Әлемнің беталысы – «әмбебап өркениет»
1 Әлемнің беталысы . «әмбебап өркениет»
2 Батыстық гегемония
3 Тілдердің әлемге таралуы
2 Батыстық гегемония
3 Тілдердің әлемге таралуы
Қазіргі қоғамда әр түрлі өркениеттер тоғысып, бір-біріне ықпал еткісі келіп өңмеңдеп отыр. Соның салдарынан түрлі аймақтарда қарулы қақтығыстар да туындап жатады. Жүздеген, тіпті мыңдаған адамдардың өмірін жалмайтын осынау соғыс тоқтаусыз жүргізіліп келеді. Осы кезде әлемнің көптеген оқымыстыларының алдында барлық өркениеттердің де элементтері кездесетін, ешбір өркениетті жоққа шығармайтын, ортақ, әмбебап өркениет ойлап табу мәселесі туындайды. Алайда, оның табылуы – шиеленіскен түйіннің барлық тінін тарқатады деген де қате пікір. Сонда қайтпек керек?..
Кейбір ғалымдар қазіргі кезде «әмбебап өркениет» аталған нәрсе қалыптасып жатыр дейді. В.С.Найпаул «Біздің әмбебап өркениет» еңбегінде алғашқылардың бірі болып ат қойып айдар таққан бұл термин – әлемнің барлық түкпіріндегі адамдар жаппай қабылдаған наным-сенімдер, қалыптар, дәстүрлер мен институттар тәрізді жалпыға ортақ құндылықтардың өсімі мен адамзат баласының мәдени бірігуін білдіреді. Сонымен, қазіргі қоғамда әмбебап өркениет танылып жүрген процесстерді талдап көрелік.
Біріншіден, барлық қоғамдағы адамдар «кісі өлтіру – зұлымдықтың белгісі» деген іспеттес белгілі бір ортақ түсініктерге тоқтайды. Әдеттегідей, қоғамдағы көптеген адамдар «адамгершілік сезімі» сияқты жалпыға ортақ дұрыс пен бұрысты ажырататын моральдық шектерге ие. Егер, осыны әмбебап өркениет дейтін болсақ, бұл аса қажетті нәрсе. Бірақ, тың, әрі маңызды да емес. Өмір сүру тарихы барысында адам баласы кейбір іргелі құндылықтар мен институтарды жіктей алса, бұл оның мінез-құлқындағы белгілі бір шаманы айқындағанымен, ондағы өзгерістерден тұратын тарихты түсіндіріп бере алмайды. Бұдан өзге, егер Адам атаның кіндігінен өрбіген ұрпақтың бәріне ортақ әмбебап өркениет өмір сүретін болса, онда адамзаттың басты мәдени тұтастықтарының ішінде «адамзат нәсілі» деген терминнен өзге қандай терминдерді қолдануға болады? Адамзат – тайпалар, ұлттар және мәдени ұқсастықтарына қарай өркениеттерге бөлінген. Егер, «өркениет» терминін алып, адамдарға тән барлық нәрселерге тұтастай таңа берсек, онда олардың ірі қауымдастықтарын атайтын жаңа термин ойлап табуға тура келеді. Мысалы, «Өркениеттің жіңішке қабаты» мақаласында Вацлав Гавел «Біз қазір көптеген мәдениеттерді, халықтарды, діни әлемдерді, тарихи дәстүрлер мен күрделенген тарихи қатынастарды және олардың тасасында жатқан барлық нәрсені қымтап, жасырып отырған «қабаттық шабуылдан» да күштірек бір ғаламдық өркениеттің саясында өмір сүріп жатырмыз». Алайда, біз «өркениет» терминін ғаламдық деңгеймен шектеп, бұған дейінгі тарихында өркениет аталып келген жоғарыда көрсеткен мәдени бірігулерді «мәдениет» немесе «субөркениет» деп атайтын болғанның өзінде, тек мағыналық шатасуға ұрынатын боламыз. Сондықтан, бұл біздің таңдауымызға келмейді.

Әлемнің беталысы – әмбебап өркениет
Қазіргі қоғамда әр түрлі өркениеттер тоғысып, бір-біріне ықпал еткісі
келіп өңмеңдеп отыр. Соның салдарынан түрлі аймақтарда қарулы қақтығыстар
да туындап жатады. Жүздеген, тіпті мыңдаған адамдардың өмірін жалмайтын
осынау соғыс тоқтаусыз жүргізіліп келеді. Осы кезде әлемнің көптеген
оқымыстыларының алдында барлық өркениеттердің де элементтері кездесетін,
ешбір өркениетті жоққа шығармайтын, ортақ, әмбебап өркениет ойлап табу
мәселесі туындайды. Алайда, оның табылуы – шиеленіскен түйіннің барлық
тінін тарқатады деген де қате пікір. Сонда қайтпек керек?..
Кейбір ғалымдар қазіргі кезде әмбебап өркениет аталған нәрсе
қалыптасып жатыр дейді. В.С.Найпаул Біздің әмбебап өркениет еңбегінде
алғашқылардың бірі болып ат қойып айдар таққан бұл термин – әлемнің барлық
түкпіріндегі адамдар жаппай қабылдаған наным-сенімдер, қалыптар, дәстүрлер
мен институттар тәрізді жалпыға ортақ құндылықтардың өсімі мен адамзат
баласының мәдени бірігуін білдіреді. Сонымен, қазіргі қоғамда әмбебап
өркениет танылып жүрген процесстерді талдап көрелік.
Біріншіден, барлық қоғамдағы адамдар кісі өлтіру – зұлымдықтың
белгісі деген іспеттес белгілі бір ортақ түсініктерге тоқтайды.
Әдеттегідей, қоғамдағы көптеген адамдар адамгершілік сезімі сияқты
жалпыға ортақ дұрыс пен бұрысты ажырататын моральдық шектерге ие. Егер,
осыны әмбебап өркениет дейтін болсақ, бұл аса қажетті нәрсе. Бірақ, тың,
әрі маңызды да емес. Өмір сүру тарихы барысында адам баласы кейбір іргелі
құндылықтар мен институтарды жіктей алса, бұл оның мінез-құлқындағы белгілі
бір шаманы айқындағанымен, ондағы өзгерістерден тұратын тарихты түсіндіріп
бере алмайды. Бұдан өзге, егер Адам атаның кіндігінен өрбіген ұрпақтың
бәріне ортақ әмбебап өркениет өмір сүретін болса, онда адамзаттың басты
мәдени тұтастықтарының ішінде адамзат нәсілі деген терминнен өзге қандай
терминдерді қолдануға болады? Адамзат – тайпалар, ұлттар және мәдени
ұқсастықтарына қарай өркениеттерге бөлінген. Егер, өркениет терминін
алып, адамдарға тән барлық нәрселерге тұтастай таңа берсек, онда олардың
ірі қауымдастықтарын атайтын жаңа термин ойлап табуға тура келеді. Мысалы,
Өркениеттің жіңішке қабаты мақаласында Вацлав Гавел Біз қазір көптеген
мәдениеттерді, халықтарды, діни әлемдерді, тарихи дәстүрлер мен күрделенген
тарихи қатынастарды және олардың тасасында жатқан барлық нәрсені қымтап,
жасырып отырған қабаттық шабуылдан да күштірек бір ғаламдық өркениеттің
саясында өмір сүріп жатырмыз. Алайда, біз өркениет терминін ғаламдық
деңгеймен шектеп, бұған дейінгі тарихында өркениет аталып келген жоғарыда
көрсеткен мәдени бірігулерді мәдениет немесе субөркениет деп атайтын
болғанның өзінде, тек мағыналық шатасуға ұрынатын боламыз. Сондықтан, бұл
біздің таңдауымызға келмейді.
Екіншіден, әмбебап өркениет терминіне – өркениетті қоғамға тән,
оларды қарабайыр қоғам мен тағылардан айыратын қала, сауаттылық деген
сияқты ұғымдарды жатқызуға болады. Әрине бұл – он сегізінші ғасырдан
қалған, аталмыш терминді өте тар ауқымда түсіну. Өйткені, мұндай
құндылықтардың көкесін ХХІ ғасырда кез-келген мемлекеттен кездестіруге
болады. Бірақ әр елде әр түрлі деңгейде. Сонда бұл бәріне ортақ әмбебап
мәдениет бола ала ма? Жауабы белгілі – бола алмайды.
Әмбебап өркениет термині – үшіншіден, Батыстағы көпшілікті және
өзге өркениеттердегі кейбіреулерді бөліп отырған құндылықтар мен
доктриналарға қатысты бола алады. Мұны давос мәдениеті деп атауға болады.
Жыл сайын әлемнің ондаған мемлекетінен келген шамамен мыңдаған
бизнесмендер, банкирлер, үкіметтік шенеуніктер, зияткерлер мен журналистер
Швейцарияның Давос қаласында өтетін Бүкіләлемдік экономикалық форумға
жиналады. Бұл адамдардың барлығы дерлік нақты әлеуметтік-қоғамдық ғылым
бойынша, бизнес немесе құқық саласында университеттерде білім алып, белгілі
бір атақ-дәрежелерге қол жеткізген. Олардың бәрі есеп-қисапқа жүйрік,
ағылшынша жетік сөйлейді. Барлығы да мемлекет үкіметінде, халықаралық
байланыстары күшті корпорациялар мен академиялық мекемелерде қызмет
атқарып, шет елдерге жиі іссапарға шығады. Сондай-ақ, әдеттегідей, батыс
мәдениетін кеңінен қолданатын адамдар арасында сенімді – индивидуализмге,
нарықтық экономика мен саяси демократияға жіктейді. Бұлар барлық
халықаралық институттарды, әлемнің көптеген мемлекеттерін, әлемдік
экономиканың белгілі бір бөлігін және әскери күшін бақылап отырады. Ендеше,
давос мәдениеті біршама маңызды болып шығады. Алайда, бүкіл дүние жүзінде
қанша адам бұл мәдениетті бөліседі? Батыстан тыс жерде әрі кетсе 50 миллион
адам, яғни жер шарындағы адамның 1%-ы ғана тұтынады екен. Сонда бұл әмбебап
өркениет бола ала ма? Әрине, жоқ.
Төртіншіден, кейінгі кездері осы қоғамда тұтыну тауарлары мен поп-
мәдениеттің батыстық үлгісі әмбебап өркениетті құрады деген жаңсақ идея
қалыптасты. Бұл аргумент те саяз, әрі мардымсыз. Мәдени көңіл көтерудің
үлгілері үнемі бір өркениеттен өзге өркениетке беріліп отырды. Бір
өркениеттің жаңалығын өзге өркениет қабылдап отырды. Бірақ бұл – қандай да
бір мәдени әсері жоқ технологиялар немесе негізгі өркениетке еш әсер ете
алмайтын, келуінен кетуі тез бір сәттік қана қызылды-жасылды қызықтар
болады. Бұл импортталған затсымақтар – таңсық болғандықтан, кей жағдайда
күштеп тықпаланғандықтан ғана таралады. 90-жылдардың басында Батыстың
мәдени импортының өнімдері біздің елде оның күштілігінің белгісіндей
көрінгендіктен, кеңінен таралды. Бұны келтіріп отырған себебіміз – поп-
мәдениет пен тұтыну тауарларының бүкіл әлемге таралуы батыс өркениетінің
асқақтауын білдіреді. Батыс мәдениетінің мақсаты – Magna McDonald’s (Ұлы
МакДональдс) емес, Маgna Сarta-ны (Еркіндіктің ұлы хартиясы (1215ж.))
тарату. Осыған сәйкес, батыстық емес өркениеттің өкілі – қазақ бозбаласы
американдық өнім – гамбургерді жеп тұрып, оның үстемдігін мойындап тұрғанын
білмеуі мүмкін. Яғни, бұл оның Батысқа деген ыстық ықыласының өлшемі емес,
әрине. Өйткені, ол бозымың бұтына джинсы киіп, кола ішіп, рэп тыңдап, намаз
оқып жүріп, Алматыдағы АҚШ елшілігін жару үшін, бомба даярлап жүруі мүмкін.
Мысалы, жетпісінші-сексенінші жылдары американдықтар да миллиондаған
жапондықтар жасаған автокөліктерді, теледидарларды, фотоаппараттар мен өзге
де тұрмыстық техникаларды пайдалана жүріп, жапонданбақ түгіл, Екінші
дүниежүзілік соғыстан қалған өшпенділіктері өрши түскен жоқ па? Демек, бұл
да әмбебап өркениет бола алмайды екен.
Бұқаралық әмбебап мәдениеттің біршама күрделенген нұсқасы жалпылама
тұтынатын тауарға емес, БАҚ-қа, дәлірек айтсақ Голливудқа назар аудартады.
Американың ғаламдық кино, видео және телеиндустрияны бақылауы – оның әуе
өндірісіндегі үстемдігін басып озады. Әлемдегі ең жиі көрсетілетін жүз
фильмнің сексен сегізі американдық болса, екі американдық және екі
еуропалық мекеме әлемдік деңгейде жаңалықтарды жинап, таратуда алдына қара
салмай келеді. Мұның екі салдары болады. Біріншісі – адамдардың махаббатқа,
төсек қатынасына, құпиялыққа, қаһармандыққа және байлыққа деген
көзқарастары біркелкі болып қалыптасады. Екіншіден, адамдар ақпарат
қабылдаған уақытта оны бұған дейінгі қалыптасқан көзқарастары мен
құндылықтары тарапынан бағалайды. Ғаламдық қарым-қатынас – батыс
қуатының айтарлықтай көзге көрінетін жері, яғни батыстық гегемония. Алайда
бұл біздің ел секілді батыстық өркениетке жатпайтын елдердің саясаткерлері
мен қоғам қайраткерлерін осынау батыстық мәдени империализмді талқылап,
халқын төл мәдениетінің тұтастығы мен өміршеңдігі үшін күреске шақыруға
мәжбүрлейді. Сондықтан, Батыстың ғаламдық байланыс орнату саласында атқарып
жатқан жұмыстары – кей жағдайда батыстық емес өркениеттердің оған деген
өшпенділігін туғызуда. Соның салдарынан 90-жылдардың басында батыстық емес
қоғамдардағы жаңашылдық пен экономикалық даму – осы қоғамдардың белгілі бір
мүдделерін қанағаттандыратын шағын және аймақтық медиа-индустрияларды
дүниеге әкелді. Бұған 1994 жылы жарық көрген Арон Л.Фрайдбергтің Америка
қуатының болашағы атты мақаласынан мысал келтіруге болады. 1994 жылы CNN
International компаниясы өз аудиториясының саны 55 миллионға, яғни, әлем
халқының 1 пайызына (давос мәдениетін ұстанатын халықтың санымен шамалас
екен) жеткенін мәлімдеді. Ал оның президенті ағылшын бағдарламалары уақыт
өткен сайын нарықтың 2-4 пайызын қамтуы керектігін айтты. Осы бағытта
испан, жапон, араб, француз (Батыс Африка аймағы үшін) және өзге тілдерде
хабар тарататын аймақтық (өркениеттік) жүйелер құрылды.
Тіл мен дін кез-келген мәдениет пен өркениеттің орталық элементі
болып табылады. Егер қазір әмбебап өркениет туындайтын болса, әмбебап тіл
және әмбебап діннің дүниеге келу тенденциясы да орын алуы керек. Мұндай
мәлімдемелер тілге қатысты жиі жасалып отырады. Осыған орай, Уол Стрит
Джоурнал басылымының редакторы Роберт Л.Бартлей де өзінің Батыс
оптимизмінің шарты – өзіне-өзі сенуінде атты мақаласында ағылшын тілі –
әлемдік тіл деп салды. Бұл уәж дәйекті болу үшін, жер шары халқының
көбейіп жатқан бөлігі ағылшынша сөйлеу керек. Бірақ, бұл пікірді
дәлелдейтін дәйек жоқ, керісінше, біршама сенімді дерек көздеріне үңілсек,
жоққа да шығарады. Қолда бар соңғы отыз жылдан аса уақыттағы деректер (1958-
1992 ж.ж.) әлемдегі тілдердің қолданылу сәйкестігі айтарлықтай
өзгермегендігін, ал, ағылшын, француз, неміс, орыс және жапон тілдерінде
сөйлейтіндердің саны айтарлықтай, мандарин диалектісінде үлес салмағы да
сәл кеміп, хинди, малай-индонезия, араб, бенгал, испан, португал тілдерінде
сөйлейтіндердің саны керісінше, өсе түскен. Әлемде ағылшын тілінде
сөйлейтіндердің үлес салмағы 1958 жылы 9,8%-дан 1992 жылы 7,6%-ға кеміген.
Ал одан кейінгі он жылдықтағы көрсеткіш те сол шамадан аса ұлғая қоймаған.
Былай алғанда, әлемдегі халықтың 90%-ның ана тілі бола алмайтын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz