Мектепке дейінгі балаларды туған жердің табиғатымен таныстыру және экологиялық тәрбие беру


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
«Жеке пәндер әдістемесі» пәнінен
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Мектепке дейінгі балаларды туған жердің табиғатымен таныстыру және экологиялық тәрбие беру
Орындаған:
Тексерген:
Қарағанды - 2017ж
ЖОспар
І Кіріспе . . .
ІІ Негізгі бөлім
І-Тарау. Мектепке дейінгі балаларды туған жердің табиғатымен
таныстырудың теориялық-әдіснамалық негізі . . .
- Мектепке дейінгі жастағы баланы туған жер табиғатын сүюге,
табиғатты қорғауға тәрбиелеу . . .
1. 2 Мектепке дейінгі балаларды туған жер табиғатымен таныстыруда
логикалық тапсырмаларды пайдалану негізі . . .
1. 3 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыруда
тәрбиешінің ұйымдастыратын жұмыс түрлері . . .
ІІ-Тарау. ІІ-Тарау. Мектепке дейінгі балаларға экологиялық
тәрбие берудің маңыздылығы және әдістемесі . . .
2. 1 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру
маңыздылығы . . .
2. 2 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру
әдістемесі . . .
2. 3 Мектепке дейінгі экологиялық оқыту, тәрбиелеу үрдісін ойын
арқылы дамыту . . .
ІІ Қорытынды . . .
ІІІ Пайдаланылған әдебиеттер . . .
3
5
5
8
12
18
18
21
27
29
31
Кіріспе
Өзіңнің туған ауылыңның, қалаңның табиғатын сүю, тұрған жеріңді қадірлеу-Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастырудың, патриоттық сезімге тәрбиелеудің негізі. Табиғатқа ұқыпты қарауға, оның байлығын молайтуға деген ынталылықты ең балғын шақтан бастап тәрбиелеу қажет. Тәрбиешінің алдында тұрған міндет-балаларды табиғатқа араластыру, оны сезім мен әрекет арқылы қабылдауға мүмкіндік беру. Балаларды табиғатты бақылауға, оның қарапайым көріністеріндегі керекті бейнелерді көре білуге, жануарлармен және өлі табиғат құбылыстары арасында көзге көрінетіндей байланыстар орната білуге үйрету қажет. Егерде тәрбиеші жергілікті жердің табиғаты мен ондағы ересек адамдардың қызметін өзі білген жағдайда ғана, бұл міндеттерді орындай алатын болады. Баланың қоршаған шындықты тануы- табиғаттағы заттармен құбылыстардың оның сезім мүшелеріне әсер етуі процесінде көрінетін түйсіктен басталады. Балаларды табиғатпен таныстырудың негізінде көрнекілік, табиғаттағы заттар мен құбылыстардың, олардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі тиіс деуге болады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатпен таныстыру әдістерінің жалпы сипаттамасы. Табиғатты тануға және балалардың әр-түрлі дағдылармен іскерлікті алуына басшылық ете отырып, сан алуан әдістер мен тәсілдерді қолданады. Әдістер мен тәсілдерді таңдап алу программаның мазмұнына және мектеп жасына дейінгі балалар айналасындағы табиғатқа бақылау орнына, объектіге, сондай-ақ балалардың жасына, олардың жинақтаған тәжірибесіне байланысты болмақ. Дидактикалық ойы н, көрнекіліктерді, ойыншықтарды көрсету - балалардың табиғатты тануына үлкен роль атқарады.
Курстық жұмыстың өзектілігі мынада, т абиғаттың ғажайып құбылыстарымен таныстыру, олардың мән-мәнiсiн ұғындыру арқылы жас жеткiншектердi жан-жақты тәрбиелеуге, нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейiнiн, ойын, тiлiн дамытуға болады. Сонау ерте замандардан бермен қарай талай-талай ғұламалар, ойшыл педагогтар табиғатты тәрбие құралы деп қарағаны, осы тарапта қыруар енбектер қалдырғаны осының айғағы. Шығыстың екiншi ұстазы атанған Әл - Фараби, Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаевтың мұралары, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев еңбектерi ересен қазына. Қазақстан атырабында тұңғыш балабақшалардың ашылуына атсалысқан Нәзипа Құлжанованың мақалалары мен талаптары да назар аударарлық. Арғы - бергi ұлы педагогтардың қай - қайсысы болмасын ақыл - ойдың, тiлдiң дамуындағы табиғаттың алатын орнын айрықша бағалаған. Солардың бәрi ұрпақ тәрбиесi дейтiн ұлы мұратты жүзеге асыруда бiзге жол сiлтейдi, демейдi.
Ал егер республикада мектеп жасына дейiнгi балаларға табиғат жайында ұғым беру мәселесiн нақтылай сөз етсек, бiзде бұл мәселе әлi де болса түбегейлi зерттеле қоймағанын, жете дәйектелмегенiн мойындауымызға тура келедi. Осыған сай курстық жұмысымның тақырыбын: «Мектепке дейінгі балаларды туған жердің табиғатымен таныстыру және экологиялық тәрбие беру» деп алуыма негіз болды.
Курстық жұмыстың мақсаты - мектепке дейінгі мекемелерде балаларды туған жердің табиғатымен таныстыру және экологиялық тәрбие берудің теориялық-әдістемелік негізін зерделеу.
Зерттеу мақсатына жету үшін курстық жұмыстың құрылымы мен зерттеу логикасын анықтайтын мынадай міндеттер қойылған:
- мектепке дейінгі жастағы баланы туған жер табиғатын сүюге, табиғатты қорғауға тәрбиелеуді негіздеу;
- мектепке дейінгі балаларды туған жер табиғатымен таныстыруда логикалық тапсырмаларды пайдалану негізін талдау;
- мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыруда тәрбиешінің ұйымдастыратын жұмыс түрлерін зерделеу;
- мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру маңыздылығын негіздеу;
- мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру әдістемесіне тоқталу болмақ.
Жұмыстың зерттеу пәні: туған жер табиғатымен таныстыру мен экологиялық білім беру әдістемесі.
Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі: туған жер табиғатымен мектепке дейінгі балаларды таныстыру үрдісі.
Курстық жұмыстың әдіснамалық негіздері ретінде «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қазандағы N 3300 Заңы, «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi N 160 Заңы, Қазақстанның жануарларға арналған 1996 жылғы Қызыл кітабы, Қ. Ә. Әлімбетовтың «Табиғатты пайдалану және оны қорғау», А. Ф. Ковшарь. Қазақстан Қызыл кітабы беттерінен. Омыртқалы жануарлар, Дәрібаев Ж. Е. Экология негіздері сияқты еңбектер қолданылды.
Жұмыстың теориялық мәні . Мектепке дейінгі балаларды туған жер табиғатымен таныстыруда логикалық тапсырмаларды пайдалану негізін талдауға машықтанасың; мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыруда тәрбиешінің ұйымдастыратын жұмыс түрлерімен танысасың; мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру әдістемесін игересің.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы болашақта балаларды туған жер табиғатымен таныстыруда алғашқы теориялық құрал болмақ.
І-Тарау. Мектепке дейінгі балаларды туған жердің табиғатымен таныстырудың теориялық-әдіснамалық негізі
1. 1 Мектепке дейінгі жастағы баланы туған жер табиғатын сүюге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу
Табиғатты қорғау - біздің парызымыз. Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдына елестете отырып, өзің бір керемет сезімге бөленесің. Табиғаттың бар әсемдігін, бар кереметін, оның әрбір әсерін сөзбен де, жазумен де жеткізу оңай емес. Оның керемет көрінісі жаныңды тербетеді. Бұлттары аппақ мақтадай, шөптері жасыл кілемдей төселген. Табиғатты танып білу, мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиенің маңызы зор. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейінгі барлық адамзат табиғатты аялап, құрметтеп, қамқорлық жасап өмір сүруді адамшылық міндетім деп түсіну үшін барша жұрттың экологиялық білімі жоғары болуы тиіс. Сонда ғана табиғатты аялап, қамқорлық жасап, қорғау арқылы табиғат байлықтарын дұрыс пайдалана алады. Экология деген ұғымда «табиғат» және «тану»деген мағынада түсінген жөн. Балабақшадаға айналаны қоршаған табиғат жағдайындағы, ұғымды қабылдап танысу, серуенге шыққанда табиғаттың құбылысын бақылап зерттеп білу, табиғи байлықтарды қалай пайдалану жолдары түсіндіріледі.
Табиғат құбылыстарымен жақын таныстыру баланың күн сәулесінің нұрын, судың сылдырын, жапырақ сыбдырын, құстардың сайраған үнін түсіне білуге баулиды. Табиғат бізді қоршаған орта. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Халықтық тәрбие тағылымындағы асыл мұралардың бірі -табиғатқа үлкен құрмет, зор ілтипатпен қарауы, сондай-ақ, оны көздің қарашығындай сақтап жас ұрпаққа тәрбиелік маңызы бар әңгімелер, ұлағатты терең ойлар жеткізе білуінде. Үлкендердің балаларға «көкті жұлма», «құсты атпа», «су анасы-бұлақ», «судың да сұрауы бар»деген сөздерінде мағынасы терең, ауқымы кең философиялық терең ой, тәлім-тәрбиелік бастау жатыр.
Табиғат әсемдігін көріп, сезіне білу балалардың өмір тәжірибесін байытып, олардың эстетикалық талғамын дамытады. Бала сәби шақтан бастап-ақ халықтың бай мұрасын бойына сіңіріп өссе, табиғаттың сұлулығын қадірлеуге, қорғауға, сақтауға ынтасы зор болатыны белгілі. Бүгінгі күні адамзаттың алдында тұрған басты мақсаттардың бірі-өзімізді қоршаған табиғи ортадағы жан-жануар, өсімдік, өзен-су, ауа және орман тоғайларды қолдан келгенше табиғи күйінде сақтап, болашақ ұрпаққа қаз-қалпында қалдыра білу болып табылады.
Туған жеріміздің табиғатына жанашырлық жасап аялау және қорғау барлығымыздың міндетіміз, келешек ұрпақ алдындағы парызымыз. Балалар күнделікті табиғатпен және неше түрлі жаңалықтармен кездеседі. Сондықтан балаларға табиғаттың сұлулығын, жаңалығын түсініп, жан-дүниесімен қабылдап және табиғатты сүйіп қорғауды үйрету-әрбір тәрбиешінің басты міндеті болып табылады.
Қазақстаның қай жерлерінде де орман көп. Орманға барған кезде экологиялық ережелерді сақтау қажет. Орманда айқайлауға, қалдықтарды тастауға, от жағуға, құстар мен аңдарды үркітуге болмайды. Жабайы аңдар далада, орманда және таулы жерлерде мекен етеді. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер-осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар құруына әкеп соғады. Қаскерлердің қолынан қаншасы қырылып жатыр. Сондықтан біз өз табиғатымызды ерекше күтуіміз қажет. Балалардың бойын тәрбиеші осыларды ұғындыру қажет.
Бүкіл әлемдік тіршіліктің төрт құдіретті негізі бар. Олар: күн ана, жер ана, ауа және су. Адамзат күнделікті тіршілігінде осы төрт құдіретке сүйенеді. Егер осы төрт негіздің біреуі болмасы тіршілік тоқтайды.
Күн - барлық тіршіліктің қүдіретті тірегі. Оның нұры - сәулесі, құдіретті күші - от. Әлемдегі барлық тіршілік оттың күшімен қозғалысқа түсіп адам өмірін өркендетіп тұр. Отты халық қастерлеп, «отты баспа», «отпен ойнама», «отқа түкірме» деп ырым, тиым жасап, кесір - қырсықты отпен аластап, отқа табынған.
Халық жер ананы әулие тұтады. «Батпағанға - жер жомарт», «Жері байдың - елі бай», «Туған жер - алтын бесік» деп жер ананы аялайды.
Жер - жаһандағы тіршіліктің нәрін сіңіріп, өмір сүрудің тірегі болып тұрған құдірет - су. Өмірге ең қымбат, ең қажетті болғандықтан, халық судың шығып жатқан жерін «әулие бұлақ» дейді. «Судыңда сұрауы бар» деп суды ысырап жасамау керектігін өз ұрпақтарына ескертіп отырған.
Жан дүниенің өмір ырғағын жасап тұрған келесі құдіретті нәрсе - ауа. «Ауа - өмір тынысы» дейді халық. Ең қымбатты, қажетті нәрсені «ауадай қажет» деп халық ауаны қымбаттың қымбаты деп бағалайды.
Туған жер - әрбір адамның жарық дүниеге шыр етіп келген мекені. Туған жердің барлық табиғи қадір - қасиеті ананың ақ сүтімен тұла бойына тарайды.
Туған жердің тағдыры біздің ата - бабамызды ерекше толғандырған. Олар өз ұрпақтарына осыншама кең алқапты алақанымен аялап, анталаған ата жаулардан аман алып қалған.
Атамекен - жанға жылы саябақ
Ар алдында күнә болар табиғатты аямау
Қанымызға сіңген екен ақ сүтімен ананың -
Туған жердің табиғатын аялау
Біздің ата - бабаларымыз бұлақтың көзін ашып, айналасына жасыл еккен. Әрбір ұрпақ үшін ата - бабаның туған жер табиғатын қорғау дәстүрі - әрі өнеге, әрі асыл мұра. Экология - мекен еткен табиғи орта туралы ұғым. Адам баласы ерте кезден өзінің тұрған мекенін таза ұстаған. Үйінің айналасына тал егіп, ауланың, көшенің тазалығына көңіл бөлген. Адамдар әрқашан табиғатқа бағынышты болып, оның ресурстарын өз қажетіне жұмсаған. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау - міндетіміз. Табиғат таза болса, біздің денсаулығымыз зор болады. Біздің қоршаған ортаныың әрбір кереметін балаларға жеткізіп, олардың санасындағы алуан түрлі ойларын, қиялдарын оятып және одан әрі тәрбиелеу қажет.
Табиғат - сұлулықтың мәңгі бақи таусылмас қайнар көзі, ол эстетикалық тәрбие берудің ең маңызды құралдарының бірі болып саналады. Ол қаншама рухани байлық, қаншалықты жан дүниені тазартатын жағымды әсер беретінін айтпаса да түсінікті. Баланың табиғатқа деген қызығушылығын арттыра отырып, табиғаттағы мерзімдік құбылыстар жайлы, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі жайлы түсініктерін қалыптастыру ісі жалғастырылады . Сондай-ақ табиғат құбылыстарын мұқият бақылауға және олардың арасындағы байланысты анықтауға, табиғат әдемілігін сезініп, сүйе білуге, өсімдіктер мен жануарларға қамқорлықпен сүйе білуге, өсімдіктер мен жануарларға қамқорлықпен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді. Мысалы:гүлдерді баспай айналып өту, кесілген және уақытша жұлынып алынған өсімдіктерді суға салып қою, құстардың және басқа да жануарлардың қасында өзін байсалды ұстау, тірі жәндіктерге қамқорлық жасау. Балаларды жанды -жансыз табиғатпен одан әрі таныстыра отырып, олардың құбылыстары жайындағы бастапқы нақты ұғымдарды қалыптастырады. Ағашты бей берекет кесуге, жылдың құрғақ кезінде от жағуға тыйым салынуы, көктемдежәне жазда балапан шығарар кезде құстарды аулауға тыйым салынуы, жабайы аңдарды қыста қосымша азықтандыру арқылы табиғатты қорғау жүзеге асырылатыны айтылады. Қазақ халқының педагогикасындағы асыл мұраның бірі табиғатқа деген аса зор сүйіспеншілігі мен оған деген асқан адамгершілік қасиеті, қазіргі экологиялық мәселелер бүкіл адам баласын ойландырып отырған кезде халқымыздың бұл салада қалдырған тағылымдылық та, тәрбиелік те мәні зор асыл мұраларына көңіл бөлу ерекше қажет.
Табиғат-тіршілік-көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Бау-бақшада өскен жеміс-жидектердіңиісі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады. Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонар. Табиғат жайлы өнегелі сөздер, мақалдар мен өлең-шумақтарында жырлаған ақындарымыз көп. Табиғат көркемдігін ақ қағаз бетіне түсірген ақындарымыз оның құдіретін білген. Сол өлең жолдарын болашақ ұрпаққа, яғни бізге қалдырып отыр. Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланысты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер беруде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді. Үлкен-кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажетекені баршамызға мәлім.
Таза болса табиғат- Аман болар адамзат, -деп ақынымыз
Фариза Оңғарсынова айтқандай, қоршаған ортаның, табиғаттың неғұрлым таза болуы-адамзат денсаулығының мықты болуының кепілі. Яғни, адамдардың амандығы, көтеріңкі көңіл күй мен ерекше шабытта, күш-қуатта болуы табиғат тазалығымен тікелей байланыста. Сондықтан да табиғаттқа немкетті қарау, онымен санаспау-ана сүтін ақтамағанмен пара-пар. Барша байлықтың анасы - Жер. Жерді күтіп баптай білу, оның қойнауынан қазба байлықтарын игеріп ала білу, табиғат пен қоршаған ортаны түлетіп, гүлдендіре білу өз қолымызда деп Ыбырай Жақаев атамыз айтқандай, Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін естен шығармауымыз керек.
1. 2 Мектепке дейінгі балаларды туған жер табиғатымен таныстыруда логикалық тапсырмаларды пайдалану негізі
Қазіргі таңда жас ұрпаққа тәрбие берудегі басты мақ-сат ұлттық рухы жоғары, өз Отанын, туған жерін сүйе бі-летін азамат тәрбиелеу. ХХІ ғасыр жеткіншегі дене, руха-ни ойлау жағынан жан-жақты, өз-өзіне басшы, кез-келген сәтте шешім қабылдай алатын жеке тұлға болуы тиіс. Оған “Еліміздің білім беру жүйесінің Қазақстанның бәсе-кеге нақты қабілеттілігіне қол жеткізудегі негізгі міндет-тері - Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назар-баевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы “Қазақстанның әлем-дегі бәсекеге қабілеттілігі 50 елдің қатарына кіру стра-тегиясы” атты Қазақстан халқына жолдауы” негіз болады.
Бұл үшін тәрбиешінің шығармашылдығы, жаңашылдығы, көп ізденісті қажет етеді. Ал мектепке дейінгі оқытуда білім, білік дағдыларымен қатар тәрбие жұмыстарының сан алуан, қызықты, тартымды, баланы қажытып алмайтындай жұмыс түрлерін жүргізу тәрбиешіден шеберлікті талап етеді.
Мектепке дейінгі шақта бала бойына білім мен білік-тілікті, шығармашылық пен ізденімпаздықты, қабілеттілік пен іскерлікті, еңбек сүйгіштікті, танымдық қасиеттерді жинақтап дамыту барысында табиғатпен тереңірек таныстырудың ерекше орны бар екенін мәлім. Бала өмірінің алғашқы жеті жылы - денсаулықтың, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және экологиялық дамудың негіздері қаланатын өте маңызды кезең.
Балаларды табиғатпен таныстыруда алдымызда мнандай мақсат тұрады: балалардың табиғатқа деген көзқарасын дамыту, өлі және тірі табиғатпен таныстыру, ол туралы өз ой-пікірін айтуға үйрету. Өз өлкеміздің аң-құстарын, өсімдіктерін таныту, қорғауға, әсемдігін көруге, сезінуге, пайдасын түсінуге тәрбиелеу.
Міндеттері: 1. Болашақ табиғат жанашыры болатын ұрпақ тәрбиелеу.
2. Мектепке дейінгілердің экологиялық көз қарастарын
кеңейту және жүйелеу.
3. Тәжірибелер жасау және алған нәтижеден
тұжырым шығаруға үйрету.
4. Шығармашылықты, елестету мен ойлауды дамыту.
Баланы мектеп жасына дейінгі кезеңнен өзі өсіп-өне-тін ортасын, қоршаған табиғатын бағалай білуге және оларға дұрыс қарауға үйретудің маңызы зор. Ол үшін оқытудың бүкіл үрдісіне экологиялық білімдерді енгізген жөн. Күштемеу, сүйіспеншілік, шындықты білуге талаптану және парасатты мінез-құлық сияқты адамдық қасиеттерді тану үрдісінде балалар адамның табиғат алдындағы жауапкершілігін түсіне біледі. Күштемеу деген табиғатқа жасалып тұрғанның кез-келгеніне мейлі ол ағаш, көбелек, бұтақ болсын оларға ешбір зиян келтірмеу керек дегенді білдіреді. Балалар тірі атаулының бәрін бағалай білуі тиіс. Табиғатқа деген сүйіспеншілікті тек оның әсемдігімен масаттану және тынығуға жиі бару деп түсінбеу керек. Балалардың өздері де ағаштар отырғызуға, бұлақтардың көзін ашуға, ұя жасауға қатысып, табиғатқа зиян келтіретін тұрмыстық қалдықтардан құтылудың тәсілдері туралы сұрақ-тарға жауаптар іздейді.
Сайф Сарай: - “Ағаштың жемісін жеймін десең, түбіне балта шаппа…” - деген екен. Жас бала тамылжыған табиғатқа, әсем әуенге, айналадағы әсемдікке қызығады, содан әсерленеді, көркемдікті түсініп, оның мәнін түсі-неді, әсемдікті танып, талғауды үйренеді. Мысалы: Балаларды гүлдермен таныстыру кезінде, олар олардың түрлерімен, пайдасымен тапсырмалар арқылы танысып, хош иісімен далаға берер әсемдігін көреді, сезінеді. Осы сұлулықты бұзғылары келмейді. Оны елестету арқылы парақ бетіне өз қиялдарынан бейнелеп салады.
Айналамен таныстыру
Көркемәдебиет
Сурет Қарапайым математи калық түсініктерді қалыптастыру Ойынәрекеттері
Экология Еңбекқызметі
Мектеппен байланыс
Сурет 1. Жоспарлы - прогностикалық оқыту үрдісінің біріккен сұлбасыӨлі және тірі табиғат нысандарына деген қызығушы-лық өте ерте жастан қалыптаса бастайды. Балалар бәрін байқайды: орман алқабындағы еңбекшіл құмырсқалар илеуін қалың шөптегі кіп-кішкентай өрмекшіні, ағаш басындағы ұяларды т. б.
Балалардың көңілін табиғаттағы маусымдық өзгерістер, түстердің ашықтығы, әр түрлі дыбыстар, иістер тартады. Олар өздеріне жаңа әлем ашады: барлығын қолмен ұстап қарауға, иіскеуге, егер жағдай болса дәмін көруге тырысады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz