind.
Шашақ қанаттылар отрядының трипсілер тұқымдасына жатады. Өте кең таралған көпқоректі зиянкес, 100 аса өсімдіктермен қоректенеді. Қазақстан жағдайында пиязға, темекіге және мақта дақылына үлкен зиян келтіреді.
Ересек трипсінің ұзындығы 0,8-1,1 мм,түсі ақшыл-сары, өн бойына созылған жүйкесі бар енсіз жіңішке қанаттарының шеттерінде ұзын шашақтар болады. Жұмыртқасының ұзындығы 0,21-0,25 мм, көлденеңі 0,1-0,14 мм, пішіні бүйір тәрізді ақшылдау, мөлдір түсті болады. Дернәсілдерінің ұзындығы 1 мм жетеді, ересек трипсілерге қарағанда ақшылдау түсті, мұршалары 6 бунақтан тұрады.
Ересек трипсілер топырақтың үстіңгі қабатында немесе өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Қысқы мекендерінен ауаның жылылығы 10 С асқанда шығады. Жұмыртқаларын темекі жапырағының үстіңгі бетіндегі эпидермис қабатының астына бір-бірлеп орналастырады. Өсімталдығы 100 жұмыртқа жетеді. Ұрықтың дамуы 3-5 күнге созылады. Оыс мерзімі ішінде 4 рет түлейді де, дамуы аяқталған соң топыраққа еніп , онда 4-5 күн болады. Одан соң қанаттары жетілген ересек трипсілерге айналады да жер бетіне көтеріліп, темекі немесе басқа өсімдіктермен қоректенуге кіріседі. Зиянкестің бір генерациясының дамуы мекендеген зонасының ауа райы жағдайына байланысты 15 күннен 30 күнге дейін созылады. Қазақстанның оңтүстңк-шығысында 5-6 генерация беріп көбейеді.
Темекі трипсі көп қоректі зиянкес, темекіден басқа пияз, мақта, соя, қияр, қарбыз, асқабақ, қызанақ және тағы басқа дақылдарды зақымдайды. Ересек трипсілер және олардың дернәсілдері жапырақтардың астыңғы бетінде және гүлшоғырларында топтанып тіршілік етеді де өсімдік шырынын сорып қоректенеді. Өсімдіктің зақымданған мүшелерінде алғашында бозарған ақшыл болып, кейіннен тотық түске айналатын дақтар пайда болады. Нәтижесінде өсімдіктің жапырақтары морт сынғыш әлсіз болып, өсуі баяулайды, никотиннің процесі кеміп, темекінің сапасы нашарлайды. Сонымен қатар темекі трипсі өсімдігіне вирус ауруларын таратады.
Гоммоз
Мақта егілетін барлық аудандарда жиі таралған ауру. Кеселвегетацияның барлық кезеңінде өсімдіктің жер үсті мүшелерінде білінеді.Тұқым жарнағында майда, дөңгелек, майлы түсі қошқыл-жасыл дақтар пайда болады. Дақтар ұлғайып, бір-бірімен қосылып. Кейде тұқым жарнағы бетін түгел алады. Залалданған ұлпалар қоңырланып құрап, түсіп, өсімдік түгел қурайды.
Жапырақ бетінде бұрышты, майлы, қошқыл-жасыл дақтар түзіледі. Дақ беті шырыштанып кеүіп қабыршықтанады. Егер жапырақ жүйкесі залалданса, онда жүйкені бойлап шырыш бөлінеді. Жапырақтан кесел сағасына, кейін өсімдік сабағына көшеді.
Сабақ гоммозы аса зиянды. Бактериялар гүл сағағы мен мен гүл табанына одан әрі қауашаққа жылжып, мақта талшықтарын залалдайды. Сабақтағы дақтардың пішіні мен көлемі әртүрлі. Дақтар кейде сабақты түгел орайды. Бұл жағдайда сабақ қисайып, сынады да өсімдік қурайды. Гоммозға өсу нүктесі шалдығуы мүмкін. Аурудың бұл түрінде негізгі сабақ дамымай ергежейлі болып немесе қарайып қурайды. Дақ шетіндегі ұлпалар дөңестеніп өседі де, сабақ шытынайды.
