Әлеуметтану обектісі


1. Әлеуметтанудың обектісі мен пәні. Әлеуметтану ұғымын XIX ғасырдың ортасында атақты француз әлееумент танушысы Огюст Конт енгізді. Оның алғашқы мазмұны қоғамтану болатын. Тек қана кейіннен, әлеуметтану пәнінің осы ғасыр ішінде рет ауысына байланысты ол өзінің дұрыс, дәл атын тапты. Ендігі жерде біз әлеуметтанудың объектісі мен пәнінің орындарының бір-бірімен алмастырып алудан сақ болуымыз керек. Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен, олардың айырмашылығы бар. Объект дегеніміз - бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, институттар, мемлекет, т. б. ), тіпті адамның өзі, оның барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т. б. Бұлар зерттелетін объекті болғаннан кейін субъектіден тәуелсіз, тыс өмір сүреді. Оларды адам өзінің теориялық немесе практикалық мәселелерін шешу арқылы алға қойған мақсатына жету үшін пайдаланады. Әлеуметтанудың зерттеу объектісі - социум деп аталатын әлеуметтік шындық (социальная реальность) . Әлеуметтік шындық ұғымы әлеуметтануда екі түрлі мағынада қолданылады. Кең мағынада алғандағы әлеуметтік шындық - қоғамның ӛзі немесе қоғамдық ӛмір. «социум», «қоғам» деген ұғымдар синонимдер ретінде қолданылады. Тар мағынада алғандағы әлеуметтік шындық дегеніміз - адамдардың әртүрлі деңгейдегі ӛзара іс-әрекетінен пайда болған құбылыстармен, процестермен тығыз байланысқан қоғамдық болмыстың қасиеті, бір қыры. Осыдан әлеуметтанудың пәні шығады. Әлеуметтанудың пәні деп отырғанымыз - қоғам мен адамның беймәлім қырлары, құпия жақтары, яғни олардың арасындағы қатынастар, байланыс механизмі мен құрылымы, әлеуметтік ұйымдар, әлеуметтік институттар, әлеуметтік іс-әрекет пен адамдардың мінез-құлықтары, мүдделері мен мұқтаждықтары, құндылықтары, бұлардың ӛмірде байқалуы мен ӛзгеріске ұшырауын қалыптастырған себептер және олардың нәтижелері. Әрбір ғылымның пәні зерттеушінің қалауы мен таңдауының негізінде алынған кез келген қоғамдағы құбылыс. Әлеуметтану пәнінің байланыс, қатынастар жиынтығы «әлеуметтік» қоғамның біртұтас жүйесін құрайтын нақтылы ұғымдарға кіреді. Сондықтан әлеумттану пәнінің басты міндеті - әлеуметтік жүйелерді типологизациялау (яғни, ортақ белгілеріне қарай жіктеу, топтау - А. И. ), әрбір әлеуметтік объектінің байланысы мен қатынастарын заңдар деңгейінде зерттеу - бұл заңдылықтардың әрбір әлеуметтік жүйесін басқару, оның тәртібін реттеу, оның іс-әрекет, қызмет ету тетіктерін анықтау болып табылады.
2. Әлеуметтанудың білім құрылымы Бұл мәселе жөніндегі әзірше әлеуметтанушылардың арсында белгілі бір ортақ пікір әлі қалыптаспаған. Меніңше, әлеуметтанудың құрылымына, оның таным білім деңгейлеріне анықтама беру үшін алдымен «құрылым», «деңгей» деген ұғымдарға анықтама берген жөн. Құрылым дегеніміз - біртұтас әлеуметтік құбылыстар мен процестердің элементтері мен бөліктерінің іштей өзара орналасуын айтамыз. Қандай да бір ғылым болмасын, оның белгілі бір құрылымы болады. Бұл құрылым сол ғылымның қоғамда алдына қойған міндеті мен атқаратын қызметіне байланысты анықталады. Әлеуметтану ғылымы да осындай. Әлеуметтану білімінің құрылымы - бұл ең алдымен әлеуметтік жүйеде пәрменді міндеттерін атқаратын және дамитын қоғам жӛніндегі білімнің белгілі бір тәртіпке келтірілуі. Бұл құрылым - әлеуметтік түрлі деңгейдегі процестер, жеке адамдар, әлеуметтік топтар немесе тұтас қоғам жӛніндегі ӛзара байланысқан түсініктер, ұғымдар, кӛзқарастар, теориялар жүйесі.
Әлеуметтану білімінің құрылымында әлеуметтанулық теориялар мен кӛзқарастар ашып кӛрсететін қоғамдық құбылыстардың ауқымына орай жекелеген деңгейлерді ажыратып айтуға болады. Әлеуметтанулық білімнің деңгейлері мыналар:
жалпыәлеуметтанулық теориялар немесе жалпытеориялық әлеуметтану;
арнайы әлеуметтанулық теориялар, бұларды кейде жеке теориялар деп те атайды;
нақты әлеуметтанулық зерттеулер. Әлеуметтану білімінің осы үш деңгейінің ӛзгешеліктері қоғамдық құбылыстардағы әлеуметтанулық талдаудың тереңдігін және бұдан шығатын қорытындылардың маңыздылығын байқатады. Әлеуметтік білім -теория мен практиканың бірлігінде қалыптасады. Теориялық зерттеулер әлеуметтік болмысты, өмір жалпы және арнаулы бағыттардың деңгейінде түсіндіріп, оның дамуын және қандай қызмет атқаратынын анықтайды. Оның одан әру даму заңдарының бағытын, көрінісін белгілеп отырады. Ал, эмпирикалық (яғни, практикалық, тәжірибелік) әлеуметтік зерттеулер- нақтылы құбылыстар пен процестер туралы жаңа мағлұмат, хабарлар статистикалық талдау, нақты әлеуметтік әдістерді (яғни, сауалнама, сұрыптау, бақылау, құжаттарды талдау, сараптау, үлгілеу, тестілеу, т. б. ) қолдану арқылы іске асырылады. Ал, теориялық зерттеулер абстрактілі философиялық әдістерді (яғни, талдау мен синтез, логикалық пен тарихи, индукция және дедукция, абстратыліден нақтылққа шығу, т. б. ) арқылы іске асырылады.
3. Әлеуметтік ұғым және оның мәні. «Социология» деген сӛз латын-грек сӛздерінен құралған. «Societas» - латын тілінде қоғам, «logos» - грекше ілім, ғылым деген сӛз. Сонда әлеуметтану - қоғам жӛніндегі ғылым деген сӛз. Оны ӛз алдына ғылым етіп негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт (1798-1857) . Бірақ қоғам тек әлеуметтану ғылымының ғана емес басқа да ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Сондықтан әлеуметтану - қоғам туралы ғылым деумен шектелсек, бұл әлеуметтану ғылымының ӛзіне тән объектісі мен пәнін ашып бере алмайды.
«Әлеуметтану» термині кӛп жағдайда шегіне жеткен кең мағынада, барлық қоғамдық ғылымдарды қамтитын мағынада қолданылады. Әлеуметтану қоғам ӛмірінің барлық жақтарын қарастырады, оның ішінде мемлекет, саясат, құқық, экономика, мораль, ӛнер, дін және қоғамдық дамудың басқа да жақтарына қатысты проблемаларды шешумен де айналысады. Сӛйтіп кейінннен олардың ӛздерін жекелеген ғылым салаларына, зерттеу пәніне айналдырады. Әлеуметтану әмбебап философия жүйесінен бӛлініп жеке ғылым болып дамыса да, әлі күнге дейін ӛзінің философиялық мазмұнын жоғалтпаған ғылым. Ол философиялық мәндегі қоғам дамуына талдау жасау және барынша терең зерттеу жүргізуде жалпы әлеуметтануды кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен әлеуметтануды - әлеуметтік жүйенің ӛмір сүруі мен дамуының заңдары жӛніндегі, сол заңдар субъектілердің, яғни, әлеуметтік үлкен-кіші топтардың, адамдар қауымдастықтарының, сонымен бірге жекелеген тұлғалардың қызметінен кӛрініс табатын ғылым ретінде сипаттауға болады. Түптеп келгенде, қазіргі әлеуметтану - тұтас әлеуметтік жүйе күйіндегі, қоғам жӛніндегі, оның жүйешелері (подсистема) мен жекелеген элементтері туралы ӛз алдына дербес ғылым. Әлеуметтану - қоғамдық құбылыстардың беймәлім жақтарын зерделеп, социумда қалыптасқан әлеуметтік қатынастарды адам факторымен ұштастырып қарастыратын ғылым. Атап айтқанда, әлеуметтану адамдардың айтарлықтай кең қауымдастықтары арасындағы (таптар, халықтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, ұйымдар) және осы қауымдастықтардың ӛкілі ретінде кӛзге түсетін жеке адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарды қарастырады.
4. Әлеуметтану категориялары, заңдары - қоғамды зерттей отырып, әлеуметтану ғылымы әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастарды заң және заңдылық деңгейінде зерттейді. Әлеуметтану заңдарында біреудің екінші біреумен, қандай да бір кауымдастықтың қоғаммен, жеке тұлғаның қоғаммен, әлеуметтік жүйелердің, процестердің, институттардың бір-бірімен және қоғаммен байланыстары туралы сөз болады. Әлеуметтану заңдарын қоғам тудырады және ол заңдар сол қоғамда қолданылады. Әлеуметтану заңдары жалпы және жеке болып бөлінеді. Бөлу өлшемдері ретінде заңдармен бейнеленетін объектінің көлемі алынады: қоғам тұтас жүйе немесе қоғамның ішкі жүйесі, оның құрамдас бөлігі ретінде бейнеленеді, пәрмені шағын топтарға, белгілі бір әлеуметтік стратаға, әлеуметтік топқа немесе тапқа және тұтас қоғамға қолданылатын заңдар бар. Жалпы әлеуметтану заңдары - өздігінен дамитын әлеуметтік жүйе ретінде бүкіл коғамның маңызды байланыстарын көрсететін заңдар. Жеке әлеуметтану заңдары қоғамның құрамдас бөліктерінің маңызды байланыстарын, олардың ішкі дамуы мен қызмет атқаруын, сондай-ақ тұтас әлеуметгік организм ретінде қоғаммен байланысын көрсететін заңдар болып табылады. Бұдан басқа, әлеуметтануда әлеуметтану заңдары бес топқа бөлінеді, олар:
әлеуметтік құбылыстардың қатар өмір сүруін көрсететін заңдар.
әлеуметтік құбылыстар арасындағы байланысты белгілейтін заңдар.
даму үрдістерін белгілейтін заңдар. әлеуметтік құбылыстар арасындағы байланыс себебін белгілейтін заңдар. Категориялардың негізінде әлеуметтанудың заңдары қалыптасады. Әлеуметтанудың категориялары алуан түрлі болады. Бұған адам қоғамына тән қасиеттердің бәрі кіреді: «әлеуметтік жүйе»; «әлеуметтік байланыс»; «әлеуметтік қатынас»; «әлеуметтік процесс»; «әлеуметтік тұлға»; «әлеуме әлеуметтікттік бірлік»; «әлеуметтік құрылым»; «әлеуметтік ұйым»; «әлеуметтік институт»; «әлеуметтік бақылау»; «әлеуметтік басқару»; « әлеуметтік ережелер»(бұған құқықтық ережелер, оның жартылай бөлігі) ; «стратификация», «әлеуметтік рөл», «әлеуметтік статус», « әлеуметтік тәртіп», «әлеуметтік сана», «әлеуметтік талап-тілек», «әлеуметтік топ», «әлеуметтік мүдде», «әлеуметтік тұтыну», «әлеуметтік қауіпсіздік», «әлеуметтік қорғау», «әлеуметтік белсенділік», т. б.
- Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері. Әлеуметтанудың қоғам өмірімен тығыз, жан-жақты байланысы, қатынасы оның атқаратын қызметінің айқын көрінеді. Әлеуметтану да басқа ғылымдар сияқты, ең алдымен таным функциясын атқарады. Әлеуметтану қандай да бір деңгейде болмасын, ол әр уақытта жаңа білімнің, көкжиегін кеңейтіп, оның деңгеймен дәрежесін өсіріп отырады, қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтарын болашағын ашып береді. Әрине, бұл бағытта іргелі және қолданбалы эмпирикалық зерттеу теориялары, тұжырымдамалары оған барынша қызмет етеді. Әлеуметтанудың атқаратын қызметінің бір ерекшелігі, мұнда тұжырым мен іс әруақытта бірлікте болады. Осыдан барып әлеуметтік теория мен тұжырымдамалар көбіне тәжірибелік мәселелерді шешуге бағытталады. Бұл тұрғыдан қарағанда әлеуметтанудың тәжірибелік қызметі алдыңғы қатарға шығып, атқарылатын қызметтің басқа жаңа түрлері белгіленеді. Нақтылы әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің үстінен әлеуметтік бақылауды күшейтуде жаңа ақпараттардың маңызы зор. Ол болмаса әлеуметтік қысым, әлеуметтік дағдарыс және катаклизмдер көбейіп кетуі мүмкін. Көптеген елдерде атқарушы мекемелер мен билік өкілдері, саяси партиялар және алуан түрлі бірліктер өздерінің мақсатты саясаттарын жүргізуде әлеуметтанудың барлық мүмкіншіліктерін пайдаланып отырады. Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтану әлеуметтік бақылау функциясын атқарады. Әлеуметтанудың тәжірибелік бағыты - оның әлеуметтік құбылыстар мен процесттердің болашақ дамуының бағытын анықтауында. Бұл жерде біз әлеумметтанудың болжайтын қызметін байқаймыз. Еліміздің жаңа, нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты болуы мүмкін кері қүбылыстар мен апаттардың болашаққа болжам жасап отыру арқылы ғана алдын алуға болады. Мысалы, мынандай мәселелерді болжап шешуде оның маңызы зор, атап айтқанда, жаңа нарықтық қатынастардың еңбекші бұқара халыққа беретін мүмкіншілігін ауқымы қандай? Әлеуметтік құбылыс пен процесстердің дамуындағы оның баламалы түрлері қандай? Баламалы құбылыс пен процесттердің оң және теріс жақтарының тиімділік және тиімсіздік арасалмағы мен арақатынастары қандай? т. б. Әлеуметтану қоғамның қай саласында болмасын (экономика, саяси, рухани т. б. ), әлеуметтік даму жоспарын жасау қызметін атқарады. Ал, аймақтық, аудандық, тіпті еңбек ұжымдарының әлеуметтік жоспарларын жасағанда, ол нақтылы әлеуметтік зерттеуден алынған жаңа деректерді, фактілерді, кеңес-ұсыныстарды, т. б. кеңінен пайдаланады. Әлеуметтік қоғамда идеологиялық функцияны да атқарады. Нақты әлеуметтік зерттеуден алынған нәтижелер қоғамдағы белгілі бір жік немесе топтардың талап-тілегіне, мұң-мұқтажын шешуге, сөйтіп, олардың белгілі бір әлеумет тік мақсатқа жеткізу, сендіру үшін пайдаланылады. Әлеуметтану адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды, байланыстарды одан әрі жетілдіріп, олардың саны-сезімдерін, мінез-құлықтарын, тәртібін жақсартады. Сөйтіп ол қоғамдық қатынастарды жетілдіріп, гуманистік (адамгершілік) функцияны да атқарады.
6. Әлеуметтанудың қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі орны . Социология жеке дара емес, басқа әлеуметтік ғылымдармен тығыз байланыста дамып отырады. Ол әлеуметтік философия, тарих, саясаттану, экономика, психология сияқты ғылымдармен тығыз байланысты. Енді осы ғылымдардың өзара байланысы мен ерекшеліктерін жеке дара қарастырайық. Социология да, әлеуметтік философия да қоғамды тұтастай, жүйе-жүйесімен, оған енетін бірліктердің жай қосындысы бола бермейтін интегральды құрылым ретінде қарастырады. Әлеуметтік философия қоғамды әлемдік жаратылымның ерекше бір бөлігі ретінде кең ауқымда қарастырып, оны ортақ ұғымдардың, заңдардың, категориялардың көмегі арқылы сипаттайды. Әлеуметтік философия қоғам дамуын табиғатта, қоғамда, адамның ойлауында өмір сүретін жалпы философиялық заңдардың осы процестегі өзінше көрінісін таба отырып талдайды. Ал социология қоғамның жалпы философиялық заңдардың, категориялардың, ұғымдардың ауқымына сия бермейтін өзіндік ерекше әлеуметтік байланыстары мен әсері, қырлары, жақтары мен ерекшеліктерін зерттейді. Егер әлеуметтік философия өзінің дамуында қоғам туралы арнайы ғылымдардың жетістіктеріне сүйенетін болса, социологиялық зерттеулер басқа да қоғамдық ғылымдардың жетістіктерін пайдалана отырып, эмпириялық тұрғыдан тексеруге болатын әлеуметтік деректерді жинау мен талдауға, жинақталған эмпириялық мәліметтерге тікелей негізделеді. Енді социология мен тарихтың айырмашылықтарын қарастырайық. Тарих қоғамның өткенін зерттеп, оның даму жолдарын нақтылы жүйемен түсіндіруге мән береді, ал социологияда қоғамның ағымдағы құрылымы мен өмір сүруіне көңіл аударылады. Социология сияқты тарих та философиялық теорияларға сүйенеді. Әлеуметтік философия социологияның да, тарихтың да жалпы теориялық-методологиялық негізін құрайды. Сондықтан да тарихта әлеуметтік мәліметтер, социологияда тарихи деректер кеңінен қолданылады. Сонымен философия да, тарих та, социология да қоғамды өз тұрғыларынан зерттейді: философия қоғамның дамуы мен өмір сүруінің жалпы заңдарын ашады; тарих осы заңдардың тарихи қозғалыста жүзеге асуын қарастырады; ал социология қоғам құрылымындағы осы жалпы заңдарды нақтылай түседі. Социология саясаттанумен де тығыз байланысты. Социология қоғамды оның әлеуметтік құрылымы, адамдардың, әлеуметтік топтардың, ұлттар мен халықтардың әлеуметтік мәртебесі, олардың өзара әсері тұрғысынан қарастырады. Сонымен социология ғылымы ғылыми негізделген әлеуметтік саясатты жасауда, оны жүзеге асыруда қолданылатын шаралардың тиімділігін арттыруда айрықша рөлге ие.
7. Әлеуметтанудың болашақ мамандар тұлғасын қалыптастырудағы ролі . Адамның аса кұрделі табиғаты оның қоғамдағы әр түрлі байланыс-қатынастары қазіргі әлеуметтануда адамға, оның тұлғалық түріне байланысты, алуан түрлі модельдерді жасауға ықпал етті. Осылардың бірі - адамның бейнесіне (образын) әлеуметтік рөлдердің жиынтығы ретінде қарау. Мұны тұлғаның рөлдік тұжырымдамасы дейді. Бұл тұжырымдаманың мазмұны мынадай: қоғамдағы әрбір адам ондағы алуан түрлі әлеуметтік топтарға кіреді. Мысалы, отбасына, оқу тобына, достар компаниясына, өндіріс ұйымына. Әрбір топтағы адамның белгілі бір орны, өзінің көзқарасы, бағыты болады, яғни белгілі бір талап-тілектер қойылып, ол оны орындайды. Сонымен, нақтылы жағдайда бір адам бірде әке немесе шеше, екінші жағдайда осы адам дос, үшінші жағдайда бастық болады, яғни нақтылы адам әр жағдайда әр түрлі рөлдерде қызмет атқарады. Осындай қызметтердің маңызы, мәнді жақтары «әлеуметтік рөл», «әлеуметтік статус» ұғымдарын тудырады. Әлеуметтік рөл қоғамдағы адамдардың белгілі бір алатын орнына, жағдайына, олардың басқалармен қарым-қатынастарына байланысты және қабылдаған ережелерге сәйкес адамдардың атқаратын қызметтері. Басқаша айтқанда, әлеуметтік рөл дегеніміз, қоғамдағы адамдардың белігілі бір қызметін атқарған жағдайда белгілі бір тәртіп нормаларын сақтауын айтамыз. Ал, рөлдік жүйе дегеніміз, адамның қоғамдағы алатын орнына, жағдайына, тұрмысына сәйкес істейтін қызметінің жиынтығы. Адамдардың әлеуметтік рөлдері бойына сіңіріп, игеріп, меңгеруі тұлғаны әлеуметтендіру процесінің бір бөлігі, оның қоғамға, топқа толық енуінің негізгі қажетті шарты. Әлеуметтңк рөлдердің мысалы ретінде адамдардың мамандыққа байланысты рөлін айтуға боладф. Әлеуметтік рөлдерді игеріп, меңгеруде адам әлеуметтік тәртіп стандартын игеріп, меңгереді, өзін өзі бағалап, бақылауды іске асырады. Сөйтсе де, адам өмірде бірнеше байланыс-қатынастарға еніп, әр түрлі рөлдегі іс-қызметтерді орындауға мәжбүр болады. Сондықтан адамға қойылатын талап-тілектер де қайшылықта болады. Осылардың салдарынан адам сыртқы дүниемен байланысында, өзінің тұтастығын, бүтіндігін, бір сөзбен айтқанда, «мендігін» сақтау үшін белгілі бір шартты қажет етеді. Бұл оның өзімен өзінің болуын және әр түрлі қызмет рөлдерін орындау үшін керек. Бұл тұрғыдан қарағанда тұлғаның өзі осындай шарт ретінде болады. Осы тетік өзі орталық қызмет атқарушы орган болып, өзінің «мені» атқаратын қызметімен біріктіріледі, өзінің іс-әрекетіне адамгершілік баға беріп, оны іске асырады, өзінің орнын тек қана бір әлеуметтік топтан іздеп қоймай, сонымен қатар өмір сүрудің мақсатын білу үшін екінші бір құбылыстардың мәнін, мақсатын білуге ұмтылады. Сонымен, жан-жақты дамыған тұлға өзінің рөлдік мінез-құлқын белгілі бір әлеуметтік ситуацияға байланысты пайдаланып оны бейімділік құралы ретінде қолданады. Басқаша айтқанда, рөлдік мінез-құлық дегеніміз, индивидтің (адамның) іс жүзіндегі мінез-құлқы. Сонымен, жан-жақты дамыған тұлға белгілі бір әлеуметтік жағдайда бейімделу құралы ретінде рөлдік мінез-құлықты пайдаланады. Рөлдік мінез-құлықты рөлмен алмастыруға болмайды. Әлеуметтік рөлдің негізгі компоненттері сатылы жүйе ретінде құрылады. Рөлдік тұжырымдама Американың әлеуметтік психологиясында ХХ ғасырдың 30-шы жылдары пайда болды. Оның ірі өкілдері Кули Чарльз Хортон (1864-1929ж. ж. ), Мид Джордж Герберт (1863-1931ж. ж. ), т. б. Кули Ч. Х. «шағын кіші» топтар теориясының негізін салушылардың бірі, оның «Зеркальное я», «Человеческяая природа», «Социальный порядок» (1912ж. ), «Социальная организация» (1909ж. ), «Социальный процесс» (1918ж. ), «Социологическая теория», «Социальное исследование» (1930ж. ) деген еңбектері бар. Кулидің жалпы әлеуметтік теорияларының негізінде әлеуметтік ұйым және сананың әлеуметтік процестерді қалыптастырудағы шешуші рөлін мойындау жатыр. Қоғам бұл мәселеде әр уақытта «осылай болу керек» деген қағиданы басшылыққа алады. Осыған сәйкес қоғамда бақылау жүйесі орнаған. Ол қоғамдық пікірден тәртіп сақтау органдарына дейін бар және осыған орай қоғамдық-әлеуметтік санкция жүйесі орнап, қызмет арқарады. Ол адамды ұялтып бетіне басудан (порицание), кінәлаудан, айыптаудан (осуждение), күштеуге дейінгі шараларға барады.
8. Ежелгі замандағы әлеуметтік ой-пікірлер. Ежелгі дәуірдегi социологиялық көзқарастар грек философтары Платон (б. з. б 428/427- 348/347) мен Аристотель (б. з. б. 384-322) есiмдерiмен байланысты. Бұл ойшылдар әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлердi, адамдардың өзара қарым-қатынастарын зерттеп, оларды корытып, қоғамды одан әрi жетiлдiруге бағытталған практикалық ұсыныстары бар бағдарламалар түздi. Платонның «Мемлекетi» жалпы социология саласындағы алғашқы еңбек больп саналады. Оның негiзгi тұжырымы әлеуметтiк проблемаларды сыни талдаулардан өткiзiп, қоғамды жетілдіруге бағытталған саяси ұсыныстар жасаумен аяқталатын ғылымның көмегімен жетiлген мемлекеттi негiздеп құруға болады дегенге саяды. Адам туралы жаңа көзқарас бірсыпыра әлеуметтік-саяси мәселелерді дұрыс шешуге ықпал етті. Италия ойшылы Никколо Макиавелли (1469-1527) «Тита Ливияның алғашқы он күндігі туралы ойлар», «Елбасы», «Флоренция тарихы» сияқты трактаттарында адамның белсенділік идеясын дамытты.
Қоғамдық өмірде әлеуметтік мәселелерді талдау талпыныстары ерте кезден басталса да, әлеуметтану жеке ғылыми пән негізінде 19 ғасырдың 30-шы жылдары ғана қалыптасты. Осыған қарамастан, қоғам жөнінде белгілі көріністер көптеген ғасырлар тоғысында дамып келді.
Әлеуметтанудың алғышарттары қоғамның өзіндік әлеуметтік үрдістері жөнінде объективті ғылыми білім алу сұранысынан белгіленеді. Әлеуметтанудың түп-тамыры жалпы өркениеттің табиғатын айқындайды. Бұл әлемдік нарықтың біртіндеп қалыптасуы, ұқсас саяси құрылымның пайда болуы мен әр түрлі мәдениет өзара байланысының қалыптасу үрдісі белгіленеді. Білім мен тұтас әлеуметтік әлемді біліп, тану қоғам жөнінде ерекше ғылымды талап етті. Әлеуметтану тарихын бірқатар кезеңдерге бөледі.
Бірінші кезең Ежелгі әлем қоғамы жөнінде әлеуметтік білімдердің қалыптасуын мен дамуын қамтиды. (миф пен эпос: шындықтың айқын көрінісі ретінде; Ежелгі Греция мен Ежелгі Римдегі әлеуметтік және саяси оқытулар) .
Екінші кезең ортағасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік білімнің дамуын қамтиды (Таным формасы мен дүниетаным жүйесінің өзгерісі. Августин Блаженный Теософиясы. Қайта өрлеу дәуіріндегі қоғам жөнінде әлеуметтік білімдер мен ойлар. Н. Макиавелли, Ж. Боден, Т. Гоббс және т. б. әлеуметтік ойларының қалыптасуы) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz