Аквариум балықтары. Аквариум өсімдіктері



І КІРІСПЕ...
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І.ТАРАУ. АКВАРИУМ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ҚАЛЫПТАСТЫРУ ... ... ... ... ...
1.1 Аквариум туралы жалпы түсінік. Аквариумды қолданудың
маңыздылығы.
1.2 Әлемдегі алып аквариумдар.
1.3 Аквариумистика туралы түсінік. Аквариумның түрлері, жасалу
жолдары және күтімі.

ІІ.ТАРАУ. АКВАРИУМ БАЛЫҚТАРЫ МЕН АКВАРИУМ ӨСІМДІКТЕРІ ... ... ... ... ..
2.1 Аквариум балықтары мен онда мекендейтін басқа да тіршілік
иелерінің кең тараған түрлері және олар туралы бейнесюжет ... ... ...
2.2 Аквариум өсімдіктері туралы жалпы түсінік және олардың
түрлері және олар туралы бейнесюжет..
2.3 Балаларды аквариум балықтарымен таныстыруға арналған
сабақтың әдістемелік үлгісі ... ...

ІІ ҚОРЫТЫНДЫ...

ІІІ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ...
Балықтарды өсіру туралы алғашқы деректер Египет және Ассириямен байланысты. Египетте бірнеше мыңдаған жылдар бұрын африкандық тиляпияларды өсіре бастаған. Біздің заманымызға дейін IX ғасырда Вавилонның сәулетшілері Семирамиданың ілінбелі бақтарында балықтары бар ашық сәндік тоғандарды жасай бастаған. Сәндік (декоративтік) балықтарды өсіру арқылы нағыз ғылыми негіздегі аквариумистика Тан династиясының басқару уақытында Қытайда пайда болды (618-907 жж.). Буддалық монастырьларда ең алғаш рет алтын балықтар өсірілді. 1841 ж. аквариум (ағылш. aquarium) пайда болды. Ағылшын ғалымы Н.Вард (Nathaniel Bagshaw Ward) (1791—1868) 1829 жылы шыны ыдыста өсімдіктерді өсіріп, кейін алтын балық пен валлиснерия өсімдігін бірінші рет бірге отырғызады. Осылайша Вард қазіргі кезде қолданылатын аквариумның негізін қалаушы болып саналады.
Аквариум (лат. aquarium – суқойма) - су жануарлары мен өсімдіктерін өсіруге және зерттеуге арналған шыны ыдыс. Оның кейбір түрлерін дельфинарий, океанариум деп те атайды. Олардың пішіні мен құрылысы әр-түрлі болып келеді. Аквариумдер балықтардың табиғи жағдайына сәйкес жабдықталады. Онда өсімдіктер де өсіріледі.
Сондай-ақ аквариумде биологиялық тепе-теңдік сақталады, тура табиғаттағыдай зат айналу процесі жүріп тұрады.
Курстық жұмыстың өзектілігі мынада, аквариумды экологиялық жүйенің қарапайым моделі деп қарап, ондағы топырақ пен судың құрамының өзгеруіне, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіне бақылау жасап, ғылыми тұрғыда баға беруге болады.
Курстық жұмыстың мақсаты – аквариум балықтары мен аквариум өсімдіктерімен таныстыра отырып, балаларды этетикалық тәрбиелеудің әдістемесін зерделеу.
1. «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қазандағы N 3300 Заңы.
2. «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi N 160 Заңы,
3. Қазақстанның жануарларға арналған 1996 жылғы Қызыл кітабы
4. Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том
5. Дәрібаев Ж. Е. Экология/Ж. Е. Дәрібаев, Ә. Б. Баешов, С. С. Сермаңызов. - 2005
6. Аквариумдық балықтарды күтуге және өсіруге арналған әдістемелік нұсқау. – Алматы, 2011. – 50 б
7. Ә.Бейсенова, А.Самақова, Т.Есполов Экология және табиғатты тиімді пайдалану: оқулық. – Алматы: Ғылым, 2004 – 328 б.
8. Қайым Қабділрашид. Биология. Анықтамалық көмекші құрал. –Алматы. «Ол – Жас баспасы» ЖШС. 2006 ж. 104 бет.
9. Оспанова Г. Экологи: оқулық. –Алматы Экономика, 2002. – 408 б.
10. Бейсенова Ә.С., Ж.Б.Шілдебаева, Г.З.Сауытбаева. –Алматы: Ғылым, 2001. – 238 б.
11. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері: оқулық. – Алматы: Зият, 2003. – 212 б.
12. Шілдебаева Ж. Қызықты экология: оқу құралы. –Алматы: Ы.Алтынсарин, 2000. – 172 б

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қарағанды Болашақ маңызды білім беру колледжі

Жеке пәндер әдістемесі пәнінен

Курстық жұмыс
Курстық жұмыс

Тақырыбы: Аквариум балықтары. Аквариум өсімдіктері

Орындаған:

Тексерген:

Қарағанды - 2017ж
ЖОспар

І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІ Негізгі бөлім
І-Тарау. Аквариум туралы жалпы түсінік қалыптастыру ... ... ... ... ...
1.1 Аквариум туралы жалпы түсінік. Аквариумды қолданудың
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Әлемдегі алып аквариумдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Аквариумистика туралы түсінік. Аквариумның түрлері, жасалу
жолдары және күтімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ-Тарау. Аквариум балықтары мен аквариум өсімдіктері ... ... ... ... ..
2.1 Аквариум балықтары мен онда мекендейтін басқа да тіршілік
иелерінің кең тараған түрлері және олар туралы бейнесюжет ... ... ...
2.2 Аквариум өсімдіктері туралы жалпы түсінік және олардың
түрлері және олар туралы бейнесюжет ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Балаларды аквариум балықтарымен таныстыруға арналған
сабақтың әдістемелік үлгісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІІ Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .
3
5
5
7
12
16
16
23
25
30
31

Кіріспе

Балықтарды өсіру туралы алғашқы деректер Египет және Ассириямен байланысты. Египетте бірнеше мыңдаған жылдар бұрын африкандық тиляпияларды өсіре бастаған. Біздің заманымызға дейін IX ғасырда Вавилонның сәулетшілері Семирамиданың ілінбелі бақтарында балықтары бар ашық сәндік тоғандарды жасай бастаған. Сәндік (декоративтік) балықтарды өсіру арқылы нағыз ғылыми негіздегі аквариумистика Тан династиясының басқару уақытында Қытайда пайда болды (618-907 жж.). Буддалық монастырьларда ең алғаш рет алтын балықтар өсірілді. 1841 ж. аквариум (ағылш. aquarium) пайда болды. Ағылшын ғалымы Н.Вард (Nathaniel Bagshaw Ward) (1791 -- 1868) 1829 жылы шыны ыдыста өсімдіктерді өсіріп, кейін алтын балық пен валлиснерия өсімдігін бірінші рет бірге отырғызады. Осылайша Вард қазіргі кезде қолданылатын аквариумның негізін қалаушы болып саналады.
Аквариум (лат. aquarium - суқойма) - су жануарлары мен өсімдіктерін өсіруге және зерттеуге арналған шыны ыдыс. Оның кейбір түрлерін дельфинарий, океанариум деп те атайды. Олардың пішіні мен құрылысы әр-түрлі болып келеді. Аквариумдер балықтардың табиғи жағдайына сәйкес жабдықталады. Онда өсімдіктер де өсіріледі.
Сондай-ақ аквариумде биологиялық тепе-теңдік сақталады, тура табиғаттағыдай зат айналу процесі жүріп тұрады.
Курстық жұмыстың өзектілігі мынада, аквариумды экологиялық жүйенің қарапайым моделі деп қарап, ондағы топырақ пен судың құрамының өзгеруіне, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіне бақылау жасап, ғылыми тұрғыда баға беруге болады.
Курстық жұмыстың мақсаты - аквариум балықтары мен аквариум өсімдіктерімен таныстыра отырып, балаларды этетикалық тәрбиелеудің әдістемесін зерделеу.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер қойылған:
oo Аквариум туралы жалпы түсінік беру;
oo Аквариумды қолданудың мазмұны мен маңыздылығына тоқталу;
oo Аквариум жасау әдісі мен күтімін қарастыру;
oo Әлемдегі алып аквариумдар мен жалпы аквариумның түрлерін қарастыру;
oo Аквариум балықтары мен олардың ең кең тараған түрлеріне тоқталу;
oo Аквариумды мекендейтін басқа да тіршілік иелеріне тоқталу;
oo Аквариум өсімдіктері туралы жалпы түсінік беру және олардың түрлерін қарастыру;

жылы жаққа қоныс аударған.
Зерттеу пәні - аквариуммен таныстыру әдістемесі.
Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі: аквариум балықтары мен өсімдіктері және аквариумды пайдалану жағдайы.
Курстық жұмыстың әдіснамалық негіздері ретінде Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қазандағы N 3300 Заңы, Қоршаған ортаны қорғау туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi N 160 Заңы, Қазақстанның жануарларға арналған 1996 жылғы Қызыл кітабы, Қ.Ә.Әлімбетовтың Табиғатты пайдалану және оны қорғау, А. Ф. Ковшарь. Қазақстан Қызыл кітабы беттерінен. Омыртқалы жануарлар, Дәрібаев Ж. Е. Экология негіздері сияқты еңбектер қолданылды.
Жұмыстың теориялық мәні. Аквариум туралы түсінік қалыптастыра отырып, аквариум балықтары мен аквариум өсімдіктері бойынша біліміңді толықтырасың.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы аквариумды жасау әдістерімен танысуға көмектеседі және аквариум өсімдіктері мен аквариум балықтарын ажыратуға көмектеседі.

І-Тарау. Аквариум туралы жалпы түсінік қалыптастыру

0.1 Аквариум туралы жалпы түсінік. Аквариумды қолданудың маңыздылығы

Аквариум (лат. aquarium - суқойма) - су жануарлары мен өсімдіктерін өсіруге және зерттеуге арналған шыны ыдыс. Оның кейбір түрлерін дельфинарий, океанариум деп те атайды. Олардың пішіні мен құрылысы әр-түрлі болып келеді. Аквариумдер балықтардың табиғи жағдайына сәйкес жабдықталады. Онда өсімдіктер де өсіріледі.
Әдетте арнаулы құралмен аквариумге ауа да жіберіледі. Суы мезгіл-мезгіл ауыстырылып тұрады. Аквариумде ғылыми-зерттеу жұмыстары да жүргізіледі. Мысалы, гамбузия балығын жерсіндіру аквариумде зерттелді, соның нәтижесінде Оңтүстік Қазақстанның кейбір аудандарында гамбузия өсірілетін болды.
Аквариумде балық аурулары да зерттеледі. Мектепте көрнекті құрал ретінде аквариумның лабораториялық және сәндік түрлері қолданылады. Ғылымда аквариумды экологиялық жүйенің қарапайым моделі деп қарап, ондағы топырақ пен судың құрамының өзгеруіне, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіне бақылау жасап, ғылыми тұрғыда баға беруге болады.
Сондай-ақ аквариумде биологиялық тепе-теңдік сақталады, тура табиғаттағыдай зат айналу процесі жүріп тұрады.
Балықтарды б. э. дейінгі ІХ ғасырларда Египетте балықты жасанды су айдындарын құрып, ашық декоративтік су қоймаларында ұстай бастаған.
Оған қоса, біршама уақыт бұрын жаңа сәндік түрлерін мақсатты түрде алу үшін балық өсіре бастады.
Экологияда биогеоценоз ұғымымен бірге экожүйе ұғымы қолданылады. Экожүйе ұғымын ағылшын ботанигі А.Д.Тенсли ұсынды. А.Д.Тенсли экожүйе құрамына организмдер де, абиотикалық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғаттың негізгі функциялық бірлігі деп есептеп, оның әр бөлігінің екіншісіне әсер ететініне назар аударды. Әдетте экожүйе және биогеоценоз ұғымдарын синоним ретінде қарастырады. Алайда бұл бір-біріне дәл сәйкес келмейді. Экожүйеде әртүрлі дәрежедегі зат алмасу процесі жүретін жүйе болса, биогеоценоз - белгілі бір өсімдіктер жамылғысы (фитоценоз) алып жатқан территориялық ұғым. Экожүйе - мөлшері әртүрлі табиғи (мұхит, тундра, орман, құмырсқа илеуі және т.б.) және жасанды (аквариум, ферма территориясы, қала) кешендерге қатысты қолданылатын кең ұғым. Экожүйе, экологияның ең негізгі обьектісі - тірі организмдер жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі.
Биогеоценоз шекарасы көбіне түрлік құрылысы мен құрамы біртекті өсімдіктер жамылғысы қауымдастықтарымен анықталады. Биогеоценоз экожүйенің бір варианты болып табылады. Алайда экожүйе мен биогеоценоз арасында айтарлықтай айырмашылық болмағанмен, соңғы кезде экожүйе ұғымы кең қолданылады. Экожүйе - зат айналымы жүре алатын организмдер мен бейорганикалық компоненттер жиынтығы. Экожүйелер арасында биогеоценоздар арасындағы сияқты анық шекара жоқ, бір экожүйе біртіндеп екінші экожүйеге ауысады. Үлкен экожүйелер кіші экожүйелерден құралады. Мысалы, құмырсқа илеуі, томар, жануарлардың салған іні ішіндегі тіршілік ететін организмдерімен (микрожүйе) бірге орман экожүйелерінің (мезоэкожүйе) құрамына кіреді. Орман экожүйелері басқа экожүйелермен (шалғындық, су айдыны, егістік) бірге табиғи аймақ, физико-географиялық аудан сияқты (макроэкожүйе) одан да үлкен экожүйелер құрамына енеді. Жер бетіндегі барлық экожүйелер атмосфера және Әлемдік мұхит арқылы байланысып - биосфераны түзеді. Экожүйелердің құрамы көптеген факторларға, бірінші кезекте климатқа, геологиялық жағдайларға және адам әсеріне байланысты. Егер негізгі ролді автотрофты организмдер - продуценттер атқарса жүйені автотрофты деп атайды. Егер экожүйеде продуценттер болмаса немесе олардың ролі мардымсыз болса (мысалы, мұхит тереңдіктері, биік тау мұздықтары) мұндай жүйелерді гетеретрофты деп атайды. Экожүйелер табиғи немесе антропогенді болуы мүмкін, мысалы, ауыл шаруашылық, қала, өнеркәсіптік экожүйелер. Жер бетіндегі маңызды экожүйелер болып: тайга, тундра және полярлық белдеулер, мүхиттар, жағалаулар, батпақтар, мангралық тоғайлар, қоңыржай аймақтағы далалар мен ормандар, саванналар, таулар, аралдар және т.б. болып табылады. Экожүйенің бірнеше түрлерін ажыратады: - микроэкожүйе (мысалы, шіріп жатқан ағаш діңі); - мезоэкожүйе (орман, көл, батпақ); - макроэкожуйе (континент, мұхит); - ғаламдық экожүйе.
Өсімдіктер жер бетінде өмір сүрудің, даму мен көркеюдің бірегей көзі болып есептеледі, үйткені олардың фотосинтезді жұзеге асыратан қасиеті бар. Фотосинтез жер бетінің барлық жерінде жүріп жататындықтан олардың жиынтық эффекті орасан зор.
а) өсімдіктер биосферадағы органикалық өнім нәтижесі (өндрушілер) бола тұрып , барлық басқа организмдердің өмір сүруін қамтамасыз етеді, трофикалық пирамиданың негізі болып есептеледі.
Олар құнды тамақ өнімдерінің көзі, өндіріс пен құрылыстың шикізатыболып есептеледі.
б) атмосферада ауа газ құрамының қалыптасуы да өсімдіктерге тікелей байланысты болады.
2. Өсімдіктер топырақтың құнарлылығың қамтамасыз етеуші маңызды болігі болып есептелетін шіріндінің қалыптасуына қатысады. Өсімдіктер топрақтың құнарлылығына әсер ететінминеральдық түздардың топырақта тұрақты сақталуында қамтамасыз етіп тұрады.
3. Өсімдіктер өзімен жақын өзара қатнастаболатын климатқа, суға, жануарлар дүниесіне де үлкен ісер етіп тұрады.
4. Биоқұндылық (биоценоз), экосистема, олардың морфологиялық және функциялық құрылымы, олардың компоненттерінің биоқұндылық іс әрекет көпшілігінде өсімдіктер сипатына тәуелді.
5. Адам өмірінде де өсімдіктер оте маңызды:
а) ең алдымен өсімдіктер адамның өмір сүру ортасы.
б) жабайы өсетін флора ауылшаруашылығындағы мәдени өсімдіктердің жаңа сорттарын шығарудағы селекциялық жұмыстарда пайдаланатын бағасы зор генетикалық фонд. Бүгінгі кезде әлемдегі тамақтық заттардың ұқ пайызын құрайтын өсімдікретдің көбі жабайы өсімдікретді мәдени өсімдіктерге айналдыру рақылы алынған.
в) жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктер адамға қажетті витаминдердің көзі болып есептеледі. Бүгінгі дүниежүзілік нарықта дәрілік өсімдіктердің мыннан аса түрі айналымда жүр. Олардың ішінде женьшень тамыры, элеутерокок, май меруертгүлі, көктемгі горицвет, тағы басқаралары.

1.2 Әлемдегі алып аквариумдар

Жүздеген литр сыйымдылығы бар теңіз байлықтарына толы аквариумдарды аралау жанға қуаныш пен рухани демалыс сыйлайтыны анық. Әлемнің ең алып аквариумдарына көз жүгіртейік.

Мәскеуде орналасқан аквариумда салмағы 20 тоннаны құрайтын коралл рифтері бар. Олар Бали аралында арнайы фермада өсірілген. Аквариумды мекен ететін балықтар Малави, Танганьика көлдері мен тропикалық теңіздерден әкелінген. Океанариумда акулалар бар. Аптасына екі рет көпшілік назарына арнайы қойылым ұсынылады.

Еуропа құрлығындағы ең үлкен аквариум. Жетпіс мың су сыятын аквариум ұзындығы 12 метр, биіктігі 4 метр, ені 2 метрге жетеді. Аквариумды орнату мен безендіру үшін бірнеше ай уақыт кеткен. Үлкен Барьер рифінен әкелінген 1200 тропикалық балықтар өмір сүреді. Аквариум Америка Құрама Штаттарынан арнайы әкелінген.

Берлин. Radisson SAS қонақүйіндегі Аква.м аквариумы.
Аквариум сыйымдылығы 900 мың литр. Әлемдегі ең үлкен цилиндрлі аквариум. Биіктігі 25 метр, диаметрі 11 метрге жетеді. Алып аквариум құрылысына 13 млн.еуро жұмсалған. Аквариумда 56 түрлі 2600 балық өмір сүреді. Оларды жақыннан бақылауға болады. Аквариумның қақ ортасында лифт орнатылған. Жоғары жағында үлкен алаң орналасқан. Алаңға көтерілген бойда мейрамханаға не бөлмелерге баруға болады. Аквариумды кейбір қонақүй бөлмелерінің балконы мен терезелерінен бақылауға болады. Күнделікті екі дайвер аквариумды тазартып тұрады.

Литва. AB Baltic Aquarium сауда орталығындағы аквариум.
Шығыс Еуропадағы ең үлкен аквариум. Балтық елдеріндегі ең ірі жобалардың бірі. Көлемі 163 мың литрді құрайды. Биіктігі сауда орталығының екі қабатындай. Ені 3 метр, салмағы 49 тоннаға жетеді. Аквариум сауда орталығының бірінші қабатында, эскалатор маңында орналасқан. Алып аквариум ішінде 2 ақ және 4 қара риф акулалары бар. Сондай-ақ, 800 тропикалық балықтар өмір сүреді.

Лас-Вегас. Мандалай Бэй қонақүйі.
Қонақүй ішіндегі аквариум биіктігі 3 метрге жетеді. Аквариумда Комо. аралынан әкелінген қолтырауындар, кесірткелер, акулалар өмір сүреді. Сондай-ақ, қонақүй ішінде бірнеше шағын аквариумды кешендер орналасқан. Аквариумдар өзара түннел арқылы байланысады.

Тропикалық орман кафелер желісі
Бұл кафеде тағамдар мен сусындардан дәм татып қана қоймай, құстардың сайрағанын тыңдап, теңіз байлығын бақылауыңызға болады. Кафеге кіргенде аркалы аквариумды байқауға болады. Ал кафе ішінде шағын аквариумдар орналасқан. Қабырғалары джунглидің өсімдіктеріне толы, ал бұтақтарында тотықұстар мен питондар болады.

Прага. Бутовица Галереясы мультикешеніндегі аквариум
Литва аквариумынынан кейінгі Шығыс Еуропадағы көлемі бойынша екінші орында. Бұл кешенде екі аквариум бар. Екеуінің де көлемі 75 мың литр, ал салмағы 108 тоннаға дейін жетеді. Тропикалық теңіздер мен Үнді және Тынық мұхиттарынан әкелінген балықтың 60 түрі мекен етеді.

Лас-Вегас. Силвертон ойынханасындағы аквариум
Лас-Вегастың әр тұрғыны бұл ойынхананы жақсы біледі. Құмаройындарды ойнамаса да, олар аквариумдағы теңіз байлықтарын бақылау үшін келеді. Алып аквариум көлемі 430 мың литр. Балықтармен қатар, бұл жерді алты акула мен бес түрлі скатты кездестіруге болады. Күніне үш рет аквариумды дайверлер тазартып тұрады.

Флорида. Gulfstream Racetrack ойынханасындағы аквариум
Штаттағы ең үлкен болып саналатын аквариум көлемі 52 мың литр. Аквариум құрылысына акрил құрылғылары мен бірнеше декорациялар қолданылған. Сондай-ақ, аквариум ішіне үй құрылысына пайдаланатын жеңіл баспалдақтар орналастырылған.

Калифорния. Жер үй ішіндегі аквариум
Штаттың ең қалталы тұрғындарының бірі өз үйіне алып аквариумды орналастыруды жөн санайды. Үй ішіндегі бар мен бассейн арасына ол аквариум қойған. Аквариум арқылы екі жақты бақылауға болады.

2013 жылы "Аквариум Сервис" компаниясы "Mega-2" СОО аумағында 2 теңіз аквариумын жобалауға және салуға қатысты халықаралық тендерді ұтып алды.
Екі аквариум жасалды:
:: Жеке тапсырыс бойынша эллипс түріндегі акрил пішінінде;
:: Өлшемі 6х2 метр және биіктігі 2,1 метр;
:: Көлемі әрқайсысы 20 000 литр;
:: Темір-бетон подиум үстіне құрастырылған.
Бұл жоба бірнеше өлшем бойынша бірегей болып саналады:
:: Осы күнге дейін ТМД-дағы үлкен аквариумдардың барлық жобалары акрилден жасалған маңдай шынысы бар тб тостаған түрінде жасалатын. "Mega-2" СОО-дағы аквариумдар акрилге ұқсас түбі бар тұтас акрилді ыдыс болып табылады. Осының арқасында келушілер аквариумды айналып жүріп, теңіз мекендеушілерін тамашалаған кезде, олар 3D-дан көргендей әсерде болады.

2011 жылы Қазақстандық инвестициялық компаниядан Ақтау қаласындағы салынып жатқан қонақүй кешенінде орналасқан екі аквариумді іске қосу жобасын жүзеге асыру ұсынысы келіп түсті.
Жұмыс жүргізу барысында жоба толықтай өңделді, ал аквариумдердің көлемдері инвесторлардың өтініші бойынша анағұрлым ұлғайтылды.
Жабдықтар орнатылып, көлемі 140 000 литрді құрайтын тұщы сулы аквариум толықтай қолданысқа берілді, бекіре тұқымдас балықтар жіберілді.
Қазіргі кезде Caspian Riviera Grand Palace отелінде көлемі 890 000 литрді құрайтын түрлік аквариумді іске қосуға қатысты жұмыстар жүргізілуде.
Жобаны жүзеге асыруда құрылыстың және көпшілікке арналған аквариумдерді жабдықтаудың озық технологиялары қолданылған.
Жоба тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл бұрыңғы кеңес одағы кеңістігі үшін де бірегей болып табылады.
1.3 Аквариумистика туралы түсінік. Аквариумның түрлері, жасалу жолдары және күтімі

Аквариумистика (Аква - су; Риу - қала, орын, сыйымдылық; Мистика - құпия) - ежелден кең таралған қызығушылық. Аквариумистиканың бірнеше бағыттары бар: бір аквариумистер балық өсіреді, кейбіреулері рептилиялар, омыртқасыз жануарларды және коралдарды өсіргенді ұнатады, үшіншілері аквариумдық саябақтарды өсіреді, мұнда балық пен басқа жануарлар болмайды, тек өсімдіктер ғана отырғызылады.
Үй аквариумы ішкі дүниеміздің қайталанбас үйлесімділігін қалыптастырып, үйге тыныштық пен жылылықты әкеледі. Психологтардың айтуынша, аквариумдық балықтар стресті түсіріп, адамның жалпы психикалық жағдайына оң әсер етеді. Әдемі безендірілген аквариумның алдында жарты сағат отырса, ішкі толқыныстар, жүйке қозулары, агрессия басылады.
Аквариум күйзелістерді кетіріп қана қоймай, жағымды эмоциялардың негізі бола алады, сонымен қатар жұмысқа қажетті жайлы атмосфераны тудырады. Балалар психологтары белсенді, шулы немесе қорқақ баланың бөлмесіне балығы бар аквариумды қойғанды жөн көреді.
Қазіргі аквариумистер өзінің сүйікті ісінде балықтардың тіршілігі мен көбею жағдайларын зерттей отырып үлкен жетістіктерге жете алды.
Аквариумдық балықтарды қызығушылықпен өсіретін аквариумистер арасында түрлі маман иелері бар, олардың әрқайсысы ғылыми аквариумистиканың дамуына өз үлестерін қосты. Олар балықтарды қоректендіру мәселесіне байланысты қоректің жаңа түрлерін ойлап табуға қатысуда, балықтардың ауруларын және олармен күресу шараларын ұсынуда, жаңа түрлерді алуда генетикалық көптеген қызықты зерттеулер жүргізуде. Бұл білімдер тек аквариумдық және кәсіптік балық өсіруде қолданып қоймай, биофизикалық және эмбриологиялық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беріп, ветеринария мен медицинада қолданылады.
Аквариумистер өз зерттеулерінің арқасында сирек және жойылып кету қаупі бар балықтарды құтқарудың Халықаралық бағдарламасына үлкен үлес қосуда.
Океанариумдар мен ірі аквариумдарда генетикалық материалды сақтап қалу мәселесі бойынша үлкен жұмыстар атқарылды.
Сондықтан, аквариумдық жағдайда балықтарды жасанды өсіріп көбейту, осы түрлердің табиғи популяцияларының санын сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Аквариум әзірлеу және оған қажетті жабдықтар.
Балықтарды дұрыс өсіру - аквариумды орналастыруға тікелей байланысты. Терезеге қарама қарсы немесе терезеге көлденең орналастырған аквариумбөлмеге де сән беріп тұрады. Балықтардың көпшілігі көлеңкені ұнатады, оның үстіне әсіресе жазда, жарық пен жылудың жиі алмасуынан ыдыс қабырғасына балдыр өсіп, көгеріп кететіндіктен (бұл балыққа зиянды) аквариумды терезе алдына және терезеге өте жақын орналастыруға болмайды. Сондай-ақ аквариумды бір жерден екінші жерге жиі-жиі ауыстыру да дұрыс.
Сәндік аквариумды адам отырғанда немесе түрелеліп тұрғанда көз қиығына деңгейлес келетіндей етіп, үстелге немесе аласа шкаф үстіне орналастыру керек.
Аквариумды аса қараңғы жерге қоюға болмайды, егер жарык аз түсіп немесе күңгірт жерде орналасса, тәулік бойы электр шамын пайдалануға тура келеді. Аквариум мөлшері неғұрлым үлкен болса, балықтарды күту соғұрлым оңай.
Грунт. Өсімдіктерді су түбіне орнықтыру үшін аквариум түбіне төселетін зат грунт деп аталады. Грунт бөгде заттардан таза және арасынан ауа жақсы өте алатындай күйде болғаны жөн. Аквариумге төсеуге ең қолайлы грунт -- құм, оған әсіресе түйіршіктерініц мөлшері 2 -- 4 миллиметрлік өзен құмы пайдаланылады.
Аквариумге төселетін езен қүмын ең алдымен тазартып, сумен жуу керек. Өзеннен алынган құмды легенге салып, таяқпен араластыра отырып су құйса, түйіршігі ірілеу тастар құм бетіне, ал қиқым-қоқыстатар су бетіне шығады. Ірі тас қиыршықтарын іріктеп, қикымдап қоқыстарды сумен шайып төгеді. Құм мүлде тазарғанша суды 20 -- 40 рет алмастыруға тура келеді. Грунтты таза деп есептеу үшін жаңа қүйылған су мөп-мөлдір болуы тиіс.
Аквариумға грунт дайындау -- онда өсірілетін балыққа тікелей тәуелді жайт. Қышқыл, жұмсақ суда өсірілетін балықтар аквариумға жіберілсе, онда құмға жылытылған 30 -- 40 проценттік тұз қышқылын қосып, газ бөлінуі тоқтағанша шаймалайды. Газ белінуі тоқтаған кезде құмдағы тұз қышқылын басқа ыдысқа құйып алып, құмды сумен шаймалап тазартады.
Тұз қышқылы құмдағы кальций және магнийді ерітіп, сумен шаймалағанда еріген ерітінді қоса төгіледі. Сөйтіп құмда кальций және магний тұздары болмағандықтан, аквариумға толтырылган су жұмсақ қалпын сақтайды.
Егер аквариумға жіберілетін балықтар кермек суды ұнататын болса, онда грунтқа -- өзен кұмына мәрмер немесе әк кесектерін араластыру керек. Сонда мәрмер немесе әк қүрамындағы кальций аквариум суына еріп, судың кермектігін арттырады.

Сызба 1. Аквариумге қажетті құралдар

Тамақтандыру: NH3 NO2. NO3, H2O, 6. Жарықтандыру
7. У.брения 8. O2 9. CO2

Аквариум күтімі барынша оңай жұмыс. Дегенмен, балықтар қорабының күтімі де белгілі бір қағидаларға сүйенеді екен. Аквариумды күн сайын ұқыпты түрде күту керек. Балықтардың хал-ахуалы, аквариумдағы өсімдіктердің жағдайы, жалпы тазалық шаршаған кезде аквариумнан күш-қуат алып сергуіңізге мүмкіндік береді. Күн сайынғы, кезеңдік, мерзімдік күтім жасалған жағдайда аквариум да сізге қызмет қыла бермек.
Ең жауапты жұмыс - аквариумды іске қосу. Алдымен аквариумға су құямыз. Сосын түбін себеміз. Сеуіп болдық, енді құралдарын орналастырамыз (әлі іске қоспай тоқтай тұрыңыз). Енді аквариум өсімдіктерін отырғызуға болады. Саусағымызбен үңгір қазып алып, оған өсімдіктің тамырын бекітеміз. Топырақпен нығыздаймыз. Тастар мен өсімдіктерді орнатып болған соң, қабығын жапқанда судың үстіңгі беті көрініп тұрмайтындай етіп, су құямыз.
Балықтарға ыңғайлы мекен қалыптасу үшін, аквариумға балықтарды әлі жібермей қоя тұрамыз. Кем дегенде 2-3 күн күтіп, ыңғайлы кезде балықтарды аквариумға саламыз. Бұл тіпті оңай. Үйге балықтарды қай суға салып әкелсеңіз, сол суымен қоса құясыз.
Күн сайынғы күтім Күн сайын аквариумға назар салып, жарық бергіш, жылытқыш құралдардың жұмысын қадағалап отыру қажет. Тамақтандыру алдында балықтардың жағдайын көріп алу қажет. Сау балықтар теңселмей, бірқалыпты жүзеді, денесінде ешбір дақ болмайды. Тамақты таңертең және кешке берген дұрыс. Ауқат балықтар 20 минут ішінде жеп болатындай көлемде болуы керек.
Кезеңдік күтім Аквариумдағы өсімдіктерді күтіп, суды ауыстырып отыру кезеңдік күтімге жатады. Аквариумның әйнегін көтеріп, құралдарды сөндіреді, қораптың түбін тазалайды. Сосын су құяды.
Мерзімдік күтім көктем мен күзде жасалады. Көктемде жарық бергіш құрал мен жылытқыш құралдың күшін төмендетеді, құралдарды жуып-тазалап, ескі өсімдіктерді жояды. Ал күзде аквариумды қысқы режимге ауыстырады. Яки жарық бергіш құрал мен жылытқыш құралдардың жұмысын күшейтеді.

ІІ-Тарау. Аквариум балықтары мен аквариум өсімдіктері

2.1 Аквариум балықтары мен онда мекендейтін басқа да тіршілік иелерінің кең тараған түрлері және олар туралы бейнесюжет

Балық - хордалылар типінің жақтылар тобына жататын омыртқалы су жануарлары. 20 мыңнан астам түрі белгілі, олардың 97 - 98%-ы сүйекті балықтарға жатады, қалғандары шеміршекті балықтар. Қазақстанда жүз сексендей түрі мен түр тармақтары кездеседі. Балық (Pіsces) девон кезеңінен белгілі. Қазіргі көптеген түрлері бес жүз мың жылдан бері өзгерместен тіршілік етіп келеді. Балықтың мекен ету аумағы биік тау су қоймаларынан мұхиттың терең су түбіне дейінгі ауқымды қамтиды. Олар - 2°С-тан (арктикалық суда) 50°С (ыстық бұлақтарда) температура аралығында тіршілік ете алады. Тұздылығы 70%. болатын суға төзетін балықтар да бар. Балық дене тұрқы, түсі, құрылысы, физиологиясы жағынан айтарлықтай ерекшеленеді. Олардың дене тұрқы 1 см-ден 20 м-ге дейін болады, ал салмағы 1,5 г-нан 12 - 14 т-ға дейін жетеді. Олардың пішіндері де әр түрлі: ұршық, жебе тәрізді, екі бүйірінен немесе арқасынан бауырына қарай қысыңқы, жылан, таспа, шар тәрізді, дөңгелек, т.б. болады. Балықтың денесі үш бөліктен (бас, кеуде, құйрық) тұрады. Олардың жұп танау тесігі мен көзі, жұп (кеуде, құрсақ) және дара (арқа, құйрық, құйрық асты) қанаттары болады. Кейбір балықтың қанаттары жетілмеген, ал кейбір түрлерінде өте жақсы (мысалы, албырттардың май қанаты) жетілген. Денесін қабыршақ жапқан, бірақ қабыршақсыз немесе сүйекті қылтан жапқан түрлері де бар. Желбезекпен тыныс алады, ауамен тыныс алуға бейім органы бар балықтар да кездеседі. Балық жыныстық қабілеті жетілгенше тез өседі, олардың өсуі көбіне жыл маусымына, тіршілік жағдайына байланысты. Бір-екі жыл (кейбір бұзаубас балықтар), тіпті жүз жылға дейін (қортпа) тіршілік ететін балықтар да бар. Көптеген балықтардың иіс сезу, сезім, есту, көру (өте терең және жер асты суларында тіршілік ететіндерінде болмайды) мүшелері жақсы жетілген. Олардың бүйір сызығы судың қозғалысын қабылдайды. Сүйекті балықтардың көпшілігінде торсылдақ болады, ол дене тепе-теңдігін сақтау қызметін атқарады, ал кейбір балықта торсылдақ - тыныс алу органы; балық торсылдақ арқылы өзі шығаратын дыбысты күшейтеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аквариумдық балықтардың биологиялық ерекшеліктері
Жапондық коя балықтарын өсіру ерекшеліктері
Тірі табиғат бұрышы
Аквариум балықтарының үйлесімділігі
Жайынтәрізді балықтардың кәсіптік маңызы
Тірі табиғат мүйісі және оны ұйымдастырудың маңызы
Тірі табиғат мүйісі және оны ұйымдастырудың ерекшелігі
Оқу тәжірибе участогіндегі өткізілетін сабақтар
Псевдотрофеус зебраның систематикасы
Мектеп жасына дейінгі балаларды жануарлар әлемімен таныстыру
Пәндер