Қауашақ бетінде қошқыл-жасыл майлы дақтар түзіліп, кейін сәл ішке қарай басылып, ойық жара пайда болады. Ерте (жас кезінде) залалданған қауашақтар өспей, сұрланып қурайды. Дақ тұсында мақта талшығы қоңыр-сары түсті болып, бірте-бірте жабысып қатты түйіндер құрып, қауашақтар ашылмауы мүмкін, кейде талшықтар мүлдем түзілмейді. Қауашақ кейде қисайып өседі, себебі оның ауру бөлігі өспей кеүіп, ал сау жағы өсе береді. Қатты залалданған қауашақ ашылмай үзіліп түсіп, тұқымдардың өнүі төмендейді.
Ауру қоздырғышы - Xanthomonas malvacearum Dow. бактериясы. Қоздырғыш мақтаға бейімделген. Бактерияның дамуына қолайлы температура -26-280С. Оның төменгі даму температурасы 100С. Паразит төмен (-280С) және жоғары (+72 0С) температураларға өте төзімді. Деректер бойынша мақта талшығын аталған жоғары температура ұзақ уақыт (36 сағат) қыздырғанда, паразит тіршілігін сақтайды.
Ылғалы мол топырақта және суда бактериялар басқа микроорганизмдердің әсерінен тез жойылады. Вегетация кезеңінде ауру қоздырғышы желмен, ұлпаның майда бөліктері-мен, шырыштың қатқан қабыршықтарымен таралады. Жауын-шашын немесе мол шық әсерінен бактериялар өсімдікке қайта устьица арқылы еніп, оны залалдайды. Ауру қоры - тұқым мен сүректелген өсімдік қалдықтары.
Кесел аса зиянды. Жапырық пен сабақ қатты залалданса, мақта өнімі 28-30% кеміп, талшық пен тұқымның сапасы төмендейді.
Вилт - вертициллезды солу
Мақта егілетін барлық аймақтарда таралған. Өсімдіктің төменгі жапырақтарында шашыраңқы орналасқан дөңгелек немесе бұрышты сарғыш дақтар түзіліп, жасыл ұлпалар жүйке бойында сақталып, дақтар кейін қоңырланып, кебеді. Гүл түйіні байланған кезде мақта дақылы жаппай ауруға шалдығады. Кесел алғаш астыңғы жапырақтарда таралып, өсімдікті бойлай жоғарғы бөліктерге жылжып, бірте-бірте қурап түседі, кейде өсімдік жапырақтары бірден түгел түсіп қалады да, қауашақтары жетілмей қурайды. Жас өсімдіктердің залалданған жапырақтары түсіп, өсүі тоқтап, қурайды. Кейбір өсімдіктің жоғарғы бұтақтары қайта жапырақтануы мүмкін, бірақ бұл жапырақтар хлорозды сарғыш болып, өсімдік өнім бірмейді. Мақта өсімдігі кейде кенеттен солып, жапырақтары салбырап, қурап, бірақ түспей 2-3 күнде өсімдік жойылып қауашақтағы талшық пен тұқымдар жетілмейді.
Кеселдің негізгі белгісі - түтіктер қоңырланып, оған жақын ұлпалар күңгірттенеді.Ауру қоздырғышы - Vetricillum dahliae Kleb. саңырауқұлағы. Үнемі топырақта кездесетін 700-ге жуық өсімдік түрлерін залалдайтын саңырауқұлақ. Жіпшумағы түссіз, перделі, конидия тасушылары күлтеленіп, ұштары бірнеше тарамға бөлінеді. Тарамдар ұшында конидиялар топтанып жинақталады. Конидиялар эллипс тәрізді, бір клеткалы, бір ядролы, көлемі 3-6 х 1,5-2 мкм. Саңырауқұлақ өзінің даму циклында хламидоспоралар мен микросклероцийлар түзеді. Микросклероцийлар сопақтау, сыртқы қабығы қалың, қара-қоңыр түсті ішкі бөлігі жіңішке түссіз жіпшелерден тұрады. Олар өсімдік сола бастағанда пайда болады. Склероцийлар коктемде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz