Қазақстанның ДСҰ-ға интеграциясы және халықаралық сауда дауларына қатысу: мақсаттары, мәселелері мен мүмкіндіктері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан және ДСҰ

ҚР-ның сауда дауларына қатысу мәселесі

Қазақстанның ДСҰ-ға қосылу мақсаттары . ДСҰ форумды - экономикалық өсім мен дамуға өз үлесін қосу үшін халықаралық саудадағы бөгеттерді азайтуға бағытталған келісімдерді талқыға салуға арналған алаң мен барлығына жоғары санаттағы ойын өрісін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ДСҰ бұл келісімдерді орындау үшін және мониторинг жасау үшін, сондай-ақ оларды түсіндіру мен қолдануынан туатын дауларды ретеу үшін құқықтық және институционалдық шеңберді қамтамасыздандырады. Бүгінгі таңда ДСҰ құрайтын сауда келісімдер бойынша орган 16 түрлі көпжақтық келісімдер (ДСҰ-ң барлық мүшелері жақ болды) мен екі түрлі көпжақтық келісімдерден (ДСҰ-ң тек бірнеше мүшесі ғана жақ) тұрады.

Ұйымға бірігудің мақсаттары мен міндеттері:

Дүниежүзілік экономикаға ықпалдау процесін күшейту;

  • Өнеркәсіп және ауыл шаруашылық тауарларын сатуда тарифтік және тарифтік емес кедергілерін төмендету, халықаралық сауданы ары қарай ырықтандыру және дүниежүзіліу нарықтарында еркін және әділ бәсекелестікке жағдайлар құру;
  • Әзірленген принциптер мен ережелердің негізінде қызметтерді халықаралық сатуды реттеу, оны ары қарай кеңейту және келіссөздерді жүргізу жолымен кезеңдеп ырықтандыру;
  • Ұлттық құқықтық жүйелерде айырмашылықтарды есептеумен зияткерлік меншікке құқықтардың сауда аспектілері саласында тиімді қорғау механизмін құру;
  • Сауда дауларын реттеудің тиімді көп жақты механизмін құру;

ДСҰ мүше-елдердің ұлттық сауда саясатына бақылауды жүзеге асыру;

  • Қазақстандық тауарлар мен қызметтерді экспорттау үшін дүниежүзілік нарықтардың қол жетімділігі;
  • Халықаралық нормалары мен стандарттарына сәйкес елдің сауда заңнамасын келтіру;
  • Елде болжамданатын саудалық-инвестициялық ортаны қалыптастыру;
  • Көп жақты сауда келіссөздерін кезеңдеп өткізу үшін «келіссөз алаңшаның» қызметтерін қамтамасыз ету.

Қазақстанның ДСҰ дауларына қатысу: мәселелері мен мүмкіншіліктері. Бүгінгі таңда Қазақстанның ДСҰ ДШО істеріне қатысу мүмкіншіліктеріне әсер ететін субъективті және объективті жағдайлар бар. Ресей Федерациясының ДСҰ-ға қосылуы алдында мемлкекеттің сауда дауларына қатысу бойынша зерттеушілер бірнеше факторларды атап кетті. Мұндағы зерттеудің мәні - Қазақстанның да сауда дауларына қатысу мәселесіне барабар. Біріншіден, бұл - халықаралық сауда дауларына қатысудың практикалық тәжірибенің жоқтығы. Қосылудан кейін Қазақстан басқа елдер тарапынан талап объектісі болуы мүмкін. Бұл жерде қай сала және қандай сұрақ бойынша талап қою тәуекелі ықтимал.

Мәселен, ЕО ДСҰ ДШО-ға Ресейдің шетел автокөліктерге қатысты кәдеге жарату бажын салуы үшін жолданды. Ресей біздің негізгі одақтас болғандықтан, оған талап қою фактісі Кеден Одағы барлық мүше-мемлкеттеріне әсер тигізуі мүмкін.

Екіншіден, келіссөздерде Қазақстанның мүдделерін қорғайтын және ДШО істерді қарастыратын білікті мамандардың аз болуы. Сауда дауында табысқа жету үшін осы салада мамандарды (заңгерлер, экономисттер, сарапшылар және т. б. ) даярлау жұмыстары қажет. Бұл мәселенің бірден-бір шешімі шетел мамандарын тарту екендігін халықаралық тәжірибе көрсетуде.

Үшіншіден, іскер топтар мен ҚР уәкілетті атқарушы органның (ҚР Ұлттық экономика министрлігі) сауда келіссөздері мен дауларды ұйымдастыру жөніндегі түсінікті әрі қолайлы арақатынас тәртібінің жоқтығы. Осындай тәртіпке байланысты жеткілікті ақпарат бизнес-қауымдастықтардың ДСҰ нормаларын пайдалану мен өз мүдделерін қорғау механизмінің белсенділігінің өсуіне ықпал етеді.

Сондай-ақ халықаралық сауда аймақтарында отандық кәсіпкерлерді қорғау тетіктері едәуір дамиды. Бұл үшін біздің кәсіпкерлеріміздің өз мүдделерін мемлекет арқылы қорғау үшін қандай құқықтық құралдарды пайдалану болатындығы бойынша хабардарлықты жетілдіру қажет. Мысалы, егер қазақстандық компанияда сыртқы нарықта даулар туындаса, компания қай жерге жолдану керектігін біліп, оның мүдделері дереу қорғалынатындығында сенімді болуы керек. Қазақстанның сауда даулары бойынша тиісті тәжірибе мен жеткілікті мамандардың тапшылығына қарамастан, ДСҰ-ның ережелері кез келген мүдделі мемлекеттің қажетті нәтижеге жету мүмкіндігін айқындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық сауда жүйесінің қалыптасуы және Қазақстанның ДСҰ-ға қосылу мәселелері мен перспективалары
Дүниежүзілік сауда ұйымы және Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі: құрылымы, мақсаттары, кезеңдері және келіссөздер
Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі: келіссөздер, халықаралық серіктестіктер және ауыл шаруашылығы мәселелері
Халықаралық сауда теориясы және Қазақстан Республикасының сыртқы саудасы: ДСҰ-ға ену мәселелері
Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі: әлемдік сауда тенденциялары, перспективалары және проблемалары
Сыртқы және халықаралық сауда саясаты: тарифтер, тарифтік емес кедергілер және Қазақстанның ДСҰ-ға қосылу процесі
Дүниежүзілік сауда ұйымы: Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі және саудадағы техникалық тосқауылдар
Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуының экономикалық әсерлері мен тәуекелдері
Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты: кедендік тарифтер, халықаралық әріптестік және ДСҰ-ға кіруге әзірлік
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруінің қазіргі жағдайы мен өзекті мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz