ҚР екінші деңгейлі банктеріндегі банктік тәуекелдерді басқару (тәуекелдің бір түрі мысалында)


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

ҚР екінші деңгейлі банктеріндегі банктік тәуекелдерді басқару (тәуекелдің бір түрі мысалында)

Жоспар:

Кіріспе . . . 3

І Бөлім. Банк тәуекелінің пайда болу себептері мен мазмұны . . . 4

  1. Банк тәуекелдерінің түрлері . . . 5

ІІ Бөлім. Банк тәуекелдерін басқару . . . 11

2. 1. Пайыздық тәуекелдерді басқару . . . 18

2. 2. Несиелік тәуекелдерді басқару . . . 24

2. 3. Тәуекелдерді жою жолдары . . . 29

ІІІ Бөлім. Шетелдегі банктердің банктік тәуекелдер және оны басқару . . . 33

3. 1. Халықаралық несиелендірудегі тәуекел . . . 34

Қорытынды . . . 39

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 40

Глоссарий

Кіріспе

Мен таңдаған курстық жұмыс “ҚР екінші деңгейлі банктеріндегі банктік тәуекелдерді басқару (тәуекелдің бір түрі мысалында) ” деп аталады. Мұнда тәуекелдің қаржылық және өндірістік қызметте басты проблема болып табылатындығы, тәуекелді ескере отырып, біз өз іс әрекетімізде тәуекелді минимумға жеткізуге тырысамыз.

Тәуекел өндірушінің, сонымен қатар банк қызметінің қорытындысын нәтижесінің анықталмағандығы және мүмкін шығындар болуының ықтималдығы.

Банктік қызметте маңызды болып тәуекелді жою емес, ол тіпті мүмкін емес, оның болжау мен минималды деңгейге жеткізу табылады.

Курстық жұмы үш бөлімнен тұрады. Әр бөлімде нақты және ауқымды түрде әр түрлі проблемаларды және де банктің тәуекелінің пайда болу себептері мен мазмұны жайлы жаздым.

І бөлімде, банк тәуекелінің пайда болу себептерін, банк тәуекелдерінің түрлерін жаздым. ІІ бөлімде, банк тәуекелдерін басқару түрлерін жаздым. Пайыздық тәуекелдерді басқаруы туралы, несиелік тәуекелдерді басқаруы және тәуекелдерді жою жолдарын тізіп жаздым. ІІІ бөлім, шетелдік банктердің банктік тәуекелдері және оны басқару жолдарынан тұрады. Халықаралық несиелендірудегі тәуекел жайлы жаздым.

Әлемдік банктің қарызгерлер жүйесінің есебі кіретін барлық қарызгер - мемлекеттің жиналған қарыздар жиынтығының 34% - ы міндеттемелерден, доллармен өтелуі тиіс. Қалған 66%-ы ең көп бөлігі япондық йенаға келеді.

Үкіметтік сыртқы қарыздың валюталық құрылымын жеткіліксіз диверсификацияламауды келесіден көруге болады: 2005 ж 1 қаңтарында АҚШ - тың сыртқы қарызының валюталық құрылымының үлес көлемі 70, 6%-ды, япондық йен - 24, 4%, қарызға алудың маманданған құқығы - 2, 1%, ЕВРО - 1, 1% басқа да - 1, 8%-ды құрады.

Несиелерді ұсынуда қарыз алушы қарызға алған сомасын қайтарып бермеу тәуекелі пайда болды.

Халықаралық несиелендіруде көптеген тәуекел түрлері бар және оларды талдау мен өлшеу міндетті болып табылады. Жеке қарастырсақ, мемлекеттік тәуекел бар, ол сыртқы және ішкі несиелендірудің айырмашылығы болып келеді.

Мемлекеттік тәуекелді анықтау үшін сандық және сапалық деңгейде салынған ресурстар тәуекелін сипаттайтын әр түрлі бағалау әдістері қолданылады. Бағалау әдісінің бірі рейтингілер болып табылады, соның ішінде әлемдік рейтингілік агенттіктердің рейтингісі. Сонымен қатар мемлекеттік тәуекелді бағалау үшін көптеген мекемелер мен банктер өздерінің талдау әдістерін қолданады.

І Бөлім. Банк тәуекелінің пайда болу себептері мен мазмұны

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында қызметтің барлық салаларында экономиканың қайта құру процесі жүріп жатыр. Әрине, тәуекел қаржылық және өндірістік қызметтен басты проблема болып табылады. Тәуекел біздің өмірде күрделі шешілмейтін, перманентті болады. Тәуекелді ескере отырып, біз өз іс-әрекеттерімізде тәуекелді минимумға жеткізуге тырысамыз. Сонымен қатар тәуекелдің ең тиімді түрін таңдауға тырысамыз.

Банк тәжірибесіндегі тәуекел - белгілі бір жағдайда банк шығындарының тәуекелі. Тәуекел - өндірушінің, сонымен қатар банк қызметінің қорытындысын нәтижесінің анықталмағандығы және мүмкін шығындар. Тәуекел келесідей жағымсыз нәтижелерге тап болуы мүмкін:

  • Табысты жоғалту;
  • Берілген несие бойынша қайтарылмау жағдайында шығындар;
  • Ресурстық базаның қысқаруы; т. б.

Бірақ тәуекел деңгейі төмен болса, жоғары табыс алу мүмкіндігі де аз болады. Сондықтан да әр өндіруші - тәуекел деңгейін төмендетуге тырысады және де көптеген альтернативті шешімдерден ең тиімдісін, нарық деңгейінің оптималды қатынасы мен іскерлік деңгейді, табыстылықты таңдауы қажет. Тәуекелдік деңгейі көбейеді, егер:

  • қиындық аяқ астында және күтпеген жағдайда пайда болса;
  • банктің бұрынғы тәжірибесіне сай емес жаңа мақсаттардың қойылуы немесе белгілі бір мәселеге қатысты шараларға тиімді шешімдерді шешуде заңдардың әлсіздігі.

Тәуекелдегі төмен немесе ең ұтымды түрін таңдау үшін біз тәуекелді сандық жағынан анықтауымыз қажет. Тәуекелді уақыт өлшеуде немесе бағалаудағы басты мақсаты адамның қаншама тәуекелге ұшырауына байланысты анықталады. Іскерлік өмірінде тәуекелді бағалаудағы ең көне түрі болып сақтандыру табылған: саудагерлер ғасырлар бойы тәуекелді болдырмау үшін өз тауарларын бір немесе бірнеше мүмкін шығындардан сақтандырған, мысалға ұрлықтан, соғыстан және т. б. Қазіргі уақытта Батыс елдерінде көптеген адамдар өз өмірін сақтандырады. Осыдан сұрақ туындайды: сақтандырушылар сақтанушыларға қарағанда тәуекелге аз ұшырайды ма? Әлбетте олай емес: олар тәуекелді өлшеуде эксперт болып алған. Себебі ол арқылы оның қызметінің жағдайы анықталады.

Бүгінгі күні тәуекелді талдауда және бағалауда негізгі басымдылық мүмкіндік теориясына негізделген, яғни болашақта қандай жағдай болатынын анықтау үшін жүйелік сатистикалық мүмкіндік әдісі қолданады (әлбетте ол пайызбен көрсетілсе) . Ол ғылым мен бизнес саласында, банк ісі мен қаржыны да қоса кең қолданыста. Тәуекелге банк операцияларының барлық түрі Қазақстанның коммерциялық банктерінің қазіргі кезеңде тәуекелдерін талдай отырып келесілерді ескеру қажет:

  • экономиканың өтпелі кезеңдегі өндірістің төмендеуі, ұйымдардың қаржылық тұрақсыздығы ғана емес, сонымен қатар көптеген шаруашылық байланысының тоқтауына әкеледі;
  • саяси жағдайдың тұрақсыздығы;
  • банктік жүйенің қалыптасуының аяқталмауы;
  • кейбір негізгі заңдылық актілердің жоқтығы мен жетілмегені, құқықтық баға мен нақты бар ахуалдар арасындағы қарама қайшылық.

Барлық банктер осындай тұрақсыздықта өзінің бәсекелестерінің іс-әрекеттерін, сонымен қатар Заңның өзгеруін ескеру қажет. Осындай белгісіздік пен тәуекелдің жоғары деңгейі - алған экономикалық тәуелсіздіктің бағасы. Тәуекел банктік операциялардың барлығында бар, бірақ ол әр түрлі масштабта және әр түрлі “орын толтырылуы”, өзгеруі мүмкін, яғни барлық тәуекелді жоятын және ертерек қаржылық қорытындыны қамтамасыз ететін банктік операциялар нұсқасы жоқ.

Сонымен банктік қызметте маңызды болып тәуекелді жою емес, ол тіпті мүмкін емес, оны болжау мен минималды деңгейге жеткізу табылады. Әрине банк басшылары күтілетін шығын көлемін азайтып, табысты көбейтуге тырысады. Осы екі мақсат бір-біріне қайшы болады, ол нарықтық экономиканың классикалық ережесімен белгіленген, онда мүмкін жоғары табыспен бірге мүмкін жоғары тәуекел де қатар жүреді. Табыстылық пен тәуекел арасындағы оптималды қатынас ұстап тұру банкті басқарудың ең маңызды және күрделі проблемалардың бірі. Қазіргі кезде банкирлер өзгермелі экономикада қызмет жасау үшін тәуекелді басқару мәселесіне көп көңіл бөлетін болады.

  1. Банк тәуекелдерінің түрлері

Нарықтық қатынастар жағдайында пайда мен тәуекелді өлшеу қажеттілігі пайда болады. Тәуекел деңгейімен күтілетін пайданың оптималды қатынас әр түрлі, олар объективті, субъективті факторларға байланысты. Тәуекелдің нақты бір түрін немесе жиынтық тәуекелді өлшеу немесе біртіндеп оның деңгейін анықтау өте маңызды болып келеді. Қазіргі кезде тәуекел деңгейін талдау мен бағалау мүмкіндік теориясы құралдарымен және математикалық статистикалық әдістері арқылы іске асырылады. Мысалы, Ресей экономистері тәуекелді жоғарыда көрсетілген схемамен сыныптайды.

Пайда болу факторына байланысты банктік тәуекелдер негізгі экономикалық және саяси болып бөлінеді.

Саяси тәуекел - бұл саяси жағдайдың өзгеруіне байланысты тәуекел, өндірістің нәтижесіне жағымсыз әсер ететін (шекараның жабылуы, тауарды шығаруға рұқсат бермеу, мемлекет территориясындағы соғыс қимылдары және т. б. ) жағдайлар.

Экономикалық тәуекел - мемлекеттегі немесе банктің өзінің экономикасындағы жағымсыз өзгерістерді білдіретін тәуекел түрі. Экономикалық тәуекелдің ең кең тараған түрі балансталмаған өтімділігі (төлем міндеттемелерін дер кезінде қайтармау мүмкіндігінің жоқ болуы), онда жеке нарықтар қызмет жасайды. Сонымен қатар экономиканың тәуекел коньюктурасының, басқару деңгейінің өзгеруімен сипатталады. Тәуекелдің бұл негізгі түрлері бір-бірімен байланысты және де тәжірибеде оларды анықтау мен бөлу өте қиын. Сонымен бірге саяси да, экономикалық тәуекел де сыртқы және ішкі болуы мүмкін. Сыртқы тәуекелге банк қызметінен тікелей немесе оның аудиторияларымен тікелей байланысты емес.

Сыртқы тәуекел деңгейіне көптеген факторлар әсер етеді:

  • Саяси;
  • Экономикалық;
  • Демографиялық;
  • Әлеуметтік;
  • Географиялық және т. б.

Ішкі тәуекелге банктің көрсетілген қызметімен оның клиенттері жатады. Оның деңгейіне банктің басшылығының ұшқыр іскерлігі, оптималды маркетингтік стратегияны, саясатты және техникамен басқа факторларды таңдауы әсер етеді. Сонымен қатар басқа да сыныптары бар, олар салалардың пайда болуына байланысты: мемлекет тәуекелі, жеке банктің қаржылық тұрақтылығының тәуекелі (банк капиталының жеткіліксіздік тәуекелі, балансталмаған өтімділік тәуекелі, міндетті резервтердің жеткіліктілік тәуекелі), банктің жеке операциясы түрінің тәуекелі. Өз қызметтерінде банк негізгі мәселелерге, яғни: банктік тәуекелге, соның ішінде несиелік тәуекел, өтімділік тәуекелі, пайыздық тәуекел, капитал құралымының тәуекелі, сақтандыру тәуекеліне көңіл бөледі.

Қаржылық қызмет тәуекелдегі маңызды мәселелер: операциялық тәуекелдер, біздің банктердегі қазіргі кезде инновациялық және стратегиялық тәуекелдер де болып саналады.

Сонымен қатар тәуекелді келесі категорияларға сыныптауға болады:

  • масштаб пен көлемі бойынша: глобальдық және локальдық;
  • аспект бойынша: психологиялық, әлеуметтік, заңды, аралас;
  • шешімнің бейімді деңгейі бойынша: минималды, орта, оптималды, максималды;
  • қауіпті шешімдерді қабылдау мерзімі бойынша: озғырлы, дер кезінде, кешігуші;
  • шешім қабылдайтын тұлғалар саны бойынша: жеке және топтық.

Банкаралық тәуекелдер банк операциялар мерзімі бойынша шектеулі. Бұл мерзім инфляция деңгейінде кейде өте көп мерзімге созылады, есептеу жүйесінің қалдырылмағаны, құжаттарды дұрыс толтырмау және т. б. ол өз негізінде тәуекел деңгейін қиындатады және түрін өзгертеді.

Мемлекетаралық тәукел - мемлекеттегі ағымдағы және болашақтағы саяси және экономикалық жағдайларда өзгерулер тәуекелі, ол мемлекеттің мүмкіншілігіне әсерін тигізеді, мемлекеттік тәуекел сыртқы сауда мен инвестиция мен тура немесе жанама айналысатын кейбір банктер мен банктік емес фирмалар үшін өте маңызды болады, филиалдардың және т. б. қарыз алушылардың сыртқы қарыз міндеттемелері бойынша жауап береді. Мысалы, сол мемлекеттегі банк өнімінің көп бөлігін экспорттайтын корпорацияның мемлекеттік тәуекелді ескеру несиені қайтару мүмкіндігін бағалауда қажет.

Мемлекеттік тәуекелді талдауда сандық және сапалық факторларды, сонымен қатар мемлекеттік тәуекелдің көптеген құрамдастарын, мысалы, экономикалық, саяси, аударым тәуекелін ескеру қажет. Несиені қайтару мүмкінділігінің талдаудағы жақсы дамыған бағдарламасы және де мемлекеттік тәуекелдің жеткілікті деңгейі бар банктер - өзінің счетына немесе жанама, клиент шотына жиі несиелік рейтинг күрделі жүйесін қарастырады. Жүйенің бір түрі - бұл 1 - ден 9 - ға дейінгі шкала бойынша әр мемлекет құрамдас рейтинті алады. Рейтингті негізі несиені бағалау үшін пайдаланады. Рейтингті мемлекет танушылар-аналитиктердің тапсырысына негізделе отырып сақтандыру шектеулері бойынша комитет белгіленеді. Мысалы, АҚШ банкі мемлекет тәуекелі бойынша Үкіметаралық комитетімен дайындалған рейтингті қолдана алады.

Мемлекеттік тәуекелді болжау мемлекеттік құрылғылар және сапалық мінездемесіне сүйенуі қажет. Сонымен қатар рейтинг көрсетілген үкіметтің тұрақтылығы мен сыртқы қарызды төлеудегі қатынасын бағалау үшін сыртқы қарызды төлеудегі қатынасын бағалау үшін қолданады.

Аударым тәуекелі - мемлекеттің төлем балансының өтімділігін, өтімді валюталардағы қаражаттар міндеттемелері экономикалық субкатегория тәуекелін айтамыз. Аударым тәуекелі - сыртқы сауда мен инвестиция мен тоқтатылу мүмкіндігі. Тәуекел үлкен немесе дамушы мемлекетте болуы мүмкін, ұзақ мерзімді экономикалық тәуекелге әсер етпейтін уақытша проблема болуы мүмкін. Ұзақ мерзімді қаржылық жағдай қиындығанда қарызға қызмет етудің негізгі проблемаларымен байланысты да болды. Өтімділік проблемасы инфляцияны бақылау мақсатында ішкі экономикалық саясатымен тауар бағасы ағымының қолайсыздығы немесе ішкі экономиканың факторлармен айқындалуы мүмкін. Сыртқы қарызға қызмет көрсету немесе шетел инвесторларымен ақша аударымдарына қажетті және ол шетел валютасы ағымын тез арада қысқартуына әсер етеді. Қазіргі талаптарға сай және күтілетін өзгерістер талабына келесі 12 ай аралығын мемлекеттер категорияларға негізделіп бөлінеді. Рейтинг үлгісі төмендегі 1-кестеде анық көрстеілген.

Аударым тәуекелінің рейтингісі.

Рейтинг тәуекелі: Рейтинг тәуекелі
Мазмұны: Мазмұны
Рейтинг тәуекелі: TR - 1
Мазмұны: Өтімділіктің минималды тәуекелі, валюталық шектеулерді енгізу мүмкіндігі. Мемлекеттің халықаралық резервтермен жақсы жағдайы, сыртқы және ішкі жағдайлар даму мен инфляцияның төмендігін көрсетеді.
Рейтинг тәуекелі: TR - 2
Мазмұны: Өтімділік тәуекелінің шамалы болуы, валюталық шектеулерді енгізу мүмкіндігі. Мемлекеттің халықаралық резерві барабар жоғары негізі аз толқымалы диверсификациялық экономика.
Рейтинг тәуекелі: TR - 3
Мазмұны: Валюталық бақылауды енгізу мүмкінгідінің өтімділік тәуекелінің аз көлемде болуы немесе капитал қозғалысын бақылау. Экономика жеткіліксіз кең диверсифицирленбеген, инфляция беталысы бар, төлем балансымен байланысты проблемалардың мүмкін болуы.
Рейтинг тәуекелі: TR - 4
Мазмұны: Өтімділік тәуекелі ортадан жоғары. Халықаралық резерві ортадан төмен. Экономикалық дамудың тұрақсыздығы. Экономика мен инфляция жеткіліксіз сыртқы әсерлерге байланысты, шетел займдар есебінен төлем балансының тапшылығы қаржыландырылады.
Рейтинг тәуекелі: TR - 5
Мазмұны: Өтімділік тәуекелі менежменттің көңіл бөлуін талап етеді. Кейбір валюталық шектеулер активтің валютада болуына тыйым салады. Мемлекеттің халықаралық резервтері стандарттан әлденеше төмен, толқымалы экономиканың база әлсіз, экономика сыртқы факторлар әсеріне байланысты, ағымдағы баланс тапшылығын қаржыландырудан мемлекет сыртқы займдарға тәуекелді. Сыртқы қарызды төлеу бойынша қызмет жоғары және өсуде.
Рейтинг тәуекелі: TR - 6
Мазмұны: Аударымның басқа проблемалары мен өтімділікпен байланысты маңызды проблемалар мемлекетке сыртқы міндеттерді жабуға мүмкіндік бермейді.
Рейтинг тәуекелі: TR - 7
Мазмұны: Өтімділіктің жеткіліксіз ортадан жоғары тәуекелі, капитал қозғалысына қатал шектеулер және валюталық бақылау қарызды төлеудегі міндеттемелерді мемлекеттің орындалмауы. Мемлекет банк- кредиторлармен немесе кредитор-үкіметпен мерзімді өзгерту жолдарын қарастырмаған және де болашақта қарастырмайды.
Рейтинг тәуекелі: TR - 8
Мазмұны: Тәуекел маңызды, қарыз құны төмендеді. Мемлекет қарыздарын жинақтады (пайыздарды төлемеу сияқты) . Жақын болашақта қарыз қызметін жандандыруда ешқандай мүмкіндік жоқ.
Рейтинг тәуекелі: TR - 9
Мазмұны: Мемлекет өзінің міндеттемелерін төлеуден бас тартты, қарастырылатын болашақта несие қайтарылмайды және оны банк активі ретінде санауға болмайды, себебі оның құны өте аз.

Көрсетілген мемлекеттің рейтингісі несиелеудің талаптарын бекітеді, максималды көлемін (“сақтандыру лимиті”), қызмет мерзімі бойынша және қарызгер түрі бойынша (“тәуелсіз тәуекел” үкіметтік мекемелерді несиелеуде және “коммерциялық тәуекел”), тәуекел түрін қосқанда. Берілген мемлекетте банк несиенің портфелін құруда әр түрлі салмақ осы элементтерге берілуі мүмкін.

Мемлекеттік тәуекелдің рейтингтік жүйесін (бірліктік емес, рейтинг түрінің көлемі) - ол негізінде жеке банктің өнімі, принциптер негізінде құрылған, банк менеджментімен құрылған және мақұлдаған. Бұл әрқашанда дұрыс объективті баға емес, қорытындысы әрқашан дұрыс болатын. Керісінше, банктің несиелік тәуекелдің жалпы шектеулеріне қол жеткізу үшін күрделі мәселені бағалауда ұйымдастырушылық процесін әзірлеу. Бизнесмен төлемді алуды немесе өндіруді валюта түрінде кемісе ол валюталық тәуекелге ұшырайды, төлем сол уақытта болмаса. Егер келісімшарт өзінің валютасында келісілген болса, бизнесменге қорықпауға болады, барлық валюталық тәуекел партнердің мойнына жатады.

Валюталық немесе курстық тәуекел - шет ел валюта курсының өзгеруі (доллар, фунт стерлинг, франк, иен және т. б. ) банктің активі мен пассивінің нарықтық бағасының өзгеруінің сол банктің залалының көбеюіне әкеледі.

1970 - 1980 жж алдыңғы жылдарға қарағанда валюта курсының айырбастау және пайыздық мөлшерлемелерінің күрт толқулары көп байқалды. Өзгермелі валюта бағамдары жүесімен алмастырылған 1970ж басындағы Бреттон - Вудстық валюта жүйесі дағдарысынан кейін валюталық тәуекелді басқару мүмкіншіліктері пайда бола бастады. 1980ж толқымалы валюталық бағамдары амплитудасы көбейеді. Экономикаға сол кездегі тағы басқа соққы болған. Пайыздық мөлшерлемелердің өсуі болады. Толқымалы валюта болады. Өзгермелі пайыздық мөлшерлеме экономистермен банкирлерді валюталық тәуекелді басқаруды мұқият қолға алуды және талдауға мәжбүр етті.

Мәміле кезінде валюталық тәуекелді анықтап және оның қалай жабу керек екендігін талдау қажет. Валюталық мөлшерлеме сатушы есебіне де, сатып алушы есебіне де өзгере алады және оны ескеру керек. Сыртқы валюталық нарықтағы жағдай әлі де валюталық курстың ағымының нақты болжамын бере алмауын айқындайды. Валюталық тәуекел келесі құрылымдардан тұруы мүмкін:

А) коммерциялық , яғни қарызгердің (гарант) өзінің міндеттемесі бойынша есепте алмауы мен есептескісі келмеуіне байланысты;

Ә) операциялық , яғни нақты операциялар бойынша валюталық тәуекел залаладары. Бұл тәуекел пайданы ала алмау мүмкіндігімен немесе күтілетін ақша қаражаттар ағымына айырбас курсының өзгеруі әсер ету арқылы қорытындысында зиян шегуді анықтайды.

Егер экспортер тауарын шетел валютасы бойынша курстың төмендеуінен - ұтылады, ал импортер шетел валютасы бойынша төлем жасаса, Ұлттық валютаға шаққандағы шетел валютасының курсының жоғарылауынан ұтылады.

ІІ Бөлім. Банк тәуекелдерін басқару

Банк тәуекелдерін басқару банктің тәуекелінің алдын алу мен оны болдырмау іс-әрекеттер жиынтығы. Тәуекел - бұл мүмкін болатын шығындардың қаупі, сондықтан кәсіпкер (банкир) тәуекелді минимум шегіне дейін жеткізуге тырысады. Тәуекелді басқару - қаржы менеджерлерінің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Тәуекелді шектеудің мынадай формалары бар:

  • диверсификация - өзара байланысты емес және әр түрлі тәуекел дәрежелері бар салымдардың түрлі объектілері арасында инвестицияланатын қаражаттарын бөлу процесі;
  • таңдау және нәтижелер жөнінде қосымша ақпараттарды иемдену - тәуекелді кемітуде қолданылады, мұндай ақпараттар құнды тауарлар болып табылады. Ал ақпаратқа капитал салу эккаутинг деп аталатын кәсіпкерліктің бір сферасы болып табылады. Эккаутинг дегеніміз - бұл әр түрлі қаржылық ақпаратты жинаумен, өңдеумен, сыныптаумен, сұрыптаумен, талдау және толтырумен байланысты бизнестің сферасы;
  • шектеу - бұл шығыстардың, сатудың, несиенің шекті сомасын орнату, яғни банктермен қарыз беру кезінде кәсіпорындар мен тауарларды несиеге сату кезінде инвестормен капитал салудың сомасын анықтау кезінде;
  • сақтандыру, тәуекел мүмкіндігін ескере отырып қызметті, не тауарды (несиені) алдын ала сақтандыру болып табылады;
  • хеджирлеу - бұл айырбас валюта курсының болашақта болатын өзгерістерді есепке алу және осы өзгерістердің зардаптарын болдырмау мақсатында жасалатын жедел мәмілелер мен шарттардың жүйесі;
  • валюталық келіссөздер - мәміленің шартын білдіретін девальвация немесе ревальвация бойынша шығындарды болдырмауға валютаның басқа валютаға қатысты курсын тіркейтін келіссөз;
  • сапаны басқару. Кең қолданылатын қорғаныс әдісінің бірі сапаны бақылау - банкке нақты қиындықтар түскенге дейінгі проблемаларды шешу; және т. б.

Соның ішінде толығырақ бірнеше тәуекелді басқару жолдарына тоқтап өтсек:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің депозиттік операциялары және оның ҚР дамуы
Екінші деңгейлі банктердің пайыздық тәуекелін басқару
Депозиттік операциялар туралы
Қаржылық менеджментте тәуекелді анықтау және талдау
Банктің депозиттік портфелінің құрылымы
Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелдерді басқару бойынша жұмысын ұйымдарстыру
Депозит
Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріндегі тәуекелді басқару процесін талдау
Коммерциялық банктердегі депозиттік операциялар
Банк тәуекелдерінің түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz