Экология және даму


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:
- Экология және тұрақты даму.
Экология терминін ғылымға енгізген Э. Геккель (1866) . 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың, әсіресе климаттық факторлардың, организмдердің таралуы мен сан динамикасына әсерін зерттеді. Экология - ағзалардың бір-бірімен және қоршаған табиғи ортамен әсерлесу заңдылықтарын зерттейтін іргелі табиғаттану ғылымы деп анықтама беруге болады. Экология салаларының қатарында адамның қоршаған ортамен қарым қатынасын зерттейтін әлеуметтік экологияны атап өткен жөн: ең жалпылама түрде - қоғамның география, әлеуметтік және мәдени ортамен, яғни адамды қоршаған ортамен ара салмағын зерттейтін ғылыми пән; адамзат қоғамының табиғи ортамен әсерлесуін және өзара байланыстылығын зерттеу арқылы табиғатты ұтымды пайдаланудың ғылым негіздерін жасайтын, сол арқылы табиғатты сақтап, адамның тіршілік ету ортасын оңтайландыруды көздейтін ғылыми пән. Әлеуметтік Экологияның негізгі міндеті - адамзат қоғамының және оның жекелеген аймақтық топтарының табиғатпен әсерлесу заңдылықтарын зерттеу негізінде жаңа табиғи-мәдениеттендірілген ортаны жобалау;
жекелеген әлеуметтік топтардың табиғатпен қарым-қатынасын қарастыратын адам экологиясының бір бөлігі; Экологияның негізі биологияда жатқанымен, қазіргі кезде ол шын мәнінде биология шеңберінен шығып, көптеген салалары қолданбалы, экономика, қоғамдық ғылымдарға ұласады. Экологияның биология негізінен гөрі оның табиғатты қорғау, табиғат қорларын ұтымды пайдалану сияқты қолданбалы қырлары немесе өнеркәсіптік Экология, агроэкология, урбоэкология, адам Экологиясы сияқты салалық бөлімдері көбірек танымал.
- Судың органолептикалық қасиеттері - судың иісінің, дәмінің және ондағы тасынды қоспалардың сипаттамалары. Олар адамға жағымсыз әсер етеді. Бұл қасиеттер баллмен бағаланады. Су пайдаланудың тұрмыстық жағдайда судың иісі 2 баллдан аспауы қажет. Судың дәмін анықтау үшін де осыған ұқсас көрсеткіш қолданылады. Әдетте, судың дәмдік қасиеттері оның иістік қасиеттерінің шегінен асқанда көрініс береді. Ауыз су ретінде пайдаланылатын су көздері үшін судың түсі 20 см түтікшеде, ал басқа жағдайлардың бәрінде - 10 см түтікшеде байқалмауы шарт. Эвтрофия процесі Қоршаған ортаға, адам әсер көріністерін бірі екенін, су сапасы, оттегі режимі бұзылуына, бағалы балық түрлерінің жойылып кету, демалыс шарттарын нашарлауы, су органдарының прогрессивті эвтрофикации болып табылады. Эвтрофикации негізгі себебі - қоректік заттардың су тоғанының техногендік органдар, әсіресе биологиялық өңдеуден кейін, ағынды суларды шыққан көп, олардың азот және фосфор негізінен минералды нысандары. Процесінің мәні органикалық заттар көл суларында жинақталады, оған сәйкес, ыдырау процестерін қалып өнімділігі мен су қауымдастықтар арттыру болып табылады. Антропогендік эвтрофицирующее заттардың негізгі көздері өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісі, сондай-ақ ойын-сауық іс-шаралар болып табылады.
- Тұрақты даму тұжырымдамасы. мақсаты: · Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру;
· Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғауды басқарудың тиімді жүйесін құру;
· Табиғи қорларды теңестірілген пайдалану негіздерін қалау.
Адамның ең негізгі мақсаты - биосфераны қорғау және сақтап қалу. 1992 жылдың маусым айында Рио - де - Женейро қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Дүние жүзілік қоршаған орта мен даму коммисиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты конференциясы «Тұрақты даму» конференциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Солардың ішінде негізгі мәселелеріне тоқтала кетсек: Кедейлікпен күрес. Еңбек ақыны қамтамасыз етуі, кедейлердің өзін-өзі қамтасыз етуі мен бай елдерден тәуелділігін кеміту. Еңбекке жарамды халықтың санын арттыру. Табиғат ресурстарын сақтау және тұрақты даму. Білім беру жүйесін жетілдіру. Отбасын жоспарлау. Тұтынудың құрылымын өзгерту: Энергетикалық және шикізаттық пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыту.
Халық және тұрақтылық: 1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны 5, 5 миллиард астам болды. Ғалымдардың болжауынша 2020 жылы 8 млрд. -қа жетеді. Адам денсаулығын сақтау мен жақсарту: Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайынаТұрақты тұрғын жерлер (Урбанизация)
Атмосфераны қорғау: Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі- энергияны өндіру мен тұтыну;
4. Табиғаттағы зат алмасу процесіне байланысты Биоценоздағы организмдерді 3 топқа бөледі:
1. продуценттер (өндірушілер) ;
2. консументтер (тұтынушылар) ;
3. редуценттер (ыдыратушылар) .
Продуценттер - күн энергиясын пайдаланатын жасыл өсімдіктер немесе органикалық заттарды биогенді элементтерден құрайтын жасыл өсімдіктер. Олар (алғашқы өнімді өндірушілер) автотрофты организмдер, яғни біздің планетамыздағы бүкіл тірі әлемді органикалық заттармен қамтамасыз ететін жасыл өсімдіктер әлемі.
Консументтер- өсімдіктер синтездеген органикалық заттарды жаңа формаға айналдыратын тұтынушылар, яғни олар (латынша-«consumo»-тұтынамын) продуцентттер жасаған органикалық заттарды пайдалантын гетеротрофты организмдер. Бұларға жануарлар, көптеген микроорганизмдер, кейбір насеком қоректі өсімдіктер жатады. 1-ші қатар консументтері-өсімдік қоректі, 2-ші қатар консументтері-жыртқыш жануарлар болып табылады.
Редуценттер- органикалық қосылыстарды минералды қосылыстарға дейін ыдырататын организмдер, яғни олар (латынша «reduceus, reducentis» - қалпына келтірушілер, деструктор) органикалық заттарды ыдырататын және оларды басқа организмдер игеретін бейорганикалық заттарға айналдыратын ағзалар. Редуценттер биологиялық зат айналымның соңғысы. Олардың қатарына саңырауқұлақтар, бактериялар, сонымен қатар өсімдіктер және жануарлар кіреді.
5. Озон қабатын қорғау шаралары алғаш рет озон қабатындағы зиянды заттардың табылғандығы жайлы мәлім болғаннан бері қолға алынып келеді. Бірақ алғашқы кезде белсенді түрде жұмстар жасалынбады. 1985 жылы озон тесігі табылған кезден бастап озон қабатын қорғау 1985 жылы 22 наурызда “”Озон қабатын қорғау туралы’’ Вена конвенциясы қабылданды. Қатысушы елдер жүйелі және негізгі зертеулер жүргізу мен озон қабатын қорғау үшін озонды құртатын зиянды заттарды қадағалау жайлы келісімге келді.
Конвенцияға Қазақстан Республикасының «Озон қабатын қорғау жөніндегі Вена Конвенциясына қосылуы туралы» 1997 заңы негізінде қосылды. Конвенцияның негізгі ережелері
Конвенция озон қабатын қорғау жөніндегі жалпы ережелерді қамтыған. Онде озон қабатын реттеуші (ОРВ) негізгі шараларын қамтитын, хаттамаларды қабылдау, хлорфторкөміртегін өндіру және лақтыру ақпараттарымен алмасу, озон мониторингі және ғылыми зерттеулер облысында қарым-қатынас жөніндегі міндеттемелер бекітілген. 700 астам мамандар оқытылып, хладегенттерді алу және қайта өңдеуші 200 астам кәсіпорындар мен компанияларға құралдар берілді.
Зерттеуші ғалымдар ауаға шығарылатын зиянды да улы газдардың азаюы нәтижесінде атмосфераның озон қабаты қалпына түсе бастаған сыңай байқатып отыр. Бірақ озон қабаты өзінің 1980-інші жылғы деңгейінде тұрақтай қоймас деп ескертеді ғалымдар. Жерді күннің зиянды сәулелерінен қорғайтын озон қабаты - құрамында хлор мен бромы бар аэрозоль және мұздатқыш жабдықтарда қолданатын сұйық газдардың әсерінен жұқарады.
6. Радиоактивті сәулелер, нейтрондар ағыны қоршаған ортаға, әсіресе тірі организмге зиянды әсерін тигізеді. Радиоактивті сәулелерді иондаушы сәулелер немесе қысқаша радиация деп те атайды. Белгілі энергиялары бар бұл сәулелер мен бөлшектер денелердің молекулалары мен атомдарын иондайды. Олардың химиялық белсенділігі өзгереді, клеткалар мутацияға ұшырайды, хромосомодағы гендерді зақымдайды, түрлі физиологиялық күрделі ауытқулар туады. Сәуле шығарудың интенсивтігі күшті болса, катерлі ісік және сәуле аурулары дертіне шалдығады., тірі организмдердің өлуі мүмкін. Сәулелену тұқым қуалауға күшті әрі жағымсыз әсерін тигізеді.
7. Тұрақты даму тұжырымдамасы. мақсаты: · Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру;
· Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғауды басқарудың тиімді жүйесін құру;
· Табиғи қорларды теңестірілген пайдалану негіздерін қалау.
Адамның ең негізгі мақсаты - биосфераны қорғау және сақтап қалу. 1992 жылдың маусым айында Рио - де - Женейро қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Дүние жүзілік қоршаған орта мен даму коммисиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты конференциясы «Тұрақты даму» конференциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Солардың ішінде негізгі мәселелеріне тоқтала кетсек: Кедейлікпен күрес. Еңбек ақыны қамтамасыз етуі, кедейлердің өзін-өзі қамтасыз етуі мен бай елдерден тәуелділігін кеміту. Еңбекке жарамды халықтың санын арттыру. Табиғат ресурстарын сақтау және тұрақты даму. Білім беру жүйесін жетілдіру. Отбасын жоспарлау. Тұтынудың құрылымын өзгерту: Энергетикалық және шикізаттық пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыту.
Халық және тұрақтылық: 1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны 5, 5 миллиард астам болды. Ғалымдардың болжауынша 2020 жылы 8 млрд. -қа жетеді. Адам денсаулығын сақтау мен жақсарту: Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайынаТұрақты тұрғын жерлер (Урбанизация)
Атмосфераны қорғау: Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі- энергияны өндіру мен тұтыну;
8. Қоршаған ортаның химиялық ластануынан жер шарында “жылу эффектісі”, “озон тесігі”, ”қышқыл жаңбырлар”, ”фотохимиялық у түтін” сияқты дүниежүзілік экологиялық мәселелер жиі байқалып отыр. Аталған апатты құбылыстар бүкіл ғаламшардың ырғақты тепе - теңдігін бұзып, дүниежүзілік климаттың өзгеру қаупін туғызуда. Ол соңғы жылдары жиі болып отырған қуаңшылық, шөлейттену, құрлықтағы су айдындарының тартылуынан байқалады. (жылу эффекті) .
Жанғыш қазбаларды өртеу және басқа да өнеркәсіптік процестер әсерінен бөлініп, атмосферада жинақталатын көмір қышқыл газ (С02 ), көмірсутектер, яғни, метан (СН4), этан (С2Н6) және т. б. (жоғары концентрациясы болмаса бұл заттар жекелей аса қауіпті емес) газдары парникті эффектінің пайда болуына алып келеді. Парникті эффектінің механизмі қарапайым. Бұлтсыз ауа райы ашық кезде күн сәулелері Жер бетіне оңай жетіп топырақ, өсімдіктер жамылғысымен сіңіріледі. Жер беті қызған соң жылу энергиясын ұзын толқынды сәулелену түрінде атмосфераға қайта береді. Алайда бұл жылу энергиясы атмосферада шашырамай жоғарыда айтылған газдардың молекулаларымен сіңіріліп (С02 жылу энергиясының 18%-ын сіңіреді), молекулалардың қарқынды қозғалысына және температураның көтерілуіне алып келеді. Атмосфералық газдар (азот, оттегі, су парлары) жылу сәулелерін сіңірмей, керісінше оларды шашыратады. С02-нің концентрациясы жыл сайын 0, 8-1, 5 мг/кг-ға көтерілуде. Зерттеулер бойынша СО2-нің мөлшері ауада екі есе көбейсе, орташа температура 3°С-5°С-қа көтеріледі.
9. Жарты ғасыр жұмыс жасаған кезде «Капустин Яр» полигонында 11 ядролық жарылыс болған. Оның қуаты 982, 4 килотонн тротилді эквивалентте, 24000 ракета жарылып, 177 соғыс техникасы сыналып, қопарылыс әдісімен грунтта РСД-10 /СС-20/ типті 619 ракета жойылған. Осының салдарында атмосфераға 3 тонн улы зат бөлініп, 680 км қашықтыққа таралған.
«Азғыр» ядролық полигонында 1966-1979 жылдар аралығында жүргізілген 17 жер асты ядролық жарылыс халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға белгілі зиян келтірді. Одан атмосфераға 10 млн. кюри радиоактивті заттар бөлінді. Іргелес территориялардың радиоактивті жер асты суымен, шаң-тозаңмен, полигонның жер асты кеңсітігінен инертті радиоактивті газдармен ластануы бүгінгі күнге дейін байқалады. 1995 жылы «Азғыр» полигоны ҚР-ның ұлттық ядролық орталықтың балансына, ал 1996 жылы ядролық физика институты бақылауға алды. «Капустин Яр» полигондарының соғыс алаңы мен «Азғыр» жүйесінің ядролық полигонының площадкалары Бөкейорда, Жаңғала аудандары (БҚО) мен Құрманғазы, Қызыл қоға (Атырау о. ) аумағында орналасқан, ал олардың әсер ететін аймағы Жәнібек, Казталовка, Қаратөбе және Ақжайық ауданының Тайпақ бөлігі жатады.
10. Қышқылдық жауын-шашындар
Қышқылдық жауын щащын 100 жылдан астам уақыт бұрын белгілі болған. Қышқылдық жауын деген сөзді ең алғаш рет 1872 жылы британоқымыстысы Роберт Ангус Смидт қолданған. Қышқылдық жауындар атмосферадағы күкірт пен азоттың химиялық және физикалық өзгерістерінен туындайды. Яғни атмосферадағы бқл заттардың өзгерісі химиялық реакциялары күкірт қышқылы мен азот қышқылын береді. Содан кейін жауынмен немесе құрғақ түрінде жерге түседі. Жалпы қышқылдық жауындар табиғатта жанартаулардың атуына байланысты өздігінен түзіле алады.
Қышқылды жаңбыр - атмосфералық жауын-шашын түрлері (оған қар да жатады) . Жаңбыр құрамында қышқылдың (pH Қышқылдық жауын-шашындар пайда болуының негізгі себебі күкіртің қос оксидімен ластану болып табылыды. Су буының қатысуында күкіртті антигридті қышқылының ерітіндісіне айналады. Қышқылдық жауын-шашындардың түзілуіндегі күкірт қос оксидінің улесі 70% . Қышқылдық жауын-шашындардың көмірқышқыл газы да үлесін қосады. Алғашқы қышқылдық жауын-шашындар 1907-1908 жылы Англияда байқалған. Қазіргі уақытқа дейін 2, 2-2, 3 болатын жауындар тіркелген. Қышқылдық жауын-шашындар солтүстік жарты шарда жаксы таралған. бұл жерде қышқыл заттардың шығарылуы мен олардың жаңбыр, қар, тұман түрінде ылғалды тұндыруға қолайлы жағдай бар. Қышқылдық жауын-шашындар Скандинавия елдері Англия, Бельгия, Дания, Польша елдеріне тән. Қышқылдық жауын-шашындар топыраққа, су экожуйесіне, өсімдіктерге, архитектура ескерткіштеріне, ғимараттарға зиянды әсерін тигізеді.
Қышқылдық жауын-шашынның зиянды әсері әсіресе оңтустік пен тропиктік аудандарда ағыс арқылы әсер етеді. Тропиктік топырақтар нейтралды және сілтілі таралғанымен, онда жауынның үнемі шайып кетуі себепті нейтралдаушы заттар болмайды.
11. Популяция дегеніміз - эволюциялық ұзақ уақыт бойы ареалдың белгілі бір бөлігінде тіршілік етіп, өз алдына дербес генетикалық жүйе құра алатын, еркін шағылысып, өсімтал ұрпақ беретін бір түр дараларының шағын тобы. «Популяция» деген сөз латынша «популюс» - халық, тұрғындар деген ұғымды білдіретін сөзден шыққан.
Популяция даралары оқшаулануға байланысты көршілес популяциямен салыстырғанда барлық қасиеттері мен белгілері бойынша өзара өте ұқсас болып келеді. Топтық ерекшеліктер - популяцияның ең негізгі сипаттамасы.
Әр түр, белгілі бір территорияны (ареал) ала отырып, популяция жүйесін құрады.
Түр → түрасты (нәсіл) → географиялық популяция → экологиялық популяция → жергілікті, локальды немесе элементарлы популяция. Популяцияның белгілі бір нақты құрылысы болады: жыныстық, жастық, кеңістіктік және этологиялық.
Популяцияның жыныстық құрылымы
Жыныстық құрылым - популяциядағы особтардың жыныстық ара салмағы. Жыныстық ара салмағы түрлердің генетикалық заңдары мен қоршаған орта ықпалына байланысты құрылады. Жыныстық құрылым бейімдеушілік сипатта.
Популяцияның жастық құрылымы
Популяциядағы жастық топтардың қосындысы (жоғарғы, орташа, кіші) . Өсімдіктің тіршілік ауысуында ауысым мен жас жағдайын бөлуге болады. Түрлердің жас ерекшеліктеріне байланысты бөлінуі оның жастық спекуторы болады.
Жас жануарларда әртүрлі генерация және ұрпақтар болады.
Генерация - бір жылдағы және бір мезгілдегі туған «бауырлар» мен «сіңлілер» қосындысы.
Ұрпақтар - бір жылдағы барлық генерацияның барлық қосындысы.
Популяцияның кеңістік құрылымы
Особьтардың белгілі бір территорияда немесе акваторияда сандық және популяцияның құрамының сапалық таралуы оның кеңістіктік құрылымы деп аталады.
12. Қоректік тізбектер. Қоректік торлар
Биоценозда қоректік торлар - жасыл өсімдіктер жинақтаған энергия мен заттарды бір-біріне беретін организмдердің көптеген қысқа қатарларынан тұрады. Әрбір алдыңғы түр келесіге қорек болатын мұндай қатарлар - қоректік тізбек, ал қоректік тізбектің бөлек звенолары - қоректік деңгей деп аталады. Қоректік тізбек әрқашан өсімдіктен немесе олардың қалдықтарынан басталады . Өсімдік-шегіртке-бақа-жылан-қаршығадан құралған қоректік тізбек пирамадасы
1-ші қоректік деңгей, яғни жасыл өсімдіктер -продуценттер, яғни шөпқоректі жануарлар- І-ші реттік консументтерді құрайды. Ал шөпқоректі жануарлармен қоректенетін 1-ші реттік жыртқыш 3-ші қоректік деңгейді, яғни 2-ші реттік консументтер деңгейін; сол сияқты 2 реттік жыртқыштар 4-ші қоректік деңгейді, яғни 3-ші реттік консументтер деңгейін түзеді
Қоректік тізбектегі организмдердің қарым қатынасының мысалы ретінде аралас орманды қарастыруға болады. Қоректік тізбекті екі типке бөлуге болады: жайылымдық тізбек жасыл өсімдіктен басталып, одан әрі жайылымдағы фитофагтарға, сонан соң жыртқыштарға жалғасады, яғни өсімдіктерден шөпқоректі жануарлар арқылы энергияның ағыны жүзеге асатын тізбек жайылымдық қоректік тізбек деп аталады.
Ал детриттік тізбектер өлі органикалық заттардан детритофагтарға, одан жыртқыштарға жалғасады. Мысалы, жайылымдық тізбек: жасыл өсімдік→ шөпқоректі жануар →жыртқыш, ал детриттік тізбек: өлі органикалық зат (детрит) → микроорганизмдер→ (бактериялар, саңырауқұлақтар) немесе детритофагтар (қос жақтаулы ұлулар, құрттар, бунақденелілердің дернәсілдері) → детритофагтар жыртқыштарынан (құстар, жер қазғыштар және т. б. ) құралады.
13. Киото хаттамасы - жаһандық экологиялық проблемаларды шешуге арналған, 1997 жылы Жапонияның Киото қаласында қабылданған халықаралық құжат. Киото хаттамасы - халықаралық деңгейде экологиялық проблемамен бірлесе күресуге бағытталған тұңғыш құжат.
1980 жылы әлемдік қоғамдастықтың назары ғаламдық жылыну проблемасына ауды. Атмосфераның ластануы, жыл сайын ауа температурасының көтерілуі полюстердегі мәңгілік мұздардың еруіне алып келіп, соның салдарынан мұхит суларының деңгейі көтеріліп, жағалау бойына жыпырлай орналасқан ірі қалалар, елді мекендер су астында қалады деген қауіп айтыла бастады. Бұл алдымен адамның табиғатқа тигізіп жүрген залалын ойланбастан жасаған шаруашылық қызметінің салдары, көмірқышқыл газы мен метанның ауаға шамадан тыс бөлінуінің әсері деген ғалымдар пайымдауы біраз жайды аңғартты. Шынында да, жыл сайын әуеге көтерілген метан мен көмірқышқыл газы жерді қатты қызып кетуден сақтайтын инфракүлгін сәулелерді жұтып, планета температурасының көтерілуіне алып келді. Әсіресе, жылу, жарық беретін стансалардан, қаладағы кәсіпорындардан бөлінген көмірқышқыл газы атмосфералық қабатқа өтетін газдың 1/3 бөлігін құрайды. Планетадағы жасыл алқаптар - ормандар бұл газдың біраз бөлігін қажетіне жаратқанымен, барлығын жұтуға шамасы жетпейтін болды. Қазақстан Киото хаттамасының тетіктері арқылы энергия үнемдеуге байланысты үлкен инвестиция тартуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде, экономиканың шикізаттық бағыттылығы нысаналы түрде, біртіндеп жоғары технологиялық өндіріс үдерістеріне өзгеретін болады. Цифр тілімен сөйлесек, Қазақстанда жыл сайын ауаны 213 миллион тонна өндіріс қалдықтары ластайды.
14. Каспий теңізінің солтүстік жағасы, Еділ мен Жайық өзендері аралығының көп жері Атырау облысының Құрманғазы ауданына қарайды. бұл су арналары, шығанақтар сусыз қалды.
1925 жылдан бастап Каспий теңізінің суы тартылып, барған сайын азайды. 1930 жылы бұл су арналары, шығанақтар сусыз қалды. Біртіндеп тартылған теңіз суы 100 километрге қашықтаса, кейіннен ол одан екі есеге жуық қашықтап кетті. Балық батағалары жабылды. Аудандағы кеңестік кезеңде құрылған балық колхоздарының балықшылары теңізге балық аулауға шығатын кеме-қайықтарын Астрахань облысы аумағына қарасты теңіз жағасындағы «Тұмақ» аралына күзде тастап, көктемде сол жерден жарақтанып теңізге шығатын болды.
Бұрынғы теңіз ротасындағы Белужий, Трешкин, Дементьев, Қарабөлек, Ленкоса, Комсомольск, Бесшифер, Жаркөсе, Әбу аралдары қара жерге жалғасты. Бұл аралдар соңғы 30-40 жылдар бойы Атырау облысы мал шаруашылықты колхоздарының мал азығын дайындайтын учаскелерге, малшылардың қыстақтарына айналды.
Қиғаш өзенінен Забурын елді мекеніне дейігі 200 километрге жуық жердегі халықтың байырғы қонысы сусыз қалды. Оншақты колхоздар тұрақты тұра алмағандықтан Қиғаш, Шарон өзендерініңбойына қоныс аударды. Бірақ бұл сусыз қалған мыңдаған гектар жерді малшылардың қонысына, жайылымға айналдырар бағдарламасы ел алдына қойылды. 1946 жылы Шортанбай балық зауытының қасынан Қиғаш өзенінен басын алатын Қиғаш-Кобяков каналы, одан басын алатын Көкарна-Белужий-Трешкин, кейін Кобяков-Жанбай каналдары, мал су ішетін Кобяков-Мальцев каналы, сонан кйін Ганюшкиннен Забурынға жететін жоғары жақпен Сурхан каналының желісі іске қосылды.
15. Судың негізгі ластаушылары және көздері
Суды 400 түрлі зат ластауы мүмкін. Егер судағы санитарлық-токсикологиялық, жалпысанитарлық немесе органолептикалық көрсеткіштер шектеулі межеден асып кетсе, онда ол су ластанған болып есептеледі. Ластаушылар химиялық, биологиялық және физикалық болып бөлінеді. Оның ішінде жиі кездесетіні химиялық және бактериологиялық.
Химиялық ластану - органикалық (фенолдар, пестицидтер), бейорганикалық (тұздар, сілтілер, қышқылдар), улы (мышьяк, сынап қосылыстары) және уытсыз. Биологиялық ластану - суда патогендік бактериялардың, вирустардың, саңырауқұлақтардың болуы. Механикалық қоспалар да судың негізгі ластаушысы. Технологиялық сулармен, ыстық аумақтармен араласып кетуі судың жылулық ластануына әкеліп соғады. Әлемдік судың ластануына жол бермеу. Тіршілік аясының су әлемін былғанудан сақтауды қамтамасыз етудің кешенді шараларына төмендегідей әрекеттер кіреді: Суы аз немесе қалдықсыз, оқшауланған суайналымдық және аралық тазалау немесе суды салқындатып, қайтадан іске жарату жүйесі бар технологияларға көшу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz