Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмір белестерінен
1 М.Х.Дулатидің «Тарих.и Рашиди» атты ұлы тарихи шығармасы
2 Мұхаммед Хайдар Дулати бабамыздың мемлекет басқару ісі

Бүгінде қазақ халқының тұңғыш тарихшысы, белгілі әдебиетші, көрнекті мемлекет қайраткері Мұхаммед Хайдар Дулати бабамыздың есімі әлем жұртшылығына таныс. Ортағасырлардағы Моғолстан мемлекетіндегі ықпалды тайпа дулаттардың билеуші әулетінен шыққан Мұхаммед Хайдар әйгілі “Тарих-и Рашиди” шығармасының авторы ретінде де белгілі. Дулат тайпасынан шыққан, бүгінде бүкіл қазақ халқының рухани жәдігерлері қатарынан орын алған, ұлтымыздың мақтанышына айналған бабамыздың өмірі мен шығармашылығы едәуір зерттелген. Сондықтан біз бұл еңбегімізде ұлы бабамыздың өмірінің белестерін, сол замандағы оқиғалар ағымындағы дулаттар тарихымен байланыстыра отырып қарастырмақпыз.
Алдыңғы тарауларымызда Мұхаммед Хайдар Дулатидің ХІV-ХV ғасырдың басына дейін тарихта Моғолстан деген атпен белгілі, Жетісу, Тянь-Шань аймағы мен Шығыс Түркістанды біріктірген мемлекетте билік құрған ата-бабалары – дулат әмірлері мен жалпы дулат тайпасының тарихына тоқталған едік. Төменде берілген Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты еңбегіндегі мәліметтер бойынша жасалған шежірелік кестеден оның ата-бабасының Моғолстандағы дулат тайпасының билеуші әулетінен тарайтындығын көреміз. Мұндай кесте Ш.Уалихановтың «Из Тарихи-Рашиди» атты еңбегінде және И.Жеменейдің еңбегінде берілген .

Талас Омарбеков. т.ғ.д. проф
Меңдігүл Ноғайбаева т.ғ.кандидаты
Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмір белестерінен
Бүгінде қазақ халқының тұңғыш тарихшысы, белгілі әдебиетші, көрнекті
мемлекет қайраткері Мұхаммед Хайдар Дулати бабамыздың есімі әлем
жұртшылығына таныс. Ортағасырлардағы Моғолстан мемлекетіндегі ықпалды тайпа
дулаттардың билеуші әулетінен шыққан Мұхаммед Хайдар әйгілі “Тарих-и
Рашиди” шығармасының авторы ретінде де белгілі. Дулат тайпасынан шыққан,
бүгінде бүкіл қазақ халқының рухани жәдігерлері қатарынан орын алған,
ұлтымыздың мақтанышына айналған бабамыздың өмірі мен шығармашылығы едәуір
зерттелген. Сондықтан біз бұл еңбегімізде ұлы бабамыздың өмірінің
белестерін, сол замандағы оқиғалар ағымындағы дулаттар тарихымен
байланыстыра отырып қарастырмақпыз.
Алдыңғы тарауларымызда Мұхаммед Хайдар Дулатидің ХІV-ХV ғасырдың
басына дейін тарихта Моғолстан деген атпен белгілі, Жетісу, Тянь-Шань
аймағы мен Шығыс Түркістанды біріктірген мемлекетте билік құрған ата-
бабалары – дулат әмірлері мен жалпы дулат тайпасының тарихына тоқталған
едік. Төменде берілген Мұхаммед Хайдар Дулатидің Тарих-и Рашиди атты
еңбегіндегі мәліметтер бойынша жасалған шежірелік кестеден оның ата-
бабасының Моғолстандағы дулат тайпасының билеуші әулетінен тарайтындығын
көреміз. Мұндай кесте Ш.Уалихановтың Из Тарихи-Рашиди атты еңбегінде[1]
және И.Жеменейдің еңбегінде берілген[2].
Өртөбе
Әмір Тулак Әмір Болатшы Әмір Шәмседдин Әмір Қамар ад Дин Әмір
Шейх Дулат
Әмір Хұдайдат
(1363-1446)
Әмір Мұхаммед Шаһ Сейіт Ахмед Мырза
Әмір Сейіт Әлі
Сансыз мырза Мұхаммед Хайдар Мырза
Мырза Әбу Бәкір Омар мырза Мұхаммед Хұсейін мырза Сейіт Мұхаммед
мырза
1508) (1533
ж. өлген)
Хабаба Гаухар Шад Мұхаммед Мұхаммед Шаһ Махмұд Ислам Қона
Сұлтан Бегім Хайдар мырза мырза
сұлтан
Хамши Дулати
Мұхаммед Хайдар Дулати туралы кезінде белгілі шығыстанушы
В.В.Вельяминов-Зернов мынадай мәлімет берген еді. Мұхаммед Хайдар дулаттар
руынан шықты және патшалық құрған үймен некелік одақта болған атақты
шаңыраққа жатты...
Мұхаммед Хайдар 1500 ж. туды және өзінің әкесі Мұхаммед-Хұсайынның
өлімінен (1508 ж.) кейін біраз уақыт шеше жағынан өзінің немерес ағасы
болып тбылатын, Ферғананы билеуші және кейіннен Индиядағы Ұлы Моғолдар
империясын негіздеуші әйгілі Сұлтан-Бабур Темуридтің қолында тұрды. Онан
соң 1512 ж. он үш жасқа келгенде ол өзінің басқа немере ағасы Сұлтан-Сайд-
ханмен Моғолстандыққа кетті; оның жанында жиырма жылдай қалды, оның туған
қарындасына үйленді, ханның кеңесшісі болды, оның жорықтарына қатысты...
сол кезде Орта Азияда орын алған көптеген оқиғалардың куәгері болды. Сұлтан-
Сайд-хан қайтыс болған соң көп кешікпей-ақ жаңа хан Сұлтан-Рашидтің
тарапынан қуғындаудан сескенген Мұхаммед Хайдар өзінің руының бір бөлігімен
Индияға, өзінің басқа туыстарына – Бабурдың ұлдарына кетті, олардың
көмегімен Кашмирді жаулап алып, Тибетті қосып алып және сонда 1551 жылы
тәуелсіз билеуші боларлық жағдайда қайтыс болды[3].
Қысқаша дерек міне осындай. М.Х.Дулатидің Тарих-и Рашиди атты ұлы
тарихи шығармасын тұңғыш рет орыс тіліне толық түрде аударып, 1996 жылы
басып шығарған өзбек ғалымдары бұл деректерге ұлы кемеңгердің өзінің еңбегі
негізінде біраз толықтырулар мен түзетулер жасап, М.Х.Дулатидің туған
жылын 9051499 ж. деп көрсетеді. 1999 жылы Мырза Мұхаммед Дулатидің
туғанына 500 жыл толды.
Ұлы кемеңгердің әкесі Мұхаммед Хұсайн Гураган (ханның күйеу баласы)
қайын ағасы Моғолстан ханы Сұлтан Махмұд ханнан сыйға Ура-тепе облысын
басқаруға алған, біраз жыл Тәшкентте тұрған. Осында 9051499-1500 ж. Мырза
Хайдар Дулати туылған. Мырза Хайдардың шешесі Моғол билеушісі Жүніс (Йунус)
ханның кіші қызы еді.
М.Х. Дулатидің әкесі 9081503 жылы Сұлтан Махмұд ханның Шайбани ханға
қарсы соғыста жеңілуінен кейін билігіндегі Ура-тепені тастап қашады.
Кабулда ол Бабурға қарсы сәтсіз аяқталған сарай төңкерісіне қатысады. Бірақ
Бабур оған кешірім жасайды. Алайда, мұнда қалуға енді болмасын түсінген ол,
Ферғанаға қайтып, көп кешікпей Шайбани ханның бұйрығымен өлтіріледі.
Әкесінің сенімді адамы М.Х.Дулатиді қауіптен құтқарып, Бұхарадан
Бадахшанға жеткізеді. Одан ары ол Кабулдағы Бабурға барып паналайды.
М.Х.Дулатидің Қашғарияға қайтқан себебі – онда Сұлтан Саид ханның билігі
орныққан еді. Кемеңгердің коп уақыты осы ханмен бірге өтеді.
Моғолстан мемлекетіндегі ханнан кейінгі ең жоғарғы лауазым ұлысбегілік
қызметін мұрагерлік жолмен иелену кезегі Мұхаммед Хайдар Дулатиге жеткен
кезеңде бұл елдің тарихындағы алмағайып оқиғалар орын алады. Енді осы
оқиғаларды рет-ретімен баяндауға көшсек.
Біз алдыңғы тарауларымыздың бірінде Мұхаммед Хайдар Дулатидің өзімен
аттас атасы Мұхаммед Хайдар Мырзаның 1480 жылы бірге туған бауыры Сансыз
мырзаның үлкен ұлы Әбу Бәкірден жеңіліп, Жүніс ханмен бірге Ақсуға кетуге
мәжбүр болғанын жазған едік. Мұхаммед Хайдар Дулатидің жазуына қарағанда
бұл кезеңде (1480-81 жж. – авт.) автордың әкесі Мұхаммед Хайдар Мырза он
екі жаста болса керек. Ол осы кезеңде Жүніс ханның ұлы Сұлтан Махмұд ханмен
бірге Моғолстанға кеткен[4].
“Тарих-и Рашиди” авторының атасы тәрізді әкесі дулат Мұхаммед Хусейн
Көреген (Гураган) де Жүніс ханның үлкен ұлы, жоғарыда айтылған Сұлтан
Махмұд ханға аса ықпалды және жақын адам болған. “Хан мен менің әкем
Мұхаммед Хусейн мырзаның арасындағы достықтың беріктігі сондай, олар
әрқашан бір үйде және бір бөлмеде өмір сүрді – хан үйінің оң жағы менің
әкемнің қарауында болды”, - деп жазады, - “Тарих-и Рашиди” авторы. Үй
ішіндегі істерде менің әкем оның нағыз сыбайласы еді. Ханға не алып келсе,
менің әкеме де соны алып келді. Егер хан атқа мінетін болса, екі жылқыны
әкелетін – олардың бірінде менің әкем, басқасында хан жүріп кететін. Егер
хан жаңа көйлек киер болса, осындай көйлекті менің әкеме әкелетін. Осы
тәрізді барлық істе де олардың арасында хан Қаракөз бегімге үйленгенге
дейін алшақтық болған емес. Күннің көп уақытын хан олардың әдеттегі
бөлмесінде өткізді, ал түнде әйеліне кететін. Ал менің әкем болса сол
бөлмеде жалғыз қала беретін. Хан тақта отырған кезде, ханның алдына кілемді
жайғанда менің әкем таққа сүйеніп отыра алатындай ететін. Онан соң олар
әрқашан бірге жұмыс жасайтын. Хан менің әкемнен кешірім сұрап,
үйленгендіктен өзінің гаремге кетіп қалуға мәжбүр екендігін, ал әкемнің
хұжрада жалғыз қалып жүргендігін талай рет айтушы еді. Бір жыл өткен соң
хан оны Хуб Нигар ханымға үйлендірді және оған “Көреген” (“Гураган”) –
ханның күйеу баласы деген лауазым берді. Хуб Нигар ханым Сұлтан Махмұд
ханнан бір жас үлкен еді, ол Сұлтан Жүніс ханның Исан Дәулет бегімнен туған
үшінші қызы болатын.
Исан Дәулет бегімнің үлкен қызы Михр Нигар ханым еді. Оны Сұлтан Ахмад
мырзаға әйелдікке берген еді... Одан кіші – Құтлуқ Нигар ханым Омар Шайх
мырзаға әйелдікке ұзатылған болатын және одан Захир ад дин Мұхаммад Бабур
Падишах және Ханзада бегім туылды ... (Жүніс ханның қыздарының үшіншісі Хуб
Нигар ханым еді. Ол менің әкеме ұзатылды және менің анам болып
табылады)”[5].
Осы айтылғандарды Бабурдың жазбалары да растайды. Онда мынадай жолдар
бар: “Жүніс (түпнұсқада – Юнус – авт.) ханның екінші қызы менің анам
Құтлуқ Нигар ханым еді. Қазақылық (түпнұсқада – казачества –авт.) және
билік жоқ кезде ол көбіне менімен бірге болды. Кабулды алған соң бес-алты
айдан кейін, тоғыз жүз он бірінші жылы ол құдайдың рахымымен жан тапсырды.
Үшінші қызы (Жүніс ханның) Хуб Нигар ханым еді. Оны Мұхаммед Хусейн
Гурган Дуглатқа берді. Ол қыз және ұл туды. Қызды өзіне Убайс хан алды. Мен
Бұхара мен Самарқанды алғанымда ол кеткен жоқ және сонда қалды. Оның ағасы
Сейім Мұхаммед мырза маған Самарқанға Саид ханнан елші болып келді, сонда
ол солармен бірге кетті. Сұлтан Саид хан оны әйелдікке алды.
Хуб Нигар ханымның ұлы Хайдар мырза еді. (Қосымшада мынадай жолдар
бар: Хайдар мырза – оның толық аты Мұхаммед Хайдар мырза Гурган Дуглат
(9581551 ж. өлген – басқа, азырақ танылған, “Тарих-и Рашиди” деген атпен
белгілі өмірбаяндық томның авторы - “Бабур-наме”. Записки Бабура, 377 б. –
авт.). Оның әкесін өзбектер өлтірген соң, ол келді және менің қасымда үш-
төрт жыл болды. Кейіннен ол рұқсат сұрады, содан Қашғарға ханға кетті.
Заттың бәрі өзінің бастауына оралар –
Таза алтын да, күміс те, қорғасын да.
Енді оның дәрежесі өсіпті және жақсы жолға түсіпті деседі. Жазуға,
сурет салуға, жебе жасауға, жебенің ұшын және садақ тартуға арналған
дөңгелектерді жасауға – бәріне оның қолы епті еді. Онда өлең шығару
қабылеті де бар. Ол менен кешірім сұрап жазыпты: оның сөз саптауы жаман
емес”[6].
Бұл жазылғандардан байқайтынымыз, әйгілі Захир ад-дин Мұхаммед Бабур
мен мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің туыс, дәлірек айтсақ туған бөле болып
келетіндігі. Онан соң аңғаратынымыз: М.Х.Дулатидың туған апасының Шейбани
тұқымы Убайдаллах ханның (9401533-1534 – 94615391540), дәлірек айтсақ
Мұхаммед Шейбани ханның інісі Махмұд сұлтанның баласының[7] тәрбиесінде
болып, кейіннен Шағатай тұқымы, 9201514 ж. Қашғарды өзіне бағындырып,
ондағы бұрын 1464-1465 жылдан 1514 жылға дейін дулаттардың Қашғариядағы
барлық иелігін өзіне бағындырған дулат мырза Әбубәкірді талқандап,
Моғолстан билеушісі болған Сұлтан Саид ханға тұрмысқа шыққандығы[8].
Ал енді осы Сұлтан Саид хан мен қазақтың әйгілі Қасым ханының
арақатынасы тату және жақсы болғаны да осы “Тарих-и Рашидиде” жазылған.
Сонымен Шағатай ханның тұқымы Сұлтан Саид хан дулат тайпасына күйеу,
ал мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің өзіне туған жезде еді.
Захир ад-дин Мұхаммед Бабурдың жазбасынан тағы бір аңғаратынымыз:
мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің әкесін өзбектердің өлтіргендігі. Бұл жерде
әңгіме тіптен де қазақтар туралы емес, Моғолстанға қашып келген, Жәнібек
пен Керей бастаған Әбілқайырдың көшпелі өзбектер мемлекетінен бөлінген
тайпалардың “өзбек” емес, алғаш “өзбек-қазақ” аталғаны “Тарих-и Рашидиде”
айтылған. Олай болса, Захир ад-дин Мұхаммед Бабурға сенсек (ал оған
сенбеуге болмайды), М.Х.Дулатиің әкесі өзбектер қолынан қайтыс болған болып
шығады.
“Тарих-и Рашидидің” авторы өзінің әкесінің өзбектер қолынан қалай
өлгенін егжей-тегжейлі баяндайды. Қазақ хандарының әйгілі жауы Шахибек хан
(әңгіме Мұхаммед Шайбани туралы) кезінде құрамынан Жәнібек пен Керей
бөлініп кеткен әйгілі Көшпелі өзбектер мемлекетін басқарған Әбілхайырдың
немересі болатын. ХV ғасырдың 80-ші жылдарында Шахибек Өзбек мемлекетін
басқарды. Осыдан соң ол көп кешікпей-ақ, Моғолстан мен Мәуереннахрға дүркін-
дүркін жорықтар ұйымдастырып, бұл мемлекеттерді күйзеліске ұшыратты[9].
Осындай жағдайда М.Х. Дулатидің әкесі Шахибектен қашып Хорасанға барып
бас сауғаламақ болады. Жолда ол Хорасанды Шахибектің басып алғаны туралы
хабар естиді де, Фарах елді мекеніне шақыртады да, алғаш сый-құрмет
көрсетеді. Осы арада “Тарих-и Рашидидің” авторы қазақ тарихына қатысты
маңызды дерек бере кетеді. “Сол жылдың қысында, - деп жазады ол, Шахибек
хан өзінің әскерін Қазаққа, яғни Дешті Қыпшаққа бастап шығу үшін
Мәуереннахрға келді. Менің әкем Шахибек ханмен бірге Бұхараға келді.
Шахибек хан Қазаққа кетті, ал менің әкемді Самарқандта қалдырды”[10].
Мұнан ары оқиға былай өрбиді: Шахибек хан, яғни Мұхаммед Шайбани
“Тарих-и Рашиди” авторының әкесін тағы да Хорасанға шақыртады, сонымен
қатар оның соңынан оны өлтіретін кісіні де жұмсайды және оны Хорасанда
өлтіртеді[11].
Бұл үзіндіден байқайтынымыз, Шахибек хан атанған Мұхаммед Шайбанидің
соңғы тұста Қазақ деген атауға ие болған Дешті Қыпшақтың да, Моғолстанның
да ортақ жауы болғандығы.
Сонымен қатар, “Тарих-и Рашиди” авторы өзінің туған бөлесі Захир ад-
дин Мұхаммед Бабурдың айтқанын растап, өзінің әкесінің өзбектер билеушісі
Шахибектің, яғни Мұхаммед Шайбанидің қолынан қаза тапқанын нақтылай түседі.
Осылайша, 1508 жылы Мұхаммед Хайдар Дулати әкесінен айырылады. Ал, бұдан
бірнеше жыл бұрын, яғни Мұхаммед Хайдар дүниеге келгеннен кейін көп ұзамай,
1501 жылы анасы да қайтыс болған еді[12]. Сондықтан ата-анасының екеуінен
бірдей айырылған Мұхаммед Хайдар мен әпкесі туыстарының көмегінің арқасында
Бұхараға, одан әрі Бадахшанға аттанады. Бұл арада да көп тұрақтай алмай
Кабулдағы бөлесі әйгілі Бабыр мырзаның қасына кетуге мәжбүр болады. Бабыр
мырзаның жазбаларындағы Мұхаммед Хайдар Дулатиге қатысты мәліметтер
келтірдік. Осы мәліметке қарасақ, Мұхаммед Хайдар 1509-1512 жылдар
аралығында Кабулда, Бабырдың қасында болған.
Бабыр бөлесінің білім алуына барынша көңіл бөліп, бар жағдайын
жасаған. Егер баланың (Мұхаммед хайдар Дулаттидің) ынта-назары ғылымның қай
саласына ерекше ауып қызығушылық танытуын байқаса осы саланы терең
меңгеруіне басым назар аударған. Дәостерден бос кезінде болашақ ұлы ғалымды
өзімен бірге алып серуендеп, әңгімелесіп жүріп, атқа отыру және т.б.
өнердің қыр-сырларына үйреткен.
Басына түскен қайғы –қасірет мұңы біраз сейіліп, өз бағытын таңдау
кезегі туған шақта, 1512 жылы Бабырдан рұхсат алып, Жүніс ханның бір баласы
Махмұд ханнан туылған немересі Саид ханның қасына кетеді.
Ал, енді Мұхаммед Хайдар қасында 20 жылдай уақытын бірге өткізген Саид
ханның жағдайына тоқтала кетсек, 1508 жылы ол біраз уақыт ұстанған
қазақылық өмір салтын тастап Кабулға Бабырға қызметке барған еді[13]. Ол
Бабырдың қасында үш жылдай болады. 1510 жылы Мұхаммед Шайбани хан Исмаил
шаһтың қолынан қаза тапқаннан кейін Бабырмен бірге Құндызға аттанады. Осы
арада Мұхаммед Хайдар Дулатидің немере ағасы Сейіт Мұхаммед мырзадан
(Мұхаммед Хайдар Дулатидің әкесінің бірге туған бауыры – авт.) Әндіжанға
басып кіріп, Ферғана уалаятын жаулап алғаны туралы хабар жетеді. Сейіт
Мұхаммед мырза дулат Саид ханды шақыртып, уалаят билігін қолына тапсырады.
Ал, хан өз кезегінде моғолдардың ежелгі салты бойынша Сейіт Мұхаммед мырза
дулатқа ұлысбегі атағын береді[14]. Міне, осы оқиғаларға байланысты
Мұхаммед Хайдар Дулати Саид ханның қасына оралады. Ол Бабырдың бұрынғы әмір
Темір иеліктеріндегі билікті қайта қайтарып алу Шаһ Исмаилден көмек алып,
ол жіберген 70 мың қолды басқарған әмір Нәжім-и Салиге қосылған кезде,
Бабырдан рұхсат алып Саид ханға аттанды[15]. Бұл жерден Мұхаммед Хайдар
Дулатидің шииттердің көмегіне арқа сүйеген Бабырдың әрекетін құптамағанын
да байқауға болады деп ойлаймыз. Себебі ол өзі пана тұтып аттанған Саид
ханның өзі бұл кезде Сүйініш Қожа ханнан жеңілген кезі еді[16]. Сүйініш
Қожа хан Мұхаммед Шайбани ханның әкесінің інісі еді. Ол 1510 жылы Мұхаммед
Шайбани қайтыс болған кезеңде әулеттің басшысы болып сайланған. Мұхаммед
Хайдар Дулати Саид ханға келіп қосылғаннан кейін, хан Сүйініш Қожа ханға
қарсы бірігіп күресу үшін қазақ ханы Қасым ханға аттанды. Мұхаммед Хайдар
Дулати денсаулығына байланысты бұл кездесуге ханмен бірге қатыса алмаған.
Бірақ өз шығармасында Қасым ханның Саид ханға көрсеткен құрметі мен ізеті,
соңғысының оған деген асқан ризашылығын шебер суреттеп жазған[17]. Ал бұл
оқиғадан дәл бір жыл уақыт өткенде, яғни 1514 жылы өзбектердің қайысқан
қолымен Әндіжанға аттанғаны туралы хабар жетеді. Саид хан, әрине Сейіт
Мұхаммед мырза дулаттың ақыл-кеңесімен Ферғана уалаятын бұдан әрі ұстап
қалудың мүмкін еместігін талқылай келе, дулаттардың иелігі болып саналатын
Қашқар өлкесіне аттану жайында шешімге келеді. Ал, Қашқар өлкесінде бұл
кезде Әбубәкір дулат жеке-дара билік құрып отырғанын алдыңғы тарауларымызда
айтқан едік.
Әрине, Қашқарды басып алу оңай шаруа емес еді. Дегенмен тәуекел түбі
жел қайық демекші бұл іс те сәтімен аяқталып, Саид хан бес мыңға жетпейтін
әскермен (4700) Қашқарға Жетісу арқылы басып кіріп, Қашқарды жеке-дара
билеген құдіретті Әбу Бәкір дулатты жеңеді[18]. Осылайша, 1515 жылы Саид
ханның Қашқарда билікке келуімен жаңа Моғолия мемлекетінің іргесі қаланады.
Бұрынғы Моғолстан мемлекетінде қалыптасқан тәртіп мұнда да жалғасын табады.
Моғолия мемлекетінің негізгі халқын құраған ру-тайпалардың қатарында
дулаттар, духтуйлер, барластар, барқылар, ордабегілер, итаршылар, құлжылар,
шорастар, бекжактар болды[19]. Аталған ру-тайпалардың ішінде қалыптасқан
дәстүр бойынша дулаттардың орны жоғары еді. Себебі ежелгі моғол салты
бойынша ұлысбегілік қызметі дулат әмірі Сейіт Мұхаммед Мырзаның қолында
болса, Мұхаммед Хайдар Дулати осы кезеңдегі дулаттар мен одан шыққан
әмірлердің бет-беделі туралы мынандай мәліметтер береді: Біріншісі – дулат
тайпасы болатын, оның басшысы мәртебелі мырзасы әрі үлкені, менің немере
ағам Сейіт Мұхаммед мырза еді. Ол уақытта оның жасы қырық бірде болатын. Ол
осы әскердің негізін қалаушы тірегі әрі басшысы еді. Оның пікірі мен
парасат-пайымы жұртқа мәлім-ді әрі ақылы және көрегенділігімен
ерекшеленетін, ой-санасы биік еді. Ол туралы және оның істеген істері жайлы
жоғарыда баяндағанбыз. Сейіт Мұхаммед өз замандастары ішінде де айрықша
дараланып тұратын әрі оған иық теңестірер ешкім болмайтын. Сол кезде төрт
қауымда (тайпада) шын мәнінде одан үстем адам болған емес. Оның қарауында
екі жүз сексен адам болды.
Екінші адам [немере ағамнан кейін] Қарақұлақ мырза еді. Ол ...
батырлығымен ? ақылға тереңдігімен мәшһүр болатын. Оның қарауында жүз
нөкері болатын. Үшінші адам, оның бауыры Шаһ Назар мырза болатын. Ол барлық
істерде үлкен ағасымен үзеңгілес еді. Оның нөкерлерінің саны алпыс адам
болатын. Төртіншісі Мырза Әли Тағай. Ол көп жылдар бойы ойланып-толғанып
барып шешетін мәселені кенеттен табан астында шеше салатын. Оның жасағын 90
адам құраған. Бесінші адам, оны бауыры Құтлық Мирак мырза. Оның
жаужүректігіне бәрі үмітті көзбен қарайтын. Оның қарамағында жетпіс адам
болды. Одан кейінгі Бахрик мырза, қосынында қырық адам болған.
Осы тізімнің ішінде жазылған келесі адам осы жолдарды түзуші, осы
әңгімені баяндаушы мен жаман неме едім[20]. Бұдан әрі Мұхаммед Хайдар
Дулати өзге дулат әмірлері туралы: Дулаттан шыққан әмірзадалар көп еді.
Алайда олар ел ішінде жалғыз-жарым ғана-тын. Өйткені олардың қолдаушылары
болмаған, сондықтан олардың қызметшілері де болған жоқ, - деп атап
көрсетеді. Ал, өзі туралы: Ол кезде менің ақыл құсым әлі қанатын қомдап,
парасат ұясын тастап ұша қоймаған. Өмірім боз балалық шақтың белесіне әлі
де көтеріле қойған жоқ еді. Ғұмыр жасым он беске қарағанда некемді қиып,
хан гурган атағын бергенімен боз бала болғандықтан, яғни бойым өсіп
жетіліп, ақыл-ойым кәмелетке жетпеген еді. Сондықтан мемлекеттік істерді
атқаруға араласа қойған жоқпын. Дегенмен де мен мүмкіндігімше міндеттерімді
орындауға тырысатынмын. Әкемнің бірнеше қызметшілері мен нөкерлері барлық
істерімді реттеуге және күнделікті тіршілігіме бар ынта-жігерімен қолқабыс
жасауға кірісті. Қолдаудың аздығына қарамастан, бұл көрініс Моғолстанға
жаппай тән болатын. Менің қызметімде жүз жиырма адам болды [21], - деп
жазады.
Дегенмен Мұхаммед Хайдар Дулатидің қолбасшы, мемлекет қайраткері
ретінде қалыптасуы мен шыңдалуы дәл осы Саид хан билік құрған кезеңмен
тығыз байланысты болды. Сондай-ақ бала жасынан басына түскен тағдыр
тауықметімен білім алудан қол үзіп қалған кемшіліктің орнын да толтырып,
жан-жақты білімді азамат болып қалыптасады.
Мұхаммед Хайдардың өзінің жазуынша Саид хан оны ерекше жақсы көріп,
әрқашан қасынан тастамай бірге алып жүрген. Оны бірте-бірте мемлекет
басқару істеріне араластырып, баули бастаған. Бұл туралы Мұхаммед Хайдардың
өзі жазып қалдырған мәліметтерін толық беруді жөн көріп отырмыз. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz