Табиғат, оның адам өміріндегі маңызы


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі

«Жеке пәндер әдістемесі» пәнінен

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Табиғат, оның адам өміріндегі маңызы

Орындаған:

Тексерген:

Қарағанды - 2017ж

ЖОспар

І Кіріспе . . .

ІІ Негізгі бөлім

І-Тарау. Табиғат, оның адам өміріндегі маңызын зерделеудің

теориялық-әдіснамалық негізі . . .

1. 1 Табиғаттың адам өміріндегі маңызы . . .

1. 2 Адамның табиғатпен байланысы . . .

1. 3 Адам мен табиғаттың даму заңдары -тұлғаның өзін-өзі тануы мен

дамытуының негіздері . . .

ІІ-Тарау. Табиғат ресурстарының адам өміріндегі маңызы . . .

2. 1 Ауаның адам, өсімдіктер мен жануарлар өміріндегі маңызы . . .

2. 2 Адам өміріндегі және шаруашылық қызметіндегі судың маңызы . . .

2. 3 Топырақтың адамзат үшін маңызы . . .

2. 4 Қоршаған ортаның ластануының, адам денсаулығына әсері . . .

іІІ Қорытынды . . .

ІV Пайдаланылған әдебиеттер . . .

3

5

5

8

9

13

13

17

21

30

33

35

Кіріспе

Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,

Табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ»

Табиғат! Осы бір жүрекке жылы, көңілге қонымды естілетін салиқалы сөзге қаншама мазмұн, терең мағына, ұлағатты мол, тұжырымы кең ой жатыр десеңші!

Табиғат-күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі, құт-берекесі. Ал адам үшін табиғат ең қасиетті де қастерлі ұғым. Өткені адамның өзін дүниеге келтіретін аяулы Анасы, сондықтан да адамның табиғатты Ана деп құрметтеуінде өте үлкен ұғым жатыр.

Қазақ халқының бар өмірі тіршілігі табиғатпен тікелей етене байланыста өтіп келеді. Сан ғасырлар бойы халқымыз сол өзін аялаған табиғат аясында тіршілік ете жүріп оның саналуан құпия сырларына көңіл бөлді және сол туралы орынды пікірлерге келді Халқымыздың табиғат жөніндегі ой-пікірлері табиғат құбылыстарымен, заңдылықтарымен үнемі үндесіп жатты. Халық өзін табиғаттың бөлінбес бір бөлшегі, құрамдас тобы деп есептеледі. Сондықтан да табиғатпен бірлікте өмір сүруі қажеттігін ерте кезден-ақ сезіне біледі. Табиғаттың қатаң жағдайына, түрлі өзгерістеріне сай көшіп-қонып жүріп, өз шаруашылығын табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырды және табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық қажет екендігін ерте сезінді. Осыған орай халқымыздың да мінез-құлқы бірте-бірте қалыптасып, ондай қасиеттер атадан-балаға, ұрпақтан ұрпаққа асыл мұра ретінде жеткізіліп отырды.

Қазақ халқының халық педагокикасындағы асыл мұраларының бірі-табиғатқа деген аса зор сүйіспеншілігі мен оған деген асқан адамгершілік қасиеті болды. Халық ұғымында табиғат деген қасиетті сөз, туған жер, өскен ел, атамекен, аяулым деген тұла бойыңа нәр беріп, жүрегіңді шымырлататын аса қымбат сөздермен қатар тұрады

Курстық жұмыстың өзектілігі мынада, адамзат қоғамы мен табиғи орта арасындағы қарым-қатынас қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Экологиялық жағдай дың нашарлауы қоршаған ортадағы қайтарымсыз табиғи өзгерістерге әкеліп соғып отыр. Айталық, климаттың жылынуы, өзен-көлдердің суының азаюы, мұздықтардың еруі, сел тасқындардың жиі қайталануы, биологиялық алуантүрліліктің азайып, тіршіліктің жұтаңдануы және т. б. ғаламдық экологиялық проблемалар адамзат баласының болашағына деген алаңдатушылық туғызып отырғаны сөзсіз.

Табиғатты қорғау мен аялауды, табиғаттың адам өміріндегі маңызын балабақшадан балаларымыздың санасына сіңірмесек ертең тым кеш болатыны белгілі. Осыған сай курстық жұмысымның тақырыбын: «Табиғат, оның адам өміріндегі маңызы» деп алуымызға негіз болды.

Курстық жұмыстың мақсаты - табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығын негіздеп, оны сақтап қалу шараларын зерделеу.

Зерттеу мақсатына жету үшін курстық жұмыстың құрылымы мен зерттеу логикасын анықтайтын мынадай міндеттер қойылған:

- табиғаттың адам өміріндегі маңызына тоқталу;

- адамның табиғатпен байланысын негіздеу;

- адам мен табиғаттың даму заңдары -тұлғаның өзін-өзі тануы мен дамытуының негіздерін қарастыру;

- ауаның адам, өсімдіктер мен жануарлар өміріндегі маңызына тоқталу;

- адам өміріндегі және шаруашылық қызметіндегі судың маңызын негіздеу;

- топырақтың адамзат үшін маңызын анықтау;

- қоршаған ортаның ластануының, адам денсаулығына әсеріне тоқталу болмақ.

Зерттеу объектісі: табиғат элементтерінің адам өмірінде алатын орны, маңызы.

Зерттеу пәні: табиғаттың адам өмірі үшін маңыздылығын көрсететін элементтерін айқындау.

Курстық жұмыстың әдіснамалық негіздері ретінде «Мәңгілік Ел» мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілік тәрбиелеу бойынша ұлттық идея мәнмәтінінде әдістемелік ұсынымдар, «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi N 160 Заңы алынды. Адамгершілікке тәрбиелеу мәселелері Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, С. Көбеев, М. Дулатов, А. Байтұрсынов секілді қазақ ойшылдарының, К. Д. Ушинский, В. А. Сухомлинский, А. С Макаренко сияқты көрнекті педогогтардың еңбектерінде кең талданған.

Жұмыстың теориялық мәні . Табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығын дәлелдейтін нақты ғылыми-тәжірибелік мағлұматтармен танысу.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы, жұмыстағы айтылған табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығын ескере отырып, табиғатты ары қарай сақтап қалу үшін әдістемелік ұсынымдарға негіз ретінде пайдалануға бағытталған.

І-Тарау. Табиғат, оның адам өміріндегі маңызын зерделеудің теориялық-әдіснамалық негізі

1. 1 Табиғаттың адам өміріндегі маңызы

Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.

Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.

Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.

«Су ішкен құдығыңа түкірме»

«Бұлақ көрсең, көзін аш» - деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.

Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы, найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.

Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы - осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.

Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.

Табиғат қүбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика негізінен механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.

Физика басқа да жаратылыстану ғылымдарымен өзара тығыз байланыста болады. Мәселен, географияда физика заңдарын өзендердің қалай ағатынын, желдің қалай пайда болатынын түсіндіру үшін қолданады. Сол сияқты биологияда физика заңдарын пайдаланып, хайуанаттардың қалай қозғалатынын және көру мүшелерінің қалай жұмыс жасайтынын түсіндіреді.

Сондықтан физика заңдары мен құбылыстарын инженерлер, конструкторлар, дәрігерлер, агрономдар, көлік жүргізушілер және т. б. көптеген мамандар оқып пайдаланады.

Астрономия ғылымы физика заңдарына сүйеніп, бақылайтын аспан денелері мен құбылыстарының табиғатын түсіндіреді. Олардың қасиеттері мен көрінісін ұғындыруға, құбылыстардың себеп-салдарын ашуға тырысады.

Мысалы, физика мен астрономияға ортақ құбылыстар - күн мен түннің ауысуын және Күннің түтылуын қарастырайық. Жарық күн мен қараңғы түннің алма-кезек ауысуының себебі Жердің өз осінің төңірегінде үздіксіз айналуы болып табылады.

Жер өз осін бір тәулікте (24 сағатта) толық бір айналып шығады. Жердің айналуы барысында оның Күн сәулесі түскен беті жарық болады да, ал қарсы көлеңке бетін түн басады. Сөйтіп күн мен түн үнемі алмасып отырады.

Ертеде адамдар күн мен түннің алмасуын Жерді төңіректеп Күннің айналуынан деп қате түсіндірген. Шындығында, Жер бір жылда (365 тәулікте) Күнді бір рет айналады. Жыл мезгілдерінің ауысуы Жердің Күн төңірегіндегі қозғалысына байланысты туындайды.

Күннің түтылуы да табиғат құбылыстарының бірі болып табылады.

Ал табиғатпен адам қатар ұғым. табиғатсыз адам, адамсыз табиғат өмір сүруі мүмкін емес. Себебі адам өз керектісін, қажеттісін табиғаттан табиғи күйінде немесе өндіріп алады. Адам табиғаттын бір бөлшегі болып табылады.

Табиғатты қорғау, табиғатты сақтау болашақ жастар біздің қолда

Таза болса табиғат - аман болар адамзат

Табиғат, сен - тіршілік, тұнып тұрған,

Сен - күнсің, көтерілген күліп қырдан,

Сен - көлсің,

Сен - ормансың,

Сен - бұлбұлсың,

Адамға сұлулықты шын ұқтырған, - деп ақын ағамыз Садықбек Хангелдин жырлағандай табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, алтын ұя бесігі, құт-берекесі.

Адам үшін табиғат - ең қасиетті де қастерлі ұғым. Өйткені, адамның өзін дүниеге әкелетін аяулы да қадірлі жаны анасы болса, адамның табиғаты «Ана» деп құрметтеуінде өте үлкен мән жатыр, Адам - табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Адамның табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес. Себебі, адам өзіне керекті, қоректі заттардың бәрін табиғаттан алады. Сондықтан табиғат пен адамды бөліп қарауға болмайды. Әсіресе, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін табиғатсыз елестету мүмкін емес. Сан ғасыр бойы халқымыз кең далада өзін аялаған табиғат аясында көшіп-қонып тіршілік еткен. Табиғаттың сан алуан құпия сырларына үңіліп, өзіндік ой түйген. Сол арқылы табиғат заңдылықтарына үндесіп, бірлікте өмір сүрген. Әсіресе, мал шаруашылығымен айналысқан халқымыз өз кәсібін табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырған. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екеніне ерекше мән берген.

Өкінішке орай, қазіргі таңда табиғатқа көңіл бөлінбей, жанашырлық танытылмай отырған жайы бар. Бүгінгі күн бүкіл адам баласын ойландырып отырған үлкен экологиялық мәселелер бар. Дүниежүзінде туындап
отырған ірі экологиялық зардаптарды айтпаған күннің өзінде, бір ғана өз елімізде шешуін таппай отырған экологиялық мәселелер ұшаң-теңіз. Семей полигоны мен Арал теңізінің құрғап кету мәселесін былай қойғанда, күнделікті ауа мен судың ластануы, ормандардың отқа орануы, кейбір жануарлар мен өсімдік түрлерінің жоғалып кету қаупі, тіпті, қоршаған ортаның көң-қоқысқа көмілуі - осының бәрі кезек күттірмейтін үлкен экологиялық мәселелер. Бұл мәселелердің адам өмірінде маңызы зор. Адам табиғатқа тәуелді әрі тығыз байланыста болғандықтан, аталған мәселелерді шешіп, өзі өмір сүріп отырған табиғат - үйіне қамқорлық жасауы тиіс.

Таза болса табиғат - Аман болар адамзат, - деп ақынымыз Фариза Оңғарсынова айтқандай, қоршаған ортаның, табиғаттың неғұрлым таза болуы- адамзат денсаулығының мықты болуының кепілі. Яғни, адамдардың амандығы, көтеріңкі көңіл күй мен ерекше шабытта, күш-қуатта болуы табиғат тазалығымен тікелей байланысты. Табиғаттың ластануы адам денсаулығына, өсімдіктердің өсуіне, жануарлардың тіршілік етуіне зиянын тигізеді. Әсіресе, ауа мен судың ластануы жоғары деңгейде. Негізінен ауа екі түрлі жолмен - табиғи және адамның іс-әрекет нәтижесінде ластанады. Ауаның табиғи жолмен ластануы вулкандар атқылағанда, тау жыныстарының үгітілуінен, шаңды дауылдан, орман өрттерінен болады. Алайда бұл ластану атмосферадағы газдардың тепе-теңдігін бұза алмайды. Ал, ауаның адамзат әрекетінің нәтижесінде ластануы атмосфера үшін ең қауіпті. Оларға өндіріс, көлік және тұрмыс қалдықтары жатады. Бұл кезде ауаның төменгі қабаты көбірек ластанады, өйткені оған өндіріс орындарының шаң-тозандары күнде қосылып отырады.

Бұл адам денсаулығы мен өсімдік, жан-жануарлар дүниесінің бірқалыпты тіршілік етуіне үлкен зиянын тигізіп отыр деген сөз. Сондықтан да ауаны ластамай таза ұстау - барлық адамзаттың алдына қойылып отырған түбегейлі міндеті.

Біз жас ұрпақ - табиғат қорғаны. Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап, анамыздай аялап келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек. Табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сол сұлулық пен әсемдікті талай ақын жырға қосып, небір әншілер ән арнаған. Сол сұлулықты, әсемдікті жоғалтпай қастерлеуіміз керек. Бұл жайында халқымыздың қалдырған тағылымдық, тәрбиелік мәні зор «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Бұлақ көрсең көзін аш», «Бір тал кессең, он тал ек» тағы да басқа ұлағатты сөздері, табиғатқа деген сүйіспеншіліктері қазіргі ұрпаққа үлгі-өнеге.

Бұл орайда жерлес ғұлама ғалымымыз Қаныш Сәтбаевтің: «Туған жердің тағдыры толғантпаған, жаны тебіреніп, ол туралы ойламаған жігітті қайтіп азамат дейміз? Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес» деген жан тебіренісі еріксіз ойға оралады. Ендеше, елім, жерім деген ел азаматы өз туған жерінің тағдырына немқұрайлы қарамай, қоршаған ортаның тазалығына атсалысуы тиіс. Табиғаттың адам үшін маңызы зор. Қазіргі таңда табиғатты қорғаудың түрлі жолдары қарастырылған. Бірінші жолы -түрлі заңдар шығарып, оны жүзеге асыру. Ұлттық пакртер, қорықтар санын молайту. Әрі «Қызыл кітапқа» енген өсімдік, жануар түрлерін қорғап, көбейту. Табиғатты тиімді және ұқыпты пайдалану. «Жасыл ел» ұйымының жұмысын нығайту, жандандыру.

Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда, адамзат баласы үшін табиғат - кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы табиғат-анаға қарыздар. Сондықтан да Табиғатқа немкетті қарау, онымен санаспау - ана сүтін ақтамағанмен пара-пар. Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.

1. 2 Адамның табиғатпен байланысы

Жер бетінде тіршіліктің пайда болғанына 4 млрд. Жылдан артық уақыт өтті. Ұзаққа созылған бұл мерзім ішінде бір жасушалы қарапайым ағзалардан құрылымыда, түр өзгешелігіде басқа өсімдіктермен жануарлардың таңғажайып түрлері пайда болды. Адамның өз табиғатына сай қоғам құра бастағанына он мың жылдай, ормандарды өртеп отырған темір мен пайдалы қазбаларды пайдалана бастағанына 4-5 мың жыл уақыт өтті. Ұзақ уақыт бойы адамдардың табиғатқа тигізетін әсері негізінен алғанда, халық санының аздығына және ғылыммен техниканың өте жай өркенденуіне байланысты тежеліп қалды.

Дамудың жоғары сатысына көтерілген аңшылар аң аулауды жеңілдету мақсатында ормандарды өртеп отырған. Аңшылар қолымен болған өрттер көптеген жерлердің өсімдігінің мүлдем өзгеруіне себепші болды. Бұл тым ертеде-ақ адам табиғаттың тепе-теңдігін күрт өзгертіп, бүтіндей алқаптардаң тозып кетуіне себепші болғанының айғағы.

Сонымен, алғашқы қалыптасқан табиғаттың тепе-теңдік процесі халық саны көбейіп адам жаңа техникалық құралдарды пайдалана бастады. Табиғатқа ырықсыз жасалған зорлықтың нәтижесінде құрлықтағы көптеген өсімдіктер мен жануарлар түрлері жер бетінен жойылып кетті . Кейбір жағдайда олар ертеңін ойламай өсімдіктермен жануарлар түрін әдейі немесе абайсызда құртқан адамның іс-әрекетіне байланысты болды. Ал басқа уақытта ол бүтіндей бір экожүйені өзгертумен, мысалы, орманды, қиыр батпақты құрғатумен байланысты еді. Себебі тек белгілі бір мекендерде ғана өмір сүре алатын көптеген өсімдіктермен жануарлардың тағдыры, сол жерлерге байланысты болған Сондықтанда, мұндай кездерде өсімдіктер мен жануарлардың түрлерінің тез жоғалып кеткені байқалмай қалатын. Жер шарының барлық аудандарында орман көлемінің азаюы, жалпы табиғат дағдарысын және топырақ эрозиясын туғызатыны белгілі. Орман азаюынан судың жер бетіндегі айналымы әлдеқайда жылдамдайды. Соның салдарынан топырақтың құнарлы қабатының шайылуы, егін мен жайылымдардың істен шығарылып, қатер туғызатын су тасқындарын жиілетті.

Қазба байлықтарын өндіру, өнеркәсіппен қалалардың санының өсуі ландшафтың өзгеруіне, топырақтың, судың ауаның түрлі өнеркәсіп қалдықтарымен ластануына әкелді.

XX ғасырда энергетиканың, химия өнеркәсібінің, транспорт қозғалысының дамуы биосфераға орны толмас өзгерістер әкелді.

Адамның іс-әрекеті нәтижесінде табиғи байлықтар азайып, биосфера түрлі өндіріс қалдықтарымен ластанып, табиғаттаға эко жүйелер бұзылып, климаттың өзгеруіне әкелді. Сөйтіп, аданың қоғам дамуының әртүрлі сатысында табиғатқа тигізетін әсері, оның байлықтарын пайдалануы әртүрлі жағдайда болды.

1. 3 Адам мен табиғаттың даму заңдары - тұлғаның өзін өзі тануы мен дамытуының негіздері

Қазіргі күндегі тәрбиенің негізгі мақсаты - тәрбиесі мен дамуы еркін, адамгершілікті мінез-құлық пен шығармашылықты іс-әрекет етуге дайын сабырлы және ымырашыл ойлауды меңгерген, қоғам және табиғат жөнінде ғылыми бай білімді тұлға. Бұл мақсатқа тұлғаның өзіндік еңбек жасамайынша қол жеткізу мүмкін емес. Дәл бүгінгі күндері тәрбие қысыммен болмайды, баланың өзі қатыспайынша, тәрбие жоқ, ол өзін-өзі ұйымдастырып, өзі міндет қойып, өзі әрекет ететін дамыған тұлға-тәрбие субъектісі - деген идеялар өзектілене түсуде. Міне сондықтан да тұлғаның өзіндік әрекеті мен оның өзін -өзі тәрбиелеуі - тәрбие жұмыстарының маңызды аспектілерінің бірі.

Адам жер бетіндегі жан иелері сияқты белгілі бір заңдар бойынша өмір сүреді, еңбек етеді, дамиды, жетіледі. Заңдар адамдар талап-тілегіне бағынбастан объективті түрде жүзеге асырылады.

Қазіргі адами білімнің негізгі идеялары төменгі заңдарға сүйене отырып түсіндіріледі. Олар адамды табиғаттың бөлінбес бөлшегі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді, сондықтан ол заңдарды меңгеру арқылы тұлға өзін өзі танып, өзін дамытудың басты шарттары мен тетіктерін тиімді пайдалануға үйренеді.

Өмір сүру заңы . Барлық жан иелері өзара байланысты, тірі жандар бір-бірінің арқасында өмір сүреді. Өмір - қастерлі, ал табиғат - біздің үйіміз. Табиғатпен адамның үйлесімділігі, оның өмірінің мақсаты, мәні, рухани дамуының қайнар көзі.

Бұл заң қоғамдық жүйелердің іске асырылуына да қатысты. Жер бетінен өсімдіктер мен жануарлар жойыла бастағанда адам кедейленеді, рухани таяздайды, ал елдер мен мемлекеттің, халық пен нәсілдер жойылғанда кедейлік тіпті меңдейді. Кез-келген қоғам қырып-жоюмен байымайды, бірігіп еңбек етумен, серіктестікпен, бірігумен көркейеді.

Тірі және өлі табиғаттың, биосфера және ноосфераның бірігу заңы . Адамдар Антей тәрізді туған жерден күш алып, шабыттанады. Бірақ, табиғаттан ала отырып, оған өсімімен бере де білу керек. Адам қолы арқылы жер адам қолы тимеген кездегіден де көбірек беруі шарт. Адамдар мәдениетті өз қолымен жасауға аса жауапты. Ғылым адамзатқа зиян жасауға пайдаланылмауы тиіс. Адам денсаулығына зияны бар нәрсені жасаудың бәрі - қылмыс.

Тепе-теңдік заңы . Барлық жанды нәрселер өмір мен өлім арасында өмір сүреді. Жердегі өмір жансыз материялардың алапат қақтығысынан пайда болды; мәңгілік болып көрінгенімен де ол нәзік; әртүрлі болып бөлінгенімен ол тұтас; онда өмір үшін күрес пен өзара байланыс шиеленіскен түрде; оның жаралуы бар, соңы да болады. Табиғаттың катаклизмдерінен, галактикалардың соқтығысынан немесе күннің әсерінен жер жоғалар болса, оның жөні басқа. Ал, жер бетіндегі өмірді гүлдендіру кезеңінде жеңіл ойлауға жол берушіліктен күйресе, ол басқа…

Басқа қажеттіліктерді іздей жүріп, жоғалтып алуымыз мүмкін. Жоғары мүдде бұл - Өмір. Осыны есте сақтаған жөн.

Биосфера - өмір бар жердің бетіндегі және атмосферадағы жұқа қабық.

Ноосфера - адам әрекеті саласы; басқаша техносфера, антропосфера, социосфера

Табиғи салдарлар заңы . Жамандықтан жамандық шығады, жақсылық жақсылықты көбейтеді. Басқаға жамандық ойлап, қатал да рақымсыз бола отырып, жақсылық күту дұрыс болмас. Адамзаттың табиғатқа, әлем мәдениетінің рухани құндылықтарына жасаған қылмыстық әрекеті жер бетіндегі өркениеттің күйреуіне әкеліп соғуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғатқа аялы қарым - қатынастарын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғат туралы түсінігін қалыптастыру
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың негіздері мен ерекшеліктері
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың ерекшеліктері
Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері
Бастауыш сынып окушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастырудың зерттелуі
Өзін-өзі тану пәні туралы ақпарат
Табиғаттың адам өміріндегі маңызы
Биоресурстар. Өсімдіктер дүниесі, олардың биосфера мен адам өміріндегі маңызы
Философия тарихындағы адам өміріндегі достықтың орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz