Иран Ислам Республикасы



1 Иран Ислам Республикасының астанасы
2 Иран Ислам Республикасындағы халықтардың жас мөлшері
3 Иран Ислам Республикасындағы Үкімет орындары.
4 Иран Ислам Республикасындағы ежелгі тарихи көрнекті жерлері.
5 Иран Ислам Республикасындағы «хежабтың» маңызы.
Иран 1979 жылғы Ислам Реводюциясынан кейін Иран Ислам Республикасы деген атау алды. 2007 жылғы санақ бойынша 75 млн халық тіркелді, олардың 45 миллионы қала тұрғындары болса, 30 миллионы ауыл тұрғындары. Елдегі әйел адамдардың саны 37 миллион, ал ер адамдардың саны 38 миллионды құрайды. Иран халқының 85 %- і жұмыс істейді, қалғандары жұмыссыздар санына кіреді. Ирандағы 56% халық -жас өспірімдер. Яғни олардың жасы 20 ға жетпегендер. Конституция бойынша Иран Ислам Респбликасы болып аталады, яғни ислам дінінің шарттары мығым орындалатын бірден-бір елдердің бірі. Тегеран қаласының өзінде ғана 17 миллионнан аса халық өмір сүреді. Ислам шарттары мығым бекінген ел болғандықтан, әйелдер қауымы чадра жауып, дене мүшелерін көрсетпеуге тиісті. Иран Ислам Республикасындағы діни билік діни рахбардың қолында болса, мемлекеттік билік президенттің міндетінде.
Иран Ислам Республикасы ислам революциясы жеңгенге дейін шах билігінің құзырында болды. 1979 жылдан бері діни билікке ауысты. Аты әлемге әйгілі қалаларымен, атақты ақын жазушыларымен дүйім жұртқа танылған.
Бүгінгі таңда Иран Ислам Республикасын тек қана ол жағынан емес, саяси аренада болып жатқан оқиғалардың желісінен де миллиондаған жұрт таниды. Иран Ислам Республикасында экономика мұнай есебінен қарқынды дамып келеді. Пайдалы қазбаларының ішіндегі әлем таласын тудырып отырған осы бір қара алтыны ел экономикасының қарқындап дамуының көрсеткіші.
Иран өзінің стратегиялық жағдайы, табиғи ресурстарға бай, ежелгі мәдени мен өнері, 7000- ға созылған тарихымен, қонажай халқымен әлемде ерекше орын алады. Иран мәдениеті ерекше даңқа ие. Ежелгі Иран мәдениеті ислам мәдениетімен ұштасып, қазіргі Иран мәдениетінің дамуына ықпалын тигізді. Қазіргі Иран тәуелсіз, азат, ұлттық мәдениеттің үлгісінде өмір сүріп келеді.
Иран халқына келер болсақ, олар өте қонақжай әрі мейрімді және қарапайымдылығымен ерекшеленеді.

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
2710
Иран Ислам Республикасы

Иран Ислам Республикасының астанасы – Тегеран қаласы. Территориясы
1.648.195 шаршы километрді құрайды. Мемлекеттік тілі – парсы тілі. Ұллтық
валютасы – риал. Иран Ислам Республикасының территориясында көптеген
ұлт өкілдері өмір сүреді. Атап айтатын болсақ олар: парсы, күрдтер,
әзірбайжандық түріктер, араб тайпалары, белудждер, талыштар, лур т. б.
2005 жылғы мәліметтерге сүйенсек, Иран 30 останнан ( ауданнан), 282 кіші
қалалардан, 741облыстық округтерден, 716 қаладан, 2258 ауылдық кеңестерден,
68125 –тен аса ауылдардан тұрады.
Остан атаулары:

Исфаһан қаласы

Тегерандағы мешіт

1) Шығыс Әзірбайжан 16) Фарс
2) Батыс Әзірбайжан 17) Ғазвин
3) Ардебиль 18) Құм
4) Исфаһан 19) Күрдістан
5) Елам 20) Керман
6) Бушахр 21) Керманшах
7) Техран 22) Кахкилуи мен
Бевирахмад
8) Чахармахал мен Бахтиари 23) Гүлістан
9) Разави Хорасаны 24) Гилан
10) Солтүстік Хорасан 25) Луристан
11) Оңтүстік Хорасан 26) Мазендеран
12) Хузестан 27) Маркази
13) Занжан 28) Хырмызган
14) Семнан 29) Хамадан
15) Систан мен Белужестан 30) Йезд

Иран Ислам Республикасындағы халықтардың жас мөлшері.

Иран 1979 жылғы Ислам Реводюциясынан кейін Иран Ислам Республикасы деген
атау алды. 2007 жылғы санақ бойынша 75 млн халық тіркелді, олардың 45
миллионы қала тұрғындары болса, 30 миллионы ауыл тұрғындары. Елдегі әйел
адамдардың саны 37 миллион, ал ер адамдардың саны 38 миллионды құрайды.
Иран халқының 85 %- і жұмыс істейді, қалғандары жұмыссыздар санына кіреді.
Ирандағы 56% халық -жас өспірімдер. Яғни олардың жасы 20 ға жетпегендер.
Конституция бойынша Иран Ислам Респбликасы болып аталады, яғни ислам
дінінің шарттары мығым орындалатын бірден-бір елдердің бірі. Тегеран
қаласының өзінде ғана 17 миллионнан аса халық өмір сүреді. Ислам шарттары
мығым бекінген ел болғандықтан, әйелдер қауымы чадра жауып, дене мүшелерін
көрсетпеуге тиісті. Иран Ислам Республикасындағы діни билік діни рахбардың
қолында болса, мемлекеттік билік президенттің міндетінде.
Иран Ислам Республикасы ислам революциясы жеңгенге дейін шах
билігінің құзырында болды. 1979 жылдан бері діни билікке ауысты. Аты әлемге
әйгілі қалаларымен, атақты ақын жазушыларымен дүйім жұртқа танылған.
Бүгінгі таңда Иран Ислам Республикасын тек қана ол жағынан емес,
саяси аренада болып жатқан оқиғалардың желісінен де миллиондаған жұрт
таниды. Иран Ислам Республикасында экономика мұнай есебінен қарқынды дамып
келеді. Пайдалы қазбаларының ішіндегі әлем таласын тудырып отырған осы бір
қара алтыны ел экономикасының қарқындап дамуының көрсеткіші.
Иран өзінің стратегиялық жағдайы, табиғи ресурстарға бай, ежелгі
мәдени мен өнері, 7000- ға созылған тарихымен, қонажай халқымен әлемде
ерекше орын алады. Иран мәдениеті ерекше даңқа ие. Ежелгі Иран мәдениеті
ислам мәдениетімен ұштасып, қазіргі Иран мәдениетінің дамуына ықпалын
тигізді. Қазіргі Иран тәуелсіз, азат, ұлттық мәдениеттің үлгісінде өмір
сүріп келеді.
Иран халқына келер болсақ, олар өте қонақжай әрі мейрімді және
қарапайымдылығымен ерекшеленеді.
Жағрапиялық жағдайы: Иранның екі жағынан өзен-сулар қоршап жатыр.
Солтүстігінде Каспий теңізі, немесе Мазендеран аймағы, оңтүстігінде Парсы
және Оман шығанағы. Батысында Иракпен, Түркиямен, солтүстігінде
Әзірбайжанмен, Түркіменстанмен, шығысында Ауғанстанмен, Пакистанмен
шектесіп жатыр. Иранның екі ұлы ежелгі мәдениеттердің (Қытай, Үндістан)
ортасында орналасуы бұл елдің маңыздылығын арттырады. Бұл елдермен болған
сауда, мәдениет байланыстары Иранның дамуына үлкен әсерін тигізді. Қолайлы
жағрапиялық жағдайы менг пайдалы қазбалардың көптігі Орта Азиядағы оның
ықпалын жоғарылатты. Шығыс пен батыс аралығындағы уақыт айырмашылығы 1
сағат 18 минут.
Елдегі орташа температуралық көрсеткіш + 18 градус. Парсы шығанағы мен
Хузистанда ауа температурасы + 50 градусқа дейін барады. Жылдық жауын-
шашын мөлшері 250-300 мм. Осы себептен елде құрғақшылық мәселесі орын
алған. Бұл мәселені шешу мақсатында плотиналар, құдықтар жасаған.
Иран Ислам Республикасының ресми діні – ислам діні, шейт ағымы,
сондай-ақ ханафи, шафи, малеки, занбали, зейдит секілді ислам ағымдарына да
зор құрмет көрсетіледі. Иран Ислам Республикасындағы 98%-ке жуық халық осы
мұсылмандар, олардың 91%-і шейт ағымының өкілдері. Сонымен қатар, ресми
тіркелген христиан, зороастр, иудеи діндерінің өкілдері де бар.
Иран Ислам Республикасының мемлекеттік тілі – фарсы тілі, парсы тілі.
Парсы тілінен басқа да тілдерде сөйлейтін ұлт өкілдері де бар. Олар:
белуждер, арабтар, гиляндар, түріктер т.б. Парсы тілі әдеміліген
ерекшеленіп, әлем әдебиетінде өзінің орны бар.
Иран Ислам Республикасының байрағы – үш түсті: жоғарғы жағы жасыл
түсті, ортасында ақ, төменгі тұсы қызыл. Жалау Аллаһ ұлы деген 22 рет
жазылған сөздермен көмкерілген. Жасыл түс – бейбітшілікті, ақ түс –
бейбітшілікті, қызыл түс – иран ұлтының діни көзқарастарының қорғаушы күш
болып есептеледі.

Тегеран қаласындағы азаттық алаңы
Иран Ислам Республикасының астанасы – Теһран қаласы. Теһран әдемі
ғимараттарымен, көрнекті жерлерімен, тауларымен ерекше көз тартады. Теһран
қаласында 15 миллионға жуық халық тұрады.

Табиғат жағдайы:
Табиғат көрінісі
Иран әдемі табиғатымен, қайталанбас сұлулығымен ерекшеленеді. Жазық
далалар, тау бөктерлері, өзен, көлдер, шөлейттер, теңіз желдері Ирандағы
әдемі табиғат жағдайын тудыруға ықпалын тигізді.
Өзендері: Иранның солтүстігі мен батысында әрбір шақырым сайын
кішігірім өзендерді кездестіруге болады. Иранда Карун өзенінде ғана кеме
жолы бар. Карун өзені Хузестан арқылы Парсы шығанағына құяды. Елдің
солтүстігінде екі өзен бар, олар: Арас пен Атрак. Арас өзені Әзірбайжан
Республикасы арқылы өтеді, Атрак Иран шекарасынан Түркмінестанға өтеді.
Кархе, Сефидруд, Гамасаб, Харируд, Хирман, Талхерад, Заринеруд, Симинеруд,
Чалус, Хараз, Горган, Заяндеруд өзендер халық үшін өз үлесін қосып отыр.
Иран Ислам Республикасындағы Үкімет орындары.
Иран Ислам Республикасындағы ең жоғарғы лауазым мен билік діни
рахбардың қолында. Президент мемлекет істерімен айналысады. Иран Ислам
Республикасы аты айтып тұрғандай шариғат заңдарымен жүреді. Негізгі заң
яғни Конституция да осы ислам заңдарының негізінде жасалған. Конституция
негізінде заң жобалары қатаң түрде орындалады.
1979 жылы Иран Ислам Революциясы жеңген соң, 3желтоқсанда Иран Ислам
Республикасының конституциясы, ата заңы қабылданды. Конституцияның 6
бөліміне сәйкес, Иран Ислам Республикасының президенті, парламент
депутаттары, облыстық, қалалық, ауылдық кеңестер мүшелері халықтық
сайлаумен жүзеге асады. Елдің басшысы, ең жоғарғы лауазым иесі рахбар да
эксперттер кеңесімен сайланады.
Иран Ислам Республикасы үш жуйелі билік көздерімен басқарылады: заң
шығарушы, орындаушы, сот. Олардың бәрі ел басқарушының билігінің құзырында
және Иран Ислам Республикасының ата заңына бағынады. Заң шығарушы биліктің
мүшелері мен орындаушы билік мүшелері тікелей ортақ халық сайлауымен
тағайындалады. Заң шығару істерімен бір жүйелі парламент айналысады.
Орындаушы билік құзыры президент пен премьер-министрде.
Бақылау кеңесі он екі діндар мен құқықтанушыдан тұрады, алты діндарды
рахбар тағайындаса, алты құқықтанушыны жоғарғы сот парламенті сайлайды.
Бақылау кеңесінің міндетіне ислам шарияты мен Иран Конституциясына қарсы
қабылданған заң жобаларын тексеру мен реттеу жатады.
Барлық үкіметтік саясат Алланың үкімімен заңгер Вали- е Факиһ пен
іске асады. Ол Алламен халық алдында өз міндеттерін орындайды. Жоғарғы заң
шығарушы үкімет – бір палаталы парламент – Мәжлес-е шура-ие Ислами ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан – иран қатынастары
Саясат саласындағы ынтымақтастық
ХХғасырдағы Иран мемлекеті
Иранның ядролық бағдарламасының мақсаты
Иран ислам революциясы және шах режимінің құлауы
Соғыстан кейінгі Иран 1945-2000жж
Атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалану
ИРАН ИСЛАМ МЕМЛЕКЕТІНІҢ САЯСИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Әзірбайжан Республикасының сыртқы саясаты
Иран
Пәндер