Сәбит Дөнентаев ( 1894-1933)


Сәбит Дөнентаев ( 1894-1933) .
XX ғасырдың бас кезінде демократтық, ағартушылық әдебиеттің көрнекті өкілдерінің бірі - Сәбит Дөнентаев. Ол Абайдың реалистік дәстүрін берік ұстап, әдебиеттің халықтық мұраттарын ілгері дамытқан, өз дәуірінің маңызды мәселелеріне үн қосқан ақын болды. Әуелде шығармашылығын сыншыл реализм арнасында бастаған. Сәбит кейін кеңес әдебиетінде де елеулі қызмет етті.
Сәбит Дөнентаев 1894 жылы Семей губерниясы, Кереку уезі, Ақсу болысының төртінші аулында (қазіргі Павлодар облысы Ақсу ауданы) кедей шаруаның семьясында туған. Жас кезінде ауыл молдасынан сауат ашып, хат таныған. 1907- 1908 жылдары Маралдыда Нұрғали деген молдадан төте оқу әдісімен дәріс алған. Онан кейін Павлодар қаласындағы Қасым қажының медресесіне (1911-1912) түсіп, өзінің осы жүйедегі білімін толықтырады. Мұнда пән негіздерін үйренеді, өз бетімен ізденуге мүмкіндік алады.
Бұл жылдары Сәбит өздігінен ізденудің арқасында прогресшіл татар әдебиетімен танысады, Абай шығармаларына ден қояды. «Айқап» журналын үзбей алып тұрады. Орыс әдебиетін, әсіресе Крылов мысалдарын қызыға оқиды. Осы негізде оның ой-санасы есейіп, ақындық таланты оянады.
1913 жылы «Айқап» журналында (№ 22) Сәбиттің «Қиялым» деген өлеңі жарияланады. Бұл - ақынның баспа бетін көрген тұңғыш туындысы. Онда Сәбит халық жыршысы болуды армандайды. Өлеңде ақынның бұл ойы жұмбаңтау, астарлап айту үлгісімен беріледі. Ол түсі әдемі сандуғаш болып, «Зарымды жұртқа айтып», «мұңымды шақсам» деп қиялдайды. Бірақ ол орманның жыртқыш құсы - қаршыға мен тұзақшыдан қорқады.
Осы кезден бастап өз заманының маңызды мәселелерінің бәріне үн қосқан ақын өлеңді үзбей жазады. Оның өлеңдері мен публицистикалық мақалалары «Айңап» журналында ауық-ауық жарияланып тұрады.
«Уақ-түиек». 1915 жылы Уфа қаласында Сәбиттің «Уақ-түиек», деген атпен алғашқы өлеңдер жинағы басылып шығады. Бұл жинаққа кірген өлеңдер ақынның сол дәуірдегі қазақ халңы өмірінің әр алуан күйлерін, қоғамдық шындықты көркем бейнелеуге ұмтылғанын, сол негізде демократтың, ағартушылық әдебиетке үн қосып, оның идеялық-көркемдік арнасын толтыруға қатысқанын көрсетеді.
Бұл кездегі әдебиетке қазақ халқының қараңғылық пен надандықта шырмалып отырғаны сыналып, елді өнер-білімге үгіттеу жағы көбірек сөз болатын. Сәбит те осы тақырыпқа белсенді үн қосты. Қалың бұқара тұрмысындағы аянышты халді, елдің қараңғылың пен ескілік шырмауынан шыға алмаған мешеу күйін суреттеген ақын халықты бұл жолдан өнер-білім үйрену, ағарту аркылы шығаруды ойлайды. Сондықтан ол бұл саладағы өлеңдерін халық тұрмысын көрсете отырып, оған тікелей үгіт айтуға құрады.
Қамалған қараңғыда, қалың қазақ,
Қайратсыз қамсыз тұрып қалдың, қазақ.
Қарулан, қуатсызды қуаттандыр,
Құрдан-құр қампитқанша қарын, қазақ, -
деп жазады ол «Қазақтарға қарап» деген өлеңінде.
Ақын надандықты айыптайды. Оны халықтың түбіне жетіп
отырған нәрсе деп қарайды да, ел басындағы жамандықтың бәрі осы арқылы келгенін сынайды. «Соңғы сөз» өлеңінде ол:Қазақ, біздің түпке жеткен надандық,
Надандықтың шеңгелінде қамалдық.
Сол еркенің арқасында болып тұр,
Болса бізде не секілді жамандық, -
деиді.
Сәбит - халықты осы күйден құтқару үшін күресуші. Ең алдымен, ол замандастарын қараңғыдан жарыққа ұмтылуға, өнер-білім үйреніп озық елдердің қатарына теңелуге, ынты-мақты болуға шақырады.
Жабысайық өнерге, Келешек мырза келер де.
Ынтықпай қарап өлерге, Жұмулы болып көзіміз,
Өзіміз керек демесек, Ізденбесек өзіміз,
Керек қып бізді келер ме?! Білімінен білгендер
Сақтанбасақ, бір қағар Бөліп бізге берер ме?!
«Замандастар» атты өлеңінде осылай жар салған аңын өзі тәрізді көзі ашық азын-аулақ оқығандарға халыққа ңызмет істеу қажеттігін де көрсетеді.
Қызмет көрсет халқыңа, Ұлт керегі дегеннен, -
Игі ат қалсын артыңа!. . Жан қиналып, жолыңда
Пайдалы басқа өнерден, Бас кетсе де, тартынба!
Сәбит халыңтың қараңғылықта қалмай, өнер үйренуі үшін зор талап керек дейді «Талап» атты өлеңінде.
Әр дәулет саған даяр, етсең талап,
Бақ келмес іздеп сені жатсаң қарап.
«Нұр жауар талаптыға» деген қарттар,
«Жүргенге жөргем» . . . бар ғой бұрыннан-ақ!
«Жалғызбын, жарлымын» деп қорғаламай,
Сал құлаш, бір өзіңді жүзге балап . . .
Әрбірі талаппенен тауып жатыр
Дүниеде неше өнерлі көрсең санап . . .
Бұлайша кетіп кейін тұрғаныңа,
Дос күліп, дұшпандарың жүр табалап.
Көз салып, осыларға, ойланатын,
Біздерде жігер, намыс бар ма, қазақ?! -
деп жазады.
Феодалдық-патриархалдық орта тудырған ел ішіндегі ала ауыздық, ынтымақсыздық та Сәбит өлеңдерінде сынға алынады. Ол енді бірлікке, ынтымаққа шақырады («Бірлік») .
Сәбит ел басқарған адамдардың еңбегін халыңқа жоғарыда өзі айтқан үлгіде қызмет істей алуымен өлшейді. Осы тұрғыдан ол қазақ ұлтшылдарының өтірік «елім», «жұртым» деп жүріп, еңбекші бұқараның мүддесін қорғауға бармайтынын, өз бастарының қамын көбірек ойлайтынын сынайды. «Ұлтшылға», «Қайтіп қарғыс алмайсың» өлеңдерінің бұл тұрғыда ұлтшылдықты әшкерелеушілік күші басым. Алғашқы өлеңде аңын:
Қарның тоқ, жұмысыңның жоқ кезінде,
Миллеттің қызметіне ерінбейсің.
Басына қайғы келіп, сасса жұртың,
Неліктен мақайында көрінбейсің?. .
Дегенде: «Ал істейік ұлттың ісін», -
Атыңның басын тартып тежімдейсің.
Әр істі аузың айтып, қолың қылмай,
Қай түрмен: «Елді бастап едім», - дейсің,
Өзіңнің қайда жүрсең қарныңды ойлап,
Ұялмай: «Жұрттың қамын жедім», - дейсің, -
десе, екінші өлеңде ұлтшыл «басшының» әр қилы ала аяқтық мінездерін суреттей келіп:
Өзің шықңан ұлтыңнан,
Басшы қылған жұртыңнан
Бұл мінез, бұл құлқыңнан,
Қайтіп қарғыс алмайсың, -
деп пікір түйіндейді. Революция алдында және революция жылдары қазақ халқының ілгері дамуына кедергі жасауға тырысқан ұлтшылдық ағымды әшкерелеуде Сәбиттің бұл өлеңдерінің үлкен маңызы бар.
Сәбит қоғамдық әділетсіздікті, халық басындағы қанау мен зорлық-зомбылықты да жіті көре білді. Ол халық өмірін ел билеушілер мен қанаушылардың жыртқыштық бейнесіне қарсы қоя суреттейді. Бұл әсіресе ақынның «Заман кімдікі?» деген өлеңінен айқын көрінеді. Ол өлеңді сұрақ түрінде айтады да, оған өзі жауап береді:
Бұл заман байңағанға күштінікі,
Азулы, тырнақты мен тістінікі.
Дуниенің патшалығы, батырлығы -
Тыпырлап тыныш жатпаған істінікі.
Жуас қой - ен жайылған қасқырдікі,
Құл еркі қожайыны - тақсы едікі.
Даулы мал - ебін тапқан шешендікі,
Пыш-пышқа бағы ашылған «көсемдікі»,
Еті мол, қымызы мол, қалтасы тоқ,
«Мінеки мені-ақ кісі» десеңдікі.
Ақын әлеуметтік теңсіздікке, біреуді біреу езіп қанауға, өктемдікке негізделген қоғамды бейне бір жыртқыш аңдардың дүниесі ретінде көрсетеді. Ол қарапайым халықты қан қақсатқан үстем тап өкілдерін күштілер мен азулылар, тырнақтылар мен тістілер бейнесінде алады. Ол атқамінер пысықтар мен дәулеттілердің жарлы-жалқыбайларға зорлық-зомбылық етумен бірге, көлгірсіп аярлың мінез жасайтындығын, олардың қорқау құлқынын, мал құмарлығын да қоса аңғартады.
«Уақ-түйекке» Сәбиттің өзінің көңіл күйінің жайларын, заманы туралы ой-топшылауына байланысты жазылған біраз лирикалық өлеңдері («Ой», «Жүрекке», «Өз-өзіме», «Сыр», т. б. ), орыс және шығыс әдебиеттерінен аударған мысалдары («Ауырған арыстан», «Екі теке», «Көзі тоймайтын ит», «Бір көлдегі үш балық», «Бит пен бүрге») да кірген. Мысалдардың Сәбит шығармашылығындағы өмір шындығын тұспалдап суреттеу әдісінің қалыптасуында едәуір маңызы бар.
«Уақ-түйек» шыққаннан кейін жазған «Заман өтіп бара өлеңдерінде де Сәбит жоғарыда айтылған жатыр желдетіп» мәселелерді жаңғырта көтеріп, жаңа көркемдікпен, тереңдей қозғауға тырысты. Ол «заманның желдей есіп өтіп бара жатқанын» айтып, оның дамуы процесіне қазақтардың да ілесуін тіледі. Өз елінің даму дәрежесін балалық шақпен салыстырды. «Балалық» (1915) өлеңінде балалықтың ақ көңіл адалдығын, сенгіш аңғалдығын, кез келген нәрсеге алданып отыра беретін мінезін суреттей келіп, оны қазақ қоғамының дамуы жайына ауыстырады:
Заман өтіп бара жатыр желдетіп,
Өзге халық өсіп жатыр ер жетіп.
Текке отырған көздің жасын көлдетіп,
Қашан кетер біздің елден балалық, -
дейді.
Ақынның әлеуметтік теңсіздікті, қанауды суреттейтін өлеңдері де жаңа көркемдік талаптар тұрғысынан жазылады. Оларда дәуір шындығы, адам бейнесі тереңдей ашылады. «У жеген қасқырға» өлеңінде ол парақорлығымен аты шыққан, кейін соның жазасын тартқан озбыр болыстың образын жасайды. Оны қорқау кәрі тарлан бейнесінде алады да, кезінде елге жасаған озбырлықтарын суреттейді.
Жерің кем шарламаған, бармай қалган,
Ісің кем ойға алмаған, болмай қалган.
Жалгызды, жарлыны да, қимасты да
«Ер» едің көмекейге бүктеп салған . . .
деген жолдардан өлеңнің сатиралық өткірлігін де, әшкерелеушілік күшін де көреміз. Ақын оны осы күйге түсірген «қу құлқынның» сырын ашады.
Әлеуметтік теңсіздіктің сыры мен шынын Сәбиттің бұл кезде тереңірек түсінгенін танытатын өлеңі-«Бозторғай». Бұл - мысал түрінде ойды тұспалдап айтуға қүрылған, аллегориялық образға бай шығарма. Өлең сюжеті бозторғайдың тұрымтайдан зорлық көріп, мұңын шағу үшін қырғиды іздеуінен басталады. Бірақ қырғидың бөденені жеп жатқанын көріп, одан әділдік күтпейді. Енді қаршығаны іздейді. Оны көлдегі момын құстарды шулатып өлтіріп жүрген жерінен табады. Одан кейін лашынды іздеп көреді. Оның да бір теректің түбінде қаздың етін жеп отырғанын байқайды. Ең соңында амалсыз бұркітті іздеуге шығады. Өлең:
Тапқанын бұркітті іздеп, таппағанын,
Шаққанын ішкі мұңын, шақпағанын -
Білмеймін, әлі күнге естігем жоқ,
Жатңанын, жаны тыныш, жатпағанын, -
деген түспалмен аяқталады.
Өлеңде Сәбит қарапайым халық өкілін бозторғай бейнесінде алып, ел билеуші әкімдерді тұрымтай, қарға, лашын, бұркіт тәрізді жыртқыш құстар түрінде көрсеткен. Оның бәрінен қорлық көріп, жоғарыға мұңын шақпақ болған бозторғай ешқайсысынан әділдік таба алмайды. Ақын сол арқылы ел билеушілердің әділетсіздігін, халық мұңын тыңдайды деген әкімдердің өздері оларды жеп жатқанын қатты сынап айтады. Ол мұның түп төркіні патша үкіметінің ел билеу жүйесінде жатқанын сездіреді.
Жаным-ау, мынау біздің төреміз бе?!
Шынымен ақтың көрмей өлеміз бе?!
Кем-тарға бұлар қайтіп кек әпермек?!
Құдірет «көн» деген соң, көнеміз де!, -
деп ойлайды бозторғай лашынның қаз етін жеп отырға-нын көргенде. Осы шумақта өлеңнің бүкіл ой түйіні жатыр.
... жалғасыСәбит әйел теңсіздігін бейнелейтін өлеңдер де жазды. Солардың ең көрнектісі - «Жәмила қыз». Осы бір шап-шағын өлеңге ақын поэмаға жүк боларлық оқиғаны сыйғызып, дәуір шындығы мен оның адамдарының іс-әрекетін көркемдікпен суреттеп бере алған. Жас қыз Жәмиланың аянышты тағдыры да, қатыгез әке Төкіштің де мал қүмарлық, дүние қоңыз кейпі де, алпыстан асса да, қыз алғысы келген Берденнің ынсапсыздығы да өлеңде шынайы көрініс табады.
Өлең Бекіш деген жігіттің қатыны өліп, Төкіштің қызын айттыра келуінен басталады. Бірақ Төкіш қыз бермейді.
«Қыз бермеймін, кәрі» деп,
«Қатыны өлген әрі» деп,
Беттетпеді Төкіш бай, -
дейді ақын. Мүны көргенде, Төкішті қызына жаны ашитын ұнамды әке ме деп қаласың. Бірақ Сәбит оның ңыз бермеу се-бебін:
Жүзге малы толмаған,
Жексұрын ғой оңбаған, -
деген жолдарда аңғартып тастайды. Төкіш Бекішті кәрі деп емес, кедей деп менсінбепті. Ол адамның қасиетін байлықпен өлшейтін адам екен. Мүны Сәбит оқиғаны әрі қарай дамыта отырып, толығырақ ашады. Жәмиланы Берден деген бай сүрап келеді.
«Болса, алыңыз, қыз керек, Боз қыраулы басына,
Маған жалғыз сіз керек», - Қарамастан қарқылдап.
Деп Төкіш бай жалпылдап. Уәде қылды, қол соқты
Алпыстағы жасына, Әлдекімді сор соқты? -
деп жазады аңын. Жәмила жылап зар илейді де, анасы шалды жақтырмай, қызына жаны ашығандық білдіреді. Оған Төкіш «түк білмейсің, шатасың» деп ұрсады. Өлең:
Шайтан алсын, шал алсын,
Төкең байғұс мал алсын! -
деген кекесінмен аяқталады.
Сәбит Төкіштің қылығын әшкерелеу арқылы қызын малға сатып байымақ болған өз дәуірінің дүние қоңыз шалдарын өткір тілмен түйрейді. Өлеңде уытты сатира да, тапқыр юмор да мол. Сол арқылы автор революция алдындағы қазақ аулы өмірінің бір шындыгын, феодалдық кертартпа салтты шенейді.
Бұл өлеңдер Сәбиттің «Уақ-түйектен» кейінгі дәуірде демократ есебінде толыса түскенін, оның қоғамдық көзқарасы тереңдеп қалыптасқанын көрсетеді. Ол әлеуметтік теңсіздіктің, феодалдық ескі әдет-ғұрыптың өткір сыншысы болды.
1916 жылы маусым жарлығы кезінде Сәбит майданның қара жұмысына бармай қалу үшін Екібастұз кен өндірісіне барып, жұмысқа кіреді. Өмірі қазақ аулымен, қазақ шаруасының жай-күйімен байланысты ақын енді өндірістегі қоғамдық әділетсіздік, жұмысшылардың ауыр бейнетін көзімен көреді.
Бұл жайды ол «Екі баста» деген өлеңінде суреттейді. Өлеңде өндірістен жұмыс іздеп «сабылған» қалың көпшіліктің дағдарысты күйі мен жұмысшылардың ауыр тұрмысы қатар алынып, тәптәуір көркемдік бейне табады.
Тамаққа тапқан табыс жетпейтін боп,
Айтқан көп елге сәлем «ас жібер» деп, -
дейді. Сәбит жұмысшылар тұрмысын суреттей келіп, ауылдан келген ақынның өндірістегі қиыншылыққа көндікпей, елді аңсауы сияқты сарын да байқалады.
«Бостандық» атты өлеңінде ол:
Тілекті бүтін хақтың берген күні,
Көл-дария көздің жасын көрген күні,
Талайдың тіршілікпен қол сермеген
Қайғысын тас-талқан ғып бөлген күні, -
деп жазды.
Алайда бұңарашыл ақын патшаның тақтан түсуіне қуан-ғанмен, ақпан революциясының түпкі маңсаты мен ерекшелі-гін жете түсіне алмады. Ол патшаның құлауымен бостандың келеді деп ұқты. Мұндай жаңсаң пікірдің салдарынан Сәбит Семейде Алашорда үкіметін қүруға тырысып жатқан қазақтың буржуазияшыл ұлтшылдарының ұйымына кіріп адасты. Олар-дың «бостандық», «теңдік» деген жалған ұрандарына сеніп ңалды. Ұлтшылдардың ықпалында жат сарынды өлеңдер жазды. Бірақ бұқарашыл, халық тілегіндегі Сәбит көп кешікпей-ақ ұлтшылдықтың сырын біртіндеп түсіне бастайды. Олардың «автономия» жайлы уәделері бос сөз екенін байқайды. Сөйтіп, үлтшылдардан қол үзеді. Аңын 1918 жылы жазған «Қаулы» атты өлеңінде ұлтшылдардың құрғақ уәдесін сынап, ұлт қамы жөнінде іс жүзінде ештеңе істемегенін көрсетеді. Онда ет жеп, қымыз ішіп отырып, халық қамын ойлағансып қаулы алатын, кейін оны тез ұмытатын ұлтшылдардың іс-әрекеті әшкере болады.
Сонымен жұрт тарасты асын ішіп,
Таң атса таз қалыпқа қайта түсіп.
Қаулыны күнде-күнде жасайтұғын,
Ет қайда қазан-қазан тұрған пісіп.
Өлеңде улы кекесін бар. Ол жиналыс басында сөйлеп отырған «басшыны» да, алынған қаулыны да, желінген еттің жайын да кекете сөйлеп, тұтастықта суреттейді. Өлең аяғын сөйтіп:
Сөз бітті, ет желінді, қаулы қалды,
Халықта өкпе бар ма, аузын алды.
Еттің де, халықтың да өркені өссін,
Ермектік бір әңгіме болды, қалды, - деп бітіреді.
Теңдік өмірге ие болып, өнер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz