Қазақстанның табиғи зона ерекшеліктері


Ж О С П А Р


КІРІСПЕ
. . . 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ


1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ ЗОНАСЫ
1. 1 Табиғи зонаның өзіне тән ерекшеліктері . . . 5
1. 2 Табиғат зоналарының ендік бағытта таралуын бұзуының себептері . . . 11

2 ТАБИҒАТ ЗОНАЛАРЫНЫҢ ТАРАЛУ ЗАҢДЫЛЫҒЫ.

2. 1 Зоналардың географиялық орны, рельефі, климаты, ішкі сулары, топырақ - өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі . . . 16

2. 2 Қазақстандағы көлдер мен бөгендер және шөлдер мен шөлейттер . . . 19

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
. . . 33

Кіріспе

Қазақстан жер көлемі жағынан ірі ел- Англиядан 11 есе үлкен. Ұлан байтақ территориясы терістіктен оңтүстікке қарай 1600 км, шығысынан батысына қарай 3000 км жерге созылып жатқан кеңістікті алып жатыр. Республика ТМД елдері ішінде Ресейден кейінгі екінші орында. Бұл - оның жері бұрынғы Ресейден басқа 13 одақтас республиканың жер көлемінен артық деген сөз. Бейнелеп айтқанда, Қазақстан жеріне Армения сияқты 90 республика еркін сиып кетеді. Халқының саны жөнінен әлемде 80-ші орында болып, жер көлемі жөнінен кең байтақ 10 елдің бірі. Дәлірек айтсақ, Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Австралия, Үнді, Аргентинадан кейінгі 9-ші орында. Оныншы орынға Судан мемлекеті ие. Әлем халқының не бары 0, 3% құрай тұрып, Қазақстан жер шарының екі пайызын алып жатыр.

Мұндай, кең алқапты жазықтар мен ойпатты жерлер, биіктігі әр түрлі таулар кездеседі. Кең алқапты жерлердің табиғи, климат, топырақ жағдайлары әр түрлі, ол табиғаттың негізгі зоналық заңына байланысты. Мысалы, Қазақстанның жазық алқаптарында климаттың, топырақтың терістіктен оңтүстікке қарай өзгеруі табиғаттың көлденең зоналық заңына бағынса, таулы алқаптардағы топырақ, климат жағдайларының тау етегінен, таудың биік шыңына қарай өзгеруі табиғаттың тік зоналық заңына бағынады.

Зоналық табиғат кешені деп жылу, ылғал режимдерінің бірдей болып келуіне байланысты топырақ жамылғысы, өсімдіктер және жануарлар дүниесі мен экзогенді геоморфологиялық процестерінің сипаты бірдей болып келетін ландшафтылардың жүйесін айтады. Қазақстан жеріңде жылу мен ылғалдың қатынасына байланысты орманды дала, дала, шөлейт, шөл зоналары қалыптасқан.

35-53°с. е аралығында дүние жүзілік мұхиттан шалғай құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орынының ерекшелігіне сай Каледон Герцин, Альпі қатпарлықтарында түзілген биік және аласа тау жүйелерімен шектескен Тұран жазығының табиғатының алуан түрлілігінің негізгі себебін ашып көрсету еліміздің аумағының батыс оңтүстік-батыс және оңтүстік бөлігінің жер бедерінің, климатының, топырағы мен өсімдіктер жамылғысының қалыптасу заңдылықтарына әсер ететін негізгі факторларды анықтауға мүмкіндік береді.

Тұран ойпатының құрылықтың ішкі аймағында орналасуы Шығыс Европаның өзі орналасқан ендіктеріне қарағанда қысы суық, жазы ыстық болып климаты шұғыл континентілігін; келуімен ерекшеленетін климатының шұғыл континеттілігінің; желдің, температураның әсерінен жүретін үгілу үрдісін, жер бедерінің эолдық пішініндерін, құрғақ климат жағдайында топырақ пен өсімдіктер жамылғысының шөлге тәң түрлерін таралуын анықтайды. Шөлді шөлейтті Тұран жазығының жан -жақты оқып үйрену табиғат байлықтарын шаруашылық мақсатта игеру барысын қоршаған ортаның тепетеңдігін сақтау мәселесін шешу мен қатар, табиғат жағдайларының негізгі ерекшеліктерінің терен меңгеруге мүмкіндік береді.

Табиғат зоналарының таралуы географиялық ендікке, жер бедеріне және жер бетінде жылу мен ылғалдың таралуына байланысты.

Әрбір зона өзіне тән климатымен, топырағымен, өсімдігі және жануарлар дүниесімен ерекшөленеді. Кейде бір зонаның ішінде басқа зоналарға ұқсас жеке учаскелер де кездеседі.

Қазақстанның жазық белігінде солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте-бірте орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары ауысып отырады. Сонымен бірге, бұл зоналарда топырақ және есімдік жамылғысы батыстан шығысқа қарай да өзгереді. Оның себебі осы бағытта климаттың континенттігінің артуына байланысты.

Республиканың биік таулы аудандарында зоналар биіктікке байланысты (биіктік зоналар немесе белдеулер) ауысып отырады.

1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ ЗОНАСЫ
1. 1 Табиғи зонаның өзіне тән ерекшеліктері

Қазақстан жеріне орманды дала зонасының тек оңтүстік шеткі жақтары сүйірленіп кіреді. Жазық далада шоқ-шоқ болып ормандар өседі. Қазақстанда орманды дала зонасы Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының азғана бөлігін (2, 5%-ке жуық) алып жатыр. [1]

Орман - жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір-біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен. Құрамы мен өсуіне қарай мәңгі жасыл, қылқанды, ақшыл қылқанды, күңгірт қылқанды, жапырақты, ұсақ жапырақты, жалпақ жапырақты, тропиктік, муссондық, мангрлық және т. б. ормандар деп бөледі. Орманның құрылымы ортаның физикалық-географиялық жағдайларына, өсімдіктердің түрлік құрамы мен биологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады. Ол топырақ түзілуіне, климатқа, ылғал айналу процесіне және т. б. әсері көп, тропосферамен өзара белсенді әрекетте болады да, оттек пен көміртектің алмасу деңгейін анықтайды (ең ірі орманды аймақтар атмосферадағы оттектің шамамен 50%-ын "өндейді") . Құрлықтың 27%-ынан астамын алып жатқан орман - географиялық ландшафт элементі. Орманда ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктер, мүк, қына, т. б. өседі.

Орман топырақтың құрылысына, су алмасуына, онда органикалық және минералдық заттардың жиналуына әсер етеді. Орман топырағында ылғал жеткілікті, сондықтан оның құрамында шірінді көп. Орманды жердің топырағы қышқыл, мұндай топырақта өсімдік тамыры терең бойлап, минерал заттарды мол алады, суды көп буландырып, ондағы жануарлар мен өсімдіктерге қолайлы микроклимат жасайды. Орман ағаштары, оның ішінде мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаштар өз жапырақтары арқылы өздері өскен қоршаған ортаға зиянды ауру қоздырғыш бактерияларды өлтіретін, хош иісті заттар (фитонцид) шығарады. Сондықтан да, қылқан жапырақты орманды аймақтарда көпшілік демалып, тынығатын курорт-санаторийлер орналастырылады.

Қазіргі кезде дүние жүзінде орман аумағы 3 млрд. га-дан астам, яғни дүние жүзінің 27 - 28%-норман алып жатыр. Өкінішке орай, адамзат қоғамы өз тарихында бүкіл О-ның 2/3 бөлігін жойған, сонымен бұрын жер бетінің 75%-н алып жатқан ормандардың көлемі көп кеміген. Әлемдегі ормандар негізінен 5 белдемде өседі ( Орман белдемдері) . Жалпы Ораманның таралуындағы заңдылық салқын аймақтарда қылқан жапырақты, қоңыржай аймақтарда қылқан жапырақты жәнемайда жапырақты ормандар аралас, ал жылы аймақтарда негізінен ірі жапырақты ормандар өседі.

Орта Азия, Кавказ, Қазақстан аймақтарындағы Орман көлемі Ресейдегі Орман алқаптарының небәрі 3 - 4%-н құрайды.

Аумағының кеңдігіне қарамастан қазақ жерінде Орманды жерлер көп емес. Оның басты себебі жеріміздің негізгі бөлігі құрғақ, жартылай шөл, шөлді аймақтарда орналасқандығы, ал Орман ағаштары негізінен ылғал мол түсетін алқаптарда өседі. Республика аумағындағы Ормандар және бұталар алып жатқан көлем 21, 6 млн. га, бұл Қазақстан жерінің 4, 2%-ы ғана. Орман ағаштары республикада Солтүстік Қазақстанның орманды-дала зонасында және дала зонасының қосымша ылғал алатын ойпаңды жерлерінде өссе, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы Қалба жотасы, Алтай-Сауыр, Солтүстік Тянь-Шань және Батыс Тянь-Шань тауларының ылғал мол түсетін орташа биік белдеулерінде өседі. Қазақстанның солтүстігіндегі шоқ-шоқ болып өсетін қайыңды орманды оңтүстікке қарай далалы алаптардағы біршама жерлерде өскен қарағайлы ормандар ауыстырады. Алтай-Сауыр тауларының теңіз деңгейінен 500 - 2500 м биіктік аралығында қылқан жапырақты - қарағай, майқарағай, шырша, балқарағай, самырсын сияқты бағалы ағаштар өседі. Ал Солтүстік Тянь-Шань таулы алабының төменгі белдеуінде (600 - 1700 м) көбіне түрлі бұталар мен жалпақ жапырақты ағаштар өседі. Олардың басым бөлігін алма, өрік, жаңғақ, қарақат тәрізді жеміс-жидекті ағаштар құрайды. Биіктігі 1500 - 3000 м белдеулерде негізінен қылқан жапырақты ағаштар өседі. Олардың негізгісі - жасы 300 жылға дейін, биікт. 40 - 50 м-ге, ал жуандығы 2 м-ге жететінТянь-Шань шыршасы. Батыс Тянь-Шань алабында - Талас Алатауы, Қаратау мен Өгем жоталарында негізінен жерге төселіп өсетін қылқан жапырақты арша ағашы, ал бұталардан - басқа жерлерде кездеспейтін алша, пісте, долана, таудың ортаңғы және төменгі белдеулерінде алма, грек жаңғағы, алмұрт, үйеңкі, өрік ағаштары өседі.

Оңтайлы ормандылық (Оптимальная лесистость) - жергілікті жерде табиғи сақтаған немесе орта түзетін құрауыштардың біреуінің өзгермеген қалпын сақтауды қамтамасыз ететін ормандылық.

Орман қорлары бүкіл биосферадағы тіршілік үшін, оның ішінде адамзат қоғамы үшін аса маңызды. Тиімді пайдаланған жағдайда өз-өзінен қайта қалпына келіп тұратын таусылмайтын табиғи қор. Орман ағаштарынан үйлер, тұрмысқа қажетті заттар, қағаз т. б. алынады. Ормандағы ағаштардың арасында жидектер мен саңырауқұлақтар өсіп, өнім береді. Орманды аймақтарды паналап, қоректерін содан табатын жан-жануарлар мен жәндіктер көп.

Көлемі жағынан Қазақстан Ормандарының жартысынан астамын (52, 2%) шөлді аймақтардағы сексеуілді Ормандар алып жатыр. Сексеуілдің Қазақстанда 2 түрі (қара сексеуіл мен ақ сексеуіл) өседі. Қара сексеуіл бүкіл Бетпақ даланың батысында, Сарысу өзені бойының орталығында, Іле өзені сағасының оң жағалауында және Шу өзені мен Мойынқұмның аралығында таралған. Ақ сексеуілді Орманды алқаптар Қарақұмда, Мойынқұмда, Балқаш төңірегі мен Қызылқұмда өседі. Сексеуілді Орманның құмды алқаптардың жылжуын тоқтатуда маңызы зор және қой, түйеүшін қысы-жазы жақсы жайылым. Сексеуілден басқа Қазақстанның шөлді аймақтарын кесіп өтетін Сырдария, Шу, Іле, т. б. өзендердің бойларында түрлі ағаш-бұталар (терек, тобылғы, жыңғыл, шетен, емен, шегіршін, тал, т. б. ) өсетін тоғайлы ормандар кездеседі. Олар жыл бойы сумен жақсы қамтамасыз етілетіндіктен, шөл ішіндегі жақсы көлеңкелі, сулы тамаша демалыс орындарыболып саналады. Қазақстанда орман ағаштарын тиімді пайдалану, т. б. мәселелерімен Көкшетау қаласында орналасқан Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты айналысады.

Орман жолағы (Лесные полосы) - суармалы танаптардың төңірегіне, каналдардың, су қоймаларының жағалауларына, жол бойларына өсірілген ағаш, орман белдеулері.

Орман мелиорациясы (Лесомелиорация) - қандай да болсын бір аумақтың (оған бұзылған жерлер де енеді) гидрологиялық, топырақтық, климаттық, ландшафтық және т. б. табиғи жағдайларын жақсарту үшін жасанды жасалатын немесе өзгермелі орман екпе ағаштарын пайдалану бойынша шаралар кешені.

Орманның ағындыға реттеуші әсері (Регулирующее влияние леса на сток) - орман алабы топырақтың су сіңіру қасиетін арттырады, жер беті суының топырақ қабаты суына үдемелі түрде құйылуына, сонымен қатар өзен, арна суларының режіміне де әсерін тигізеді.

Орман пайдалану (Лесопользование) - орман пайдалану өдістері мен нысандарының заңды және экономикалык реттелген жиынтығы.

Орман-тоғайлар қыста климаты суық, жазы жылы жақтарда болады. Мәңгі жасыл ағаштардың қыста да жапырақтары түспейді. Олар әлемнің солтүстік аудандарындағы ормандарда өседі. Көптеген жұмсақ климатты елдерде жапырақты ағаштар өседі. Олардың қысқа қарай жапырақтары түседі. Орманда ағаштың көпетген түрлері: қарағай, балқарағай, шырша, самырсын, қайың, тал, шетен, тобылғы, емен, үйенкі, қарағаш, тағы басқа жабайы жеміс ағаштары да кездеседі. Таңқурай, бүлдірген, орман жаңғағы, мүк, қына, саңырауқұлақ өседі. Орманның үш түрі болады: қылқан жапырақты, жапырақты және аралас. Қазақстанның солтүстігіндегі Оңтүстік Орал мен Алтайға дейінгі аймақтың жазықтарын алып жатыр. Біздің елімізде орманның үш түрін де кездестіруге болады. Қылқан жапырақты орман тауларда өседі. Тау беткейлерінде Тянь -Шань шыршалары, самырсындар биік болып көрініп тұрады. Аралас орманда шыршалар, самырсындар, көктерек, шетен, долана, тағы басқа ағаштар араласып өседі. Көкшетау, Баяндауыл, Қарқаралыда қайың, қарағай, батыс Оралда емен, терек, Оңтүстік Қазақстанда жаңғақ, ал тауларында арша өседі.

Ормантану (Лесоведение) - орман туралы ілім, оның құрылымын, экологиясын, биологиясын, өсуін, атмосферамен байланысын, гидрологиялық режімін, жануарлар әлемімен байланысын зерттейді.

Орманды дала зонасының жер беті тегіс. Онда кішігірім ойпандар кездеседі, бұлардың кейбіреулерін кел алып жатыр. Зонада 6 мыңнан астам көл бар.

Орманды дала зонасының климаты басқа зоналарға карағанда, біршама қолайлы. Жауын-шашын көбірек түседі (370-430 мм), оның көбі жазда жауады. Жазы қоңыржай ыстық, шілденің орта температурасы +18 - 20°. Қысы едәуір суық, кей күндері қатты аяз болып, ауаның температурасы - 51-53°-қа дейін төмендейді. Қаңтардың орташа температурасы - 17-19°.

Өзендері түгелдей дерлік еріген қар суымен толығады. Ертістің, Еділдің, Тобылдың және басқа бірқатар ірі өзендердің суы халықтың тұрмыс қажеті үшін ғана емес, өнеркәсіп мақсаты үшін де пайдаланылады.

Ормандарда орманның сұр топырағы, ал түрлі шөп өсетін далаларда қара топырақ болады. Зонаның солтүстік бөлігінде қара топырақты қабаттың қалыңдығы 75 см-ге жетеді, оның құрамында 9%-ке жуық шірінді (гумус) болады. Зонаның оңтүстігіне таман қара топырақтың қалыңдығы кеми түседі, шіріндінің мөлшері де 6%-ға дейін азаяды. Қазақстан орманды даласының Шығыс Еуропа жазығындағы орманды дала зонасының топырағынан айырмасы ойпаң жерлерде тұздышақат және сортаң топырақтар кездеседі. Зонада көбінесе дала және шалғынды дала өсімдіктері өседі. Солтүстігінде, солтүстік-батысында шоқ-шоқ ормандар бар. [2]

Өсімдік жамылғысы жыртылмаған учаскелерді жауып тұратын қалың және әр түрлі шөптер мен дәнді дақылды өсімдіктерден тұрады. Мұнда ең көп өсетіні: қызғылт сабақты боз, шоқ түпті бетеге, бұралған жер бидайық. Біраз жерді қарабас шалғын мен қылқансыз арпабас алып жатыр. Астық тұқымдас өсімдіктердің арасында сәбізшөптің кішкене ақ-жасыл шатырша гүлдері мен қызыл бояудың жұпар иісті алтын түстес гүлдері өседі. Бұршақ тұқымдастардан - сары гүлді беде, көк түсті бұршақ бар.

Ағаш тұқымдастарының құрамы жағынан батыстың орманды даласы Шығыс Еуропа орманды даласына, Солтүстік Қазақстанның орманды даласы Батыс Сібір орманды даласына ұқсайды.

Орман өсімдіктері өзен аңғарларын бойлай оңтүстікке де таралады. Мәселен, дала зонасындағы Жайық өзенінің аңғарында шоқ ормандар учаскелері, Ертіс жағасын бойлай құм үстінде жіңішке алқапта қарағай ормандар Сарыарқаның Көкшетау, Қарқаралы және т. б. тауларының гранитті массивтерінде де таралған. Олар тау шоқтары мен беткейлеріндегі көлдерді қоршап жатқан далада ерекше көркем табиғат көріністерін бейнелейді. Бұл әдемі табиғатты аудандарда санаториялар, демалыс үйлері бар. Мұнда еңбекшілер демалады.

Орман байлықтары - шоқ қайыңдар мен шоқ қарағайлар және бұталар 10 млн. гектардан астам ауданды алып жатыр. Дуброва, Мамлют қорықшаларындағы ормандар мемлекет тарапынан қорғауға алынған.

Орманды далаға тән ерекше жануарлары болмайды. Мұнда да көршілес зоналардың жануарларындай: саршұнақтар, сұртышқандар, қосаяқтар, ақ тышқандар, қояндар (ақ қоян, ор қоян), сусар, түлкі, қасқыр, шоқ карағай ормандарында - тиіндер бар. Соңғы жылдарда солтүстік ормандардан бұландар мен сібір еліктері мекен ауыстырған. Басқа жақтан адамдар алып келген, кәсіптік маңызы бар ондатра кездеседі. Бауырымен
жорғалаушылардан кесірткенің екі түрі (жорғалауыш және тірі туатын), сары бас және улы сұр жыландар кездеседі.

Орманды далада құстар өте көп және әр түрлі. Қайынды шоқ ормандарда ақ тұмсық, қарға, сауысқан, тоқылдақ, көкек, сұңқар-күйкентай ұялайды. Ашық жерлер мен орман шеттерінде бұлдырық, бөдене, бозторғай, шәуілдек жүреді.

Орман зоналары - құрлықтың коңыржай, субтропиктік, тропиктік және субэкваторлық белдеулері мен табиғи ландшафтыларда ағашты-бұталы өсімдіктері басым экваторлық белдеудің табиғи зоналары. Негізінен, ылғалы жеткілікті немесе тым ылғалды солтүстік жарты шар аумағында тараған. Қоңыржай белдеуде (тайга зонасы, аралас және жалпақ жапырақты орман зоналары) күлгін, шымды-күлгін, кұба және орманның сұр топырақтарында өсетін қылқанды және түспе жапырақты ормандар кездеседі. Субтропиктік және тропиктік белдеулердің орман зоналарының климаты өсімдіктің жыл бойы өсіп-өнуіне қолайлы. Үнемі артық ылғалды болатын сары және қызыл топырақтарда сан алуан өсімдік түрлері өсетін мәңгі жасыл немесе (жоғарырақ ендіктерде) жазда жасыл ормандар қалыптасады. Муссонды атыраптарда мәңгі жасыл ормандармен бірге жапырақтарын жылдың құрғақ кезінде тастайтын түспе жапырақты ормандар өседі. Жерортатеңіздік климатты атыраптарда қоңыр топырақтарда өсетін қатқыл жапырақты ормандар мен бұталар тараған - маквис, гарига, бүрген (шибляк), фригана. Экваторлық және субэкваторлық белдеудің өте ылғалды аудандарында ыстық климат жағдайында қызыл және қызыл сары ферралитті топырақтарда түр құрамы бай, көп жікқабатты ормандар өседі.

Орманды дала зонасы - Қазақстанның ен жақсы игерілген табиғат зоналарының бірі. Онда дала учаскелерінің көп жері жыртылған. Бұл жерлерде дәнді дақылдардан - бидай, жүгері және басқа да дақылдар егіледі. Мұнда совхоздардың жаңа поселкелері салынды. Зонаның егістікке жыртылмаған бөлігі - шүйгін шабындық, көк балаусалы жайылым, сондықтан да мұнда сүтті-етті ірі қара шаруашылығы басым дамыған. [3]

Дала зонасы Қазақстанның біраз территориясын, яғни республика жер көлемінің 26%-ынан астамын алып жатыр.

Дала зонасы орманды дала зонасының оңтүстігінен басталып, батыстан шығысқа қарай 2200 км-ге созылған кең алқапты қамти, шамамен 54°-50° аралығында орналасқан.

Дала зонасына Батыс Сібір жазығының оңтүстік шеті, Торғай үстіртінің солтүстігі, Мұғалжар тауы бүтіндей дерлік, Жалпы Сырттың сілемдері, Каспий маңы ойпатының солтүстік шеті, Орал етегі (Жем) үстірті, Сарыарқаның солтүстігі және орталық аудандары жатады. Даланың климаты континентті. Жазы ыстық және құрғақ келеді, ал қысы қатаң, қары аз болады. Қаңтардың орташа температурасы - 16°-18°, шілде айында солтүстігінде + 18°-тан, оңтүстігінде +23°-қа дейін жетеді. Жылына 300 мм-ге дейін жауын-шашын түседі, бірақ мұның мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай азая береді. Климат жағдайлары- егін шаруашылығымен шұғылдануға толық мүмкіңдік береді.

Дала зонасы өзендерінің суы аз болады. Зонаны Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, құра және бірнеше шағын өзендер кесіп етеді. Олардың жылдық ағысының 80%-і көктемгі су тасу кезеңінде ағып етеді. Егін шаруашылығы мен өнеркәсібі дамыған бұл аудандарда, су әлі де болса жеткіліксіз. Сондықтан да бөгендерде су жинап, оны су құбырлары мен каналдар (Ертіс-Қарағанды) арқылы пайдаланады.

Дала зонасының топырағы - қара және қызғылт топырақ типіне жатады. Солтүстігінде топырақ қабатында жоғары өнім жинауға болатын 6%-ға жуық шірінді бар. Оңтүстікке қарай топырақтағы шірінді кеми түседі де, бірте-бірте қуаң далаға тән қызғылт күрең топыраққа айналады. Бұл арада сортаң топырақты жерлер кездеседі, олар арнаулы тыңайтқыштар мен ерекше күтімді қажет етеді. Қызғылт күрең топырақтың құнарлы жерлері егін шаруашылығы үшін жарамды, Дала зонасы шөптесін өсімдіктерге бай. Мұнда - боз, бөтеге, атқонақ, еркекшөп, кермек, қаңбақ басым өседі.

Ойпаң және ылғалды жерлерде, әсіресе өзен жайылымдарында шалғынды өсімдіктер тараған. Шалғынды өсімдіктерден бидайық, қылқансыз арпабас, аса ылғалды жерлерде қияқ пен құрақ өседі. Бидайық шалғындарынан мол пішен алынады.

Даланың оңтүстік бөлігінде негізгі өсімдіктермен қатар жусанның кейбір түрлері өседі. Кей жерде бұлар тұтас учаскелерді алып жатады. Дала өсімдіктерінің арасында дәрі-дәрмектік өсімдіктер де бар. Мысалы, жанаргүл, шайшөп, итмұрын, дәрілік валериан кездеседі.

Жаз бойы даланың түрі үнемі өзгеріп отырады. Дала тек көктемде ғана, қысқа мерзімде алуан түрге бөленіп, құлпырады. Шілдеде шөп қурап, сарғайып кетеді.

Ашық дала кеңістігінде тіршілік етуге бейімделген көптеген түрлі жануарлар кездеседі. Өмір сүретін жерінің түсіне ұқсас келетін, жылдам жүгіретін, әрі тез ұшатын жылдың қолайсыз мезгілдерінде ұзақ ұйқыға кететін жануарлардың да түрлері бар.

Дала сүтқоректілеріне саршұнақ, қосаяқ, дала тышқандары, дала алақоржыны жатады. Бұлар егінге көп зиян келтіреді. Мұнда саршұнақ тұқымдасынан ірі суырлар (салмағы 10 кг-ға дейін) болады. Суырлар мен саршұнақтар ін қазып, топырағын сыртқа шығарып, үйіп тастайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның топырақ жамылғысы туралы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨШПЕЛІ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Қазақстанның табиғаты
Жамбыл облысының геоэкологиялық аудандастыруы
ЛАНДШАФТ ҒЫЛЫМЫНА ШОЛУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЛАНДШАФТ КАРТАСЫ
Батыс Қазақстан экономикалық ауданы
Қазақстан аумағын физикалық-географиялық және геоэкологиялық тұрғыдан аудандастыруының ерекшеліктері
Қазақстанның топырақтары мен табиғи зоналары және олардың сипаттамалары
Тұран жазығы
Қазақстанның негізгі топырақ аймақтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz