Квалиметрия пәні


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда сапа əмбебап сипатқа ие. Ол бəсекеге қабілеттілік жолында көптеген объектілердің негізгі қайнар көзі. Əрбір мемлекеттің экономикалық жəне əлеуметтік дамуы кез келген тұтынушының өміріне тікелей əсер ететін тауар сапасы мəселесінің сəтті шешілуіне байланысты.
Қоғамның жəне экономиканың қарқынды даму жолына өтуін жеделдетудің басты негізінің бірі болып сапаны жетілдіру. Жоғары сапа - еңбек жəне материалдық ресурстарды үнемдеу, экспорттық мүмкіндіктерді арттыру, сондай-ақ қоғам қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыру болып табылады.
Сапаны жетілдірудің тиімді жолы - сапаны басқару. Объектілер мен олардың қасиеттерінің маңызын сипаттаушы ретінде сапаның қоғам үшін тəжірибелік маңызы өте зор. Сондықтан адамзаттың кез келген заттың сапасын бағалауда туындайтын сұрақтары өз маңызын жоғалтқан жоқ.
Сапаны бағалаудың ғылыми әдістерін табуға ежелгі уақыттан ұмтылыс болған. Мысалы, 1930 ж. неміс доктор-инженері К. Комментц тайыз суға арналған кемелер үшін кемелер отыруының 1%-ға кемуі бағасының 0, 6%-ға артуына әкеледі деп белгіледі. Ол кеме сыйымдылығы мен сапаның басқа да параметрлерінің әсер етуін есептеуде қиындыққа жолықты. Сапа параметрлеріне сүйеніп, бағасын негіздеп, болжамдауға рұқсат ететін көптеген кестелер, графиктер жасалды. Кейіннен «International shipbuilding progress» голландиялық журналында бұдан әрі жүргізілген зерттеулер негізінде кеме сапасының параметрлеріне байланысты баға индексіне түзетулер жарияланды.
Бұдан кейін Дж. Ван Эттингер (АҚШ), Дж. Ситтиг (Нидерланды), А. В. Гличёв, Г. Г. Азгальдов (Ресей) және т. б. көптеген ғалымдардың сапаны бағалау мен оңтайландыруға арналған жұмыстары пайда болды.
Жаңа ғылыми бағыт қалыптасты, мұны «квалиметрия» деп атады. Бұл сөз латынша термин «gualitas» - «сапа» және «metro» - «өлшем» дегенді білдіреді. Демек, квалиметрия - сапаны сан жағынан бағалау әдістерін зерттейтін және жүзеге асыратын ғылым саласы болып қалыптасты.
Сондықтан, қазіргі кезде ғылыми техникалық прогрестің қарқынды дамуына, халықтар арасында экономикалық, техникалық жəне ғылыми қатынастардың дамуына байланысты халық шаруашылығының барлық салаларында сапа ұғымына көп көңіл бөлінуде. Əлемнің дамыған жəне дамушы елдерінде, халықаралық, аймақтық, ұлттық ұйымдар мен фирмаларда, түрлі кəсіпорындарда, өндіріс пен экономиканы бағалауда өнімнің сапасын басқару өте қажет. Ғылым мен техниканың алға басуына, өндірістің дамуына байланысты сапаны басқару өрісі күннен күнге кеңеюде.
- Квалиметрия. Негізгі шарттары
Квалиметрия латынша “qualitas” - сапа, қасиет, сипат, ал “quails” - қандай, сапасы қандай деген мағына жəне ежелгі грек “метрео” сөзі - өлшеу, өлшеу жүргізу дегенді білдіреді. “Метрео” түбірі жалпы халықаралық ғылым лексикасында қолданылады, ал “квали” түбірінің түрленіп айтылған түрі “качетво” - “сапа” дегенді білдіреді. Ағылшынша “quality” (“кволити”), испан тілінде “calidad” (“калидад”), француз тілінде “qualite” (“кваалита”), неміс тілінде “qualitat” (“квалитат”), голландия тілінде “kwaliteit” (“квалитайт”), яғни әлемнің көптеген тілдерінде айтылуы бойынша ұқсас болып келеді. Сонымен қатар, “Квалиметрия” термині “сапаны өлшеу”, “сапаны бағалау” сияқты мағына береді. Осыған байланысты, мысалы, ғалым, маман, яғни, квалиметриямен айналысушы - квалиметролог болып аталады. Кез келген пəнге сапа жағынан қарау, не болмаса кез келген пəннің сапасын бағалау - квалиметрлік жуықтау деп айтылады. Мысалы, сапа туралы ғылым квалиномия; осы пəнге байланысты сапаны бағалау жəне өлшеумен айналысу, өнімнің сапасының сандық бағалауы квалиметрия болып табылады.
“Квалиметрия” жалпы 1960 жылдың ортасына қарай қолданысқа енді. Кейін 1968 жылдан бастап профессор А. В. Гличевтың бастауымен сапаны бағалаудың ұқсастық əдісінің жалпы əдістемелік негізі қаланды жəне оның теориялық жалпылауының қажеттілігіне жол берілді.
Квалиметрия теориялық жəне қолданбалы болып бөлінеді. Теориялық квалиметрия - ол нақты объектіні абстрактілеу, принціптердің негізі, өңдеу, жіктеу, жалпы əдістер жəне арнайы мəселелердің сандық сапасын бағалау. Қолданбалы квалиметрияның негізгі тапсырмасы - заттың, өнімнің нақты түріне байланысты, сапаның сандық бағалауының əдістемесін жасау.
Квалиметрияның негізгі шарттары:
1. Кез келген өнім (өнім, процесс, жүйе, … т. б. ) жеке қасиеттерімен сипатталады, ол ГОСТ 15467-79 өнімнің жасалуы немесе қолданылуы кезінде объективтілік ерекшелігімен түсіндіріледі.
2. Сапа - өнімнің қолданылуына байланысты тиімділік өлшемін анықтайтын ең күрделі қасиеті болып табылады.
- Квалиметрия пəні
Квалиметрия - өнім сапасын сандық тұрғыда бағалау əдістерін зерттейтін жəне жүзеге асыратын ғылым саласы. Сапаны басқаруда жəне стандарттауда қабылданатын шешімдерді негіздеу үшін қолданылады. Квалиметрия кешенді жəне интегралдық сапа көрсеткіштерінің əдістерін талдап жасайды, өнімнің жекелеген сипаттарын бағаға сəйкестендіру мүмкіндігін береді.
Квалиметрия теория жүйесімен өзара байланысты, соның ішінде кез келген объектінің сапасын бағалау теориясының (құрылатын, қолданылатын, субъектіге əсер ететін жəне т. б. ) ғылым саласы. Сонымен қатар, ол сапаны бағалаудың сандық жəне сандық емес əдістерін қарастырады.
Квалиметрия сапаны бағалау əдістерін зерттейтін ғылым болғандықтан, ол сапаны бағалаудың критерийлері, оларды табу əдістерін, сапаны өлшеудің сандық əдістерін жəне сапа көрсеткіші бойынша əртүрлі объективті салыстырмалы варианттардың мүмкіндіктерін алуды қамтамасыз етеді.
Жүйелілігіне байланысты сапа туралы ғылымның келесідей салаларын атап өтуге болады:
• Сапаның өзгеруімен байланысты экономикалық мəселелерді зерттеу;
• Сапа мəселесінің əлеуметтік бағыттарын зерттеу;
• Жеке сападағы өнімді өндіру мен тұтынудың ақпараттық бағыттарын зерттеу;
• Сапаны сандық бағалау мен өлшеудің тəжірибелік əдістері мен теориялық негіздерін əзірлеу;
• Сапаны басқарумен байланысты мəселелер кешенін зерттеу.
Аталған салалардың ішінде сапаны сандық бағалау бүгінгі таңда маңыздылардың бірі болып есептеледі. Бұл зерттеулер сапамен байланысты басқа да мəселелерді шешуге мүмкіндік беретін қажетті инструмент болып табылады. Бұл бағалаулар сапаны басқару жүйесінің ажырамас бөлігі, себебі кез келген үдерісті басқару үшін оның параметрлерін өлшей білу керек. Сапаны сандық бағалаусыз сапаның ақпараттық бағыттарын зерттеу мүмкін емес. Ал, сапа өзгеруінің экономикалық мəселелерінің негізі сапаны сипаттаудың сандық əдістерінің қажеттігін анықтайды.
1. 2 Квалиметрияның негізгі міндеті жəне мақсаттары
Квалиметрияның міндеті - сапаны бағалаудың барлық əдістерін əзірлеу мен дамыту. Жоғарыда атап өткен кешенді бақылау əрқашан қажет бола бермейді. Кей жағдайда сапаның тек бір ғана қасиетінің дифференциалды бағасы да жеткілікті (мысалы, жақсы тауарды таңдау мақсатында екі үлгіні салыстыру барысында бір үлгінің барлық басқа қасиеттері екіншісінің қасиеттерімен сəйкес болуы мүмкін) .
Квалиметрияның негізгі мақсаттары:
1. Кез келген өнім (бұйым, қызмет, үрдіс жəне т. б. ) əртүрлі қасиеттермен сипатталады. МЕМСТ 15467-79 «Өнімнің сапасы. Терминдер». Бұл қасиеттер жай жəне күрделі болуы мүмкін.
2. Сапа бұл өнімнің тұтынушы үшін пайдалылығын анықтайтын күрделі қасиет немесе қасиеттер жиынтығы.
3. Сапа иерархиялық құрылымда ұсынылады. Жоғары орында сапа, ал төменгі деңгейде қарапайым қасиеттері болады.
4. Жеке қасиеттер белгілі бір өлшем бірлігімен өлшенеді немесе бағаланады. Соның нəтижесінде сапа көрсеткішінің абсолютті мəндері анықталады.
5. Сапаны сандық бағалау келесі қызметтердің жалпы алгоритмін көрсетеді:
• Сапа көрсеткішінің иерархиялық құрылымын тұрғызу;
• Сапа көрсеткішінің иерархиялық-абсолюттік мəнін анықтау,
• Сапа көрсеткішінің базалық мəнін анықтау;
• Сапа көрсеткішінің тепе-теңдік коэффициентін анықтау;
• Сапаны бағалаудың сандық кешенді мəнін анықтау.
6. Сапаның абсолюттік мағынасының көрсеткіші əрбір жай жəне күрделі қасиеттермен сипатталады жəне жеке мағынасын көрсетеді. Басқа өнімнің сəйкес (ұқсастық) көрсеткіші арнайы деңгейде қолданылады. Бұл жеке көрсеткіш, яғни абсолюттік мағына көрсеткіші базалық мағына көрсеткішінен қалыптасады жəне сапаны салыстырып бағалаудың негізін құрайды.
7. Абсолюттік жəне жеке сапа көрсеткіштерінің мағынасы əрбір жай жəне күрделі қасиеттермен, өзінің күрделілігімен, маңыздылығымен сипатталады.
8. Өнімнің сапа деңгейі сапаның мөлшерлік сипаттамасы. МЕМСТ 15467- 79 бойынша өнімнің сапасы жеке сипаттамаларымен анықталады.
9. Жалпы алгоритмдік сапа мөлшерін бағалау келесі түрде көрсетіледі:
• Иерархиялық орналасу құрылымы;
• Абсолюттік мағынасы;
• Сапаны бақылаудың кешендік мөлшері;
• Сапа көрсеткішінің базалық мағынасы.
10. Көрсеткіш коэффициентінің мəні сапаның кейбір функциясы ретінде сапа деңгейін көрсетеді.
Квалиметрия - өнім сапасын санды бағалау жəне өлшеу тəсілдері туралы ғылым. Квалиметрия бойынша өнім сапасын өлшеу келесілерде жатыр:
• əр өнім түріне нормативті құжаттарда жазылған өзінің арнайы сапа деңгейі есепке алынады;
• сапа эталоны таңдалынады;
• қол жеткен сапа эталонымен салыстырылады.
- Квалиметрияның құрылымы
1. Жалпы квалиметрия - жалпы теориялық мəселелерді қарастырады.
• Түсінік жүйесі (терминология) ;
• Бағалау теориясы (заңдар жəне əдістер) ;
• Квалиметрияның аксиоматикасы (аксиома жəне ережелер) ;
• Квалиметрияның шкалалау теориясы (ранжирлеу, салмақтылық жəне т. б. ) .
2. Арнайы квалиметрияда - бағаның алгоритмі мен моделі, бағалаудың дəлдігі мен нақтылығы қарастырылады.
• Эксперттік квалиметрия;
• Квалиметриялық таксономия.
Таксономия - күрделі иерархиялық құрылымды ұйымдастырылған нысандардың жүйелілігі жəне жіктелу теориясы (бағалау нысандарының, қасиеттер мен көрсеткіштердің жүйесі жəне жіктелуі т. б. )
• Ықтималдық статистикалық квалиметрия (математикалық статистика жəне ықтималдық теориясы негізінде бағалау əдістері) ;
• Индексті квалиметрия (сапаны бағалауда индекстер теориясын қолдану) .
3. Пəндік квалиметрия - пəні, яғни объектісі бойынша бағалау.
• Өнім жəне техника квалиметриясы;
• Еңбек жəне қызмет квалиметриясы;
• Шешім жəне жоба, жоспар квалиметриясы;
• Үрдістер квалиметриясы;
• Субъекті квалиметриясы;
• Сұраныс квалиметриясы;
• Ақпарат квалиметриясы;
• Қызмет көрсету квалиметриясы.
Соңғы жылдары квалиметрияның жаңа бағыттары қалыптасты: əлеуметтік, педагогикалық, логистикалық жəне т. б.
Жоғарыда атап өткендей, квалиметрия - өлшеу жəне бағалау. Егер метрологияда өлшеу бағалаудың жеке жағдайы ретінде қарастырылса, ал квалиметрияда олар бағынышты емес екі түрлі ұғымды сипаттайды. Квалиметриядағы сандық бағалау - қарастырылып отырған сапа көрсеткіштерінің эталон ретінде қабылданған сапа көрсеткіштеріне қатынасы болып табылады.
Квалиметрияда, əдетте, кешендік бағалаулар маңызды орынға ие, яғни қасиеттер жиынына кіреді, маңыздылығы мен квалиметрияның шекарасын кеңейтеді. Квалиметрия өзі айтып тұрғандай, əртүрлі əдіспен алынған барлық бағалаулар квалиметрияның аппараты болып табылады.
1. 4 Квалитология - сапа туралы ғылым
Сапа үлкен ғылым саласы. Ол үш ғылым саласымен байланысты болып келеді. Сондықтан сапаны зерттеуде олардың алатын орындары ерекше.
1. Квалитология - жалпы сапа туралы ғылым.
2. Квалметрия - сапаны бағалаудың сандық əдістерін қалыптастыратын жəне зерттейтін ғылым саласы.
3. Метрология - сапаны өлшеудің əдістерін қалыптастыратын жəне зерттейтін ғылым.
Квалиметрияның экономикалық, техника-экономикалық, жалпы ғылыми жəне жүйелік статустары бар.
1. Экономикалық статус - сапаның категориясы мазмұны тұтынушылық баға мен құнның политэкономикалық арақатынасына байланысты болып келеді. Квалиметрия обьектілер мен үрдістердің экономикалық қасиеттерін өлшеу теориясы секілді өзіне эконометрика əдістерін кірістіреді.
2. Техника-экономикалық статус - обьектілер мен үрдістердің экономикалық жəне техникалық қасиеттерінің кешенді бағалауына бағытталғанын белгілейді.
3. Жалпы ғылыми статус - сапа категориясының философиялық- əдістемелік жəне ғылыми функциясымен анықталады. Сондықтан пəндік квалиметрия (өнім, техника, еңбек, шешім, жоба, үрдіс жəне т. б) .
4. Жүйелік статус - жүйелік теориясы ретінде анықталады. Бұл сапа категориясының мынадай аспектілеріне байланысты:
• Құрылымдық;
• Динамикалық;
• Анықтылық;
• Реттілік
- Сапа - квалиметрияның негізгі нысаны ретінде
Сапа - əртүрлі, біртұтас факторларды анықтайтын синтетикалық көрсеткіш. Бұл ұғым қасиеттердің біртұтастығын бейнелейді жəне өнімнің сипаттамасын көрсетеді. Сапа сұраныстардың артуына жəне өндірістің ұлғаюына қанағаттанарлықтай мүмкіндіктері бар көп ғұмырлық кезеңдерден өтті.
Сапа белгілі бір материалдық жəне рухани қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік беретін пайдалы қасиеттердің жиынтығы. Беріктік, төзімділік, өнімділік, көркемдік, эстетикалық т. б. көрсеткіштермен сипатталады. Сапа өміршеңдік циклінің сатысына қарай бағаланады:
• Жобалау кезінде құрылғының (құралымның) сапасына сай бағаланады;
• Дайындау кезінде технологияның мүмкіндіктеріне сай келуі;
• Пайдалану кезінде атқарушылық сапасы бағаланады.
Сапа квалиметрияда өлшенеді жəне сандық бағаланады, квалиметрияның пайда болуының негізін құрайды. Сапа түсінігінің мағынасы Отандық экономиканың бірқатар мəселелерін шешумен жəне сапаны есепке алумен байланысты айқындалады. Бұл мəселелерге жататындар:
• Қоғамдық еңбектің өнімділігін өлшеу;
• Жаңа техника мен капитал салымдарының тиімділігін анықтау;
• Кəсіпорынның шаруашылық жəне өндірістік қызметтердің нəтижелерін бағалау;
• Баға белгілеудің теориясы мен практикасы.
Алғашқы кезде сапа затты немесе құбылысты сипаттайтын басымды қасиет ретінде қарастырылды. Осындай жағдайда заттың немесе құбылыстың басқа қасиеттері назарға алынбады. Бұл түсініктің ерте қалыптасқанына қарамастан, еңбек өнімін əзірлеудің бастапқы кезеңінде, қазір де мəселені жеделдету үшін, заттың немесе үрдістің бірқатар ерекшеліктерінің ішінен басты қасиетін ерекшелейді. Мысалы, бүгінде бетонның сапасы ретінде оның негізгі қасиетін, яғни беріктігін айтады, ал химиялық өнеркəсіптегі өндірілетін полистиралдың сапасы ретінде оның жабысқақтығы анықталады.
Кез келген заттың сапасын құрайтын қасиеттерінің саны көп екені белгілі. Сапаны анықтау үшін осы қасиеттердің ішінен жеке жəне қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруда маңызды зор қасиеттерді бөліп алу керек. Сондықтан да сапа түсінігі тұлғаның немесе қоғамның қандай да бір қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты.
Қазіргі таңда «сапа» термині мен ұғымының түсіндірілуінің үш бағыты анықталды:
1. сапаны басқа өнімнің негізгі қасиетімен шартты түрде ұқсастыру;
2. сапаны сызбаларға, техникалық шарттарға, стандарттарға сəйкестігі тұрғысынан қарастыру;
3. сапаны жеке құрамдастар кешені тарапынан қарастыру.
Сапа ұғымын түсіндірудің соңғы қадамдарында келесі көзқарастар тарапынан қарастыратынымыз:
• біріншіден, барлық қажеттіліктер көзқарасы бойынша, бұл қажеттіліктер осы сападағы өніммен қанағаттандырылады;
• екіншіден, шығындар көзқарасы бойынша, қоғам оны өндіру мен тұтынуға жұмсайды. Жүйеленген формада бұл көзқарастар мынадай пікірлерге айналады: «сапа тауардың бағасы мен тұтыну құнына негізделеді».
2. 1 Өнім сапасы
2007 жылдың 8-қарашасында еліміз “Дүниежүзілік сапа күнін” атап өтеді. Бұл күн өткен ғасырымыздың 80-жылдарында мынадай бірқатар халықаралық ұйымдардың ынтасымен тағайындалған: Еуропалық сапа бойынша ұйым, Жапондық ғалымдар мен инженерлер, Американдық сапаны басқару жөніндегі ұйым, Латын Американдық сапа бойынша ұйым.
Философиялық көзқарас жағынан түсіндірілетін сапа терминінің басқа да жиі естілетін анықтамалары:
• сапа - бұл тұтынушының тауар жəне қызмет көрсетулермен қанағаттандырылуы;
• сапа - бұл дүкенге тауарлардың емес, сатып алушылардың қайтып келуі;
• сапа - бұл өңдеу, бұйымдар пайдалану кезіндегі энергиялар мен материалдардың қолданылуының минимумы. Олардың адам денсаулығы, қызмет көрсету, қоршаған ортаға зиян келтірмеу.
• сапа - бұл алға басушы бастауыш прогресс.
Сапа - бұл өзіне меншікті мінездемелердің жиынтығының талабын орындайтын дəреже. Тауар берілген талаптарға сəйкес болуы керек. Тауарларға талаптар: перспективті, ағынды, жалпы жəне спецификті болып бөлінеді.
Ағынды талаптар - нормативті құжаттармен регламенттеледі жəне əрқашан нақтыланады.
Перспективтік талаптар - болжам бойынша анықталатын шикізаттың жаңа жəне материалдардың жаңа түрлерін пайдалану, өндірістің жаңа технологиялармен байланысты түрлері. Перспективтік талаптарды нормативтік құжаттар регламенттейді. Перспективтік талаптар уақыт өткен сайын ағындыға көшеді, ол ағынды талаптар деңгейінің көтерілуіне əкеліп соғады.
Жалпы талаптар - бұл талаптарға жалғыз немесе басым болуы негізінде көпшілік тауар түрлері жатады. Осы талаптарға: өзінің атына сəйкес ең толық тауарлар, маңызды функциялардың орындалуы, пайдалану ыңғайлылығы, зиянсыздығы, жөндеу мүмкіншілігі жəне басқа да талаптар жатады.
Спецификті талаптарға - артықшарттардың эксплуатациясымен анықталады. Талаптарды орындау кезінде сапа көрсеткіштеріне келесілер ескеріледі жəне тауар сапасының көрсеткіштері, техникалық параметрлік мінездемелер, технологиялық жəне параметрлік, əлеуметтік жəне функционалдық белгілеулер, қауіпсіздік, экологиялық, эргономикалық жəне эстетикалық жəне т. б.
2. 2 Сапаны қамтамасыз ету
1. Бақылау кезеңі;
2. Сапаны басқару кезеңі;
3. Сапаны үздіксіз жоғарылату кезеңі;
4. Сапаны жоспарлау.
Бақылау сатысында сапаны қамтамасыз етудің негізгі концепциясын былай жазуға болады: Тұтынушының қолына тек жарамды ғана өнімдер түсуі мүмкін. Бұл концепцияны іске асыру 20 ғ. 20 жылдары технологиялық өндірісте бақылаушының саны жалпы өндіріс жұмысшысының санының 40 пайызын құрайды. Бұл концепция бойынша сапаны арттыру əр жағдайда оны қамтамасыз етуге жұмсайтын шығынның не қаржылардың өсуіне апарып соғуы мүмкін. Яғни, өндірістің тиімділігін жоғарылату мен өнім сапасын арттыру бір-біріне қайшы келетін нысандары (мақсаттары) болып шықты.
Сапаны басқару кезеңі . 20 жылдары бақылаудың статистикалық əдістері дүниеге келді. Шухарттың бақылау карталары: егер бұған дейін сапаны арттыру жұмыстары жарамсыз өнімдерді тауып алып, оларды тұтынушыларға жібермеуге бағытталған болса, статистикалық əдістерде қолдан өңделетін жарамды өнімдердің шығу пайызын арттыруға мүмкіндік беретін болды. Бұл кезеңде сапаны қамтамасыз ету концепциясының негізін төмендегі құрылым құрайды:
1. Негізгі мақсат - тұтынушы тек жарамды статистикаға сəйкес жасалған өнімді алуы керек;
2. Өнімді бақылау сапаны қамтамасыз ету əдісі ретінде сақталады, бірақ барлық күшті өндіріс процесін басқаруға жұмсау керек, сонда жарамды өнімдердің шығу процесі қамтамасыз етіледі.
Сапаны үздіксіз жоғарылату кезеңі . Бұл кезеңнің негізгі идеясы: өнім сапасының негізі - еңбек сапасы барлық деңгейде жүргізілетін саланың менеджменті, ал тұтынушыға ақауды жібермеу концепциясын тек жарамды өнімдер шығуын жоғарылату концепциясының орнына «ноль ақаулар» қарастырылған.
Сапаны жоспарлау кезеңі. Бұл кезеңде алдыңғы үшінші кезеңнің тұтынушыларының сұранысын толық қанағаттандыру бағытында логикалық дамуы болып табылады. Бұл кезеңнің негізгі концепциялары:
1. Жобалау жұмысының сапасы жеткіліксіз болу салдарынан өнімнің сəйкессіздігінің едəуір бөлігі өнімді зерттеп дайындау сатысының қалыптасуына жұмсалады.
2. Өнімді жасау жұмысының акценті тəжірибелік үлгідегі сынаудан өнімнің қасиеттерін математикалық модельдерде өнімді дайындаудың технологиялық процесін модельдеуге аудару болып табылады. Бұл жерде конструкторлық технологияға сəйкессіздікті өндіру сатысы басталуынан бұрын анықтап жоюға қол жеткізілді.
3. «Нольдік ақаулар» концепциясының орнына тұтынушыларды қанағаттандыру концепциясы келді. Бұл кезеңде сапа өндіріс тиімділігі арасындағы қайшылықтың қазіргі замандағы формалары толық жойылатын болды. Осы кезеңде қайшылықтың жаңа формалары пайда болды. Жаңа кезеңнің дүниеге келуіне себеп болды.
- Сапа саласындағы саясат
Сапа саласындағы кəсіпорынның бағыты сапа саласындағы саясатта көрінеді. Сапа саласындағы саясат келесідегідей қызмет приціптері бойынша жасалады:
• Кəсіпорын жағдайының экономикалық жағынан жақсаруы нəтижесінен өнім сапасының жақсаруы жəне тұтынушылар сұраныстарының қанағаттандырылуы;
• Жаңа нарық сегменттерін табу немесе жоғары сапа есебінен өнімді өткізу көлемінің ұлғаюы;
• Бəсекелестерге қарағанда өнімнің жоғарғы техникалық деңгейіне қол жеткізу;
• Өткізу нарығында сұраныстарды анықтайтын өнімнің негізгі көрсеткіштерінің жақсаруы;
• Сапаны жоғарылату бойынша қызметке жұмысшылардың қатыстыру есебімен ақаулық деңгейді төмендету.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz