Электронды есептеуіш машиналары


ЭЕМ деген - арифметикалық және логикалық амалдар тобын автоматты түрде орындауға, әр түрлі есептеу жұмыстарын орындауға арналған құрылғы.

ЭЕМ-нің ішінде жұмыс атқаруға қолайлы түрі- дербес компьютерлер бар. Кез келген компьютер бірнеше құрылғыдан (блоктардан) тұрады. Олардың ішінде жүйелік блок, монитор (экран), пернетақта бар, ал оларсыз жұмыс атқару мүмкін емес. Басқа құрылғылар пайдалы міндеттер атқарады, бірақ оларсыз да компьютер өз жұмысын атқара алады. Компьютердің барлық құрылғылары компьютердің артқы тақтасындағы арнайы қосқыштар арқылы өзара байланыстырғыш шнурларымен жалғанады. Олар: монитор, пернетақта, принтер, тышқан, модем және т. б.

Электронды есептеуіш машиналары. XX ғасырдың 1-жартысында радиотехника кең қарқынмен дами бастады. Радиоқабылдағыштар мен радио арқылы хабарбергіш құралдың негізгі элементі электронды-вакуумды шамдар (лампалар) болды.

Электрондық шамдар алғашқы электрондық есептеуіш машиналарының техникалық негізін салды. Бірінші электронды есептеуіш машинасы 1946 жылы АҚШ-тың Пенсильван университетінде жасалды, оны ENIAC деп атады.

ENIAC-тың конструкторлары Дж. Моучли және Дж. Эккерт болды. Оның үлкендігі сонша, оны басқа орынға апаруға мүмкіндік болмады. ENIAC-тың салмаға 30т, ал оған 18000 электрондық шамдар орналастырыл-ды, ол бір секундта 15000 қосу, азайту амалдарын, 3000 көбейту амалын орындай алды. Жұмыс кезінде тез қызатын болғандықтан, ол арнайы суытылуды талап етті.

1946 жылы американ математигі Джон Фон Нейман өз мақаласында ЭЕМ-нің жұмыс атқару принципі мен құрылғыларын толық көрсетті. ЭЕМ жұмысының басты принципі - программалар мен деректердің машинаның жалпы жадында сақталу принципі болды. Мақала мазмұнының идеясы «Джон Фон Нейманның ЭВМ архитектурасы» деп аталды, бұл идея негізінде 1949 жылы EDSAC машинасы құрастырылды.

Алғашқы ЭЕМ-дер тек бір данадан ғана жасалған. Дамыған елдерде олардың сериялық шығарылуы 1950 жылдардан басталды.

Бұрынғы Советтер Одағына бірінші ЭЕМ 1947-1948 жылдары академик Сергей Алексеевич Лебедевтің басшылығымен жасалды, оны МЭСМ (Малая Электронная Счетная Машина) деп атады. 1951 жылдан бастап бұл машинада әр түрлі есептеулер жүргізіле басталды.

Оның жедел жады электрондық шамнан тұрды, оған 100 ұяшық орналастырылды, ол секундына 50 амал орындай алатын болған.

1952-1953 жылдары оның жетілдірілген түрі БЭСМ (Большая Электронная Счетная Машина) өндіріске қосылды, ол секундына 1 амал орындайтын болды.

Оның жедел жадысы алдымен электронды-акустикалық сызықтан, одан соң электронды-сәулелік түтіктен, ал кейініректе ферриттік біліктерден (сердечник) құрылды. Сыртқы жады екі магниттік таспалардан құрылды.

1960 жылдан бастап бұрынғы Советтер Одағында екінші буындағы машиналар шығарыла бастады. Олар: М- 220, БЭСМ-3, БЭСМ-4, «Урал-11», «Урал-13», «Урал-16», «Минск-22», «Минск-32» және т. б.

Жүйелік блок. Жүйелік блокқа дербес компьютердің негізгі құрылғылары жинақталған және қосымша құрылғыларды қосуға арналған қосқыштары орнатылған, сонымен қатар жүйені электр тогына қосатын батырма қойылған. Оның ішіндегілерінің түрін бөлу үшін артқы қақпағын ашу керек. Бірақ корпусы әр түрлі болуы мүмкін жүйелік блоктың алдыңғы тақтасында компьютерді қосу/өшіру батырмасы, дискі жетек, компакті дискден оқитын (CD-ROM) орналастырылған. Кейбір компьютерлердің жүйелік блогынде компьютерді қайта жүктеу батырмасы болады.

Жүйелік блок төмендегідей түрлерде: столға қойатын (горизанталь түрде) «енкейген» немесе тік орналасқан «башня» түрінде жасалуы мүмкін. Башнялық жүйелік блоктың екі түрі болады, олар мини- оны столдың шетіне орналастырады, мини - оны стол үстіне орналастыруға болады.

Монитор. Дисплей - компьютердің экранына информация шығаруға арналған құрылғы. Сыртқы пішіні жағынан дисплей түрлі түсті телевизордың экранынан аумайды, сондықтан оны көп жағдайда монитор деп те атайды. Дисплейді адамға информация беріп отыратын компьютердің тілі деп қарауға болады. Дисплей электонды-сәулелік трубкадан, оны қоректендіруші (питание) блоктан және сәулені бағыттап отыратын электрондық блоктан тұрады. Дисплей символдық болса, онда экранда символдық информация, ал графиктік болса, онда символдық информациялардан өзге мониторда график және сурет орналастыруға болады. Монитор түрлі түсті немесе монохромды болуы мүмкін. Монитор экранында кез келген көрініс (кескін) түрлі түсті нүктелер (егер монитор түрлі түсті болса) тобынан немесе сұр нүктелер тобынан (егер монитор монохромды болса) тұрады. Ол нүктелерді әдетте пикселдер деп атайды. Түрлі түсті мониторда әр пиксел қызыл, жасыл немесе көк түстердің бірімен боялғакн кішкентай үш нүктеден тұрады. Тік және жатық жолға орналасқан пикселдер саны монитордың мүмкіндігін көрсетеді. Монитор экранына орналасқан пикселдер саны қанша көп болса, монитордың шешуші мүмкіндігі жоғары болады.

Пернетақта. Пернетақта - компьюрге информация енгізуге арналған құрылғы. Ондағы әріпті және цифрлі пернелер арқылы компьтерге кез келген информация-ларды енгізуге болады. Қазіргі компьютерлердің тақтасында 101 немесе 102 перне болады.

Тышқан (Мышь) . Қазіргі кездегі компьютерлерге информацияларды енгізуге арналған манипулятор Тышқан құрылғысымен жабдықталған. Оның аты тышқан деп бекер аталмаған, оның өткізгіші компьютерге жалғанған, ол тышқанның құйрығына ұқсайды, ал түрі тышқанға ұқсаған және ол кілемше бетінде еркін жылжи алатын арнайы құрылғы. Тышқанның екі түрі болады: Үш батырмалы, екі батырмалы. Қазіргі кезде екі батырмалы Тышқан жиі пайдаланылады, себебі, ортадағы батырма жұмыс кезінде көп пайдалынылмайды

Джойстик. Джойстик деген - компьютерлік ойында экранда жылжитын обьектіні басқаруға арналған рычакты манипулятор Джойстик қораптан және қолға ұстағыштан тұрады, қолға ұстағышта немесе қорапта (корпуста) бір немесе бірнеше батырмалар болады. Ұстағышты айналдыру және батырмалар-ды басу арқылы компьютерге басқару әрекетін береді.

Баспа құралдары. Принтер - информацияларды қағазға басып шығаратын құрылғы. Ол арқылы дисплейде не орналасса, соны қағазға шығаруға басуға болады. Принтерде мәтіндік, кестелік, графиктік информацияларды, сурет басып алуға болады. Принтерде информацияларды қалауымыз бойынша ақ-қара немесе түрлі-түсті етіп басуға болады. Принтердің үш түрі болады: матрицалық, сия бүріккіш және лазерлік. Олардың ішіндегі ең қарапайымы матрицалық (инелі) принтер болып табылады.

Зат алмасу мен энергия алмасу процестерінің арасындағы өзара байланыс ақпарат алмасу турінде өтеді немесе оны ақпараттық процесс деп атайды.

Сонымен ақпарат - бұл ақпараттық процесс барысында түзілетін қозғалыстағы объект. Ақпараттың қасиеттері мәліметтердің қасиеттеріне де, әдістердің қасиеттеріне де тікелей тәуелді.

1. 2. Мәліметтердің негізгі құрылымы

Мәліметтер - ақпараттың құрамдас бөлігі. Тіркелу әдісіне сәйкес мәліметтер әртүрлі тасуыштарда сақталады және тасымалданады. Ең кең тараған мәліметтерді тасуыш кағаз болып табылады. Заттың оптикалық қасиеттерінің өзгерісі лазерлік сәулелердің көмегімен жазылатын тасуыштар СD-ROM-да қолданылады. Магниттік касиеттердің өзгерісін колданатын тасуыштар ретінде магниттік таспалар мен дискілерді алуға болады.

Мәліметтерге қолданылатын амалдар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕСЕПТЕУІШ ТЕХНИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН АСПЕКТІЛЕРІ
Қазіргі кездегі дербес компьютерлер
Есептеуіш техниканың даму тарихы мен кезеңдері. Эем-нің даму тарихы
Есептеуіш машинаның тарихы
Есептеуіш машиналардың негізгі кластары
Электрондық есептеуіш машиналар (ЭЕМ)
Электрлі есепту машинасының даму тарихы
ЭЕМ-нің даму тарихы мен кезеңдері
ЭЕМ-нің даму кезеңдері
ЭЕМ-нің даму тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz