Табиғатты пайдалану құқығы түсінігі


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе. . ……
- Табиғат пайдалану құқығының құқығының түсінігі және жалпы құқықтық сипаттамасы. Табиғат пайдалану құқығының жалпы түсінігі және түрлеріТабиғат пайдалану құқығының объектілері мен субъектілеріТабиғат пайдалану құқығының қағидалары
- Табиғат пайдалану құқығының пайда болу және тоқтатылу негіздері. Табиғат пайдалану құқығының пайда болу негіздеріТабиғат пайдалану құқығының тоқтатылу негіздері
Қорытынды. .
Пайдаланылған дерек көздері. .
КІРІСПЕ
Егеменді және тәуелсіз Қазақстан табиғи ресурстарға бай мемлекет болып табылады. Алайда, біздің еліміздің табиғи ресурстарының соншама молдығына қарамастан, оған қамқорлықпен қарау әрқашан туындап отырады. Қоғамның қазіргі дамуы табиғи ресурстардың шаруашылық мұқтаждықтарына кең түрде пайдаланылуына сүйенеді. Бұл процесс нарықтақ қатынастар дами түскен сайын одан әрі күрделене береді.
Сондықтан, ғалымдар мен бүкіл қоғамның табиғи ресурстарын пайдаланудың адам үшін қажеттілігі мен табиғи ортаны қорғаудың қажеттілігі арасындағы қарама - қайшылықтарға байланысты дабыл қағуы өте орынды болып табылады. Осыған байланысты зор маңызды табиғи ресурстарды өте көп мөлшерде шаруашылық мақсатқа пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін теріс зардаптары мен залалдарын жеңілдету, барынша азайту және табиғи байлықтарды молайту жөніндегі шараларды жасау міндеті туындайды. Табиғатты тиімді түрде үнемді пайдалану және оны қорғау шаралары, оның ресурстарын пайдалану кезіндегі тепе-теңдікті белсенді түрде сақтау, қоршаған табиғи ортаны жақсарту, ал бұл талаптар бұзылған жағдайда оны қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру қажеттігін тудырып отыр.
Осыған орай “Қазақстан - 2030” стратегиясының басымдықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы мақұлданды. Бұл тұжырымдамада еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін стратегиялық бағыттар көрсетілген - экономиканы, ұлттық заңнамаларды және қоғамды экологияландыруға байланысты, экологиялық үгіт-насихат және жұртшылықтың қатысуы, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту1 .
Табиғатты қорғау мен оның байлығын тиімді пайдалану мәселесін шешуді қамтамасыз ететін әдіс - тәсілдер жүйесін жасауға әр түрлі құқықтық институттар белсенді түрде қатысады. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы қызметке көптеген субъектілер қатысады, мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, заңды тұлғалар, азаматтар, қоғамдық бірлестіктер және т. б.
Қоршаған ортаның жағдайымен байланысты мәселелер қазіргі таңдағы адамзат мәселелерінің ішінде бірінші орынға шықты.
Бұл мәселерді шешуде маңызды рөл азаматтар мен қоғамдық экологиялық бірлестіктерге беріледі. Қазақстан Республикасының Конституциясының 23 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығы бар деп көрсетілген. Яғни, азаматтардың қоршаған ортаны қорғауға қатысуы қоғамдық экологиялық бірлестіктерге бірігу құқығы арқылы жүзеге асырылады 2.
Ал қоғамдық экологиялық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғауға қатысуы саласындағы қызметінің маңызы дүние жүзі қауымдастығымен танылған БҰҰ- ның Рио -де - Жанейрода өткен қоршаған орта және даму туралы Конференциясында қабылданаған негізгі құжаттарының бірінде, қоршаған ортаны қорғау саласында үкіметтік емес және мемлекеттік ұйымдардың күштерін біріктіру қажеттілігі бекітілген 3.
Менің бұл таңдауым, табиғат пайдаланудағы бұрын болған және жаңа маңызды мәселелердің пайда болуы, экономмикалық және басқа да құрылымды қайта құрудың күрт өзгеруі, еліміздегі экономикалық реформалардың өткізу салдарына байланысты. Менің ойымша қоғаммен табиғаттың өзара әрекеттілігінің басты базалық элементті - табиғат пайдалану. Қоғам мен табиғат арасындағы «зат айналым» нақты осы ортада пайда болады. Осыған байланысты, табиғат пайдалану қоғамның тіршілігіне барлық керектігін қанағаттандыру болып табылады. Сондықтан да табиғатты қорғау әлеуметтік - экономикалық өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қоғамға қажетті табиғатты тұтыну шеңберінен шығатын, табиғатқа қолайсыз ықпал ететін салдарды туғызудағы жағдайларды әлсірету, жаңа немесе алдын алу осы кішігірім ой жүгітуден табиғат пайдаланудың қоғамдық өмірдегі ролі мен реттеудің қажеттілігін көрсетеді.
Тиісті табиғи обьектілерді пайдалануда туындайтын қатынастарды реттеудің басты құралы - құқық. Егер қандай да бір қатынас іс жүзінде орын алатын болса (тиісті табиғи обьектілерді пайдалануға байланысты) онда ол қатынастар өз бекітуін нақты заң жүзінде табуы керек.
Табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғаудағы құқықтық тәсілдермен шешу тегін жетілдір мәселелерін шешуде заңи тұрғыда ойлануымыз қажет.
1. Табиғат пайдалану құқығының құқығының түсінігі және жалпы құқықтық сипаттамасы.
- Табиғат пайдалану құқығының жалпы түсінігі және түрлері
Табиғатты пайдалану адамның жаратылысқа келгелі жалғасып келе жатқан өмірдің, тіршіліктің материалдық және әлеуметтік негізі және ол үзілмейтін процесс. 4 Қазақстан Республикасының Конституциясында табиғи ресурстарға мемлекеттік меншік арқылы пайдалану, оны қорғау, оны басқару табиғат туралы заңның бастамасы болды. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғауды өзіне мақсат етіп қояды. Менің жалпы түсінігім бойынша «табиғат пайдаланушы» деген сөз адам үнемі өзінің тіршілігін қамтамасыз ететін, адам мен табиғаттың үзілместік қатынасы. Өмірдің және адам мен қоғамның бар болуының негізі табиғатты пайдалануда.
Табиғи ресурстарды пайдалану - қоғам мен табиғат арасындағы негізгі қатынастар. Онда қоғам мүшелері - адамдардың әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін табиғи обьектілерін өз бетінше белгіленген тәртіп бойынша пайдаланады. Осыған орай табиғат пайдалану өмірді үзбеу үшін маңызды қатынасқа түсу мен бірге қоғамның табиғатқа әрекет етуші қатынас құралы болып табылады. Табиғатты пайдалану бір жақты дамуына, оны қорғауға кейінгі кездерде мән беріле бастады. Әртүрлі экологиялық шараларды қолданып, оның ішінде құық нормаларын бір жүйеге келтіру ұлттық және әлемдік деңгейге жетті. Ең алдымен азаматтардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың және ұжымдардың құқықтары мен міндеттері табиғат пайдалану құқығында көрініс табуы қажет. Табиғат пайдалану құқығы ретінде пәнін ашу қажет, ол толығымен табиғат немесе табиғаттың барлық құбылыстары деп танылмайды, нақты айтқанда құықтық реттеуге жататын обьекті. Мысалы: демалу үшін атмосфералық ауаны пайдалану, күн энергиясын қолдану, жаунның ылғалдылығы, климат барлығы құқықтық реттеу объектісі емес. Басқаша айтқанда, табиғат пайдалану философиямен басқа ғылымдарда тар мағынада қолданылады.
Табиғат пайдалану шеңберіне кіретін негізгі обьектілер жер, оның қойнауы, су, орман, өсімдік және жануарлар әлемі, атмосфералық ауа. Табиғат байлықтарын қолдану қатынастарын реттеуге ережелер, табиғи ресурстар заңнамасының мазмұнын құрайды, ал олардың жүйесі, яғни нормалар жүйесі, табиғат пайдалану құқығы деп танылады.
Қазіргі кезде табиғи ресурстарды пайдалануда саласында бірнеше құқықтық нормалар жүйесі қалыптасқан. Олар үкіметтің, ведомстволардың актілерінде көрініс табады. Бұл жүйе даму үстінде.
Оған біріншіден - бірлік, ал екіншіден құқық саласындағы диффернциялдық норма тән мінез болып табылады.
Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы саласында дифференциялдық норма осыған дейінгі қалыптасқан құқық салаларына қарай кодификацияланған мәселен - жер, тау кен, су және орман құқықтарына негізделіп. Осыларға 11 наурыз 2002 ж. қабылданған “Атмосфералық ауаны қорғау” туралы заңдар жатады.
Табиғи ресурстарды пайдаланудағы заңнамалық дифференция бұдан әрі де дамый және салаларға тереңдей түсуі тиіс.
Сонымен қатар, табиғи ресурстарды пайдалану ұйымы Қазақстандағы экологиялық саясаттың маңызды элементі болып табылады, сол сияқты мемлекеттің экономикалық жағдайына әсер ететіндіктен бұл салада бірқатар заңдар мен актілер қабылданады.
- ҚР Орман кодексі (8. 7. 2003ж. )
- ҚР Су кодексі (23. 7. 2003ж. )
- “ҚР Жануарлар әлемін пайдалану және қорғау” туралы заң (21. 10. 93ж. толықтырулар мен өзгертулер 11. 05. 99ж., 23. 01. 01ж., 24. 12. 01 ж. ) .
- Жер кодексі (20. 06. 03ж. )
- “ҚР Атмосфералық ауаны қорғау” туралы заңы (11. 03. 02ж. )
- “Жер қойнауы және оны пайдалану” туралы. ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы (27. 01. 96ж. ) .
- Экологиялық қауіпсіздік концепциясы (03. 12. 03ж. )
- “Қ. Р. Ерекше қорғалытын табиғи аумақтар” туралы заңы (15. 07. 97ж) Қазіргі кезде республикада 200 ден аса мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдар қоршаған ортаны қорғауға белсенді түрде қатысады. Олардң қызметтері “қоғамдық ұйымдар” және “қоршаған ортаны қорғау” туралы заңдармен реттелді.
Қ. Р. рационалды табиғи ресурстарды пайдалану саласында экологиялық қауіпсіздік концепциясы жасалынған, қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық әрекет жобасы.
Бұл концепция қоршаған орта және оны дамыту жайлы Рио де - Жанейро деклорациясының қағидасына сүйене отырып жасалған. Бұл концепция экономиканың және адамзаттың дамуына қолайылы қоршаған ортаны қалыпиастырудағы бағытты анықтайды. Қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық әрекет жобасының негізгі мақсаты қоғам мен қоршаан ортаныың қалыпты ара - қатынасын және экологиялық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету болып табылды.
Жер заңнамалары 28 нормативтік құқықтық актілерден тұрады: 1) орман шаруашылығын орман кадастіріне енгізу; 2) зиянның орнын толтыру; 3) орманға орналастыру, орман мониторингі және мемлекеттік есепке алу; 4) орманды пайдалану, орманды пайдаланудың түрлері; 5) орман заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік; 6) орманды қорғау; 7) орманды пайдаланғаны үшін төлем; 8) орман қорғау саласын басқару.
Табиғи ресурстарды объектілері бойынша талдай отырып біз пайдалануына және олардың түрлеріне қарай бағыт алатынын көрдік, мысалы орман заңдары сияқты.
Нормативтік құқықтық қамтамасыз ету бірінші кезекте орталықтан және жергілікті басқару органдарымен байланысты.
Сондықтан табиғи ресурстарды пайдалану заңнамалары салалық болып келеді. Салалық қатынас жерді, оның қойнауын, орманды, суды, жануарлар әлемін және атмосфералық ауаны пайдалануға шектеулер береді. Мұндай шектеулер табиғатты пайдаланудағы құқықтық норманы қалыптастыруға қажетті жағдай болып табылады. Сондықтан заңда табиғатты пайдалану құқығының субъектісі толық реттелген түрде объектісіне әсер етуі тіис.
ҚР Конституциясында табиғи ресурстарына мемлекеттік меншік және жерге жеке меншік таралады делінген. Нормативтік актілерде табиғатты пайдалану, оны қорғау, басқару мәселелері көзделгенмен, Конституциясында ҚР азаматтарының өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғауды өзінің мақсаты етіп қойды.
Осы бастамалар негізінде «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңда қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық және экономикалық және т. б. негіздерін белгілейді және өзге де қызметтің биологиялық түрлілігін сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.
Б. В. Ерофеев өз еңбегінде «табиғат пайдалану құқығы» терминінің орнына «экология пайдалану құқығы» ұғымын қолданады. Оның айтуынша табиғат пайдалану құқығы табиғи ресурстарды халық шаруашылығы мен азаматтардың экологиялық тұтынуын қанағаттандыруға арналған заңды тәртіп, ал экология пайдалану құқығы - табиғи обьектілердің жай - күйін экологиялық өзара байланысын есепке алу, экологиялық құқықтық институт ретінде қарастырылады. 5
Отандық ғалым Стамкуловтың пікірі бойынша Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау туралы заңының 1-бап 5-тармағында берілген анықтама табиғат пайдалану құқығының анықтамасы емес, табиғи ресурстарды пайдалану құқығының анықтамасы деген пікірді білдіреді. Табиғат байлығының атмосфералық ауа, кеңістік, табиғи аумақтарды пайдалану объектілеріне жатады. Сондықтан табиғат пайдалану дегеніміз - табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, кеңістікті, аумақты, топырақты, жер, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты, озон қабатын қоса алғанда барлық жанда және жансыз табиғи байлықтарды пайдалану. Олардың ішінде табиғи ресурстар ерекше орын алады. Ал Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңында көптеген табиғи ресурстар айтылмай кеткен. 6
Д. Л. Байдельдиновтың пікірі бойынша, табиғат пайдалану құқығын екі түрлі мағынада түсінуге болады. Олар: объективтік мағынада және субъективтік мағынада. Объективтік мағынадағы табиғат пайдалану құқығы дегеніміз - табиғат пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері мен табиғи ресурстарды беру және алып қою тәртібін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Ал субъективтік мағынадағы табиғат пайдалану құқығы дегеніміз -экологиялық заңдармен нақты белгіленген табиғат пайдаланушыларды белгілі бір табиғи объектілерді иелену мен пайдалануға байланысты құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы. Табиғат пайдалану құқығының табиғи ресурстарға меншік құқығынан басты айырмашылығы - табиғи ресурстарға билік ету құқығының болмауы.
Табиғат пайдалану құқығының анықтамасын саралай отырып, табиғат пайдалану құқығының бірнеше белгілерін анықтап алуға болады. Олар: ғылыми негізділік, мақсатты пайдаланылуы, ұтымдылық, кешенділік, лицензиялау, квота және лимиттің бөлінуі. Табиғат пайдалану құқығының ғылыми негізділік белгісі - табиғи ресурстарды пайдалану табиғат дамудың заңдылығына сүйене отырып, экономикалық және экологиялық мүдделерді үйлестіретіндігін білдіреді. Табиғат пайдалану құқығы мақсатты пайдалануды талап етеді. Мемлекет жекелеген табиғат пайдаланушыларға табиғи объектілерді, олардың құжаттарында тікелей көрсетілген мақсаттарға пайдалануға береді. Мысалы: Қазақстан Республикасының азаматына жер учаскесін шаруа фермер қожалығын жүргізу мақсатында берілуі. Табиғи ресурстың, яғни жер учаскесінің пайдалану мақсаты, жер учаскесінің мемлекеттік актісінде нақты көрсетіледі. Егер жер учаскесін осы мақсатта пайдаланбаған жағдайда, ол әрекет құқық бұзушылық ретінде танылып, заңда белгіленген тәртіп пен шарттарда сәйкес жауапкершілікке тартылады. Табиғат пайдаланудың ұтымдылығы дегеніміз - қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ете отырып, табиғи ресурстарды үнемді, саналы пайдалану.
Табиғатты пайдаланудың кешенділігі табиғи ресурсты пайдалану барысында табиғат пайдаланушының кешенді қажеттіліктері қанағаттандандырылуы тиіс екендігін білдіреді. Табиғат пайдаланудың квота бөлу және лимиттеу дегеніміз - біршама табиғи ресурстарды пайдалану барысында табиғи қалпына келтірілмейтін болғандықтан, пайдалану кезінде квота немесе лимит бөліну арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау туралы заңына сәйкес, лимиттің екі түрі белгіленген:
- Қоршаған ортаны ластауға лимит - яғни қоршаған ортаны ластайтын заттардың, өндіріс және тұтыну қалдықтарының қоршаған ортаға түсуі, сонымен қатар, шудың, тербелістің, магнит толқындарының, зиянды физикалық әсердің қоршаған ортада болуының лимиті;
- Табиғи ресурстарды қоршаған ортадан алу лимиті - табиғи ресурстарды пайдаланудың сандық жағынан анықталған мүмкіндігі; Бұл жағдайда табиғи ресурстардың табиғи биологиялық қалпына келтірушілік қасиеті жойылмайды және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға кепілдік береді.
Аталған заңға сәйкес, квотаның да екі түрі белгіленген:
- Ластауға квота - белгіленген мерзімге және анықталған табиғат пайдаланушыға берілген қоршаған ортаны ластауға берілген лимиттің бір бөлігі;
- Табиғи ресурстарды алуға квота - белгіленген мерзімге және анықталған табиғат пайдаланушыға берілген табиғи ресурстарды пайдалануға берілген лимиттің бір бөлігі;
Табиғат пайдаланудың лимиттері және квоталары Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленеді.
Табиғат пайдалануды лицензиялау дегеніміз - қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттің бақылау және қадағалау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін шарасы ретінде танылады. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңның 16-бабына сәйкес, табиғат пайдалануға рұқсат дегеніміз - қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік құзіретті органның табиғат пайдаланушыға беретін табиғи ресурстарды пайдалануға, қоршаған ортаны ластайтын заттарды, өндіріс және тұтыну қалдықтарын қоршаған ортада орналастыруға беретін рұқсаты. Табиғат пайдалануға рұқсаттың мазмұны келесі жағдайлады қамту қажет:
- табиғат пайдалануға рұқсат алатын тұлға туралы мәлімет;
- табиғи ресурсты пайдалану мақсаты;
- табиғи ресурстың сипаттамасы;
- табиғат пайдалануға рұқсаттың мерзімі және табиғат пайдалану операцияларын бастайтын уақыты;
- табиғат пайдалануға төленетін төлемнің тәртібі мен шарттары;
- табиғат пайдаланудың түрі, мөлшері, көлемі және тәртібі;
- табиғат пайдалануға рұқсат алған тұлғаның құқықтары мен міндеттері;
- өзге қажетті мәліметтер.
Табиғат пайдалануға алған рұқсатты шартты түрде үш түрге бөлінеді:
а) жекелеген табиғи ресурстарды пайдалануға беретін рұқсат; б) қоршаған ортады ластайтын заттарды, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру және көмуге беретін рұқсат; в) кешенді табиғат пайдалануға беретін рұқсат. 7
Сонымен қорытындылай келе, табиғат пайдалану - адамның шаруашылық және өзге де қызметіне, сондай-ақ өз тұрмыстық, материалдық және өзге қажеттіктерін қанағаттындыуы үшін табиғи ресурстарды пайдалануы,
1. 2 Табиғат пайдалану құқығының объектілері және субъектілері
Табиғи ресурстар - қоғамның материалдық, мәдени және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық және өзге де қызметтер процесінде пайдаланатын құрамдас бөліктері (5, б1) .
Табиғат пайдаланушылар - заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттік және мемлекеттік емес, ұлттық және шетелдік болып бөлінеді. Шетелдік табиғатпайдаланушылар олар шетел азаматтары, шетелдік заңды тұлғалар, шетел мемлекеттері, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар жатады. (5. б10) .
Табиғат пайдалану түрлерінің топтастырылуы табиғи ресурстар заңнамасында және қоршаған ортаны қорғау құқық доктриналарында бірнеше топтастырылуы көрсетілген.
Табиғат пайдалану құқығы объектілер түрлеріне байланысты келесіге бөлінеді: жер пайдалану қүқығы, жер қойнауын пайдалану құқығы, су пайдалану құқығы, атмосфералық ауаны пайдалану құқығы, орман пайдалану құқығы, өсімдіктер әлемін пайдалану құқығы, жануарлар дүниесін пайдалану құқығы, яғни заңда табиғи ресурстар ерекше орын алады. Табиғат пайдалану құқығының ауқымы табиғи ресурстарды пайдалану құқығы табиғи ресурстардың обьектілерін (жер, жер қойнауы, су, орман, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі) пайдаланумен шектеледі. Ал табиғи пайдалану жоғарыда көрсетілгендей барлық жанды және жансыз табиғи обьектілерді қамтиды. (оның ішінде, климат, озон қабаты, атмосфералық ауа, әуе кеңістігі, аумақ т. б) . Сондықтан табиғат пайдалану құқығының табиғи ресурстарды пайдалану құқығының айырмашылығы оның пайдалану обьектілеріне байланысты болады. (11)
Заңға сәйкес табиғи ресурстарды пайдалану түрлерінің топтастырылуы:
- жалпы және арнайы пайдалану(13б) .
Жалпы пайдалану құқығы табиғи ресурстарды адамның күнделікті тіршілігі мен тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдалану. Мысылы: суда шомылу, орманда болу, парктерде тұнығу, т. б. яғни табиғатты жалпы пайдалану үшін арнайы рұхсат берілмейді және де табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілмейді. Кейбір экологиялық жағдайларда мемлекеттік органдар жалпы пайдалану шартын уақытша белгілеуі мүмкін. Жалпы пайдалану заңға сәйкес тегін жүзеге асырылады.
Арнайы пайдалану құқығы табиғат ресурстарың арнайы өкілді органдардың заңда белгілеген рұқсаты бойынша мақсатқа пайдалану мүнкіндігі. Ол тұрақты немесе уақытша, иеліктен айырылатын немесе иеліктен айырылмайтын, ақылы немесе ақысыз, бастапқы немесе қайталама болуы мүмкін. Әрбір табиғат ресурстардың арнайы пайдалану шарттары заңдарда белгіленген. Мысалы, Жер Кодекісінің 4-тарауының 28-41-бабтарында жер пайдалану құқығың түрлері, субъектілері, пайда болу құқығының туындауының түрлері, мерзімі, ерекшеліктері көзделген.
«Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңның 12 бабы табиғат пайдаланудың құқықтық субьектілерін белгілеп көрсеткен:
- ұлттық және шетелдік
- тұрақты және уақытша
- бастапқы және кейінгі.
Ұлттық табиғат пайдаланушыларға ҚР азаматтары мен қазақстандық заңды тұлғалар жатады, сонымен қатар оның ішінде шет ел қатысатын тұлғалар.
Шетел табиғат пайдаланушылырға - шетел азаматтары, шетелдік заңды тұлғалар, шет мемлекеттер, халық аралық бірлестіктер мен ұйымдар жатады.
Тұрақты табиғат пайдаланушылардың мерзімі шектелмеген.
Уақытша табиғат пайдаланушыларға - керісінше мерзімі белгілі уақытпен шектелген.
Менің ойымша, табиғат пайдаланудағы уақытты белгілеу екі негізігі мақсатты көздейді. Біріншісі, субьект құқығын уақыт шеңберімен анықтау арқылы, тоқтатылу негізін анықтау. Екішіден, эксплуатация кезінде обьектіні ұтымды пайдалануды ынталандыру. Уақытты белгілеу табиғат пайдаланудың тұрақтылық қағидасының нысанын білдіреді.
Бастапқы табиғат пайдаланушы өз құқықтарың мемлекеттен не басқа бастапқы табиғат пайдаланушыдан құқықтарың айыру тәртібімен алған пайдаланушы.
Қайталама табиғат пайдалану шы - табиғатты ауқытша пайдалану құқығы бұл мәртебені өзінде сақтап қалатын бастапқы табиғат пайдаланушыдан шарт негізінде алу.
Қоғам мен табиғаттың арақатынасы аясындағы басқару қоршаған орта туралы заңдардың талаптарын орындауды қамтамасыз етуге бағытталған тиісті субъектілердің атқаратын әрекеттерінің жиынтығын білдіреді.
Экологиялық басқару - бұл күрделі де көп салалы ұғым және ол мынадай мәселелерден туындайды:
- Қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалануды бақылау қызметтерінен;
- Қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану механизмдерінің тиімділігінің кепілдемесінен;
- Заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінен [37] .
Кең мағында экологиялық басқару ретіндегі мемлекеттік және басқа да ұйымдардың мақсаттарын төмендегі қызметтерден түсінуге болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz