Еуразияшылдық идея



Кіріспе ... ... ... ... ... .2

I бөлім.
1.1 Еуразияшылдық . үлкен құбылыс метафорасы ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.2. Еуразияшылдық идеясының қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7

ІІ бөлім.
2.1. Орыс философтары еңбектеріндегі евразияшылдық идеялар ... ... ... .9
2.2. Еуразияшылдық идеясы туралы көзқарастар. ... ... ... ... ... ... ... ... 11

Қорытынды ... ... ... 14
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ..15
Бүгінгі әлемді жайлаған экономикалық дағдарыстың әсерінен аймақтық бірлестіктің озық үлгісі саналатын Еуро Одаққа ыдырау қаупі төніп тұр.Осындай өліара кезеңде Ресей,Қазақстан,Белорусь батылдықпен Кедендік одақ құрды.Оған бір жыл толғанда олардың арасында біртұтас экономикалық кеңістік қалыптаса бастады.Жақын келешекте көптен бері айтылып жүрген Еуразиялық одақ та құрылды.
Дегенмен,бұл мәселеге қатысты қоғамда әлі күнге дейін ортақ пікір орын алмай отыр.Еуро Одаққа кірерін кіріп алып,ортақ евро валюта тиімсіз,одақтан қайтадан шығамыз деп жатқан Грекияны,қарызға батып,күйзелген Испания мен Португалияны ,Ирландия мен Италияны және күнделікті жалпыхалықтық ереуіл жайлаған Еуро одаққа үрке қараушылардың саны артуда.Яғни,мұндай одақтық бірлестікке деген сенім жоқ.Нәтижесінде ,оптимистік ой-пікірге қарсы салмақ туындап,скептиктер Еуразиялық одақ Еуро одаққа бәсекелес болмақ түгілі,соның кебін киіп, тоқырып жүрмей ме десе,тоталитарлық стереотиптен арылмағандар еуразияшылдық идея бұрынғы Кеңес Одағы сияқты саяси құрылымға ұласып кетпей ме деп қауіптенеді.Осы жерде , көпшілік қауымның Еуразиялық идея мен Еуразия одағының ара-жігін ажырата алмай , бір ұғым ретінде карайтыны байқалады.Қоғамдық пікірдегі мұндай жаңсақтықты түзеуге бұрындары да талпыныстар жасалды,мысалы, «Заң газетінің» 2004 жылғы 31 наурыздағы санында А.Әлімұлының « Еуразия идеясы мен Еуразия одағы екі басқа түсінік» атты мақаласы жарияланып , онда автор біраз мәселенің мәнін ашып берген болатын.
1. Самрат Ж. Еуразияшылдық идеясының саралаған еңбек// Егемен Қазақстан.-2011, 29 қазан (№520-522)
2. Мұсатаев С.Ш., Өтеулиев С.Қ. Еуразияшылдық идеясы: кеше және бүгін//жаһандану кезіндегі мемлекет пен құқық// Алматы 2003 жыл
3. Назарбаев Н. Ә. Еуразиялық одақ: идеясы, практикасы, болашағы. 1994-1997. М.: Фон, содействия развитию социальных наук, 1997. – 95 б.
4. Іңкәрбаев Е.Т «Евразияшылдық идеясының әлеуметтің саяси негіздері» Алматы 2004 жыл
5. Мұсатаев С.Ш «Еуразияшылдық идеясының қайнар көзі мен дамуы»
6. Идеи и реальность евразийства. Материалы Валихановских чтений. – Алматы: Дайк-Пресс, 1999. – 174 б.
7. Башмаков А.А Еуразияшылдық идеясы – Елбасы көрегендік // Ж.Самрат// Егемен Қазақстан,-2011-12-желтоқсан.
8. Назарбаев . Н. Тарих тоғысында. Алматы, 1999; Назарбаев Н. Сындарлы он жыл. Алматы, 2003.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

I бөлім.
1.1 Еуразияшылдық - үлкен құбылыс метафорасы ... ... ... ... ... ... . ... ...3
1.2. Еуразияшылдық идеясының қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7

ІІ бөлім.
2.1. Орыс философтары еңбектеріндегі евразияшылдық идеялар ... ... ... .9
2.2. Еуразияшылдық идеясы туралы көзқарастар. ... ... ... ... ... ... ... ... 11

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

Кіріспе
Бүгінгі әлемді жайлаған экономикалық дағдарыстың әсерінен аймақтық бірлестіктің озық үлгісі саналатын Еуро Одаққа ыдырау қаупі төніп тұр.Осындай өліара кезеңде Ресей,Қазақстан,Белорусь батылдықпен Кедендік одақ құрды.Оған бір жыл толғанда олардың арасында біртұтас экономикалық кеңістік қалыптаса бастады.Жақын келешекте көптен бері айтылып жүрген Еуразиялық одақ та құрылды.
Дегенмен,бұл мәселеге қатысты қоғамда әлі күнге дейін ортақ пікір орын алмай отыр.Еуро Одаққа кірерін кіріп алып,ортақ евро валюта тиімсіз,одақтан қайтадан шығамыз деп жатқан Грекияны,қарызға батып,күйзелген Испания мен Португалияны ,Ирландия мен Италияны және күнделікті жалпыхалықтық ереуіл жайлаған Еуро одаққа үрке қараушылардың саны артуда.Яғни,мұндай одақтық бірлестікке деген сенім жоқ.Нәтижесінде ,оптимистік ой-пікірге қарсы салмақ туындап,скептиктер Еуразиялық одақ Еуро одаққа бәсекелес болмақ түгілі,соның кебін киіп, тоқырып жүрмей ме десе,тоталитарлық стереотиптен арылмағандар еуразияшылдық идея бұрынғы Кеңес Одағы сияқты саяси құрылымға ұласып кетпей ме деп қауіптенеді.Осы жерде , көпшілік қауымның Еуразиялық идея мен Еуразия одағының ара-жігін ажырата алмай , бір ұғым ретінде карайтыны байқалады.Қоғамдық пікірдегі мұндай жаңсақтықты түзеуге бұрындары да талпыныстар жасалды,мысалы, Заң газетінің 2004 жылғы 31 наурыздағы санында А.Әлімұлының Еуразия идеясы мен Еуразия одағы екі басқа түсінік атты мақаласы жарияланып , онда автор біраз мәселенің мәнін ашып берген болатын.
Еуразиялық идея Еуразия континентіндегі мемлекеттер арасындағы қайшылықтарды шешудің бірден-бір үйлесімді формасы, сонымен қатар көп деңгейлі интеграциялық үрдістердің қайнар көзі, ендеше, континенттік қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз етудің бірден-бір құралы.
Еуразияшылдық дегеніміз - ол, ең алдымен, бірлік. Өз мағынасы, өзінің табиғатымен мәні жөнінде де ол солай болуы тиіс. Еуразиялықтардың ақылы мен құлқынын жинақтаушы деген бір ғана сөзбен білдіретіні жайдан-жай емес. Жинақтаушылық кез келген адамға мейлі ол алыс немесе жақын болсын, әрине егер олар адам табиғатына жат болмаса халыққа немесе мәдениетке ашықтық дегенді білдіреді.

І бөлім.
1.1 Еуразияшылдық - үлкен құбылыс метафорасы.
ХХ ғасырда мәдени - философиялық сипаттағы көптеген идеялар мен теориялар пайда болды. Олардың бірқатарының ғұмыры қысқа болып, әлдеқашан ұмытылса, енді бірқатары қоғамдық санадан мықтап орын алды. Ал, енді бірқатары пайда бола салысымен, көлеңкеде қалып қойды да, көп жылдардан соң қайта дәуірледі. Еуразиялық идея осы соңғысына жатады.
1921 жылы 3 маусымда Софияда орыс эмигранттарының діни-философиялық үйірмесінің мәжілісінде негізін Н. С. Трубецкой мен П. Н. Савицкий қалаған және марксизм мен социалистік құрылыстың жаңа Еуразияшылдық бағыт өмірге келді. Алғашқы еуразияшылдар сөз еткендей, біздің құрлықта ұлан-ғайыр транзиттік аймақ, яғни оның ішкі, терең жатқан континенттік бөлігі бар. Ол - Еуразия деп аталады және теңізден, жазықтан, қатаң климат пен өзінің шаруашылық өмірден сыртқары жатқандығымен сипатталады.
Ерекше географиялық дүние іспетті Еуразия тұрғындары не батыс еуропалықтарға, не қиыр немесе оңтүстік-шығыс азиаттарына ұқсамайды. Еуразиялық халықтарда славяндардың (шығыс-еуропалықтардың) және тұрандықтардың (угрофиндер, түріктер, монғолдардың) ерекшеліктері аралас болады. Осыдан барып Шығыс-Батыс жүйесінде Қазақстан мен Ресейдің орны жөніндегі мәселе шешілуі керек. Қазақстан мен Ресей - Батыс та және Шығыс та емес, олар Еуразияға жатады және біртұтас славяндық-тұрандық айырмашылықты білдіреді. Батыс (орыс) мәдениетінде Шығыс әуендері, керісінше, Шығыс мәдениетінде Батыс әуендері мен элементтері кездеседі. Бұл орыс және басқа еуразиялық мәдениеттің ұқсастығымен, олардың тарихи астасуымен, тіпті орыстардың түріктермен, угрофиньдермен, монғолдармен тарихи достастық байланыстарымен дәлелденеді [1. 1-3].
Еуразияшылдық көп халықты ұлт (немесе Л. Н. Гумилевтің кейінгі еуразиялық суперэтнос атауын пайдалансақ) біртұтас үйлесімділік құрамындағы әрбір халықтың құқығы мен ерекшелігін мойындайды. Бұл мұраттың негізін салушылар көп ұлтты еуразиялық мәдениеттің негізі материалдық база немесе мемлекет алдында бас июшілік емес, ең алдымен руханият немесе рухтың биіктігі болуы керек деп түсінді.
ХХ ғасырдың 20 жылдарының аяғында еуразияшылдық толығымен КСРО қарсыластары мен оның жақтаушыларына бөлінді. Бірақ екеуінің де тағдыры аянышты халде болды. Олар фашистік бағыттағы Батыс және сталиндік тәртіптегі Шығыс тарапынан қуғыншылыққа ұшырады.
Алғашқы еуразиялықтар еңбегінде Еуразия доктринасы мәселелерінің барлық - географиялық, тарихи, саяси және т.б. қырлары сөз етілгенімен, басты бағыты түпкілікті түрде айқындалған жоқ. Еуразия деген ұғымның өзі дүдәмал жағдайда қалды. Ол еуропалықтар үшін Еуропа мен Азияға қатысты дүниенің тұрғысынан біресе үшінші, біресе азиаттық бастаманың басымдығына байланысты олардың синтезі болды. Ертедегі еуразияшылдықта батыстың мемлекет алдында бас июшілігін сынау кеңес мемлекетінің өзіне табынушылықпен ауыстырыла бастады. Қозғалыс негізін салушылардың сяасаттан тыс болғысы келген үміті орындалған жоқ. Ал, еуразияшылдық тарихи-географиялық тұжырымдама ретінде геосаяси, тіпті, жалаң саясатшылдық тұжырымдамаға айнала бастады. Еуразиялық мәселесі 20-жылдарда ғана емес, 90-жылдарда да, қазір де қызу талас объектісі болып отыр. Сөйте тұра, дауласушы әрбір жақ мәселені тұтастай емес, оның тек бір ғана қырын бөліп алып, оны еуразиялықтың мәні деп қате түсінді.
Көп халықтық еуразиялық суперэтнос өкілдерінің өзіндік этномәдени бірегейлігіне және идеологияға кереғар руханиятқа ерекше мән беретінін ұмыта отырып, еуразияшылдық көбіне-көп тоталитарлық идеологиямен теңестірілді.
Шынайы адами байланыстар мен еуразия халықтарының (жеке алғанда оырстар мен қазақтардың) достығы идеясы да кейде өрескел қате түсіндіріліп келеді: достыққа қарай ұмтылудың өзі мемлекеттік тәуелсіздікке, ұлттық мәдениетке және этикалық тазалыққа қауіп ретінде бағаланып қалады. Еуразиялық адам антропологиялық жағынан толыққанды емес деген пікір айтылуда. Шын мәнінде еуразияшылдықтың терең мәнін ашуға әлі келмеді.
Еуразия континентіндегі және оның ішіндегі мұндай ойларды кәдуілгі, қарапайым пікірлердің мұртын аздап басу ғана деп түсінуге болар еді. Бірақ, біріншіден, мұндай түзетулер кейде өте қауіпті жағдайға әкеп соқтырады. Екіншіден, Еуразия идеясы төңірегіндегі әр түрлі көзқарастарды тек жекелеген тараптар ғана аңғартып отыр. Ал, мұны әрқайсысы оның шынайы мәні ретінде түсінеді. Сөйте тұра еуразияшылықтың көп қырлылығы жөніндегі шашыранды ойлармен шектелуге болмайтыны сияқты көзге бірден түсетін қырлары қайталанбас деп тану дұрыс емес. Еуразиялық идеяның табиғи мәніне барлық тарихи сипаттарына ой сала отырып тереңірек үңілу қажет. Еуразияшылдық - күрделі, көп қырлы және көп өлшемді проблема.
Ғылыми-тарихи немесе геосаяси доктринадан гөрі Еуразиялық идеяның мәні тереңірек. Бұл тұрғыда 1995 жылы Вопросы философии журналы бетінде ресейлік профессор А. Панариннің (Александр Сергеевич дөңгелек үстелге қатысқандардың бірі) айтқан ойы мәнді: Адамзат тұтынушылық қоғамдарда экологиялық өзін-өзі шектеу болып табылатын жаңа, постиндустриалды аскездер табалдырығында тұр... Менің ойымша, әзірше ешкім сөз етпеген еуразия тақырыбы шеңберінде бұл мәселе іс жүзінде осы ағымның тағдырын айқындайды. Осыдан келіп ол өз ойын: толғағы жеткен үлкен құбылыстың метафорасы деп әділ атап көрсетеді [2. 77-82].
Үлкен құбылыс деген не? Басқаша айтқанда, еуразияшылдықтың терең мәні неде?
Еуразияшылдық мәселесі өз ішіне географиялық, тарихи, әлеуметтік, геосаяси, этнологиялық, этнопсихологиялық жақтарды, яғни табиғи ортамен, адамның қоғамдық дамуымен және оның ішкі рухани әлемімен байланысты нәрсенің бәрін сіңіреді. Яғни, еуразияшылдық - жеке ғылыми ұғым емес, керісініше, қамтуы мол, әмбебап немесе философиялық ұғым. Басқаша да мәніне үңілейік. Еуразияшылдық деген сөз Еуропа мен Азияны біріктіреді, бірақ олар философиялық мәні жағынан Батыс пен Шығыс деген кең және мазмұнды ұғымды білдіреді.Еуразиялық кеңістіктегі мемлекетаралық қатынастар мен интеграциялық үрдістерді алсақ, олар еуразияшылдықтың табиғи терең мәнін көрсетеді. Егер Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Еуразиялық одақ (ЕО) жөніндегі нақты идеясы туралы айтар болсақ, ол саяси немесе жалаң сыртқары ойларға емес, Еуразия халықтарының мәдениеті мен болмысының іштей жақындығына, славяндар мен тұрандықтардың іс жүзіндегі ішкі менталитеттік бірлігіне негізделген. ЕО мұраты сырттап өмір сүру мен мен басымшылдықты жоққа шығарады, өйткені еуразиялық жинақтаушылық әр түрлі тектер, мәдениеттер мен елдер арасындағы оқшау қатынасты емес, достық, яғни үйлесімді қатынасты білдіреді. Еуразия кеңістігі бойынша екі аса ірі дін - ислам мен христиан арасындағы шекара өтеді.[3. 56-59]
Ислам мен христиандық арасындағы рухани келісім туралы айтар болсақ, онда Қазақстан дамуының табиғи жолы біздерді ұлттық тамырдың, тілдің, әдет-ғұрып пен дәстүрдің көп ғасырлық бірлігін байланыстырып отырған түрік-ислам әлеміне сәтті кіруі болып табылар еді. Бірақ Еуразия кеңістігіндегі басқа Шығыс республикаларынан өзгешелігі, Қазақстанның ұлттық мәдениетінде таза мұсылмандық форманың басым болуы мүмкін емес. Өйткені, оның даласында ежелгі заманнан бері әр түрлі діндер бейбіт қатар өмір сүрді, олардың ішінде ежелгі христиандық пен буддизм болды, ал тәңіршілдік дәстүрі өзінің қарапайым халық үшін маңыздылығы жағынан исламнан кем түскен жоқ.
Бұрынғы кеңестік зорлық-зомбылық идеологиясының күйреуіне орай қазіргі қоғамдағы діннің рөлі едәуір артуда. Халықтың едәуір бөлігі дәстүрлі игіліктер мен қоғамдағы адамгершілік қалыптарды дін арқылы жаңғыртқысы келеді. Мұны қолдау қажет.
Кейде кейбір саясаткерлер Ресей мен одан тысқары аймақтарда болып жатқан ұлтаралық қақтығыстардың себебін христиан және мұсылман халықтары арасындағы қарама-қарсылық деп есептейді. Жағдайларға осындай болымсыз, ақ-қара әлеуметтік көріністің негізінде баға беріп қана қоймайды, сонымен бірге оның даму барысында болжам мен сценарий жасалады, туындаған қайшылықтарды шешу жөнінде нақты шаралар қабылдайды. Іс жүзінде бұрынғы Кеңес Одағы аймағындағы ислам ұлттық диаспоралар мен жергілікті халық арасындағы қақтығыстардың айқындаушы факторы болып табылмайды, керісінше, оның христиандықпен қатар өмір сүруі мемлекеттердің қалыптасқан еуразиялық сипатына орай әлеуметтік өмірдің қажетті бөлігі болып табылады.
Еуразияшылдық идеясы біздің аумақтағы геосаяси және әлеуметтік-мәдени кеңістік шеңберінде терең интеграциялық үрдістер басталатын болашағы мол тарихтың жаңа философиясы рөліне ұмтылуы мүмкін.
Қазір ХХ ғасырдағы тәжірибемен байыған Еуразия идеясы оның алғашқы даму кезеңінің сипатына орай әлеуметтік өмірдің қажетті бөлігі болып табылады.
Қазір ХХ ғасырдағы тәжірибемен байыған Еуразия идеясы оның алғашқы даму кезеңіне қарағанда да көкейкесті болып отыр. Бүгінгі күнгі жаһандану заманында тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан Шығыс пен Батыстың жақындасуы Еуразия континенті мемлекеттерінің дүниеге деген қатынасы мен интеграциясы іспетті аса тарихи қажеттілікке айналуда. Егер алғашқы еуразияшылдық Ресей империясының күйреуіне жауап ретінде болса, қазіргі еуразияшылдық КСРО-ның ыдырауы, сондай-ақ болашақта орын алуы мүмкін әлеуметтік-саяси күйреуге деген әсер болуы мүмкін. Жаһандану заманында адам мен табиғат, техника мен адамгершілік, ислам мен христиандық, ұлттық пен жалпыадамзаттың жойылуына апарып соқтыруы ықтимал. Еуразияшылдықты дүниеге айрықша қатынас түріндегі мәдени-философиялық доктрина ретінде жүзеге асыру осы теңсіздікті жеңудің басты жолы, адам тіршілігінің әр түрлі тараптарын үйлестірудің бірден-бір тәсілі болар еді. ХХІ ғасырда Еуразиялық идеяның кең де терең мәнге ие болуы да сондықтан. Еуразиялық идея Еуразия континентіндегі мемлекеттер арасындағы қайшылықтарды шешудің бірден-бір үйлесімді формасы, сонымен қатар көп деңгейлі интеграциялық үрдістердің қайнар көзі, ендеше, континенттік қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз етудің бірден-бір құралы.

1.2. Еуразияшылдық идеясының қызметі
Евразияшылдық идеясы - кейінгі жылдары жиі еститін сөзімізге айналды. Оны қозғап жүргендер бұл ТМД мем - ле - кеттерінің, оның ішінде әсіресе Қазақ - станның бірден-бір даму жолы еке - нін дәлелдегісі келеді. Қазаншының өз еркі қайдан құлақ шығарса дегендей, көсемдері көбіне Орыстар болған - дықтан олар Евразияшылдықты орыс мүддесіне қызмет етуге бейімдеп алған. Оған: Евразияшылдықты Ресейдің геосаяси тұжырымдамасы ғана емес, біздің мемлекеттің геосаяси дәстүрі деп те айтуға болады деген пікірлерін дәлел ретінде келтірсек болады. Яғни, бұл Ресейдің империялық мүддесімен астасып жатыр. Енді, бұл идея Қазаққа несімен тиімсіз деген сұраққа жауап іздеп көрелік. Еуразияшылдар қозғалысы әуелде шетелдегі орыс эмигранттарының арасында дүниеге келді. Олар барлық халықтарға үстемдік етуге ұмтылған Евроцентризм мен романдық-германдық мәдениеттің агрессивтік сипатын сынға алып, 1928 жылы Еуразия деп аталатын газет шығара бастайды. Кейін қозғалыс мүшелерінің көпшілігі славяншылдықты өздерінің рухани негізі деп тани бастады. Қазаққа жақпайтын жағы осы. Себебі, Қазақтар славяндар емес, аттарының тұяғы Еуразия төсін дүбірлеткен Қыпшақтардың тікелей ұрпағы екені белгілі. Керек десеңіз, бізде оған балама болатын Тұраншылдық, Түрікшілдік, Алашшылдық сияқты өз идеялдарымыз бар. Бұл жағынан бізге өздерін Ресейге сі - ңіп кеткен Далалықтардың ұрпағы санайтындардың көзқарасы жақынырақ. Бірақ, бұлар әлі ұйысып, Ресейде үлкен күш бола алмай отыр. Себебі, орыстардың өзіндегі Далалықтарға қатысты пі - кір екіге жарылған. Бірі - мұңғұл - та - тарлар төңірегінде бізде жаңсақ пі - кір қалыптасқан, сондықтан, қолдан жасалған жасанды тарихты әшкерелеп, ақиқатты айтатын кез туды десе, Ұлы орыстық шовинизммен уланған кейбір оқымыстылар Қыпшақтар мен мұңғұл-татар шапқыншылығына байланысты қалыптасқан, қазіргі қоғамдық ойға қозғау салмау керек деген пікірден айнымай отыр. Олар егер Ресей тарихы жаңа көзқарас тұрғысынан талданса, ақтаңдақтар ашылып қалып, Татарлардың орыс мемлекетінің қалыптасуына қосқан орасан зор үлесіне әділ баға беруге тура келеді деген уәж айтады. Бір жағынан татар-мұңғұлдарға басқаша баға беріп үйренген, қазіргі билікте оған онша ықылас білдіріп отырған жоқ. Ондағы оқымыстылар мен қоғам қайраткерлерінің Ресей шежіресіне қатысты екі түрлі позиция ұстанатындығын белгілі тарихшы, Ресей мемлекеттік гума - нитарлық университетінің президенті Юрий Афанасьевтың: Кез келген адамнан Дмитрий Донской кім болған деп сұраңызшы. Куликово шайқасы, татар езгісінен құтылу деп жауап береді ... Егер, татар езгісінен құтылу дегенді Дмитрий Донскойдың өзіне айтса, ол есінен адасып кетер еді. Себебі, ол мойын - дай - тын патша Татар патшасы ғана болатын. Ал, Мамай өзін хан жасағысы келген көлденең көк аттының бірі болды. Донской осыған қарсы шығып, заңды патшаны қорғаған. Татарлардан азат болу деген сандырақты ол қабылдамас еді. Бірақ, қазір осылай сөз саптау біздің тарихи қағидамызға айналып кетті, деген сөзінен байқауға болады. Ал, Еуразияшылар идеясының бізге тиімді тұсы олардың славян-түркі байланысын қайта жандандырып, өңірдегі алыс-беріске жаңа сипат беретіндігі. Олар Еуразия құр - лы - ғындағы ортақ тарихи-мәдени құндылықтардан бас тартқан жоқ. Ұлы даланың әлем өркениетіне қосқан өлшеусіз үлесіне оң баға беріп, Орыс тарихы Татарлармен тығыз байланысып жатқанын мойындады. [4. 35-42]
Сондықтан, еуразияшылдар батысқа бүйрегі бұрып тұратын отандастарына қарсы шығып, Ұлы Даланы Русьтің құдай қосқан көршісі әрі стратегиялық әріптесі деп таныды. Бірақ, бұл мәселеге олар славяншылдық көзқараспен үңілді. Өйткені, орыс өркениеті өзінше бір әлем. Бұл Еуропа да емес, Азия да емес, екеуінің арасындағы синтез дейді, олар. Тағы бір ерекшелігі, еуразияшылар, татар-мұң - ғұл езгісі Ресей үшін қайырлы болды. Себебі, Ресей Шыңғыс хан империясынан еуразиялық мемлекеттіліктің эстафетасын қабылдап алды, деген пікір айтады. Николай Трубецкой бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы - кредит уйымдарына қатысуы
ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ – ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛ РЕТІНДЕ
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еуразиялық жобасы
Еуразияшылдық пәнінен емтихан билеттерінің жауаптары
Пассионар
Орыс философиясы
Қазақстанның қазіргі тарихында еуразиялық идеяларының даму перспективасы
Еуразия мәдениеті және еуразияшылдық мәдениет
Мәңгілік Ел идеясы мен Рухани жаңғыру жобасы – Қазақстанның тарихи дамуының жаңа векторлары
Еуразия идеясы
Пәндер