Несиенің қажеттілігінің экономикалық мәні
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1 НЕСИЕНІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1 Несие жүйесі туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Несие жүйесінің құрылымы мен ұйымдастыру принциптері ... ... ... ... ..9
1.3 Маманданған несиелік мекемелердің қызметін ұйымдастыру ... ... ... ... 12
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасында несие жүйесінің қалыптасуы және
дамуына сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.2 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің қызметіне
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НЕСИЕ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37

КІРІСПЕ
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, экономикамыздың гүлденуіне байланысты көптеген жетістіктерге, өзгерістерге қол жеткіздік. Нарықтық экономикаға ауысу тәжірибесі ұлттық экономикалық жүйелердің күрделі қайта құрылуымен байланысты жүрді.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: "Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып отыр. Біз экономикамызбен мемлекетіміздің берік іргетасын қаладық. Қазақстанның алдағы дамуы, кемел келешегі экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік тұрғыда жан-жақты сараланып, түбегейлі жаңа кезеңге батыл қадам бастық» /1,31б./ – деп Елбасымыз Қазақстан халқына жарқын болашағымыз біздің қолымызда екендігіне тағы да көзімізді жеткізді.
Қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасында несие аясы серпiндi түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бiрi. Бұрын қатал түрде реттелетiн Қазақстан Республикасында несие жүйесінің қалыптасуы бүгiн дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында халықаралық деңгейде жұмыс iстеп жатыр.
Қазіргі қоғамның әкімшілік-әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынастарға ену кезеңінде оның мәнділігі одан арта түсті. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2005 жылдың 18 ақпандағы «Қазақстан экономикасының, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауында: «Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік» – деп көрсеткен /2, б.7/ Ғаламдық дамумен қатарласа жүру Қазақстанның міндеті екендігін айқын мақсат етіп ұстаған Н.Назарбаевтың бұл сөздерінен еліміздің тәуелсіздік алғаннан бері жаңарудың қарқынды жолын таңдағандығын көре аламыз. Көптеген дамыған шетелдер тәжірибесі көрсетіп және ол елдердің өкілдері мойындап отырғандай Қазақстанның индустриалды-инновациялық технологияны пайдалану бағытындағы даму қарқыны ерекше. Осы бағытты ұстана негізінен аймақтағы «көш басшыға» айналғандығымыз да белгілі.
Нарықтық экономикада несие жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсеңді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.
Қазiргi Қазақстан экономикасы, соның iшiнде несие және қаржы шаруашылығы: несие жүйесiн реформалау; қатаң инфляция жағдайында бiзде бұрын-соңды болмаған жаңа несие қатынастары; несие-қаржы институттарының жаңа түрлерiнiң пайда болуы; нарық экономикасымен және меншiктiң көп түрлi формасына бейiмделген екi буынды банктiк жүйенiң қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополияланған мемлекеттiк банктiк құрылымдардың әкiмшiлiк-әмiршiлдiк басқару жүйесiнен – пайда табуға, Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің қалыптасуының жетiстiктерге қол жеткiзуге бағытталған жеке және ұжымдық меншiкке негiзделген несиелiк мекемелерге өту тәрiздi бiрқатар маңызды өзгерiстердi жүзеге асыруда.
Осы мәселелердiң маңыздылығы мен тәжiрибе жүзiндегi мәндiлiгi дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.
Тақырыпты зерттеу өзектілігі. Отандық банктер ұсынылған қолма-қолсыз есеп айырысуларының жалпы көлемімен сипатталады. Қазақстан Республикасындағы банктердің несие жүйесінің қалыптасуы барысында банктің сапасын мамандырылуында құрылмайды. Қазақстан Республикасындағы банктердің несие жүйесінің сапасының өсуі – несие жүйесінің қалыптасыру операцияларын басқаруды жүгізу негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің қалыптасуын басқаруды жүзеге асыратын процесі жоқ. Басқарудың тиімді элементтерінің бірі: несие жүйесі қалыптасу саясаты мен процедураларының жақсы дамуы және несие механизімін жақсы басқару, бұл жүйеде жақсы қызмет ететін банк персоналы болып табылады.
Тақырыпты зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасының банктік қызметтерінің негізгі талаптарына сәйкес банктердің несие жүйесінің қалыптастыру мен басқаруының өзекті мәселелерін шешу.
Зерттеудің міндеттері:
• несие жүйесінің қалыптасуын зерттеу;
• банктің басқару жүйесіндегі несиенің қозғалысын зерттеу;
• несие жүйесінің қалыптастыру мен басқарудағы проблемаларды зерттеу;.
Осы курстық жұмыстың зерттеу объектісі – ретінде барлық дерлік қазақстандық несие жүйесінің негізгі буындары: Орталық банк, екінші деңгейдегі коммерциялық банктер, маманданған несиелік мекемелер.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспені, үш тарауды, қорытындыны, қолданылған әдебиеттердің тізімі және қосымшаларды қамтиды.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Назарбаев Н.Ә. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Ақиқат, 2007. №4.-7бет.
2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында». Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2005 ж.
3. «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк мекемелерi» Негiзгi заң актiлерi.- Алматы, 2003
4. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N2444 Заңы
5. “Екiншi деңгейлi банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженi бекiту жөнiнде” Қазақстан Республикасының ұлттық Банкi Басқармасының 2002 жылғы 3 маусымдағы N 213 қаулысы.
7. «Сақтандыру қызметі туралы» ҚР заңы 2000ж. 18.12 №126 II 4 бап
8. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ред. басқ. Ғ.С.Сейiтқасымов.- Алматы: Экономика, 2001.- 466 б.
9. Банковское дело: Учеб. пособие/ Под ред. О.И.Лаврушина.- 2-е изд., перераб. и доп.- М.: Финансы и статистика, 2000.- 666 с.
10. Банковское дело: Учеб. для вузов / Под ред. В.И. Колесникова, Л.П.Кроливецкой.- 4-е изд.,перераб. И доп.- М.: Финансы и статистика, 2000.- 459 с.
11. Бәйгiсиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар. Алматы,1998.
12. Борисов Е.Ф. Экономика: Справочник.- М.:Финансы и статистика.1997- 400с.
13. Бохаев Д.Т. Коммерциялық банктердiң несие ресурстарын құрудағы проблемалары және оның болашағы: Автореферат.- Аламаты, 2004.-30 б.
14.Көшенова Б. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары. Алматы,2000.
15. Мейiрбеков Б.Қ. Шағын кәсiпкерлiк пен бизнестi қолдау жолдары мен дамыту әдiстерi: Автореферат.- Алматы, 2004.-26б.
16. Кушербаев Б. Банктер және несие алушылар қарым-қатынастарын реттеу. Қарағанды,2002.
17. Мақыш С. Ақша айналысы және несие. Алматы,2000.
18. Мақыш С. Қазiргi несиелiк механизм және оны жетiлдiру жолдары. Автореферат. Алматы,1999.
19. Сейіткасымов Г.С. Банковское дело. Учебник – Алматы: Каржы – каражат, 1998 г. – 576 стр.;
20. Тоқсейiтов Р. Экономикалық сөздiк-анықтамалық.- Қарағанды: Болашақ-баспа, 1999.- 240 б.

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1 НЕСИЕНІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1 Несие жүйесі туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Несие жүйесінің құрылымы мен ұйымдастыру принциптері
... ... ... ... ..9
1.3 Маманданған несиелік мекемелердің қызметін
ұйымдастыру ... ... ... ... 12
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасында несие жүйесінің қалыптасуы және
дамуына
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..20
2.2 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің қызметіне
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НЕСИЕ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ
ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...33
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..37
КІРІСПЕ
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, экономикамыздың гүлденуіне байланысты
көптеген жетістіктерге, өзгерістерге қол жеткіздік. Нарықтық экономикаға
ауысу тәжірибесі ұлттық экономикалық жүйелердің күрделі қайта құрылуымен
байланысты жүрді.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007
жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы
Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында:
"Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер
барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған
сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен
еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы
абыройы да жылдан жылға артып отыр. Біз экономикамызбен мемлекетіміздің
берік іргетасын қаладық. Қазақстанның алдағы дамуы, кемел келешегі
экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік тұрғыда жан-жақты сараланып,
түбегейлі жаңа кезеңге батыл қадам бастық 1,31б. – деп Елбасымыз
Қазақстан халқына жарқын болашағымыз біздің қолымызда екендігіне тағы да
көзімізді жеткізді.
Қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасында несие аясы серпiндi түрде дамып
келе жатқан экономикалық секторлардың бiрi. Бұрын қатал түрде реттелетiн
Қазақстан Республикасында несие жүйесінің қалыптасуы бүгiн дербес және
үлкен банкаралық бәсеке жағдайында халықаралық деңгейде жұмыс iстеп жатыр.
Қазіргі қоғамның әкімшілік-әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынастарға
ену кезеңінде оның мәнділігі одан арта түсті. Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2005 жылдың 18 ақпандағы Қазақстан
экономикасының, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында атты
Жолдауында: Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа
мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды
жасауға қол жеткіздік – деп көрсеткен 2, б.7 Ғаламдық дамумен
қатарласа жүру Қазақстанның міндеті екендігін айқын мақсат етіп ұстаған
Н.Назарбаевтың бұл сөздерінен еліміздің тәуелсіздік алғаннан бері жаңарудың
қарқынды жолын таңдағандығын көре аламыз. Көптеген дамыған шетелдер
тәжірибесі көрсетіп және ол елдердің өкілдері мойындап отырғандай
Қазақстанның индустриалды-инновациялық технологияны пайдалану бағытындағы
даму қарқыны ерекше. Осы бағытты ұстана негізінен аймақтағы көш басшыға
айналғандығымыз да белгілі.
Нарықтық экономикада несие жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы
кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен
төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды,
халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсеңді түрде
жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі
несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру
және басқа да операцияларды орындайды.
Қазiргi Қазақстан экономикасы, соның iшiнде несие және қаржы шаруашылығы:
несие жүйесiн реформалау; қатаң инфляция жағдайында бiзде бұрын-соңды
болмаған жаңа несие қатынастары; несие-қаржы институттарының жаңа
түрлерiнiң пайда болуы; нарық экономикасымен және меншiктiң көп түрлi
формасына бейiмделген екi буынды банктiк жүйенiң қалыптасуы; жоғары
дәрежеде монополияланған мемлекеттiк банктiк құрылымдардың әкiмшiлiк-
әмiршiлдiк басқару жүйесiнен – пайда табуға, Қазақстан Республикасындағы
несие жүйесінің қалыптасуының жетiстiктерге қол жеткiзуге бағытталған жеке
және ұжымдық меншiкке негiзделген несиелiк мекемелерге өту тәрiздi
бiрқатар маңызды өзгерiстердi жүзеге асыруда.
Осы мәселелердiң маңыздылығы мен тәжiрибе жүзiндегi мәндiлiгi дипломдық
жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.
Тақырыпты зерттеу өзектілігі. Отандық банктер ұсынылған қолма-қолсыз есеп
айырысуларының жалпы көлемімен сипатталады. Қазақстан Республикасындағы
банктердің несие жүйесінің қалыптасуы барысында банктің сапасын
мамандырылуында құрылмайды. Қазақстан Республикасындағы банктердің несие
жүйесінің сапасының өсуі – несие жүйесінің қалыптасыру операцияларын
басқаруды жүгізу негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасындағы
несие жүйесінің қалыптасуын басқаруды жүзеге асыратын процесі жоқ.
Басқарудың тиімді элементтерінің бірі: несие жүйесі қалыптасу саясаты мен
процедураларының жақсы дамуы және несие механизімін жақсы басқару, бұл
жүйеде жақсы қызмет ететін банк персоналы болып табылады.
Тақырыпты зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасының банктік
қызметтерінің негізгі талаптарына сәйкес банктердің несие жүйесінің
қалыптастыру мен басқаруының өзекті мәселелерін шешу.
Зерттеудің міндеттері:
• несие жүйесінің қалыптасуын зерттеу;
• банктің басқару жүйесіндегі несиенің қозғалысын зерттеу;
• несие жүйесінің қалыптастыру мен басқарудағы проблемаларды
зерттеу;.
Осы курстық жұмыстың зерттеу объектісі – ретінде барлық дерлік
қазақстандық несие жүйесінің негізгі буындары: Орталық банк, екінші
деңгейдегі коммерциялық банктер, маманданған несиелік мекемелер.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспені, үш тарауды, қорытындыны, қолданылған
әдебиеттердің тізімі және қосымшаларды қамтиды.

1.1 Несие жүйесі туралы жалпы түсінік

Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезекте саналатын несие жүйесі
оған тұрақты және елеулі ықпал етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай
қорлардың ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуін қолдай
отырып ақшалай қаражаттардың бір саладан екіншісіне қайта құйылуын
қамтамасыз етеді.
Өркениетті мемлекеттердің тәжірибесінде несие жүйесі туралы екі түрлі
ұғым қалыптасқан: біріншісі – несие-есеп қатынастары, оның түрлері мен
несиелеу әдістерінің жиынтығы; екіншісі – несие-қаржы институттарының
жиынтығы. Несие қатынастары қарыз капиталының қалыптасуымен оның
жұмсалуынан туындап, несиенің барлық формалары мен түрлерін қамтиды.
Несие жүйесі несие-қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде жеке және заңды
тұлғалардың уақытша бос ақшаларын есеп шоттарда шоғырландырып, оларды
кәсіпорындарға, үкіметке және халықтың әртүрлі топтарына қарызға береді.
Несие жүйесінің қызметінен несие қатынастары туындайды. Несие
қатынастарының мазмұнын несие мекемелерінде әртүрлі субъектілердің уақытша
бос ақша капиталдарын шоғырландырып және оларды белгілі бір мерзімнен кейін
және белгілі бір төлем ақымен қайтару үшін бөліп беру анықтайды. Сонымен
бірге несие жүйесі мемлекеттің ақша айналымын реттеп, ақша қаражатының
экономиканың бір саласынан екінші саласына ауысуын қамтамасыз ету арқылы
өндірістің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Несие жүйесі арқылы
кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысуы мен
төлемдері жүргізіліп, сондай-ақ әр түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық,
инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және с.с. көптеген операцияларды
жүзеге асырады.
Несие жүйесінің маңызы мен ел экономикасындағы рөлі біраз
көрсеткіштермен; атап айтқанда: ақша салымдарының жалпы көлемімен,
кәсіпорындар мен мекемелердің негізгі және айналмалы капиталын
қалыптастырудағы банктік қарыздың үлесімен, жиынтық төлем айналымымен және
т.б. сипатталады. Мысалы, әрбір қоғамның даму тарихындағы белгілі бір
кезеңге және қоғамдық-экономикалық формацияның өзіне тән несие жүйесінің
құрылымы болады. Мысалы, XX ғасырдың 20-жылдарынан 90-жылдардың бас жағына
дейін КСРО-да жоспарлы-орталықтанған экономикаға сай келетін қатаң
орталықтанған несие жүйесі құрылды. 4, б.78
Несие қатынастарының даму дәрежесі, несие мекемелерінің көбеюі, өндіріс
пен тұтыну салаларының банк операцияларын пайдалануы жөнінен дүниежүзіндегі
дамыған мемлекеттердің ішінде АҚШ алдыңғы қатарда келеді. Оған дәлел, ол
елде ақша капиталының орташа алғанда 34 бөлігінің несие жүйесі арқылы
өтуі.
Несие мекемелері арқылы айналатын ақша қаржыларының орташа жылдық сомасы
1989 жылы 700 млрд долларды құрады.
Несие жүйесі өз қызметін атқарған кезде несиелік қатынастар туындайды.
Несиелік мекемелер және әр түрлі субъектілер арасында қайтарымдылық және
төлем шарттары негізінде уақытша еркін ақша қаражатын жинақтау және қайта
бөлістіру жөніндегі экономикалық байланыстары несиелік қатынастардың
мазмұнын анықтайды.
Бірақ несиелік катынастардың мазмұны ақша капиталының жинақталуымен және
оны заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың уакытша пайдалануына берумен ғана
шектелмейді. Несиелеу процесінде өндірістік кұнға, яғни ұдайы өндірістің
ақша айналымына арналған төлем кұралдарының косымша массасы қалыптасады.
Төлем айналымының үлкен ағымы несие жүйесі арқылы өтеді, ол несиелік
қатынастардың мазмұнын толықтыра отырып, төлеушілер мен несиелік мекемелер
арасында, несиелік мекемелер мен алушылар арасында экономикалық
қатынастарды қалыптастырады.
Несие жүйесі елдегі ақша айналымын реттейді, заңды және жеке тұлғаларға
әр түрлі қызметтерді көрсетеді, соның нәтижесінде несиелік экономикалық
қатынастар туындайды.
Несиелік катынастардың екі түрлі сипаты бар және шаруашылық субъектілері
үшін де, несие жүйесі мекемелері үшін де бірдей дәрежеде қажет болады.
Несие мекемелерінде ақшаны сақтау – несиелік ресурстардың құрылуын, ал
оларды экономика мен халықтың қажеттілігі үшін орналастыру несие беруді
білдіреді.
Екі жақты қатынастар мыналардың арасында болады: шаруашылық ұйымдары мен
иесие жүйесі, несие жүйесі мен халық, мемлекет пен несие жүйесі, несиелік
мекемелер арасында, әр түрлі мемлекеттердің несиелік мекемелері арасында.
Жоғарыда анықтағанымыздай, несиелік қатынастар несие экономикалық
категориясының әрекет етуі кезінде ақша формасында жүзеге асырылады.
Несиелік қатынастардың сыртқы көрінісін несие формасы сипаттайды. Ол
несиелік қатынастардың мәні мен ұйымдастырылуын синтездейді. Несиелік
қатынастардың формасы мен мазмұны диалектикалық бірлікте болады. Несиелік
қатынастардың формасы олардың мазмұнына сәйкес келіп және олардың дамуын
ынталандыруы тиіс. Өндірістік қатынастардың өзгерісі несиелік қатынастар
мазмұнының және несие формасының өзгеруіне әкеледі.
Несие екі формада болады: тауарлық және акшалай. Тауарлық несие
коммерциялық несиенің алғашқы негізін қалайды. Шаруашылық жүргізуші
субьектілердің ссуданы бір-біріне беруі кезінде бұл несие ақша формасына
өзгереді. Оның мәнісі мынада, яғни алушы субъект несие берушіге алынған
тауарлық несиенің дәлелі ретінде вексель, кепілдік қағаздарды немесе басқа
кұжаттарды жазып береді, несие беруші оларды ақша формасында ссуда алу үшін
банкке ұсынады. Бұл жерде несиелік қатынастардың жүргізуші субъектілері
ретінде шаруашылық субъектілері және банк саналады. Оның мазмұнындағы
өзгерістер салдарынан несиелік қатынастардың тауарлық формасы ақша
формасына ұласады. Осылайша, тауар формасы негізінде несиенің, ең алдымен
банктік несиенің ақшалай формасы туындайды және дамиды.
Несиелік қатынастардың несие формаларының және несиелік мекемелердің
жиынтығы кең мағынадағы несие жүйесі түсінігін құрайды.
Тар мағынадағы несие жүйесі – бұл несие-қаржы қатынастарын ұйымдастырушы,
ақша жүйесін реттеуші және елде басқа да қаржы қызметтерін көрсетуші несие
мекемелерінің желісі.
Қазіргі кезде экономикасы дамыған мемлекеттердің несие жүйесінде көптеген
өзгерістер кездеседі. Банк капиталының шоғырлануы мен орталықтануы
нәтижесінде банк монополиясының пайда болуы: ХІХ-ғ. аяғы ХХ-ғ. басында әр
мемлекеттерде ақша капиталының көп бөлігін жинақтаған ірі банктер бөлініп
шыға бастады. Бұл ірі банктер қарыз капиталының нарығында үстемдік етті.
Олардың капиталының мөлшері ірі клиенттерді және жинақ салушыларды өзіне
тартып, нәтижесінде үлкен табыс табудан өсті. Несие жүйесінде ірі
банктердің үлесінің өсуі тек операция жүргізумен ғана емес, сонымен қатар
капиталдардың бірігуінін интенсивті процесіне байланысты болады. 5, б.158
Капиталын иемденуіне қарай банктер және несие-қаржы мекемелері
мемлекеттік және жеке болып екіге бөлінеді. Бірсыпыра елдерде банкнота
шығаратын ерекше құқығы бар орталық банктер, сондай-ақ пошта-жинақ жүйесі
және кейбір арнаулы несие-қаржы институттары (мысалы, американдық федералды
жер банкі, АҚШ-тың экспорт-импорт банкі) мемлекеттік несие мекемесі болып
саналады. Ал кейбір елдерде (мысалы, Францияда, Италияда және т.б.) ірі
коммерциялық банктер де мемлекеттік болып саналады.
Несие жүйесінде мемлекеттік сектордың көбеюі ел экономикасын мемлекеттік
реттеудің ұлғаюына байланысты. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі
кездері отарлау жүйесінің құлауы нәтижесінде азат етілген елдерде құрылған
ұлттық несие жүйелерінде мемлекеттік несие институттарының пайда болуына
мүмкіндік туғызды. Бұл елдерде шетел банктерін мемлекет меншігіне айналдыру
жүргізілді. Сондай-ақ әлемде мемлекетаралық валюта-несие және қаржы
институттары да құрылуда: Халықаралық валюта қоры, Халықаралық қайта құру
және Даму банкі, Аймақтық Даму банктері және т.с.с.
Шаруашылық буындарына көрсететін қаржы-несиелік қызметтерінің санына,
мөлшеріне және олардың көлеміне, сондай-ақ мамандануына қарай несие
жүйесінің өзегі – банк жүйесі, ал несие институттарының жұмысын
үйлестіретін бірыңғай орган – Орталық банк болып саналады. Орталық банк –
мемлекеттің банк жүйесінің бірінші деңгейіндегі басты банк, басты
эмиссиялық банк. Ол -"банктердің банк ісі". Ол заңды және жеке тұлғалармен
операция жүргізбейді, оның клиенттері - коммерциялық банктер мен басқа
несие институттары, сонымен қатар үкімет мекемелері.
Экономиканың тарихи-экономикалық дамуының әрбір сатысына несиелік істі
ұйымдастырудың өз типі, несие-ақша қызметіндегі сәйкес сұраныстарға жауап
беретін несиелік жүйенің өз құрылымы сәйкес келеді. Мысалы, КСРО-ның
жоспарлық-орталықтандырылған экономикасына Мемлекеттік банк басқарған
несиелік жүйенің катаң орталықтанған кұрылымы сәйкес келеді, нарықтық
экономика үшін басқасы, яғни банктік және банктік емес мекемелердің
демонополизацияланған кұрылымының кең желісі сәйкес келеді.

Қазіргі кездегі несие жүйесінің күрделі, көп буындық құрылымы бар. Егер
несиелік мекемелердің өз клинттеріне көрсететін қызметтер сипатын
жіктеменің негізі етіп алсақ, онда қазіргі кездегі иесиелік жүйенің үш
маңызды элементін бөліп көрсетуге болады:
• Орталық (эмиссиялык) банк;
• коммерциялық банктер;
• мамандандырылған несиелік мекемелер.
Несиелік жүйенің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу негізінде белгілі бір
принциптер жатыр. Экономиканың жаңа жағдайында, оның нарықтық өту кезеңінде
оларды былайша тұжырымдауға болады: елдегі банк ісін ұйымдастыруға
мемлекеттік монополия, басқа банктік емес институттармен үйлестіре отыра
екі деңгейлі банк жүйесін құру, елдегі ақша – несие саясатының бірлігі,
несиелік мекемелер торабын барынша дамыту, оларды қызмет көрсету орындарына
жақындату, мемлекеттік валюталық монополия, Орталық банктік автономиясы.
Банк ісіне мемлекеттік монополия ұғымы мемлекеттік банктердің құрылуы мен
жойылуын бақылауға, банктік операцияларды жүргізу тәртібі мен ережелерін
заң жүзінде бекітуге ерекше құқығы ретінде түсіндіріледі. Ұлттық банк
Қазақстан Республикасы аумағында банктерді құруға рұқсат береді, банктер
мен олардың филиалдарын тіркеу кітабын жүргізіп отырады. Рұқсат беру
кезінде Ұлттық банк жүргізілетін банктік операциялар шеңберін белгілейді.
Нарықтық экономика ерекшеліктері банктік емес мекемелермен үйлестіре
отырып көп деңгейлі банк жүйесінің, олардың ақша-несие және делдалдық
қызметінің формалары мен түрлері бойынша көп түрлілігінің, Орталық (бірінші
деңгей) және басқа банктер (екінші деңгей) арасындағы функцияларды заң
жүзінде бөлудің қажеттілігін тудырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (бұдан әрі Ұлттық банк) Қазақстан
Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы
банк жүйесінің жоғары деңгейін құрайды.
Банк ісінің әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай, барлық елдердегі
несиелік институттардың ішінен елдің бүкіл несиелік жүйесін басқаруда басты
роль атқаратын орталық банктер бөлініп шығатын болды.Ал олардың басшылық
ролі мемлекет берген кең ауқымды өкілеттіліктерге байланысты. Банктердің
банк функцияларын, ақша – несие эмиссиясын жүзеге асыруына байланысты
орталық банктер коммерциялық банктердің, яғни екінші деңгейлі банктердің
қызметіне әкімшілік бақылау мен нақты экономикалық ықпал ету құқығы
несиелік мекемелер міндетті түрде қолдануы тиіс норма шығару құқығы бар.
Коммерциялық банктер несиелік саясат жүргізуде және өз клиенттеріне
толығымен дербес әртүрлі қызметтер көрсетуде.
Нарықтық экономикада арнайы банктік емес институттар құрылмаған жағдайда
кез келген елдің несие жүйесі аяқталмай қалады. Халық салымдарын толығымен
тарту мүддесі мен өзгеріп отырған нарықтық экономика талаптарын толық
қанағаттандыру бұл институттардың құрылуын талап етеді, ал олар несие
жүйесін толықтырып, байытады, экономикадағы өзгерістерді икемді және
сезімтал ете түседі.
Мемлекет, экономикаға жетекшілік жасай отырып, Ұлттық банк арқылы бірегей
ақша – несие саясатын жүргізеді. Бұл принцип айналыстағы ақша массасының
көлемін реттеу жолымен ұлттық валютаның ішкі және сырқы тұрақтылығын
қамтамасыз ету үшін, ақша-несие саясатын жалпы экономикалық саясатты жүзеге
асыру және оны әлемдік экономикаға интеграциялау саласында республика
мүдделерін қорғау үшін қажет.
Несие жүйесін құрудың маңызды принципі – несиелік мекемелер торабының
барынша дамуы мен оларда барлық ақша операцияларының шоғырлануы. Шаруашылық
буындардың ұсынатын несие-қаржы қызметтерінің функционалдық мамандануы,
көлемі мен санына сәйкес несиелік жүйенің ядросын банктік жүйе құрайды, ал
несие институттарының қызметін үйлестіруші ортақ орган болып – Орталық
банк есептеледі.
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас
органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың
мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген
үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттік
беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне
экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның
динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің
өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады,
яғни ақша массасы, негізінен, банктердің несие-депозиттік қызметіне
байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын
және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы
реттейді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңы бойынша Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және
республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.
Ұлттық банк – ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да
материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің
құралу көздеріне - банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен
табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңының 9-бабына сәйкес,
Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд теңге көлемінде мына қаражаттар есебінен
құрайды: республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған
негізгі қорлар және Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.
Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банкінің
жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық формалары бар:
• оның капиталының қалыптасуы 100% мемлекеттің қаражаты есебінен болатын
унитарлық банк;
• акцияларының бөлігі мемлекетке тиесілі (немесе мемлекеттің
қатысуынсыз) акционерлік қоғам;
• бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе қатысуынсыз);
• Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі.
АҚШ-та орталық банктердің капиталына мемлекет қатыспайды, олардың
капиталы Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) мүше банктерінің жарна пұл
төлемдерінен тұрады.
Негізі Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет – жарғылық
қордың жалғыз иесі. Негізгі қор – ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және
басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты – банкіге тиесілі
ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа қорлар құрады.
Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен
толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін
операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті – Қазақстан
Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз
ету болып табылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне мынадай қосымша
міндеттер жүктеледі:
• Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға
интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие,
банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік
саясатты жасау және жүзеге асыру;
• ақша-несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге
көмектесу;
• банктік және басқа иесиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді
жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие
берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғауы.
Ұлттық банкі жұмысының негізгі бағыттары:
• елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын басқару;
• өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды
ұйымдастыру және жүзеге асыру;
• банк ісін лицензиялау, ақша-несиелік реттеудің әдістерінің формаларын
талдау;
• банк ісін бақылау және қадағалау;
• елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;
• валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау,
біркелкі валюталық саясатын жүргізу және т.б.
Ұлттық банктің несиелік ресурстары мыналардың есебінен құралады:
• меншікті қаражаттары;
• басқа банктерден тартылған және келісімшарт негізінде Ұлттық банкке
орналастырылған ақшалай қаражаттар;
• Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден тартылған қаражаттар;
Бөлімді қорыта келе, несие жүйесі мемлекеттің ақша айналымын реттеп, ақша
қаражатының экономиканың бір саласынан екінші саласына ауысуын қамтамасыз
ету арқылы өндірістің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Несие жүйесі
арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысуы мен

1.3 Маманданған несиелік мекемелердің қызметін ұйымдастыру
Бірінші тараудың бұл бөлімінде мамандандырылған несие мекемелері нарық
экономикасындағы несие жүйесіне қажетті маңызды буыны болып
табылатындықтан, бұл мекемелерсіз экономиканың әртүрлі салаларында
және тұрғындарға көрсетілетін несие жүйесінің қызметтері толық болмас
еді. Сондықтан да маманданған несиелік мекемелердің түрлеріне тоқталып,
олардың қызметтеріннің ұйымдастырылуы қарастырылды.
Парабанктік мекемелер көбінесе белгілі бір клиенттер типіне немесе
бірер негізгі қызмет түрлерін көрсетуге бағытталады.
Мұндай мекемелер екі жақты бағыныштылықта болады: бір жағынан,
олар несиелік және есеп айырысу қызметтерін жүзеге асырумен
байланысты болатындықтан да Орталық банктің соған сәйкес талаптарын
басшылыққа алады. Екінші жағынан олар, қандай да бір қаржы,
сақтандыру, инвестициялық немесе басқа да операцияларға мамандана
отырып, тиісті ведомстволардың реттеу әрекеттеріне ұшырайды.
Тарихи маманданған несие-қаржы институттарының алғашқы мекемелері қарыз
капиталы нарығындағы кейбір сұраныстарды қанағаттандыру мақсатында пайда
болды. Мысалы, бұрынғы КСРО-да 20-жылдарда коммерциялық банктер тұтыну
несиесін берумен шұғылданбағандықтан, сол кездерде тұтыну несиесін беретін
көптеген мекемелер пайда болды. Олар қазіргі нарықтық экономикада кез
келген мемлекеттің несие жүйесінде нық орын алуда.
Маманданған несие-қаржы инстиуттары (немесе оларды парабанктік мекемелер
деп те атайды) не белгілі бір клиенттерге қызмет көрсетеді немесе бір-екі
қызмет түрін меңгереді. Ол мекемелер бір жағынан клиенттердің несие-есеп
операцияларын жүргізіп Орталық банктің талаптарын орындаса, екінші жағынан
қаржы, сақтандыру, инвестициялық және т.с. операциялар орындауымен сол
салалардың бақылауымен қызмет жасайды. Олар әртүрлі маманданған қаржы
институттарының жиынтығы: несие-жинақтау мекемелері, инвестициялық қорлар
немесе компаниялар, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары,
мекемелердегі өзара көмек кассалары, ломбардтар және т.б. Өркендеген
мемлекеттерде бұл институттар, яғни банктік емес мекемелер коммерциялық
банктермен қаржы нарығында бәсекеге түсіп, халыққа, фирмалар мен
компанияларға сан алуан қызмет көрсетуде. Қазақстан экономикасының нарықтық
қатынастарға өту шағында бұл мәселелер бойынша әлемдік тәжірибеге
қызығушылық болуда.
Маманданған несие-қаржы институттары кейбір шаруашылық аясында кең түрде
қызмет керсетуде:
• халықтың ұсақ жинақтарын тартуда;
• ипотекалық несие беруде;
• тұтыну несиесін беруде;
• ауыл шаруашылық несиесін беруде;
• сыртқы сауда операцияларын қаржыландыру мен есеп айырысуда;
• өнеркәсіп компанияларының бағалы қағаздарын орналастыру мен
капитал инвестициялауда.
Айта кететін жайт, революцияға дейінгі Ресейде, одан соң КСРО-да (оның
құрамындағы Қазақстанда) және жаңа экономикалық саясат (НЭП) пен кейін ауыл
шаруашылығын ұжымдастыру (коллективтендіру) жылдарында несие
институттарының кейбіреулері, мысалы, несиелік серіктестіктер, өзара
несиелеу қоғамдары, несиелік одақтар және т.б. олардың түрлері болды.
Қазірде банктік емес мекемелерге кәсіпорындардағы өзара көмек кассаларын,
ломбардтарды, шаруа қожалықтары ассоциацияларында (одақ) құрылған есеп
айырысу қаржылық орталықтарын кіргізуге болады.
Кейбір экономикалық әдебиеттерде парабанктік жүйенің ішіндегі несиелік
мекемелерге ломбардтарды, несиелік серіктестіктерді , Қазпошта АҚ Пошта-
жинақтау жүйесін, жинақтаушы зейнетақы қорларын, сақтандыру компанияларын,
инвестициялық қорлар, Қазақстан инвестициялық қоры АҚ және одақтарды
жатқызады. 8, б.364
Ломбардтар – бұл жылжымайтын мүліктерді кепілге ала отырып, қысқа
мерзімге ссудалар беретін несиелік мекеме. ҚР Ұлттық банктің 1997 жылғы 29
тамыздағы № 314 "Ломбард туралы" ережесіне сәйкес, ломбард - банк болып
табылмайтын, Ұлттық банктің берген лицензиясы негізінде операциялар мен
қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға.
Ондай операцияларға мыналар жатады:
• ломбардтық операциялар: тез іске асырылатын бағалы қағаздар мен
жылжымалы мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несие беруді
сипаттайды;
• бағалы металдардан (алтыннан, күмістен, платинадан, платина тобындағы
металдардан) жасалған монеталарды, сондай-ақ бағалы металдар және асыл
тастардан тұратын зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау,
есепке алу, сақтау және сату;
• сейфтік қызметтер: клиенттердің бағалы қағаздарын, құжаттарын,
құндылықтарын сақтауға байланысты, сол сияқты сейфтік жәшіктерді,
шкафтарды, бөлмелерді жалға беру қызметтерін көрсетеді;
• келісімшарт мерзімі ішінде жалған берілген мүлікке жалға берушінің
меншік құқығын сақтай отырып, ол мүлікті жалға беру;
• заң талаптарына сәйкес кепілге алынған мүлікті сату.
Ломбардтардың құрылтайшылары мен қатысушыларына жеке және заңды
тұлғалар жатады. Мемлекет өзінің өкілетті органдары арқылы оған құрылтайшы
болуы мүмкін. Ломбард кез келген ұйымдық құқықтық формада (ашық акционерлік
қоғамнан басқа) құрылып, өз қызметін жүзеге асырады.
Тарихта ломбардтар өсімқорлық несие беретін жеке меншік кәсіпорын ретінде
пайда болған. Ломбардтардың мамандану саласы жылжитын мүлік, оның ішінде
бағалы металдар мен асыл тастарды (бағалы қағаздардан басқа)
кепілге алып, тұтыну несиесін беру болып табылады. Олардың ссудалары
негізінен қысқа мерзімге (30 күнге дейінгі мерзімге) кепілге салатын мүлік
құнының 50 – 80 % мөлшерінде беріледі. Кепілге алып ссуда берумен қатар,
олар клиенттердің құндылықтарын сақтау, сондай-ақ комиссиондық негізде
кепілге салынған мүліктерді сатумен айналысады.
Несиелік операцияны ұйымдастырудың басты ерекшелігі – мұнда несиелік
шарт пен кепіл міндеттемелері болмайды. Ссуданы кепілге беру барысында
клиент кепілге зат қойғандығын куәландыратын және ссуда алғандығын
растайтын құжат немесе кепіл билетін алады. Онда қарыз алушының
реквизиттері және мәміленің басты шарты көрсетіледі.
Несиелік серіктестік – өз мүшелеріне несие-есеп айырысу қызметін
көрсету мақсатында құрылған несиелік мекеме. " Несиелік серіктестік туралы
" Несиелік серіктестік туралы " ҚР Заңына сәйкес несиелік серіктестік
бұл – оның қатысушыларының бос ақшалай қаражаттарын жұмылдыру жолымен
қаржылық көмек көрсету барысындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру
мақсатында заңды және жеке тұлғалардың ерікті түрде бірігуінің нәтижесінде
құрылған, банк болып табылмайтын және ҚР Ұлттық банкінің лицензиясы
негізінде жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға.
Несиелік серіктестіктердің мынадай түрлері болады:
1. Несиелік – депозиттік серіктестігі – заңды тұлғалардың депозиттерін
қабылдау мүмкіндігі бар мекеме.
2. Ауыл несиелік серіктестігі – өзара несие беру үшін, оның
қатысушыларының ақшаларын жинақтау жолымен ерікті түрде жеке және
заңды тұлғалардың өзара бірігуінің нәтижесінде құрылған, банктің
жекелеген операцияларының түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға.
3. Несиелік серіктестік – коммерциялық ұйым.
Несиелік серіктестік және ауыл несиелік серіктестігі ҚР
заңдылықтарындағы ерекшеліктеріне сәйкес мынадай ұйымдық-құқықтық формада
құрыла алады:
• командиттік серіктестік;
• толық серіктестік;
• жауапершілігі шектеулі серіктестік;
• акционерлік қоғам.
Несиелік серіктестіктердің жарғылық капиталы пай қосу және міндетті
кіру жарнасын төлеу жолымен қалыптасады. Мұндағы қосқан үлестер меншіктен
шығып қалған жағдайда қайтарылмайды. Несиелік серіктестіктің мүшелеріне
кооперативтер, жалгерлік кәсіпорындар, банктер, шағын және орта бизнес,
жеке тұлғалар кіреді. Несиелік серіктестіктің басты пассив операцияларына –
салымдарды тарту және займдарды орналастыру; актив операцияларына –
ссудалық, комиссиондық, сауда-делдалдық операциялары жатады.
Несиелік серіктестіктің бір түріне ауыл шаруашылығы несиелік қоғамдары
жатады. Оның құрылтайшысы: Орталық банк, коммерциялық және мамандандырылған
банктер, үкімет құрылымдары, жеке және заңды тұлғалар бола алады. Олардың
басты қызметі – ауыл шаруашылығына несие – есеп айырысу қызметін көрсету;
шаруашылық заттарын, мал, тұқым, тыңайтқыш сатып алу шығындарын және өзге
де жұмыстарды несиелеу. Ауыл шаруашылығы несиелік серіктестіктерінің
клиенттеріне шаруа қожалықтары, фермерлер, сондай-ақ ауыл шаруашылық
кәсіпорындары жатады. Негізгі операциялары: қысқа және орта мерзімге
ссудалар беру және салымдар қабылдау, делдалдық қызмет. Ауыл шаруашылық
несиелік серіктестіктерді ұйымдастырудың басты ерекшелігі – олардың
қызметінің бірқатар салық жеңілдіктеріне ие болуы, атап айтсақ, табыс
салығынан босауы, сондай-ақ оған үлес қосушыларға да салықтық жеңілділіктер
болады.
Несиелік одақтар – бұл белгілі бір жеке тұлғалардан немесе ұсақ
несиелік мекемелерден ұйымдастырылатын несиелік кооперативтер.
Олар негізгі екі типте болуы мүмкін: 1) қысқа мерзімді тұтыну несиесін
беру мақсатында кәсіби немесе аумақтық белгілеріне қарай жеке тұлғалар
тобымен ұйымдастырылған; 2) еркімен қосылған дербес несиелі серіктестік
түрінде, мысалы, ссуда жинақ серіктестіктері, өзара несие қоғамдары,
кооперативтер және т. б.
Несиелік одақтардың капиталдары олардың мүшелерінің қосатын үлесінен және
пайларды төлеу, сондай-ақ займдарды шығару жолымен қалыптасады. Негізгі
операцияларына мыналар жатады: салымдарды тарту және займдарды шығару;
өзінің мүшелеріне қамтамасыз етілген ссудалар беру, вексельдерді есепке
алу; сауда-делдалдық және комиссиондық операциялар; кеңес беру және өз
мүшелеріне аудиторлық қызмет көрсету. Несиелік одақтар - кооперативтер
түріндегі жинақ мекемесі, оны кәсіподақтар, ірі кәсіпорындар, шіркеулер
ұйымдастырады. Одақтың капиталы мүшелік жарнаны ерекше акциялар сатып алу
формасында төлеуден құрылады, ал құрылған қаражат одақ мүшелеріне қысқа
мерзімді несие беру үшін (транспорт сатып алуға, үйді жөндеуге және с.с.)
колданылады. Несиелік одақтар АҚШ-та, Ұлыбританияда, Канадада кең тараған.
Қазпошта АҚ – Қазақстанның географиялық және демографиялық
ерекшеліктері, елді мекендердің бір-бірінен алшақ қоныстануы, сокьда қатар
ауыл тұрғындарының төлем қабілеттілігінің төмендігі құрылымдарының ауыл
адамдарына қызмет көрсетуіне кері әсерін тигізеді. Банкілердің есеп айырысу-
кассалық бөлімшелері негізінен шоғырланған аудан орталықтарында, ал онда
ауыл тұрғындарының 5%-ы ғана тұрады. Міне осының нәтижесінде еліміз бойынша
елді мекендерде тұратын ауыл тұрғындарының 40%-дан астамы қаржылық қызметті
белгілі толық дәрежеде пайдалана алмай отыр.
Пошта адамзат қоғамына барынша қажетті институттардың бірі болып
саналады. Тұрмыс тіршілігінен тәуелсіз, пошта байланысы адамдар арасындағы
өзара қатынастың қол жететін, өте жеңіл тәсілдердің бірі болып саналады.
Сонымен қатар ол бүгін банк жүйесі қызметін атқарып отырған мекеме болып
отыр.
Қазіргі кезде Қазпошта АҚ 3439 пошта офисі бар, онда жұмыс
істейтіндердің саны 17,8 мың адам, тұрақты пошта бөлімшелеріндегі халықты
қамту саны 11,5 млн. адамды құрайды. 192 млн шамасында (бірлік) пошталық
қызмет көрсетілсе, қаржылық қызмет көрсетудің көлемі 16,9 млрд теңгеге
жетті.
ҚазпоштаАҚ пошта жүйелерін ақпараттандыру мен компьютерлендірудің
инвестициялық бағдарламасын іске асырып отыр. Атап айтқанда, дәстүрлі пошта
құралдарын жаңартып, осы заманғы пошта мен банктік технологияларды өндіруде
және инкассация қызметі мен пошта қауіпсіздігін дамыту үстінде.
Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатындағы негізгі міндеттердің
бірі – 2004-2010 жж. аралығында ауыл тұрғындары үшін пошта-жинақтау
жүйесінің базалық қызмет көрсетуінің қол жеткізімдігін қамтамасыз ету болып
табылады. 2004-2010 жж. пошта салысын дамыту бағдарламасын іске асыру
нәтижесінде жинақ-ақша пошта жүйесін қалыптастыру жөнінен жағдайлар
жасалады. Әсіресе, шалғай жерлердегі ауыл тұрғындарын кол жететін, маңызды
пошта байланысы мен сапалы жоғары деңгейде қамтамасыз етіледі.
Келешекте ақпараттық технологияның жаңа есігі ашылып, поштаның қызмет
саласы ұлғая түседі. Қазпошта 2006 ж. аудан орталықтарында ұжымдық қол
жетерлік жүйенің 200 Интернет желісін ашады. Бұл көрсеткіш 2006 ж. - 500-
ге, 2007 ж. - 1000-ға дейін жетпекші. Қызмет көрсетудің бұл түрі қалаға
қарағанда арзан болады және ауыл тұрғындарының Интернетті игеруі бойынша
қалалық деңгейге жетуге мүмкіндік жасайды.
Қаржылық институт ретінде пошта ісі белсенді түрде дамитын болады.
Сонымен қатар, пошта бөлімшесінің базасында шағын кәсіпкерлікті дамыту
қорымен бірлесе отырып, шағын кредиттер бойынша жоба іске асырылып отыр.
Пошта байланысының бөлімшелері банкоматтар жүйесін және бірыңғай ұлттық
Каг Сагd төлем карточкаларын пайдалану постерминалын ашуға мүмкіндік
жасайды.
АҚ Тұрғын үй құрылысы жинақ банкісімен тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасын
қабылдау бойынша және комиссиялық банкке алымдардың тұрғын үй қарыздары
қорланған ақшаларын беру, тұрғын үй қарызын өтеу шотына өтемдерді қабылдау
мен құжаттарды жөнелтіп отыруға шарт жасасты.
Қазпоштаның Германияда, Қытайда, Өзбекстан мен Қырғызстанда өкілдіктері
ашылып халықаралық байланыстары даму үстінде.
Жинақтаушы зейнетақы қоры – бұл ашық және жабық типтегі акционерлік қоғам
түрінде ұйымдастырылған заңды тұлға.
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету Заңына сәйкес
халықтық жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жүйесінің орталық үзбесі болып
табылады. Олар салымшылармен жұмысты ұйымдастырады, зейнетақы
келісімшарттарын жасасады, инвестициялық кірістердің аударымдарын және
зейнетақы жарналарының жеке есебін, сонымен қатар, салымшылар алдындағы қор
міндеттемесін жүргізеді. Қор өз қызметі үшін комиссиялық сыйақылар алады,
мемлекеттік органдар мен салымшылар алдында есеп береді, халық арасында
түсіндірме жұмыстар жүргізеді, шағымдар мен өтініштерді қарастырады,
салымшының өлімене және шет елге кетуіне байланысты сұрақтарды шешеді.
Қазақстанда зейнетақы жүйесі ағымдық этапта мемлекеттік және жеке
бөлімдерден тұратындықтан, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорынан
басқа нарықта МЖЗҚ жұмыс атқарады. Ол салымшылардың міндетті зейнетақы
аударымдарын алуды және алушылардың зейнетақы төлемдерін төлеуді Қазақстан
Республикасы Үкіметі белгілеген ережеге сай іске асырады. Қазіргі уақытта
МЖЗҚ-ын жекешелендірудің мүмкін нұсқалары дайындалып жатыр.
Қазақстан Республикасының зейнетақы қорының қызметін реттеу комитеті МЖЗҚ-
ын жекешелендірудің мүмкін нұсқаларын өндірді. Комитетке әртүрлі
компаниялардың өкімдері келіп тұрады, оның ішінде әсіресе өзінің
жекешелендіру туралы ұсынысымен шетелдіктер көп, себебі МЖЗҚ әлеуетті
инвесторлар үшін едәуір тартымды ұйым. Мемлекет МЖЗҚ-ын жекешелендіру жайлы
нақты ойлары жоқ.
Сақтандыру компаниялары – белгілі бір сақтандыру жағдайлары болған
кездерде ақшалай қордың есебінен сақтандырудың орнын толтырып, соның
жәрдемімен (сақтандырылған) жеке және заңды тулғалардьщ мүліктік қатынасы
бойынша сақтандыру мүдделерін қорғау болып табылады. Бұл ақша қорлары
сақтандыру көлемдерінен және заңда тыйым салынбаған өзге де кездерден
түскен қаржы арқылы қалыптасады.
Сақтандыру мынандай болып бөлінеді:
• міндетті дәрежелері бойынша: а) ерікті; ә) міндетті;
• сақтандыру объектісі бойынша: а) жеке; ә) мүліктік.
Міндетті сақтандыру – заң талабының күшімен жүзеге асырылатын сактандыру.
(Өз денсаулығын сақтандыру міндеті азаматқа жүктелмеуі керек).
Ерікті түрдегі сақтандыру – екі жақтан да өз еркімен жүзеге асырылатын
сақтандыру.
Азаматтың жеке басына байланысты өз өмірін, денсаулығын, жұмысқа
кабілеттілігі және басқа да мүдделерін сақтандыруы жеке басын сақтандыруға
жатады.
Мүлікті сақтандыру мен сол мүдделерге байланысты, азаматтық-құқықтық
жауапкершілік және кәсіпкерлік тәуекелдікті қосқанда – мүліктік
сақтаңдыруға жатады.
Азаматтығы жоқ, шетел азаматтары, өз қызметтерін ҚР аумағында жүзеге
асырып жатқан шетелдік заңды тұлғалар, ҚР заңды тұлғалары және
азаматтарымен бірдей сақтандыру құқығын пайдаланады.
Сақтандыру компанияларының пассивті және активті операциялары айрықша
сипатта болады да, банктердің осыған ұқсас операцияларынан өзгешелеу болып
көрінеді.
Сақтандыру компанияларының пассивтері заңды және жеке тұлғалардың
сақтандыру сыйақылары төлемдерінің есебі негізінде қалыптасады.
Өзге пассивті бап үлесі шамалы, оған пайда есебінен қалыптасқан
акционерлік капитал жатады.
Сақтандыру компанияларының активтік операциялары ірі компаниялар
жергілікті органдардың орталық банктің және Қаржы министрінің мемлекеттік
құнды қағаздарындағы инвестицияларынан, сонымен қатар полистік қарыздарынан
тұрады.
Активті және пассивті операцияларының нәтижесінде сақтандыру компаниясы
пайда алады. Сақтандыру сыйақысы мен сақтандыру төлемдерінің орнын толтыру
арасындағы айырмасының нәтижесіне операциялық шығындарды қосса
инвестициялық қызметке бағытталуы мүмкін сақтандыру қорын береді.
Сақтандыру компаниясының жарғылық капиталы сақтандыру төлемдерін өтеу мен
өзінің қызметін қаржыландыру үшін арналған.
Сақтандыру резервтері сақтандыру төлемдерінің есебінен құрылады және
сақтандыру келісімшарты бойынша тек қана өздерінің міндеттемелерін атқаруды
қамтамасыз ету үшін арналады.
Компания меншікті капиталы, басқа да міндеттемелер мен сақтандыру
резервтерінен оның барлық активтерінің сомасын шегерудегі құны ретінде
анықталады.
Компания міндеттемесінің ең жоғары көлемі қайтадан сақтандырырылуда
немесе қайта сақтандырушының сақтандырудың жекелеген келісімшарты бойынша
сақтандыру резервтерімен меншікті капитал сомасының 10%-ынан аспайтындай
болу керек.
ҚР Қаржы ұйымдары және қаржы нарығын қадағалау мен реттеу бойынша
агентігі мемлекеттік уәкілеттік органы болып табылады.
Сақтандыру ұйымдарының қызметі ҚР Сақтандыру туралы заңымен реттеледі.
01.01.2007 ж. Қазақстанда 36 сақтандыру компаниялары жұмыс істеді.
Олардағы меншік капиталының тұтастай жиынтығы – 29,6 млрд теңге, жарғылық
капиталы – 17,7 млрд теңге, сақтанда ФУ төлемінің шығыстары - 6,7 млрд
және сақтандыру сыйақысы – 40,0 млрд теңге шамасында, олардың ішінде
міндетті сақтандыру – 4,4 млрд, ерікті жеке басын сақтандыру – 4,5 млрд,
ерікті мүлікті сақтандыру – 31,0 млрд теңгені құрады. Сақтандыру
сыйақысынын халықтың жан басына шаққандағы қатынасы не бары АҚШ-тың - 20,0
долларын құрайды. Бельгияда - 3283, Австралияда – 203 , Чехияда – 364,
Сербияда – 41 доллардан келеді.
Инвестициялық қорлар – 7 шілде 2004 ж. ҚР Инвестициялық қорлар туралы
№576-11 заңына сэйкес инвестициялық үлестік жарна немесе акционерлік қоры
(ИҚ) құрылған болатын.
Қазақстан Республикасында инвестициялық қордың екі түрі бар:
1) акционерлік инвестициялық қор (АИҚ);
2) үлестік жарна инвестициялық қоры (ҮЖИҚ); олар келесі формада болуы
мүмкін: ашық, аралық немесе жабық.
Ашық ҰЖИҚ ҚР Инвестициялық қорлар туралы заңында белгіленген тәртіп пен
шарт негізінде компания басқарушысынан оның үлестік жарна иесіне үлестік
жарнасын сатып алуды талап ететін құқықты ұсынады. Осы инвестициялық қордың
(ИҚ) ережесіне сай екі аптада бір рет, ал ҰЖИҚ аралығында -ұзартпай жылына
бір рет сатып алу ұсынылады. Жабық ҰЖИҚ оның үлес жарнасының иеленушісіне
осы қордың үлес жарнасын иеленушісінен жалпы жиналысына қатысу құқығын
табыс етеді. Сонымен қатар қордың қарастырылған ережесімен үлес жарнасы
бойынша және шарт тәртібінде дивиденттерді алуды ұсынады.
Қорыта айтқанда, маманданған несие-қаржы институттары кез келген
мемлекеттің несие жүйесінің құрамдас бөлігі. Бұл институттардың
коммерциялық банктерден негізгі өзгешелігі – халықтың жинағын тарту
арқылы ресурс жинақтау, ал коммерциялық банктер өз пассивтерін негізінен
заңды тұлғалардың уақытша бос қаражатын тарту аркылы кұрастырады. Біздің
мемлекетте "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы"
Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы бойынша банктік
емес мекемелерге депозиттер қабылдауға қатаң тыйым салынған, сондықтан
Қазақстанда тікелей халықтан депозит жинақтайтын, банктік емес
институттардың кең тарауы мүмкін емес.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЖАҒДАЙЫНА
ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасында несие жүйесінің қалыптасуы және дамуына
сипаттама
Қазіргі заманғы мемлекеттің қажылық және ақша несиелік саясаттық әрекеті
ғылым теоретикалық база мен шынайы экономиканы түбегейлі зерттеуге
негізделді. Осыған байланысты 1986-1993 ж.ж нарыққа өту кезеңіндегі
Қазақстандағы қаржылық және ақша несиелік қатынастарды талдап көрейік.
Республикада нарыққа өту кезеңіндегі объективті экономикалық шарттамалармен
шынайы өзгерістерді есепке алмасақ, талдау толық болып шықпайды. Олар калай
мінезделеді?
Алғашқы кезең (1986-1989 ж.ж) бұрынғы жылдар экономикасына сыни
көзқараспен қарау, жедел дамуға бағыт алу, өндірісті интенсификациялау,
толық жеке есеппен өзін-өзі қаржыландыру, жалақы өсімі тыйымын алып тастау,
өндірістік-техникалық өнімдері мен тұтыным тауарларына келісімдік баға қою.
Екінші кезең (1990-1991) экономиканы қаржылық тұрақтандыру мен
республикада нарықтық қатынастарды енгізуге байланысты жедел шаралар
бағдарламасын қабылдау. Халыққа ақша құралдарын өсіммен беру, қолма-қол
ақшаны ұстау, өндірістік құрылысқа бюджет тарапынан бөлінетін ақша көлемін
қысқарту. 1990 ж. бастап республикада өндірілген ұлттық кіріс он екінші
бесжылдықта 1989ж. салыстырғанда 4,4% қысқарды. өндірістің құлдырауы
экономиканың барлық сфераларын қамтиды, бұл тек тұтыну тауарларының ғана
емес, өндіріс өнімдеріне де қажеттілік туғызады.
Үшінші кезең (1992 және одан кейінгі жылдар) 1992ж. 2 қаңтарында
Қазақстан Республикасында нарықтық экономикаға өтудің алғашқы қадамдары
жасалды: тұтыну тауарлары мен өндіріс құралдарының көбінің бағасы
төмендеді. 1991ж. аяғында жағдайдың ауырлап кеткендігі соншалық, кейбір
өндірістік орталықтар мен қалалар жапа шейн жатты, ал БАҚ, ТМД барлық
елдері, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz