Олигополия нарығы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Олигополия нарығы

1. Олигополия нарығының ерекшеліктері

2. Олигополиялық фирманың сұраныс қисығы.

3. Курно дуаполиясының үлгісі

4. Ойын теориясы және «тұтқындар дилеммасы»

5. Олигополия нарығындағы «баға қақтығысы»

6. Баға белгілеудегі жетекшілік.

1. Олигополия нарығының ерекшеліктері

Фирмалар санының көп еместігі.

Бұл нарықта стандартталған тауарлар да (түрлі-түсті металдар) дифференциалданған (ерешеленген) тауарлар да (автомобильдер, тұрмыстық техникалар т. б. ) кездеседі.

Бұл салаға кіруге кедергілердің (тосқауылдардың) жоғары болуы. Тосқауылдардың болуы ең алдымен өндіріс ауқымына байланысты.

Олигополист фирмалар бір-бірімен тығыз байланыста және тәуелді болады.

Салада басым жетекші (лидер) фирманың болуы.

2. Олигополиялық фирманың сұраныс қисығы

Олигополист фирманың сұраныс қисығы сынық қисық түрінде болады. Оның себебі екі жағдайға байланысты:

Фирмалардың бір-біріне тәуелділігі.

Бағаның тұрақтылығы

Егер жеке олигополист бағаны белгіленген бағадан жоғары көтерсе, бәсекелестер оған қосылмайды. Ал егер фирма бағаны белгіленген бағадан төмен түсірсе, оның бәсекелестері де бағаларын төмендетеді. Бұл жағдайда бағаға сұраныс икемсіз сұранысқа айналады. Икемді сұраныстын дереу икемсіз сұранысқа айналуы салалық сұраныс қисығының (Dс) сынған түрін (Dф) береді.

3. Курно дуополиясының үлгісі

Курно теориясы бойынша екі фирма А және Б бірдей техналогия қолданады және біртекті өнім шығарады. Олардың әрқайсысы шығаратын өнім көлемін анықтаулары керек және олар шешімді бір уақытта қабылдаулары тиіс.

Курно дуаполиясының негізгі мәні мынада: әрбір фирма өнім шығару туралы шешім қабылдағанда бәсекелесінің өндіріс көлемі тұрақты деп есептейді және осы берілген шаманы ғана ескереді. Сондықтан Курно үлгісінде фирмалардың өзара қатынасы тұрақты баға кезіндегі өндіріс көлемін анықтауға негізделеді

D1(0)

МС 1

D1 (40)

МR МR МR (0)

(60) (40) D1 (60)

0 20 40 80 Q1

Курно диаполиясының үлгісі (В фирмасының өнім көлеміне байланысты

А фирмасының өнім көлемін анықтауы)

Бұл кезде нарықтық сұраныс толық А фирмасының өнімімен қанағаттандырылады, оның сұраныс қисығы нарықтық сұраныс қисығына сәйкес келеді. D 1(0), А фирмасы 120 дана шығаруға шешім қабылдаса, ол осы көлемде МR=MC пайда өте жоғары болады.

Егер Б фирмасы 40 дана шығаратын болса, онда А фирмасының сұраныс қисығы төмен D1(40) дейін жылжиды, өндіріс көлемі 40 данаға қысқарады (40 -қа) . Осы жағдайда МR(40) =MC1. Ал В фирмасы 60 дана шығарса А фирмасы өнімді 20 данаға қысқартады. Ал В фирмасы өнім көлемін 120-ға жеткізесе А фирмасы өндірісті тоқтатады.

Б фирмасының өнім көлемінің өзгеруіне байланысты А фирмасының өнім көлемінің қалай өзгеретінін басқа графикке түсіру арқылы А фирмасының реакция қисығын табуға болады А - QА (QБ) .

Баға туралы мәселелерді шеше отырып А және В фирмалары кооперативтік емес ойын жүргізеді, яғни өз бәсекелесінің іс-әрекетін ескере отырып олардың әрқайсысы өз бетінше бағаны анықтайды. Егер екі фирма бірдей баға белгілейтін болса, онда екеуінің табыстары да бірдей болады: баға 5 тенге болғанда әрқайсысының табысы 10 млн. тенге және баға 10 тенге болғанда 15 млн. тенгені құрайды. Ал егер біреуі төмен баға, екіншісі жоғары баға белгілесе, онда олардың табыстары әр-түрлі болады: 18 млн. тенге және 6 млн. тенге.

Мүмкіндіктердің ішінен ең нашарынан сақтану үшін, А және В фирмалары өз бағаларын бір мезгілде төмендетсе, онда олардың екеуі де пайданың белгілі бір бөлігінен айырылады (ең төменгі зияндар стратегиясы - 10 млн. тенге - 10 млн. тенге) .

10. 5. Олигополиялық бәсеке және «баға қақтығысы».

Олигополист фирмалардың арасындағы бәсеке әрбір фирманың нарықтағы үлесін өсіру үшін жүргізіледі. Осы мақсатпен олигополист фирмалар «баға қақтығысына» әкелетін саналы түрдегі бәсекеге түседі. «Баға қақтығысы» дегеніміз -олигополист фирмалардың бірінен кейін бірінің бағаны төмендетуі. Оның салдарын 90- суреттен көруге болады.

Салада екі фирма жұмыс істейді. Олардың орташа шығындары тең. Фирмалар Р* бағасымен Q* өнім көлемін өндіре отырып, өзара нарықты бөліседі және экономикалық пайда алады. Егер фирмалардың біреуі бағаны Р1 деңгейіне дейін түсіре отырып, өнім көлемін Q1 өсіерсе, ол нарықты жалғыз өзі басып алу арқылы пайдасын көбейтеді. Оған жауап ретінде екінші фирма бағаны Р2 деңгейіне дейін түсіреді де, нарықта Q2 өнім көлемін ұсына отырып, өзінің билігін орнатады.

Пайдасынан айрылған бірінші фирма бағаны орташа шығынға тең Р3 баға деңгейіне дейін түсіруге мәжбүр болады. Баға орташа шығынға теңескенде екі фирманың біреуі де экономикалық пайда ала алмайды.

Баға қақтығысының нәтижесінде жетілген бәәсекелес нарыққа тән тепе-теңдік орнайды; Р3= АС=МС. Осы теңдікті Бертран теңдігі дейді. Сонымен, олигополист фирмалар «баға қақтығысын» баға орташа шығынға теңескенге дейін жүргізеді.

«Баға қақтығысынан» тұтынушылар ұтады. Бірақ «баға қақтығысы» ұзаққа созылмайды. Олигополист фирмалар «баға қақтығысына» түспеу үшін бір-бірімен баға белгілеу және нарықты бөлу туралы жасырын келісімге келуге ынталы болады. Сондықтан бұл үлгіні «жасырын келісімге келу» үлгісі деп атайды

Егер фирмалар бір-бірімен жоғары баға белгілеу арқылы пайданы көтеру туралы келісімге келсе, нарықта картель пайда болады. Картель - баға мен өнім көлемін бірге анықтай отырып, пайданы көтеру туралы келісімге келетін өндірушілер тобы. Картель пайда ең жоғары деңгейге көтеретін өнім көлемін өзінің мүшелерінің арасында бөліп, әрқайсысының үлесін анықтайды. Оны квота деп атайды. Картельдің негізгі проблемасы - әрбір фирманың үлесін (квотасын) анықтау және оның орындалуына бақылау қою. Себебі картельдің бағасымен пайданы көтеру үшін жеке фирмалар өздерінің үлестерін көбейтіп жіберсе, ол картель бағасының төмендеуіне және пайданың жойылуына әкеледі.

10. 6. Баға белгілеудегі жетекшілік

Олигополия нарығындағы өзара келісе отырып, баға белгілеу немесе нарықты бөлісу онай жұмыс емес және оған заң жұзінде тыйым салынған. Сондықтан олигополист фирмалар өзара келісімнің жасырын түрлерін кең қолданады. Соның бірі - баға белгілеудегі «жетекшілік».

Салада нарықтағы үлесі жоғары, техникалық және технологиялық жағынан қарастырсақ, басымды орын алатын фирмалар болуы мүмкін. Оларды «жетекшілер» десек, саладағы басқа фирмалар оның «жетегінде» жүреді. Фирмалардың осындай жағдайларын олардың баға ьелгілеу саясатынан көреміз. Баға белгілеудегі жетекшілікті жартылай монолия дейді. Жетекші фирма монополиялық баға белгілейді. Баға белгілеудегі жетекшілік моделі 91- суретте көрсетілген.

Жетекші фирма-олигополист нарықтағы жалпы сұраныстарың мөлшерін және оның бағаға икемділігін ескере отырып, өзінің өніміне сұранысты (Dж қисығы) анықтайды. Таза сұранысты анықтау үшін жетекші фирма саладағы басқа фирмалардың (кез-келген бағамен сата алып өнім көлемін нарықтағы сұраныс (D қисығы) мөлшерінен алып тастайды. Жетекші фирма озінің MRЖ=МC теңдігіне сүйене отырып, нарқтағы сұраныстың икемділігіне байланысты Рж деңгейіндегі бағамен qж өнім көлемін ұсынады.

Жетектегі фирмалар жетектеушінің бағасын (Рж) қабылдайды. Осы бағамен олар qf өнім көлемін өндіріп ұсынады. Сонымен жалпы нарықтық ұсыныс qD= qж+ qF болады.

Неге жетектегі фирмалар жетекшінің бағасын қабылдайды? Оның екі себебін атауға болады. Біріншіден, жетектегі фирмаларға салада жетектейтін фирманың болғаны пайдалы. Нарықта басымды орын алатын ірі фирмалар ғана нарықты жан-жақты зерттей отырып, нарықтық сұраныс туралы нақты ақпарат жинайды. Сондықтан жетектейтін фирманыңбелгілеген бағасын жетектеғілер оптимальды баға ретінде қабылдайды. Егер жетекші фирма бағасын өзгертсе, оны жетектегілер болашақтағы сұраныс өзгерісінің белгісі деп түсінеді. Екіншіден, жетектегі фирмалар уақытша пайдаларын көтеру үшін өздерінің бағаларын төмендете алады. Бірақ жетекші фирма тарапынан «баға қақтығысының» ашылуынан қорқады. Егер жетекші фирма «баға қақтығысын» бастаса, жетектегі фирмалар одан жеңіліп қалады. Себебі, жетекші фирманың шығыны жетектегілердің шығындарына қарағанда төмен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық тауарларды сатып алу сатумен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы
Нарықтың инфрақұрылымы мәні және негізгі элементтері
НАРЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Мінез бәсекесінің ерекшелігі
Нарықтық экономикадағы өндіріс және шығындар
Олигополия
Бәсекенің негізгі формалары
Нарықтық қарым-қатынастың қажеттілігі
Олигополияның мәні
Курно дуополиясының моделі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz