Ұлттық шоттар жүйесінің түсінігі



I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1 Ұлттық шоттар жүйесінде қолданылатын баға түрлері
2Ұлттық шоттар жүйесінің жіктемелері мен топтамасы
III Қорытынды
IV Пайдаланған әдебиеттер
Ұлттық шоттар жүйесі - көрсеткіштері табыстың, тұтынудың, қорланудың мөлшерін және күрделі шығынның шамасын анықтауға арналған теңгерімдік кестелердің өзара байланысты кешені. БҰҰ-ның тұтастай және іріктемелі статистикалық байқаулардың деректерін қорытындылап, жүйелеу жөніндегі халықаралық ұсыныстарымен қабылданған. Мұндай теңгерімдік кестелер (стандарттықшоттар) ұлттық есепшілік жүйесіндегі арналу мақсатына шартты түрде үш топқа біріктіріледі.
• Бірінші топқа ел шаруашылығының қандайда болсын уақыт кезеңіндегі қаржы-экономикалық қызметінің қорытындыланған жиынтықты сипаттамалары берілген теңгерімдік кестелер кіреді.
• Екінші топтың теңгерімдік кестелерінде бірінші топ шоттарында көрсетілген қаржы-экономикалық үдерістердің неғұрлым тәптіштелген сандық сипаттамасы біріктірілген түрде беріледі.
• Үшінші топтың кестелері жекелеген институттық секторлардағы күрделі шығындардың қаржыландырылуын қоса алғанда кіріс пен шығыстың жасалу үдерісін көрсететін деректерден құралады
1. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров. Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. – Астана: 2002. - 464 б.
2. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Ө.Қ. Шеденов, Е.Н. Сағындықов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Б.И. Комягин. /Жалпы редакциясын басқарған Ө.Қ. Шеденов – Ақтөбе, «А-Полиграфия», 2004 – 455 бет.
3. Я. Әубәкіров, К. Нәрібаев, М. Есқалиев, Е. Жатқанбаев, т.б. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, «Санат», 1998. – 479 бет.
4. Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория: оқу-әдістемелік кешен. – Астана: 2006., 248 б.
5. Нарматов С.Р., Нарматова А.С. Экономикалық теория. Лекциялар курсы. (Оқу құралы). – Алматы: «Эверо», 2009. – 516 бет.
6. Курс экономической теории: учебник – 5-е исправленное, дополненное и переработанное издание/ Под общ. ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. – Киров: «АСА», 2006 – 832 с.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Ұлттық шоттар жүйесінің түсінігі

Жоспары:

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

1 Ұлттық шоттар жүйесінде қолданылатын баға түрлері

2Ұлттық шоттар жүйесінің жіктемелері мен топтамасы

III Қорытынды

IV Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Ұлттық шоттар жүйесі - көрсеткіштері табыстың, тұтынудың, қорланудың
мөлшерін және күрделі шығынның шамасын анықтауға арналған теңгерімдік
кестелердің өзара байланысты кешені. БҰҰ-ның тұтастай және іріктемелі
статистикалық байқаулардың деректерін қорытындылап, жүйелеу жөніндегі
халықаралық ұсыныстарымен қабылданған. Мұндай теңгерімдік кестелер
(стандарттықшоттар) ұлттық есепшілік жүйесіндегі арналу мақсатына шартты
түрде үш топқа біріктіріледі.

* Бірінші топқа ел шаруашылығының қандайда болсын уақыт кезеңіндегі қаржы-
экономикалық қызметінің қорытындыланған жиынтықты сипаттамалары берілген
теңгерімдік кестелер кіреді.
* Екінші топтың теңгерімдік кестелерінде бірінші топ шоттарында
көрсетілген қаржы-экономикалық үдерістердің неғұрлым тәптіштелген сандық
сипаттамасы біріктірілген түрде беріледі.
* Үшінші топтың кестелері жекелеген институттық секторлардағы күрделі
шығындардың қаржыландырылуын қоса алғанда кіріс пен шығыстың жасалу
үдерісін көрсететін деректерден құралады

Ұлттық есеп-шотты жүргізу экономикалық ғылымда баланстық тәсілді дамытудың
бір бағыты болып табылады.

3
Ұлттық шоттар жүйесінде қолданылатын баға түрлері

Ұлттық есеп-шотты жүргізу жүйесі әлемдік қауымдастық елдерінің түгелдей
экономика аумағында өндіріс жағдайын өлшеуде қолданылады және оның түпкі
қортындысы тұрғындардың әл — ауқат деңгейін көрсету болып табылады.

Ұлттық өндірістің макроэкономикалық нәтижесіне алғаш рет баға беру Ф.Кенэ
бастаған физиократтардың үлесіне тиеді. Ол осы туралы өзінің көзқарасын
экономикалық кесте (1758 ж.) деген белгілі еңбегінде баяндаған. Ф.Кенэ
Францияның 18-ші ғасырдағы экономикасын негізге ала отырып, жай ұдайы
өндірістегі балансты талдауды көрсетті.
Кейінірек макроэкономикалық элементті талдауды Д. Рикардо (1771-1823ж.ж.)
Саяси экономияның басы және салық салу (1817ж.), Т.Р. Мальтус (1766-
1834ж.ж.) Тұрғындар саны заңының тәжірибесі(1798ж.), К.Маркс (1818-
1883жж.) Капитал (1867ж.) сияқты еңбектерінде қолданды. Ұлттық есеп-шот
жүйесін жүргізуге неокласикалық мектептің өкілдері.У.Джевонс (1835-1882жж.)
пен Л.Вальрас (1834-1910жж.) белгілі үлес қосты. Ұлттық есеп-шот жүргізу
теориясының дамуына Дж. М. Кейнс (1883-1946жж.) пен С.Кузнец (1901-1983жж.)
айтарлықтай еңбек сіңірді.

Өнеркәсібі дамыған барлық елдерді шалқасынан түсірген Ұлы тоқырау деп
аталған 1929-1933-ші жылдардағы экономикалық дағдарыс макроэкономикалық
талдаудың қажеттілігін көрсетті.

4

• Сондықтан ұлттық өнім құрылуының факторларын, жұмыссыздық пен
инфляция сауалдарын, экономикалық өсу қарқынын және ұлттық
өндіріс көрсеткіштерін болжай білу тек ұлттық есеп-шот жүйесін
жүргізу арқылы шешіледі. Осы кезден бастап ғалымдар экономика
нәтижесіне баға беру мәселесін және ұлттық табысты есептеуді
біліп — зерттеумен қоян — қолтық айналыса бастады. Шоттардың
бірінші тобы: активті және пассивті. Олардың аты баланстың екі
жағының аттарына сәйкес және солардың мазмұнын көрсетеді. Шотты
ашу дегеніміз оған ай басындағы қалдығын (сальдоны) жазу дегенді
білдіреді.
Активті шоттар Активті шоттар негізгі құралдардың, материалды емес
активтердің, материалдық және ақша қаражаттарының, дебиторлармен есеп
айырысу есебін жүргізу мен бақылауға арналған Олардың құрылыстары бірдей,
тек дебеттік сальдо ғана болуы мүмкін. Шоттың дебетінде материалдық және
ақша қаражаттарының бастапқы және соңғы қалдықтары, келіп түсуі көрсетілсе,
кредитінде олардың есептен шығарылуы көрсетіледі.

Негізгі пассивтік шоттар
 
• Негізгі пассивтік шоттар капиталдар мен қорлардың өзгерісінің
алынған қаржыландырудың, несиенің, қарыздың, ұйым міндеттемелері
мен кредиторлармен есеп айырысулардың есебін жүргізуге
арналған.  Сальдо тек кредиттік болуы мүмкін, ол меншікті және
қарыздық қорлану көздері мен басқа ұйымдар мен жеке адамдар
алдындағы борыш сомасын көрсетеді. Бұл шоттардың кредитінде
қорлану көздері мен борыштардың нақты бары мен артуы, ал
дебетінде олардың азаюы көрсетіледі.

5

Қоғамдық өндірістің макроэкономикалық көрсеткіш-терінің ең маңыздысы:
жиынтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюталық шоттағы ақшаларды есепке алу
Макроэкономикалық көрсеткіштер туралы ақпарат
Банкте корреспонденттік қатынастарды ұйымдастыру
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерді құқықтық реттеу
Банкаралық есеп айырысу есебі
Қазақстан Республикасының Президенті валютаны өзгертуге құқылы
Ақшалай қаражаттар және олардың элементтері
Қазақстан Республикасының Коммерциялық банктерінің несиелік ресурстарын қалыптастырудағы депозиттер
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Банкілік операциялар
Пәндер